Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Жоспар:

 

Кіріспе………………………………………………….....……...............................3 бет

І. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..................6 бет

1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................………............................11 бет

2. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі.............................................25 бет

2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік  есебі...................................................20 бет

2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік  есебі.................................................22 бет

3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары .........7 бет

Қорытынды…................……………………………………………....................24 бет

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................25 бет

 

 

Кіріспе

      Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр. 
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды. 
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп  беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

  Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.

Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.

         Кәсiпорындардағы  бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi  құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi  бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында  туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

 

1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі .

Бухгалтерлік есеп жүйесі — бухгалтерлік есеп элементтерінің (талаптарының, ережелерінің, объектілерінің, т.б.) және олардың арасындағы ақпараттық байланыстардың жиынтығы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жасалады. Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:

  • камералдық жүйе — ұйымның тиімділігі ақшалай қаражат қалдықтарының қозғалысымен және өзгерісімен айқындалады;
  • қарапайым (униграфикалық) жүйе — бағалау активтердің өсуін анықтауға саяды;
  • қосарлы жүйе — бағалау алынған пайданың шамасымен айқындалады.

Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б.). Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес теңгерім) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.

 Бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі ауылшаруашылық түсініктердің анықтамалары. Ауылшаруашылық қызметі ауылшаруашылық өнімін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында биологиялық активтерді био түрлендіруді басқару.Ауылшаруашылық өнімі кәсіпорынның биологиялық активтерінен жиналған өнім. Ауыл шаруашылығында негізгі құрал болып - жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 жылы жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т.б. болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т.б.  Ауыл шаруашылығы тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы,  әрі өндіріс б.т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге  жеткізу керек.   Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс.   Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек.

 Ауыл шаруашылығында шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т.б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.

Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары

бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.

Басқарудың өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп. Бұл өндірістің, әртүрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.

Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады

 

1.1.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

принциптері

Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде ерекше факторлардың әрекет етуін айқындайтын көптеген қасиеттермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің негізгі ерекшелігі - ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың - еңбек заты ретінде әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.

Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.

Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім иеҚазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.

Ауыл шаруашылығының әрбір өндірістік саласында өндірілген өнімнің құнында материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа ие.                                                                                 Сонымен қатар, айналым құралдары қайта өндірістің барлық кезеңінде болады: дайындау, тұтыну, сату.

Бухгалтерлік есеп әдісі және оның бақылау қызметі ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады. Перманентті түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.

 

 

 

 

2.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі

2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.

Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.

Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.

Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары (Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша)

Орталықтар

Басты мәдени дақылдар

Үй жануарлары мен құстары

Жерорта теңізі

Арпа, зығыр, жүзім, 
апельсин, зәйтүн, құрма

Ешкі, қой, ірі қара

Оңтүстік-Батыс Азия     

Бидай, карабидай, арпа, 
сұлы, кендір, бұршақ, 
қызылша, жүзім

Ірі қара, жылқы, ешкі, 
бактриан (екі өркешті түйе), 
қой, үйрек

Оңтүстік Азия

Күріш, бидай, қант құрамы, 
мақта, джут, шай, 
кокос пальмасы

Ірі қара (буйвол, зебу), 
үйрек, қаз

Шығыс Азия

Күріш, қытайбұршақ, 
қытайтары (гаолян), арпа, 
тары, шабдалы, өрік

Қодас, шошқа, 
түт жібек көбелегі

Оңтүстік-Шығыс Азия

Күріш, ямс, тары, 
саго, банан, қант құрағы

Шошқа, тауық

Эфиопия

Бидай, арпа, сорго, 
тары, кофе, мақта, 
банан

Дромедар (бір өркешті түйе),

Батыс Африка

Күріш, тары, ямс, 
май пальмасы, қарбыз, 
қауын

Шошқа

Орталық Америка

Жүгері, маниок, батат, 
жержаңғақ, какао, сизаль, 
макта, темекі

Күркетауық, үй қояндары

Анд тауы

Жүгері, картоп, асбұршақ, 
мақта, күнбағыс

Лама, альпака


Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.

Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналадыЖүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.

Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы

Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді. Субтропиктік (жерортатеңіздік) және тропиктік белдеулерде көбірек таралған. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.

 

2.2. Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі

 

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет,т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларынасиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді мал шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы . Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда (3-кесте), 2004 жылы сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиырлар 16,0 — 15,4%-ға, мал мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 — 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.

 

3. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылауын жетілдіру. Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудың басты мақсаты - нақты экономикалық ортада бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау үшін қолайлы жағдай жасаудан тұрады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің әлемде жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реформалау мақсаттары келесіден тұрады :

- пайдаланушыларды пайдалы ақпаратпен  қамтамасыз ететін есеп пен  есептіліктің стандарттар жүйесін  құру;

- Қазақсатандағы бухгалтерлік  есепті халықаралық деңгейдегі  стандарттар үйлесімінің негізгі тенденцияларымен байланысын қамтамасыз ету;

- Бухгалтерлік есептің реформаланған  моделін енгізуде ұйымдарға әдістемелік  көмек көрсету.

Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ХҚЕС және ҚЕҰС қолдануы жағдайында, ауыл шаруашылығы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1  сәйкес  қорлар келесідей жіктеледі:

  • қайта сату үшін сатып алынған және сақталудағы тауарлар;
  • қайта сатуға арналған мүліктер (жер, ғимарат, көлік құралдары);
  • өндірілген және сатуға арналған дайын өнім;
  • өнім өндіруге және өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған шикізат пен материалдар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • өзге де көмекші қорлар.

Біздің ойымызша бұл анықтама – ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін  ескермеген. Бұл нормативті құжатқа сәйкес, ұйым ішінде өндірілетін қорлардың көп бөлігі (жем-шөп және өз өндірісіндегі тұқымдық материалдар, табиғи тыңайтқыштар) материалдық өндірістік қорлар қорлар құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты көрсетілген – ол өнімді сату.

Есепті жетілдіру бағыттарының бірі болып оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен тиімді жүргізу. Басқару тиімділігін көтеру үшін материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсеткендей шамадан тыс қорларды ең төменгі қысқартудың өзі біршама қаржылық ресурстарды босатуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді.                Бірақ өнім шығарудың үлкен номенклатурасымен, көп мөлшерде әртүрлі шикізаттарды пайдалану қажет болған жағдайда, қорлар деңгейін тиімді мөлшерде жасауға қатысты мақсаттарды шешу қиындайды. Бұл жерде материалдық ресурстар қозғалысының нақты және жедел есебін жолға қоюға мүмкінідік беретін компьютерлік жүйелер көп көмек береді.Қазіргі кезде материалдық қорлар бойынша есеп, басқару және бақылау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік бағдарламалар жасалған. Мысалы өндірістегі материалдар есебін ұйымдастыру бойынша олар лимитті-жинақтама карталарын, қорлар қозғалысы бойынша құжаттарды, есептен шығару актілерін, өндірістік есептерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде өндіріске қорларды жіберуде сандық және құндық мөлшерлерді бақылау жүзеге асырылған. Мөлшерлеме өндіріске материалдарды жіберуге негіз болып табылатын құжат лимитті-жинақтама картаны рәсімдеу кезінде енгізіледі. Мөлшерден тыс жіберетін жағдайда өндіріске жіберу жүкқұжатында тиісті рұқсаттың деркетемелері келтіріледі. Мөлшерлерді бақылау белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар бір материалдардың жетіспеушілігі жағдайында, оларды басқа бір түрімен алмастыру мүмкіндіктері ұсынылады.             Дайын өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттардың нормативті және нақты шығындары туралы есептілікте материалдарды есептен шығарудың әртүрлі нұсқалары есепке алынады. Материалдық шығындар есебі дайын өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Бұндай жүйе түрлері саладағы кәсіпорындарда пайдалануы және олардың ерекшеліктеріне қарай жасақталуы мүмкін.

Қазіргі таңда «1С» фирмасымен «Бухгалтерлік есеп. Ауыл шаруашылық кәсіпорын» бағдарламасы жасалған. Бұл жерде жем, отын, тыңайтқыштар есебі үшін арнайы анықтама пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерді есепке алу үшін үш өлшем бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада арнайы ауыл шаруашылық есептіліктері бар - «Жемдер шығысы», «Малдар қозғалысы» және басқалар. Қазіргі уақытта материалдық қорлар есебін жеңілдетудің бір мысалы, жемдер сапасының есебі сияқты арнайы мақсаттарды орындайтын қажетті кез келген бағдарламалық өнімді алуға болады. Шаруашылықтардың көпшілігінде техникалық база (компьтерлер) бар, олар толық пайдаланылмайды. Бұл жердегі жалғыз проблема - есепті компьютерлендірудің маңызын түсіну және персоналдарды оқыту.

Қорлар есебін ұйымдастыруда шаруашылықтың еңбек құралдары болып табылатын шаруашылық құралдарының есебі ерекше маңызға ие. Активтердің бұл түрі пайдалану мерзіміне байланысты екіге бөлінген - бір бөлігі негізгі құралдар құрамына кіруі тиіс, ал екіншісі өндірістік қорлар құрамына кіреді. Қандай құралдарды қай шоттарда есепке алу керек екендігі туралы шешімді, ұйым қызметінің сипаты мен шарттарына байланысты, ұйым басшысы қабылдайды. Бұл шешім ұйымның есеп саясатында бекітіледі.

 

 

 

Қорытынды

       Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

 Есеп пен бақылаудың теориялық  негіздерін кешенді зерттеп, біз  олардың басқарудың дербес қызметі  ретіндегі маңызын анықтадық. Бухгалтерлік  есеп басқарудың барлық кезеңіне  тән, ол басқарудың әрбір кезеңін  ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз  ету қызметін орындайды; шаруашылық қызмет пен басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бірақ, бухгалтерлік есеп сияқты осындай күрделі жүйе өзінің ақпараттық қызметін орындау үшін, есепті ұйымдастыруға өзгерістер енгізіп отыру қажет. Есептің ұйымдастыру аспектісі көпшілігінде дұрыс бағаланбайды, соның нәтижесінде ақпарат жүйесі мен басқару жүйесі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Кәсіпорынды басқарудағы бақылаудың дербес мағынасын айқындап, біз оның негізігі үш қырын анықтадық: пәні мен әдісінің ерекшелігі және объектіге алдын-ала әсер ету мүмкіндігі. Бірақ оған қарамастан, есеп пен бақылау бір бірінсіз мүмкін болмайтындай тығыз байланыста.

 Бухгалтерлік есеп бойынша  нормативті құжаттарда өндірістік  қорлар түсінігінің болмауы, оларды анықтау қажеттілігіне алып келді. Өндірістік қорлар (материалдар) – белгілі бір кезең барысында ұйымның жарғылық құжаттарымен бекітілген қызметін жүзеге асыру үшін өндіріс процесінде, басқару мақсатында және басқа да қажеттіліктер  үшін пайдаланылатын сатып алынған, өндірілген, басқа да көздерден алынған, экономикалық субъектінің меншігі болып табылатын, ұйымның бухгалтерлік балансының активінде көрініс табатын материалдық құралдар мен еңбек заттары. Бұл анықтамада, біз қорлардың экономикалық және бухгалтерлік мазмұнын біріктіруге тырыстық. Қорлардың экономикалық мазмұны олардың еңбек заттарымен қатар еңбек құралдарынан да тұратынында (еңбек құралдары бұл жағдайда өздерінің құнын дайын өнімге бірте-бірте аудару ерекшелігін жоғалтады). Бухгалтерлік мазмұны мүліктік иелік қағидасына басымдылық берумен сипатталады.

 Есептің әдістемесін зерттеу  барысында материалдық-өндірістік  қорлар есебінің алдына көздеген  мақсаттарына байланысты әртүрлі  міндеттер қойылатыны анықталды. Яғни, мақсаттар, әдетте, тек қана бір ғана бағытқа ие болады, мысалы есепті автоматтандыруға, қорлардың пайдаланылуын бақылауға және т.б. Ал басқа мақсаттар екінші кезекті болып, сұраусыз қалады. Осыны болдырмау үшін және барлық мақсаттардың бірдей маңыздылығын анықтау үшін, бірдей маңызды және өзара байланысты мақсаттар жүйесі жасалды.

Бухгалтерлік есепті реформалау бағдарламасына сәйкес жаңа нормативті құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Бірақ, ауыл шаруашылық ұйымдарының тәжірибесінде халықаралық есеп қағидаларын қолдану үшін, көпшілігінде есеп процесін техникалық жабдықтандыру жетіспейді. Шаруашылықтар үшін инфляция жағдайында қорларды бағалаудың орташа құн әдісін пайдалану тиімді деп анықталды. Бірақ, әлемдік тәжірибеде кең таралған қорларды бағалау әдістерін қолдану үшін қорларды партиямен есепке алуды ұйымдастыру қажет, ал ауыл шаруашылық ұйымдарында бұл қаржылық және субъективті себептерге байланысты үнемі мүмкін болмайды.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нажикбаева К.К «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2013.

Дорошева Г. Лизинг // Бухучет на практике, 6 (19), июнь 2005 г. с. 2-30

Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. Москва: Финансы и статистика, 2001г.-160с.

Торшаева Ш.М. Принципы бухгалтерского учета: учебное пособие. Караганды: 2006 г. 300 с.

Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан, 2002.-728с.

Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан,1997.-576с.

Национальный стандарт финансовой отчетности 2 от 21 июня 2007 года 217

Типовой план счетов бухгалтерского учета. Утвержден 23.05.07 185

 

 

 

 

 

 

 

 


Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары