Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы. 3
Атырау – аграрлы техникалық колледжі
Мамандығы: 1703002 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану».
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.
Пәні: «Табиғатты пайдалану экономика негіздері».
Тақырыбы: «Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы».
Нысанғалиева Айнұр
Тексерген: арнайы пән оқытушысы
Қазмағамбетова. А. С.
Атырау - 2012
Кіріспе
- Атырау олысының жағырапиялық жағдайы.
- Жер бедері.
II Негізгі бөлім.
- Атыраудың экологиялық жағдайы.
- Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.
2.3 Атырау облысының
экологиясына автокөліктердің
2.4 Атырау ауа бассейінің жағдайы.
2.5 Табиғи орта және адам денсаулығы.
2.6 Қолайсыз
қоршаған орта мен адам денсаул
III Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер.
І. КІРІСПЕ
Атырау Облысының табиғи байлығы оның ауылшаруашылығымен өнеркәсібінің өркендеуіне үлкен жағдай туғызуда.
Облыс территориясы 11 млн. 863,1 мың. гектар оның ішінде ауылшаруашылық жері 9 млн. га.
Сонымен қатар табиғат қорғау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей келгені облыстың экологиялық жәйінің күрделі жағдайға ұшырауына соқтырып отыр. Бұған облысымызда мұнай өнеркәсібі мен барлау, бұрғылау жұмыстарының кең жургізілуі, Каспий теңізі деңгейіннің көтерілуі, мұнай құбырлары және бірнеше заводтардың, автокөлік орындарының жылу жүйелерінен шаң, улы түтін, улы газдардың шамадан тыс бөлінуі үлкен әсер етуде. Осыдан ауаға бірнеше мың тонна зиянды заттар, әсіресе күкіртті сутегі, сернистый ангидрид, қосылып зияндандыруда. Тек, 1992 ж. қортындысында тұрақты зияндылық көздері есебінен облыстың ауасына бірнеше жүз тонна адам денсаулығына және айналаны қоршаған табиғатқа зиянды заттар бөлінді. Сондай-ақ Жайық өзені бассейні суының құрамы күрделі бола түсуде. Ауылшаруашылығында жерді, топырақты ғылыми агротехникалық тұрғыдан игеру, шаруашылықтарда минералдық және улы химиялық тыңайтқыштар талпқа сай сақталмай жүйесіз пайдалану картофель, көкөніс, бақша өнімдері құрамында пестицид зиянды заттардың нормадан тыс көбеюіне соқтырып отырғаны даусыз.
Бұл зиянды заттар жаңбырмен еріген қар суларымен араласып су қоймаларына құйылып ластауда. Сөйтіп жерді, орман, жасыл желек алқаптарын қалыпқа келтіру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тағы басқа табиғат қорғау жұмыстарын пайдалану негізінен қайта құруды талап етеді
. Шөл және жартылай шөл аймағында орналасқан Атырау табиғаты адамдар қызметіне экологиялық жағдайда жеңіл сезімтал болып келеді. Бұған облысымызда мұнай өндіру, барлау, бұрғылау кәсіпшіліктерінің жылу жүйелерінен бөлініп шығатын шаң улы түтін, газдардың шамадан тыс бөлінуі және соңғы кезге дейін жүргізілген атом қаруын сынаудың зиянын қоссақ Атырау табиғатын қорғаудың маңыздылығына тиісті баға беруге болады. Осы тұрғыдан бұрын 31 жыл бұрын құрылған облыстық табиғат қорғау қоғамы өзінің мүмкіндіктеріне ора жұртшылықты табиғат қорғау ісіне жұмылдыруда жыл сайын бірқатар шараларды іске асырып келеді.Қоғам облыстың жер, су көздерімен өсімдік және жануарлар дүниесін зияндаудан сақтауда табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Әуелгі кездегі «табиғат сүюшілер» тобын біріктіруден жұмыс бастаған қоғам бұл күнде 8 қалалық, аудандық бөлімшелер, бірнеше ондаған бастауыш ұйымды, бірнеше ондаған мың мүшелермен 50 ұжымды біріктіріп отырған көлемді қоғамдық ұйымға айналды.Оның құрамында 85 сайланған штаттан тыс қоғоғамдық инспекторлар, 71 «жасыл жеекшелер» және «көгілдір қорғаушылар» отрядары бар, 25 адамнан тұратын штаттан тыс лекторлар бар. Олардың бәрі тікелей бір бағытқа – табиғат қорғау, оған бүкіл жұртшылықты әсіресе жастарды тартуға жұмыс жасап келеді. Тек 1992 жылдың өзінде олардың күшімен 10 мыңнан астам гүлдер, ағаштар, отырғызылып күтілуде. Экологиялық білім мен үгіт насихат жұмыс өрістетуде. Қоғам жұмысына облыстың белгілі адамдары, ғылым докторлары мен кандидаттары М. Дияров, С.Дризо, белгілі сала мамандары Келъдиев Л. Т. Сисенғалиев, Борсенко А, Жүніскалиев Ж, т.б. белсене қатысуда. Ал, қоғамдық инспекторы Ю. А. Пастухов жыл сайын Каспий теңізі, Орал өзені табиғаты мен оны қорғау ісіндегі көріністер жөнінде қысқа тиражды фильмдер түсірді. 1993 ж. өзінде «көгілдір қорғаушылар» күшімен 55 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, суға жіберілді.
Атырау облыстық табиғат қорғау қоғамы табиғатты аялау, қорғау да біршама жұмыстар тындыруға және болашақта да тиісті шараларды жүргізе бермекші. Бірақ табиғат қорғау ісінде шешуін таппай отырған мәселе көп. Әсіресе, Каспий теңізінің деңгейінің өрескел көтерілуі қосымша қиындықтар туғызуда. Ол мұнай алаңдарын, теңіз жағасы жайылымдарын басып кетіп келеді. Өзендердің су сапасын төмендетуде. Сондай- ақ бұрынғысынша ірі «Теңізмұнайгаз» кеніші, заводтар, автокөлік кәсіпшіліктері қоршаған табиғат ортаны ластау зияндаудың көзі болып қалуда. Каспий теңізі мен Жайықтың өзенінен балық аулау, оны өсіру мәз емес. Тиісті балық қорғау шараларының қажетті дәрежеде жүргізілмеуінен, тиісті бағалы бекіре тұқымдас балықтар, шоқыр аулау жыл сайын азаюда, өсіп жетуіне жағдай туғызылмай келеді. Бекіре тұқымдас балықты өсіру бағытындағы тұрғызылуға тиісті завод құрлысы басталмай отыр. Сондай – ақ Атыраудың жануарлар мен өсімдіктер дүниесін байыту, қорғау ісінде де күрделі шаралар қажеттілігі басты мәселе болып қалуда. Сонымен қатар табиғат қорғау қоғамының жергілікті бөлімшелері бұл бағытта пәрменді жұмыс жүргізе алмай келеді. Жүргізілген шаралар қалың бұқараны қамтымайды. Табиғатты аялау, қорғаудың негізгі буындарына көңіл бөлмейді, табиғат қорғау заңының сақталуына тиісті бақылау, тексеру нақтылы емес. Осыдан, әсіресе қала, селоны көгалдандыру, барларын күту,өсіру жөні қанағаттанарлықсыз. Соңғы жылдары аудандағы бөлімшелер тарап кетіп, оны қалпына келтіру үлкен ұйымдастыру жұмыстарын керек етті. Болашақта халықаралық маңыз алып отырған экология мәселесі, айналаны қоршаған табиғат ортаны қорғау ісін жергілікті әкімдер мен шаруашылық орындарының күнбе –күнгі жұмыстарындағы жауапкершілікпен қарайтын саласы болуға тиіс. Сөйтіп, Атырау табиғатын аялап, қорғау облыс жұртшылығының төл ісі, баршамызға ортақ іс болып табылады.
1. Атырау табиғатының қысқаша сипаттамасы.
1.1 Жағырапиялық жағдайы
Әкімшілк орталығы Атырау қаласы. Облысымыз Қазақстан Республикасының батысында Атырау облысы 15 қаңтарда 1938 жылы құрылып, бір қала, 8 ауданды біріктірді. Каспий теңізінің солтүстігі мен шығысында орналасқан. Облыс батысында Ресейдін Астраханъ, оңтүстігінде Түркмен, солтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан Ақтөбе облыстары мен шектеседі. Облыс жер Республика территориясының 4,4 процентін алып жатыр. Облыс халқы соңғы санақ бойынша 650мың нан астам адам. Облыста 11 ұлт өкілдері тұрады. Облыс солтүстігі теңіз деңгейінен 20 метр төмен Каспий ойпатының шығыс бөлігін,Шығыста Үстірттің батыс шегін, батысында Маңғыстау түбегімен шектесіп жатыр. Сөйтіп облыс халық шаруашылығын өркендетуде қолайлы жағырапиялық жағдайда орналасқан. Облыстың басты сулы өзендері Жайық,Жем,Ойыл,Сағыз көлдері – Индер,Қамыскөл. Өзен аралықтарындағы көтеріңкі бедерлердін биіктігі 100-150 метр деңгейге дейін барады. Облыс жері саз бен құмдардан, құмақты саз құрылымдардан тұрады және негізінен шөл мен шөлейтті аймаққа жатады.
Атыраудың
ауа райы жоғары
Ал, қазан,
қараша айларында жаңбыр
Олыс бойынша әр айдағы орташа ауа температурасы мен ылғал көрсткішінің схемасы жалғанды.
1.2 Жер бедері.
Айталық,Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі және Орал-Жайық өзеніне жазғы тұрғы судың құйылуының азаюы жағадағы шабындық көлемінің қысқаруына соқтыруда.Осындай шабындық көлемі тек Индер ауданының өзінде 1983 жылғыдан 19,5 мың гектардан 1,0 мың.га дейін ,ал жалпы обылыс бойынша 1977 жылғыдан 1992 ж. аяғында 317,3 мың гектардан 170 мың гектарға дейін қысқарды.Оның үстіне Атырау облысының жер бедері оның негізінен Каспий ойпатында
орналасыуымен сыйпатталады. Каспий теңізінің суларының соңғы 460 мың жылда төрт рет тасып облыс территориясын басуы және топырақ эрозиясының орын алуы үлкен әсер еткен. Осы құбылыстың әсерінен облыста толқын үйірімді, ой-шұңқырлар шағыл-құмды құрлықтар мен сорлар, жайылмалы, салалы жерлер және су жүйелері қалыптасқан. Өзен жағалауларында терістік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылған биіктігі 10-15 м, ені 300-500 м, ұзындығы 1,5-2 м, шақырымдық төбелер кездеседі.
Облыстың абсольюдтік терістік биіктігі ноль белгіден бірден – екі төмендеп оңтүстікке ауысып 1992 ж. Каспий 27,4 метр белгісіне дейін төмендеді. Орал қыратының белгісі 100-200 метр. Жоғарыдағы табиғи әсерден басқа облыс жер бедері адамдардың да қызмет әсерінен де өзгеріп қалыптасуда. Топырақ жер бедерінің осындай қалыптасуы мен құрғақ континентальдық ауа райының және өсімдіктердің сирек жүйелігі күшті жел ықпалы облыс топырағының да әртүрлі құрылымда болуын сыйпаттайды. Облыс топырағы жерді пайдалану және оны жақсарту шараларына қарай алты агроөндірістік және агромелиративтік топқа біріктеледі.
1.Топ – дұрыс суару негізінде егіншіліке қолайлы жер. Оның көлемі 362 мың гектар. Бұл жерлер бозғылт түсті және шалғынды топырақты. Оларға жақсартуға көп мелиоративті шаралар талап етпейтін жерлер жатады.
2.Топ – Жайылымдық жерлер, шынара дұрыс суландыру арқылы егістікке жарамды жерлер. Оның көлемі 2736,5 мың гектар, пайдалану коэффициенті КВЗ -0,4. Бұнда қоңыр түсті, сұрғылт – қоңыр түсті, топырақ жүйелері, тақыр ащы ашқыл және шалғынды жер топырақтары мен біріктірілген.
3.Топ – Шабындық және жайылымдық ішнара жайылмалы суландыру арқылы егіншіліке пайдалаылатын жерлер. Оның көлемі 1032,6 мың.га. пайдалану коэффициенті КВЗ 0,4-тен 0,7. Бұл топқа негізінде шалғынды топырақтар пар жатады. Бұл жерді пайдалану үшін жерді екінші рет тұздануына қарсы шаралар алуды керек етеді.
4.Топ - Егіншілікке жарамсыз, шабындық пен жайылымды жерлер. Жалпы көлемі 498,1мың. га. Бұл топқа теңіз жағалауының батпақты ашқылтым топырақтары жатады. Бұл жерледі егіншілікке пайдалануға керек жағдай да топырақты негізінен жақсарту, ащы жер асты суларының деңгейін төмендетпеуіне басқа жаққа бұру шаралары іске асырылуы тиіс.
5. Топ – Егіншілікке
жарамсыз, бірақ жайылымға пайдалы
жерлер. Оның көлемі 63,1 мың. гектар.
Бұл топқа қоңыр және сұрғылт-
6.Топ – Ауыл
шаруашылығына пайдалануға
Обылыста көбірек
орын алатын қоңыр түсті
Жайылмалы су жағалауларының шалғынды және шалғынды-батпақты топырақ болады.Олардың аймақтық топырақтан құнарлылығы жоғары,көбіне Орал,Қиғаш,Ойыл,Сағыз,Жем өзендері және басқада уақ өзен көлдер алқаптарында кездеседі.Бұл жерлер шабындық және жер суландыруға пайдаланылады.Олардың көлемі өзен-көлдердің суасқынынан,ауа ылғалдылығына байлшабындықтың құрамында ащы шөптер көбеюде. Өзен алқаптарында обылыстың барлық саусрмалы егіншілік жерлері орналасқан. Олардың ішінде 28,1мың гектар егістік жердің 15 проценті ғана коллекторлық дренаждық жүйе алдымен жердің екінші рет тұздауынан сақтайтын шара.Бұған көп қаржы керек және ащы суды екінші рет пайдалануға алдын ала тазартуды қажет етеді.Бұларда үлкен шығынға байланысты .Әрі шаруашылық әдіспен жүргізілуге тиіс.Мұндай жерлер 2-3жыл пайдаланғаннан кейін бос қалады.Бұл жағдай дренаж болмағандықтан егінді суарған судың жер асты суларына қосылып жердің екінші рет тұздануына апарады. Тек бірнеше жылдан кейін атмосфералық ылғалдық, әсері мен беткі қабатындағы тұздардан арылып, қайта егістікке, жайылымға, шабындыққа немесе қырлықта көп жылдық шөптер егіп тастау арқылы пайдалануга болады.
II. Негізгі бөлім
2.1 Атыраудың экологиялық жағдайы.
Атырау облысының табиғат ортасына барлық жағынанда антропогендік салмақ түсіруде, әсіресе ол Атырау қаласының ауа бассейінен сезіледі. Себебі Атырау қаласының өзінде мұнай айдау, жылу энергиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, жеңіл, тамақ өндірісі, авторанспорт сияқты 40-тан астам мекемелер жұмыс жасайды.
Ауаға шығарылатын жалпы шығарылыстардың
80 пайызы «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембамұнайгаз», «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Атырау мұнай
өңдеу зауыты және Атырау жылу электр
орталығы» сияқты ірі мекемелердің үлесіне
тиеді. Өндіріс орындар мен «Атырау облысының
агроөнеркәсіп кешшенінің даму аспектірлері»
электр көздері шығарылыстарының ауаға
62 түрлі 1 мен 4 топ аралығындағы қауіптілігі
бар зиянды қосылыстар шығарылады. Автокөліктерде
ауаны қатты ластауда. Автокөлік қозғалысынан
шыққан газ құрамында 200 дейін химиялық
болса, олар ауаға газ және аэрозолдер
түрінде түседі. Зиянды қосылыстардың
ішінде ең қауіптілеріне көміртек тотықтары,көмір
сутектер,альдегидтер,күйе,
Атырау қаласында тұрақты екі бақылау бекеті бар. Бірінші бақылау бекеті автокөліктің қозғалысы қарқынды,әрі «Атырау мұнай өңдеу»,химия зауыттарында жақын орналасқан Әуезов пен Азаттық көшелерінің қиылысында орналасса,екіншісі салыстырмалы таза жер Жайық өзенінің жағасында «Өнерпаз»мекемесі маңында орналастырылған.Бұл бақылау бекеттері «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемеге қарайды. Бақылау бекеттеріне күніне үш рет 7,13,17 сағаттарды сынама жұмыстары жүргізіледі. Бақылау екі саты бойынша орындалады бақылау бекеттерінде сынама алу және оны зертханаларда химиялық жолмен зерттеу.
Осы екі бақылау бекетінің төрт жылдық мәліметі бойынша ауадағы зиянды қосылыстар азот пен күкірттің қос тотықтары,күкіртті сутектің мөлшерлері төмендегідей.
Осы төрт
жылдағы ауадағы зиянды
Жайық өзені аймақтағы бірден – бір тұщы су көзі, сондай ақ ол бекіре тұқымдас балықтар Өсірілетін бірден – бір айдын болып табылады. Міне, осылардың бәрі өзен суын тұрақты тазартып отыратын және су шығының ретеуші кешенді қондығы салуды талап етіп отыр. 1995 жылы Атырау қаласының өнеркәсіп орындары Жайықтан 100 млн м3 су шығындалады. Міне осы есепсіз ысырап салдарынан ауыз су тапшылығы қатты сезілуде тәулігіне бір адамға нормадағы 300 л-дің орнына 120л ғана су беріледі.
Атырау өңірі
бұрығы Кеңестер Одағының
1992 жылдың күзінде полигондардың жабылуы туралы ресми шешімі қабылданды. Ауыл шаруашылығында
- игеріліп отырған жерлердің құнарсыздануы
- топырақтың азуы
- қара шіріктің күрт азаюы жаппай белең алуда.
Жайықөзенінің шамадан тыс
- бекіре тектес балықтардың жаппай ауруын
- улы заттар балықтардың ыдырап бүлінуін, азуын
- бауырдың қоректенуінің нашарлатуын
- белок қабығын әлсіретеді
Соңғы байқау нәтижелері балықтардың бұлшық ет ыдырауына шалдығуы -100%, уылдырық қабығының әлсіреуі 30% екенін байқаты.
Су
жинау құрылыстарын қажеті
Қорыта айтқанда, облыстың жануарлар дүниесі жаппай антропогендік қысым көруде Сөйтіп көптеген түрлерінің күрт азаюы, олардың туған мекендеген жерлерін тастап, басқа жаққа ауып кетуі көбейіп отыр.
Сондай – ақ аңшылық шарттары сақталмай, аң аулау кәсіпшілігі де елеулі түрде көбейіп кетті.
Жалпы экологиялық, санитарлық тазалық жұмыстардың нашар жүргізілуі, ресми деректерге қарағанда, жекелеген аудандарда жұқпалы және басқада әр түрлі аурулар ошағы байқалып, өлім жетім көбеюде, жалпы адамдардың ғұмыры қысқаруда.Облыстың кейбір кәсіпорындарында 1990 жылы жүргізілген бақылау, әрбір 100 адамға есептегенде, бір жылда 1525,5 жұмыс күнінде адамдар ауырып, уақытша жұмысқа жарамсыз болған.Елді қинайтын жағдай облыста балалар өлімі кемімей отыр.
Осы кезеңге дейін
атырау жерінде жасалған қиянат
- салық жүйесін экологияға тікелей байланыстыру.
- табиғи қорларды игерген мөлшеріне қарай арнайы төлем төлеу.
- табиғи ортаға техналогиялық зиян келтірген жағдайда,ол үшін заңмен белгіленген ресми айып төлеу.
- табиғатты жалпы пайдалануға кешенді лицензиялау енгізу сынды игілікті істерден табиғат – анаға жанашырлық байқаймыз.
Шын мәнінде табиғат қорғау мәселесі тек шағын адамдардың ісі емес. Бүл бұхара жұртшылықтың төл ісіне айналдыруды және оны басқару механизмін жетілдіруді қажет етеді. Осы мақсатта қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны жақсарту көптеген бірлестіктер мен қоғамдық орындар белсенді топтар мен табиғатқа жаны ашушылар қатарын көбейту керек етеді. Сөйтіп табиғат қорғау күресі бүкіл халықтық міндет болуға тиіс.
2.2 Мұнай және газ өндірудің эколгиялық проблемалары.
Каспий, Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын меңгерудің экологиялық проблемаларының өзіндік аймақтық ерекшелігі бар – географиялық, геологиялық,геодинамикалы, сондай ақ әлеуметтік.Оның үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнаймен газды өндіру бойынша жобалық тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларды жобаларды дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайда із қалдырды.
Мұнай мен
газды өңдіру және өңдеу кезінд
Мұнай өндіру,
мұнай өңдеу және мұнай-
Скважиналардың құрлысы кезіндегі негізгі ластану көздері:бұрғылау қондырғыларының дизелдерінің түтіндері ,материлдары сақтайтын ыдыстар,өндірістік технологиялық қалдықтары бар қоймалар,сондай-ақ циркуляциялық жүйелер.Көп жағдайларда бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар аймақтары қатты жабынбен жабдықталмаған және құм төгілмеген.Осының салдарынан жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді. Топырақтың,ластану процесі топырақтарда өнімді қабаттар мен сіңіретін горизонттарға қабат қысымын көтеру мақсатында айдалатын минералдағы жоғары қабат және бүралқы сулардың болумен күрделенеді.Бұрғы мұнарасынан 500-800м радиусты өсімдіктер 70-80процент,ал 100м радиуста бұрғылау сұйығымен,ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады.
Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп,орналастыруды тала етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын бағалау маңызды орын алады.
Жер асты суларында ластағыш заттардың мөлшері мен улылығы тәуелді болады.Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі және күшті ластағыш бұрғылау сұйығы,оны дайындау үшін жиырмаға жақын химиялық реагенттер қолданылады,олардың көбінің мүмкін болатын шектік концентрациясы орнатылғаннан жоғары.Скважиналар құрылысы мен бұл кезде жиналатын қалдықтар өндірістің басқа түрлерінен бұрғылау кешендерінің шашыраңқылығы мен қалдықтардың сипаттарының әрекеттілігмен және олардың уақыт өте өзгеретіндігмен ерекшеленеді.Бұрғылау жұмыстарын орындау мен скважиналарды пайдалану кезінде қолданатын қалдық тоспа қордырғылардың саласы мен құрамы бір шама маңызды.Ол үш рет (1975,1980 және 1990) қайта қарастырылған МЕСТ 13862-90-пен орнатылады.Бұл шаралар отандық ҚҚ әлемдік үздік стандарттар деңгейіне,мысалы,Америка мұнай институтының АР-1-16А стандартына сәйкестендіруге бағытталған. Оған 30 жылдан астам қалдық тоспа қондырғылардың көптеген түрлерін игерумен айналысатын сүйығының,ұнтақ тәріздес сусымалы.
Дегазаторлары, Азнефтемаш көп үлес қосты, Азенфтемаш концернінің зауыттары барлық отандық ҚҚ өлшемдерінің 75процентін шығарады.Достастықтың бұрғылау кәсіпорындарына бұл концерін жабдықтық 90процентін ұсынады.
Конверсиялау
нәтижесінде превент жасау
Қазіргі кезде бұрғылау жұмыстарынның экологиясын көтеру проблемасын бұрғылаудың өндірістік-технологиялық қалдықтарын,бұрғылау қоқыстарын тазалайтын,зиянсыздандыратын және азайтатын арнайы жабдықтар жасамай және оларды іс Атырау обылысының агроөнеркәсіп кешенінің даму аспектілері жүзінде қолданбай шешу мүмкіе емес.Мұндай жабдық бұрғылау қондырғысының құрушы бөлігі.
Кен орындарын
пайдаланғанда үлкен жер
Атмосфералық
күкіртті газдардың
«Казгипроград» институтының есептеріне сәйкес тұрақты мекендеуге экологиялық қолайсыз аймағы. Теңіз кен орны үшін 50 км. Бірақ, айта кететін жағдай, санитарлық қорғану аймағы үлкен болған сайын шектік ұрықсат етілген қалдықтар көлемі өседі, яғни, атмосфера ластануы ұлғайады.
Алайда, қолданылып отырған шараларға қарамастан Атырау облысының мысалына қарсақ, олардың нәтижелері аз.
Ластанудың тұрақты көздерінен шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерінен 32 %–і мұнай өндеу зауытына 37%-«Полипропилен» АҚ – на келді. Жылдар бойынша қалдықтарды ұстау және зиянсыздандыру дәрежесі тұрақты немесе төмендеуге бағыт алған. Мысалы, егер облыс бойынша 1987 ж. бұл көрсеткіш 36,8%болса мұнай өңдеу зауты бойынша – 17,3% –«Ембімұнай» АҚ да -1,7% «Теңізмұнайгаз» АҚ да – 1,3 %. Ал «Ембімұнай» АҚ үшін келтірілген 8 жыл үшін зиянды заттарды ұстаудың ең жоғарғы деңгейі 2,7%.
Жабдықтар мен шаруашылық әрекеттің тәсілдерінің моральдық тозу экологиялық қауіп тудырды. Жаңа технологиялық әдістерге көшу жаңа проблемалар әкелді. Мысалы, скважиналарды жөндегенде қоршаған орта ластанады. Бұл кезде скважина ішіндегі жабдықтарды жүздеген рет түсіріп – көтеру жүргізіледі. Скважинаға алдын ала толық газдандыру үшін техникалық су айналады. Алайда іс жүзінде бұл жуу құбырлар мен жабдықтардың ішкі және сыртқы беттерінен мұнай өнімдері қаюқшасын алып түспейді.
Нәтижесінде
құбырлар мен жабдықтарды
Көптеген компаниялар табиғат қорғау шаралары үшін арнайы жабдықтар игеруде. Соңғы бағыт товорлық суды пайдаланудағы проблемаларды шешудің экологиялық таза және ең тиімді жолы болып табылады.
Мұнай негізгі энергия көзі мен әр түрлі жанармай алу мен мұнай химия өнімдерінің негізгі шикізаты болып табылатындықтан ол мұнай өндіру аудандарында шоғырланбайды, керісінше, жердің барлық бұрыштарына тарайды және тасымалданған көп мөлшерде жоғалады. Бұл жерде үнді мұхитының оңтүстік батыс бөлігімен өтетін мұнай тасымалдаудың маңызды жолындағы мұнай шығындары туралы мәліметтер көзге түседі. Суға жаңа перепаратты жай ғана қосудың өзі су мұнай эмульсиясынның болуын туғызбайды және қоршаған ортаға келетін шығынды азайтады.

- Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы
- Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары
- Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау
- АТЭС, АСЕАН и отношения с Россией
- АТЭС: цели и задачи, место России в нем
- Ауа бассейніне тигізілетін антропогендік әсер
- Ауадағы механикалық қоспалар
- Аттестация руководителей и специалистов организации
- Аттестация руководителей и специалистов подразделения. Исследование их управленческих способностей
- Аттестация сотрудников в организации
- Аттестация сотрудников органов внутренних дел рф
- «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты
- Атырау облысы қазба байлығы
- Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы