Ауыл шаруашылық
Ф-ОБ-001/035
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
«Жаратылыстану» факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мазмұны
Кіріспе ..............................
I тарау.........................
1.1
..............................
1.2
..............................
1.3
..............................
II тарау..................13
1.1
..............................
1.2
..............................
1.3
..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер........
Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.
Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
Аграрлық
секторда ғылымға жеткілікті
дәрежеде негізделмей
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді.
Жалпы өнімдер
көлемдері бойынша ауыл
Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу - 1 шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да өте аз.
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.
Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.
Орташа және
ірі шаруашылықтардың
Шаруашылық
қызметінен алынатын таза
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады.
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).
Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік
пен мал шаруашылығы —
Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.
Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.
XX ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екінші "жасыл революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс.
Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері.
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндетерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады.
Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .
Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады.
Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері - бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.
Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .
Қазіргі кезде экономикалық
қатынастар мен өндіріс
Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. « ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.
Егін шаруашылығы ауыл өндірісінің негізгі саласы. Еліміздің
аграрлық секторында пайда болған шаруашылық
құрылымдарының түрлеріне байланысты
егіншіліктің бүгінгі жағдайы мен келешегі
дәйім билік назарында келеді. Елбасы
қойып отырған басты талаптардың бірі
– еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту
арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Осыған орай бұл саладағы еңбек өнімділігін
2014 жылы 2 есе, 2020 жылға қарай 4 есе өсіру
міндеті қойылған. Мемлекетіміздің қолдауы
арқасында аграрлық мақсатта бірқатар
ірі жобалар жүзеге асу үстінде.
Басты қажеттілік – шикізат өндіріп, сату
ғана емес, оны өңдеу саласын да жандандыру.
Бұл шеттен әкелінетін азық-түлік көлемін
азайтуға мүмкіндік туғызады. Сонымен
қатар іске қосылатын немесе жаңартылатын
кәсіпорындардың өнімдері экспортқа қабілетті,
жоғары сапалы болуы керек.
Егін шаруашылығы саласы дәнді шығару
тиімділігін жоғарылату және әрі қарай
дамыту, оны мемлекеттік қолдау барысында
кейінгі жылдар көлемінде айтарлықтай
жаңалықтарымен қуантып отыр.
Ауыл шаруашылығын
өркендету жергілікті тұрғындар күшімен
жүзеге асады. Олай болса ауыр еңбектің
ыстық-суығына төзетін ауыл адамының әлеуметтік
жағдайын жақсартуда, жаз айларында жұмыссыз
отырған азаматтардың өз нанын тауып жеулеріне
ең қолайлы жұмыстардың бірі – осы егін
шаруашылығы болып отыр.
2010 жылы егілген егістік
алқап ауыл шаруашылық құрылымдарында
300 га, шаруа қожалықтарында 154 га, жеке
тұрғындарда 359,52 га, жалпы аудан бойынша
813,52 га болса, 2011 жылы ауыл шаруашылық
құрылымдары 4 га, шаруа кожалықтары 168,7
га, жеке тұрғындар 367,62 га, жалпы аудан
бойынша егіс көлемі 540,32 га болған. Соның
ішінде көкөніс 2010 жылы 254,1 га, 2011 жылы
264,85 га, айырмасы 10,75 га. Бақша дақылдары
2010 жылы 65,02 га, 2011жылы 76,22 га, айырмасы
11,2 га. Картоп 2010 жылы 194,4 га, 2011 жылы 199,25
га, айырмасы 4,85га.
Аудан бойынша 2011 жылы 12 серіктестіктер
мен шаруа қожалықтары егіншілікке ден
қоюда. Оның ішінде Дәшінде ерекше өркен
алып отырған қожалық К.Ұзағалиеванікі
болса, Орлыдан Е.Дүйсекенов келісімшартпен
Бисенов жылыжайында қызмет атқарып, халыққа
қолжетімді бағамен сапалы өнім шығаруда.
Сондай-ақ, Ганюшкиннен С.Жармұхамбетова
10 га жерді тамшылатып суару әдісімен
игеріп, игі нәтижелерге қол жеткізуде.
Ауыл шаруашылығын ірілендіру, озық технологияларды
өндіріске ендіру, тамшылатып суғару мен
жылыжайда бақша өнімдерін өндіру – бүгінгі
күннің ең басты талабы болып отырғанын
осы жерде айтпай кетпеске болмайды. Егін
шаруашылығын өркендетуде, жерді тамшылатып
суғару технологиясын меңгерудің мәні
зор. Қазіргі Үкімет бағдарламасына сай,
жердің ылғал үнемдеуші технологиясы
бойынша бұл өте пайдалы деген тұжырым
жасалған.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында
айқындаған ұзақ мерзімді басымдықтарға
сәйкес жер реформасын нақтылай түсу жолымен
аудандағы жер ресурстарын неғұрлым тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар
іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтар
№ 87 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге
қажетті жанар-жағармай материалдары
мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
ережесіне сәйкес биыл ауданның 3 шаруа
қожалықтарына 832200 теңге субсидия қарастырылып
отыр. Келешекте Үкімет соңғы үлгідегі
егін себу кешенін пайдаланған шаруа қожалықтарына
субсидия мөлшерін екі есеге дейін өсірмекші.
Қазір аудан бойынша
егін шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден
субсидиялау қағидасына орай жанар-жағармай
материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік
субсидиялар алуға Құрманғазы ауданының
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
қатарына “Ұзағалиева Күләнда” ШҚ, “Сандуғаш”
ШҚ және “Бисенов Ә.Т.” ШҚ-тары жатады.
ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы
48,3 га құрайды.
Осы мәліметтерді жинақтау барысында
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің
бас маманы Салауат Ниғметов ағамыз, егін
шаруашылығының болашағы мен бүгінгісін
бағамдап біраз келелі мәселелерді көтеріп,
ой айтқан болатын: -Табиғаттың аракідік
қаталдық танытуына қарамастан аудан
диқандары жоспарлы өнім алуға қол жеткізіп
келеді. Егістік көлемі де артуда. Ауданның
жер ресурстарының мүмкіндігін тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерді
бағалау мен түгендеу, селолық аумақтарды
нақтылауды ұйымдастыру мен жоспарлаудың
өңірлік схемасын, ауылдық елді мекендердің
аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру
жобаларын жасау басты назарда. Біздің
ауданымыз аграрлық салаға бейім, жеріміз
құнарлы болғандықтан, егістік дақылдарын
уақтылы егіп, дұрыс игеріп пайдалануымыз
керек. Аудан тұрғындарына, оның ішінде
егін шаруашылығымен айналысамын деушілерге
көрсетіліп отырған жеңілдіктерді пайдалана
отырып, егістік көлемін ұлғайтып, одан
мол өнім алуға еңбектенсе, өзіне де, тұрғындарға
да аса пайдалы болар еді. Ауданда егістік
алқаптың көлемін ұлғайту жөнінде де көптеген
жақсы игілікті істер атқарылып жатыр.
Дегенмен де, бұлардың барлығы әлі де болса
ауданымыздың азық-түлік қауіпсіздігі
проблемасын шешуге жеткіліксіз. Олай
дейтін себебім, бізде өнімдерді сақтайтын
қойманың болмауы. Мың тонналық бір ғана
көкөніс қоймасы бар. Оның ішіне көп нәрсе
сыйғызар едік, алайда қолдануға жарамсыз
болып, өңдеу жұмыстарына қаражат қажет
етіп тұр. Бұл қазір ең өзекті мәселе болып
көтерілуде. Және де біздің ауданымызда
базар нарқы әуелеп тұрған «екінші нан»
– картоптың құны өте жоғары болуда. Өзімізді
картоппен қамтамасыз ете алмай отырмыз,
қалған көкөністер мен бақша дақылдары
жеткілікті мөлшерде өндірілу үстінде.
Егін шаруашылығына ертеден келе жатқан
мамандар болмаса, жастар көп тартылмайды.
Жас агроном мамандардың тапшылығы –
жаңа технологиялармен жұмыс атқара алмауымызға
себеп болуда. Бүгінгі таңда әсіресе жекеменшіктегі
шаруашылықтарда, тіпті алдыңғы қатарлы
жеке шаруашылықтардың өздерінде де жерді
өңдейтін жоғарғы технологиялар, қажетті
машиналар жетіспейді.Ауыл шаруашылығында
өскен өнімдердің экологиялық тазалығына
аса мән берген жөн. Ол үшін экологиялық
таза минералды тыңайтқыштар, экологиялық
таза зиянкестермен күресетін химиялық
гербицидтер мен пестицидтерді қолдану
керек. Сонда ертеңгі күні өнімді өңдеп
сатқанда да, басқа аймақтан әкелінетін
өнімдерден жоғары тұратын боламыз. Сонда
ғана біздің өнімге сұраныс артпақ. Қазір
біз егіннің мөлшеріне ғана көңіл бөлеміз
де, сапасын бақылай бермейміз. Дұрыс тыңайтқыштар
қолданбаймыз, уақытында суармаймыз, не
болмаса, дер кезінде зиянкестермен күрес
жүргізбейміз, тыңайтқышты кейде көп береміз,
кейде аз береміз. Әрине, “Мәскеу бірден
салынған жоқ” деген бар емес пе? Сол сияқты
бәрінің бірден жақсы болып кетпейтіні
анық, дегенмен өз азығымызды өзіміз сайлап,
жемісін көруге, аудан тұрғындарының сұранысын
қанағаттандыруға, сапалы өнім шығаруға
еңбектенгеніміз жөн, – деді.
Ауыл шаруашылығына арқа
сүйеген ауданымыздың егіншілік саласында
алар асулары алда, келешекте басты табыс
көздеріне айналады деген сенімдеміз.
Ол үшін күні бүгіннен бастап Елбасы қолдауымен
өмірге келген бағдарламалар мен ірі көлемдегі
жобаларды игеруге, бұл мақсатта қаралған
субсидияларға қол жеткізуге тиіспіз.
Ерте көктемде Жер – Ана төсіне түрен
салып, өз өніміммен өзімді қамтамасыз
етемін, өзгелердің де дастарқанына үлес
саламын деген диқандар қауымы күні бүгіндері
қамқорлыққа, қолдауға зәру. Мүдделі құрылымдар
мен лауазым иелері, бұл жөнінде ойланатын
кез жетті.

- Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары
- Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері
- Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу, шетелдік және отандық тәжірибе
- Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе
- Ауыл экологиясы
- Ауыр бетон
- Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру
- Ауыл шаруашылығы есебі
- Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын несиелендіру
- Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары