Ақшаның шығу тегі мен қызметтері

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

 

ІІ. Ақшаның  шығу тегі, мәні мен қызметтері 

1.1. Ақшаның шығу тегі және тауарлық табиғаты................................................6

1.2. Құн  формасының дамуы және ақша  түрлерінің өзгеруі................................8

1.3. Ақшаның  атқаратын қызметтері және экономикадағы  рөлі.......................11

    1. Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы........................15
 

ІІ. Ақша айналымы, ақша айналысы және Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі 

    1. Ақша  айналымы және ақша айналысы туралы түсінік.............................17

    2.2.   Қолма-қол  ақша айналысы және қолма-қол  емес ақша айналымы..........19

    1. Метал ақша айналысы, қағаз және  несие ақшалары және

      олардың түрлері...........................................................................................24

    1. Ақша айналысы заңы...................................................................................31

Қорытынды ............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер .......................................................................................35 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             Кіріспе

           Ақша   ежелгі  заманда  пайда   болды.  Олар  тауар  өндірісінің   дамуындағы  бірден – бір шарт  және  өнім  болып  табылады.  Ақшаның  пайда  болуы  мен  мәні  жайлы  біркелкі  шешімін  тапқан  жоқ.  Экономикалық  мектеп  өкілдеренің  бірі  ерте  дүниедегі  грек  ойшылы   Аристотель  ұсынған  қағидаға  сүйене  отырып,  ақшаны – белгілі  шарт,  адамдар  арасындағы  саналы  келісім  нәтижесі  ретінде  қарады.  Басқа  бағыттағы  мектеп  өкілдері  ақшаны – мемлекет  бекіткен  тауарды  айырбастауға  қажетті  құрал  ретінде  қарастырған.  Үшінші  өкілдері  ақша  өзінің  табиғаты  бойынша  алтын мен күміске жататындығын  айтқан.

           Тауар – бұл  сату  немесе  айырбастау  үшін жасалған  еңбек   өнімі.  Адам  еңбегінің  өнімі  (зат), оны    өндірушілердің   белгілі  қоғамдық  қатынастарын  тудыра  отырып, тауар  формасын  қабылдайды.  Заттардың  тауарға  айналуы  ақшаның  пайда  болуындағы  объективті  алғы  шарттарды  құрайды. Бірақ  кез  келген  зат  тауар  бола  алмайды.  Әрбір  тауар  қажетті  тұтыну  құнын  алу  құралы  бола  отырып,  өзінің  өндірушісіне қатынасы  бойынша  айырбас  құны  ретінде  көрінеді.  “Айырбас  құн  тауарлардың  өзінен  бөлініп  шыққан  және  олармен  бірге  өз  бетінше  өмір  сүретін  тауар,   ол  ақша”.

        Әрбір  ерекше  тауар  міндетті  түрде  тұтыну  құны  ретінде   көрінеді.  Оның  құны  жасырын   түрде  болады  және  тек  қана  ақшаға  теңестіру   жолымен  табылады.  Тауарлар   және  ақшалар  бір  және  осы  тауар формасының  нақты  қарама – қарсы  жақтары  бола  отырып, айырбас  процесінде  бір – бірін  табады  және  өзара  бір – біріне  ауысады.

        Алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезінде  бір  тауардың  басқа  бір   тауарға  кездейсоқ  айырбасталуы  барысында,   айырбас  құнның  жай  немесе  кездейсоқ  формалары  қолданылады. (1 балта = 5 құмыра,  1 қой = 1 қап  бидай  және  т.б.).

        Тауардың  басқа  адамдардың  қажетін   қанағаттандыратын қасиеті тауардың  тұтыну  құны  болады, яғни  тауардың  қоғамдық  тұтыну  құны  болып табылады.  Тұтыну  құны  тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауаррына айырбастау  арқылы басқа адамдардың  қажетін  өтейді. Тауардың  басқа  тауарға  айырбасталу  процесін  оның  айырбас  құны  деп  атайды.  Айырбас  құнын  тауарлар  сатылғанда  ғана  ілесе  жүретін бағалық  көрсеткішті  айқын  көрсетеді.   Құн  дегеніміз – тауар  өндіргенде  жұмсалатын  еңбек  жиынтығы. Қоғам  дамуының  негізі – еңбек. Сондықтан,  тауарға  сіңген  қоғамдық  еңбек тауардың  құны  болады.

        Ақша  кез  келген  тауар   құнын  білдіретін  ерекше  тауар  ролін   атқарады.  Осыдан  келіп  ақшаның  жаппай  өктем  күші  пайда  болады. Ақшаның  қоғамдағы  мәнін  К.Маркс  “индивид  өзінің  қоғамдық  билігін  де,   қоғаммен  байланысын  да  өзінің  қалтасына  салып  жүреді”  деген  афоризммен  сипатталады.  Ол  мынадан  айқын  көрінеді:

        Біріншіден,  тек  ақшаға  айырбастау  арқылы  ғана  тауарлар  қоғамдық  еңбектің  нәтижесі  екендігін  анықтауға  болады.  Мысалы,  ақшаның  тауарлар  айырбасында  делдалдық  етуі  арқылы  қоғамдық  еңбектің  сапалық  деңгейі  айқындалып, сандық  есебі  жүргізіледі.

        Екіншіден, әр  адамның  еңбектегі,  яғни  қоғамдық  өнімдегі  үлесін  де ақша  арқылы  анықтауға  болады.  Себебі  адамның  қоғамдық  еңбектегі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда  ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады.

        Үшіншіден,   айырбас  процесінде  ақшаның  делдалдық  етуімен   тауардың  ішкі  қайшылықтары  да  шешіледі.  Тек   ақшаның  пайда  болуына  байланысты  бүкіл  тауарлар  тұтыну  құндары  түрінде  айырбас  қатынасының  бір  жағында  тұрады  да,  ал екінші  жағында  бүкіл  тауарларға  қарсы  құнның  тұлғасы  ретінде  ақша  қарсы  тұрады.

        Тауар  дүниесінің  тауар   және  ақша  болып  екіге   бөлінуі  оның  тұтыну  құнымен   құнының, яғни  тауардың  ішкі  қарама – қарсы  жақтарының  қайшылығын  щещуге  жол  салады.

        Ақшаның  өмір  сүруіндегі  объективті  қажеттілік  ол  тауар  өндірісі  және  тауар  айналысының  болуына  негізделеді. Кез  келген  тауар  айналысында  ақша  айырбас  құралы  болып табылады.  Тауар  және  ақша  бір – бірінен  бөлінбейді.  Ақша  айналысы  болмаса, онда  тауар  айналысы  да  болмайды.  Ақша   тауардан  дами  отырып,  тауар  болып  қала  береді,  бірақ  тауар  ерекше  жалпылама  эквивалент.

        Ақша – жалпы  бірдей эквивалент,  ерекше  тауар,  онда  барлық   басқа  тауардың  құны  бейнеленеді   және  оның  делдал  ретінде   қатысуымен  тауар  өндірушілер  арасында  еңбек  өнімдерінің  айырбасы  үздіксіз  жасала  береді.

        Ақша - өндіру  мен  бөлу  процестерінде   адамдар  арасындағы  белгілі   бір  экономикалық  қарым –  қатынастарды  көрсететін, тарихи  даму  үстіндегі  экономикалық  категория  болып  табылады.  Экономикалық  категория    ретінде  ақшаның  мәні  оның  үш  қасиетінің  бірігуімен  көрініс  табады.

  • малпыға  тікелей  айырбасталу;
  • айырбас  құнының  дербес  формасы;
  • еңбектің  сыртқы  заттық  өлшемі.

        Жалпыға  тікелей  айырбасталу   формасында  ақшаны  пайдалану,  кез  келген  материалдық  құндылықтарға  ақшаны  айырбастау  мүмкіншілігінің  бар  екендігін  көрсетеді.  Кәсіпорындар , жер, орман, жер  асты  байлықтары  сатылмады  және  сатып  алынбады. Қазіргі  кезде  жекешелендіру  проц естерінің  жүруімен  байланысты,  жалпыға  тікелей  айырбастау  формасында  ақшаны  пайдаланудың  көлемі  едәуір  кеңіді.

        Ақшаның  айырбас  құнының   дербес  формасы  ретінде   пайдалану  тауарларды  тікелей   өткізумен  байланысты  емес.  Ақшаны  бұл  формада  қолдану  жағдайлары  олар  несие  беру, бюджеттің  кірістерін  қалыптастыру, өндірістік  және  өндірістік  емес  шығындарды  қаржыландыру,  Ұлттық  банктің  несиелік  ресурстарды басқа  банктерге  сатуы  және  т.б.

        Еңбектің  сыртқы  заттық  өлшемі   тауарды  өндіруге  жұмсалған  еңбектің,  олардың  ақша  көмегімен  өлшенуі  мүмкін  құқын  анықтау  арқылы  көрінеді.

      ІІ. Ақшаның  пайда болуы, мәні мен қызметтері

1.1. Ақшаның  пайда болуы және тауарлық  табиғаты 

      Ақша  кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды.

      Тауарлар  дүниесінің тауар және ақша болып  екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен  құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы  жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші  жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде  өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

   Ақша  адамдарға ежелден таныс. Бірақ  оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.  Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқысыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі.

   Қоғамдық  дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай  да  болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілкердің белгілі-бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

   Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам  дамуының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болып табылады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. 

   Сонымен ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің жинақталған түрі, құнның эквиваленттік  формасымен тұтыну құны біте қайнасқан  ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама ролін атқару.

      Ақша  – тауардың жалпы эквиваленті. Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байлансын да өзінің  қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінді:

      Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы,  ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық  етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық  деңгейі айқындалып, сандық есебі  жүргізіледі.

      Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

      Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық  етуімен тауардың ішкі қайшықтары да шешіледі.  
 
 
 

    1. Құн формасының дамуы және ақша түрлерінің өзгеруі
 

      Алғашқы қоғамдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез-келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа  қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы – құнынң қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық)  құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы формасында болды. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар құның баламалы формасында болып, оның эквиваленті, яғни бламасы болып есептеледі.

      Құнның  бұл формасы, аты айтып тұрғандай  айырбас процесінің алғаш пайда  болған кезіне, оның көп тарамай  кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарды. Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бқөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта ерекше эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т.с.с. тауарларға тең болады.  Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.

      Құнның  екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне  айырықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбеті өтеуге барған сайын зор роль атқарады.

      Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына  әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа  тауарлар көбірек, әрі жиі алматырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтіген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды: 

       4 қап астық

      1 балта

      1 құмыра           = 1 қой

      және  т.б. 

      Жалпы ортақ эквивалент ролін атқаратын  тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықьың өзінің тарихының  әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға  бірдей құн эквивалентін әр түрлі  өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б.) атқарды.

      Ақша  түрлерінің өзгеруі.  Тауар өндірісінің  тарихи даму барысында ақшаның ролін  әр түрлі тауарлар атқарады. Әрбір  тауарлы өндіріс тауардың жалпы  эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде  малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болады. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде – түйе, қысы ұзақ тундрада – бұғы атқарады.

      Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атауларымен  атаған. Мысалы, латын сөзі «пекус» - «мал», ал «пекуня» - «ақша», үнділердің ақша өлшемі «рупия» - «рупия» - «рупа» - «мал» деген сөзден шыққан. Казіргі  кезде көп колданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді,өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса,оның байлығы «капитал» деп атаған.

            Кейінірек қол өнер кәсібі  дами бастаған кезде әр түрлі  халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы   тауары серек кездесетін аңдардың терісі болған. Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды түлкі, сусар, бұлғын терлеріне айырбастаған. Сібір халықтары бұлғынның терісін қолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген. Сондай-ақ тері ақшаларын Манғолия және Тибет пен Памир тауларының етегін мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынадай мысал-1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль. Және теріден жасалған 7000 рубль болған екен.

         Қабыршақ ақша материалын ең  бір орнықты формасы болып  келді. Себебі ХХ ғасырдың 70-жылдарының  бас кезінде кезіне дейін Соломоновтар  аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі:ең арзаны-курила(қара), галиа(ақ) және ең қымбаты-ринго (қызыл) жүрген. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған. Мысалы, бір құл үш сиырға, алты бұзауға, он екі қойға теңгерілген. Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталған және біртектес эквивалент тауарлар, яғни өсімдікөнімдері-зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, бұршақ, тұз және с.с пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі металдар да қолданылады:темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс алтын. Металл ақшалардың артықшылығы – олардың біртектестігі,мықтылығы, әрі оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың фопмалары әр алуан болды. Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр, және т.с.с құралдар ;мыс ақшалар –мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүреді. Ақшаның қазіргі грекше атауы «ДРАХМА» -«БІР УЫС ШЕГЕ» деген ұғым ретінде сол кезден сақталған Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және т.с.с.

1.3. Ақшаның атқаратын қызметтері және экономикадағы рөлі 

      Ақша  экономикадағы рөлін өзінің атқаратын  негізгі қызметтер арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

      Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын  қызметтеріне мыналар жатады:

  1. Құн өлшемі және баға масштабы;
  2. Айналыс (айырбас) құралы;
  3. Төлем құралы;
  4. Қорлану және қор жинау құралы;
  5. Дүниежүзілік ақша.

   Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі қызметі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақта тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасайды. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

   Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды  өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір  елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған  және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

   Бағалардың  негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы нарық заңына байланысты анықталынады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

   Ақшаның айналыс құралы қызметі.  Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т(тауар) - А(ақша) - Т(тауар).

   Ақша  айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып  отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнының белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

      Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқарғандықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

      Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына  байланысты тауарлардың тек  нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бір қатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімінен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).

      Ақша  төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына  да қызмет етеді.

      Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай  түрде топтастыруға болады:

    • Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
    • Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
    • Банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну ниелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
    • Сақтандыру міндеттемелері;
    • әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

      Ақша  төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар  атқарады.

      Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

      Ақшаның қор жинау қызметін болық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

      Ал  ақшаның қорлану қызметін толық  бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар  өндірісі жағдайында қорлану екі  формада жүзеге асырылады десе болады:

    1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дезозиттік) шоттардығы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорланы формасында;
    2. Банктергі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

      Дүниежүзілік  ақша. Сыртқы сауда қаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып аланатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалрыға ортақ қоғамдық байықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар бері барысында қазмет етеді.

      Қаріргі кезде дүние жүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың  қазіргі ваютасы – еуро. Сол сияқты халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнай қарыз алу құқығы) атқарады.

      1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық  қауымдастық елдерінде жаңа валюта  «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталық  Одаққа бастапқыда он бір ел  қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италыя. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұллтық ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.  
 
 
 
 
 

      1.4. Ақшаның қажеттілігі және оның  экономикалық маңызы. 

      Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

      Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі  туралы әр уақытта әр түрлі ойлар  айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген  көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар  арасындағы келісім құралы, ол айырбас  кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндірді.

      Рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы –  ақша адамдар арасындағы келісімнен  туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

      Ал, эволюциялық концепцияны жасақтаушылар  бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар  өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екеін дәлелдейді.

      Нарықтық  экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, коооперативтік, жеке) өнімнің  көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

Ақшаның шығу тегі мен қызметтері