Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Жоспар

І. Кіріспе

1.  Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары

1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны

1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары

1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы

1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі

1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына  қолданылуы

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын - азаматтық құқық. Азаматтык  құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жатқан нарыктық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реателінетін құкық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

Жеке индивидтердің жеке адамдар деп атайды. «Жеке адамдар» ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетеліктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

Егер олардың заңды  тұлға мәртебесі болса, адамдар  құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Адамдар арасындағы қоғамдық байланыс, олардың мінез-құлқына әсер ететіндіктен, азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы, іс-әрекеті жатады. Материалдық игіліктерге бағытталған азаматтық мүліктік құқық қатынастары да оның объектісін құрайды. Мысалы тапсырыс берушінің тапсырмасы және мердігер шарты бойынша іс-әрекет етсе, ол да құқық қатынасының объектісін құрайды. Яғни, азаматтық мүліктік құқық қатынасы іс-әрекет механизмі: тиісті тұлға өз іс-әрекетімен міндетті тұлғаға әсер етеді, дәлірек айтқанда, соның материалдық игілігіне жұмыс істейді. Мүліктік қатынастардың мүліктік емес құқық қатынастарынан ерекшелігі – объекті ретіндегі тұлғалардың мінез-құлықтары болады. олар әртүрлі жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған: ар мен абырой, іскерлік атақ, адамның аты-жөні, заңды тұлғаның атауы, т.б. Бұдан біз азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде, субъектілердің материалдық емес игіліктеріне құрылған мінез-құлық бағыты жататынын көреміз.

Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады, коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі заңда анық көрсетілген.

Заңды тұлғаларға ортақ белгілер қандай және қандай түрлері бар, олардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуының құқықтық ерекшеліктері, оларды мемлекеттік тіркеудің маңызының ұғымын, түсінігін беру жалпы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген заңды тұлға дегеніміз ұғымын зерттейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны

 

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын — азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құкығымен  реттелінетін қатынастардың түсінігін  беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда керсетілген екі категорияның негізінде азаматгык құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне  негізделген езге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық, құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі  болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн  болар кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық зандармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық манызы жоқ қатысушылардын қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми едбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады,,

Азаматтық заңдармен  реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы  жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге кол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың арнамысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне қол  сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтық жеке әміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне  кол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік катынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдармен  реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай  келе, бұл қатынастардың, субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Казақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),

-заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау кажет. Көтеген ғалымдардын тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқыктық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтык құкық пен азаматтык. міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.

Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.

Диспозитивтік норма  дегеніміз - тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер занда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық  Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген  ережелерге башнады. Мәселен, азаматтық Кодекстін 238-ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа  сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтық құқық дегеніміз - бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға баланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

 «Нормативтік құқықтық  актілер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес зан актілеріне: конституциялық заң, Қазақстан  Республикасы Президентінің конституциялық  заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Казақстан Республикасы Презвдентінің  зан күші бар жарлығы, Қазақстан Республика-сы Парламентінін қаулысы, Сенат пен Мәжілістің каулылары жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының  Презвдентіне және жергілікті әкімшіліктердің  басшыларына қосымша екілеттіктерді уақытша беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы жұмысын бастаған мерзімге дейін Конституіщяньщ негізінде және оны орындау үшін заң күші бар актілер шығаруға құқық берілді. Жоғарыда аталған заннын 1-бабында бұл актілер Казақстан Республика-сынын тиісті заңдары қабылданғанға дейін колданылады деп белгіленген.

Сөз жоқ, азаматтық құқық  үшін Казақстан Республикасы Президентінің  мынадай заң күші бар Жарлыктарынын. зор маңызы бар: 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы»1,1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы»2, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Казакстан Республикасындағы банктер және банк қызметі ту-ралы»3, 1995 жылғы 3 қазандағы «Сақтаңдыру туралы»4, 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы»5, 1995 жылғы 23 желтоксандағы «Жылжымайтын мүлік ипоте-касы туралы»6,1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мұлікке және онымен жасалатын мәмілелерге кұкыктарды мемлекеттік тіркеу туралы»7, 1995 жылғы 22 желтоксандағы «Жер туралы»8, және баскалар.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері  мен ведомстволарьшын нормативтік  актілеріндеде азаматгык-құықтық  нормалар болуы мүмкін. Олар ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды тіркеу 1994 жылш 16 наурызда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген «Ведом-стволық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» ереже негізінде жүзеге асырылады,

Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кодекстежәне азаматтық зандардың өзгеде актілерінде  кезделген жағдайлар мен шекте  министрліктер мен өзге де орталық  атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтык қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.

Ведомстволық азаматтық  құқықтык нормативтік актілер алуан  түрлі болады. Мысал үшін 1994жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Каржы министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген, иесіз мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке еткен мүлікті, көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.

Қазакстан Республикасының  аумақтарын салу, тұрғын үй жәнеқұрылыс салу министрлігі 1994жылғы 30 наурызда «Бас мердігерлер ұйымдарының кіші мердігерлік ұйымдармен өзара қатынастары туралы ережені», 1994 жылғы 9 наурызда «Казақстан Республикасындағы күрделі құрылысқа мердігерлік шарттар туралы уақытша ережені» және 1994 жылғы 7 қазандағы «Құрылыста мердігерлік конкурстар мен сауда-саттық (тендерлер) әзірлеу мен өткізу жөніндегі уақытша ережені» бекітті.

Азаматтық заңдар және халыкаралық құқық нормалары. 
1995 жылғы Казақстан Республикасы Конституциясының 8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазакстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың тендігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халыкаралық дауларды бейбіт жол- 
мен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып 
қолданудан бас тартады».

Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексінде дамытылады. 3-баптын 8-тармағында манызды принциптері бекітілген: егер Қазақстан Республикасы катысушысы болып табылатын халықаралық шартта Казақстан Решубликасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса. аталған шарттың ережелері қолданылады. Халыкаралық шартта оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халы-. каралық шарттар тікелей қолданылады. Жоғарыда аталған ереженін Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға енуі үшін зор маңызы бар.

5. Азаматшқ завдар, іскерлік дағдылар, іскерлік айналым 
ғұрыіггары, моралъ және адамгершілік ережелері. Азаматтық 
кодекстің 3-бабыньщ 4-тармағында азаматтық катынастар 
ғұрыптармен, соньщ ішінде, егер Қазақстан Республикасының 
аумағында қолданылатын азаматгық зандарға қайшы келмесе, 
іскерлік айналым ғүрыптарьшен реттелетін ережелермен 
белгіленетінін атап ету манызды.

Азаматгық кодекстін, 272-бабында  іскерлік дағдылардын қолданылу  мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттеменщ ережелері мен завдардын талапта-рына сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жар-дайда іскерлік айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойыла-тын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Сонымен, аза-маттық айналымда орныққан мінез-құлык ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі. Бүгінгі тавда кәсіпкерлік қызмет са-ласында іскерлік айналым ғұрыптары кен таралып отыр. Ресей Федерациясы Жоғарғы сотынын. Пленумы мен Ресей Федера-циясы Жоғары төрелік соты Пленумының 1996 жылғы 1 шіл-дедегі «Ресей Федерациясынын Азаматтык кодексі бірінші бөлімінің қолданылуына байланысты кейбір мәселелер тура-лы»1 каулысының 4-тармағында мынадай түсіндірме беріледі. Азаматтык кодекстін (әңгіме РФ АК жайында болып отыр) 5-бабына сәйкес іскерлік кызметген туындайтын дауды шешу кезінде соттын қолдануы мүмкін іскерлік айналым дағдысы деп зандарда немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни мазмүны жаганан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметгің қайсыбір саласында кенінен колданы-латын мінез-кұлық ережесін (мысалы, белгілі бір міндетте-мелердін орындалу дәстүрін және т.б.) түсіну керек.

Іскерлік айналым ғұрпы  онын кайсыбір қүжатта көрсетіл-геніне (баспасөзде жарияланғанына, мәт-жаіілары үксас нақ-ты іс бойынша заңды  күшіне енген сот шешімінде баяндалғя-нына және т.б.) карамастан колданылуы мүмкін.

Мораль мен адамгершіліктің  өзінен өзі азаматтық қүқық деректемелері  болып табылатын ережелері олардын, қолданы-луы азаматтык заңдар жүйесіне кіретін әлдебір нормативтік  актіде орнықтыръшған жағдайда ғана сондай болады. Мәселен, Азаматтык кодекстін 158-бабында мазмұны зандардың талап-тарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құкык тәртібінің немесе адамгершіліктің негіздеріне керінеу карсы мақсатпен жасал-ған мәмілелер жарамсыз деп танылады.

Азаматтық кодекстің 245-бабында  мораль мен адамгер-шіліктщ 245-бабында табылған затты оны жоғалтқан адамға I немесе оның меншік иесіне кайтару кажеттігі туралы мораль мен адамгершілік ережесі нығайтылған.

6. Азаматгық зандар, сотпленумынын  қаулылары, сот прак-

і тикасы және сот прецеденті. Батыстың көптеген елдері үшін

азаматгыққұкык деректемелері ретінде сотжәне төрелік прак-

тикасы колданылуы мүмкін (Ұлыбритания және ішінара

АҚШ).

1995 жылғы Кдзақстан  Республикасы Конституциясының 4-бабына  сәйкес елімізде республиканын,  Жоғарғы сотынын, нормативтік  қаулылары ғана қолданыстағы қүқық деп танылады. Мысал ретінде Казакстан Республикасының Жоғарғы со-тьшың 1995 жылғы 22 желтоқсандағы пленумынын «Соттар-дын моральдык залалдын орнын толтыру туралы зандарды кол-дануы туралы» (нормативтік сипаты бар) қаулысын атауға бо-лады.1

Казақстаннан айырмашылығы — Ресей Федерациясында Жоғарғы соттын Пленумы мен Жоғары төрелік сот Пленумы-ның түсіндірмелері нормативтік актілер емес, кайта қүқык кол-дану актілері болып табылады. Сот пленумыньщ қаулылары тек қана азаматтык заңдардын мағынасын ұғьшдыруға және түсіндіруге, бірак азаматтық кұқықтың жаңа нормаларын жа-самауға тиіс. Сотпленущарыкаулыларынын азаматтык кұкық деректемелері болмайтыны сондыктан2. Ресейдін заң әдебие-тінде проф.Ю.Х.Калмыковтың сот пленумдарының каулыла-рындағы басшылық түсіндірмелерді азаматтық кұкык дерек-темелері деп санау керек деген пікір айтканын атап өткен жөн\

Ресейдегі сияқты, Кдзакстанда  да соттың нақты іс бойын-ша шешімі деп үғылатын сот үрдісі де азаматтык  кұкык дерек-темелері қатарына жаткызылмайды. Біздін жоғарыда атап еткеніміздей, сот үрдісі Үлыбританияға тән. В.Ансоннын «Шартгык құкық» деген кітабына жазған алғы сезінде проф. О.Н.Садиков жалпы және әсіресе шартгық кұкыктың кодтал-май қалып отырғанын атап өтеді. Парламент қолданылатын заңдардьщ саны соңғы жылдарда біршама өскенімен, олар шарттық қатынастардың жекелеген жақтарын регламенттейді. Құқыктың негізгі көзі болып үрдіс — соттардың шешіаддері калып отыр, олардьщ іпгінде Үлыбританияньщ жоғары сот са-тысы — лордтар палатасының шешімдеріне заң күші берілген. Соттың құкьіқтык мәселелерді шешуде атқаратын басты ролі мен соттык даулар көп болғанда бағдар алуға және белгілі бір үрдісіне сүйене отырып, өзінің кажетгі айғактарды бере алатынын көрсетуге кабілетті практик-заңгерлердің маңызды рөлі тергеу болып табылады.

 

1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары

 

        Қазақстан Республикасының әрекет  етуші Азаматтық кодексінің 1-бабына  сәйкес азаматтық құқықтық-қатынастардың  субъектісі болып жеке тұлға,  мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер  және заңды тұлғалар табылады.  Заңды тұлға ұйымдасқан, арнайы құқықтар мен міндеттерге ие,  азаматтық-мүліктік қатынастар субъектісі болып табылатын ұйым.  Заңды тұлғаның құрылтайшылары (оның қатысушылары)  заңды тұлғаны мүліктік қатынастар субъектісі ретінде    өзінен бөліп шығару үшін құрады.  Қазігі күні заңды тұлға институтының азаматтық мүліктік қатынастар үшін  маңыздылығы мынада:  оның құрылтайшылары  мүліктік қатынастарға түскен кезде өздерінің  кәсіпкерлік тәуекелдерін  өзіне керек деген сомамен шекиеуге мүмкіндігі бар.

        Бірақ та,  қанша айтқанмен  де  заңды тұлға   құқықтық  категория ретінде заң әдебиеттерінде  бірыңғай  анықтама тапқан жоқ.  Соан байланысты қазіргі кезде  азаматтық құқық ғылымында заңды  тұлғалар туралы бірнеше теориялар  мен тұжырымдамалар бар.

        Кеңес мемлекеті өмір сүрген  кезде азаматтық құқық теориясында  заңды тұлғалар мәні туралы  пікір таластар көп болған  еді. Бұлкезде зерттеу объектісі  ретінде көбінесе  мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелер болды,  бұл мнің ойымша,    КСРО  экономикасында тек қана мемлекеттік  меншіктің  доминант болғандығымен түсіндірілді.   Бұл  жерде заңды тұлғаларға   мемлекеттік сипат беретін    зерттеулерді  атақты  академик  А.В.Венедиктов  өзінің  «ұжымдық теориясымен»  түсіндіреді. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:  а)мемлект атынан барлық халық; б) аталған заңды тұлғаның  жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

        Ал, академик Д.М.Генкин “әлеуметтік  ақиқат теориясын” ұсынды,  яғни  онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық  заңдылықтарын басшылыққа ала отырып,   заңды тұлға азаматтық құқықпен жанама түрде  қажеттілікке орай реттелетінін айтады.  Профессор Ю.К.Толстой  “директор теориясын” алға тартады,   оның пікірінше,  мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директор болып табылады.

        Бірақ бүгінгі күні теориялық  дискуссияларда   заңды тұлғалардың   мәні туралы пікірталастар аса  маңызды  деп айтуға  болмайды.  Ғылыми  әдебиеттердегі  соңғы   пікірлер мен  тұжырымдамаларға  жүгіне отырып,  заңды тұлғаға  “мақсатты мүлік” деген түсінік беруге болады.  Е.А.Суханаовтың айтуы бойынша бүгінгі күндердегі  коммерциялық практика  “мақсатты мүлік” териясын  растап отыр.  Яғни бұл жерде заңды тұлғаны тұлғаландырылған мүлік деп түсінуге болады,  оның негізгі мақсаты  азаматтық және  сауда айналымдарына қатысу.

        Батыс елдерінде заңды тұлғаға  қатысты  фикция теориясы мен  шындық теориясы кең тараған.

        Фикция теориясы  герман юристі,  герман тарих мектебінің атасы  К.Ф.Савиньи  атымен тығыз байланысты. Оның ойынша адам және тек қана адам әрекеттегі  азаматтық құқық субъектісі болып келеді.  Оның тұжырымдамасы бойынша,  заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі болып табылмайды,  тікелей субъект болып заңды тұлғаны құрайтын жеке тұлғалар болып саналады. Фикция теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен қолдау тапты.

        Шындық теориясының шығыуы XIX   ғасырдағы неміс заңгері Гиркемен байланысты.  Ол заңды тұлғаны азаматтық құқықтың бірден-бір субъектісі ретінде таниды. Гирке заңды тұғаны біріккен тұлғалы, мемлекеттен бөлек әлеуметтік шындық ретінде бейнелеген.  Шынымен айтқанда,  Гирке Савиньи сияқты да идиологилық позициядан шықты,  бірақ ол заңды тұлғаны біріккен, құрама  шынайы тұлға деп  айтты.  Бүгінгі органикалық теорияны ұстанушылар да заңды тұғаны құқықтар мен міндеттер жүктелген  ерекше мүдделердің   бірлігі деп те атайды.  Яғни арнайы адамдар, құрылтайшылар,   заңды тұдғаны белгілі бір мақсатқа жету үшін құрады (пайда табу, құықтарын жүзеге асыру).

        Батыс құқығында заңды тұлғаны азаматтық құқықтық қатынастардыңмүшесі болып табылатын ұйым немесе мекеме  деп таниды.   Заңды тұлғаға неғұрлым кең түсінікт Латын Америкасының азаматтық  кодекстерінде  берілді.  Мысалы,  1865 жылғы Чили азаматтық кодексі бойынша    азаматтық айналымға қатысып,  құқықтарға ие болып,   азаматтық міндеттерді орындай отырып,  құқықтық және құықтық  емес қатынастарға фиктивті қатысатын  тұлға.  Оған ұқсас анықтамаларды  Колумбия,  Сальвадор  және  Эквадор азаматтық  кодекстері береді.

        Заңды тұлғаға құықтық анықтаманы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіні 33-бабы береді:   меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,  өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтаррға ие болып,   оларды жүзеге асыра алатын,  сотта жауапкер және  талапкер   бола алатын  ұйым заңды тұлға деп аталады.  Заңды тұлғаның дербес баланасы мен сметасы болуы тиіс  (АК. 33б).  Жоғарыда көрсетілген  анықтамадан  бізде Қазақстан Республикасында  кез-келген ұйым заңды тұлға бола  бермейтіндігін көруге болады.  Заңды тұлға статусына ие болу үшін ұйым келесідей белгілердің бірлігіне ие болу тиіс:

    • ұйымдық бірлік;
    • мүліктік оқшаулық;
    • дербес мүліктік жауапкершілік;
    • азаматтық айналымға өз атынан шығу.

        Азаматтық кодекс заңды тұлғаға  ұйым деген анықтама береді, бұнысын  бізолардың коммерциялық және  коммерциялық емес деп болінуәнен  көреміз. Ұйым деген  термин  астарынан біз азаматтардың арнайы  құрылған,  жұмыс істеу мен  әрекетену ережелеріне бағынатын бірлестігін түсінеміз.  Ал жай ғана жеке индивидтердің бірлесуі заңды тұлға бола бермейді,  онда ең бастысы  келіскен білрлік балу керек.  Көптеген адамдардан тұратын  заңды тұлғаның ұйымдық бірлестігі дегенде, олардың азаматтық құқықтық,  ақша тауарлы қатынастарға бір бүтін ретінде қатысуын түсінуіміз қажет.

        Сонымен қоса ұйымдық бірлестік  дегенде бұл жерде міндетті  түрде көп азматтардың болуы  шарт емес.  Заң бойынша заңды  тұлғаларды бір немесе бірнеше  қрылтайшылар құра алады.  Өйткені көптеген мемлекеттерде соңғы он жыл ішінде капталдың бір орталыққа жиналуна байланысты  бір ғана құрылтайшыдан тұратын заңды тұлғаларсаны көбеюде.  Бұл құдылысты нарықтық қатынастардың ықпалы деп түсінуге болады.  Мысалға,  70-жылдардың басында ФРГ-дегі 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  9300 (яғни 22 пайызы) бір адамнан тұратын компанияларға ауысты.  Германияда бір мүшеден тұратын акционерлік қоғам құруға рұқсат беретін заң актілері қабылданған балтын (1968 жылғы 10 мамырдағы Заң)  және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктер құруға рұқсат беретінзаңдар қабылданды(1980 жылғы 4 мамырдағы Заң).Осындай көріністерді Франция, АҚШ, Норвегия,  Швеция, Швейцария, Дания және Англия мемлекеттерінің заң актілерінен көруге болады. 

        Біздің бұрынғы азаматтық кодекс  бойынша бір адамнан тұратын  заңды тұлға құруға рұқвсат  берілмеген болатын.  Ал қазіргі  әрекет етуші кодекс бойынша  бізде бірадамнан тұратын заңды  тұлға құруға рұқсат берілді.  Мысалға, АК-тің 58-бабының бірінші тармағына жүгінсек:  «Шаруашылық серіксестіктерді бір адам құруы мүмкін,  ол оның біден-бір қатысушысы болып табылады.» Қазіргі күні республикада бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестіктер, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру  тәжрибесі кең таралып отыр.

        Заңды тұлғаның ұйымдықбірлігі  оның құрылтай құжаттарынан да  көрініс табады. Азаматтық кодекстің  41-бабына сейкес заңды тұлға  өз қызметін,  егер заң құжаттарында  өзгеше айтылмаса,  жарғы,  не  құрылтай шарты мен  жарғысы  негізінде жүзеге асырады.  Заң құжаттарында көрсетілген реттерде коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғаларға  осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады.  Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатыын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен  типтік жарғы негізінде жүзеге асыра алуға мүмкіндігі бар.   Бұл жерде заңды тұлғаның жарғысы мен оның құрылтай шарты оның мүшелерінің әрекет ету мінез-құлық ережелері ретінде түсініге болады.   Құрылтай шартында оның құрылтайшылары заңды тұлға құруға міндеттенеді,  оны құру жөнінде бірлескен қызмет тәртібін, оның мүлікіне өз меншігін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді, бұл жерден заңды тұлғанын  ұйымдасқан бірлігін көре аламыз.   Жарғы кәсіпорын құрылтайшыларымен бекітіледі,  ал  құрылтай шарты құрылтайшылары арасында жасалады. Заңды тұлғаның жарғысы оның атауын,  тұрғылықты орнын,  оның органдарының құрылу тәртібі мен олар құзіретін,  оның қызметін, қайта құру мен қызметінің тоқтатылу ережелерін қамтуы тиіс.  Егер заңды тұлғаны бір адам құрса,  онда  мүлікті құру және табысты бөлу тәртібі  де белгіленуі тиіс. Мемлекеттік кәсіпорын үшін жарғының болуы міндетті болып табылады.