Қазақстан Республикасында салықтардың пайда болуы мен дамуы
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салықтардың экономикалық мәні және табиғаты
1.2 Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтар экономикалық маңызы
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ
2.1 Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібі
2.2 Қазіргі кездегі меншікке салынатын салықтардың алыну механизмін талдау ( Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша Салық Басқармасының іс-тәжірибесінде)
III ЖАҺАНДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Салықтар – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі.
Біз білетіндей, мемлекеттік
бюджет кірісінің 90%-ын салықтар құрайды,
яғни қаржылық тұрақтылықтың бірден-бір
факторы салық саясаты. Алайда мемлекеттің
салық саясаты, біріншіден, салық
салу базасының дамуы, яғни экономикадағы
жалпы жағдай, әсіресе оның негізгі
өндіріс салаларындағы жағдай, ондағы
оңтайлы салық ставкасын
Батыста салық сұрақтары кәсіпорындарды қаржылық жоспарлауда жоғарғы орын алады. Жоғары салық ставкасының жағдайында салық факторының бұрыс және жеткіліксіз есебі қолайсыз нәтижеге немесе кәсіпорын банкроттылығына әкелуі мүмкін. Екінші жағынан салық заңдылығымен қарастырылған жеңілдіктер шегерістерінің дұрыс қолданысы қаржылық жинақтаулардың сақталуын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай іскерліктің дамуын қаржыландыру мүмкіндігін және салықты үнемдеу немесе қазынадан қайтқан салық есебінен жаңа инвестицияны қаржыландыру мүмкіндігін де қамтамасыз етеді.
Салықты қолдану жалпы
мемлекеттік қызығушылықтың кәсіпкерлерінің
коммерциялық қызығушылығымен өзара
байланысын басқару мен қамтамасыз
етудің экономикалық әдісі болып
табылады. Салық көмегімен
Салықтар дүниежүзіндегі
барлық адамзаттық өмірінде күнделікті
кездесіп отыратын құрал болып келеді,
себебі әрбір тұлғаның сатып алатын,
тұтынатын заттарының барлығының құрамында
салықтың белгілі бір мөлшері
тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын
әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше
белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда
әлеуметтік-экономикалық жүйелерді
мемлекеттік реттеуінің объектісі
мен субъектісінің ара-
Қаржылық-бюджеттік жүйе
мемлекеттің қаржылық ресурстарын,
яғни бюджеттік және бюджеттен тыс
қорларды құру мен қолдану жөніндегі
қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни
және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің
тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі
таңда көп үлесі салықтар мен
бюджетке төленетін міндетті төлемдерден
құрылатындықтан қаржылық-
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді.
Салықтар барлық елдерде
олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы
мен саяси іс-бағытына қарамастан
ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі
көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің
басты қаржылық құралы, мемлекеттің
экономикалық мазмұны нақты түрде
көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-
Әлемдік тәжірбие көрсетіп
отырғандай салық пен несие
қаржы жағынан реттеуді
Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын арта түсуде .
Салық мемлекеттiк құрылымның
негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы
көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және
жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде
мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң
пайда болуымен қалыптасады және
мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi
көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде
салықтар-экономикалық процестi жанама
реттеудiң тиiмдi құралдарының бiрi болып
табылады. Сонымен салықтар қазынаны
толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай
дамытудың белсендi ынталандырушы
рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке
деген ынталы тежеу механизмi болып
келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң
бiрден-бiр факторларының
Мемлекеттiк бюджеттiң
негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн
қамтитын салықтардың бiрi меншiкке
салынатын салықтар болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы
Сонымен қатар, меншiк салығы ең кең тараған салық түрiнiң бiрi. Ол жеке және заңды тұлғалараға қатысты болып табылады. Кез-келген жеке және заңды тұлға мiндеттi түрде салық төлеуi қажет. Салықтан тек жеңiлдiк берген кезде ғана босатылады.
Сонымен қатар, меншiкке салынатын
салық айтарлықтай салық салу
түрiмен қатар, салық салу механизмi
ең күрделi және ең қиын түрi. Ал бұл
салық салудың моделiнiң
Меншiкке салынатын салықтың кең таралуына және салық төлеушiмен мемлекет бюджетiне жалпы әсерiнiң айтарлықтай дәрежеде болуына байланысты, ол туралы заңдылықты бiлудiң қажеттiлiгi өте зор болып отыр, яғни бұл заңдылықты салық төлеуге мiндеттi салық төлеушiлер мен салық жинауға мiндеттi салық қызметi органының қызметкерлерi ғана емес, салықтың қатынасқа қатысатын кез-келген субьектi бiлуi қажет.
Осы дипломдық жұмыста аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі, меншікке салынатын салықтардың мәні және түрлері туралы. Екінші бөлімінде меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібі мен бюджет кірісін құрудағы рөлі туралы тоқталамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде меншік салығының Алматы облысы Алакөл ауданының Салық Басқармасы іс-тәжірибесінде алыну механизміне талдау жүргіземіз. Ал соңғы үшінші бөлімде біз меншікке салынатын салықтар бойынша жаңа Салық Кодексіндегі өзгерістерге, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мәселелерге, оларды шешу жолдарына, меншік салынатын салықты жетілдіру жолдарына мен даму перспективаларына шолу жасаймыз.
Тақырыпты зеттеудің мақсаты – Қазақстанның Республикалық бюджетіндегі меншікке салынатын салықтарды қалыптастыру, есептеу, төлеу және басқаруына байланысты мәселелерді қарау және шешу.
Зеттеудің міндеттері:
- меншікке салынатын салықтарды зерттеу;
- меншікке салынатын
- меншікке салынатын салықтарды қалыптастыру мен басқарудығы мәселелерді зерттеу.
Алматы облысы Алакөл ауданы Салық Басқармасының меншікке салынатын салықтардың түсімдерін талдау негізінде, аталмыш салықтың бюджет кірісін құраудағы ролі анықталды.
Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы Салық комитетінің нормативтік құжаттары мен Салық Басқармасының материалдары, сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНШІККЕ
1.1 Қазақстан Республикасында салықтардың пайда болуы мен дамуы
Салықтар дегеніміз
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада;
- Біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- Екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Мемлекеттің экономикаға
араласу дәрежесі, яғни мемлекеттік
реттеу, қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі
шешілетін нақты мақсаттары мен
міндеттеріне байланысты. Бұл реттеудің
қай түрін болмасын, экономикалық
қатынастарды салық саясатының көмегімен
бөлу және қайта бөлу құрайды. Осы
арқылы мемлекет экономика дамуының
циклдік ауытқуларын
Салықтың экономикалық мазмұны
олардың негізгі функцияларымен
сипатталады. Салықтың ең негізгі функциясы
болып – фискалдық саналады. Бұл
функция салықтардың
ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзілік қаржы ғылымында экономикалық саясаттың ең қуатты құралы ретінде, салық салудың реттеу функциясын пайдалану қажеттігі пайд аболды. Бұл көз- қарастар А.И.Буковецк, П.П.гензел, И.М.Кулишер, В.Н.Твердохлебовтың «шетел мемлекеттерінің салығы» (1926) атты монографиясында, П.В.Микеладзенің «Шетел мемлекеттеріндегі салық салужүктемесі» (1928) атты кітабында, К.Ф.Шмелевтіың «Салық салудың жүктемелік мәселелері» (1928), А.А.Тривустың «Салық –экономикалық саясаттың құралы ретінде « (1925)6 В.В.Дитманның «Салықты аудару» (1930) атты еңбектерінде толық сипатталған.
Салық функциясы бұл оның қасиеттерін көрсететін тәсілі, яғни осы экономикалық категорияның қоғамдық міндеттемесін қалай жүзеге асыратынын бейнелейтін, салық мәнінің көрініс. Барлық салық функцияларының мақсаты бір - ол, мемлекеттің салық жүйесінің және олардың бюджет саясатының тиімділігін анықтауы.
Салықтың реттеуші функциясы
, олардың ұдайы өндіріс
Салықтың ынталандырушы
функциясы, экономиканың жеке субъектілеріне
салық салудың ерекше тәртібін (жеңілдетілген
және қарапайымдатылған) қолдануымен
байланысты. Жалпыға бірдей қойылған
салық ставкасын төмендету, салық
салынатын базаны ығыстыруды, салық
төлемдерінің мерзімін ұзартуды (қысқартуды)
енгізуді, бюджетті салықтық несиені
ұсынуды, салықтың бірнеше түрін
бірыңғай міндетті жарнаға шоғырландыруды,
және басқа да ұқсас шараларды
пайдалану арқылы, мемлекеттің салық
салуды басқару органдарының, нақты
кәсіпорындар мен азаматтардың иелігіне
қосымша ақшалай қорын ұсынады.
Бұл ресурстар, шаруашылық субъектілері
мен жеке тұлғалардың өндірісті
ұйымдастырудағы қаржы
Осыдан жүздеген жылдан астам бұрынғы ғалым экономистердің айтуы бойынша, мемлекеттің салық саясатының фискалдық, реттеуші, ынталандырушы функцияларымен қатар, тұрақтандырғыш функциясы да қолданыла бастады, яғни салық ұлттық нарықтың тұрақты қызмет етуінің материалдық негізі және әрекет етуші қоғамдық саяси құрылымның қолдаушысы ретінде қарастырылған. Мәселен, АҚШ та соғыстан кейінгі жылдары, салықтарға, экономикалық циклді тұрақтандырғыш ролі ұсынылды. Елдің экономикалық жағдайына байланыты, басқару құрылымдары, салықты төмендете отырып, мемлекет сұранысын ынталандыруға, экономикалық өсу қарқынын артыруға, кәсіпкерлерді инвестицияға қарай итермелеуге, ал салықты арттыра отырып инфляцияны әлсіретуге, экономикалық циклді тұрақтандыруға тырысты. Мұның бәрі кәсіпкерлерді, өндірістің анағұрлым жетілдірілген түріне қарай немесе шаруашылық ұйымдарын өндіргіш нысандарына бағыттау үшін, қаржы ғалымдары, мемлекеттен, белгілі облыстардағы жетістіктерге қол жеткізген тұлғалар мен фирмалар үшін салық жеңілдіктерін беруін өтінуді іске асырды.
Осылайша арада біраз уақыт өткеннен соң, салық салудың тұрақтандырғыш функциясы, салық жүйесінің халықтың әл ауқаты нашар дамыған топтар ыүшін, оларды әлеуметтік қорғайтын кепілдік ролін, яғни қоғамның әлеуметтік тқрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа қызмет атқара бастады.
Қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін жеңілдік жиынтығын ұсынумен қатар, әлеуметтік қорғау функциясын және азаматтардың табысына салық салудың үдемелі әдісін пайдалануға байланысты салықтың әлеуметтік теңестіру функциясының қызмет етуі қажет.
Қазіргі мемлекеттердің барлығында
дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан
қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік
қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау
дегеніміз қоғамның табысы аз мүшелеріне,
қаржылай көмек ретінде көрсетілетін
үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссыздық
бойынша жәрдем ақы, қарттар мен
мүгедектерге берілетін зейнетақы
және әл-ауқаты нашар отбасыларына
берілетін әлеуметтік көмектер мен
әлеуметтік сақтандырудың басқа
да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларға
мемлекеттің тегін медициналық
қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі,
сондай-ақ табысы аз отбасыларына әлеуметтік
қызметтер көрсетуі және т.б. жатады.
Әлеуметтік қорғау бағдарламасының
мәні, қоғамдағы табысты қайта
бөлумен іске асады. Осылардың негізінде
біреулерден салық өндіріліп
алынып, екінші біреулеріне жәрдем
ақы ретінде беріледі.и
Салықты қайта бөлу функциясының
мәні, шаруашылықтың әртүрлі
ХХ ғасырдың аяғында мемлекеттің
нарықтық экономиканы реттеу механизмі,
салықтардың теориялық
Мемлекеттің шаруашылық өмірінің
өзара байланысының өсуі мен интернационализациялау
процесінің ең жарқын көрінісі болып
Еуропа Одағының (бұдан әрі ЕО) ішіндегі
экономикалық интеграция, яғни экономика
мен саясаттың еуропалық
Салық салудың интеграциялық функциясы ұлттық салық саясатын өңдеу кезіндегі басқа елдердің салық климатының жағдайы, көршілес мемлекеттермен қолданылатын салық ставкалары, шет мемлекеттерде салық реформаларын жүргізудің болашақтағы бағыты мен тәжірибесі сияқты факторларды ескеруді қажет етеді.
Салық, сондай-ақ экономиканың
жағдайын тексеретін бақылау функциясын
да атқарады. Бюджетке салықтардың
түспеуі (уақытында түспеген ақшалай
төлемдер мен олардың жиналмаған
сомасының есеп айырысу көлеміне
қарсылығы) өндірісті ұйымдастыру
мен басқаруға, тауар айналымының
қалыптасуына, ақша-несие жүйесіне,
әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуге
күрделі кедергісін тигізеді. өндірістің
шағын көлемі мен рентабельсіздігі,
өніммен жабдықтау қыиншылығы, кәсіпорындар
арасында ақшалай есеп айырысудың бұзылуы,
жұмыспен қамту мен инвестицияның
құлдырауы, төмен дәрежелі жалақы мен
әлеуметтік жәрдемақылар – міне осындай
экономикалық факторлар, бюджетке келіп
түсетін салық көлемін
Салық салудың бақылау
функциясының арқысында салық механизмінің
тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының
қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі,
салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа
өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталады.
Бюджетті-салықтық, яғни фискалдық
қатынастардың бақылау
Салықтың құндық категориясы ретінде қаржы категориясының жиынтығынан ерекшеленетін, өзіндіік айрықша белгілері мен қозғалысының өзіндік түлері бар.
Салықтың өзіндік ерекшелігі болып, олардың монополиялық сипаты есептеледі. Салық салу жағынан мемлекеттің бәсекелесі жоқ және болуы да мүмкін емес.
Салық жүйесін анағұрлым
тиімді пайдалану үшін салықтың мәнін,
орнын және ролін дұрыс түсіну
қажеттілігінің мәні зор. Өткен уақыттағы
ғалымдардың қаржы жайлы
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады. Қандайда бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу элементтері мыналар:
- Субъект;
- Объект;
- Салық көзі;
- Салық ставкасы;
- Салық өлшем бірлігі;
- Салық оклады;
- Салық жеңілдіктері;
- Салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
- Салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері;
- Салық төлеуін бақылау;
- Салықтық жазалау шаралары.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
Қазақстанда салық төлеушілер:
- резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
-Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып табылады.
Салық объектісі – заң жүзіндегі негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген тауарлық-материалдық игіліктер.
Салық көзі салық салынатын
табыс. Салық салынатын табыс
жылдық жиынтық табыс мен
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.
Пайыздық салық ставкасы прогрессивті, регрессивті және пропорционалдық болып бөлінеді.
Прорессивті ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшері байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
Регрессивті салық ставкасы-
салық салынатын табыс
Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.
Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні жартылай немесе салық төлеуден толығымен босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум. Шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту, т.б. жатады.
Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.
Салық төлеу тәртібі белгіленген
мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу
кезіндегі белгілі бір
- Қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу;
- Салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өкілі арқылы білдіру;
- Салық бақылауы нәтижелерін алу;
- Салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;
- Жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы көшірме алу;
- Салық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;
- Салық құпиясының талап ету;
- Салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарда табыс етпеу.
Салық төлеушілердің міндеттері:
- салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;
- салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамау;
- нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;
- салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс ету;
- сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу.
Салық төлеуді бақылау – салық заңдырының орындалуын, мемлекетке түсетін слықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы және олардың уақтылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Салық қағидалары:
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс;
- нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс;
- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді;
- біртұтасттылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады;
- жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
- салық салу объектісіне байланысты;
- қолдануына қарай;
- салық салу органына байланысты;
- экономикалық ерекшелігіне байлнысты;
- салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты.

- Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар
- Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы
- Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
- Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері
- Қазақстан Республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау
- Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
- Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
- Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерліктің дамуы
- Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері