Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:
Азаматтық тәрбие
берудің әдіс-тәсілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 Азаматтық тәрбие туралы жалпы сипаттама.....................
1.1 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі
кезеңдегі келелі мәселелер туралы........................
1.2 Қоғамның және
мемлекеттің азаматтық
2 Азаматтық тәрбие
берудің әдіс-тәсілдері
2.1 Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының
мемлекеттік рәміздері.....................
2.2 Азаматтық –
отбасы өмірін өз деңгейінде
сүре білу.....................
2.3 Азаматтық тәрбиені
жеке тұлғаға сіңіру шаралары..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.
Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарай, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметтен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың азаматтық сезімін қалыптастыру
Ғылыми зерттеудің нысаны: оқушылардың азаматтық зезімінің қалыптасу үрдісі оқыту-тәрбиелеу арқылы дамытылады.
Зерттеу пәні: оқушылардың азаматтылық қасиеттерін қалыптастыру тәсілдері.
Зерттеу міндеттері: азаматтық туралы жалпы түсінікті, азаматтықтың мәнін зерттеу. Азаматтыққа сабақ түрінде мысал келтіру. Азаматтық тәрбиеге жататын жағдайларды қарастырып өту.
Ғылыми зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық әдістерін қарастыру, жалпылау әдісі, салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, 5 тараушадан, қорытындыдан, 25 әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Азаматтық тәрбие туралы жалпы сипаттама
1.1 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы
Көптеген жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.
Бірақ қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарай, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметтен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.
Жастар арасындағы бұндай жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады. Әсіресе әскери борыштарды орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады. Жоғарыда айтылған жағдайдың себебінің бірі натриоттық азаматтық тәрбиенің рөлі мен манызының төмендеуімен байланысты. Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциптерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруін арттыруды талап етеді.
Қазақстан Реснубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы қайбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам. Аадмгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктілік пен демократияның мұраттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тербие деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық, құқықтық, экономикалық, экологиялық, моральдық-этикалық білімдерін, тәжірибелік іс-әрекст адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік сатандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекеттс өсіп жатқан адам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық қатынастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қана қоймай, адамның мемлекет және қоғаммен қатынастарының басқа аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ерекше көкейтесті мәселе.
Азамат тәрбиесінің келелі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер береді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан, бәрі түгел қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматтық көптеген қасиеттер қоғамда басым белгіленбеген (көбінесе саяси сипатпен) нұсқауларға тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын, компоненттерін (тәрбиенің өзін де) саяси коньюктурадан жеке алып қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар, әсіресе азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер.
Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде біздің республикада ерекше өзектісі азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тәрбие жүйесі бүгінгі күнде ұлттық менталитеттің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толыққ есепке алып байқатпайды десек артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге болмайды.
Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңсе Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен тауелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығындағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талапты тағы бір айқындаушы себеп - кеңес педагогикасындағы азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа құндылықтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспейді, өйткені, Қазақстан халықтары мен қазақ халқының ерекшелік, өзгешеліктері бар. Жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігін қарастыру бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша (1980-1992 ж.ж.) біз Қазақстандағы отбасы ерекшеліктерін атағанбыз: Россия мен оның орталық региондарын және Қиыр Шығысты алғанда Қазақстандағы ата-аналар балаларының азаматтық белсенділігінің қалыптасуына жоғарырақ әсер береді (зерттеу қорытындысы бойынша).
Азаматтық белсенділікті зерттеулерде біз азаматтық белсенділікті тұлганың интегралдық қасиеті деп анықтағанбыз. Оның негізі тұлғаның адамгершілік, қасиеттері, ой-санада бекіген азаматтық сенімдері. Олар барлық халық қоғам мүддесі үшін саналы мақсатқа бағытталған белсенді әрекетте байқалады. Осыған сүйене отырып тұлға өзінің азаматтық ілкі бастаулары маңайына барлық басқа негізгі сипаттамаларды жинап қоса алады деуге әбден болады.
Тәрбиенің басқа бағыттарына қарағанда азаматтық тәрбие өзінің көпқырлығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмір мен іс-әрекетінің бір ғана белігінде белгілі азаматтық қасиеттерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілегендей азаматтық бейне, дұрысырақ айтқанда, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс-әрекетінің барлық тәрбие жұмысының нәтижесі бола алады, яғни, азаматты тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс-әрекетімен шектеледі.
Жоғарыда келтірілген сипаттамада бір ерекше маңыз бар - ол азаматтық сенімдер. Олар байқалатын іс-әрекетте міндетті түрде саналы болуы керек. Тек қана саналы түрде орындалған азаматтық борыштар мен міндеттер халықпен бірлік сезімін, Отанның гүлденуі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікті туғызады.
Сонымен, әдеуметтік-педагогикалық түсінік ретінде азаматтық тәрбие мәселелері мазмұнын зерттеуді сана категориясын қарастырумен байланыстырған жөн.
Жеке бастың бір көрінісі ретінде даралық сана, оның психикалық аспекті тек қана ара қатынаста қалыптаса алады. Яғни, өзіндік сана үшін тұлғаның ұстамы саналы түрде белгіленген болуы керек. Сана арқылы дара тұлға объективті ақиқатты қоршаған әлемді, ондағы өз орнын түсініп біледі. Тұлғаның өзіндік санасы үшiн адамның мінез-құлқының маңызы ерекше. Яғни, өзіндік сана "даралық мәнге" ие болады да, ол арқылы қоғамдық және даралық сананың ара-қатысы анықталады, іс-әрекет себебі, адам, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны, әлеуметтік, азаматтық ұстамы бағаланады.
Тұлғаның жетілгендегі оның байланыстарды аңғару дәрежесіне, азаматтық ұстамына, белсенділігіне, қоғамда белгілі орын алуға тырысуына тәуелді.
Бұл жерде тоқтала кететін жай бар: кездесетін қоғамдық сана даралық санаға белгілі әсер береді. Ол рухани, эмоциялық әлемге деген қатынастар жүйелері түрінде болады да, көңіл-күйлер, идеялар, елестер, көзқарастар, мұраттар, қоғам мүшелерінің ұмтылыстары арқылы көрініп топтық немесе жалпы қоғамдастықтарда танылады. Осыған сүйенсек қоғамдық сана саяси, экономикалық, діни, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, ғылыми және басқа әрекет түрлерінің лайықты өрісінде негізделеді. Бірақ қоғамдық, жалпылама сана иланғыштыққа, консерватизмге бейім, сондықтан оныі азаматтық деуге болмайды. Көшіліктен азаматтық сананы бөлу үшін қоғам қатынастарында белгілі идеалға жету жолдары мен құралдарын іздеуші потенциалды күштер азаматтық сана иелері болады. Олар жеке топтардың, дара тұлғаның қызығушылықтарынан биік тұрады, барлық қоғамның қызығушылығын қорғайды және әрқашан жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған болады. Азаматтық сана адамзатты дамуға жетелеп, қажет кездерде сақтап қалу үшін мақсатты өзгертуге бастайды. Ол қоғамдық пікір арқылы байқалып соның көмегімен дамиды.
Азаматтық сана қоғамдағы түрлі тіршілік әрекеті, қоғамдық қатынастар арқылы іске асады. Тұтас жүйе құрайтын азаматтық қатынастар азаматтардың ұмтылыстары, мұратгары, көзқарастары, өлшемдері мен олардың өзіндік пен қоғамдық игіліктерді түсінуінен тұрады. Бұл жүйе қоғамның азаматық, әлеуметік қызығушылықтарын байқатып дара тұлғаның әлеуметтік мәнді қасисттерінің қалыптасуына әсер береді.
Өзінің мәні бойынша адамның азаматтық тәрбиесі тәрбие жүйесіндегі қоршаған орта көріністер және негізгі компоненттерімен байланысты жалғыз ғана бағыт болғандықтан азаматтық сананың құрылымы түрлі дәуірлерде әр түрлі болды. Азаматтық тарбие тарихпен терең тамырлас. Өйткені азаматтылық идеясы өткенде қалай дамығаны туралы білімсіз қазіргі қоғамдағы азаматтық тәрбие мәселелерінің ғылыми шешімін табуға болмайды. Біздің қоғам азаматтарын қалыптастыру мен тәрбиелеу мәселелерін ғылыми түрде шешу үшін негізгі тарихи байланысты есте сақтай отыра мәселенің әр сұрағын тарихта белгілі құбылыс, түсінік қалай пайда болды, ол дамуында қандай басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарастыру керек. Және де құбылыс, немесе түсініктің даму жолын, оның бүгінде қандай болғанын көру үшін мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық құрылымға, тарихи дәуірге сай қарастыру керек.
Бірнеше тарихи кезендер барысында философиялық-педагогикалық ой-пікір халық, Отан үшін туған адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздеді.
Философ-ойшылдарды мазалаған тағы бір мәселе өзіндік пен қоғамдық арасындағы байланыс және олардың бірлігі. Нақты тарихи жағдайларға байланысты бұл мәселеде белгілі бір бірлік жоқ. Дұрысырақ айтқанда, олардың арасындағы басымдық және оның жағдайы туралы сөз қозғауға болады.
Азаматты тәрбиелеу мен қалыптастырудың көп ғасырлық тарихы дәлелдеуінше, өзіндік пен қоғамдық арасындағы басымдық немесе бірлікті анықтайтын көрсеткіш ретінде жалпы адамзаттық түсініктер, яғни, ешқашанда жойылмайтын құндылықтар бола алады. Әр халықтын дамып қалыптасу жолында ұрпақтан ұрпаққа берілетін жалпылама құндылықтар оның жинақтаған өз тәжірибесінен анықталып отырады. Сондықтан, бүгінгі азамат тұлғасының басым қасиеттерін анықтау үшін азаматтық тәрбие мәселелеріне байланысты нақтылы деректерді тарихи тұрғыдан қарастыру қажет. Бұл деректердің әр бөлшегін саналы ойлап талдау жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап беруін көмектеседі. Өйткені, дара тұлғаның азаматтық, ұлттық санасының ерекшеліктерін және оның өзіндік қызығушылықтарын есепке алмай қарастыру негізінде "азаматтылық" дегенді мемлекетке қызмет етуден санау салдарында ғылыми ізденістерде пайда болған ақ дақтарды жою үшін аталған тарихи шолу бізге өте қажет. Шын мәнде адамды мемлекеттік қызтлғушылық пайдасына немесе тұлғаның өз қызығушылығына сәйкес тәрбиелеу қажет пе деген сұраққа жауап іздеу пайдалылық мәдениеті мен жеке бас байлық мәдениеті арасындағы мәселені шешуге әкеп тірейді. Өзіндік педагогикалық теорияның, оның философиялық негіздерін (бұның қажеттілігі туралы профессор Ә.Нысанбаев көп жазады) құруды ойластырған Еуразиялық континентте тұратын біздер үшін бұл мәселе төңірегінде шығыстағы адам тәрбиесі процесінің ерекшеліктері бар ма деген сұрақты шешу қажет. Тарихи-педагогикалық талдауға сүйене отырып йя, бар деуге болады.
Дәлелдің негізгі объектісі ретінде біздің, мектептің және білім беру жүйесінің өзіндік тарихи даму жолын алу керек.
Екі ғасыр тоғысында тарих бізден өткенді сынды көзбен қарастырып ойлануды талап етеді. Бүгінгі адам үшін білімнің маңызды мәні мен тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру арасындағы қайшылықтар айқын байқалады. Азаматтық тәрбие мәселелерін шешумен ұлттық және аймақтық өзгешеліктерді есепке ала отырып азаматтық қасиеттерді тәрбиелеу ерекшеліктерімен байланысты қиындықтар шын мәнде жоғарыда аталған қайшылықтарды шешуге тіреледі.
Бір педагогикалық теорияда (кеңестік) дамығандықтан қазақстандық педагогикалық теория мен практика көп уақыт азаматтық тәрбие мәселелерінде технократикалық педагогикалық парадигма негізіндегі батыстық стандарт-үлгілерді пайдаланды.
Батыста, Европада және шығыста, Азияда тұратын адамдар арасында белгілі айырмашылықтар бар. Бұл даусыз, айқын деректер негізделген көптеген ғылыми зерттеулер тұлғаны қалыптастыру үрдісінің ерекшеліктерін оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен, тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.
Шығыстағы ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. XX ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты. Бұған адамды тек өзі үшін пайда іздеуге, рухани-адамгершілік өлшемнен айрылған ақыл-ой сананың адасуына, есерлікке жол ашатын артық рационализм әсер етті.
Қазақстанның географиялық орнын алсып, ұлттық ерекшеліктерін оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен, тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.
Шығыстағы ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. XX ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты. Бұған адамды тек өзі үшін пайда іздеуге, рухани-адамгершілік өлшемнен айрылған ақыл-ой сананың адасуына, есерлікке жол ашатын артық рационализм әсер етті.
Қазақстанның географиялық орнын алсын, ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып қазақстандық педагогика жас ұрпаққа адамзат жинақтаған прагматикалық білімдерді берумен шектелмеуі керек. Қайта бағыт пен күштің көбі ұрпақтар арасындағы жойылған байланыстарды қайта жандандырып, тұлғаның азаматтық қасиеттерін тәрбиелеп қалыптастырудағы тарихи тәжірибе мен рухани-иедагогикалық мұраттарды қайта өмірге әкелуге жұмсалу қажет.
Азаматтық тәрбиенің мақсаты азаматты қалыптастыру болғандықтан бұл түсінікті қарастыра отырып "азамат" деп саяси құқықты, өзіндік, қызығушылықтарын қоғам қызығушылықтарымен байланыстыра алатын мемлекет пен қоғам мүшесін айтамыз. "Азамат" түсінігі тек демократиялық жүйелерде ғана емес демократиялық емес жүйелерде де болады. Әр кезде сол қоғамды, мемлекетті басқаратып адамдар тобының қызығушылықтарын іске асыратын құрал ретінде мемлекетке оған толық ие адам қажет. Сондықтан, адам өмірінің жағдайын көбінесе өз тарапынан белгілейтін "мемлекет" түсінігі тұлғаның дамуы мен қызметін өзі шешеді.
1.2 Қоғамның және мемлекеттің азаматтық тәрбиеге тигізер әсері
Жоғарыда айтқандарды қорыта келе жастардың азаматтық тәрбие жүйесіне қоғам мен мемлекет жағынан көп қолдау қажет екенін тұжырымдаған жөн. Азаматтық тәрбиенің қоғамдық-мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтарымен қатар қоғамдық-мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жастарды даярлап қосу. Отанда орын алған әлеуметтік-мәдени жағдайды есепке ала отырып педагогикалық міндеттер арқылы бұл мақсат нақтылануы мүмкін. Өйткені, жас буын ұрпақтың азаматтық тәрбиелілігінің белгілі даму дәрежесі қоғамның алғы белсенді бөлігінің демократиялық мемлекеттің мүддесі ретінде тұлғаның жаңа түрін қалыптастыру мұқтаждығы арасындағы қайшылықтар туады. Оларды шешу үшін жаңа тұлға қажетті адамгершілік дәрежесіне жетіп азаматтық мәдениетті қалыптастыруы керек болады. Бұл тұлғаның кажетті сана түрлері (құқықтық, саяси, экономикалық) дамыған адамгершілік сезімдерімен байланыса отырып әлеуметтік маңызды іс-әрекетте азаматтық ұстамын көрсете алуға қабілеті бар азамат тұлғасын өмірге әкеледі.
Қорыта келгенде, біздің ойымызша, мемлекет азаматтық тәрбиеге қатысуы үшін төмендегілерді:
- әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жас азаматтарды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама, стратегияны жете зерттеуді;
- педагогикалық күштердін
- жастардың азаматтық тәрбие процесінде бұқаралық коммуникация құралдарын мақсатқа бағытта пайдалануға;
- қоғамдық белсендік іскерлікке, қоғамдық ұйымдар қызметіне жан-жақты қолдауды, халықаралық азаматтық байланыстардың дамуы үшін құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыздандыруы қажет.
Біздің мемлекетіміздің азаматтары мемлекеттегі нақты осыларды күтеді, өйткені, азаматтық тәрбие жетістігінің басты талабы, жағдайы отбасының, мектептің және мемлекеттік қоғамдық басқару ұйымдарының педагогикалық күштерін қосуға байланысты. Басқару ұйымдарының міндеті азаматтар құқықтарының орындалуын қамтамасыз етін қолдау, заңдардың орындалуын бақылау. Оларсыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға болмайды.
2 Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары
2.1 Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерді сіңіру, оларды құрметтеуге, ардақтауға баулу.
Осы сабақтың мақсатына сәйкес негізгі құзырлығы былайша анықталады:
Оқу-танымдық құзыреттілік:
ҚР рәміздерінің құрылу тарихын білу. Ән ұранды сезініп орындау, мемлекеттік рәміздерді сақтау.
Тұлғаның өзін -өзі дамыту құзыреттілігі: Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділік таныта білу.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік:
Өз бетінше іздене білу, талдай білу, білімді жеткізе білу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қабылдау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, ой-толғау, кіші топпен жұмыс.
Пәнарлық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, музыка, бейнелеу өнері.
Негізгі ұғымдар: Рәміздер, елтаңба, әнұран, ту, Президент, Конституция, Тәуелсіздік.
2.2 Азаматтық – отбасы өмірін өз деңгейінде сүре білу
Әр халықтардың дәстүр-
Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардың жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру - қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.
Бұл мөселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұүрындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастық шақ - адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
• Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтыдығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көзінің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгергіштігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп отырған.
Сүлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.
Халқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - акыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тында.
Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды, аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.
Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.
Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық төлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты меселе. "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысңан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздың абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
2.3 Азаматтық тәрбиені жеке тұлғаға сіңіру шаралары
Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Жеке тұлғаның дүниетанымы — ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекеттке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.
Л. И. Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалы, тасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер "мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекетінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты".

- Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы
- Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны
- Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны
- Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері
- Азамттық құқықтың субъектілері
- Азамттық құқықтың субъектілері”
- Азарт в истории развития человека
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері
- Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары
- Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- Азаматтық неке
- Азаматтық процесстегі дәлелдемелердің түсінігі
- Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары
- Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар