Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы...........
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық
құқықтық қатынастар...................
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Тақырыптың өзектілігі. Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық қатынастары болып табылмайтынын, қоғамдық қатынастар мен реттелетінін бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық деп аталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең етпеуіміз керек.
Осы құқықтық қатынастың бір түрі – азаматтық құқықтық қатынас, яғни оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған қатынастар біз үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Курстық жұмыстың мақсаты.Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектілігі бұл саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы.Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы бірден бір жол деп есептеймін.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болды. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болды. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
1.
Азаматтық құқықтық
1.1
Азаматтық құқықтық
Азаматтық құқықтық қатынас және қоғамдық қатынастарды азаматтық -–құқықтық реттеу механизмі. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пәнің құрайтың қоғамдвқ қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рольды азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық катынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нәтижесінде олар құқықтық форманы иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас сияқты. Оның пәніне мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нәтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеме, жеке мүліктік емес құқық қатынастары тағайындалады.
Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі сферасында жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болды. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болды. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастардың құқықтық түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объекьтілері болады1.
Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар,
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.
Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
- мүліктік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болғандықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың бсым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.
Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу, айырбастау, заим және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатснастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің
Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер – ар-намыс, қадыр-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады.
Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады.
Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міңдетті.
Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мысалы, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін.
Салыстырмалы
құқықты міндетті адам ғана
бұза алады. Мердігер атқарған
жұмыстың ақысын талап ету
құқығын тек тапсырыс беруші
бұза алады. Демек, салыстырмалы
құқық нақты адамдар тарапынан
болатын құқық бұзушылықтан
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы).
Заттың құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады2.
Атап
айтқанда, меншік құқықтық қатынастары
заттық құқықтық қатынастар
Меншік иесі өзінің тиесілі затты иеленуге, падалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндеттер жүктеледі.
Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа бір адамның белгілі бір әрекет жасау жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекет жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы).
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашанда заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін.
Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастардың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі – әдеби шығарма.
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы
Азаматтық құқықтық формасы. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды. Азаматтық құқықтық қатынас формасы. Мүшелерге тән субъективті құқықтар мен міндеттер оның құқықтық формасын қурайды. Субъективті құқық түрінде құқықтық тулғаның тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі түсіндіріледі, ал субъективті міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастасы міндетті тулғаның қажетті тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі.
Азаматтық құқықтық қатынас мазмұны мен формасының бірлігі. Азаматтық мүліктік қатынасты оның экономиялық базисіне толық жатқызуға болмайды. Ол экономиялық мазмұны мен құқықтық формасының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынас мазмұны экономиялық базис сферасында болады. Азаматтық құқықтық қатынас спецификасы оның субъектілері мен объектілеріненде байқалады.
Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері. Азаматтық құқық қатынас мүшелер олардың субъектілер мен аталады. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
1. Қазақстан азаматтары,
шет елдік азаматтар, жеке азаматтығы
2. Қазақстандық жеке шет елдік заңды тұлғалар
3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған тәртібі көрінеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы сол, оның мүшелері өз тәртібі мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге жер ете алады. Азаматтық құқық қатынас субъектілерінің тәртібі азаматтық мүліктік құқықтық қатынастық объектісін құрайды. Субъектілердің өзара әрекет ету процессіндегі жеке материалдық игілікке бағытталған тәртібін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, азаматтық мүліктік, құқықтық қатынас мазмұнын құраса, екіншісі – оның объектісін құрайды. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың өз мазмұнымен объектігі әсерінің механизмі келесідей: құқықтық тұлға өз тәртібімен сәйкес материалдық игілікке бағытталған әрекет жасайтын міндетті жаққа әсер етеді.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынаста болып - бедел, жетістік қызмет репутациясы, адам аты, заңды тұлға атауы, тағы басқа сияқты материалдық игіліктерге бағытталған жақтардың тәртібі табылады. Бірақ кез келген азаматтық құқықтық қатынаста объект адам қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті белгілі бір игіліктерге бағытталған оның мүшелерінің тәртібінен сипатталады.
Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар. Қандай қоғамдық қатынастын азаматтық құқық нормасымен реттелгеніне қарап, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды бөліп көрсетеді. Мүліктік құқықтық қатынастар құндық қатынастарды реттеу нәтижесінде, ал жеке мүліктік емес – азаматтық заңның жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу нәтижесінде бекітіледі. Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынас спецификасы субъективті құқықты қорғаудың ерекше әдістерін анықтайды. Мүлік құқығы зиянның орнын толтыру жолымен қорғалса, жеке мүліктік еемес құқықты қорғау басқа әдістермен жүргізіледі.
Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларын құқықтар міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңда жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі бір дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы – талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді.
Мәселен, автордың шығармасына жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.
Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.
Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы.
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабандағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптардың осындай әрекет жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді.
Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекет жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергің жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.
Азаматтық құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілгендіктен, әрбір өкілеттіліктің әдетте бірнеше белгілер болады.
Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды.
Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер – жекелеген өкілеттіктер құрайды.
Бірақ құқықтық қатынастардың шегінде өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін.
Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттілік).
Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады.
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратан қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық-құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.
Азаматтық
құқықтық қатынастарға құқық
берілген немесе міндетті адам
ретінде қатысу мүмкіндігі құқық
субъектіліктің болуын талап
етеді, ал ол құқық қабілеттілігі
мен әрекет қабілеттілігін
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабіллеті әрекет қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. «Жеке адамдар» ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды.
Басым
көпшілік жағдайда азаматтық-
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12-бабына
сәйкес, Конституцияда, заңдарда және
халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер және азаматтығы
жоқ адамдар республикада
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып табылады. Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды (АК-ның 43-бабы).
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады (33-бап).
Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады.
Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлағлар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбегі Азаматтық кодексте берілген (34-бап).
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді (АК-ның 111, 112-баптары).
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде).
Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.
Құқықтық қатынастардың объектілері жөніндегі заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар.
Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез- құлқы ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның субъектілерінің материалдық және материалдық емес игілігіне бағатталған мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың да объектісі бола алады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарға бөлінеді4.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарМүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады.
Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадыр-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармашылығына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтары жатады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекетінқабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың кұқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың кабілеттілігінің негізінде азаматтар:
- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
- заңмен
шектелмеген кез келген
- заңды тұлға құра алады;
- заңмен
тыйым салынбаған кез келген
мәмілелер жасап
- тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
- әдебиет
пен өнер, ғылыми еңбектердің
авторы, өнертапқыштық және басқа
да заңмен қорғалатын
- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан пайда болады.
Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
- он төрт жасқа толмағандар;
- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ
келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

- Азаматтық құқықтық обьектілері
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері
- Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары
- Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- Азаматтық неке
- Азаматтық процесстегі дәлелдемелердің түсінігі
- Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары
- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері