Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері

 

 

Мазмұны

 

Кiрiспе  .......................................................................……………........3

1. Ақшаның түсінігі  мен теориялық негіздері

1. Ақшаның эволюциясы...............………...........................................2-6

2.Ақшаның экономикалық  мәнi және ақшаның қызметтерi.................7-11 

3. Ақшаның қажеттілігі және мәні......................................……….....12-17

 

2. Ақша теорияларының  сипаттамасы және қазіргі таңдағы  ролі

2.1 Ақшаның металдық теориясы..........................................................18-19

2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...................................................20-21

2.3 Ақшаның сандық теориясы........................................................22-23

2.4 Ақшаның монетаристік теориясы..............................................24-25

2.5 Ақшаның кейнсиандық теориясы .................................................26

 

3. Ақша теорияларының  қазіргі  кезде қолданылуы.....................27-31

 

Қорытынды  ....................................................................……………..32

Қолданылған әдебиеттер  .................................................…………….33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе.

 

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Ақша туралы осы уақытқа  дейiн талай – талай шығармалар жазылып,  ақшаны бiреулерi пайдалы  тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда.   Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi,  ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе,  ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Сонымен,  ақшаны ешкiм  ойлап тапқаны жоқ,  ол тауар  айналысының  дамуына байланысты  тарихи түрде көптеген жағдайларды  басынан кешiрiп,  осы күнге  ақша болып жеттi. Заттардың тауарға  айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның  алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде  көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Егер ақша айналысы болмаса,  онда тауар айналысы да болмайтын едi.  Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны ,  оның бағасы болып табылады.

Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның эволюциясын және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты бес теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен  оның құрылымы да осы бес теорияны бағыт ретiнде алып дами бередi .

Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн  алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр. 

Жалпы мемлекеттiк заңдармен  реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.  Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.  Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Курстық жұмыстың мақсаты: ақша теорияларының мәнін ашу және қазіргі кездегі ақша қолданысын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу арқылы ақша – кредиттік механизмін жетілдіру.

1. Ақшаның түсінігі  мен теориялық негіздері

 

    1. Ақшаның эволюциясы

      Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған монета шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз монеталарын орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X  ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Монета сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.

X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл  қараханит мемлекетінің құрылуымен  өмір сүру кезеңін қамтиды.  Осы мезгілде тарихшылардың зерттеулері бойынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен монета сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс монеталарын соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептелінді.

Мыс монеталарын күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысында да күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.

1271-1272 жылдары моңғолдардың  Орта Азия  мен  Қазақстан  өңіріндегі наменгері Масұтбек  дүйім империя бойынша еркін  айналымда жүретін күміс монетасын енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда  Әмір Темірдің монеталары  айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Ташкенттен, Шахрұхи Хисардан әкелінген монеталар, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс монеталары пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың  I  жартысына дейін  монета сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс монеталарын шығарды. Ташкент пен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.

Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан  туындаған саяси және экономикалық себеп - салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкент хандарының ақша белгілері және орыс монеталары пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда  1655-1663 жылдары Александр патшаның  тұсында аса зор мөлшерде шығарылған  мыс тиындары пайда болған. Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.

Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль  аймағында қалуға мүдделік танытуы  туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси және техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас  республикалардың түгелге жуығы  шикізат шығаруға бағытталып,соңғы  өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп  орындары мен зауыттардың барлығы  ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын  жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол  жылдары еліміздегі экспорт  пен  импорт операцияларының тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен тең еді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді теңгені құпия  жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне  келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің  ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес  Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас  республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің  құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

1992 жылдың қаңтарында  Елбасының тікелей тапсырмасымен  ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның  аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің,  ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері  жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын",  "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты етіп деректер келтірді.  Қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі  және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерін ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына  қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың  ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық  қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған  Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

Ұлттық валютаны алғаш  енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация  түрін жасадық. Ал барлық елдерде  одан кейінгі  және  жүздің  сыртындағы валюталар елдің  экономикалық деңгейінің көрсеткішінің  анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да  елде инфляция болған жағдайда олардың  айналымнан  шығып  қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан  да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп  классикалық   негіз  ретінде  алынған  1 теңгеліктің  нұсқасы  қалдырылды. Әрі  Әл-Фараби  бабамыздың суретінің тұруы ешкімге  ешқандай дау туғыза қоймас.

