Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................

2

І Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін»  теориялық зерттеу...................................................................

 

6

І.1  Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу............................

6

І.2 Этнопсихологияда ата-ана мәселесін зерттеу..........................................

12

1бөлім бойынша тұжырым...................................................................................

15

ІІ       Практикалық зерттеу. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» эксперименттік зерттеу...........................................................

 

 

16

II.1 Зерттеу мақсаты және зерттеу әдістемелері, сыналушыларға сипаттама ..........................................................................

 

16

ІІ.2 Зерттеу нәтижелерін талдау..........................................................................

20

ІІ.3 Зерттеу нәтижелері бойынша психологиялық ұсыныс..........................

2бөлім бойынша тұжырым..................................................................................

22

22

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

31


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Жоба  кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі мен этностық құндылықтардың оған әсері анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Ата-ана отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Ата-ана қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында, ата-ана адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Ата-ана баласын тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі.

Жұмыста ата-ананың отбасылық өмірдегі рөлі, этностық құндылықтары қарастырылып,  эксперимент арқылы зерттелді және психологиялық тренингтер, яғни отбасылық психотерапия кешені арқылы отбасылық дағдарыстардың алдын алуға болатындығы айқындалды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда ата-ананы отбасылық өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін ата-ананың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың  рөлі  ерекше.

Қазiргi кезде ата-ананың бойында  рухани-адамгершілік мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын  рөлi жөнiндегi зерттеулер ғылыми түрде  дәлелденген. Осы орайда, әлеуметтік кешенді құбылыс ретінде отбасының  аса күрделi процесстерін талдау, оның қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн  айқындау және ата-ананың отбасындағы  рөлі маңызды мәселлердің бірі болып  табылады. Бұл айтылған мәселелерге  орай түйіткілді мәселелер бүгінгі  күні қоғамның өзекті мәселелерінің  қатарынан орын алып отырғанын ешкiм  де жоққа шығара алмайды. Қоғамға  тән жалпыланған дүниетанымдармен қатар, бүгінгі таңда жоғалып  келген немесе бұрын күштеу мен қандай да бір саяси идеялар нәтижесiнде  айрылған аса маңызды қасиеттердiң  орнын толықтыруда және адамзаттың рухани мәдениетiнiң негiзiн қалауда  отбасының орны ерекше бола отырып, тек сонда ғана  жүзеге асырылатыны  даусыз.

Психологиялық тұрғыда ұлттық құндылықтар  арқылы ата-ананың отбасылық өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыра,  сонымен қатар, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, отбасы тәрбиесiн дамытудың жаңа бағытын анықтау заман талабы болып отыр. Осы орайда, басты мәселелердің бірі – ата-ананың бойында ұлттық құндылықтар негізінде  отбасылық өмірге жауапкершілікпен қадам жасауды негіздеу болып отыр.

Жоғарыда айтылған өзекті мәселені шешу жолдарын iздестiру этностық құндылықтарды  рухани негіздеп, оның болашақ ұрпақ  тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ нарық жағдайындағы отбасылық құндылықтарды  анықтаумен жүзеге асыруда жатыр.

Бүгінгі күні дүние жүзіндегі кез-келген халық сияқты, біздің елімізде де мәдени мұралардың құрамдас бөлiгi  болып табылатын отбасы мәселесінде терең педагогикалық-психологиялық идеялар мен тәрбиелiк тәжiрибелердiң жиынтығы қалыптасуда. Отбасы тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынас мәселесі дүние жүзіндегі кез-келген ұлттың тұтас даму тарихы мен оның салт-дәстүрiндегi, әдет-ғұрпындағы, фольклорындағы, ән-музыкасы мен қол өнерiндегi сондай-ақ көркем шығармалары мен тарихи этнопсихологиялық материалдарында аса бай негiздерiн құрайды. Осы орайда, бұл бай тәжiрибенi игеру мен ғылыми жүйеге келтіру; отбасы тәрбиесiнде оны пайдаланудың ғылыми теориялық негiздерiн жасау; отбасы тәрбиесіндегі этнопсихология негiздерiн педагогтардың теориялық және практикалық қызметіне айналдыру; этностық құндылықтардың алғышарттарын жастарды отбасылық өмiрге дайындау процесiнде пайдалану аса маңызды.

Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты  әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Тұлға осы айтылған әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен  міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын  игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас  орнату дағдыларын меңгереді. Ата-ана  отбасында әртүрлі сипаттағы  өмірлік төтенше жағдайлар мен  ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары  мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеуші  ғалымдар, атап өтер болсақ, А.Г. Харчев, А.Н. Антонов,                З.И. Файнбург, Д. Горборинко өзінің еңбектерінде оның маңызды функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі хал-ахуалы деген тұжырымдар жасайды. Сонымен  қатар, аталмыш ғалымдар отбасының  психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеттері мен мінез-құлқы, жақсы-жаманды  бағалай алу критерийлері  қалыптаса  отырып, жасаған қандай қылықтары  үшін сөгіс алып, не жағдайда жазаланатындығын, сондай-ақ, рухани қазына әділдік пен  адалдық ұғымдарын меңгереді  деген тұжырымдар жасады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында  балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы екендігі көрсетіліп, сонымен қатар, отбасының міндеттері нақты көрсетілген.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып, әсіресе онда бала саны да кеми түскені  анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси жаңғырулар мен әртүрлі  қоғамдық сипаттағы және әлемдік  деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы мүшелерінің арасындағы тұлғааралық  қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі.   Бүгінгі  нарық жағдайында ата-аналардың  көпшілігінің  жұмыс бастылығы  бала уақытының көбін енжар тәрбиешілермен өткізуге алып келіп отыр.  Бүгінде  қалалық отбасына тән бала тәрбиесі келесі ерекшеліктермен шартталып  отыр: отбасында балалардың көбісі күннен санап көбейіп отырған  ажырасулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т.с.с. өркениеттің жетістіктері, әсіресе  талаптардың материалдық құндылықтармен өлшемденуі балалар мен олардың  ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас  процесін қиындата, күрделендіре, тіпті  шиеленістіре отырғаны белгілі.

Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер  көптеген ғылым салаларының зерттеу  нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар ұсынылды. Бұл  ғылыми тұжырымдамалар  қазіргі  кезде ғылым саласында өз орнын  тауып, практикаға енгізілуде. 

 Жоғарыда атап көрсеткендей, тұлға дамуында отбасы мәселесіндегі  қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Осы отбасылық қарым-қатынастың  нәтижесінде тұлғааралық байланыс  орнығып, өзара мәміле қалыптаса  отырып, тұлғалық үйлесімді дамуда  жетекші факторлардың бірі болады.  Кеңес психол-ғалымдары    А.В.  Мудрик, А.В. Запорожец, Қазақстандық  ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев,  Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов,                          М.Мұқановтардың  еңбектерінде  көрсетілгендей отбасындағы ата-аналық  қарым-қатынас арқылы өзара пікір  алмасу, ішкі сезім әлемінде бірлесіп  ләззат алу, қуанышта, қайғыда  ортақтасу арқылы адамдар арасында  сенімді кең ауқымды эмоциялар  арқылы екі немесе бірнеше  психологиялық жүйе немесе бірнеше  рухани әлем және ой-пікір,  мінез-құлық, сана-сезім, қылық-әрекеттер  арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса шиеленіс, пікірталас, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәмілеге  келу процесі жүзеге асады. 

Отбасылық қатынастар бойынша зерттеулер жүргізіп, осы ұғымға анықтама ұсынушылардың  бірі А.Г. Харчевтің пікірінше «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың  жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік  және туыстық қарым-қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершілікпен, жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен  сипатталады».

Қазіргі кезде жаһандану мен  нарық жағдайында отбасы мәселелерінің  арасында ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынаста түсінбеушілік  пен келіспеушілік жиі орын алып отырғаны белгілі.  Осының салдарынан біріне –бірі түсіністікпен және кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, оларға психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындап отырғанына куә болып отырмыз. Осы орайда, қазіргі таңда отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажеттігі туындап отыр.  Әсіресе осы келеңсіздіктердің алдын алу үшін ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу уақыт талабынан туындағаны сөзсіз.

Зерттеу мақсаты- ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • психология ғылымындағы ата-аналық рөлді теориялық талдау;
  • этнопсихологиядағы ата-аналық рөлді теориялық талдау;
  • ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін экспериметтік зерттеу;
  • эксперимент нәтижеін талдау және интерпретациялау;
  • ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктеріне психологиялық ұсыныс беру.

Зерттеу обьектісі - әртүрлі этностағы ата-аналар (қазақ және орыс этностары)

Зерттеу пәні –тұлғаның ата-аналық рөлді түсінудегі этнопсихологиялық ерекшеліктерінің мазмұны.

Гипотеза: тұлғадағы ата-аналық рөлді түсіну мазмұны этнопсихологиялық фактілерге тікелей тәуелді болады (менталитет, тіл, дін, т.б.)

Зерттеудің жаңалығы.

  • «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері» Қазақстанда алғаш рет зерттелініп отыр;
  • ата-ананың этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге деген көзқарасы теориялық талдау негізінде зерттелінді;
  • ата-ананың отбасылық өмірге психологиялық дайындығын  анықтайтын әдістемелік кешен беріліп, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі дәлелденді;

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

Зерттеуде отбасында ата-ананы  этностық құндылықтар арқылы дайындау жолдары мен тәсілдері берілген.  Алынған мәліметтер мен қорытындылар:  ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері, отбасылық дағдарыстардың алдын алу жолдары, ата-ананың отбасына деген көзқарасы анықталған. Ата-ананы отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтарды пайдалану тәсілдері беріліп, жүйелі теориялық тұжырымдар жасалған.

Ресей ғалымдары Леонтьев[1], Выготскийдың[2] іс-әрекет концепциясын негізге ала отырып, ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін қарастырдық. Ал шетел ғалымдарынан С.R. Rоgеrs[3], М.М.Бахтин [4]жұмыстарын негізге ала отырып, ғылыми жұмысымызды жаздық. Ал қазақ ғалымдарынан С.М.Жақыпов[5], С.Қ. Бердібаева[6], Н.М.Садыкова[7], Кабакова[8] зерттеулерін қарастыра отырып, ғылыми жұмыс жазу барысында пайдаландық.

Зерттеудің эксперименттік маңыздылығы.

Ата-ананы отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтауда пайдаланылатын әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Сонымен қатар, модификацияланған сауалнамалар құрастырылды. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды ата-анамен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және кеңес беруде қолдануға болады.

І  Теориялық бөлім. «Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін» теориялық зерттеу.

          І.1 Психология ғылымындағы ата-аналық рөлді зерттеу.

Ата-аналық психологиясы –ата-аналықты психологиялық құбылыс ретінде зерттеуге бағытталған психологияның саласы. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, ата-аналық әке мен ана тұлғасының бөлігі ретінде қарастырылады. Өмір бойындағы ата-аналықтың дамуының ерекшеліктері (құндылық ретінде, мінез-құлық пен эмоционалды сфераға әсер ететін фактор ретінде және т.б.) және осы дамуға жағымды немесе жағымсыз әсер ете алатын жағдайлар зерттеледі. Ата-аналарға әр түрлі өмірлік кезеңдерде (ата-аналықтан кейінгі кезеңді қоса –ол кезде балалар ата-аналарының қарамағын енді керек етпейді) психологиялық көмек көрсету әдістері құрастырылады. Балалар тұлғасының дамуына қоршаған ортаның жағдайлары мен табиғи нышандардың қалайша әсер ететіні зерттеушілердің назарын баяғы кездерден бері өзіне қаратып жатыр. Уақыт өте келе, ата-аналықты бала өміріне әсер ететін «шарттардың» бірі ретінде ғана емес, ата-аналардың тұлғасының дамуының маңызды кезеңі ретінде қарастыра бастады. Ата-аналықты ғылыми зерттеуге психоаналитикалық теориялардың, диадикалық тәсілдің, тәуелділік теорияларының пайда болуы түрткі болды. Ата-аналардың күйі (психологиялық күйі де осыған жатады) мен өмір жағдайларының балаларымен қарым-қатынасына әсер етуін зерттеу үшін перинаталды психология пайда болады. Осы ғылымның зерттеулерінде анықталған факттардың кейбіреулері (мысалы, құрсақ ішіндегі ес) сол кездегі ғылыми зерттеулердің ішінде түсіндіріле алмады. Сонымен қатар, дәл сол кезеңде балацентризм позициясынаөтіп жатқан европалық қоғамдағы ата-аналық толқулар мәселелері зерттеуші психологқа жаңа сұрақтар қойды. Алғашқыда ғылыми зерттеудің пәні ретінде ата-аналық психологиясының тек бір бөлімі –аналық психологиясы болды. Бұның себебі, дәл сол ананың баласымен деген байланысы алғашқыда ерекше қатты болады. Аналық психологиясы ғылыми бағыт ретінде Ресейде Г.Г.Филиппова[9] еңбектерінің арқасында пайда болды.

Ата-аналық әр түрлі ғылыми салалар (медициналық, мәдениеттанушылық, генетикалық және т.б.) позицияларынан белсенді зерттеліне басталды.

Зерттеу пәні ретінде бастапқыда ғылыми зерттеулерде көлеңкеде қалған әке рөлі де қарастырыла бастады. Осы жұмыстардың арқасында ата-аналық психологиясының тағы бір бөлімі – әкелік психологиясы қалыптасты. Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте  енді бала және оның ата-анасы жеке емес, бірге қарастырыла бастады. Ғалымдар жұмыстарының нәтижелерін  талқылау психологиялық сауаттылық пен психологиялық көмек мүмкіндіктеріне, ата-аналыққа дайындалуға, балалардың ерте дамуына және тағы басқаларға қызығушылықтың өсуін тудырды. Ата-аналық психологиясының қазіргі уақыттағы  концепциясы ата-аналық келесі екі  позициядан қарастырылу керек деген  идеяға негізделеді:

  1. Ата-аналық ойнайтын рөл (бала дамуына деген жағдайларды қамтамасыз ету);
  2. Әйел мен еркек тұлғасының бөлігі (олардың ата-аналықпен байланысты қажеттіліктері, құндылықтары, мотивтері, толқулары және әрекеттері).

Ата-аналық психологиясы –  ғылымдағы өте жас бағыт, ол бірнеше  түрлі ғылыми салалармен бірге қызмет етеді (пән аралық бағыттанады) және тәсілдердің жүйелілігімен сипатталады. Оның теоретикалық моделі әлі де қалыптасып, эксперименталды мәліметтермен  дәлелденуде.

Ата-аналық психологиясында келесі бағыттарды бөледі:

    • Перинаталды психология;
    • Аналық психологиясы;
    • Әкелік психологиясы;
    • Әке мен ананың өзара қатынасының психологиясы;
    • Ата-аналықтың жалпы мәселелері.

Ата-аналық психологиясының  маңызды ерекшелігі оның профилактикалық  бағытталуында болады: жасөспірімдер  мен жастарды ата-аналыққа дайындау; ерлі-зайыпты жұбайларды бала біту, жүкті болу, туу мен баланы тәрбиелеуге дайындау; бала дамуының ең бірінші кезеңдерінен бастап репродуктивті жүйенің жұмысы мен дамуының бұзылуының себебі болатын психологиялық мәселелердің профилактикасы.

Ата-аналық психологиясы мен  ата-аналықтың этнопсихологиялық  ерекшеліктерінің бірнеше теоретикалық сұрақтары әлі толық анықталған жоқ. Бұл жағдай жалпы ғылыми-психологиялық  парадигмадағы кейбір тұрақсыздық  пен қарқынды дамуынан қиындай түседі. Практикалық қолдану, қазіргі уақыттағы  сұранысқа қарамастан, дамудың бастапқы кезеңдерінде орналасып жатыр: психологиялық  мекемелердің келісушілігі және бірыңғайлығы жоқ; жұмыстың практикалық әдістерінің  барлығы әлі теория тұрғысынан толығымен  түсіндірілген жоқ.

  1. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі уақытта отандық  және шетелдің психологияда жауапкершілікті  зерттеуде екі негізні тәсіл  анықталды:

  1. Жауапкершіліктің жеке аспектілерін зерттеу;
  2. Жауапкершілікті жүйелі зерттеу.

Жауапкершіліктің жеке жақтарын зерттеуде келесі бағыттар бөлінеді:

  1. жауапкершілік пен еркіндіктің арақатынасы;
  2. әлеуметті және жеке жауапкершілік;
  3. адамгершілік категориясы ретіндегі жауапкершілік;
  4. тұлға жауапкершілігіндегі сыртқы мен ішкінің арақатынасы;
  5. әрекет ретіндегі жауапкершілік;
  6. каузалды атрибуция позициясынан алғандағы жауапкершілік;
  7. жауапкершілікті тәрбиелеу.

Жүйелі тәсіл  позициясынан жауапкершілік келесі жақтардан зерттеледі:

  1. қызметті блоктардың өзара әрекетінің анализы;
  2. жауапкершілік сапасының жүйелі анализы.

Кейінірек тұлға  жауапкершілігінің жеке жақтары  мен аспектілерін қарастыруға тоқталамыз.

Жауапкершілік пен еркіндіктің  арақатынасы мәселесімен келесі зерттеушілер айналысты: К.А. Абульханова-Славская[10], М.М. Бахтин[11], А.В. Брушлинский[12], Р. Косолапов[13], С.Ф. Одуев[14], Э.И. Рудковский[15], В.В. Ильин[16], А.Г. Спиркин[17], М.Ф. Цветаева[18], С.R. Rоgеrs[19] және т.б. Зерттелетін мәселенің көп авторларының ойларынша, келесі заттар анықталған:

  1. тұлға қаншалықты өз әрекеттерінде еркін, соншалықты жауапкершіл бола алады, ол тек өз ойындағын жасағанда ғана шынайы еркін болады;
  2. әлеуметтік жағдайлардың алдын ала белгілі даму шарттарында сол әлеуметтік жағдай рационалды таңдау бостандығынан айырылған, оның ішінде жауапкершілікке, яғни адамгершіл әрекетке де орын жоқ.

Жауапкершілік психологиясының ең басты сұрақтарының бірі –бұл жеке және әлеуметті жауапкершіліктің арақатынасы туралы сұрақ.

Жауапкершіліктің  ең құрастырылып жатқан мәселелерінің  бірі –бұл жауапкершілікті тәрбиелеу  мәселесі. Отандық психологияда жауапкершілікті  тәрбиелеудің сензитивті кезеңдері  мен оның пайда болу жасы туралы сұрақ әлі шешілмеген болып табылады. Авторлардың мәліметтері бойынша, ол жас 5-6 жастан бастап (З.Н. Борисова[20], В.С. Мухина[21]) студенттік жасқа дейін (К.А. Абульханова-Славская[22]) өзгеріп отырады.

Психологиялық құбылыс ретіндегі ата-аналық жүйелік, комплексті және феноменологиялық тәсілдердің  тұрғысынан зерттеушілер қарастыратын қиын құрылым болып табылады.

Жүйелік тәсіл  бойынша, отбасын бір жалғыз тұтас, бірыңғай психологиялық және биологиялық  ағза ретінде және барлығына жалпы  отбасылық өзара байланыстарды  мойындау керек. Сондықтан, ата-аналық феноменін жүйелік тәсіл тұрғысынан қарастырғанда, зерттеушілер оны отбасылық жүйемен тығыз байланыста сипаттайды.

Жүйелік тәсіл  ұстанымдарын ата-аналық феноменіне байланысты қолданғанда, келесі заттарды белгілеуге болады:

  1. Ата-аналық феномені жүйелі түрде детерминацияланған, яғни салыстырмалы түрде дербес жүйе болып келеді.
  2. Ата-аналық феномені жан жақты. Оны екі деңгейде қарастыруға болады: индивидтің құрамдас комплексті құрылымы және индивидуалдықтан жоғарғы тұтастық. Осы деңгейдің екеуі де ата-аналықтың қалыптасу кезеңдері болып табылады.
  3. Ата-аналық феноменібір уақытта бірнеше жоспарларда көрінеді. Осы жоспарлардың әр жақтары оның ұйымдасуының құрамдас құрылымын ашып көрсетеді. Ата-аналықты сипаттау және талдау феномен презентациясының барлық жоспарларын қамту керек. Біріншіден, бұл әйелдің немесе еркектің ата-аналыққа әсер ететін индивидуалды-тұлғалық ерекшеліктерінің жоспары. Келесі жоспар екі ерлі-зайыптыларды олардың құндылық бағыттарының, ата-аналық позицияларының, сезімдерінің және т.б. бірлігінде қамтиды, яғни отбасылық жүйеге қатысты ата-аналық талданады. Үшінші жоспар ата-аналықты ата-аналық отбасылармен өзара байланыста бекітеді. Ал төртінші жоспар ата-аналықты қоғам жүйесіне деген қатынасында ашады.
  4. Ата-аналықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар иерархиялық түрде ұйымдасқан және бірнеше деңгейлерде көрсетілген: макродеңгей –қоғам деңгейі, мезодеңгей –ата-аналық отбасы деңгейі, микродеңгей – өз отбасының деңгейі және, ең соңында, жеке тұлға деңгейі. Біз алғашқы үш деңгейді қарастырамыз.
  5. Ата-аналық феномені – даму және қалыптасу үрдісін қосатын динамикалық құбылыс.

Ата-аналықты ерекше психологиялық  құбылыс ретінде түсіну үшін, зерттеушілер феноменологиялық тәсілді қолданады. Бұл тәсіл – құбылыс (зат) мәнінің  дұрыс болып табылатын интуитивті ашуы. Психологиядағы феномен –  танылатын және танылған, объективті немесе субъективті шындықтың заттары  мен құбылыстарына жататын жалпы  ұғым.

Ата-аналық феноменінің құрылымындағы  ата-аналық жауапкершілік

Р.В. Овчарованың[23] ойынша, ата-аналық – «ата-ана ретіндегі өзі туралы нанымдары, білімдері мен ойларының эмоционалды және бағалы түрде сипатталған жиынтығыболып табылатын әлеуметті-психологиялық феномен. Индивидуалдылықтың үстіндегі тұтастық ретінде, ата-аналық жаңа өмірдің басы мен баланы өмірге әкелуді шешкен екі ерлі-зайыптыны әрқашанда өзіне қосады».

Р.В. Овчарованың пайымдауынша, ата-аналық өзінің дамыған формасында келесі заттарды өзіне қосады:

    • ерлі-зайыптылардың құндылықтық бағыттары (отбасылық құндылықтар);
    • ата-аналық бекітулер мен күтімдер;
    • ата-аналық қатынас;
    • ата-аналық сезімдер;
    • ата-аналық позициялар;
    • ата-аналық жауапкершілік;
    • отбасылық тәрбиелеудің стилі.

Адамзат баласының отбасындағы  тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар ата-аналық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз. Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген тұжырым жасайды. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.

Отбасындағы ата-аналық рөлдің мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы ата-аналардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте[24] отбасының негізі-махаббат десе, Гегель[25] бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.

Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо[26], швейцарлық И.Г. Песталоцци[27], орыс педагогтары К.Д. Ушинский[28], Н.К. Крупская[29], А.С. Макаренко[30] т.б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.

Кез-келген ата-ананың өмір жағдайы материалдық және рухани құрылымдармен, тіпті құндылықтармен сипатталады. Оның табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары материалдық жағын білдірсе, ал, руханилықты құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.

Отбасының әрбір мүшесі бір-бірімен  тығыз байланыста, ерекше жанашырлық пен сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің жеке өміріне және тағдырына елеулі түрде ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше  ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасының құрылымы мынадай: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңілілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасының жүйелеріне тоқталып өтсек.. Отбасы жүйесінің динамикасы оның өмірлік циклімен тығыз байланысты. Біріншісі–жұптар немесе ерлі–зайыптылар жүйесі болып табылады. Бұл некеге отырумен жүзеге асады. Мұнда ерлі–зайыптылар өзара әрекет жасайды және атқаратын рөлдерді қабылдауға не қабылдамауға бейімделу (аккомодация) процесі басталады.

Ата–аналық жүйе ерлі–зайыптылардың балалары дүниеге келген соң пайда  болады. Өз кезегінде ата-аналар жүйесі өзгеріп отырады, сонымен қатар, балалардың жасерекшелігіне қарай бейімделеді. Сондай-ақ, ата–аналар жүйесі отбасындағы барлық өсіп келе жатқан балалардың қажеттіліктерін ескеруге міндетті болып табылады. Өз кезегінде жоғарыда аталған жағдайлар, әрине тек жасерекшеліктік ғана емес, дара – психологиялық сипаттамаларымен және жыныстық ерекшеліктерімен негізделген бірқатар қиындықтармен тығыз байланысты.

Ал, балалар жүйесі балаға тек «бала  болу» мүмкіндігін тудырады, қатарластарының  қарым–қатынасы енгізілмейтіндей құзіреттіліксіз  және жауапкершіліксіз тәжірибелі қарым–қатынас  жасауға болады. Балалардың қарым-қатынасы қатарластарымен және ересектермен өздігінен байланыс орнату үшін оған қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін ерекше тәжірибе алаңына айналады.

Жоғарыда атап отырған жүйелердің бөлініп шығуы олардың ішкі және сыртқы байланыстарын анағұрлым  анық көрсетуге мүмкіндік береді. Ал бұл байланыстар отбасы құрылымын  оның шекарасы тұрғысынан сипаттайды. Осы шекаралардың жүйелері олардың  арасындағы және ішіндегі қарым–қатынастарды реттеуге жағдай жасайды. Мұндай шекараларды С.В. Ковалев[31] қарастырды.

Белгілі шетел ғалымы және индивидуалды психологияның негізін салушы А. Адлер[32] некеге психологиялық дайындықтың сәтті болуы адам өмірінің стилімен және оның түптұлғасымен негізделеді деп тұжырымдайды. Аталмыш ғалымның пікіріне сай бірнеше жылдан кейін оның махаббат пен некеге туралы пайымдауы толығымен өзекті болып шықты. Ғалымның пікірінше, махаббат пен некеге психологиялық дайын болу үшін ең алдымен әлеуметтік тұрғыда бейімделген болу керек. Шын мәнісінде тұлғаның махаббат пен некеге деген қабілеттілігі адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қалыптасады. Ересек адамдар отбасында тұлғаның қасиеттерін тани отырып, алдағы уақытта қателіктер жібермеуге тырысады. Бұл ғалым әрбір тұлға шешетін өмірдің ерекше үш саласын немесе ерекше үш бағытын бөліп көрсетеді. Алғашқы екі сала жастық шақта неке мен махаббатқа дайындалуды үйретеді. Екі жастың арасындағы басты міндеттердің бірі неке болып табылады. Бірақ көп жағдайда жастар мұны жалғыз өзі немесе көп адамдардың шешімінен табуға үйреніп кетеді. Өйткені көп жағдайда жастардың өз бетінше шешім қабылдауларына іскерліктері жетіспей жатады. Ғалым өмірде дұрыс бағытты таңдау кәсіби істі және пайдалы әрекетті талап етеді деп санайды. Бұл қасиеттерден айрылған адам махаббат сезімімен өзгелермен қарым–қатынас жасауға әлі дайын болмайды.

Ата-аналық рөлді түсінудің этнопсихологиялық ерекшеліктері