Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері
Кіріспе
Нарықтық экономикаға
көшу мүліктік қатынастардағы
азаматтардың құқықтық
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.
Заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды түлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген.
Заңды тұлға конструкциясының құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау үшін маңызды. Дегенмен, заңды тұлға мәселесін оның кұқық субъектілігінің мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беруіне кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды.Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субъектісі болғандықтан, оның құқық субъектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субъектілігінің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінің заңды тұлғаларында арнайы құқыққабілеттілікті иеленген. Бұл заңды тұлғалардың тауарлардың өзгеріп тұрған бағаларына елеу мүмкіндігін төмендетті. Нарықтық экономикаға көшу барысында заңды тұлғаның мұндай қатаң құқыққабілеттіліктің (регламентациясы) тәртібі жаңа шаруашылық механизміне сәйкес келмейді. Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның кез келген заңға және құрылтай құжаттарына қайшы келмейтін әрекетпен айналысуға құқығын бекітеді. Сонда да заңды тұлғаның жалпы тәртібі негізінде арнайы құқыққабілеттіліктің сақталуы заңды тұлғаның құқықтық табиғаты мен мәнінен туындайды. Заңды тұлғаның пайда болуы жеке тұлғаға қарағанда оның құрылтайшыларының қандай да бір мақсаттарымен сипатталады. Мемлекет унитарлы кәсіпорынның мүмкіндігін бекіте отырып, оны заңды тұлғаның жарғысында белгіленген белгілі бір мақсатта қолдануын көздейді. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі туралы айтқан кезде, оның арнайы не универсалды құқыққабілеттілігіне қарамастан, Азаматтық кодекс бірқатар шектеулер қояды. Бұл ең алдымен оның белгілі бір қызметпен айлалысуына байланысты уәкілетті органмен берілетін лицензиясының болуымен сипатталады.
Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің деректеріне сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік – 24 603, жеке – 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен – 1253, 4375 – (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.
Мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.
Диплом жұмысының мақсаты – заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.
Кез келген мемлекеттің
келешегі өзінің ұлттық тілін
сақтап қалудан басталады.
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:
- заңды тұлғалардың түсінігін беру;
- заңды тұлғалардың түрлерін көрсете отырып, олардың құқықтық мәртебесін көрсету;
- заңды тұлғалардың құрылу және тоқтатылу негіздерін көрсету болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Диплом жұмысымызда қарастырылған негізгі ережелер яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұйымдық-құқықтың нысанын қайсы бірімен құрылып нарыққа шықпас бұрын заң талаптарын сақтай отырып тіркелуі керектігін анықтайды.
Ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға беру. Дипломдық жұмысты зерттеу барысында қазіргі таңда әрекет етіп отырған құқықтық нормативтік актілермен осы кәсіпкерлік саласын зерттеп отырған авторлардың еңбектерін зерделедік. Мәселен олардың қатарына: М.К. Сулейменов, Н.И. Клейн, Ю.Г. Басин, С. Братуся, Н. Маяет, Г.П. Дорощева, З.П.Дружинина, Р. Хоскинг, В.П. Грибанов, Т.К. Баратбеков, А.Вольнов, Л. Фролова, А.Жиленко және тағыда басқа авторлардың еңбектерін терең зерттеу арқылы заңды тұлғалардың табиғаты мен пәнін анықтауды және осы кәсіпкерлік қатынаста кең етек алып отырған мәселелерді анықтауды жүзеге асырдық.
Дипломдық зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі болып азаматтық құқық саласында нарықтық экономикадағы заңды тұлғаларға қатысты туындаған мәселелер танылады.
Зерттеудің нормативті-құқықтық
базасы болып Қазақстан
Дипломдық жұмыстың теоретикалық негізі. Жұмыстың теоретикалық негізін кеңестік ғалымдардың, ТМД елдері мен шетелдік авторлардың зерттеліп отырған мәселеге қатысты еңбектері және жүйелік басылымдардағы мақалалары құрайды. Дипломдық жұмыстың қорытындысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық актілерге негізделеді.
Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай –ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастырды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың негізгі қорытындылары құқық қорғау органдарының қызметі барысында сондай-ақ заңгерлерді дайындау барысында, азаматтық құқық курсын оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін.
1 Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері
1.1. Заңды тұлға түсінігіне жалпы сипаттама
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілірінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген [1]. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларда берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз [2; 25].
ҚР АК-тің 33-бабы
субъектісі ретінде заңды
- ұйымдықбірлік;
- оқшау мүлік;
- дербес мүліктік жауаптылық;
- азаматтық айналымға өз атынан түсуі.
