Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар
Кіріспе
Сот билігіне берілген өкілеттік шеңберінде мемлекет атынан әрекет ету құқығы берілген. Қандай да азаматтар тарапынан құқық бұзушылық кез келген шешімдер мен мемлекеттік органдардың лауазымына қарамай, Конституциямен, заңдармен көзделген құқықтарға, бостандықтарына, заңды мүдделерге нұқсан келтірсе сот арқылы қорғану кепілдігі берілген. Бүгінгі күнде сот жүйесіне Қазақстан халқының сенімі арта түскенін байқаймыз.
Бұл – республикада азаматтық іс жүргізу заңдарының жетіле түскенінің айғағы.
Тәуелсіз Қазақстан Кеңестік дәуір тұсындағы тағдыры мен тарихына, мемлекеттік институттардың жетістіктері мен дағдарыстарына байыпты көзқараспен, құрметпен және сыни тұрғыдан қарайтын кезеңге жетті.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуында өткен қоғамдық құрылыстан жаңа тұрпатты қоғамға өтудің құқық қорғау органдарының жұмысындағы күрделіліктер,жоғары кәсіби дәрежеде құқықтану,жаңа сапалы заңдар қабылдау және қоғамның одан ары дамуының құқықпен қамтамасыз етілуіне уақтылы қажеттілік туды. Келесі сот реформаларының қажеттілігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға өзінің септігін тигізді.
Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1994 жылғы қабылданған
«Қазақстан Республикасы
Реформа сот жүйесін
дамытуды жаңа белестерге
Қаулыда Қазақстандағы сот жүйесін реформалаудың бағыттары көрсетілді.
- сот құрылымы мен сот сот өндірісін қайта ұйымдастыру
- материалдық құқықты жетілдіру
- құқық қорғау органдарының құрылымы мен қызметін реформалау
Оның ішінде ішкі істер органдары, тергеу, анықтау, прокуратура, қауіпсіздік комитеті және әділет органдары, сондай-ақ адвокатура кіреді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп Ата Заңымызда көрсетілген. Ал, халықтың соттан күтетіні әділдік. Небір қилы тағдырды қозғайтын іске билік айту оңай емес. Кесімді шешім айтып, қаралатын іске, адамның тағдырына немқұрайлы қарауға ешбір судьяның құқығы жоқ. Міне, осы тұрғыдан алғанда судьяның азаматтық істі шешуде атқарар ісі оңай емес екені белгілі.
Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді. Судьялардың сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы және тек Конституция мен конституциялық заңдарға бағынатыны, сот төрелігін жүргізу соттың ерекше артықшылығы екендігі сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыратындығы, сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда қадағалау функциясын қорғау функциясы мен істі шешу функциясынан бөлек болатындай етіп құратын тараптардың жарыспалығы мен тең құқықтығы, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық құқықтық нормалармен және республиканың азаматтық іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыратыны белгіленді.
Осынау мемлекеттік бағдарламадан бастау алған игілікті істер бүгінде жалғасуда. Тәуелсіз республикамызда 2000 жылы Конституциясының "ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заң өмірге келді. Аталмыш заң арқылы сот жүйесіне байланысты, ең алдымен мемлекеттік және құқықтық сипаттағы маңызды міндеттер жүктелетін мемлекеттік билік тармағы қалыптасты. Бұл заң сот жүйесінің алдына сот төрелігі органдарын одан әрі жетілдіру міндетін ұсынды. Республикамыздағы жергілікті соттар биліктің сенімді тірегіне айналды.
Сонымен, бітіру жұмысының тақырыбы қазіргі кезеңдегі өзекті тақырыптардың бірі, өйткені сот жүйесін дамыту кезеңінде азаматтық іс жүргізу қатынастары субъектілеріне жеке-жеке тоқталып баға беру өте қажетті жағдай. Нарықтық қатынастардың дамуы барысында азаматтық істердің сотта қаралуы көбейді, өйткені азаматтар болсын, заңды тұлғалар болсын өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін тек өздері арқылы сот қорғайтынын білді.
1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.
1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілерінің арасынан алдымен әділсотты жүзеге асыратын сотты, сондай-ақ азаматтық іске қатысатын басқа процесс субъектілерін алып қарауға болады. Азаматтық іс жүргізудің субъектілері болып саналатын тұлғалардың құқықтық жағдайлары әртүрлі. Мысалы, талапкер өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс қозғайды, үшінші тұлға іске егер іс қарап біткеннен кейін оған кері талаппен жауап беруге тура келген жағдайда іске қатысады. Сарапшы-эксперт іске сот сараптама тағайындау туралы қорытынды шығарып оны сарапшыға тағайындау туралы ұйғарым шығарылса қатысады. Прокурор азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану туралы істер бойынша заң оған қорытынды беруді міндеттегендіктен қатысады. Куә жол-транспорт оқиғасынан куәлік айғақ беру үшін шақырылады. Жауапкер өзінің кәмелетке толмаған балаларына алимент өндіру жайлы міндеттемесін орындамағаны үшін жауап беру үшін шақырылады.
Осыларға қарап-ақ, барлық субъектіледің мүдделері әртүрлі екенін көреміз. Осылардың ішінен заң шығарушы бөлген негізгі іске қатысушыларды шығарамыз. Былай қарасаңыз барлығы іске қатысады: талапкер жауапкермен, куәлар, адвокат және аудармашы. Бірақ іске қатысушы деп арнайы юридикалық маңызы бар заңда қаралған тұлғаларды ғана айтамыз.
Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, АК-ның 56-57 баптарында көзделген негіздері бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады[2, 34бет].
Сонда "іске қатысушы тұлғаларды" басқа субъектілерден бөліп қарауға не әсер етеді. Бірінші, заңды мүдделіктің болуы. Тараптар мен үшінші тұлғалардың істе материалдық-құқықтық заңды мүдделер болады, яғни істі шешкен кезде бір тарап белгілі материалдық қажеттілікке ие болады дп екінші тарап одан айырылады. Талапкер, жауапкер және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар үшін тікелей мүдде болып саналғандықтан, сот шешімі де олардың құқықтары мен міндеттеріне тікелей әсер етеді. Ал дау нысанасына өз талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар үшін ол жанама мінездемеге ие, өйткені соттың шешімі оның құқықтары мен міндеттеріне мүддесіне тікелей әсер етпейді, ол тек негізгі талап бойынша шыққан шешімге кері талап тағдырына кері әсер етпеуіне ғана мүдделі.
Прокурор не мемлекеттік басқару органдары екі тараппен де даулы қатынаста болмағандықтан істе материалдық-құқықтық мүдделері болмайды. Олардың мүддесі іс бойынша тек юридикалық маңызы бар, бірақ ол материалдық емес, ол прокурордың мүддесі – жалпы мемлекеттік мүдде де, мемлекеттік басқару органдарының мүддесі – қоғамдық мүдде болып саналады да, олар соны қорғайды.
Тағы бір маңызы бар жағдайға назар аудару керек. Дәл іске қатысушы тұлғалар өздерінің әрекеттерімен істі қозғауға ары қарай жүргізуге, яғни кей жағдайларда оны тоқтатуға, шыққан шешімге шағымдануға, жоғары тұрған лауазымды адамға қадағалау тәртібімен протест келтіруге әсер етеді.
АІЖК-нің 44-бабындағы өкілдер жайлы айтылмайды. Кейбір авторлар бұл дұрыс емес деп санайды, өйткені сот өкілдері іс жүргізуде өзіндік жеке роль ойндайды[3, 243 бет].
Басқа авторлар, керісінше, сот өкілдерінің заңды мүдделері жоқ, сондықтан олардың іс жүргізуде жеке өзіндік процессуалдық құқығы жоқ, ол тек өкілеттік берген адамдардың мүдделерін қорғап іске кіріседі. Сондықтан олар іске қатысушылар болып саналмайды дейді[4,56 бет].
Бұл пікірлермен келісу қиынға түседі. Керек десеңіз шарт бойынша өкілдер яғни (адвокаттар, юрист-консульттар) іс жүргізуде жеке процессуалдық құқықтарға ие. Шынында, іс жүргізуге кірісу үшін олар іске қатысты жүргізуге рұқсат беретін сенімхатты көрсетуі керек. Ондай сенімхатты сотқа көрсете отырып, олар ары қарай өз таңдаулары бойынша істі жүргізеді. Сондықтан оларға барлық іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін өкілеттілік керекпе? Олар АІЖК-нің 47-бабындағы іске қатысушы тұлғалардың бүкіл құқықтарына ие болып, міндеттер атқарады.
1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқау ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өөз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.
2. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.
Тек заңда көрсетілген ерекше жағдайларда ғана ерекше сенімхат алуы керек. өйткені ол істерде талапкердің рұқсатынсыз қатыса алмайды.
1. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіліктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.
2. өкілдің осы аталған іс-
Егер өкілдер азаматтық іс жүргізудің субъектісі бола алмайды деген қорытындыға келетін болсақ онда ол ақылға симас еді.
Көрсетілгендей, сот өкілдерінің ішінде тек шарт бойынша өкілдер ғана емес, сондай-ақ заңды өкілдер де іс жүргізуге қатыса алады. Яғни ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары іске барлық процессуалдық құқықтарға ие бола отырып ешқандай ерекше сенімхатсыз өз мүдделерін қорғау есебінде іске кіріседі.
Мысалы өзіне мұрагерлік өсиетпен немесе сыйлық есебінде жасөспірім белгілі бір мүлікке ие болды, бірақ оны туыстары еселеніп балаға бермейді. Осы жағдайда баланығ анасына сотқа талап арыз беріп іс қозғау үшін ешқандай сенімхат керек емес. Сот талапты қанағаттандырудан бас тартты, ал анасы апелляциялық шағым берді. Сонда ол шағымда анасына қабылдамау керек пе? Жоқ, қабылдайды. Бұл дегеніміз – заңды өкіл іске қатысушы деген анықтаманы дәлелейтін бұлтартпас дәлел.
Іске қатысушы тұлғалар маңызды комплексті бірқатар іс жүргізу құқықтарына ие екенін және басқа субъектілерге қарағанда ерекше жағдайда екенін көруге болады. Азаматтық іс жүргізу заңы іске қатысушылардың пайдаланатын құқықтар құрамын АІЖК 47-бабында толық көрсеткен. Ең алдымен олар істегі барлық материалдармен таныса алады. Олар материалдардан көшірмелер, үзінділер жазып ала алады. Олар тек өздерінің материалдарынан ғана емес, прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының ұсынған құжаттарынан да ала алады. Айтқандай сот өкілі заң көнсультациясының берген ордері мен сенімхат негізінде осы әрекеттерді ешқандай арнайы сенімхатсыз өзі жасай береді. Бұл оның өкіл ретіндегі өзінің процессуалдық құқығы болып саналады.
Іске қатысушы тұлғалар сот талдауына да белсенді қатысады. Олар сот құрамына қарсылық білдіреді. Яғни сот, прокурор, сот хаттамасына, кез келген уақытта дәлелдемелер ұсынуға, іске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар беруге, куә мен әкспертке іс бойынша өздеріне белгілі болған іске маңызы бар мән-жайларды айтып түсініктер беруіне құқықтары бар. Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері тексеруге және басқа жиналған дәлелдемелер мен қатар бағалауға жатады.
Іске қатысушылар сондай-ақ ұсыныс беруге, дәлелдеме талап етуге, сараптама тағайындауға, талапты қамтамасыз етуге істі кез келген уақытта, шешім шыққанға дейін тоқтатуға ұсыныстар беруге, жасауға құқықтары бар.
Сот процесі кезінде іске қатысушы тұлға сотқа жазбаша ауызша түсініктемелер беруге, сот талдауы кезінде барлық сұрақтар бойынша өз болжауларын келтіруге, басқа тұлғалардың ұсыныстары, болжауларына, ойларына қарсылықтарын білдіруге құқықтары бар. Сондай-ақ соттың шешіміне шағым келтіре алады. Тағы басқа іс жүргізу барысында көптеген құқықтарға ие болады.
Азаматтық іс жүргізу Заңында іске қатысушы тұлғалар барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқару керек делінген[5, 55бет].
Құқықты асыра пайдалану және заңда белгіленген міндеттерді орындамау жаза қолдануға немесе сот шешімінің мазмұнында көрсетілуі мүмкін. өйткені, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Мысалы тараптар талапкер мен жауапкер өздерінің құқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау мүмкіндігін пайдаланбай белсенді қорғанбады. Бұл жағдайда талаптан бас тарту жайлы шешім алса, жауапкер талапты қанағаттандыру жайлы шешім алады.
өзінің құқығына жауапсыз қарап, міндеттерін орындамау іске қатысушыға санкция қолдануға дейін алып келуі мүмкін.
1. Талап етілген жазбаша
2. Сот хабардар етілмеген
3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.
1.2. Сот өндірісіндегі тараптардың
құқық қабілеттілігі мен
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – яғни азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын сот өндірісіндегі барлық тараптар мен барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Ол азаматтық құқықтық қабілеттелікпен тығыз байланысты, бірақ оған бағынышты емес. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілік мынадай: Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Ал АІЖК құқық қабілеттілікте азаматтық сот өндірісінде тек қана азаматтық істер ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, еңбек, неке, отбасы, салық, мемлекеттік және басқа қатынастарды қарайды. Азаматтық құқық үшін қазірде субъектілер: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар, ҚР және шетелдің.
Азаматтық құқық сияқты АІЖ құқығы да азамат туғаннан бастап қайтыс болғанда аяқталады. Ал заңды тұлғаларда тіркелген кезден емес, яғни материалдық құқықтың субъектісі болғаннан бастап пайда болады. Ал енді бұл іс жүргізу құқық қабілеттілігі тек қана тараптарға, яғни талапкер мен жауапкерге ғана қалданыла ма жоқ іс жүргізудің басқа субъектілері сот прокурор, сот өкілдеріне де қолданыла ма деген сұрақ әлі даулы мәселе күйінде қалып отыр[6,75 бет].
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.
1. Сотта құқықтарын өз іс-
2. Он төрт жастан он сегіз
жасқа дейінгі кәмелетке
3. Он төрт жасқа дейінгі
4. Заңда көзделген жағдайларда,
азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік,
әкімшілік және өзге де құқық
қатынастарынан және тапқан
Біздің азаматтық құқықта 16-жасқа толған азаматты еңбек шарты бойынша жеке еңбек ашртымен немесе кәсіпкерлікпен айналысса ата-ана, асырап алушылары, қорғаншы, қамқоршы органдардың келісімімен толық әрекет қабілеттілікке ие бола алады. Оны эмансипация дейміз. Бізде бұл тек неке және отбасы заңдарында кездеседі.
Оны яғни әрекет қабілеттілігі жартылайдан толыққа ата-аналарының келісімімен қорғаншы қамқоршы органдардың шешімімен танылады. Егер ондай келісім болмаса соттың шешімімен.
Азаматтық заңдар бойынша азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.
Сонымен, 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың дәне әрекет қабілеттілігі шеектелгендердің құқықтарын азаматтық іс бойынша сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
Егер іс қозғау барысында тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса немесе әрекет қабілеттілігі шектелген болса сот олардың өкілдерімен бірге өздерінде іске қатысуға шақыра алады. өйткені оларсыз өкіл бітімгершілікке келе алмайды, талапты мойындай немесе одан бас тарта алмайды.
Бірқатар құқықтық қатынастарда мысалы еңбек қатынасындағы зиян келтіру мәселесі бойынша кәмелетке келмегендер өздерінің құқықтары мен міндеттерін өздері қорғай алады. Мысалы, әкімшілік бастамасымен жұмыстан шыққан 17 жасар кәмелетке толмаған жасөспірім, қайтадан жұмысқа алу туралы талапты сотқа өзі қоя алады. Бұл жағдайда сотқа заңды өкілді шақыру –шақырмау, соттың өзінің қарауына байланысты болады[7, 44бет].
16 жасқа келіп некеге отырған
азамат толық әрекетке
Әрекет қабілеттілігі толық емес, яғни 15 жасқа келмеген немесе заң бойынша әрекет қабілеттілігін шектеген азаматтардың атынан олардың заңды өкілдері қорғайды.
Кей жағдайда әрекетке қабілетсіз тұлға өзі істі қозғауымен әрекет жасайды, сот арызды қозғалыссыз қалдыра тұрып, оның заңды өкілдерін іске қатысуға қамтамасыз етеді.
2. Азаматтық іс жүргізу қатынасының сот – міндетті субъектісі ретінде.
2.1. Сот - Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының арнайы субъектісі.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарын қарау барысында нақты азаматтық істер бойынша сот өндірісіне қатысушылардың барлығы азаматтық іс жүргізудің субъектілері деп танылады.
Соттар азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі ретінде үлкен екі топқа бөлінеді. оның біріншісі азаматтық істі маңызы бойынша қарайтын бірінші инстанциядағы соттар болса, екінші топқа апелляциялық сатыдағы соттар, яғни заң күшіне енбеген шешімдерді қадағалау бақылау сатысындағы жоғары тұрған облыстық соттар.
Соттың іс жүргізу әрекеттері іс жүргізу қатынастарының динамикасына әсер ететін нақты юридикалық фактілер болып саналады. Оның көрсетулері азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының басқа қатысушылары үшін міндетті. Сондықтан соттың азаматтық істегі құқықтық жағдайы екі қасиетке ие, оның біріншісі – азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасқа қатысушы, екіншісі – нақты азаматтық істі қарауда істегі барлық сұрақтарды шешуге өкілеттілік берілген орган.
Бұзылған құқықты қорғаудың сенімдік кепілі сот болып табылады. Яғни азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі сот оның ішінде аудандық және қалалық соттардың судьяларының қызметі болады.
Бітіру жұмысының алынған тақырыбы маңызды әрі дер кезінде көтеріліп отырған мәселелер болып табылады. Себебі, сот жүйесінің аудандық буынының сот істерін шешу бойынша негізгі жүктемені көтеретіні белгілі. Қазіргі кезеңде жергілікті соттардың негізгі мәселелері тұтастай алғанда шешілді, ал материалдық-техникалық қамсыздандыру айтарлықтай жақсарды, десек те сот әділдігін атқарудың пәрменділігін арттыру, соттардың әлеуметтік беделі, судьялардың тәуелсіздігі, сот кәсібінің әдептілік аспектілері, сот ісін жүргізудегі ашықтық пен жариялық, сот билігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби дайындығына байланысты көптеген мәселелер әлі де өзекті күйде қалып отыр[7, 67бет].
Қазақстан Республикасының қазiргi заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыдағы аудандық соттар iс бойынша iс жүргiзудi қозғаудан бастап, процестiң барлық сатыларында процестiң жеке мәселелерiн және негiзгi мәселе – iстi мәнi бойынша қарауға байланысты мәселелердi шешу бойынша процессуалдық iс-әрекеттердi жасайды. Аудандық сот аталған әрекеттердi жасай отырып, әр кезде сәйкес ведомоствалық бағыныстылықты дұрыстап, соттылықты шығаруы керек.
Аудандық сот процестiң жеке мәселелерiн неғұрлым дұрыс шешсе және ұйғарымдарын дұрыс шығарса, соғұрлым ол шығарылған шешiмдер заңды және негiздi болады.
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, бірінші инстанция бойынша аудандық (қалалық) соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және істерді сотқа дейін әзірлеу, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды.
Аудандық сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Аудандық соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады.
Аудандық соттарға, сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талапкерді немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талапкердің пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қандай атаумен болсын арнайы және төтенше соттарды бекітуге тыйым салады. Кеңес өкіметі ХХ ғасырдың 20-30 жылдары төтенше өкілеттіктер берілген арнайы органдарды белгілейді. Конституцияға жат мұндай органдар заңдарды өрескел бұзды, кінәсіз азаматтарды негізсіз айдау-сүргінге салды. Бірақ бұл мамандандырылған соттар белгіленуі мүмкін емес дегенді білдірмейді. "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңы соттарды мамандандыруға және осы мақсатта мамандандырылған соттар құруға рұқсат етеді. Шаруашылық, салық, отбасы, әкімшілік, еңбек істері, кәмелетке толмағандардың істері және т.б. бойынша мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Егер мамандандырылған соттар белгіленетін болса, онда олардың аудандық (қалалық) сот мәртебесі болады. Сот төрелігін тек заңға сәйкес және соның негізінде белгіленген соттар арқылы ғана жүзеге асырылатынын атап айтқан жөн. Ешқандай өзге органның, лауазымды адамның сот қызметін міндетіне алуына құқығы жоқ. Азаматтар тарапынан өзінше билік етіп, жеке сотын ұйымдастыруына заңмен тыйым салынады.
Аудандық соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Республика Президенті құрайды, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттардың жалпы санын Президент бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Аудандық соттар: 1) заң бойынша басқа соттардың қарауына жататыннан өзге барлық істерді бірінші инстанция бойынша қарайды; 2) сот статистикасын жүргізеді және талдайды; 3) заң бойынша өзіне берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір өкілеттіктер берілген. Ол бірінші инстанциядағы істерді қарайды, азаматтарды қабылдайды, сот практикасын зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз етіледі.
Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады
Көрсетілген міндеттерді шешуге, менің ойымша осы қиындықтардан шығудың жаңа тәсілдерін белгілеп, өзге елдердің тәжірибесін ортаға салатын және жергілікті соттардың рөлін күшейтуге, судьялардың тәуелсіздігі мен сот билігінің қол жетімді болуын қамтамасыз етуде қосымша қуат беретін бүгінгі ғылыми-практикалық тәжірибелердің қомақты үлес қосатынына сенімдімін.

- Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары
- Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы
- Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны
- Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны
- Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері
- Азамттық құқықтың субъектілері
- Азамттық құқықтың субъектілері”
- Азаматтық құқықтық обьектілері
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері
- Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары
- Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- Азаматтық неке
- Азаматтық процесстегі дәлелдемелердің түсінігі
- Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары