Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
Кіріспе……………………………………………………………
I. Нарықтағы несие қатынастарының қалыптасуы
1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі...................
1.2 Несиенің формалары және несие заңдары.......................
1.3 Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі
несие беру процесі.......................
ІІ. Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
2.1«Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына
жалпы сипаттама.....................
2.2«Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау…………………….......14
2.3 Экономиканы және халықты
несиелендіру……………………………......
ІІІ. Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
3.1 Қазақстан Республикасындағы несиенің
даму болашағы......................
3.2 Әлемдік несиенің дамуының қазіргі
тенденциясы...................
Қорытынды ..............................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Несие дегеніміз
бір тұлға басқа тұлғаға құнды
натуралды немесе ақшалай нысанмен
қайтару талабымен және әдетте пайыз(%)
төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған
кезде қалыптастыратын
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушімен тікелей қарыз алушыға ұсынады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы – шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие берушіде және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат- вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге түрлендірілді.
Несие жүйесінің
негізгі буыны – банктер. Банк
– бұл аса ірі несие
Несиенің
екі нысаны белгілі: ақшалай және
тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудін
екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық
субъектілерінің несиелік қатынастары
банкпен қатынастар секілді пайда
болатын тікелей банктік
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары соммасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктік несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыларға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде,ал клиенттер– несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі-бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Банктің несие операцияларының негізгі мақсаты – банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдап оны ел экономикасына тиімді ету. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін, несиенің даму болашағын қарастыру.
Несиенің даму болашағы төмендегі мәселелер бойынша қарастырылады:
- Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары
- Несиенің формалары және несиенің заңдары
- Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру процесі
- Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- «Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама
- «Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау
- Экономиканы және халықты несиелендіру
- Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы
Аталған мәселелерді шешу жолы мерзімді баспалардан (газет, журналдар) және оқулықтардан алынған мәліметтер негізінде іске асырылады.
- НЕСИЕНІҢ МӘНІ, ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ
- Несиенің қажеттілігі және оның мәні
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдалану нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндік туады.
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:
- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.
- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жайт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мүмкiн.Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда — қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарыз алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызға алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкiн. Несие берушi — қарызгер болуы мүмкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиелеген құн болып табылады.
Несиенің мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Несиенің
қайтарылу принципі – қарыз алушының
несиені пайдаланғаннан кейін несие
берушіге уақытында қайтару
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің
жеделдік принципі қарыз алушыға
кез келген тиімді уақытта емес,
несие келісімшартында
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәне кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.
Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланды. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құығы бар.
Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.
- Несиенің формалары және несие заңдары
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажыратымсыз әрі диалектикалық жағынан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады. (1-сурет)
- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халықаралық тұтынушылық несиелер.
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан түрлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) – ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңғыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімсөзсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.
Несие заңдарына ең алдымен несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.
Несиенiң
пайда болу заңының экономикадағы
тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi
жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар.
Нақты несие қатынастары
Егер
шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып
отырған жұмысының нәтижесi үшiн
нақты материалдық
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңына тән Заң – оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.
Несиенiң
қарастырылған заңдары мен
- Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру процесі
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті – несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстандағы екінші деңгейлік банктердің орналастырылған қаражаттары 2007 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72 % келді. Сондықтан табыс 85 % - ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80 % -ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындарды құрайды.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі
кезде осы уақытқа дейін
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттер мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты.
Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы «сауда» акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі
несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер
олардың ресурстарға
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» 30.08.1995ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994 ж. «Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін» сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңде пайдаланатын несиелеу мехенизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісім-шарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез-келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер; мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасының қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
II-кезең.
Қарыз алушының несиелік
Қарыз алушының
несиелік қабілеті – қарыз алушының
алған ссудасы бойынша қарызды
уақтылы және толық көлемде қайтару
қабілетін бағалаумен сипатталады.
Несиені қайтара алмау тәуекелі
көптеген факторлар әсерінен болуы
мүмкін, сондықтан да, банк клиентке
несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды.
Бұл көрсеткіш банктің
III-кезең. Несиелік келісім-шарт жасау.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
ІV-кезең. Несие беру кезеңі.
Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несие беруді
құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына
байланысты ажыратылады. Жай ссудалық
шот ашылған қарыз алушы
- БАНКТІҢ НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. «Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама
20 жылдан аса қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан «Банк Центр Кредит» АҚ-ң даму тарихына қысқаша шолу шалсақ, банк 1988 жылы Алматы Орталық кооперативі банкі атауымен Кеңес Одағында төртінші болып тіркелді. 1988 жылдың 19 қыркүйектегі Кеңес Одағының Мемлекеттік банк басқармасының жиынымен банктің жарғысы бекітілді.
Алғашқы банктің жарғылық қоры 50 мың рубль болды және банктік қызметтерді небары үш адам жүзеге асырды. Алғашында жай қарапайым операциялар жүзеге асырылды, яғни банк кез-келген кооперативтер мен мемелекеттік мекемелерді несиелендіруге құқылы болды. 1988 жылдың қазанында банктің өз есеп шотында 100 мыңнан астам рубль, 1990 жылдың 1 қаңтарында банк капиталы 1,7 млн рубльді құрады.1989 жылы кешенді несиелендіру мен кассалық қызмет көрсетуге 299 кооператив, 23 қоғамдық ұйымдар мен 31 мемлекеттік өндірістер кірді.
1991 жылдың
тамызында банк шұғыл түрде
қосымша капитал жұмылдырумен
байланысты қайта құрылды. 1991 жылдың
12 тамызында Қазақ ССР-ң
1991 жылы банк екі негізгі бағытты белгіледі, олар банктік желілерді құру және жарғылық қорды ұлғайту мақсатында акционерлерді жұмылдыру болды. Бұл енгізулер жарғылық қордың 35 млн рубльге жетуіне ықпалын тигізді. Осы бағыттың арқасында 1991 жылдың соңында банк алдыңғы қатарлы қаржы мекемелерінің санына енді.
1992 жылдың
21 сәуірінде банк банктік
1993 жылдың
қараша айында еліміздің
1996 жылы
екінші деңгейдегі банктердің 2000
жылдың соңына дейін
(HEAD-OFFICE)
Бас офис банктің стратегиясын
және қызметтердің дамуының
(BACK-OFFICE) Бэк-офис жаңа банктік өнімдердің енгізілуімен және олардың сапаларын жақсартумен айналысады.
(FRONT-OFFICE)
Фронт-офис құрылымы банктік
1996 жылдың маусымында банк Орта Азия және Қазақстан аймақтары бойынша «Western Union» ақша аудару жүйесінің жалғыз өкілі болып табылады. 1997 жылдың маусымында банктің басқармасымен 1997-2000 жылдарға стратегиялық даму жоспары өңделді.

- Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
- Қазақстан Республикасында салықтардың пайда болуы мен дамуы
- Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар
- Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы
- Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
- Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері
- Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат
- Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
- Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері
- Қазақстан Республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау
- Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері