Ақша - өндірістік категориясы ретінде
Кіріспе
Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан - жақты ашып, жауап бердi. Ақша - тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған - жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм - шарт бойынша натуралды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – «Ақша - өндірістік категориясы ретінде».
Курстық жұмысымның мақсаты – ақшаның пайда болуы, оның мәні және оның өндірістік категориясы ретінде зерттелуі.
Ал курстық жұмысымның міндеті – ақшаның – тауарлы өндірістік категориясы ретінде толық мәліметтер қарастыру. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде
ақша адамдар арасындағы
Объективті көзқарас кезінде
дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент
ролі бекітілген, көптеген тауарлардың
дамуының нәтижесі.
І. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
1.1.
Ақша - тауар өндірісінің
категориясы: пайда
болуы және мәні.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде
ақша адамдар арасындағы
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның
пайда болуы тауар айырбасының
бастапқы сатысында айырбас
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшаның тауар жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролі мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
1. Сапалық біртектілік;
2. Сандық (еркін) бөлінуі;
3. Қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);
4. Сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретіндегі алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент
Ақшаның осы заманғы концепциялары XVІІ-XVІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қарай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы
Ақшаның номиналды теориясын
құрушылар римдік және
1.2.
Ақша – тауарлы өндіріс
категориясы ретінде
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша
тауардан дами отырып, тауар болып
қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.Жалпыға
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарлардың
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.
Айырбас
құны – бұл тауардың басқа да
бір тауарға белгілі
Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Әрбір
ерекше тауар міндетті түрде тұтыну
құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын
түрде болады және осы тауар формасының
нақты қарама-қарсы жақтары
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 1құмыра ).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айрбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-біріменөзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал)сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.
Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.
Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені лолар жалпы сапаға ие болды
Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз – бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр, және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “ бір уыс шеге”деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, білезік түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.
Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ.Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
1.3.
Ақшаның қоғамдағы ролі
мен қызметтері.
Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша.
Осы заманғы экономикалық
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның
Алтынның құнында көрсетілген
тауардың құны баға деп
Ақша - айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі туындайды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша
монета және қағаз ақша
Монета - бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета деген сөздің пайда болуы б.э.д. ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.
Алтын- жұмсақ металл және
Қағаз ақшаның өзінің құны болмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Қағаз ақша ең бірінші XІІ ғасырда-ақ Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса, онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға баға көтеріледі.
Тауарларға бағаның
Жалпы түрде айналысқа қажетті
ақшаның саны тауарлардың
Егер бір тауарды сатқаннан
кейін уақытша айналыс тоқтаса,
алтын-ақша айналыс сферасын
Қазынаның жаппай артуы
Қазіргі кезде алтын
Бүгінгі күні алтын қазыналық
қызметін атқаруды шектелген
масштабта мемлекет пен жеке
тұлғалардың сақтандыру қоры
ретінде басқа да қымбат
Мемлекеттік және жеке
II. Ақшаның айналысы
2.1.
Ақша айналысы мен
заңы
Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы”үғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиыптық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.
Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу ұшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдаым артық болады. Ақшаның тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, бакнтен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолиа-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қолақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолиа-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республыкамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы
– қолма-қолсыз ақшалар
Мұндағы,
қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық
карточкалар электрондық
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отруынан байқалады.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
өнімді өндіру және сату процесін, яғни таурлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
таурлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сонлай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
несиенің даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

- Ақша реформасы
- Ақша реформасы
- Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы
- Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері
- Ақша саясаты
- Ақша саясаты
- Ақша саясаты
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
- Ақшаның пайда болуы мәні және маңызы
- Ақшаның пайда болуы мен мәні
- Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
- Ақшаның шығу тегі мен қызметтері
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
- Ақшаның экономикалық мәні