Астрономия және ғарыштық болашақ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Заң факультеті
Философия
кафедрасы
Тақырыбы:
«Астрономия
және ғарыштық болашақ»
Тобы:
МФИ-111
Түркістан
- 2011
Мазмұны
Кіріспе
..............................
Негізгі
бөлім
І. Астрономия
- ғалам туралы ғылым
1.1. Астрономияның даму жолы ..............................
1.2. Қазіргі
астрономияның бөлімдері ..............................
ІІ.
Ғарыш кеңістігі
2.1. Ғарыш алаңы ..............................
2.2. Ғарышкерлер...................
2.3. Ғарыш қызметінің жалпы
даму үрдістері
..............................
2.4. ҚР-да ғарыштық қызметті
дамыту жұмыстары.....................
2.5. Жерді
қашықтан зондтау әдісі ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер ..............................
Қосымшалар
……………………………..……………………………………29
Кіріспе
Қазіргі кезде Елбасымыздың экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алатын, тіптен ол сайыста жеңіп шыға алатын өркениетті мемлекет қалыптастыруға кіріскенін көзі ашық азаматтардың бәрі біледі. Бұл идеяны жүзеге асыру ғылыми үлесі ауқымды технологияларды меңгеру, оларды халық шаруашылығында кеңінен пайдалану және дамыту арқылы шешілмек. Сондай озық технологиялардың бірі – ғарыштық технологиялар. Оларды біз өзімізде дамытпасақ дамыған елдер біздерге осы технологиялардың тек нәтижесін ғана аса қымбат бағаға беріп, өркениет көшінің соңында қала беретініміз анық. Осыны түсінген Үкіметіміздің ғарыштық индустрияны қарышты өркендетуге кірісіп кеткеніне алты жыл болды. Қазір біз осы бағытта едәуір алға жылжыдық.
Адамзат баласы ғарышты игеру
арқылы көптеген
1.1.
Астрономияның даму
жолы
Астрономия (грек. astron - жұлдыз және nomos - заң) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Адам баласының өмірлік қажеттіліктерінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында б.з.б. 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсынан б.з.б 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылған. Орыс ғалымы П.И.Мариковскийдің зерттеуінше батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік сызық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі көкжиектен көрініс бере бастаған Күн сәулесінің жолын көрсетеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Б.з.б. 4 ғасырда Қытайдың тұңғыш жұлдыө каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Б.з.б. 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды.
Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа үйлесімдерін енгізді. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. 11 ғасырда Әбу Райхан әл-Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. 13 ғасырда Әбу Жафар ат-Туси Оңтүстік Әзірбайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428-29ж. Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді.
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі құрылымының схемасын құрып қана қоймай , сонымен бірге ғаламшарлардың Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп шығарды.
Коперниктің ілімі дүниенің
Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн - бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар - біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.
1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері қозғалысының центрі тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады. Олай болса, Шолпан - Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс жолы - жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады. Олай болса, Ғалам ертеде ойлағандағыдан әлдеқайда ғаламат екен, ал ол кішкентай Жерді айнала бір тәулік ішінде толық айналым жасап шығады деп болжау мейлінше аңғырт түсінік еді. Галилейдің ашқан жаңалықтары дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қолдаушылардың санын көбейтті және сонымен қатар шіркеуді коперникшілдерді қудалауын күшейтуге мәжбүр етті. 1616 жылы Коперниктің «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» атты кітабы оқуға тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді, ал ондағы ілім Қасиетті Жазбаға қайшы келеді деп жарияланды. Галилейге Коперниктің ілімін насихаттауға тыйым салынды. Солай бола тұрса да 1632 жылы оған өзінің «Дүниенің екі ең басты жүйелері - Птоломей және Коперник жүйелері жөніндегі диалог» атты кітабын жариялаудың мүмкіндігі туды, онда ол гелиоцентрлік жүйенің ақиқаттығын нанымды көрсете білді, сөйтіп ол католиктік шіркеудің оған деген ашу-ызасын күшейтіп алды. 1633 жылы Галилей инквизиция сотының алдына шақырылды. Жасы келген ғалымды өзінің көзқарасынан «бас тартуға» қол қоюға мәжбүр етті және өмірінің соңына дейін инквизицияның бақылауында ұстады. Тек 1992 жылы ғана католиктік шіркеу Галилейді біржолата ақтады.
Бруноның қазасы, Коперник іліміне ресми тыйым салыну, Галилейдің сот алдында тұруы коперникандықтың таралуын тоқтата алмады. Австрияда Иоганн Кеплер (1571-1630) ғаламшарлардың қозғалу заңдарын аша отырып, Коперниктің ілімін дамытты. Ежелгі уақыттан бері аспан денелері «идеал қисық» - шеңбер бойымен қозғалады деп есептеліп келді. Коперниктің теориясында да айнала қозғалу күмән туғызған жоқ. Дегенмен де, 17 ғасырда аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты Иоганн Кеплер ашты. Англияда Исаак Ньютон (1643-1727) өзінің әйгілі бүкіләлемдік тартылыс заңын жариялады. Ресейде Шолпан атмосферасының бар екенін ашқан М.В.Ломоносов (1711-1765) Коперниктің ілімін батыл қолдады, тіршілік әлемдері көп екені жөніндегі идеяны қоғады және өзінің мазмұны терең өлеңдерінде геоцентрлікті жақтаушыларды мұқатты.
1755 ж. И.Кант және 1776 ж. П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. 19 ғасырдың ортасынан аспан физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады.
1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері
Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсілдеріне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан объектілерінің орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай -ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі , ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына астрофотометрия, астроспектроскопия , т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мыс., америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономияда зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол ашты. Космонгонияда жеке аспан денелерінің , сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің пайда болу мәселелері, космологияда жалпы ғаламның құрылысы мен заңдылықтары қарастырылады. Қазақстанда астрономиялық зерттеулер ҚР ҒМ - Ғылым Академиясының Астрофизика институты мен оның Асы-Түрген обсерваториясында жүргізіледі.
ІІ. Ғарыш кеңістігі
Ғарыш (арабшадан аударғанда - кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс ғарыш болып ажыратылады.
2.1.
Ғарыш алаңы
Ғарыш алаңы, космодром - ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады.
Қазақстанның ғарыш алаңы.
Байқоңыр десе алдымен ойға орналатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып космодромнан ұшқан небір ерлер және олардың аңызға айналған жетістіктері. Бұл жөнінде талай айтылып та, жазылып та жүр.
Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында Төретам станциясынан 18-20 км қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шаршы км жерді алып жатыр.
Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескеріледі.
Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаламыздың құрылысы Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы 10 сәуірде келді.
Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет экспериментальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Сәтсіз ұшырылу себебі: 1 сатының 4 блогінің біреуінде өрт басталды.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток » ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды
Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс», ғарыш кемелері, «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метоер», т.б. Жердің жасанды серіктері ұшырылды.
Ғарыш
бағдарламасы мен әскери зымыран
комплекстерінің сынақ
Байқоңыр қаласы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам теміржол стансиясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдеуінде орналасқан. Байқоңыр қаласының алып жатқан ауданы 50 км2. Қаланың тұрғыны 1960 жылы 40 мыңға, 1975 жылы 74 мыңға жетті. Ал қазіргі кезде 2005 жылғы санақ бойынша, қала тұрғындары шамамен 68 мың адамды құрайды. Қаланың көп бөлігін қазақтар құрайды.
1955
жылы 5 мамырда қаланың ең бірінші
ғимараты-әскери
Құрылысы (ол кезде « Зрая » посёлкасы) қазіргі ГДК жанынан басталды. Алғашқы көшелері – Набережная, Школьная, Пионерская, № 30 мектеп (№1) салынды. Тұрғын үйлер – 3 қабатты, черепицамен жабылған, жергілікті климатқа сай салынды. Климатына тоқталатын болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температупрасы -11о С, кейбір күндері -35о С-қа төмендейді; шілдеде 26о С, кейбір күндері 45о С-қа дейін көтеріледі. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Бірнеше мың га жерді алып қала ұзақ жыл бойына « Аса құпия » нысан болып саналады.
1991 жылы 2 қазан Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған бұл күні ғарышқа тұңғыш қазақ ғарышкері КСРО батыры Тоқтар Әубәкіров ұшты. Осы ұшырылым барысында республиканың бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асты.
Ресейлік ғарышкер Александр Волков, австриялық тұңғыш ғарышкер Фрац Фибек және тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров құраған халықаралық ғарыш экипажының «Мир» ғарыш станциясына ұшқан сапарына ТМД мемлекеттерінің басшылары басқа да шет елдерден жүздеген ресми қонақтар Ел басының шақыруымен келіп куә болды.
«Байқоңыр» космодромын сақтап қалуда Қазақстан Респуликасының Ұлттық Аэроғарыштық Агенттігі сүбелі үлес қосты. 1993 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақ ССР-ның ғарыш зерттеу Агенттігі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Аэроғарыш Агенттігі болып қайта құрылды. Агенттіктің бас директоры болып қазақтың тұңғыш ғарышкері «Халық Қаһарманы Т. Әубәкіров» тағайындалды. Ал Байқоңырдағы ҰАҒА басқармасының басшысы болып Мейірбек Молдабеков тағайындалды.
1994
жылы 28 наурызда Қазақстан мен
Ресей елдерінің Президенттері
«Байқоңыр» ғарыш айлағын
Осы шешімнің тарихи маңызын Қазақстан мен Ресей, Байқоңыр ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және интеллектуалды мүмкіншілігін сақтап және ғарыштық зерттеулердің екі мемлекеттің де иелігіне жаратуды меңзеп, 1994 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі «Байқоңыр ғарыш кешенін жалға беру» туралы Шартын жасасты, шарттық мерзімі 20 жыл және 10 жылға созу мүмкіншілігі бар екені белгіленеді. Екі жақтың қарым-қатынасын реттейтін Байқоңыр ғарыш кешені жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды.
Өткен уақыт осы шешімнің дұрыстығын дәлелдеді. Ресей мемлекеті ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыратын нысандарын сақтап дамыта білді. Қазақстан мен ресейліктер арасындағы тығыз қарым-қатынастың негізінде Тоқтар Әубәкіровтың алғашқы ғарыштық бағдарламасының орындалуына және Талғат Мұсабаевтың Қазақстан Республикасының мүддесіне үш мәрте ғарышқа ұшу жетістіктеріне қол жеткізді.
Өзінің бірінші ұзақ мерзімге ұшуын Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1-ші шілдеде жүзеге асырды. Ол бортинженер ретінде 16-шы экспедиция құрамында «Мир» станциясына ұшты. «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне Қазақстанның Ел басы Н.Ә. Назарбаев келіп қатысты. Ресейлік ғарышкер Ю. Маленченко мен Талғат Мусабаев ғарышта жарты жыл жұмыс атқарды. Т. Мұсабаев қазақстандық бағдарламамен қатар ресейлік бағдарламаны да орындады. Алғашқы рет ғарышқа қазақ елінің бір уыс қасиетті топырағы, Қазақстанның екі туы сапар шекті. Қазіргі таңда бұл заттар Байқоңырдың және ҚР Орталық мемлекеттік мұражайлары өз орындарын тапты.
1995
жылы Байқоныр Қазақстан
1995
жылы желтоқсан айында
Байқоңырда ресейлік құрылымдармен қатар қазақстандық мемлекеттік басқару органдары да өз қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтары қала тұрғындарының жартысынан астамын құрайды. Ресейлік мекеме-құрылымдарында 7000-нан астам Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады.
Магистральдық байланыс пен телевидения № 13 Техникалық бөлімшесі (ТУСМ-13) Қазақтелеком АҚ филиалы халықаралық және қалааралық байланыс жүйесінде (ТМД елдері) Байқоңыр кешеніне қомақты үлес қосты.
Қазіргі таңда біздің магистраль сандық жүйе бойынша байланыс көздері жұмыс істейді-бұл ТМД елдері мен алыс шетелдер бойынша іске асып отыр, әрине, оның ішінде «Байқоңыр» космодромы да бар.
Қаладағы РФ-на қарайтын мектептерде оқитындардың 60%-ін қазақ балдары құрайды. Барлық мектептер қажетті технологиялармен және де тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Ғарыш саласы үшін мамандар даярлау мәселесі – еліміз дербестікке жеткеннен бастап билік орындарының жіті назарында. Н.Назарбаевтың қолдауымен 1991 жылы Байқоңыр қаласында Халықаралық ғарыш мектебі ашылып, мектеп жасындағы балалар арасында үлкен кәсіби бағыттау жұмысын атқарып жатыр.
1994 жылдан Байқоңыр кешенін жалға беру келісімшарты шеңберінде жолға қойылған. Содан бері жүзден аса жас маман Мәскеу авиациялық институтының дипломына ие болып, Байқоңыр кешенінде қызмет атқаруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындарында ғарыш саласымен тікелей байланысты мамандар әзірленіп жатыр. Ендігі жерде мемлекеттік бағдарлама аясында маман дайындау жұмысы жүйелі жолға түсетініне менде күмән жоқ.
Сонымен қатар 40 жылдық тарихы бар электрорадиотехникумның жүздеген түлектері Байқоңырда өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.
2004
жыл – Байқоңырдың жалдық
2004
жылдың қаңтар айында
Космостық қызметінде көптеген елдердің интеграцияға күш салуы күрделі мәселені шешеді, аса қымбат, ірі масштабтық космостық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыруға жол ашады. Бұл бағытта Қазақстан Ресеймен жемісті байланыс орнатып отыр, космостық қызметте әртүрлі жобаларды бірігіп орындауды жүзеге асыруда.
Байқоңыр кешені өте күрделі және аумақты кешен, онда 150-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кешен құрамына 7 зымырандық-ғарыштық кешен, су, электр, жылу, газ, автокөлік, теміржол, байланыс, коммуналдық және басқа да жүйелер кіреді. Осының бәрі әзірге Ресей бюджетінен қаржыландырылып отыр.
Ғарыш
саласының еліміздің
экономикасына қосар
үлесі қандай?
Байқоңыр ғарыш кешенінің
республикалық бюджеттің кірісі арқылы
экономикаға үлесі бар екенін Қазақстан
халқы жақсы біледі.
Біріншіден, барлық ғарыштық технологиялар
озық, жоғары технологияларға жатады.
Ендеше, бұл тұрғыдан алғанда ендігі жерде
Қазақ елі технологиялық жағынан дамыған
елдердің қатарына нық сеніммен қосыла
алады. Екіншіден, Қазақ елі өзінің ғарыш
саласымен бірге ғылыми-техникалық потенциалын
дамытады. Өйткені ғарыш саласындағы жетістіктерін
басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланып,
оларды алға тартады. Әсіресе, байланыс
және теледидар жүйелері, ақпараттық және
компьютерлік технологиялар, машина жасау
мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық зерттеулер
ілесе тез аяқ алады.
Үшіншіден, атап өткен бағыттардағы қызмет
ету тапсырыстарымызды біз шет ел компанияларына
бермей, өз компанияларымызға беруге мүмкіндік
туады. Сол себепті еңбекпен тапқан қаржыны
сыртқа шашпай, өзіміздің мамандарымызға
төлейміз. Ең бастысы, олардың кәсіби деңгейін
одан әрі ұштап, білігін арттырып, биіктете
түсеміз. Осы бармақ бүгіп санамалап отырған
жайттарға қарап-ақ, ғарыш саласының экономикаға
қосатын үлесі мен салмағын анықтап, бағамдай
беруге болады.
Байқоңыр
қаласының әлеуметтік-
-2004 жылдың желтоқсанында қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан қоғау бөлімінде жұмыс іздеген 1220 адам тіркелген, оның 392 – на жұмыссыздыр мәртебесі берілді.138 адам жұмысқа орналастырылып, 34 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Байқоңыр қаласының Ресей еліне жалға берілуі экологиялық емес, сонымен қатар, Тіл проблемасын да тудырған болатын.
Өңір тұрғындарының көпшілігі дерлік қазақстандық азаматтар бола тұра, ана тілінде шығатын тұрақты басылымы жоғалып телерадиоұжымы таратылғаннан кейін аймақтағы жұртшылықтың мемлекеттік тілдегі ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатындағы талап-тілегі күшейген болатың.

- Астрономия и человек
- Астық массасын белсенді желдету режимдері
- Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері
- Астықты металломагниттік қалдықтардан тазалау машиналары
- Астықты сақтағаннан кейін өңдеу
- Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары
- АСУ компрессором
- Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт
- Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт
- Астероиды на C++
- Астраханский обласной социально-реабилитационный центр для детей и подростков в системе реабилитационной деятельности дезадаптированны
- Астрологічний прогноз
- Астрометрия
- Астрономическое обеспечение судна по маршруту перехода