Теңгені  шығарар  алдында  біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін  көп  зерттедік. Бізге уақытша  валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден  негізгі валютамызды  шығаруға  тәуекел  еттік. Дизайн  жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы  әлемдегі ең мықты деген  валюталардың  қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз  үшін  теңгені  басу  басты  шаруа емес еді. Теңге  Лондондағы кәсіпорында  небәрі  4 айда  басылып  шығарылды. Мемлекет  басшылығымен  оны  1 қыркүйекте   шығару  тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді  бітіріп  алуға  тиіс  едік.

 

1.2. Ақшаның экономикалық  мәнi және ақшаның қызметтерi.

      Ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтiк  қажеттiлiк ол  тауар  өндiрiсi мен тауар  айналысының  болуына  негiзделедi . Кез  келген  тауар  айналысында  ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар  және  ақша бiр – бiрiнен  бөлiнбейдi  . Ақша айналысы  болмаса, онда  тауар айналысы да  болмайды

Бiрақ  XVI  ғасырдың  басында ( 1516 ж)   утопиялық социализмнiң  негiзiн қалаушы  Томас Моор  өзiнiң “Жаңа  утопия аралы  және  мемлекеттiң   үздiк   құрылымы  туралы   алтын  кiтап”  деген  еңбегiнде:   

“Алдау,  ұрлау, тонау  кiсi өлтiру  заң  тәртiбiмен  қатаң  жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе  де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу  мүмкiндiгi  бар  жерде  алдымен  ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен  бiрге  ақшаның  жоғалуына  байланысты  адамдардың алаңдаушылығы, қағысы, қиыншылықтары  және ұйқысыз түндерi  де ұмытылар едi  . Егер ақша  адам өмiрiнен  алыстанатын  болса, онда тiптi  ақша қажеттiлiгiнен   туған кедейлiктiң  өзi  де жоғалар едi”.

Ол  аздай  Т. Моор  тағы  былай  деді: “ Қай жерде барлық нәрсенi  ақша өлшемiмен өлшейтiн болса , онда ол жерде мемлекеттiк табысы және дұрыс ағысының   болуы мүмкiн емес”.

XIX ғ.  Социал  утопистерi  – Прудон, Оуэн, Грей  және басқалар   ақшаға терiс көз қараста болды  .  Прудон тауар өндiрiсiн   сақтай отырып ақшаның  жоюдың   жобасын  ұсынды  және  оны   дәлелдемек болды.

Мұндай ойлар  Ресейде  де  айтылды .  Қазан революциясынан (1917) кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны  жою сәтi  келедi, яғни  тарихтың өзi осыған алып келдi   деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн өнеркәсiп   өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға   тырысты.  Шындығында, оның  бәрi сәтсiз  аяқталды .  С.Г.  Струмилин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi -  тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер  энергетикалық бiрлiктердi  - энедаларда пайдалануға ұсынды.

Осыған  байланысты К . Маркс былай дейдi :  ақшаларды жоя отырып , бiз қоғамдық  дамудың ең   жоғарғы сатысында болуымыз  мүмкiн немесе ең төменгі сатыға  оралар едiк.  Қанша дегенмен  коммунизм - ол , қиял  сондықтан да  ақша  болған, олар бар және  бола  бередi.

Ақша тауардан  дами  отыры ,  тауар болып қала  бередi,  бiрақ тауар ерекше  жалпылама эквивалент.

Ақша -  жалпы бiрдей  эквивалент ,  ерекше  тауар,  онда   барлық басқа тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде қатысуыменнен   тауар өндiрушiлер   арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы  үздiксiз жасала  бередi .

Жалпыға  бiрдей  эквивалент рөлi  тарихи  түрде  алтынға  бекiтiлген .  Алтынның  басқа  таурлардың   құндылығын   бейнелеу   қасиетi,  оның   табиғи  қасиетi  емес.  К. Маркс   айтқандай:  “Табиғат  ақшаны  жаратпайды . Алтынға бұл қасиет  қоғаммен  берiлгген ” .

Алтын  жалпыға бiрдей  эквивалент  ролiн  орындау   үшiн  ең   бiр   лайық  тауар   болып  қалып  отыр . Бiрiншеден  ол ерекше   табиғи  сапаға  ие:   бөлiнуi  оңай, әдемi,  бұзылмайды,  тот баспайды,  тек қана “ патша арағында” ( 2/3  тұзды және 1/3  азот ) қышқылында  ерид. Екiншiден ең бастысы   алтын   жоғары  құнға   ие.   Қанша дегенмен оның  қорының аз  болуы,  алтынға  кететiн  еңбек шығындарының    өте  жоғары  болуына  әкелiп  соқтырады . Алтынды тұтынуға  жылдан  жылға   қүшейуде. Ол  әр   түрлi  салаларда  пайдалыналады – электроникадан  бастап   зергерлiк  iстерге  дейiн,  бiрде  өте  жұқа  қалыңдықпен,  бiрде балқытылған  құймалар  күйiнде  кездеседi. 

Ресей  XIX ғасырдың  20 –  жылдарында  алтын өндiруден  бiрiншi  орында  болды .  Өткен   ғасырдың  40-  жылдарында  оның  дүниежүзiлiк     алтын өндiрiсiндегi  үлесi  40 % - құрады.

Алтын  өндiру  қиын  және  капиталды  көп  қажет  етедi. Қазақстанда   160  алтын  кен орындары  бар.  Соның  iшiнде  60 – сы жұмыс  iстеп   тұр    және  олардың жылдық  өнiмi  1994  жылы 25  тонна алтынды құрады.

Алтын тек  қана  алтын  валюта  резервтерiдi  ғана  құрамайды,  сонымен  бiрге  электронды – есептеуiш   және  компьютерлiк  техникалды, түнгi   механикалық   аспаптарды,  синтетикалық  талшықтарды  жасау үшiн  де қолданылыда.

Ақша -  өндiру  мен бөлу   процестерiнде  адамдар  арасындағы  белгiлi бiр  эканомикалық   қарым – қатынастарды  көрсететiн,  тарихи  даму  үстiндегi   эканомикалық  категория  болып  табылады. 

Егер  ақша  дегеніміз  не деген  сауалға  жауап  іздесек,  онда  оның  қоғамда  үш  түрлі  негізгі  қызмет  атқаратынын  айтқан  жөн. Біріншіден, теңге  айналым  құралы болып  табылады, яғни  тауарлар мен  қызметтерді сатып  алу  мен  қайта сатуда  пайдаланылады. Бұл  базардағы ресурс иелері  мен  өндірушілердің  кез-келген  тауар мен қызметті  сатып  алуға  пайдалануына  мүмкіндік  беретін  өте  қолайлы  әлеуметтік  құрал. Теңге  айырбас  құралы  ретінде  қоғамды  баспа  бас  айырбастың  қолайсыздығынан  құтқарады. Тауар  айырбасына  қолайлы  жағдай  туғыза  отырып , ақша  қоғамға  географиялық  мамандану және  адамдар  арасындағы  еңбек  бөлінісі  жемістерін  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады. Яғни  теңгенің  арқасында  біз  әлемнің  көптеген  елдерінен  тауар  ала аламыз.

Екіншіден, теңге  бағаның  өлшемі болып  табылады. Қоғам  ақшаны  түрлі  байлық пен ресурстар  бағасының  салыстырмалы  өлшемі ретінде  пайдалануды  қолайлы  көреді. Жолды  шақырыммен, салмақты килограммен  өлшейтініміз  сияқты  байлық  пен  қызмет  құнын  ақшамен  өлшейміз. Мұның  артықшылығы  айқын. Ақша  жүйесінің  арқасында біз  бір  тауардың  құнын  анықтау  үшін  оған  айырбасқа  жүретін  басқа  тауарды  іздестіріп  жатпаймыз. Мәселен, малдың  бағасын астықпен,  машинамен, шаймен  немесе басқа  заттармен  өлшеп  шығарып  жатудың  қажеті  шамалы. Ақшаны  жалпы  атау  ретінде пайдалану, кез келген  өнімнің  құнын  ақша  арқылы  бағалау  деген  сөз. Оны  бұлайша  пайдалану  адамдарға  түрлі  тауарлар  мен  ресурстардың  салыстырмалы  бағасын  оңай  бағамдауға  мүмкіндік  туғызады. Мұндай  салыстыру  дұрыс  та тиімді  шешім  қабылдауды  жеңілдетеді. Яғни  ақшамен  жалпы  ұлттық  өнім  мөлшері  және  басқа да  экономикалық  көрсеткіштер, барлық  төлемдер  мен  қарыз,  несие  міндеттемелері  өлшенеді.

Үшіншіден, теңге  салым  құралы  ретінде  қызмет  етеді. Ақша  тауар  ретінде  пайдалануға  әлдеқайда  қолайлы, ол арқылы  байлықты  салым  ретінде  сақтау  ұтымды. Бұл  тұрғыдан  алғанда  ол  қозғалмайтын  мүліктер  (жеке меншік) және  бағалы  қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар  байлықты молайту  құралы болып  табылады. Әдетте, ақша  деп  қолда  бар, айналыста  жүрген  металл және  қағаз  ақшалар,  сонымен  қатар  чектік  салымдар, яғни  банктегі , түрлі  сақтық мекемелеріндегі  чектер  түсініледі. Металл  және  қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал  ағымдағы есеп  шоттар  коммерциялық  банктер мен сақтық  мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты  ақшамен қатар түрлі қаржылық  міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы  қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар  тікелей қарым қатынас құралы  қызметін  атқармағанымен , жедел қолма қол ақшаға  немесе  чекке айнала  алады. Нарықтық  қарым қатынастың  келешек дамуына орай  мұндай  міндеттемелердің  саны  мен көлемі  өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы  немесе  сатып алу пәрмені  дегеніміз  сол  ақшаға  сатып  алуға  болатын  тауарлар  мен  қызмет  көлемі.

Ғалым – эканомистердiң   алтынның  ақшалай    тауар ретiнде ролi  туралы   әр  түрлi  көзқарас  бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып,  ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк.  Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi.  Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер.  Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы,  ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар  айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

Ақша айналысың реттеудiң  маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.

Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы  қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс  кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

Сонымен,  бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

    • өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
    • тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
    • ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.

 

1.3. Ақшаның қажеттілігі және мәні

      Қазіргі кезде әлемдік экономикада ақшаның шығуының негізгі екі: рационалдық және эволюциялық теориясы бар.

Рационалдық теорияға сай  ақша тауарларды айырбастау үшін пайдаланылатын арнайы құрал ретінде ойлап табылған, адамдар арасындағы уағдаластықтың нәтижесін білдіреді.

Бұл теорияны ұстанушылар  К.Гэлбрейт, К.Р.Макконнел, С.Л.Брю, П.Самуэльсон және т.б. белгілі американдық экономистер  болып табылады.

Ақшаның заманауи түрлері  (қағаз, электронды) қолданылатын қазіргі бұл теория барынша нанымды және тартымды көрінеді. Алада ол ақшаның табиғатын түсінудегі біршама құрияларды ашпайды. Бірақ мұны рационалдық теорияны ұстанатындардың өзі де жоққа шығармайды.

Екінші теорияны К.Маркс  ұсынған. Ол ақшаның «... ең қарабайыр, ең жай айырбастау нысанынан оның ғажайып – ақша нысанына дейінгі» шығуын қадағалай түссе оның құпиялылығыжойылатынын айтқан.

К.Маркс ақшаның пайда болуының эволюциялық теориясын құнның еңбек теориясымен өзара байланыстырған, бұдан шығатын қорытынды, тауар құн оны әзірлеуге жұмсалған абстрактілі еңбектің санымен өлшенетініне көз жеткізуге болады.

Бүгінгі күні басым отандық  ғалымдар ақшаның шығуының дәл осы  эволюциялық теориясына ден қойып  отыр. Эволюциялық теорияға сай ақшаның даму тарихының негізгі кезеңдері қандай?

Бірінші кезең – құнның жай немесе кездейсоқ нысаны.

Ақшаның шығуы алғашқы  тұрмыстық қауым адамдарының  белгілі бір артық азық – түліктері  пайда болғанда басқа қажетті  азық – түліктерге айырбастауға болатын  яғни, кездейсоқ сипатқа ие: бір  тауар оған қарсы бір тауарға  өзінің құнын білдірген б.з.д  7-8 мыңжылдықтарға жатады. Маркс бұл нысанның тауар құны көрінісінің екі полюсі бар екеніне негіздей отырып бастарқы көзқарас бойынша қарапайым еместігін жазды.

Бірінші полюсте – өз құнын білдіретін тауар, белсенді рөл атқаратын тауар; екінші полюсте – Бірінші тауардың құнын білдіруге арналған материалға қызмет ететін тауар, ол пассивті рөл атқарады және баламалы өнім нысанында болады. Осылайша, салыстырмалы және баламалы нысандар – тауар құнын білдіретін екі полюс.

Екінші кезең –құның толық немесе  кең қамтылған нысаны.

Еңбек бөлінісі адам игіліктерін  өндірудегі түрлерін бірден кеңейткен  олардың өндірістік күшінің дамуымен қатар еңбек өнімдерін айырбастау қажеттілігін туындатты. Бастапқыда бұл  әлі күнге дейін аз көлемде  болса да сақталып отырған және «бартер» деген атаумен белгілі бір  заттың екінші затқа жай айырбасталуы болған.

Мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысатын тайпалардың құрылуына  байланысты алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөліністері де пайда болды: айырбасқа қоғамдық еңбектің көптеген құралдары, сонымен қатар құнның салыстырмалы нысанындағы тауарлар енгізіле бастады. Құнның бұл нысанының  айтарлықтай кемшілігі көптеген балама тауарлардың орын алуына байланысты әрбір тауардың құны заңды көрінісіне ие бола алмайды.

Үшінші кезең – құнның жалпыға бірдей нысаны.

Айырбастау операциялары көлемінің ұлғаюына және айырбасталатын тауарлардың әр алуандылығына орай «тауарға – тауар» деген қағида бойынша табиғи түрде айырбастау барынша қиындай түсті, серіктестерін іздеуге деген уақытты жоғалтуға немесе егер тез бұзылатын тауар жатып қалса тікелей залалға ұшыратты.

Кейбір сатушылар тауардың бүліну қаупінен сақтанып немесе оны қажетсіз болғанымен кейіннен қажеттісіне айырбастау үшін жанталаса өтімді тауарға айырбастаған деп топшылауға болады. Осылайша, алғашқы «тауар» ақшаның рөлін атқарған өтімдітауар делдалдар бөлінген. Өтімді тауарларды делдал ретінде көп мәрте қолдану оларды бұрынғыдан да өтімді ете түскен, сондықтан басқа тауарларға айырбасталған тауарлардың үйлесімі тұрақты сипатқа ие болған. Бұл « тауар баламалардың» дүниеге келуі туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді, олардың тауарлық ақша ретіндегі рөлі мен функциялары нығая түсті.

Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері