Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ------------------------------
I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні
1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5
1.2 Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі-------------------
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану-----------------------
II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері
2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ------------------------------
2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18
2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------
2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі-----------------------
III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі30
3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ------------------------------
Қорытынды ------------------------------
Пайдаланған әдебиеттер тізімі------------------------
Қосымшалар
Кіріспе
Салық – шаруашылық субъектілерін және ставка бойынша азаматтардан бекітілген заң тәртібі негізінде мемлекетпен алынатын міндетті жиындар.
Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек. Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды. Осы салықтардың ішінде ауылшаруашылық саласына салынатын салықтардың маңызы ерекше. Сондықтан да, мен өз курстық жұмысымның тақырыбын «Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтар» деп алдым.Курстық жұмыстың өзектілігі ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтардың мәнін ашып, оларды жеке талдау болып табылады.
Мақсаты:ауылшаруашылық саласынан бюджетке түскен салықтарды қарастыру.
Осы курстық жұмыс жаза отырып төмендегідей бірнеше міндеттер алдыма қойдым. Олар:
- ауылшаруашылық саласына салынатын салық түрлерінің экономикалық мәнін анықтау;
- ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру;
- ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтан бюджетке қанша кіріс түсетінін анықтау.
Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне жиырма бір жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
Қазақстан республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің 90 пайызың салықтық түсімдер құрайды.
Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет. Ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн. Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады. Ауылшаруашылығының салықтық төлемдері мемлекетке түсетін барлық салықтық түсімдердің шамамен 1% құрайды.
I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні
1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:
1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;
2) толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Мына аталғандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқы жоқ:
1) еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар.
Аффилирлендірілген тұлға болып шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге сәйкес байланысты, ықпал етуге құқығы бар занды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын занды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Тандап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге және қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдерді жалпы белгіленген тәртіппен және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Күнтізбелік жыл патент құны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады.
Патент беру тәртібі.
Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойьшша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтініш береді.
Салық төлеушінің көрсетілген мерзімде өтініш бермеуі оның салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келіскені болып есептеледі.
Салық төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданудың алғашқы салық кезеңінде өтінішпен бірге жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды табыс етеді:
1) занды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) нотариат немесе жергілікті атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) лицензиясын (қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырған жағдайда);
4) жұмыс берушінің (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлімделген қызметкерлер санына табыс түрінде төлейтін шығындарын қоса алғанда, салық төлеушінің өткен бес жыл үшін жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшін қажетті есептерінің көшірмелерін табыс етеді. Бұл орайда аталған табыстарға жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші телейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген табыстар жатады;
5) салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша толтырған патент құнының есебі.
Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмыс күні ішінде патент береді.
Келесі салық кезендерінде салық төлеушілер салық органына патент алу жөнінде өтініш берген кезде, жоғарыда тапсырылатын құжаттардың 1-ден 5-ке дейін белгіленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етеді.
Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.
20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.
Арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салык режимін қолдану құқығына өтініш береді.
Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.
Патент құнының есебіне енгізілген салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібі.
Патент құнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепте тұрған жағдайларда) енгізіледі.
Салық кезеңінің басында патент құнының есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын
белгілеу кезінде - өткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы
мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Жаңадан
құрылған салық телеушілер табыс пен шығындар көрсеткіштерін
осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткіштері бойынша анықтайды.
Табыстар мен шығындар көрсеткіштерін анықтау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;
2) элеуметтік салықты анықтау кезінде - белгіленетін табыстар
түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығыстарына
кестеде белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізіледі.
Бұл орайда жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде телейтін шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл ішіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер санына кебейту жолымен анықталады.
Жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін мәлімделген орташа жалақының мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс;
3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының сомасы - жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Патент қүнын есептеу кезінде бюджетке теленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 пайызға азайтылады.
Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебіне енгізілген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.
Ағымдағы салық кезеңі ішінде салық салу объектілері және патенттің құны есебіне енгізілген салық бойынша және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық телеушілер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргізеді.
Салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
Патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешіктірілмей, патент құны есебінде керсетілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиісінше 1/6 және 1/2 мөлшерінде және патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берілген қайта есептеулерді ескере отырып, патент құнының қалған бөлігі мөлшерінде келесі салық кезеңінің 20 наурызында жүргізіледі.
Патепт кұны есебіне кірмеген салықтың және басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу, төлеу ерекшеліктері және олар бойынша салық есептілігін табыс ету.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығын есептеудегі ережеге сәйкес жүргізіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы зандарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу осы төлемақыларды есептеуде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеуді, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді;
3) Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелері орналасқан жерлер бойынша жүргізіледі.
Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші занды тұлғалар еткен салық кезеңі үшін 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай салық есептілігін:
1) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияны;
2) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.
Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:
1) ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сома бойынша - 15 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сома бойынша — есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері бойынша патент құны есебіне енгізілмеген және осында көрсетілмеген салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін тапсыру жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
1.2 Ауылшаруашылығы жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі
Шаруа қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.
Жеке меншік құқығымен және жер пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер жер учаскелерінің бағалану құнынан 0,1% төлейді. (жер салыгының, жеке табыс салығының қосылған құн салығының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының орнына).
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуші кәсіпорындардың төлейтін салықтарының көп бөлігі, маңыздысы қосылған құн салығы болып табылады. Ауыл шаруашылық шикізатын өндейтін кәсіпорындардың басты мәселелерінің бірі бұл отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Кез келген тауардың бәсекелестігінің негізін оның сапасы мен бағасының құрайтыны белгілі. Қазақстандық өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерінің баға деңгейінің жоғары болуына банк несиелерінің пайыздық ставкаларының, транспорттық қызметтің бағасының жоғарлылығы, сонымен қатар әрекет ететін салық салу жүйесі, ерекше атап айтатын қосылған құн салығына байланысты.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға, ауыл шаруашылығына қарастырылған жеңілдіктер қарастырылмаған. Өңдеушілер шикізаттың 90% -ын ауылшаруашылығынан шаруа (фермерлік) қожалықтардан сатып алады, ал олар қосылған құн салығынан босатылған.
Ал дайын өнімнің бағасының 50% -ын шикізат құны құрайды. Осының салдарынан өңдеуші кәсіпорындар есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығын есепке жатқыза алмайды.
Осының барлығы бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін ынталандырмайды.
Осы мәселелерді қарастыра отырып, келесілерді ұсынуға болады:
1. ауылшаруашылық тауарөндірушілерін жер салығынан басқа салықтардан босату және салық соммасын жер құнарлығымен жерді жақсартуға жұмсалған соммаға азайтқан жөн.
2. Аграрлық өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарының салық салу базасын азайту.
3. өз қаражаттарын ауыл шаруашылығымен қайта өңдейтін кәсіпорындарға жұмсайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жеңілдіктерді қарастыру.
4. Айналым қорларын толықтыруға жіберілген табыс бөлігін салық салудан босату.
5. Ауылшаруашылығының және қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін салықтармен міндетті төлемдерді төлеу мерзімін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асыру, себебі ауылшаруашылығындағы өнім өндірудің маусымдылығына байланысты.
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану
Алыс–жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлары барысында қалыптасты. Әдетте, салық жүйесі әкімшілік басқарудың әр түрлі деңгейінде, сондай-ақ халықаралық операцияларда екі жақты салық салуды болдырмау мақсатында осы жағдайлар барысында туындайтын ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Салықтарының құрылымы мен олардың қолданылу аясы, есептелу және алыну механизмі, әр түрлі билік органдарының фискалдық өкілеттіктері және басқа салық саласындағы мәселелеріне байланысты шет мемлекеттердің салық жүйелері бір-бірінен айрықшаланады. Олардың салық жүйелерін терең зерделеу барысында салықтарының құрылымы мен түрлерінде, басқа да салыққа қатысты мәселелерінде ортақ ұқсас нышандарды байқауға болады.
Германиядағы бағалау қызметінің тәжірибесінің пәні – пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі анықтамаларға ие құнның көптеген түрлері болып табылады.
Ең алдымен мұнда салық салуда қабылданған құндардың түсініктерін ескеру қажет (жалпы құны, нормативті немесе стандартты құн, жер иелену құны):
1 сақтандыру құны;
2 кепіл құны;
3 бюджеттік құқыққа сәйкес толық құн;
4 соттық шығындарды реттейтін құқық нормаларына сәйкес фирмалардың іскерлік байланысының, тәжірибесінің және атағының белгіленген құны;
5 сонымен қатар саудалы және салықтық баланстарда қолданылатын құндардың түсініктері (баланстық құн, бөлшек құн, қайта құру құны және т.б.).
Бірақ бағалау үрдісінің ортасында нақты нарықтық құн немесе ағымдағы бағалардағы құн тұр.
XIX ғасырдың өзінде Германияда бағалау қызметі кеңінен дамыды. Жер учаскілерін бағалау әдістері жер нарығындағы ағымдағы бағалардың қалыптасуына әсер ететіне назар аударылған. Бағалау қызметінің міндеттері ағымдағы бағалардағы құнды анықтауға бағытталғандықтан, бірінші орынға ең алдымен жер нарығында болып жатқан үрдістерді қай әдіс арқылы толығымен ескеру болатыны қойылған. Мұнда тәжірибе көрсеткендей, салыстырмалы сатуларды талдау әдісі бірінші орында тұратын, себебі бағаларды сату арқылы құнды бағалау барысында жай іскерлік қарым-қатынаста қалыптасқан бағалар ескеріледі. Несиелерді беру тәжірибесінде таза табысты бағалау құндық бағалаумен ауыстырылған.
Содан бері Германиядағы бағалау қызметінің тәжірибесі құнды бағалау әдістерін жер нарығында сәйкес уақытта қалыптасқан нақты жағдайға бейімделуге бағытталған, яғни нарықтық жағдайды ескеріп, құнды бағалауға бағытталған. Бұл ауылшаруашылық жерлердің құны бойынша сарапшылық комиссиялардың міндетіне кіретін жер учаскілерімен барлық мәмілелерді жүйелі есепке алу және талдау арқылы жүзеге асырылады.
Германиямен салыстырылатын басқа елдерге қарағанда немістердің жер нарығы жылжымайтын мүлікпен спекуляциялаудың терең және кенет кері әсерлеріне тап болған жоқ. Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Финляндия, Жапония, Корея және тағы басқа елдердің жер нарығында байқалған бағалардың спекулятивті өсуі мен түсуі неміс жер нарығына тиген жоқ. Жалпы алғанда, халықаралық деңгейде неміс жер нарығы жақсы атаққа ие. Мұндай атақтың қалыптасуына бағалау қызметінің үлкен тәжірибесі маңызды рөл атқарады.
Германия «нарықтық құн» түсінігіне бағалау қызметінің негізгі қағидаларын реттейтін қосымша заңдылық қаулылары бар дүниежүзіндегі жалғыз мемлекет болып табылады. Бұл жағдай өзін оңтайлы ұсынды, себебі тек қана осы арқылы терминдер мен түсініктерді пайдалануда бірлік қамтылып, көптеген даулардан құтылды.
Басқа елдердегідей, Германиядағы бағалау қызметінің тәжірибесінде орталық орынды құнды бағалаудың классикалық әдістері алады – табыс әдісі, салыстырмалы сатуларды талдау әдісі және нақты құн әдісі (шығын әдісі).
Жалпы алғанда, Германияда жер учаскесінің құнын және жеке меншіктегі пәтерлердің құнын бағалағанда салыстырмалы сатуларды талдау әдісі кеңінен қолданылады, ал салынған жер учаскелердің құнын бағалағанда табыс әдісі көп қолданылады.
Германияда кепілге салынған жер учаскілерінің құнын бағалағанда ең берік және негізделген әдіс – салыстырмалы сатуларды талдау әдісі болып табылады. Бұл әдіс жер учаскесінің бағасын анықтағанда үнемі қолданылады. Бұл әдісті пайдалануды келесі жағдайлар оңай қылады:
1 Германияның барлық территориясындағы жер учаскілерінің шамалы бағалары туралы мәліметтерінің бар болуы;
2 Жер учаскілерінің алу-сату жинақтарын жүргізуі және бұл жинақтардан мәліметтер кез келген тұлғаларға беріледі;
3 Жер учаскісінің құнына әсер ететін бөлек факторлар туралы эмпирикалық шығарылған мәліметтер есептелінеді және баспаға шығады.
Мысалы, жер учаскісінің құны бойынша сарапшылық комиссиялар сатып алу-сату бағалар жинағы негізінде жерге индекстік қатарлар бағаларын құрады, сонымен қатар жерге құнына әсер ететін бөлек факторлардың ықпалын нарық талаптарына сәйкес есепке алуға болатын қайта есептеу коэффициенттері есептелінеді. Кез-келген тұлға салыстырмалы бағалар туралы мәліметтермен таныса алатынына, жерге индекстік қатарлар бағаларының баспаға шығуына байланысты бағаларды салыстыруға идеалды жағдайлар құрылған. Сондықтан да салыстырмалы сатуларды талдау әдісі Германияда жоғары сапалық деңгейге жетті.
Жоғарыда аталған индекстік қатарлар бағалары негізінде бағаларды салыстырумен қатар салыстырмалы сатуларды талдау әдісі келесі нысандарда қолданылады:
- регерссивті талдауда;
- жедел қиылысу салыстыруда;
- бұған сәйкес параметрлердің негізіндегі басқа да дедуктивті әдістерде.
Сатып алу-сату жинақтары бұған қажет нарықтық мәліметтердің кең спектірін береді және бұл әдіс үшін идеалды алғышарттар құрайды.
II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері
2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері
Бұл бөлімде меншікке салынатын салықтар, яғни жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салықтарының экономикалық мазмұнына тоқталамыз. Аталған салық түрлері жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар ретінде де қарастырылады.
Жер - белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері бар.
Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:
• экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;

- Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу, шетелдік және отандық тәжірибе
- Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе
- Ауыл экологиясы
- Ауыр бетон
- Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру
- Ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсері
- Ауыспалы егістік
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын несиелендіру
- Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары
- Ауыл шаруашылық
- Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары