Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

Мазмұны

Кіріспе

1. Байзақ ауданы әкімдігінің қызметіне жалпы сипаттама

1.1. Байзақ аудан әкімиятының басқару, ұйымдастыру құрылымы

1.2. Байзақ ауданы әкімдігінің “экономика және бюджетті жоспарлау” бөлімінің сипаттамасы, бөлімінің жұмыс ережесі

1.3. Байзақ ауданы Әкімі аппаратының жұмыс ережесі, жұмыс жоспарын әзірлеу

1.4. Байзақ аудан әкімияты аппаратының басқару, ұйымдастыру құрылымы 

2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

2.1. Байзақ ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайын талдау және географиялық-демографиялық  жағдайына жалпы мінездеме

2.2. Аудандағы қызмет етуші экономика салаларының қазіргі жағдайын талдау

2.3. Байзақ ауданының ауыл шаруашылығын талдау және  ауыл шаруашылығын дамытуды қаржылық қолдауды талдау

2.4. Факторлардың  ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне әсерін зерттеу 

3. Байзақ ауданының салық комитетінің жалпы сипаттамасы, ережелері

3.1. Байзақ ауданының негізгі міндеттері мен құқықтары

    а) Мемлекеттік органның мүлкі мен мемлекттік органнның қызметін ұйымдастыру

     в) Салық комитетінің басқарудың ұйымдастыру құрылымы

3.2. Байзақ ауданының жалпы жағдайын және аудан бойынша бюджеттің орындалуын ретроспективалық талдау

    а) Байзақ ауданы бойынша бюджет кірістерінің көлемін және құрылымын талдау

    в) Байзақ ауданы бойынша бюджет шығыстарының көлемін және құрылымын талдау 

4.  Аудан әкімшілігігі аппаратының қызметін арттыруға, экономикалық жағдайын көтеруге, салық түсімдерін арттыруға байланысты ұсынылатын шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша  жоғары қарқынына қол жеткізу - мемлекет алдында негізгі міндет болып  қала береді. Мұндағы басты мақсат экономикалық дамудың осал жақтарын анықтап, оларды жоя білу. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайларында емес, бәсәкелестермен қатаң күресте қол жеткізілетіні баршаға мәлім. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізу, екінші жағынан инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізілу қажет. Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаған жақдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл тұста өзіміздің бүкіл саяси және дипломатиялық әлеуетімізді толығымен іске қосқанымыз абзал. Негізінен, қазақстандық бизнестің қалыптасу процесі аяқталып келеді. Ол ішкі ғана емес, сондай-ақ сыртқы рынокторда да күш сынасу үшін "пісіп-жетілді". Біз ендігі жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдік рыноктардағы бәсекелестік күреске дайындауымыз керек. Біздің Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруін қолдап, көтермелеуіміз қажет. Бұл - жаһандық бәсәкелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жағдайында аса маңызды білім алу мүмкіндігі. Шетелдердегі барлық мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулері тиіс.

      Қазақстан Даму банкіне сыртқы, әзірге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кірісетін кез келді. Біздің валюталық реттеуді ырықтандыру, ал 2007 жылы қаржы секторында Еуро одақ стандарттарын енгізу бағытында батыл алға жылжуымыз керек. Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуімен айқындалатын болады. Қазақстан Батыс елдерінің өнім сапасын бақылап отыру жөніндегі жарты ғасырға жуық тәжірибесін ең қысқа мерзімде меңгеруге тиіс.

      Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық  аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілеттілігінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның әлеуметтік бағытталуын күшейтіп, жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнінде қадамдар жасау қажет.

      Тәжірибенің негізгі мақсаты теориялық алаған білімімізді тәжірибеде жетілдіру  және арттыру. Аталған мақсатта жүргізілген  тәжірибе обьектісі Байзақ аудан  салық комитеті.

      Есеп  берудің негізгі мақсаты тәжірибе өткен обьектінің қазіргі таңдағы тіршілік әрекетін зерттеу, проблемаларды анықтау, аталған проблемаларды диагностикалау және осы проблемаларды мемлекеттік реттеу жолдарын анықтау. Есеп беру негізгі үш бөлімнен ,кіріспе және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде обьектіге жалпы сипаттама және қызмет аясына мінездеме. Екінші бөлімде юбьекті бойынша тәжірибелік зерттеу және аналитикалық талдау. Үшінші бөлімде обьектінің қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар

көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 

1. Байзақ ауданы  әкімдігінің қызметіне жалпы сипаттама

1.1. Байзақ аудан әкімиятының  басқару, ұйымдастыру  құрылымы

     Мекемені  Жамбыл облысының  әкімі қызметке тағайындайтын  және қызметтен босататын  әкім басқарады.

Әкім  құқықтары:

  • әкімият атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
  • өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
  • мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
  • банкте есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
  • барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
  • мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
  • жұмыскерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;
  • мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
  • заңда белгіленген тәртіппен бағанасындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардыңорынбасарлары бас бухгалтерлерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;
  • заңда белгіленген тәртіппен бағанасындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді.
 

     Әкімнің орынбасарлары лауазымына заңнамада  анықталған тәртіппен мекеме басшысымен тағайындалады және босатылады.

     Әкім  қызметіне бақылауды Жамбыл облысының  әкімі және әкімінің мекемені бағыттаушы орынбасары жүзеге асырады. 

     Бөлім басқармасының қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен критерийлер

  1. Мамандығы – 1) жоғары, экономикалық;
 
  1. Кәсіби  деңгей – 
      1. ҚР нормативті құқықтық актілерін тестілеу арқылы бағдарламасына сай заңдарды білуін;
      1. “Қазақстан – 2030” даму Стратегиясын жетік анықтай білу керек, ҚР-ның “ҚР еңбек заңдары туралы” заңды, “Жер туралы” заңды толық білуі керек.

     Заң актілері – кодексін білуі қажет. Мемлекеттік қызметтің парақорлыққа қарсы заңдылықтарын, нормативті-құқықтық актілерін білу қажет және сол  заңды бұзбауы керек.

Төмендегі талаптарға сай болуы керек:

  1. Квалификациялық талаптарға сай болуы керек;
  2. Өзінің функционалды қызметін толығымен білу керек. Өз мамандығы бойынша қызмет ету керек;
  3. Персоналды компьютермен MS Word, MS Excel программасымен жұмыс істей білу керек. Сонымен қатар, Internet-пен, электронды поштамен жұмыс істеу керек, факс жібере білу керек, телефонмен, жай сөйлескенде этиканы сақтау керек, іс-қағаздарды сауатты, ережелерге сай толтыру керек.

Функционалды  қызметтері

1. Экономика және есеп сұрақтары бойынша мерекелік шаралар жүргізу керек, басқарушы басшының үкімі мен тапсырмаларын орыныдау, коллегия шешімі, , көрсетілімдерін, облыс әкімі және оның орынбасарының шешімдерінің орындалуын, жүзеге асуына бақылау жүргізу керек.

Оның  ішінде:

  • аймақ бойынша халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді көтеру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға белсенді қатысу;
  • агроқұрылымдарға шаруа қожалықтарына, жеке қожалықтарға инвестициялық салық саясаты жөнінде таныстырып, бұл сұрақты шешуге көмектесу;
  • ауылқұрылымдарының экономикалық жағдайына анализ жасау, оның ішінде шаруа қожалығы (фермерлік) және олардың бухгалтерлік есеп көрсеткіштеріне сүйене отырып олардың келешектегі қызметіне енгізу (банкроттық және санкция);
  • банкроттық процедурасын жүргізуге бақылауды жүргізу, ал жүзеге асуда Заң шегінен аспау керек, сонымен қатар ары қарай жұмыс істей алмайтын ауыл шаруашылық ұйымдарын сот шешімінсіз ликвидациялауға құқылы;
  • қаржы-несие қатынастарын құру;
  • аграрлық салада нарық құрылымын дамыту және құрылуына қатысу, сонымен қатар агроөндіріс саласында маркетингтік қызмет құру мәселесін жүргізу;
  • нарық жағдайында кадрларды оқыту және қайта дайындауды жүргізу.

2.  Өтініштер  және ісқағаздардың орындалуын  тексеру, бақылау жүргізу.

3. Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау, кадрлық жұмыс, маркетинг, инвестиция және есеп, реформа, болжамдау және бөлімдердің дұрыс жұмыс істеуіне жетекшілік ету және бақылау.

     Экономика, есеп, маркетинг сұрақтары бойынша  Агро Өндіріс Кешені жүйесіне кіретін  кәсіпорындармен, ұйымдармен үнемі  қарым-қатынас жасап тұру керек.

     Аудан Әкімі Байзақ ауданы аумағында атқарушы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті, Республика Үкіметі және облыс Әкімінің атынан тікелей өкілдік етеді. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес жеке басқару негізінде жұмыс жүргізеді және аудан аумағында мемлекеттік басқару міндетін атқарады.

     Аудан Әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, шаруашылық, экономикалық қызметіне  басшылық жасау үшін Әкім аппаратын  құрады. Олар әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері және басқа да мамандар.

     Аудан Әкімінің бекітуімен, Әкімнің орынбасарлары  міндеттерін бөлісіп жүргізеді. Әкім болмай қалған жағдайда немесе міндетін атқаруға мүмкіндігі болмаса, оның өкілеттік міндетін орынбасары атқарады. 

1.2. Байзақ ауданы  әкімдігінің “экономика  және бюджетті  жоспарлау” бөлімінің  сипаттамасы, бөлімінің  жұмыс ережесі

     Экономиканы және бюджетті жоспарлау бөлімі әкімияттың құрылымдық бір бөлімі болып табылады.

     Бөлімі  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына,  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілеріне, облыс Әкімінің актілеріне, Қазақстан Республикасының экономикалық жоспарлау Агентствалық шешіміне, Облыс Үкімінің шешімдері мен тапсырмаларына, аудандық әкімият бұйрықтары мен тапсырыстарына және нақты ережеге сәйкес жүргізіледі.

     Бөлімі  бастығы қолдаған жоспары бойынша  жұмыс істейді.

Бөлімі  атқаратын мақсаттары мен міндеттері:

    • Аймақтық дамудың стратегиялық және индикативтік жоспарын өңдеу;
    • Басқарманың және экономикалық территориториялдық органдары бөлімшесінің қызметін координациялау;
    • Стратегиялық жоспарларды бақылауды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімінің іс-әрекеттер программалары мен жоспарлары шеңберінде іске асырылуын координациялау.

Бөлімі  өзіне жүктелген  міндеттерге сәйкес функцияларды орындайды:

    • аудандағы әлеуметтік –экономикалық жағдайға талдау жасайды;
    • Басқарманың жергілікті органдары мен іске асырылатын стратегиялық жоспарлаудың өңделуін және бақылауын координациялайды;
    • Ұзақ және орта мерзімді және ағымды жоспарды өңдеумен және іске асырумен басқарма бөлімшесінің қызметін координациялайды;
    • Мақсатты және салалық бағдарламаларды өңдеуді координациялайды;
    • Салалық және аймақтық дамудың экономикалық мақсаттарын байланыстыруды және мемлекеттік экономикалық салықтардың жалпы статистикалық ережесіне сәйкес аймақтың приоритетінің орындалуын жүзеге асырады;
    • Басқарма бөлімшесінің және аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламаларды, жоспарларды өңдеуімен айналысатын аймақтық басқарманың әдістемелік және ақпарттық қамтамасыз етілуі ұйымдастырады.

Бөлімнің  атқаратын құқығы мен жауапкершілігі:

    • облыстың дамуының мақсаттары, приоритеттері және стратегиялары бойынша ұсыныстар енгізуде;
    • өз құзыры шегінде орындауға міндетті нұсқа беруге;
    • экономика бөлімшесінің және аймақтық басқарманың қызметіне әдістік басшылықты іске асыруға;
    • басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына қажетті ақпараттарды жергілікті  атқарушы органдары, ұйымдар мен мекемелерден сұрауға және алуға болады;
    • Қазақстан Республикасының азаматтарының заңдық нормаларының және басқа нормативтік актіге сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға жауапты;
    • Персоналдың жалупкершілік – бөлім бастығына жүктелген.
 

     Байзақ  ауданы әкімдігінің  “экономика және бюджетті жоспарлау” бөлімінің  жұмыс ережесі

     Мекеме  экономикалық реформаны және мемлекеттік  бақылау функцияларын жүзеге асыру  саласында мемлекеттік басқару  және бақылау функцияларын орындауға  уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады. Аталған бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

     1. Мекеме заңды тұлға болып табылады, ұйымдық-құқықтық формасы – мемлекеттік  мекеме, түрі – мемлекеттік, оның  оқшауланған мүлкі, дербес балансы,  банк мекемелерінде есепшоты, корреспонденциялық, тағы басқа да шоттары, мемлекеттік  тілдегі өзінің атауы мен елтаңбасы, мөрі және мөртабандары, фирнманың толық аты-жөні көрсетілген бланкілері болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болады және міндеттемелер қабылдайды. Сотта талапкер және жауапкер болады. Мекеме әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезгілден бастап құрылды деп есептеледі.

     Мекеме  өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  заңдарда белгіленген тәртіппен  аудан аумағында міндетті күші болатын  бұйрық түрінде актілер шығарады.

Бөлім қызметінің мәні:

    1. Қолдағы бар экономикалық потенциалдар: жер, материалдық, еңбек және қаржы мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ықпал ету негізінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту;
    2. Жаңа технологияны сараптан өткізіп, оны ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу;
    3. Экономикалық реформаларды тереңдетеотырып, барлық меншік нысандарының дамуы мен басқару әдістерін жетілдіріп, аграрлық салада нарықтық қатынастардың қалыптасуына ықпал ету, агроқұрылымдардың келешектегі қызметтері жөнінде (қайта құру, сауықтыру ) ұсынысенгізіп қаржыландыру, кредиттік, инвестициялық саясаттарды тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағыттау;
    4. Инженерлік және техникалық инфрақұрылымда, машина-технологиялық стансаларда, барлық агроқұрылымда біртұтас аграрлық және техникалық саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
    5. 2003-2005 жылдарға арналған “Ауыл” аграрлық азық-түлік және 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту бағдармаларын жүзеге асыру, орындалуын қамтамасыз ету;

     Бөлімге мемлекеттік орган  ретінде өзіне  қойылған міндеттер  мен қызметтерді  атқару үшін заңнама актілеріне, ҚР Президенті актілеріне, ҚР-ң басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады.

     Бөлім осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына  және мәніне сәйкес келмейтін жұмыстар мен өкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады.

     Бөлімнің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

Егер  бөлімнің заң актілерінде  кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады. 

1.3. Байзақ ауданы  Әкімі аппаратының  жұмыс ережесі,  жұмыс жоспарын  әзірлеу

     Аудан Әкімі Байзақ ауданы аумағында атқарушы орган болып табылады. Қазақстан  Республикасы Президенті, Республика Үкіметі және облыс Әкімінің атынан тікелей өкілдік етеді. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес жеке басқару негізінде жұмыс жүргізеді және аудан аумағында мемлекеттік басқару міндетін атқарады.

     Аудан Әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, шаруашылық, экономикалық қызметіне  басшылық жасау үшін Әкім аппаратын  құрады. Олар әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері  және басқа да мамандар.

     Аудан Әкімінің бекітуімен, Әкімнің орынбасарлары міндеттерін бөлісіп жүргізеді. Әкім болмай қалған жағдайда немесе міндетін атқаруға мүмкіндігі болмаса, оның өкілеттік міндетін орынбасары атқарады. 

Аудан Әкімі аппараты:

    1. Бөлімдердің, аудандық комиттердің басшыларымен аудандық Мәслихат депутаттарының жиналысына, аудан Әкімімен байланыс орнатып қамтамасыз етеді, басқа да бөлімдердің жұмысына бағыт беріп үйлестіруді аудан Әкімі аппараты, аппарат басшысына міндеттейді. Жауапты қызметкерлердің, басқа да аппараттағы бөлімідердің құрылымын, бөлім басшыларын босатуға және тағайындауға  орынбасарлардың ұсынысымен келісе отырып, Әкімнің қарауына кіргізеді.
    2. Аудан Әкімі бекіткен ережесі негізінде Әкімнің аппаратының бөлімдері жұмыс істейді.
    3. Қазақстан Республикасында шығарылған заң актілері негізініде және тиісті заңдылықтарға сәйкес, аудан бюджетінен қаржы бөлудің шегін, лимиттен аспай аппаратың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және құрылымдарды, штатты, төлем жағдайын аудан Әкімі бекітеді.
    4. Аудан Әкімі ай сайын әкімият мәжілісін, аппарат қызметкерлерінің кеңесін және әр аптаның дүйсенбісінде сағ. 9-00 Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері, заңгер, аудандық комитеттер, қажеттігіне қарай шақырылған дербес бөлімдердің басшыларының қатысуымен кеңес өткізеді.
    5. Аудан Әкімінің орынбасары басшылық жасайтын басқармалар, комитеттер, мекемелер, кәсіпорын басшылыларымен және басқа да бөлімдердің қызметкерлерімен қажетті шараларға байланысты кеңес өткізеді.
    6. Аппаратын басшысы әр ай сайын бөлім меңгерушілерімен, аппарат қызметкерлерімен қажетті шараларға  байланысты аппарат кеңесін өткізеді.
    7. Әкімнің аппараты ереже бойынша бөлім басшыларын мекемелер, ұйымдардың, кәсіпорындар мен комитеттердің басшыларын сағ. 10-00 кейін шақырады.
    8. Аудан Әкімі мемлекеттік басқару саласына жатпайтын (Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен басқа) аудандық бөлімдер, комитеттер және бөлімнің басшылары ауданнан тыс жерлерге, іссапарға шығатын болса, аудан Әкімі және аудан Әкімі орынбасарларымен, Әкім аппаратының басшысымен келіседі.
 

Аудан Әкімі аппаратының  жұмыс жоспарын әзірлеу

    1. Ауданның әлеуметтік және экономикалық даму жоспары негізінде басқаруын, мемлекеттік жоғарғы органдардың саяси шешімдерін жетілдіруде, Әкімнің аппараты негізгі бағдарламасын іске асырады.

Аудан Әкімінің орынбасарларының басшылығымен жоспарлардың, бағдарламалардың жобасы талқыланып, енгізілген түзетулер аудандық Мәслихат депутаттарының сессиясына бекітуге ұсынады.

    1. Аппарат басшысы келесі айдың басталуына 5-күн қалғанда әр айдың жұмыс жоспарын бағдарламаға сәйкес аппаратта әзірлеп, істелетін жоспардың жобасын Әкімнің бекітуіне ұсынады.
    2. Ағымдағы жұмыс жоспары бөлімдерде дайындалып, Әкімнің орынбасарларының басшылығымен бекітіледі.
    3. Жалпы аппараттың жұмыс жоспарының орындалуына бақылау жасау аппарат басшысына міндеттеледі.
 

Әкімінің  шешімдері мен өкімдері

    1. Әкімнің басшылық жасау құжаттары қаулы, шешімдер мен өкімдер болып табылады.
    2. Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобасын Әкім аппаратының тиісті бөлімдері дайындайды. Дайындалған шешім мен өкімнің жобасына қажетті түрде анықтама дайындалып, шешім мен өкімнің негізгі мазмұны қысқаша баяндалады.
    3. Барлық құжаттарға аудан Әкімінің орынбасарларының басшылық жасайтын салаларымен аппарат басшысы, бөлім меңгерушісі, заңгер және орындаушылар, мүдделі бөлімше басшыларымен келісіліп, қол қояды.
    4. Шешім мен өкімнің жобасы қазақ тілінде дайындалады, қажет болған жағдайда құжат орыс тілінде дайындалуға жіберіледі, бұл құжаттар мемлекеттік тілге аударылады.
    5. Құжаттардың сапасына, уақтысында дайын болуына оны ұсынған Әкімнің орынбасары, бөлім меңгерушілері, орындаушы және енгізуші жауапты болып табылады.
    6. Шешімдер мен өкімдердің жобасы аудан Әкімінің қарауына дайындауға аппарат басшысына жұма күні сағ. 12-00 беріледі. Аудан Әкіміне аппарат басшысы жұма күні сағ. 18-00 дейін ұсынады.
    7. Әр аптаның дүйсенбісінде шешімдер мен өкімдердің жобасы заңгердің және орындаушының қатысуымен талқыланып, аудан Әкімі қол қояды.
    8. Қол қойылғаннан кейін құжаттың түпнұсқасына түзету жасауға рұқсат етілмейді.
    9. Рәсімдеуді, тіркеуді, уақтысында қамтамасыз етуді маман жүзеге асырады. Шешімдер мен өкімдердің тиістілерге таратылуына құжаттар дайындаған бөлім жауапты.

     Жариялануға жататын шешім мен өкімдерді  ақпарат құралдарына жариялау, аппарат  басшысының келісімімен жіберіледі.

     Аудан Әкімі жанындағы  әкімият мәжілісінде  қаралатын мәселелердің дайындалу тәртібі:

    1. Әкімият мәжілісінде қаралатын мәселелерді, бөлімдердің ұсынысы бойынша әр тоқсанға аппарат басшысы дайындап, тоқсанның соңғы айында өтетін әкімият мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
    2. Әкімият мәжілісі әр айдың соңғы сейсенбі күні өткізіледі.
    3. Әкімият мәжілісінің күн тәртібінің жобасы әр ай сайын әкімият мәжілісі өтер алдындағы аптада алқа хатшысымен бірге жасалып, Әкіммен келіседі.
    4. Әкімет мәжілісіне ұсынылатын әрбір мәселе бойынша қаулының жобасы дайындалып, оған анықтама, баяндаушылар мен қосымша баяндамашылардың әкімият мәжілісіне шақырылған жауапты қызметкерлердің тізімі қосылады. Қаулы қабылданғаннан кейін жіберілетін мекемелермен ұйымдар тізбесі де қосылады. Жобаның негізі мен қаулының тиісті мекемелерге уақтылы таратылуына енгізуші жауапты.
    5. Әкімият мәжілісіне ұсыныылатын қаулы жобасы 3 беттен аспауы тиіс.
    6. Жоғарыда көрсетілген құжаттар, әкімият хатшысына жұма күні сағ. 12-00 дейін берілуі керек.
    7. Әкімият мәжілісіне шақырылғандың қатысуын, сол мәселені дайындаған бөлім қамтамасыз етеді.
    8. Әкім және алқа мүшелері әкімият мәжілісіне ұсынылатын негізгі мәселелердің құжаттарымен әкімият мәжілісіне бір күн қалғанда таныстырылуы керек.
    9. Әкімият мәжілісі өткеннен кейін мәселені енгізген бөлімдер үш күн ішінде қабылданған қаулыны, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды соңғы рет өңдеп, Әкіге қол қою үшін, белгіленген тәртіп бойынша өткізеді.
    10. Әкімият мәжілісіінің хаттамасы 2 данадан жасалады.
 

Бақылауды ұйымдастыру мен  тексерудің орындалу тәртібі

    1. Президент пен Үкімет актілерінің, Парламент қаулыларының орындалуын бақылауды Әкім қамтамасыз етеді. Әкім көрсетілген актілерді алған соң, оларды жүзеге асыру шараларын белгілейді. Әкімнің өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды Әкімнің орынбасарлары, аппаратбасшысы, бақылау жөніндегі маман және Әкім аппаратының тиісті бөлімдері мен бөлімше құрылымдары жүзеге асырады.
    2. Жоғарғы органдардан түскен құжаттарды қол қойылған күннен бастап орындалуға тиісті. Құжаттардың орындалу мерзімі, олардың аппаратқа түскен күннен бастап есептеледі. Құжатта орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол 25 күн ішінде орындалуы тиіс.
    3. Құжат белгіленген мерзімінде орындалмаса, орындалушы жазбаша түрде орындалмаған себебін көрсетіп, мерзімін ұзартуды сұрайды. Құжаттың орындалу мерзімін тапсырма берген басшы өзі ұзартады.
    4. Бақылауды қажет ететін құжатқа маман бақылаушы 2 данадан кәртішкесін толтырады. Бір данасы құжатпен бірге атқарушы бөлімге жіберіледі, екінші данасы бақылау бөлімінде мерзімі біткенше сақталады. Құжаттарды беру кезінде, бақылауда тұрған құжат бір орындаушыдан екінші орындаушыға берілгені жөнінде бақылау бөлімін хабардар етіп, ал бақылау бөлімі кәртішкеге белгі қояды.
    5. Бақылау бөлімі кешенді және ішінара тексеру жүргізііп, шешім мен өкімнің орындалуына, ескерту құжаттарының тізбесін, аппарат бөлімдеріне, комитеттер мен басқармаларға, дербес бөлімдерге дайындайды. Тексеру мен бақылаудың орындалуы жайында аудан Әкіімне және аппарат басшысына мәлімет береді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау