Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт. 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                                        

                     Кафедра: ТСМиИ

                                                         

                                                         

КУРСтық

          жұмыс

 

 

                    Құрылыс керамикасының технологиясы пәні бойынша                                                                                                            


                                                    (пәннің атауы)

 

Тақырыбы: Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт


                  

               

                                                                          Қабылдаған:

                                           Сейдинова Г. А

              (бағасы)                                                             (аты-жөні)


 

                                                                  (қолы)           (күні)         


 

Комиссия мүшелері:                                      Орындаған:

Байжанова Айгерім


           (қолы, аты-жөні )                                        (фамилия,инициалы)

 

       ПСК-11-1

                                                                                                


          (қолы, аты-жөні)                                                        (тобы)

       

 

 

Қарағанды 2013 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...............................................................................................................

  1. Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері.......................

2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері................

  1. Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі..............
  2. Негізгі цехтар мен завод жұмысы режимі..................................................
  3. Үрдістердің материалдық есептемесі..........................................................
  4. Жобалау тапсырмасына ұсынылған аппарат есептемесі...........................
  5. Құрылғыларды таңдау және олардың спецификациясын таңдау.............
  6. Үрдісті бақылау және автоматизациялау....................................................
  7. Қоршаған ортаны қорғау............................................................................
  8. Қауіпсіздік техникасы.................................................................................

Қорытынды......................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Мемлекетіміздің   экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі құрылыстың қарқыны мен саласына байланысты.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды -инновациялық стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2005-2014 жылдар аралығында құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялары өндірісінің дамуы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының болашақтағы даму жоспарларына қойылған. Яғни, тиімді құрылыс материалдарын және сапалы жылу оқшаулағыш материалдарын шығару кажеттілігі аталып көрсетілген және олар шетелден әкелінетін құрылыс материалдарымен бәсекелесе алуы керек.

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда.

Құрылыстық керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында қолданады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл. Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды 

 

 

1 Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері

Саздар – мөлшері 0,01майда түйіршіктерден тұрады. Саздар жыныстары галлуазит, каолинит, монтмориллонит және тағы басқа да минералдар негізінде топталады. Сонымен қатар, структурасы және қасиеттері бойынша отқа төзімділер, қиын балқитын, жеңіл балқитындар тобына жіктеледі. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3×2SiO2 ×2H2O және галлуазит Al2O3×2SiO2 ×4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3×4SiO2 ×2H2O), бейделлит - Al2O3×2SiO2×H2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады. 

Кварц құмы табиғи күйінде және байытылған құмнан алынады, каолиндерді байытқандағы қалдық құмдарды шихталарға қосады. Кварцты материалдағы зиянды тотықтар 0,2-0,3%-тен аспауы керек. CaO-ның мөлшері 1-2%. Каолинді байытылған соң алынған кварцты қолданғанда, онда10% дейін каолин болады, сол себептен шихтаны есептегенде оны ескеру керек, жүдеткіш ретінде күйдірілген бұйымдардың қалдығы (қаңқа) немесе әдейі күйдірілген дайындама және күйдірілген бұйымдардың ақауларын пайдаланады.

Каолин - (Қытайдағы Гао-линь мекенінің аты) - саздық құрамы каолиниттен тұратын тау жынысы. Пісу температурасы 1350...1450 0С, балқу температурасы 1730...1820 0С. Керамикалық материалдар өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. 

Дала шпаттары – ең көп тараған минарал. Олар кремний және алюмниий оксидтерінің, сілтілік металдырдың оксидтерімен әрекеттесу нәтижесінде құралған алюмосиликаттары. Бұларда кварц сияқты түрлі түсте кездеседі. Дала шпаттарының басты түрлеріне ортоклаз және плагиоклаздар жатады. Ортоклаз (тура жаралушы) К2О N2O6SiO2. Плагиоклаздар (қырың жаралушылар) альбит-N2OAl2O36SiO2және анортит СаО Al2O32SiO2 және осылардың араласпалары.

 

 

 

 

 

 

1 кесте –  Керамикалық бұйымдар алуға қажетті  шикізат сипаттамалары.

Қордың аты – (Ақмолалық)

Шикізат түрі

Көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Мағынасы (норма)

Пайдаланылған әдебиет

1

2

3

4

5

 

Балшық

 

Химиялық құрамы:

 

%

 

[1]

SiO2

Al2O3

Fe2O3

FeO

TiO2

CaO

MgO

SO3

K2O

Na2O

 

57,20 (51-76%)

19,97 (12-30%)

9,56 (1-10%)

0,02 (1-10%)

0,58

2,05 (0,1-10%)

0,27

0,42 (0,1-0,8%)

1,50 (0,3-6%)

0,40 (0,3-6%)

 

Минералдық құрамы:

 

%

 

[1]

Сазды минералдар

 

50

 

Кварц

 

10

 

Дала шпаты

 

30

 

Оксидтер

 

5

 

Слюда, хлоридтер, пироксендер

 

5

 



 

 

2 кесте –  Керамикалық бұйымдар алуға қажетті  шикізат сипаттамалары.

Қордың аты – (Қарағандылық ТЭЦ)

Шикізат түрі

Көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Мағынасы (норма)

Пайдаланылған әдебиет

1

2

3

4

5

 

Балшық

Физика-механикалық қасиеттері:

   

 

[1]

Көлемді-үйінді масса

т/м3

0,547

 

Тығыздығы

т/м3

1,82

 

Удельная поверхность по ПСХ

 

 

см2/г

4768

 

Плавкость

Сұйық фазаның пайда болуы

 

1310

 

 

еруі

 

1460

 

 

Күл

 

Химиялық құрамы:

 

%

 

[1]

 

SiO2

Al2O3

Fe2O3

FeO

TiO2

CaO

MgO

SO3

K2O

Na2O

 

52,45

24,27

5,02

0,14

1,02

4,39

2,00

0,63

0,60

0,20

 

Физика-механикалық қасиеттері:

   

[1]

Көлемді-үйінді масса

т/м3

0,547

 

Тығыздығы

т/м3

1,82

 

Удельная поверхность по ПСХ

 

см2/г

4768

 

Плавкость

Сұйық фазаның пайда болуы

 

1310

 

еруі

1460

 

 

Минералдық құрамы:

 

%

 

[1]

Аморфталған сазды агрегаттар

 

45-50

 

Шыны-фаза

 

25-30

 

Органика

 

8

 

Кварц

 

-

 

Дала шпаты

 

5-10

 

Кальцит

 

5

 

Гидрогранаты, муллит, темір оксидтері

 

5

 

корунд

 

-

 



 

 

2 Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері

Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.

Керамогранит – аязға төзімді материал. Ол аязға төзімді болу үшін оны абсолютті тығыз және ешқандай жарық және кеуек болмау керек. Керамограниттің сусіңіргіштігі қаншалықты төмен болса, ол аязға төзімді болады. Керамограниттің сусіңіргіштігі 1%-дан төмен. Сондықтан ол төмен температурада (-500С) сыртқы түрін өзгертпейді. Осы қасиетіне байланысты оны солтүстік өңірлерге пайдалануға мүмкіндік береді.

Керамогранит – керамика өндірісіндегі заманауи технологиялардың бірі. Керамогранит – керамика өндірісіндегі жоғары технологиялар аймағына жататын жаңа ұрпақ. Осыдан керамогранит әлсіз агрессивті орта әсеріне тұрақты және кейбір эксплуатациялық және тұтыну қасиеттерімен табиғи тастан асып түседі.

Керамогранитті өндіру технологиясы керамика саласындағы жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.

Біріншіден, керамогранит – жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.

Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязға төзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.

