Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы



МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................

 

1. ТУРИЗМНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

    1. Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
    2. Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
    3. Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару...................

 

2. ТУРИСТІК  БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ  ШЕТЕЛДІК  ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТАЛДАУ

2.1 “Kami travel” туристік  фирмасының қалыптасуы........................................

2.2 “Kami travel” туристік  фирмасының қоғамдық қызмет түрлері  мен мақсаты........................................................................................ ....................

3. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстан Республикасында  туризмді дамыту болжамы...........................

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен  және табиғатпен тілдесумен тікелей  байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Туризм әлемдік экономикада  басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның  деректері бойынша ол әлемдегі жалпы  ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.

Қазақстанда туризмнің  дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

1993 жылы Қазақстандағы  туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Қазіргі уақытта 2009-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқа салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның туристік бейнесін қалаптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналарын  жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

          Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм енбекшілердің  жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Қазіргі туризм – бұл  әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикі зат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.

Қазақстанда туризмнің  хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол.

Қазақстандағы қазіргі  заманғы туризм дамуының деңгейі  қолда бар туристік әлеуметті  толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық мханизмін зерттеудің өзекті мәні бар.

Отандық туристік нарықтағы  қазіргі жағдай маркетингтің қағидаттары  мен тәсілдерін қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Туризмді зерттеуге, сонымен бірген М.Б. Биржаков, В.И. Азар, Ф. Котлер сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.

БӨЛІМ 1. ТУРИЗМНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ДАМЫУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

    1. Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

 

          Ұзақ даму тарихи бола тұрып, туризм әлі күнге дейін толық, бір мәнді анықтама алған жоқ және оны тек жеке мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі анықтап жүр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткілікті зерттелмеген және оған сандық баға беру қиын.

          Туризмнің іс жүзінде бар анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Оның бірі жұмысшылық деп аталады және оның мінездемесі тар арналы, оған туризмнің жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа аспектілерін немесе туризмнің ерекшеліктерін қамтиды да, нақты мәселелерді (мысалы, статистикалық мақсаттағы туризм анықтамасы) шешу құралы ретінде қолданылады. Екінші топ, мәндік анықтамалар пәнді түгелдей қамтиды, туризмнің қасиеттері  мен қатынастарының көптүрлігін бір бірлікте көрсететін ішкі мазмұнын ашады, және оны ұқсас, көбінесе өзара байланысты, бірақ басқаша табиғаттағы құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.

          Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризмді тұрғындардың мекен-жайын немесе жұмыс орның орнын ауыстыруына байланысты емес көшіп-қону формасының бірі деп түсіндіріледі. Оған анықтама берілудің қажеттілігі ХХғ. І жартысында туындады және ол туристік ағындардың барлық жерде өсуімен, туризмнің экономикалық маңызының артуымен және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есебін алуға тырысушылықпен түсіндіріледі.

          Турист терминіне алғашқы анықтамалардың бірін Ұлттар Лигасының статистика мәселелері жөніндегі камитет сарапшылары берген (1937ж). Ол халықаралық қолдануға ие болды және қазіргі күнге кейбір түзетулері болмаса негізінен сол күйінде жетті. Соңғы жылдары туризмге анықтама беру мәселелері Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының бас қосуларында (Дублин,1950жылы, Лондон,1957жылы),Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық туризм және саяхат туралы конференциясыда (Рим, 1967 жылы), Бүкіләлемдік Туристік Ұйым конгресінде (Манила, 1986жылы), туризм жөніндегі парламентарлық  конференцияда (Гаага, 1989 жылы), және тағы басқа жиындарда талқыланған.

          Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеде саяхат пен туризм статистикасы жөнінде халықаралық конференцияда қабылданған (Оттава, 1991жылы) және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясымен бекітілген анықтама кең қолданыста. Ол бойынша:

  • турист – бұл 24 сағаттан 1 жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және өзге де мақсаттарда кенінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

         Күнделікті орта шегінен асып сапарлау бұл саяхаттаушыларды жіктеудің бірінші белгісі.

          Күнделікті орта термині айналымға Оттава конференциясында келіп-кетушілер қатарынан күнделікті үйден жұмысқа (оқуға) барып, қайта келетін адамдарды бөліп қарау үшін енгізілген. Олар күнделікті ортадан аспайды және турист болып саналмайды.

          Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның туризм статистикасы жөніндегі ұсынымдамаларында күнделікті орта параметрлері екі көрсеткішпен сипатталады. Ол нысанға келіп-кету жиілігі және оның қашықтығы. Тұлға тұрақты баратын жерлер оның тұрғылықты жерінен әжептәуір қашықтықта болса да, оның күнделікті ортасының элементтері болып табылады. Осыны негізге ала отырып айтатын болсақ,мысалы, шекаралық аудандардын тұрғындары шекаралас мемлекеттердің территориясында қызмет істеп және ол елдерге үнемі барып тұратындықтарына қарамастан халықаралық туристер санына жатқызылмайды.

          Келген жерде болу ұзақтығы – бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп – кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері – Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды.

          Сапар мақсаты (себебі) – келіп-кетушілердің үшінші белгісі. Басқа саяхаишылардан айырмашылығы олардың саяхаттауының себептері ресми құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде кең түрде көрсетілген туристік себептер болып табылады. Келіп – кетушілерді статистикалық есепке алудың ыңғайлығы үшін Бүкіләлемдік Тіристік Ұйымның ұсынуымен (1-сурет) туристік мақсаттар бірнеше топтарға біріктірілген: бос уақыт, рекреация, демалыс; туыстар мен таныстарға қонаққа барып қайту; іскерлік және кәсіби мақсаттар (іскерлік кездесулерге, конференцияларға, конгрестерге қатысу тағы басқа); ем қабылдау, діни қасиетті жерлерге зиярат ету (қажылық); басқа да туристік мақсаттар.

          Ежелгі  Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар – аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мың жылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар, мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.

          Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармаға бойынша VI – XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар. Қазақ жерлері арқылы да жүріп өткен атқты саяхатшы Марко Поло: “Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қандай жолмен шықса да, 25 шақырымнан кейін станса, оларша янб, ал бізше атты поштаға жетеді, әр стансада жаушылар тоқтайтын үлкен, әсем үй бар. Бұл керуен сарайларға сәнді жібек көпелерімен көз тартатын кең төсектер қойылған, жаушыға керектің бәрі бар, тіпті патшаның өзі де осында тоқтай алады”, - деп жазған.

          Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты. Қазақстанда қажылық туризмін ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр тірлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізі 1399 ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.

          Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.

          1991 жылға дейін Қазақстанда үдемелі дамып отырған әлеуметтік туризм басым болды. Отандық әлеуметтік туризді тек мемлекет қана емес, сондай – ақ, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан туристік базаға 20 күндік жолдама орташа жалақыдан артық болған жоқ. Сонымен қатар,кәсіподақтар туризм жөніндегі облыстық және республикалық кеңестер арқылы сан мыңдаған адам қатысатын спорттық туризмнің дамуын қаржыландырды. Қазақстандықтардың сорттық және белсенді туризм турлеріедегі едәуір табыстары осымен тісіндіріледі.  


         Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

          Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.

          Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы” және 1998 жылдың 27 ақпанындағы “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау” жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.

          Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі – Қазақстанның 2011 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.

          Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% - іне қызмет көрсетеді.

          Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қоса есептегенде, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.

  

 

    1. Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары

 

          Экономикалық көзқарастан, шетелде жұмыс орның тапқан тұғалар тауарлар мен қызметті өндірушілер, яғни шет мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін өндірушілер болып табылады. Еңбектері үшін олар отанына аударатын сыйақы – белгілі көлемдегі ақша соммасын алады. Сондықтан қаржы қатынастарына шетел азаматтарының ақы төленетін қызметі олардың уақытша тұрғылықты елінен валютаның кетуімен (шығындар) және олардың тұрақты тұрғылықты еліне пайда түсуімен (кірістер) көрсетіледі.

          Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретіндегі материалды игіліктер мен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп – кетушілер өнімі тұтынушылар болып табылады. Туристер мен экскурсанттар жолсапарға жұмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.

          Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджеттің 19% құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында  тұратыны белгілі. Германияда бұл көрсеткіш 16%-ға тең, Франция мен АҚШ – та 12%. Сондықтан америкалық отбасы саяхақа 1 жылда 4 мыңға жуық долларын жұмсайды. Дәл осы сомманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады, киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.

          Туризм инфрақұрылымын, ең алдымен орналастыру базасын дамытудың болашағын анықтау үшін саяхаттаушы тұлғалардың  ішінен келіп – кетушілерді мынадай түрде бөліп алу маңызды: түнеуші келіп – кетушілер яғни туристер және бір күндік келіп – кетушілер, яғни экскурсанттар (2-сурет).

          Сонымен «турист» ұғымына келіп – кетушінің жеке жағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болған рекциондық, іскерлік және тағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының болуын саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.

Саяхаттаушы тұлғалар



Күнделікті  орта шегінен тыс шыға ма?


                                 


                           Иә Жоқ


 


          Шығу құралы 12 айдан аспайма?


 


   Жоқ 


 

              Сапардың басты мақсаты барған жерде

               ақылы қызметті іздеуден тыс па?

 


 Жоқ


Иә

Басқа саяхаттаушы тұлғалар






Туризм статистикасы

аймағы

Келіп – кетушілер


 


 

        Берілген жерде түнейді ме?


 

              Иә   Жоқ


 

Түнеуші келіп – кетішілер (туристер)




Бір күндік келіп - кетушілер




            

 

 

 

Сурет2   Келіп – кетушілердің және «нағыз» туристердің статистикалық  жиының ажырату сатылары


Туризмнің мәндік анықтамасы. Туризм мәселелері жайындағы ғылыми әдебиеттерде оның толыққанды анықтамасы жоқ. Бірақ, анықтамалардың түрлілігіне қарамастан барлық авторлар туризм ұғымына туристік мұқтаждық пен себептерді, туристер мінез – құлқының ерекшеліктерін, олардың тұрақты орындарынан тыс жерлерде болуын, туристер және тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды, сферасының қоршған табиғат, экономикалық және басқа да макроорталармен өзара қарым – қатынастарын енгізеді. Мамандар арасында кең таралған туризмнің міндік анықтамасы туризм облысындағы ғылыми сарапшылардың Халықаралық ассциациясында ұсынылған болатын. Ол бойынша:

Туризм – бұл адамдардың тұрақты тұрғын орны мен жұмыс орындарынан басқа жерлерде болған кездеріндегі пайда болатын қатынастырының жиынтығы.

Туристік қызметті кеңейту  жаңа рекреационды территориялар салу,курортық кешен құрылыстары үлкен капиталдық салымдарды қажет етеді. Үлкен жобалар, әдетте, әртүрлі көздерден қаржыландырады. Оларды жүзеге асыруға үлестік негізде мемлекеттік құрылымдар, жеке қаржы мекемелері (ұлттық, шетелдік), халықаралық ұйымдар және тағы басқалар қатысады.

Ақша құралдарын туристік нысандардың жаңа құрылысымен бастан – аяқ қайта жабдықталуына  бөле отырып, мемлекет және басқа да инвесторлар беруден пайда алуға тырысады. Олар белгіленген мерзімде салынған капитал мен оның пайыздарын қайтары алуға күш салады. Инвесторлар материалдық көзқарастан шыға отырып, несие берудің ең жақсы шарттарын іздеуге мәжбүр. Осындай мақсатта олар капитал экспортшылары бола отырып, шетелдік туризм нарықтарға шығады.

Қазіргі заманғы туризм түрлерінің ең толық жіктелуін беру үшін туризм түрлерінің анық сипаттайтын  өздеріне тән белгілеріне қарай  топтастыру керек ондай белгілерді атап айтатын болсақ, туризмнің ұлттық белгілері; туристік саяхат қанағаттандырамын негізгі қажеттілік;топ құрамы;ұйымдастырушылық формасы;туристік өнім бағасы қалыптасуының негізгі қағидасы және тағы басқа. Осы белгілері бойынша туризм түрлерін ажыратайық:

І Тризмнің ең басты түрлері – бұл халықаралық жеке және ішкі туризм.

Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың туристік мақсаттармен тұрақты тұрғылықты елінен шетелге шығу жоспарын қамтиды.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту  олар үшін белгілі ресми істермен байланысты: шетелдік төлқұжат пен виза ресімдеу, кедендік үрдістерден өту, валюталық және медициналық тексерулер. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз көшіп – қону, халықаралық терроршылдық, есірткі саудасы, жезөкшелікке қарсы күрес мақасатын белгілейді және бұл тәртіпті елден шыққанда және кіргенде орнатады. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың төлқұжаты – визалық тәртіпті, жұқпалы ауруларға қарсы егілгендігі жайлы талаптарды, шекарадан жүк, тауар, валюта алып өтудің ережелері мен шарттарын және валюта айырбастау операцияларын жүргізу тәртіптерін сақтауын қатаң қадағалайды.

Ресмилікті жеңілдету (қатаңдандыру) адамдардың қозғалысын оңайлату (немесе керісінше, қиындату) арқылы халықаралық туристік ағынға тікелей әсер етеді. Туристік саяхаттың өсуіне кедергі келтіретіндер: шығу құжаттарының күрделі және созыңқылы процедуралары, оларды қарап шығудың белгіленген мерзімінің бұзылуы немесе өз бетінше ауытқуы, шектен тыс жоғары алымдар; валюталық тексеру сферасында – туристердің тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі туралы валюта айырбастауға қатаң шектеулер енгізілуі. Сонымен бірге кедендік декларациялар мен тексерулер де туристік сапарларды тежеуші бастау болуы және олардың қысқатуына әкелуі мүмкін.

Ұлттық туристік әкімшіліктер мен  көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде – ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.

Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме  пакетін жасап шығарып, қабылдады:

  • төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;
  • визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез – келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;
  • валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп – кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;
  • кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу – кіру кезінде салу; кейбір алым – салық түрлерін келіп – кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;
  • медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.

          Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.

          Халықаралық туризмнің келесі  ерекшелігі экономикалық сипатта  және ол халықаралық туризмнің  елдің төлем тепе – теңдігіне  көрсететін ашып, Шетелдік туристер  тауарлар мен қызметтерге ақы  төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе – теңдігін  белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе – теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.

          Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм – бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп – қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы – туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.

          Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық  турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.

          ІІ Туристік саяхаттың мәнің  ашатын қажеттіліктерге байланысты  туризмнің мынандай түрлері бар:

          1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы