Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау

                                Мазмұны

 

Кіріспе

1  Табиғи ортаның экологиялық жағдайын бағалау

1.1  Қоршаған ортаны ластаушы заттар

1.2 Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар

2 Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау

түрлері мен тәсілдерін анықтау

2.1.   Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің тигізерқауіпін 

         бақылау

2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі

         параметрлері

2.3.  Қоршаған ортадағы негізгі проблемаларды талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  

 

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарлар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұның жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп жыл бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

    Қоршаған  ортаның сапасы мен негізгі  құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын  сақтау үшін қоршаған ортаны  түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің  шараларына зерттеу жасау керек. Бұл проблеманы шешу әр түрлі  іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған  ортаның сапасына саналы және  оң әсер етеді, ал бұл тек  қана ең кең аумақты мағынадағы  тиімді басқару кезінде мүмкін  болады. Ол үшін, алдымен басқару  объектісін зерттеуден бастау  керек, яғни «қоршаған ортаның  сапасы» деген не екендігін  анықтау керек.  Тарихи қалыптасу бойынша, «сапа» деген анықтама материалдық өндіріспен ғана байланысты, «сапа» деген ұғым тек өнімге ғана тиісті болды, басқа ештенеге байланыспады. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және тағы басқа сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымдарының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы - әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.

   «Қоршаған  ортаның сапасы» деген анықтаманы  баяндаудағы көз қарастарының  көптігі «қоршаған орта» анықтамасының  мағынасын баяндағанда тәсілдерінің  көптігімен түсіндіріледі, сондықтан  «қоршаған ортаның сапасы» дегенге  анықтама беру алдыңда «қоршаған  орта» деген анықтаманы дәлірек  баяндау керек.

    Қоршаған  орта – бұл қазіргі уақыттың  ғылымы мен тәжірибесінің негізгі  категориялардың бірі. Интеграцияланған  басқару мен бақылау объектісі  ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған  орта болып табылады.

    Оқу мақсаттарына  байланысты әр түрлі зерттеушілерінде  өздерінің тәсілдері, ойлаудың әдеті  мен стилі қалыптасты, ал бұл  осы анықтаманың қазіргі ғылыми  әдебиетінде сан алуан трактовкаларды  анықтады.

 Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру».

Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Бақылау  нысаның анықтау.

2. Белгіленген  нысанды зерттеу.

3. Бақылау  нысанына ақпараттық модель құрастыру.

4. Зерттеу  жұмысын жоспарлау.

5. Бақылау  нысаның жағдайына баға беру  және оны ақпараттық модельмен  салыстыру.

6. Бақылау  нысаның жағдайының өзгеруін  болжау.

7. Қодануға  ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға  жеткізу.

                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Табиғи ортаның  экологиялық жағдайын бағалау

                  

          

    1. Қоршаған ортаны ластаушы заттар

 

Экология – тірі  организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Бұл ғылымға алғаш қызыға  қараған Аристотель болса, оның  оқушысы “ботаниканың әкесі” Геофаст еңбектерінде өсімдіктерге де типографиялық, географиялық жағдайдалардың ықпал ететін, климат пен ауа райының  өсімдіктердің  өсуіне, жемісінің пісуіне,  гүлі мен жемісінің  иісіне де әсер  ететін атап көрсеткен. Карл Линей өсімдіктер мен жануарлардың  қоршаған орта мен  байланысын зерттеген. Ал экология деген термінді. 1866 жылы  австралиялық ғалым – биолог Э. Геккель ұсынды. “Экология” деген гректің oikas – үй, мен және logos -  оқу деген  сөздерінен  құралған. Қарапайым тілмен  айтсақ, қоршаған орта мен тіршілік  арасындағы қатынасты, табиғаттағы  тепе – теңдікті  сақтау мәселелері  экология деп түсіну керек. Экология ғылымы қазіргі табиғи ортаның адам денсаулығына  жануарлар мен өсімдіктердің организміне  тигізетін әсерін және  тағы  басқа  өзгерістерді  зерттейді.[1.2.7]

БҰҰ – ның  шешімі  бойынша жыл сайын маусым айының 5- ші  жүлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып  өтілуде. [5].

Адам баласы  тіршілік ету  үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден  қорғау  келешек ұрпаққа оларды табиғи  қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына  әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері  таза болғаны жөн. Жер  тұрғындарының  шаруашылық қызметі қазіргі  кезде биосфераны  ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет  табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі  күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ  тәріздес, сұйық  және қатты  қалдықтары биосфераға  түсіп отырады. Ол  қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа  санданған химиялық заттар  бөлініп, олар адам денсаулығына  залал  тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің  20 пайызына себеп, болып отыр. Ал  кейбір жерлерде  жағдай  мүнан да қиын. Қәзіргі кезде  бүкіл жер  шарында адамның  араласуынан  шет қалған, ластанушы заттардың түспеген  бірде- бір жер жоқ [8.9].

Қоршаған  ортаны ластайтын затардың  биологиялық  әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға  ұрындыруы,  қатерлі ісік тудыруды және мутагендік  (гендердің  бопсалануы) қасиеттеріне  байланысты  екендігі белгілі [4.9]

Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи  ортаны ластап, адам организміне  әр түрлі әсер етіп,  денсаулығын  бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде  әсер етсе адамның  тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі  зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті  металл өндіретін  өндірістер тынымсыз  улы заттар шығарып тұрады. Мысалы,  ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға  күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине  адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады.  Көмірді жылу электростанцияларында  жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп  шығады. Ол ауылшаруашылық  егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге,  орман өсімдіктеріне  елеулі зиян  келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады [7.10]

Мамандардың мәліметтеріне  сүйенсек, соңғы жылдары  автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға,  ал  ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың  мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген  шаң- тозан  қоршаған ауада, топырақта  калий,  кальций,  магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан  шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің  бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің  улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер,  аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.

Сондықтан қоршаған ортаға  зиянды  заттар шығаратын кәсіп  орындардың қаладан алыстау  жерге орналасқаны  жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топққа бөлуге  болады: 1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт,  көмірсулар,  пестицидтер  мен гербицидтер, шайынды  сулар,  фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

2. Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар,  электромагниттік  толқындар, шулар мен тербелістер.

3. Биологиялық ластану  – жұқпалы  және  паразиттік  ауруларды туғызатын қоздырғыш  бактериялар, вирустар,микроорганизмдер  мен құрттар, қарапайымдылар мен  шектен тыс көбейіп кеткен  зиян  келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян –  табиғаттың  әсем ландшафтарының  бұлінуі,  орман – тоғайлардың  жойылуы, табиғатты сулу  жерлерді  су басып батпақ – сорға  айналуы, сусымалы  құмдардың жылжып  жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су  қорының азайып көлдердің құрғауы  және  тағы  басқалар.

  Ал  биосферадағы ластану процесі  үш  кезеңге бөлінеді [3]

  1. Ластанушы заттардың таралуы.

  1. Ластағыштардың биомассаға енуі.

  1. Ластанғыш заттардың  биологиялық  топтануы немесе  қорлануы.

Адам  организімі ластаушы  заттарды  қабылдаған

кезде белгілі бір мөлшерге, немесе  деңгейге дейін ғана төзе  алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға  душар болады.

Қоршаған ортамен,  табиғатпен адам өмірі тығыз  байланысты. Егер онда  кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып  ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат  та одан зардап шегеді,  одан  айналып өте алмайды. Өзімізді  қоршаған сыртқы орта  (ауа,су, топырақ) адам өміріне зор ықпал  жасайды. Ал  денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған  ортаны  қорғау еліміздің аса  маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау,  қолдан келсе оны  жақсартуға  тазартуға  ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік  парыздарының бірі болып  қала  бермек. “Табиғат – біздің туған  бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны  бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны  таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге  үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай  сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің  қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа  жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне  жанашырлық жасау  болып табылады.

 

1.2. Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар

 

Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына келтірілді. 
Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына байланысты  қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналар:

Атмосфералық ауа мониторингісін;  

Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы  жай-күйінің мониторингісін;  

Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;

Топырақ жай-күйінің мониторингісін;

 Радиациялық мониторингті

Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар:

   Атмосфералық ауа жай-күйі  үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады. 
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:   

·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19);

·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19);

·        үздіксіз режимде жүргізіледі. 

    Атмосфералық ауа ластануын  зерделеген кезде 17-ден астам  ластаушы заттар, оның ішінде  жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б   анықталды.

Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.

   Атмосфералық жауын-шашын  және қар жамылғысы жай-күйіне  бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық  ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес  жүргізіледі. Жауын-шашын және қар  сынамаларында мыналар: 
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; 
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; 
-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла 
-   қышқылдар 
-   меншікті электр өткізгіштігі анықталады.  
    Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі. 
    Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.

Атмосфералық жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
45 метеостансаларды қамтиды.

 

Радиациялық мониторинг

 
        Атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды:  
 -        43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;   
-         79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

Топырақ жай-күйінің мониторингі  
Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда жүргізіледі. 
Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады. 
Аялық мониторинг

   Қазақстанда биосфера ластануының аялық жай-күйі және оның өзгеру үрдістері жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісінің бір стансасы (КАМС) ұйымдастырылды.

 

Фондық мониторин

 

Қоршаған ортаның атмосфералық күйін байқау мақсаттарында және қоршаған ортаның басқа да компонентерін анықтауда Бұрынғы Кеңестер Одағы аумағына қоршаған ортаның кешенді фондық мониторинг станциялар желісі құрылды, ол бақылаулар ортақ бағдарламалар бойынша жүргізілді.Қазақстанда табиғи ортаның жалғыз комплексты фондық мониторинг станциясы (СКФМ) Ақмола облысында «Бурабай» құрылды, оның мақсаты биосфералық ластану күйі мен тенденциясын анықтау үшін ақпарат алу болып табылады. Бурабай көліндегі гидрологиялық бақылау.

 

   Су беті күйінің мониторингі

 

   Бақылау пунктері республикамызда маңызды экономикалық мәнге ие болатын, су қоймаларын немесе су токтарын қолдануын ескере отырып орналастырылады, сонымен қатар, республика шекарасындағы өзендердің байланысуы мен үлкен өзендер аумағында, және де ағынды сулардың ластану күйіне шалынатын жерлерге де қойылады.Құрлықтағы судың ластануын бақылайтын көптеген пунктер, гидрологиялық станциялар және постармен қойылған. Сонымен қатар, міндетті түрде (су деңгейі мен шығыны, ағынның орташа жылдамдығы және тағы да басқа) анықтаған жөн.Су бетінен байқау алу он күндікке, ай сайын, және көбіне гидрологиялық фаза кезінде жүргізіледі.Бақылау желісі 53 өзенге, 8 көлге, 12 су қоймасына, 3 канал мен 1 теңізге бөлінген 183 гидропосты қосады.Құрлық суымен теңіздерден су бетінің күйінен байқамасын алғанда, анықтайды: температураны, өлшенген нәрселерді, айқын рН, ерігіш оттек, БПК-5, минералдану, ХПК, тұз құрамының басты күйін, биогенді элементтермен және негізгі ластаушы заттар: мұнай өнімі, фенолдар, ауыл металлдар.

   Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 53 өзенді, 8 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

   Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.  Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.

   Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.  

 

 

    2 Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін   анықтау

 

 

    2.1. Қоршаған ортаға радиоактивті ластану көздерінің қауіпін бақылау

 

   Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.Ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.  
    Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.  
   Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекет аралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шекалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.  
   Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.

1.Радиaция  
  Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.  
   Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың

ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін. 70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз.

2.Радиациялық ластану  
  Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.  
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:  
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);  
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).  
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда:оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.  
  Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.  
  Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік                                                          

зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің

(кобальт-60, цезий-137) қуатты  көздерінің қасында жоғарғы топтағы  бірде-

 бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі

радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.  
3.Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және тағы басқа жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:  
• Атом өнеткәсібі;  
• Ядролық жарылыстар;  
• Ядролық энергетика;  
• Медицина мен ғылым.  
  Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.  
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.  
  Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет.  
4.радиоактивті заттардан қорғану.  
   Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.  
   Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.  
  Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар

радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.  
   Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.  
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.  
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.  
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.  
   Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбейтін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліметтердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.                                                  

 Кейінгі кезде биологиялық  ғылымдар орасан зор ілгерілеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің

Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау