Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері


Мазмұны  

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

І бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары....5

1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  түсінігі...............................................5

1.2  Азаматтық –құқықтық    жауапкершілік    түсінігі    туралы   пікірлер..........8

1.3 Азаматтық - құқықтың  жауапкершілік нысандары...............................................10

1.4 Жауапкершілік түрлері.......................................................................................15

1.5  Құқықтық бұзушылықтың  басқа түрлері үшін  жауапкершілік....................17

 

II бөлім. Азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің

 шарты және  негіздері.............................................................................................21

2.1 Құқыққа қарсы мінез..........................................................................................21

2.2  Кінә түсінігі мен  зиян түсінігі және оның түрлері .........................................23

2.3   Азаматтық –құқықтық   жауапкершілік    тұтынушылардың   құқығын   қорғау  құралы...........................................................................................................27

 

Қорытынды..............................................................................................................29

Қолданылған әднбиеттер тізім.............................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары».

Курстық жұмыс кіріспе 2-бөлімен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады. 

Курстық жұмысымды жаза отырып  алдыма мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:

  • Курстық жұмысымды жазу барысында жан-жақты, сапалы болуы;
  • Курстық жұмысымның тақырыбын толық қамтитындай жүйелі жоспар құру;
  • Құрған жоспарымды толық қамтып, одан ауытқымау;
  • Курстық жұмысты жазу барысында бір  ғана әдебиетпен шектелмей мүмкіндігімше әр түрлі материалдарды пайдаланып, өз бетімше ізденсіте болу;
  • Курстық жұмысымды қорғау барысында өз ойымды жинақы да түсінікті етіп жеткізу талаптар қойдым.

 Азаматтық  құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық  жауапкершілік  қолданылады.  Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына  келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік  заңға және шартқа  сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы  жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың  құқығын қорғау  жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

 Алайда, жауапгершілік  заңнан немесе шарттан тыс  көзделуі мүмкін. Жауапгершілік  заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті қолдану  үшін  «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың  әртүрлі пікірі қалыптасқан.

Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем  мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік  функциясы  айырықша мәнге ие.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік   немесе   шешім  қабылдауға  жағдай  тудырған  болса, жауапкершілік  те арта түседі.  Еркіндік   шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.

Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.

 

І бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе  міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік  өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға  түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор  өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде  орындамағаны үшін жазалау;

В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);

Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.

Ықпалы әр түрлі  деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам  тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.

Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?

Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?

Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.

Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.

Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.

Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.

 Сонымен, заңдық жауапкершілік  міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.

1.2  Азаматтық  –құқықтық    жауапкершілік    түсінігі    туралы   пікірлер

«Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық    жауапкершілікті  кездестіруге   болады.

«Әлеуметтік  жауапкершілік»  түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен     қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі  қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік  - тек  әлеуметтік  жауапкершіліктің түрі  ғана.

Алайда  әлеуметтік   жауапкершілік  ерекше  мағынаға ие  болып,       әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы       жауапкершілік    түсінігіне    ұқсастыруға  тырысады. В.А. Тархованың  пікірі  бойынша: «өзінің  істеген әрекетіне  жауап  бере  отырып  міндеттеменің  реттелу құқығы- юридистикалық  жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық  жауапкершіліктің   осындай   түсінігі  жауапкершілік  түсінігін  шектен  тыс  үлкейтіп,   оның  тәжірибелік  мағынасынан  айырады.

Қоғамдық өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы үлкен маңызға ие. Ол  ұнамдылықты  бұзу   нормасымен   байланысқан   және  қоғамға  жат  қылықты  қоғамдық  айыптау  түрімен  ерекшеленеді. Әдебиеттерде  және  заңдылықтарда  «экономкалық  жауапкершілік» түсінігі   екі  түрлі   мағынада  қолданылады. Барлығынан  бұрын  ол  «Мүлікті  жауапкершілік»  түсінігімен  астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық  экономикаға өтуімізге және әкімшілік  халықтық әдістің экономикалық  әдіске  өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп  көрсетеді. Яғни нарықтық  қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен  экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық  бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде  экономикалық  жауапкершілікті  юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түріне  айналдырады.