Азаматтық кодекс (әрі қарай ҚР АК) заңды тұлға ретінде коммерциялық не коммерциялық емес ұйымды бекітеді, Ұйым ретінде белгілі бір ережелерге бағынышты азаматтар ұжымы, тобы танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрамның бір ерікті білдірумен азаматтық айналымда біртұтас күйде қатысуын айтамыз. Бұрын қолданыста болған заң актілері бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның құрылуына жол бермейтін. Қазіргі Азаматтық кодекс бір қатысушысы ғана бар заңды тұлғаның қызмет етуіне мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрініс табады.
Оқшау мүлік-заңды тұлғаның негізгі белгісі және ол мүлікке заттық құқықтың болуымен айқындалады: меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы. Заңды тұлғаның мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі.
Дербес мүліктік
жауаптылық оқшау мүлікпен
Жалпы тәртіпте сәйкес дербес мүліктік жауаптылық заңды тұлғаның борышы бойынша құрылтайшылардың жауаптылығын қарастырмайды. Сол сияқты заңды тұлға оның құрылтайшылары және қатысушыларының
міндеттемелері бойынша
жауап бермейді. Бірақ, заң актілерімен
және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен
заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша
құрылтайшылар мен қатысушылард
Заңды тұлғаның
нақты осы белгісі АК-тің 44-
Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы, қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша ҚР-ның Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықты болады.
Азаматтық айналымға
өз атынан түсуі заңды
Жоғарыда аталып
өткен белгіге сәйкес заңды
тұлғалар азаматтық айналымға,
мүліктік қатынастарға өз
Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардын бірыңғай мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Қазақстан Республикасында фитмалық атауды тіркеудын жеке процедурасы қарастырылмаған, сондықтан заңды тұлға әділет органдарында тіркеуген өткен сәтте, оның фирмалық атауы да қоса тіркеледі.
Жалпы заңды
тұлғаның фирмалыұ атауында, оның
ұйымдық-құқықтық нысаны (серіктестік,
акционерлік қоғам, тағы
Заңды тұлғаның барлық атауларына заң белгілі бір талаптар қояды. Фирмадық атауда заң талаптарына немесе қоғамдық өнеге нормаларына өайшы сөздер (мысалы, қазақ немесе орыс тіліне аударғанда балағаттаушы естілетін шет тіліндегі сөздер); жеке адамдардын есімдері қаттысушылардын есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардын есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардын есімдерін пайдалануға жол берілмейді [2; 27].
Азаматтық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөгде тұлғалардың фирмалық атауды пайдалануына тек фирмалық атаудың құқық иесінің
рұқсаты бойынша ақы төлеу арқылы жол беріледі. Бұл ретте кешенді кәсіпкерлік лицензия (фрачайзинг) шарты қолданылады. Осы шарт негізінде кешенді лицензияр кешенді лицензятқа сыйақыға фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін беруге міндеттенеді (АК-тің 896-бабының 1-тармағы) [3].
Фирмалық атауды бөтен адамдардын пайдалануы заңсыз болған жағдайда, фирмалық атаудын құқық иесі атауды
пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдын орның өтеуді талап етуге құқылы болып келеді.
Заңды тұлғалар
атауларына заңды тұлғалардын
ұйымдық-құқықтық нысандарында
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 1-бабында көрсетілгендей, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы бұл тауар таңбалары туралы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) босқа заңды немесе жеке тұлғаның бір тектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететіні белгілі.[4]
Тауар таңбасы
ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр,
көлем белгілері және өзге
де белгілер немесе бір
Тауар таңбасы кез
келген бояулы түсте немесе
бояулы түстер үйлесімінде
Негізгі қызметі болып қызмет көрсету танылатын ұйымдар, тауар таңбасына теңестірілетін қызмет көрсету таңбасын тіркеуден өткізіп пайдалана алады.
Тәжірибе жүзінде тауар не қызмет көрсету таңбаларына фирмалық атауларына басқа тұлғаларды шатастыруға әкелетін сөздердің енгізілуі, не жеке дараландыратын белгілері мен атаулары ұқсас болып келетін заңды тұлғалар кездесуі мүмкін. Шын мәнінде бұл жосықсыз бәсеке.
«Тауар таңбалары
туралы» Заңға сәйкес тауар
таңбасын тіркеу нәтижесі
Заңды және жеке тұлғалар өздерінінң фирмалық атауларында, тауар және қызмет көрсету таңбаларында «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді пайланған жағдайда, олар салық заңдарында көрсетілген тәртіп пен мөлшерге сәйкес алым –салық төлеуге міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар салықтың осы түрінен босатылады.
Заңды тұлға тұрған жері, оның құрылу және әрекет етуінің басты жағдайларын белгілегендіктен айрықша маңызға ие (тіркеуші органды таңдауда, азаматтық істер соттылығында). Азаматтық кодекстің 39-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.
Заңды тұлғаның
тұрған жерінің тәжірибе
Заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері-аумақтық тұрғыда оқшауланған заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері. Негізінен, филиал мен өкілдердің атқаратын қызметтері ұқсасырақ, сондай-ақ оларды заңды тұлғаның ұйымдық-құрылым элементтерінен (цех, бөлім, т.б.) айыру қиынырақ болып келеді. Басты айырмашалығы-екеуі де заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасады.
Филиал өзін құрған заңды тұлғаның атынан жұмыс істейді және әдетте, заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс жерде орналасқанымен, оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін орындайды. Филиалдардын қызмет аясы кеңірек болып келеді, мысалы, заңды тұлға жүзеге асыратын өндірістік және шарушылық қызметті тек филиал жүргізуге құқылы.
Өкілдік болып заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасқан және онын мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, онын атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі танылады. Солай, мысалы, өкілдік шарттарға отыра, олардын атқарылуына бақылау жүргізеді.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкілдектері міндетті түрде оларға заңды тұлға құқығы берілмей есептік тіркеуге жатады. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға ұсынылатын құжаттар тізімі ҚР Әділет министірінің 1999 жылғы 15 қантардағы №3 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстандық филиал мен өкілдіктер сияқты, республика аумағында құрылған шетелдік филиал мен өкілдіктер тіркеуден өтуге міндетті. Шетел заңды тұлғаларының құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотарияттық расталған аудармамен ұсынылады.[5, 151б.]
Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өрндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Заңды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және заңды тұлға тарап, мемлекетік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды.заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің балнста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді.меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізінде меншікке өтеді.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады. Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі – мемлекет. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымда басқару құқы арқылы ие. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлнеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататында: қоғамдық және діни бірестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анқталуы мүмкін басқа ұйымдар.
Шаруашылық
серіктестіктері, акционерлік
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
Заңды тұлға құқықтық заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық әлемінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңы тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қорғалмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Азаматтық құқық
теориясына көп еңбек еткен
көрнекті ғалым профессор С.А.
Академик А.В.Венедиктов
«ұжым ілімін» алға тартты. Бұл
ғалымның айтуы бойынша
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә) аталған заңды тұлғаның
жұмысшылары мен
Ал, ғалым Д.М.Генкин
«әлеуметтік ақиқат» теориясын
ұсынады, яғни онда ол
Азаматтық құқықтануда
О.А.Красавчиковтың «
Кейбір авторлар
бұл белгілерді біріктіруге
Бұл мәселе
туралы батыс еуропа
мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымының ұсынып, заңды тұлғаны адам тұғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесіунің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі. Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеу үшін негіз болады (Азаматтық кодекстің 45-б. 3-т.).
Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе мүлік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша не, заң құжатарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін [1].
Қосу барысында бір және бірнеше заңды тұлғалар таратылып, өткізу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың міндеттері мен құқтарын иемденетін заңды тұлғаның іріленуі жүзеге асады.
Біріктіру барысында бір заңды тұлға екінші бір заңды тұлғаға біріктіріледі.
Бөлу барысында заңды тұлға таратылып, оның базасында екі және одан да көп заңды тұлғалар құрылады.
Бөліп шығару барысында бір заңды тұлғаның құрамынан бір және бірнеше заңды тұлғалар бөлініп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекеті тоқтатылмайды, ал бөлініп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Өзгеру барысында
заңды тұлға өзінің түрін (
Заңды тұлғалардың қайта құрылу процесінде екі құжаттың (өткізу актісі және бөлу балансы) атқаратын рөлі ерекше.
Жоғарыда айтып
кеткендей, қайта
Өткізу актісін
де, бөлу балансын да заңды
тұлға мүлкінің меншік иесі
немесе заңды тұлғаны қайта
құру туралы шешім қабылдаған
орган бекітеді. Жаңадан пайда
болған заңды тұлғаларды
Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Заңды тұлға дегеніміз-
меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығындағы

- Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат
- Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
- Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері
- Қазақстан Республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау
- Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
- Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
- Қазақстан Республикасындағы шетелдік несиелендіру тәжірибесінің қолдануы
- Қазақстан Республикасында егемендіктің қалыптасуы мен дамуының мемлекеттік – құқықтық мәселелері
- Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект
- Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект
- Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері
- Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру
- Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары