Ауадағы механикалық қоспалар

Мазмұны

 

 

Кіріспе.............................................................................................................

3

І.  Әдебиетке шолу.........................................................................................

4

ІІ. Негізгі бөлім..............................................................................................

8

2.1  Ауа туралы жалпы  түсінік.....................................................................

8

2.2  Атмосфералық қысым............................................................................

9

2.3  Ауа ылғалдылығы  және қозғалысы......................................................

10

2.4  Аэроиондау және  ауаның газдық құрамы............................................

13

2.5  Ауадағы механикалық қоспалар............................................................

15

2.6  Мал қора ауасындағы  зиянды газдарды азайту...................................

17

2.7  Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау............................

21

III. Қорытынды..............................................................................................

24

IV.  Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Қазақстан Республикасының нарық экономикасына мал шаруашылығының  тигізетін әсері елеулі. Экономиканың даму барысында басты мақсат малды бағып-күтудегі табыстарға қол жеткізу. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі –шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринарлық-санитариялық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау.

Жануарлар гигиенасы  – мал денсаулығын қорғау жөніндегі  негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру мәселелерін  дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп, оны малға зиянсыз және қолайлы ету – зоогигиена үшін басты мәселе.

Малдың денсаулығын  сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны  гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.

Менің курстық жұмысымның мақсаты - ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерінің қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтау.

Міндеті:

    1. Ауа туралы жалпы түсінік беру;
    2. Атмосфералық қысымды анықтау;
    3. Ауа ылғалдылығы және қозғалысын анықтау;
    4. Аэроиондау және ауаның газдық құрамын анықтау;
    5. Ауадағы механикалық қоспаларын анықтау;
    6. Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту;
    7. Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау.

Ауа- мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға - атмосфераның төменгі бөлігі-бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В.И. Вернадский «тірі зат-тіршілік ететін аймақ» деген анықтама берген.

 

 

 

 

 

І. Әдебиетке шолу

 

В.И. Гершунның айтуынша, ауа деп атмосфераны құрайтын газдар қоспасын айтамыз. Тропосфераның төменгі қабатындағы ауаның орташа құрамы тұрақты және белгілі көлеммен, салмақтық пайызбен белгіленеді. Жоғарылаған сайын ауаның сиреуіне байланысты әрбір газдың құрамы мен мөлшері және оның парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, оттегінің шоғырлануы теңіз деңгейінде 229 г/м болса, 15 км биіктікте-шамамен 15 г/ м , парциалдық қысым тиісінше 21,3 және 2,5 кПа (160 және 8,0 мм). Орта өнімді сиыр 1 сағат ішінде шамамен 2,5 м ауа пайдаланады [1].

А.Б. Кузнецов ауаның жер бетіндегі қабатының иондалу негізінде ғарыштық сәулелер мен радиоактивтік сәулелердің шағылысуларының әсерінен болады. Сонымен қатар ауада иондар су шашырағанды (құлама суда, су атқылағанда) газдың сиректелуі әсерінен, ультракүлгін сәулелерінің ықпалымен де пайда болады. Аталған себептердің салдарынан молекула немесе бірнеше сыртқы электрондар бөлініп шығады. Бос электрон бірден теріс зарядтала отырып, бейтарап молекулаға қосылада да қалғандары оң зарядталады. Электрон, көбінесе оттегін қабылдайды. Сондықтан да негізгі теріс аэроион оттегі болып табылады. Мұндай дара мономолекулалы иондар мәңгілік емес. Оларға газдың бейтарап молекуласы қосылып, элементарлы заряды анағұрлым тұрақты компоненттері қосылғандықтан жеңіл немесе жылдам иондар деп аталады [2].

Н.Т. Кәдіров мағлұматы бойынша мал қораларының жоғары ылғалдылығына қарсы мынандай шаралар жүргізу қажет: мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабаннан төсеніш төсеу (сонда салыстырмалы ылғалдылық 8-12%-ға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10%-ға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтар мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс [3].

А.Б. Бәшірова ауа қозғалысы топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының салдарынан болатын құбылыс. Мәселен, ауаның жылырақ массалары жоғары көтеріледі де, ал олардың орнын температурасы төмен жылжыған тасқындары басуға тырысады. Жылжи отырып олар өздерінің жылдамдықтары мен бағытын өзгертеді. Мұндай қозғалыс ауаның турбалентті құйынды қозғалысы деп аталады. Оны құйын, жел кезінде бақылауға болады. Ауаның жер бетіне параллель тегістіктегі қозғалысын жел деп атайды [4].

Р.К. Ставровский мал қора-жай ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру керек немесе қалың қамыс (сабан) немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану (малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай орналастыру). Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңылауынан кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасынан 80 есе немесе одан да жоғары дәрежеде ластауы мүмкін деген [4].

        В.И. Наурызбаев “Ветеринарлық гигиена” мәліметтері бойынша Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0 С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады [5].

Ж.Б. Мырзабеков атмосфералық қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады. Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады деген [7].

А.Е. Испенков мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты [8].

Г.К. Волков айтуы бойынша атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді [9].

А. А. Абдрахманованың айтуы бойынша  атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады [10].

Д.С. Гниломедов айтуы бойынша    ауыл шаруашылығында кейінгі 30-40 жыл бойы өсімдіктерді қорғау жəне минеральдық тыңайтқыш үшін пестицидтерді жиі қолданып жүр. Олар ұшақпен шашқанда ұнтағы желмен ұшып, ауа мен суды, топырақты ластандырады. Сондықтан да мұндай препараттарды есеппен, дұрыс қолдану қажет [10].

      Р.К.Туякованың Мал шаруашылығы кешендері атмосфераны күкіртті сумен, аммиакпен, микрофлорамен ластайды [11].

Б.М. Муслимов коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық та да от жағу, пеш түтіні, үй маңындағы қоқысты уақытымен жинамау, қоқыс төгетін жерді ретке келтіріп отырмау да атмосфераны бүлдіреді деп еңбектерінде жазған[12].

          А.С. Ақбасованың мәліметтері бойынша жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған.Ол Күннен Жерге келетін жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сəулелерге ажыратады. Атмосфера парниктегі шыны сияқты роль атқарады. Ол күн сəулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі жылуды сақтап қалады [13].

С.К. Кенесбаеваның пікірінше мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы еңбекті дұрыс ұйымдастыру қажет [14].

Ф.А. Соловьев еңбектерінде атмосфера — жердің температурасының ауытқып тұруына да ықпал етеді. Жердің алғашқы атмосферасы сутегінен, метаннан, аммиактан, су буларынан жəне гелий, неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұрынғы газдарға жер қойнауынан жəне өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутегі мен көмір қышқыл газдарымен толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды. Алғашқы микроорганизмдер бірте-бірте сутегін, метанды, аммиакты, күкіртті сутегіназайта түсті. Содан барып атмосфераның газ құрамының өзгеруі, оның оттегіментолығуы бірыңғай саланы екіге — өсімдіктер мен жануарларға бөлді.

Атмосфераның  қазіргі газ құрамы биосфераның  көп жылғы

эволюциясының (дамуының) нəтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды, енді газ құрамының кез келген өзгерісі олардың өмір сүру жағдайына əсеретпей қоймайды [15].

Б.В. Ходанович қора-жай ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтау үшін оны объективтік көрсеткіштері бойынша бағалайды. Ауа ортасын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жататынын айтты [16].

А.Б. Лебедев мәліметі бойынша мал қора ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты бақылап отырудың маңызы өте зор. Оның деңгейі ауаның су буымен (судың газ түрінде болуы) қанығу дәрежесімен мал терлегенде оның қаншалықты қосымша ылғалды қабылдай алатын мүмкіндігін көрсетеді [17].

Х.С. Жұмабеков ластанған ауа адам организміне, денсаулығына кері əсерін тигізеді, бас айналдыратын заттар улаңдырады.

Таза ауа  өнеркəсіп үшін де, əсіресе вакциналар, антибиотиктер шығаруға, жартылай өткізгіштер мен дəл аспаптар жасауға қажет деген [18].

Б. К. Толысбаев мәліметтері  бойынша ауаның жер бетіндегі қабатының иондалу негізінде ғарыштық сәулелер мен радиоактивтік сәулелердің шағылысуларының әсерінен болады. Сонымен қатар ауада иондар су шашырағанды (құлама суда, су атқылағанда) газдың сиректелуі әсерінен, ультракүлгін сәулелерінің ықпалымен де пайда болады. Аталған себептердің салдарынан молекула немесе бірнеше сыртқы электрондар бөлініп шығады. Бос электрон бірден теріс зарядтала отырып, бейтарап молекулаға қосылада да қалғандары оң зарядталады. Электрон, көбінесе оттегін қабылдайды. Сондықтан да негізгі теріс аэроион оттегі болып табылады [19].

В.В. Хромцов мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты екенін дәлелдеген [20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ауа туралы жалпы түсінік

 

Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығыздығы 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығыздығы 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Жердің ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін барады, ауа массасының 4/5-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады.

Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді.   Термодинамик сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік ауа массасы темп-расы жоғары, өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды. Ауа массалары - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады.

Атмосфераның жалпы  циркуляциясындағы ағыстардың бірінде  тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен  атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады. Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.

 

2.2. Атмосфералық қысым

 

Бізді қоршаған атмосфера  ауасының салмағы (1 м ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа соның ішінде тірі организмге де (1 см шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0 С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін) мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі.

Тауға өрлеген сайын барометрлік  қысым мен оттегінің парциалдық қысымы өзгеріп отырады. Биік тау (2500-3000 метрден жоғары биіктікте) жайылымдарда, немесе тауға тым тез көтерілгенде оған бейімделмеген малда тау  немесе биіктік ауруы өршиді. Мұндай аурумен құлын жиі, ал жылқы, қой, ірі қара мен түйе сирек ауырады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа тез шалдығады. Тау жағдайына спорт аттары да өте сезімтал.

Атмосфералық қысымның төмендігінен болатын бұл аурудың себебі артерия  қанында оттегінің парциалды қысымының жетіспеуі. Бұл жағдай ұлпадағы оттегінің аз болуына (гипоксия) ұшыратады. Мұндайға итермелейтін факторлар: температураның төмендеуі, ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы кернеуімен, қысқа толқынды сәулелер санының ұлғаюы және атмосфераның электрлік жағдайы.

Оттегі жетіспеген соң зат алмасудың бұзылуына, организмде толық тотығып үлгермеген өнімдердің жиналуына, қан ағымының тамыр қабырғаларға өтуіне (инфильтрация) әкеліп соқтырады. Атмосфералық қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады. Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады.

Мал организмінің тау  жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты.

 

2.3. Ауа ылғалдылығы және қозғалысы

 

Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Ылғалдылық деп ауа құрамындағы су буын айтамыз. Температура және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық факторлар.

Ауадағы бу мөлшері белгілі кең  аралықта ауытқиды. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады. Атмосферадаға бу негізінен су көздерінің, топырақ пен өсімдіктің булануы нәтижесінде пайда болады. Ауадағы ылғал мөлшері температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына, өсімдік сипатына және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ауаның әр температурасына сәйкес оның су буымен қанығу шегі болады. Егер осы шектен асып кетсе ылғалдылық тұман, шық, қырау және т.б. түрінде бөлінеді.

Ауа ылғалдылығының сипаттамасы ретінде метеорологиялық практикада және гигиена саласында мынадай гигрометриялық көрсеткіштер қолданылады: абсолюттік, нақты, максимальдық (ең жоғарғы) және салыстырмалы ылғалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі.

Абсолюттік (нақты) ылғалдылық (А)-1  м ауадағы будың белгілі бір температурадағы (г) мөлшері.

Максимальдық (ең жоғарғы) ылғалдылық (Е)-1 м ауада белгілі бір температурада бола алатын будың ең жоғарғы (шекті) мөлшері. Ол (мм сын. бағ.) серпімділікті білдіреді.

Іс жүзінде зоогигиеналық мәні бар көрсеткіштер-салыстырмалы ылығалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі болып табылады.

Салыстырмалы ылғалдылық (R)-абсолюттік ылғалдылықтың максимальді ылғалдылыққа қатынасы, яғни ауаның бумен тотығу дәрежесін немесе пайызын сипаттайтын көрсеткіш (R=А:Ех*100). Ол мал қораларында, көбінесе 50-85% аралығында кейде одан да жоғары шамада ауытқиды.

Мал қора ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты бақылап отырудың маңызы өте зор. Оның деңгейі ауаның су буымен (судың  газ түрінде болуы) қанығу дәрежесімен мал терлегенде оның қаншалықты қосымша ылғалды қабылдай алатын мүмкіндігін көрсетеді.

Ылғал тапшылығы (Дф) белгілі бір  температурада максимальдық және абсолюттік ылғалдылықтар арасындағы айырмашылықты  көрсетеді және ауаның буды жұту немесе сіңіру қабілетін көрсетеді ( Дф=Е-А). Ылғал тапшылығы артқан сайын булану жылдамдығы мен ауаның құрғату әсері де ұлғаяды. Мал қораларында бұл көрсеткіш 7,2 мг/ м ең аз көрсеткішке дейін ауытқиды (ауадағы салыстырмалы ылғалдылық 99% кезінде).

Шық нүктесі (Т)-ауадағы будың суға (шыққа) айналу температурасы. Ол абсолюттік ылғалдылықтың максимальдық ылғалдылыққа жақындауын көрсетеді.

Мал қоралары ауасының ылғалдылығы. Мал  қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері  әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10-15% құрайды. Қора-жайлар ауасында будың негізгі мөлшері ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен пайда болады. Мал бөлетін бумен салыстырғанда оның үлесі небары 10-30% ғана тиеді. Қора-жай ауаысына мал организмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т.б.) пайызы едәуір (60-80 %).

Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері. Ауа ылғалдылығының гигиеналық мәні өте зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат жағдайын көрсетеді. Соған орай ауа, өсімдік, топырақ, қора кострукциясы мен заттардың жай-күйі және микроорганизмдер арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі температурада жылуды көптеп шығаруға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы ыстық кезде де, суық кезде кері әсер етеді. Мал организмінен ылғал тері және тыныс жолдары арқылы шығады. Ылғал тері арқылы тер түрінде және газ түрінде де шығады. Әдеттегі жағдайда жақсы күтіп-баққанда мал организмі ылғалдың булануына жалпы жылу шығынының 20-25% жұмсайды. Алайда ауа құрамында бу көп болса жылу организмнен булану жолымен шықпайды. Сондықтан да ылғал көп, температура ыстық кезде әрі ауа қозғалысының жылдамдығы төмен болса (қапырық, нашар желдетілген қораларда) организмнен жылу шықпай, қызады, ыстық өтеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауа сыйымдылығынан 10 есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса организм тез мұздайды.

Мал қораларының жоғары ылғалдылығына  қарсы мынандай шаралар жүргізу  қажет: мал қораларын жобалағанда  және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабаннан төсеніш төсеу (сонда салыстырмалы ылғалдылық 8-12%-ға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10%-ға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтар мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс.

Ауа қозғалысы топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының салдарынан болатын құбылыс. Мәселен, ауаның жылырақ массалары жоғары көтеріледі де, ал олардың орнын температурасы төмен жылжыған тасқындары басуға тырысады. Жылжи отырып олар өздерінің жылдамдықтары мен бағытын өзгертеді. Мұндай қозғалыс ауаның турбалентті құйынды қозғалысы деп аталады. Оны құйын, жел кезінде бақылауға болады. Ауаның жер бетіне параллель тегістіктегі қозғалысын жел деп атайды. Сол желдің жылдамдығы секундына метрмен (м/с) өлшенеді. Ауаның жылдам қозғалысын, яғни желдің күшін сипаттайтын жылдамдық Бофорттың он екі баллдық шкалаыс бойынша анықталады. Бүкіл республика территориясына тән қасиет-желдің күштілігі. Қыс және күз айларында олар кейде дауылға айналады. Сондықтан қыста боран, жазы мен көктемде шаңды дауыл жиі кездеседі. Желдің күштілігі топырақты эрозияға шалдықтырып, егінді жояды. Қазақстанда желдің (жер бетінен 12 м биіктікте) жалпы энергиясы 1 млрд киловатт құрайтыны есептелген.

Ауа қозғалысының мал организміне  ісері. Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді. Егер желдің жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоңазиды. Шамалы ғана жел өті бұқа терісін тым тәуір салқындатады. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде оның терісінің қызуы 3,5°С төмендейді, жүнінің беткі қабатындағы қызуы 2,9°С, ал қалыңдау терең тұсында-2,8°С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,1-0,4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 5°С суығына тең келеді (Н.М. Комаров, 1971). Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да микроклиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.

Ауа қозғалысы жылдамдығының секундына 0,1 м артуы оның суыту күшінің  бір шаршы метрде секундына 0,19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтанда  да зоогигиеналық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы қыста төл үшін секундына 0,02-0,03 метр, сақа мал үшін-0,2-0,5 м/с ұстау қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұқалар ұсталатын жабық мал қоралары немесе құс қоралары ауасының қозғалу жылдамдығы секундына 0,5 және 1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-35°С кезде малға салқын болу үшін секундына 1,5 метрге дейін арттырылады. Кейбір авторлар ауа тасқынының бағытын малдың басына бағыттаған дұрыс деген пікір айтады. Ауа қозғалысының жылдамдығын арттырған кезде, әсіресе ауа температурасы мен ылғалдылығы тәрізді микроклимат факторларын қатаң түрде ескеру керек.

Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс) мына төмендегідей болуы  керек: сиыр қорада-7,2-9,5 мкал/(см .с); бұзауханада-6,6-8; ат қорада-8,2-9,5; шошқа қорасында-6,5-8. Жас төлдерге арналған қораларда катаиндекс төмен болуы керек (4-5).

   

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Аэроиондау және ауаның газдық құрамы

 

Ауаның жер бетіндегі  қабатының иондалу негізінде  ғарыштық сәулелер мен радиоактивтік  сәулелердің шағылысуларының әсерінен болады. Сонымен қатар ауада иондар су шашырағанды (құлама суда, су атқылағанда) газдың сиректелуі әсерінен, ультракүлгін сәулелерінің ықпалымен де пайда болады. Аталған себептердің салдарынан молекула немесе бірнеше сыртқы электрондар бөлініп шығады. Бос электрон бірден теріс зарядтала отырып, бейтарап молекулаға қосылада да қалғандары оң зарядталады. Электрон, көбінесе оттегін қабылдайды. Сондықтан да негізгі теріс аэроион оттегі болып табылады. Мұндай дара мономолекулалы иондар мәңгілік емес. Оларға газдың бейтарап молекуласы қосылып, элементарлы заряды анағұрлым тұрақты компоненттері қосылғандықтан жеңіл немесе жылдам иондар деп аталады. Бұл иондар электр өрісінде жылжиды. Олар ауада шаң бөлшектерімен, су тамшыларымен бірігіп тоқайласып, оларға өз зарядын береді. Осылайша, орташа және ауыр иондар құралады. Қарама-қарсы зарядты иондардың қосылуы нәтижесінде шаң мен будың сіңуі арқылы жаңа иондар пайда болуымен бірге, әрі жоғала да береді. Сондықтан да таза ауалы жерлердің 1 мл ауасында 1000 есе, ал тауда 3000 есе жеңіл ион кездеседі. Ауасы ластанған қала атмосферасында аэроиондар мөлшері 400-ден 100-ге дейін кемиді (1 мл ауада). Жабық қора-жайларда тыныс алу процесінде шаңмен, микроорганизмдермен бірге жеңіл теріс иондар да көптеп жоылады. Сонымен қабат деммен шығатын ауада (пайдаланған) теріс иондар жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан қора ауасында қолайлы микроклимат жағдайында теріс иондар мен оң иондардың қатынасы 5:1 шамасында болуы керек. Ол үшін қора ауасы әр уақытта алмасып тұруы қажет немесе жасанды ионизаторлар көзі пайдаланады.

Теріс аэроиондардың  малға әсері. Ауаның теріс зарядталған  жеңіл иондары оң заряталған ауыр иондарға қарағанда мал, құс, тіпті балық шабақтарының организміне қолайлы әсер етеді. Иондалған ауа организмнің арнайы емес төзімділігін ұлғайтады. Олар демалған ауамен тыныс жолдарының шырышты қабығы арқылы организмге, ал өкпе альвеолалар қабырғасынан өтіп қанға енеді. Сол кезде қандағы коллоидтардың зарядталуы ұлғаяды, ал керісінше, оң иондар жұтқан кезде-азаяды. Сондай-ақ иондардың организмге тері рецепторлары арқылы (мәселен, шошқада) тікелей, ал зат алмасу процестерінің нейроэндокриндік реттейтін жоғарғы тыныс жолдарының нерв ұштары арқылы жанама әсер етуі мүмкін. Сыртқы ауада (бір текше сантиметрінде) 250-450 мың жеңіл теріс ион болса, қора-жай ауасында олардың саны едәуір кемиді (50-100 мыңға дейін).

Ауа деп атмосфераны  құрайтын газдар қоспасын айтамыз. Тропосфераның төменгі қабатындағы ауаның орташа құрамы тұрақты және белгілі көлеммен, салмақтық пайызбен белгіленеді. Жоғарылаған сайын ауаның сиреуіне байланысты әрбір газдың құрамы мен мөлшері және оның парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, оттегінің шоғырлануы теңіз деңгейінде 229 г/м болса, 15 км биіктікте-шамамен 15 г/ м , парциалдық қысым тиісінше 21,3 және 2,5 кПа (160 және 8,0 мм). Орта өнімді сиыр 1 сағат ішінде шамамен 2,5 м ауа пайдаланады.

Ауадағы механикалық қоспалар