Керамогранит өндірісін дайындаудың мақсаты өндіріс мекемелерінің едендерін әрлеу үшін жақсы материал өндіру болып табылады. Материал жоғары қысымды ұстауға қабілетті болу керек, термиялық, химиялық әсерлерге тұрақты болу керек. Италияндық инженер технологтар тарапынан ашылған технологиясы бойынша материалдың эксплуатациялық қасиеттері өте жақсы көрсеткішке ие болды. Соның арқасында керамогранит қазіргі таңда әртүрлі тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың беттік қабатын әрлеу үшін ең кең қолданыстағы материал болып саналады.

Керамогранит өндіру үшін жоғары сапалы кварц құмы, дала шпаты, каолин және бояғыш пигменттер қосылған отқа төзімді сазды қолданады. Әрлеу плиткаларға қарағанда керамограниттің араласпасын жоғары қысыммен (400-500 кг с/см2) престейді және 12000С температурада күйдіреді. Нәтижеде кристал құрылымды және қанық шыны фазалы, жоғары берікті, су сіңіргіштігі төмен материал алынады. 

Негізгі қасиеттері:

-табиғи  материалдар негізінде өндіріледі;

-біркелкі  беттік қабатқа ие;

-табиғи  тастың беріктігіне ие;

-төмен  кеуектілікке ие;

-майысуға және қажалуға төзімділігі жоғары;

-жоғары  температураға төзімді;

-аязға төзімді;

-химиялық  элемент әсерлеріне тұрақты.

Керамогранит су сіңіргіштігі керамикалық материалдар арасында ең төмені (0,01-ден 0,05%дейін). Оның туысы мозайка ылғалды сіңірмейді. Салыстыра кетсек керамикалық плитка үшін су сіңіргіштігі 1%, гранит үшін 0,46%, мрамор үшін 0,11%. Жасанды тастан жасалған плитканы кез-келген жерде қолдануға болады: көшеде, үйде, ылғалды ғимараттарда тіпті душ бөлмесінде де қолдануға болады. Бұл деген керамогранитті бассейннің бетін қаптауға болады дегені емес. Себебі, егер бессейнді немесе шатырды керамограниттен жасаса, оның өзіндік құны артып кетеді. Оның орнына мозайка құймаларын пайдаланған тиімді.

Кез-келген керамогранит аязға төзімді (стандарттың зерттеуінің нәтижесі бойынша) және 50 рет мұздатып ерітуге тұрақты болып табылады.

Иілуге беріктігі – бұл көрсеткіші бойынша керамогранит табиғи тастан 3 есе, қабырғалық плиткадан 2 есе, едендік плиткадан 2 есе берік.

Бұйымның бетінің фактурасы және жағдайы оның иілуге беріктігіне тікелей әсер етеді. Егер материалға түсетін жүктеме жоғары болып күтілсе, оны кез – келген дайындалмаған түзу емес жерлерге қолдануға болады дегені емес. Оны тегіс алдын-ала беріктендірілген жерлерде қолданған дұрыс. Болмаса плитканың шеттері бұзылады.

Керамогранитті және керамикалық плитканы соғу беріктігіне сынамайды. Бұл олардың берік әрі өте морт сынғыш қаптағыш материал екендігін көрсетеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек керамогранит шойын ванна құласа да сынбайды делінген.

Қажалуға төзімділік – бұл қаптағыш едендік материалдардың ең маңызды қасиеті. Егер плитка глазурьленген болса, мүмкін ол керамогранит болар немесе плитка болар оған еуропалық норма әсер етеді. Мұндай сынаманың жүргізілу принципі мынадай, глазурдің бетімен роликпен яғни корундпен жүргізеді. Егер 150 айналымнан соң, роликтің бетінде ешқандай із қалмаса, оған РЕІ І класы, 600 айналымнан соң РЕІ ІІ класы, 1500 айналымнан соң РЕІ ІІІ класы беріледі. РЕІ ІV класы 1500 айналымнан жоғары болған плиткаларға, РЕІ V 12000 роликтің айналымы болғанда беріледі. Көрініп тұрғандай ІV және V  кластардың арасында айырмашылық жоғары. Кейбір өндірушілер ролик айналымын нақты санын көрсетеді. IV класына (3000, 6000 немесе 9000) бірақ бұл ережеден ауытқу болып табылады.

Бетінің беріктігі – керамограниттікі ІІІ категория бойынша болады: берік (EN  101), беттік қажалуға берікті (ЕN 154) және терең қажалуға тұрақты (ЕN 102).

Керамограниттің негізгі интригасы ол жоғары беттік қажалулыққа беріктігінде. Мұндай факт түрінде жалғыз «беттік беріктік» деген критерий жоқ.  Беттік беріктіктің, РЕІ бойынша ЕN 154 деген тек ғана глазурленген плиткалар үшін және терең қажалулыққа арналған. ЕN 102 глазурленбеген плиткалар үшін арналған. Беттік беріктіктің көрсеткіші дақтар мен кесілімдердің көрсеткішімен көрсетіледі. Тәжірибе үшін глазурь бар жоғы ескерілмейді. EN  101 нормасы бойынша Моос шкаласында материалға 1-ден 10 дейін қаттылық кластары тағайындалады. (1-тальк, 5-апатит, 6-дала шпаты, 7-кварц, 8-топаз, 9-корунд, 10-алмаз).

Плиткамен қаптау кезінде еден мен плитка арасында негізгі адгезия болып құм табылады. Тиісінше егер едендік плитка Моос шкаласы бойынша 7 қаттылықты көрсетсе, матовый тас қаттылығы бойынша 8-9, глазурленген 5-7, жылтыратылған 5-6 көрсеткішіне ие. Керамогранит ешқандай бір бүлінуден , сынудан қорқпайды.

Глазурленген керамограниттерге ереже бойынша РЕІ ІІІ-тен РЕІ V. Көбінесе біз ІV кластағы плиткаларды кездестіреміз, оны қозғалыс көп жерлерде қолданады.

Түсінің тұрақтылығы мен тазалығы – керамогранит күн сәулесіне төзімді және химиялық қышқылдарға тұрақты келеді. Мұны DIN 51094 және EN  106 нормасы бойынша жүргізілген сынамалар бойынша дәлелденген. EN  122 нормасына сәйкес плиткаға әр түрлі агрессивті орталарға байланысты түрлері болады:

АА класы: сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ.

А класы: ескерілмейтін сыртқы көрініс.

В класы: сыртқы көрінісінің орташа көрінісі.

С класы: алғашқы көрінісінің біршама өзгерісі болады.

Д класы: алғашқы көрінісінің толық өзгеруі.

Түрінің өзгешілігіне байланысты керамогранит АА немесе А класына жатуы мүмкін. Мұндай кластағы керамогранитті сақтау бөлмелерінде, гараждарда, аулада қалдыруға болады. Кез-келген түсті құрта алатын қандай да бір бояғыш заттар немесе қосылыстар болады. Бұйымның бетінде қаншалықты фактура мен түс көп болса, соншалықты агрессияға бейім келеді.

Керамогранитті плиткаларды өндірудің ерекше технологиясының арқасында ол жақсы экплуатациялық қасиеттерге ие:

- «нөлдік» сусіңіргіштікке – 0,5%-ға жетпейді;

- жоғары аязғатөзімділікке;

- ерекше механикалық беріктікке;

- қажалуға жоғары беріктік;

- химиялық реагент әсеріне төзімді.

Керамограниттің кемшілігі оның – морттылығы.

Өндіріске қабылданған өнімге техникалық нормалар және стандарттармен расталған негізгі сұраныстар келтіріледі, олар 2 кестеге енгізіледі.

 2 кесте – шығарылатын өнім номенклатурасы

 

Бұйым атауы және эскизі

Бұйым марка-сы

Габариттік өлшемдері, мм

Қолданыла-тын шикізат түрі

Мате-риал көлемі, м3

Бұйым массасы, т (кг)

ұзынды-ғы

ені

биікті-гі

1.

             

2.

             

3.

             

Және т.с.с.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі

1-сызба

 

Керамогранит – қазіргі заманғы жасанды құрылыс материалы. Формасы плитка сияқты болады. Керамогранит өндірісі жоғары технологиялық процесс болып табылады. Ол негізгі төрт сатыдан тұрады. Араласпа дайындау, пресстеу, күйдіру және бетін өңдеу.

Араласпа дайындау. Керамогранит өндіру кезінде каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен  араластырылады. Керамогранит плиталарына қажетті түс беру үшін шикізат массасына минералды пигменттер қосады. Сонда түс керамограниттің барлық беті бойынша біркелкі тарайды. Қолданылатын пигменттің түріне байланысты керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер гаммасы және суреттер болады.

Пресстеу. Пресстеу процесі керамогранит плиталарын 400-600 кг/см2 жоғары қысыммен пресстейді. Мұндай қысымда керамогранит массасында ешқандайда кеуекте қуыста болмайды, бастапқы материалдың бөлшектері жақсылап пресстеледі.

Күйдіру. Жартылай фабрикаттың пресстеу кезінде қол жеткізілген сипаттарын беріктендіріп, күшейтедеі. Керамогранит плиткаларын күйдіру пеште 1300°С температурада жүргізіледі. Мұндай температурада материал ішінде перекристаллизация процесі жүріп, олар «шынылы» монолитті құрайды. Керамогранит бір қалыпты болып, әр түрлі әсерлерге берік болады.

Керамогранит бетін өңдеу. Керамогранит бетін өңдеу тегістегіш және жылтыратқыш линияларда орындалады. Керамограниттің бетін полировкалау арнайы паста көмегімен  орындалады, алмазды шаң негізінде. Жылтырату кезінде керамограниттің бетінде бірде-бір қисық жер қалмайды, жоғары дәрежедегі әйнекейлік алынады 80% дейін. Басқада «әйнекейлеу» дәрежесі қолданылуы мүмкін 20% дейін. Бұл жағдайда керамогранит беті бір шама микро дәрежесінде тегіс болады. Оның беті жып жылтыр болуы үшін керамогранитті жылтыратпайды, оны тегістейді, әйнекеймен қаптайды және шынықтырады.

Бетінің өңделуінің сипатына  байланысты керамогранитті келесідей түрлерге бөледі:

- жылтыратылған керамогранит – жылтыратудың барлық сатысынан өткен, жылтырату – әйнекейлік 80%.

- жеткілікті жылтыратылмаған – жылтыратудың толық сатысынан өтпеген – жылтырату дәрежесі 20%.

- тегістелген (матовый) керамогранит – тек қана тегістеу сатысынан өткен шамалы бұдырлы абразивті материал.

- глазурьленген  керамогранит – жылтыратылмаған, арнайы әйнекеймен қапталған.

Глазурь керамогранитті жақсы ұстасатын етеді, сырғанақ емес сонымен қоса оның бетін майлы дақтар мен кірленуден сақтайды.

Керамогранит өндіру жоғары технологиялық процесс болып табылады. Ол төрт сатыдан тұрады: араластыру, престеу, күйдіру және беттік қабатын өңдеу.

Араластыру – кермогранитті өндіру кезінде каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен аралстырылады. Керамогранитті плиткаларға әртүрлі түс беру үшін шикі массаға минералды пигменттер қосады. Түс керамргранитке біркелкі құрылым бере отырып барлық қалыңдығына жайылады. Пигменттердің түріне байланысты оларды пайдалануының арқасында керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер мен ою-өрнектер беруге болады.

Престеу – керамогранитті плиталарды престеу жоғары қысым көмегімен 400-600кг/см2 орындалады. Мұндай қысым шикізат массасының ішінде кеуек пен қуыс қалдырмайды.

Күйдіру – престеуден кейін шикі плитканың қасиеттерін ұлғайтып, күшейтеді. Керамогранитті плиткаларды пештерде 13000С температурада күйдіреді. Мұндай температурада материалдың ішіндегі компоненттердің қайта кристалдануы жүреді. Керамогранит біркелкі, біртекті және әртүрлі әсерге тұрақты болады.

Беттік қабатты өңдеу – керамогранит тегістеу және жылтырату тізбегімен өндіреді. Керамограниттің бетін жылтырату арнайы пастаның көмегімен жүзеге асырылып өндіреді. Ол алмазды шаңға негізделген. Жылтырату кезінде бетіндегі кішкентай кедір-бүдірлері жойылады және 80% жылтырлықтың жоғары деңгейіне жетеді. Жылтыратудың басқа сатысында жылтырлық 20% дейін жетуі мүмкін. Бұл сатыда беті микродеңгейде тегіс болады. Плитаның беті кедір-бүдір болмау үшін, керамогранитті жылтыратпайды, тегістейді,глазурлейді және шынықтырады. 

 

4. Негізгі цехтар мен зауыттың жұмысы істеу режимі

Зауыт пен цехтардың жұмыс істеу режимі жыл бойындағы жұмыс күндерінің санын, тәулік бойындағы ауысым санын және ауысым бойындағы сағат санын анықтайды.

Жұмыс істеу режимін өндірісті технологиялық жобалау нормасы бойынша еңбек заңнамасына сәйкес орнатады.

Жұмыс істеу режимі жыл бойындағы жұмыс істеу саны (Д) және тәуліктегі ауысым саны (n) бойынша сипатталады. Ауысымдағы 8-сағаттық жұмысында құрылыс керамикалық өндірісіне келесі жұмыс режимі ұсынылады:

      - кептіруі, күйдіруі және басқа  да тәулік бойы үзіліссіз жұмыс  істеу құрылғысы бар цехтарға  құрылғыны қолдану еселігі (k) есепке  ала отырып (k=0,830-0,942) жыл сайынғы  капитальді жөндеу , яғни Д=365·k;

     - кезеңді жұмыс істейтін құрылғылары  бар цехтар үшін: дайындау бойынша, жартылай фабрикаттар мен шикізатты  тасымалдайтын, шикізат қоспасын  дайындайтын, бұйымдарды қалыптайтын  және т.б., қажетті материал қоры  бар міндеттемесімен үзіліссіз  жұмыс аптасына жыл бойы 260 жұмыс  күні болады, ал үшінші ауысым  санын ағымдағы  құрылғыларды  профилактикалық жөндеу жұмыстарында  өткізетіндей етіп, тәулігіне –  екі ауысым саны қабылданады.

Тұтынушыға дайын өнімді теміржол бойынша жіберген жағдайда дайын өнім қоймасына 365 жұмыс күні бар үш ауысымды үзіліссіз жұмыс аптасы қабылданады, ал басқа транспорт түрлерінде бір ауысымды – 260 жұмыс күні бар режим қабылданады.

         Жобадағы қабылданған жұмыс режимі әрбір технологиялық операция бойынша 3 кесте түрінде безендіріледі, оның кейпі төменде көрсетілген.

3 кесте  – Өндірістің жұмыс істеу режимі

 

 

Технологиялық операциялар атауы

 

Ауысымдылық

Жыл бойындағы жұмыс істеу күндерінің саны(Д)

  1. Карьерде шикізатты дайындау

2

260

  1. Шикізатты тасымалдау

2

260

  1. Шикізат материалдарын дайындау

2

260

  1. Бұйымдарды қалыптау

2

260

  1. Бұйымдарды кептіру

3

303

  1. Бұйымдарды күйдіру

3

303

  1. Дайын өнімді тасымалдау және сақтау

2

260

  1. Тұтынушыға өнімді жіберу

3/2

365/260

Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт. 2