Заң әдебиеттерінде «экономикалық жауапкершілік» түсінігіне  юридистикалық  жауапкершіліктің  ерекше  бір  түрі  ретінде  қатыстыруға  тырысады.

Бұл  жағдайда  әкімшілік-құқықтық  шара  туралы  сөз  болып,   ал  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  түсінігі  қарастырылмады. Алайда, нарықтық  экономика   жағдайында  «экономикалық  жауапкершілік »  түсінігі   мағынасын  жоғалтады.Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  юридистикалық   жауапкершілікті құрайтын,  өзіне  тиісті   барлық  белгісімен   юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түрін  құрайды.

Юридисдикалық  жауапкершілік  үшін  оған   негізгі  төрт  белгі  тән: юридистикалық жауапкершілік  құқық  нормасын  бұзушыға қолданылатын  мемлекттік  мәжбүрлеуге  ықпал  ететін  шаралардың  тек  бір  түрі;  екіншіден, ол  құқықтың бұзылуына жол  берген  тарапқа  ғана  қолданылады;  үшіншіден,  құқық  бұзушыға   тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін   юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға  қолданатын  санкция  заңымен  белгіленуі  керек.

Юридистикалық  жауапкершілік  құқық  бұзушыға  қолданатын  мемлекеттік  мәжбүрге  ықпал  ету   шараларының   ерекше  бір  түрі  ретінде  саналады.   Сонымен  қатар  адамдардың  іс-әрекетіне  әсер  етет ін   басқа  да  тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші  шара  -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық   жауапкершілік  бола  алмайтын  оперативті  ықпал   ету  шаралары  болып  табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті  азаматтық  құқықта  ерекшеліктері  бар.  Бұл  қасиеттер  қоғамдық  қатынасты  реттеуші  азаматтық  құқықтық пәні  және  әдісі  ретінде,  сонымен  қатар  жалпы  құқық  жүйесі   ретінде   азаматтық  құқықтың   қызметін   атқарады.

Азаматтық  құқықты  реттейтін  ерекше  қатынастар  секілді    мүліктік   сипатқа  ие   болып,   мүліктік   қатынастарды   қүрайды.  Азаматтық   қүқық бойынша   жауапкершілік  қүқық   бұзушыға   қолданылатын  экономикалық  ықпал  ету  қызметін  орындай  отырып,  қоғамдық   қатынастарды   реттейтін  экономикалық   әдістерінің  бірі  болып  табылады.

Бірақ  азаматтық  құқық  жеке  мүліктік  емес  қатынастарды,  сонымен   қатар тікелей  мүліктік емес  қатынастарды  да  реттейді.Осы  уақытқа   дейін  жеке  мүліктік    емес   қатынастарды  бұзу мүліктік  сипатта    болады    деген      пікір  қалыптасты. Яғни  ол үшін  жауапкершілік мүліктік сипатта   болмауы    тиіс.

Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың     немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын  бұзу,  тиімсіз     мүліктік   сипаттағы   жауапкершілікке  әкеліп  соғуы  мүмкін.

 Сонымен, азамат туралы  жалған мәлімет  жариялау, оған  жұмысқа       тұруға  немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы  мүмкін.     Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет     жариялау  арқылы   келтірілген рухани залалды өтеу құқығына  ие   болады.     Ал азаматтар  үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы  келтірілген  физикалық     кемсітушілікті    өтетуге    құқылы.     

 

1.3 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.

Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:

1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл  мүлікпен 
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын 
мүліктер кірмейді.

2. Азаматтардың   ақы   өндіріп   алуға   болмайтын   мүлкінің   тізбесі 
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".

Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.

Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.

Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.

Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.

Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.

Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.

Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге негіздері ескерілуі мүмкін.

Міндеттемені   қасақана  бұзғаны  үшін  жауапкершілікті  жою   немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.

Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады. Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.

Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол берсе, онда арендаға беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы шара ретінде саналады.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады.

Міндеттемені бұзу оның кез-келген жағдайына қатысты: орындаудың уақыты, орны, әдісі, саны және сапасы. Құқық бұзушылықтың әртүрлілігіне байланысты оларды екі түрге бөлуге болады: орындамау және тиісінше орындамау. Міндеттемені орындамау - бұл борышқордың негативті әрекеті немесе әрекетсіздігі. Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске асыру кызыметін атқарады.

Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік фактілерін әшкерлейді.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:

А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;

Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің бір жақты әрекеті:

В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған шешімі.

Шығынды өтеу — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.

Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады. Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған келтірілген шығынды өтетуге құқылы).

Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.

Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.

Егер тәртіп бүзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса, заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.

Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе туындайды.

 

    1. Жауапкершілік түрлері

Жауапкершілік түрлері – Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі  үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы – тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.

Заңдылық мағынасына қарай шартты және шарттан тыс жауапкершіліктің заңмен және шарттың жағдайларына қарай белгіленеді. Тараптар шартқа отыру кезінде заңда қарастырылмаған жауапкершілікті құқық бұзушылык үшін белгілей алады немесе заңмен салыстырылғанда  жауапкершілік мөлшерін көбейтуге  немесе азайтуға құқылы.

 Шартта және шарттан тыс жауапкершілікті ажыратудың қажеттілігі олардың әртүрлі ережеге бағынуына байланысты туындап отырады. Сонымен, егер зиян талапкерге шарт жасамай-ақ келтірілсе, онда ол өтелутиіс. Тараптық шартқа отыру кезінде зиян келтіргені үшін жауапкершілік көзделіп, бірақ ол міндеттемені орындаудан бас тартса, осы шарттың құқықтық қатынасты реттейтін заң бойынша жауап береді. Жауапкершіліктің сипатына байланысты  бірнеше түрге: үлесті, солидарлы және субсидиарлы жауапкершілік деп ажыратуға болады.

 Үлесті жауапкершілік егер несие берушіге борышқорлардың    әрқайсысы заңға және шартқа сәйкес  үлесті түрде  жауапкершілікте болса орын алады. Үлесті жауапкершілік жалпы ережедегі мағынаға ие  заңмен  мөлшері белгіленген болса, онда  тараптардың әрқайсысына теңдей  үлес  мөлшері пайда болады.Мысалы, тұрғын үйдің меншік иелері сатып  алушының алдында үйдің  кемшілігі үшін жалпы үлесті  меншікте  болады.

Солидарлы жауапкершілік егер  заңмен немесе шартпен  бекітілген  кезде қолданылады. Залалды бірігіп келтірген тараптар солидарлы жауапкершілікте болады. Солидарлыжауапкершілікте несие  беруші  кез-келген жауапкерден бөлшектей немесе толық көлемде өндіріп алуға құқылы.

Солидарлы жауапкершілік несие берушіге тиімді  болып табылады. Өйткені, ол кез- келген жауапкерден толық көлемде өндіре алады. Мысалы, егер азаматқа бірнеше тараптар бірлесіп зиян келтірсе, онда ол зиянды зиян келтірушінің ішінен залалды қалпына келтіруі мүмкін немесе ақшалай қаражаты  бар тарапынан толық көлемде өндіре алады.  

 Азаматтық кодекстің - 77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға   өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестің салымды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.Субсидиарлы жауапкершілік егер міндеттемеде  екі борышқор болып, оны біреуі негізгі,  ал екіншісі қосымша (субсидиарлы)болғанкезде орын  алады. Бұл кезде несие берушінің  алдына субсидиарлы борышқор негізгі  борышқорға қоса қосымша жауапкершілікте болады.  Осындай субсидиарлы жауапкершілік  заңмен, басқа нормативті актімен немесе міндеттеменің  шартымен белгіленуі мүмкін.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері