Ақшаның экономикалық мәні

                             Жоспар

Кіріспе

І.    Ақшаның түсінігі және экономикалық мәні

1.1. Ақшаның түсінігі  мен оның формасы

1.2. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

 

ІІ.    Ақшаның қызметтері

2.1. Құн өлшемі қызметі

2.2. Айналыс құралы қызметі

2.3. Төлем құралы қызметі

2.4. Қор және қазына жинау құралы қызметі

2.5. Дүниежүзілік ақша қызметі

 

  1.  Ақшаның экономикалық мәні

 

  1. Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

                                                  Кіріспе

          Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу  үшін қолма-қол ақшаның болуы  қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары  жәнне қызметтер жиынтығымен  қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар  айналыста өзінің меншікті құнының  арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің  меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз  ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға  тән.  

            Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері

 

арқылы орындайды.

           

Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар

 

өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық

 

мазмұнының белгілі  бір жақтарын сипаттайды.

 

 

 

І. Ақшаның түсінігі және экономикалық мәні

1.1. Ақшаның  түсінігі мен оның формасы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына  негізделеді. Кез келген тауар айналысында  ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

 Ақша тауардан дами  отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама  эквивалент.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді  және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың  құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып  отыр.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей  айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас  құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс  және қорлану құралы болып, алтын  белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз  және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

               1.2.Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

    Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

       Нақты  және абстракті еңбектің, жеке  және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында  тауар табиғатына байланысты  болатын қайшылықтар айырбас  құнның әр түрлі нысандарын  туғызды. Айырбас — бұл бір  тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

          Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі үдерісіне  (процесінде) жұмсалатын және сол  затқа айналып отырған қоғамдық  еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек  қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде одардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

             Айырбас құны — бұл бір тауардың  басқа да бір тауарға белгілі  сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

            Натуралды шаруашылық тұсында  өнім тек өндірушінің және  оның жанұясының қажетін қанағаттандырғаңдықтан  да, ол тұтыну құны қасиетіне  ие болды. Тауар өндірісі тұсында  өндірушіні өз өнімін айырбастау  үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.

            Демек, айырбасқа арналмаған тауардың  өндіруші үшін тұтыну құны  болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның, өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну кұны болуға тиіс.

             Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы  өз кезегінде құнның, мынадай  нысандарының (формаларының) қалыптасуына  себеп болған:

Алғашқысы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ нысаны. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.

Екінші нысаны — бұл  құнның толық немесе жалпы нысанымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың, айырбасында жүрген. Мысалға:

1 қап бидай = 1 қойға

                     = 1 балтаға

                     = 1 құмыраға және т.б.

Үшінші нысаны — бұл  құнның жалпылама нысаны. Әр тауар  өндіруші өздерінің еңбектеріне  қарай барлығына бірдей қажет  жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), түз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.

Кұнның жалпыға балама нысанының дамуы нәтижесінде  барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар — ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы метал-іттын және күміс атқарды.

          Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.

         Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

            Ақша — өндіріс және бөлу  үдерісіндегі адамдар арасындағы  қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

жалпыға тікелей айырбасталу  нысаны;

айырбас құнының дербес нысаны;

еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.

           Жалпыға тікелей айырбасталу  нысаны, оның кез келген материалдық  бағалы затқа айырбасталатынын  сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

 

ІІ. Ақшаның  қызметтері

           Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады , олар ішкі негізді , ақшаның құрамын өрнектейді.

Ақша қызметінің әрқайсысы  тауарлардың айналымы процесінен шығатын  әлеуметтік-экономикалық қатынастардың  бір жағын қарастырады.  Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі , айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К.Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді , ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

 

 

 

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

    • құн өлшемі;
    • айналыс құралы;
    • төлем құралы;
    • қор және қазына жинау құралы;
    • дүниежүзілік ақша.

 

2.1.Ақша құн өлшемі ретінде.

       Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың , барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады , ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады , сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі , оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты , барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді , құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы ұшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті , бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

       Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады , яғни баға бұл тауардың қоғмдық танылған құгы болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді.

        Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу  үшін қолма-қол ақшаның болуы  қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Бағалар масштабының  рөлі мынада , яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады , бағалар масштабы – алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын  ақшаның міндетін атқарудан қалды , яғни ол ақша қызметін , соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.

Әрбір мемлекет өз құн  өлшемін белгілейді. Қазақстанда  құн өлшемі ретінде теңге , Ресейде  – рубль , АҚШ-та – доллар , Еуропалық  одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды , ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөль атқарады. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту , ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек , құн өлшемі –  бұл ақша бірлігі , ол тауарлар мен  қызметтер құнын өлшеу және салыстыру  үшін қолданылады.

 

2.2Ақша айналыс құралы.

          Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал рөлін атқарады , оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады : тауарды сату , яғни оның ақшағ айналуы және тауарды сатып алу , яғни ақшанаң тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметінде делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс , яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса , онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды , сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады , ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес , яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайыьтолыққұнды ақшалар емес , қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

       Несиелік  ақшалар. Тікелей тауар айналымы  кезінде , яғни бартерде ( тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады , дербес болады , уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң , қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады , яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп , нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

            Тауар айырбасының бастапқы сатыларында  , яғни алтын тауарлық әлеммен  жалпы балама ретінде бөлініп  шыққан кезде , ол бір мезетте  әрі құн өлшемі , әрі айналыс  құралы ретінде ақша қызметін орындайды. Ондағы екі қызмет бір – біріне сәйкес келмеді.

         Тауарлық айналымның ары қарай  дамуы ақшаның осы қызметінің  бар – бірінен бөлектенуге  әкелді , құн өлшемі қызметін толыққұнсыз  ақшалар орындады,  ал айналыс  өлшемі қызметін – олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл  кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі  бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын  сатқаннан кейін, басқа тауарды  сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен  кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс  құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада  тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде  ақша қызметтерінің ерекшеліктері  мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
  • оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Осылайша, айналыс құралы – тауарлар мен қызметтерді сатып  алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің айрықша белгілерінің бірі – бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу ; оны қолма-қол ақшалар атқарады , өйткені бұл қызметте ақшалар тауарлар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді , онда оны толыққұнды ақшалар емес , оның орынбасарлары – қағаз және несиелік ақшалар орындайды.

 

2.3.Ақша төлем құралы.

     Тауар өндірісі  және тауар айналымының дамуы  , сонымен бірге несиелік қатынастардың  дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындайды. Бұл жағдайда Т-А-Т айналымы барысында Т-А және А-Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді.

     Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге , ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейын , төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды , оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді , міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады. Төлем міндеттемені (несиені) өтегеннен кейін жүзеге асады , сәйкесінше , ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды , несиені жаба отырып , тек қана оны аяқтайды.

Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарам –қарсы қозғалысы  орын алады, бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады , яғни қарыз алушы сатушыға қарыз міндеттемесін береді , ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады : «Бір тауар иесі қолма-қол тауарды сатады , ал екіншісі ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып , сатып алады. Сатушы несие беруші болса , сатып алушы – қарыз алушы болады».

Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес , сонымен бірге  қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде , жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде , салықтарды және басқа да міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде , банктік қарызды қорландыру төлемдерін , айыппұлдарды , санкцияларды өтеу кезінде.

Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша , айналыс шығындары қысқарады , төлемдер жеделдетіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін , сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады , олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шоты бойынша) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе , яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса , онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (қарыз бойынша мерзімімен асып кеткен борыш , бюджетке төлем бойынша , еңбекақы бойынша және т.б) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық , моральдық шығын әкелді , жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.

Қазіргі кезде қоғамда  несиелік , электрондық ақшаның дамуы  кезінде есеп айырысудың басым формасы  ретінде қолма- қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу қолданылады , яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы  – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;

 

2.4. Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде.        

            Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін , яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуінен туындатады. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Бірінші актіде тауар  сатылады және ақшаға айналады , бұл  жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан  жиі бас тартуға тура келеді. Сондықтан  оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады , өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға , яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғмдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары , жылжымалы мүлік , акциялар , облигациялар , банктегі ақша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақша  көбінесе осы қызметті орындайды , өйткені оларға өтімділік тән , өтімді актив  төлем құралы ретіндегі пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар  құн өлшемі қызметін атқарғандықтан , олар әрекет етуші масштаб шеңберіндегі өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан , қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе , яғни ақша құнсызданса , онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинаудан бас тартады. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақ құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс және міндетті түрде нақты болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын , күміс , платина) атқарады , бірақ ол қағаз , несиелік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін , жоғарыда айтылғандай , гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде өз қызметін жоғалтады.

Ақшаның экономикалық мәні