Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары
КІРІСПЕ
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда,
жауапгершілік заңнан немесе шарттан
тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік
заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік»
түсінігін анықтап алуымыз
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық
қатынастарға негізделген қазіргі
экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық
қызметінде толық еркіндік және сонымен
бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі
жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен,
сауда–саттықпен айналысып
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке
тарту, азаматтық құқық бұзушылық
жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны
жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен,
азаматтық-құқықтық жауапкершілікте
мемлекеттік және шарттық тәртіпті
нығайтуда, осы мақсаттың алдын
алуда тәрбиелік маңызы айрықша.
Азаматтық құқық қатынасының
субьектілері болып табылатынтараптар
өзіне жүктелген міндеттерді
орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып,
мүліктік шығынға және жеке тұлғалар
мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға
әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі
өзінің міндетін бұзбауға күш салуы
керек. Тәрбиелік жағын былай
қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа
жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық
жауапкершілік оны қайта
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.[3]
Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік – Азаматтық
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің
құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары
ең алдымен оны орнықтыру
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.[2]
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен,
заңдық жауапкершілік
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
Бірден-ақ
ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы
күштеу мен және жазалаумен сәйкес
келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің
өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті
құқық бұзушылықтың және санкцияны
іске асырудың салдары немесе мемлекеттік
күшпен қорқыту ретінде түсінбегені
жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз
көрсетіп отырғандай респонденттердің
21 проценті жауапкершілікті тар
ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді.
Бір қызығы сол, респонденттердің арасында
қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан
айрылғандыр және еңбек пен түзеу
мекемелерінің қызметкерлері
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші
жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік
аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға
болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте
азаматтық–құқықтық қатынас нормаларында
әділеттілікті талап етеді. Мысалы,
азаматтық – құқық мәжбүрлеуге
қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің
орындалуын қамтамасыз етудің заңдық
құралы болып табылады.Азаматтық-
Қазіргі
жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны
нақты орындаумен байланысы жоқ
қылмыстық жауапкершіліктің сондай
формаларын кең қолдануға айқын
перспектива ашылып отыр. Қылмыстық
жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен
ақырында ауыстырудың жаза қолдану
аясын тарылтудың диалектикалық
процесі қылмыстық
Сонымен
жауапкершілікті жазалау мен
салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз
көрсетіп отырғандай, респонденттердің
63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз,
мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық
жауапкершілік құқықтық нормаларды
орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе
құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық
белсенділікті ынталандыру
П.А. Варул
мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік
тұрғысынан келгенде жауапкершілікті
арттыру қажеттігі «өз
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының «Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы» жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай
адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан
келтірген жазалау
Осыған
байланысты Е.В.Черныхтың «адамдардың
жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан
келетін зардаптардан емес, олардың
іс-әрекеттерінен көрінеді»
Бұл жерде
оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке
тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану
болып табылады. Заң шығарушының
бірінші орынға жазалауды жауапкершілік
ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік
пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі
мәселені қорытындылай келе қызіргі
жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына
көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің
заңдылығы жөніндегі ереже
Оның
үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру
міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей
заңда қарастырылады. (Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.
О.Э.
Лейст жауапшылықтың мұндай
О.Э.Лейст
жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды
түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп
жазылды жауапкершілікті
Алайда,
біріншіден біз кең ауқымды
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы
ретте «кімге есеп беру керек»
деген мәселе төңірегінде
Бұл жерде жауапкершіліктің
екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам
(мемлекет) алдындағы жауапкершілік
және үлкен рухани құндылыққа
ие адамның өз-өзіне
Оның
үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған
адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін
танытады. Олар, белсенді, конструктивті
мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы
бақылауға бейімделгіш
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.
Кез-келген
құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен
негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге
саламыз.Онсыз міндеттілек
Азаматтық
құқықтық жауапкершілік құқық
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық жауапкершілік туындай бермейді. Егер де міндеттеменің орындалмауы салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін мәжбүрлеу жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық
құқықтық жауапкершілік ретінде
құқық бұзушыға
қосымша міндет жүктеумен байланысқан
санкцияларды түсіну керек. Яғни,
құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді.
Бұл міндеттер құқық
бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық
міндеттеме жүктеуі мүмкін
немесе оған тиісті азаматтық
субъективті құқығынан айырылады.
Егер де тараптар мәміле
жасасқан кезде мәміле алдау жолымен
жасалған болса, онда алданған тарап
әміле жасау құқығынан
Сонымен,
азаматтық құқықтың жауапкершілік
ретінде құқық бұзушыға қосымша
азаматтық құқықтың міндет жүктейтін
немесе оған тиесілі
азаматтық құқығынан айыратын
санкция түрлерін түсіну қажет.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің
түсінігі заң ғылымындағы дау
тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар
позитивті жауапкершілікті
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау: міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
1.2 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер.
«Жауапкершілік»
термині әртүрлі аспектіде
«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың пікірі бойынша: «өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.[5,31б.]
Қоғамдық өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Әдебиеттерде және заңдылықтарда «экономкалық жауапкершілік» түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол «Мүлікті жауапкершілік» түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде «экономикалық жауапкершілік» түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда, нарықтық экономика жағдайында «экономикалық жауапкершілік » түсінігі мағынасын жоғалтады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.

- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
- Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы
- Азаматтық құқықтық обьектілері
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері
- Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары
- Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі
- Азаматтық құқық субъектілері
- Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік