Бақ жасақтау
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
« Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы мамандықтары » факультеті
«Биология» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
__________________
Кафедра меңгерушісі:
___________________
«____» _____ 2011 ж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Бақ жасақтау».
Орындаған: Биология 050113 мамандығының 3 курс 31 топ
студенті Медиева.К
Тексерген: б.ғ.к., аға оқытушы
Ищанова.Н.Е.
Атырау 2011ж.
Жоспар
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .........1
- Негізгі бөлім
- Бақ территориясын ұйымдастыру.....
.............................. .............3 - Тұқымдар мен сұрыптар таңдау........................
............................5 - Бақ отырғызу......................
.............................. .............................. ...9
II.I. Бақты күтіп – баптау
- Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі..........16
- Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері.....21
- Бақты суару мерзімдері мен күндері.......................
......................23
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер......
Бақты жобалап ұйымдастыру.
Жеміс өсімдіктерінің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі, ағаштардың ұзақ тіршілік етуі және олардың әртүрлі орта жағдайларына төзімділігі, өсуі көп жағдайларда бақты отырғызу кезінде анықталады.
Бақ үшін орын дайындау, топырағын мәденилендіру және суару, тұқым, сұрып таңдау, оларды орналастыру, отырғызу секілді мәселелер де шешіледі.
Бақ шарушылығында ең күрделі ұйымдастыру кезеңі бақ отырғызу. Өйткені бір мезгілде орындалатын, белгілі бір қиындығы бар көптеген өндірістік процестерді қысқа мерзімде орындауды талап етеді. Сондықтан да бақ отырғызуға, ол өнеркәсіптік болсада, жеке болса да күрделі құрылыс секілді байыппен қарау керек.
Бақ үшін орын таңдау, территория
ұйымдастыру, тұқым мен сұрып
таңдаудың шаруашылық және бүкіл
аймақтың экономикасын ескере отырып,
өнеркәсіптік жеміс шаруашылығының
технологиясын іріктеу
Бақ отырғызуға бірінен соң бірі орындалатын үш кезең кіреді:
1) орын таңдау және бақ территориясын ұйымдастыру;
2) топырақты жеміс отырғызар алдында дайындау;
3) бақ отырғызу.
Мұндай орын таңдаған кезде жер бедеріне, климаттық жағдайларға баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, тау, елді мекеннің орналасуы, жолдың, темір жол станцияларының т.б. тұрған жері бәрі ескеріледі.
Жер бедерін бағалау –
жеміс өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне
үлкен әсер етеді. Ол өсімдік тіршілігінің
басқа факторларын қайта
Бақ отырғызу үшін бәрінен бұрын жазық жердің де, су айырығы, тегістік беткейдің де бедер элементтері пайдаланылады.
Су айырығы – бақ үшін сумен жеткілікті қамтамасыз еткен жағдайда жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсік қаупі аз. Алайда ылғал жетіспесе мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.
Тегістік – бақ отырғызу үшін қолоайлы тегіс учаске техника пайдалануға да ыңғайлы. Мұнда топырақ жағдайы мен ылғалдану жағдайы біркелкі. Тегістікке суару жүйесін салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесі де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсік қаупі зор. Әсіресе, бұл тұрғыда, ойпаңдау тұстары – «табақша» қауіпті.
Өйткені мұнда суық ауа көп жиналады. Бұл көктемде ауаның суытуына себеп болса, қыста бұтақтардың үсуіне себеп болады.
Беткейлер онша тік болмаса бақ үшін қолайлы орын. Ондай жерде ауа дренажы тәуір, жарық та жақсы түседі. Дегенмен, беткей топырағы өте құрғайды. Бұл жерлерде ауа температурасы да, топырақ температурасы да күрт ауытқиды, топырақ нашар жетілген және топырақ су эрозиясына қатты ұрынады. Жер бедері тегіс емес учаскелерге бақ отырғызғанда не таңдағанда бүкіл табыс беткейлерге берілген бағаға байланысты болады. Бағалағанда беткейлердің экспозициясы мен тіктігі, сондай-ақ сол жердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі ескеріледі. Сонымен бірге беткейдің үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінің табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегеніміз беткейдің жарық жаққа бағыты, яғни,солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс. Оңтүстік бағытындағы беткей (оңтүстік, оңтүстік батыс, оңтүстік шығыс) анағұрлым жылы әрі қуаң. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, температура қыста және көктемде күрт ауытқығанда жеміс және жидек өсімдіктері зардап шегеді. Оларға әсіресе көктемгі суық, Бұтақтардың қыстыкүнгі қуаруы, күннің күйдіруі оңай болмайды. Мұндай беткейлерге қар аз түседі және тұрақты түспейді.
Климат бағалау. Мұнда басты назар мынадай көрсеткіштерге аударылады: орташа тәуліктік температура көлемі және олардың ауытқуы, орташа және абсолютті аз температура, көктемгі суық, жауын-шашын мөлшері және оларды жыл – 12 айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдің күші мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бірге бақ отырғызуға бөлінген учаскенің микроклиматы да алынады.
Топырақ бағалау – топырақтың құнарлылық дәрәжесін (гумус құрамын, топырақ құрылымын), егілетін тұқым үшін тамыр жайылатын қабаттың тереңдігі сай келетін-келмейтінін, топырақта орташа тұздың бар-жоқтығын анықтау үшін қажет. Жеміс ағаштары топырақ сортаңдығына кірпияз келеді. Топырақ ерітіндісіндегі 0,4% тұз концентрациясы өсімдікке жайсыз тиеді. Ал тұз концентрациясы 1,2% болса бақ жойылады. Бақ үшін ауыр саздақты, тасты, құмдақ және сортаң топырақ жарамайды. Жеміс өсімдіктері қара топырақты, қызғылт топырақты және сұр топырақты жерде және орман топырағында жақсы өседі. Бұл кезде тамыр жайылатын қабат едәуір тереңде: шекілдеуікті тұқымдар үшікті тұқымдар үші 2 – 2,5 м, сүйекті тұқымдар үшіін 1,5 – 2м және жидектер үшін 1 – 1,2 м болуға тиіс. Тамыр жайылатын қабаттың ыза суымен, тығыз сазбен, ұсақ тасты қабатпен т.б. шектелуі мүмкін.
Бақты ұсақ тас жақын жатқан
(жер бетінен 50 – 60 см) учаскеге отырғызғанда
арнайы агротехника қолданылады: қатар
аралықтарға көпжылдық шөп
Түрлі жеміс тұқымының топыраққа деген кірпияздығы да әртүрлі. Алма терең, қалыпты ылғалды және жақсы тегістелген топырақта жақсы өседі. Алмұрт болса алмаға қарағанда топырақты көп талғайды.
Әсіресе ол ылғал мен жылу жетімсіздігіне шыдамсыз, шие биік жерде жақсы өседі, топырақ құнарлылығын таңдамайды, қуаңшылыққа төзімді, карбонатты топырақтың өзінде жеміс бере береді. Алхоры алма мен шиеге қарағанда жылу да, ылғал да сүйгіш өсімдік. Ол ауаның құрғақтығынан зиян шегеді. Ылғалды, құнарлы сазды топырақты ұнатады. Өрік ауыр және тым ылғал топырақты көтере алмайды. Өрік үшін жақсы дренаждалған терең де борпылдақ топырақты анағұрлым биік учаске бөлген жөн. Топырақтың көлемді салмағы 1,35-1,45 шамасында болуы керек. Жеміс ағаштарының өсуіне өзен-көлдің, тағы басқа ірі су көздерінің жақындығыда қолайлы әсер етеді.
Олар ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көтереді, температураның ауытқуын жұмсартады, ағаштардың қыстыкүнгі зақымдануын азайтады.Бақты қай жерге отырғызған жақсы? Қазақстанның Оңтүстігі мен оңтүстік шығысында бақ отырғызу үшін таулы және тау етегіндегі жерлер жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жеміс дақылдарынан мол да сапалы өнім алынады.
Батыс Қазақстанда бақтар шығыстан соғатын зиянды желден жиі зардап шегеді. Мұнда бақ үшін Батыс және Солтүстік беткейлерді бөлген жөн. Бұл жағдайда ең жақсы топырақ – қара топырақ, қоңыр қызғылт т.с. саздақ және құмдақ топырақ. Баққа орын бөлген кездегі ең қажетті талап – суландыруды ұйымдастыру үшін тұщы су көзінің жақындығы.
Бақ территориясын ұйымдастыру.
Ең әуелі өнеркәсіптік аймақтар: қайта өңдеу заводтарын, жеміс қоймаларын, сорттау – буып түю цехтарын, ыдыс кәсіпорындарын, сондай-ақ жолдарды, үлкен каналдарды тағы басқа гидротехникалық құрылыстарды орналастыру мәселелері шешіледі. Бақ беткейлерге отырғызылатын болса олар егілетін баспалдақтар, эрозияға қарсы шаралар кешенінің құрылыстары қарастырылады. Бригада тұрағы үшін 100-200 га бақ болса 1 – 2 га жер бөлінеді. Содан соң бәрін жер бедерімен, баққа ық болатын өсімдіктерді, жолдарды орналастырумен үйлестіре отырып, кварталдардың мөлшерін, формасы мен орналастырылуын анықтауға кіріседі.
Кварталдар мөлшері баққа
ық болатын өсімдіктер алабы ағаштар
қолайсыз жағдайлардан сенімді түрде
сақталатындай болуы керек, тегістікте
кварталдың ең қолайлы – тік бұрышты.
Сөйтіп оның қысқа жағы ұзын жағынан
2-3 есе қысқа болуы қажет. Мұндай
кварталдардың анағұрлым
Бұл жағдайда ең жақсы еңіс – 0,003 – 0,005 (100 метрге 30 – 50 см). Тауда ағаштар су эрозиясын азайтып, топырақ пен ағашты күтуге ыңғайлы болу үшін беткейге көлденең бағытта отырғызылады. Тауда кварталдар мүмкіндігіне қарай бір экспозициялы беткейде біртекті топырағы бар, бір тіктікте орналастырылады.
Солтүстік Қазақстанда ағаш қатарлары солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай тартылады. Бұл жағдайда ағаштар солтүстік шығыстан соғатын салқын желден жақсы қорғалады.Бақ алқабы үлкен жол тартылып, елді мекенмен, темір жол станцияларымен т.б. байланыстырылады. Квартал аралық жолдар менбаққа ық алқаптың ішкі жағындағы бақ шекарасын қуалай созылған айналма жолдардың енін 4 – 5 м ету керек.Жол салуға әсіресе таулы аудандарда мұқият болған жөн. Бұл жерлерде жол су шайып кетпейтіндей етіліп салынады. Жел жүйесі бақтың кез-келген учаскесіне кіріп-шыға алатындай, тасымалдау кезінде әрбір баспалдаққа (терасса) бара алатындай етіліп салыну керек.Баққа ық болатын алқаптарды бақ отырғызбастан 1 – 3 жыл бұрын, әрі кеткенде 1 жыл бұрын еккен жақсы. Отырғызу схемасы 2,5 – 3 Х 1 – 1,5 м. Кейін орман алабы сиретіледі. Ағаш сүрегін шаруашылыққа пайдалануға болады. Баққа ық болатын алқаптарға да мұқият күтім қажет. Уақытылы суару, топырақты күту, зиянкестер мен аурулардан ағаштарды қорғау керек.
Қазіргі кездегі жеміс
шаруашылығына «өсімдіктер
Бақтың тез жеміс салуы мен өсімдігінің отырғызылатын ағаштың жиі, сиректігіне байланысты екендігі мәлім. Бір алаң өлшеміне ағаш көп, яғни жиі отырғызылса өнеркәсіптік өнім де ерте қалыптасады, өсімдіктің алғашқы өнімі де мол болады. Алайда уақыт өте жиі отырғызылған ағаш өз өнімділігінің төмендеуіне, жеміс сапасының нашарлауына өзі себепші болады. Ағаштарды тым сирек ексе бақ өнімділігінің потенциалы төмендейді. Егілетін ағаш жиілігі қолайлы болуға тиіс. Бір өлшем алаңға отырғызылатын ағаш саны сұрып пен телісушінің өсу күшіне байланысты. Өсімдік жиілігін басқаша жолдармен: ағаш крондары көлемін шектеуге бағытталған, сондай-ақ өсімдікті пайдалану мерзімін қысқарту тәсілдерін қолданып көтеруге болады.
Бақ шаруашылығының болашақтағы табысын ажырататын маңызды шара бақтың типін таңдау болып табылады. Бұл кезде тұқым мен сұрыптың биологиялық ерекшеліктерін, баққа бөлінген учаскенің табиғи-климаттық жағдайын, суармалы-суармасыздығын, шаруашылықтың экономикалық және ұйымдастыру мүмкіндігін ескеру қажет.
Суармалы жағдайда республикамыздың
оңтүстік шығысындағы арнайы шаруашылықтарында
алма мен алмұрттың кермелі
Қолайлы жағдайы онша емес, суы жеткіліксіз, топырағы құнарсыз жерлерде биік өсетін телісушіге телімделген, кең қатарлы бақ типінен дұрысы жоқ.
Таулы суландырылмайтын бақтарда алма мен алмұрт тұқымынан көбейетін телісушіге телімделіп өсіріледі.
Түйетайлы беткейлерде ағаштар 7 Х 3 – 4 м схемасы бойынша, баспалдақтарда сұрыптың өсу күшіне қарай ағаштар арасына 2 – 4 м қалдырылып отырғызылады. Мұндай ағаштар қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан тұқымынан көбейетін телісушіге тікелей телімделген ағаштармен тең түседі, ал тез жеміс салатындығы және аласа өсетіндігі бойынша ергежейлі телісушімен өсірілген ағаштарға жақын.
Солтүстікте алма мен алмұрт 6 Х 4, 6 Х 3 және 5 Х 3 м схема бойынша отырғызылады. Орал облысында бұл көрсеткіш тиісінше 7 – 6 Х 5 – 4 м.
Қазақстанда сүйекті тұқымдар көбіне бірінші типті бақтарға өсіріледі. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста отырғызу схемасы сұрыптардың өсу күшіне қарай алхоры үшін 6 – 8 Х 4 – 5 м, шабдалы үшін 5 – 6 Х 3 – 4 м. Суарылмайтын тау баында алхоры 5 Х 3 м, шие 5 Х 2, 5 – 3 м схемасы бойынша отырғызылады.
Тұқымдар мен сорттар таңдау.
Өсімдіктердің тұқымдық – сорттық құрамы аймақтың табиғи – климаттық жағдайлары, шаруашылықты шоғырландыру және ұйымдастыру – экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. Бұл кезде сол аймақ пен сол облыс үшін тұқымдық-сорттық аудандастыруды басшылыққы алу керек. Тұқым мен сорттардың қатынасы ауданның немесе шаруашылықтың жеміс шаруашылығы бағыты ескеріле отырып анықталады. Жеміс өндірудің мынадай түрлері бар:
1) облыстан тыс жерлерге шығару;
2) консервілеу өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету;
3) қалаларды, өнеркәсіп
орталықтарын, курорттарды т.б. жас
жеміс және жидекпен
Бірінші бағытты іске асыру үшін қыстық және күздік шекілдеуік тұқымдас дақылдар өсіріледі.
Консервілеу заводтарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін сүйектілер, жидек дақылдары есебінен тұқымдар жиынтығы көбейтіледі. Өйткені олардың алма мен алмұртқа қарағанда технологиялық сапасы жоғары. Бұл жағдайда қайта өңдеуге арналған шикізат ұзақ уақыт түсіп тұратындай тұқымдар мен сұрыптар іріктеледі.
Қала маңындағы
Сұрып таңдау да бақ типіне байланысты. Интенсивті, әсіресе суперинтенсивті бақтар сұрыптары тез пісетін, жүйелі түрде жеміс салуға қабілетті, суаруға және тыңайтқыш енгізуге бейім, күрделі кесуді керек етпейтін крондарының габитусы ыңғайлы және механизммен күтуге мүмкіндік беретіндей болуы керек.
Ірі бақтарда алма мен алмұрттың 2 – 3 жазғы және 3 – 4 қысқы сұрпын еккен жақсы. Сүйекті тұқымдардың сортименттері түрлі мерзімде пісетін сұрыптардың есебінен ұлғайтылады. Ол жеміс жинауды, сөйтіп өнім өткізуді ұлғайтады. Сұрыптарды іріктегенде олардың өзара тозаңдануын ескеру қажет.
Әуесқойлар бағында жеміс және жидек өсімдіктері тұқымы мен сұрыптарының үлкен жиынтығын өсіруге мүмкіндік бар. Тек іріктелген сұрыптар мен тұқымдардың сол жердің қолайсыз жағдайларына төзімділігін дұрыс бағалай білу қажет.
Бақ территориясына тұқымдар мен сұрыптарды олардың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық құндылығын ескеріп орналастыру керек. Анағұрлым құнды деген алма мен алмұрт сұрыптарына топырағы өте құнарлы учаске бөлінеді. Сондай-ақ алмаға қарағанда алмұрт жылу мен жарық жеткіліксіздігін қатты елейді. Жер бетінің биіктеу бөлігіне шие мен өрік егіледі. Шие карбонатты топырақта, өрік борпылдақ бос топырақта жақсы өседі. Бірақ өрік тым ылғалды жерде дұрыс шықпайды. Алхоры болса алма мен шиеге қарағанда жылуды жақсы көреді. Ол ауың да топырақтың да құрғақшылығына шыдамсыз. Саздақты жерде жақсы өседі. Шабдалы менқызыл шие суыққа шыдамайды. Бұл тұқымдар жеңіл құмдақты топырақта жақсы өседі.
Учаскелерді бақ отырғызу үшін дайындауға ағаштар мен бұталарды қопарып, алып тастау, тас жинау, жер бетін тегістеу, топырақ пен топырақ астының тамыр жайылатын қабатын тереңдетіп әзірлеу, суландыру шаралары, қышқыл топырақты әктеп, сілтілі топырақты гипстеу, ыза суы деңгейін түсіру секілді жұмыстар жатады. Учаскенің алдын ала дайындалғанына ағаштың одан арғы қолайсыз жағдайға төзімділігі, ұзақ тіршілік ету-етпеуі, өнімділігі және күтім ыңғайлылығы тығыз байланысты болады. Оны дайындау кезінде жіберілген қателік болашақта түзетуге келмейтін қиындық келтіреді. Жеміс отырғызылатын учаскені дайындағанда әсіресе таулы жерлерге мұқият болу керек. Мұнда ең алдымен эрозиялық процестерді барынша азайтуға көңіл бөлген жөн.
Ағаштарды, бұталар мен тастарды алып тастауға Д-695, ДП-8А тамырымен жұлғыш машиналары, КБ-4А, ДП-24 бұта кескіштері, К-1 тамырымен жұлғыш мала, К-3 аспалы бұта тырмасы, ал тас және түбірлер тасып шығару үшін ГПС-2М және ПВК-5,0 өздігінен түсіретін тіркемелер пайдаланылады.
Учаскені тегістеу жеңіл, орташа және күрделі деп бөлінеді. Жеңіл тегістеуге П-4, ПА-3 тегістегіштері, орташа тегістеу кезінде төбешіктерді жазу және 1-1,5 м ойпаңдарды түзету керек болса бульдозерлер мен скреперлер пайдаланылады. Содан соң осы техника күшімен бүкіл учаскенің беті тегістеліп шығады.
Күрделі тегістеу ауыр техникамен
– бульдозерлермен, скреперлермен
және грейдерлермен атқарылады. Орташа
және крделі тегістеу кезіндегі ең
қажетті тәсіл – гумусты
Беткейлердегі учаскелерді
дайындағанда ең жақсы әдіс – баспалдақтар
(терасса) жасау. Қазақстанның оңтүстігі
мен оңтүстік шығысында беткейлердің
тіктігіне қарай баспалдақ
Бұл әдісте баспалдақтар биіктігі 120 беткейлерде жалпы бағыттағы соқаларменқатарлы біржақты етіп немесе тіктігі 120 , 170 беткейлерде плантажды жасалады. Беткейлердің тіктгіне қарай ені 4 – 5 м баспалдақ жасау үшін трактордың 4 реттен 8 ретке дейін өтуі керек. Беткей неғұрлым тік болған сайын трактордың өту саны да соғұрлым көп болады.
Қазбалы-үймелі баспалдақ өте тік беткейлерде (300) пайдаланылатын өте күрделі әдіспен жасалады. Баспалдақтар Т-4 баспалдақ жасағышпен, Д-429А және Д-492А типті бульдозерлермен іске асырылады. Оның ең кем дегендегі ені – 4-4,5 м. Үйілген құламасы 40-450, қазба құламасы тиісінше 600. Баспалдақтар аралығында ені – 0,5-1,0 мың алап қалдырылады. Баспалдақтардың орында ұзындығы 200-300 м. Әрбір баспалдақтың кіріп-шығатын сенімді жолы болуға тиіс.
Топырақ 3-4 жыл ішінде бір рет мәденилендірілсе, нәтижесі жақсы болады. Учаске әбден тегістелген соң жыртылады, сөйтіп көп жылдық шөп 30-35 см тереңдікте жыртылып, плантажды айналымға дейін таза сүдігерде ұсталады. Топырақты бұлай көп жылдық мәденилендіруге мүмкіндік болмаса, онда бақ отырғызуға бөлінеген учаске бір маусымның ішінде дайындалады. Бұл жағдайлар учаске осы аймаққа ұсынылған сидералиялық дақылдар егіледі. Олар гүлдеуінің басында жыртылып, жаздың екінші жартысында және күзде қара сүдігерде ұсталады. Қажет болса учаскеге көкөніс, бақша дақылдары, қант қазалшасы, бір жылдық бұршақ тұқымдастар егіледі. Бірақ тыңайтқыш осы дақылдар үшін белгіленген нормамен ғана енгізіледі. Сүйекті дақылдар егілетін жерге қарамық тұқымдасынасына жататын өсімдік егуге болмайды.
Жеміс дақылдарының негізгі тамыры 80 – 100 см тереңдікте жатады. Соған орай бақ отырғызылатын учаскенің топырағын терең мәденилендіру керек. Ол үшін 50- ссантиметрге дейінгі тереңдікте плантажды жыртылады. Ондай жырту үшін өнеркәсіп орындары ППН-40 маркалы соқа шығарады. Ол соқалар ДТ-75, Т-75 және ДТ-54А тракторларына агрегеатталады.Ал ППУ-50А күшейтілген плантажды соқа ауыр топырақты жыртуға арналған. Егер топырақ мұндай жыртуға мүмкіндік бермесе 20-30 см тереңдікте топырақ тереңдеткішпен қосымша қопсытылады. Тастақты немесе ауыр саздың тығыз қабаты жақын жатқан жерлер Р-80 терең қопсытқышпен жыртылады.
Сортаң учаскелер шайылады. Топырақ отырып үлгеру үшін бақ отырғызуға бірнеше ай қалғанда учаске плантажды түрде айдалады. Бақ көктемде отырғызылатын болса плантаж күзде, ал күзде отырғызылса жаздың бірінші жартысында көтеріледі. Олар жаңашалап жыртылады. Себебі жалшалар қарықтарға қарағанда оңай тегістеледі. Жалпы плантажды айдаған соң бірден тегістеу керек.
Себебі жырылғаннан кейін пайда болған жалшалар тез құрғайды. Топырақты мәденилендіру (терең жыртып, тыңайтқыш енгізу) тұтас және лентелы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тұтас учаске жыртылып, тыңайтқыш та тұтас енгізіледі, екінші жағдайда болашақта ағаш отырғызылатын қатарлар ғана кең етіліп жыртылып, тыңайтқыш беріледі. Ленталы мәденилендіруге еңбек те басқа шығын да (тыңайтқыш, жанармай) аз жұмсалады.
Топырақты ленталы мәденилендіру кең қатарлы бақ отырғызғанда өзін-өзі ақтайды. Бұл жағдайда лента аралығында қалған алаңдарды кейін, бақты отырғызып болған соң-ақ мәденилендіруге болады. Тар қатарлы интенсивті бақ отырғызу үшін топырақ тұтас әдіспен мәденилендіріледі.
Бақ бір орында ондаған жыл бойы өседі. Сондықтан да топырақ дайындау кезінде ағаш тамыры жататын қабатты тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселесін ойластыру керек. Бақ отырғызар алдында фосфор және калий секілді аз қозғалатын минералды заттар қорын терең енгізіп алу өсімдікті көптеген жылдар бойы қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.
Органикалық тыңайтқыш енгізуге ерекше қарау керек. Топырақты қоректік элементтермен байытудан басқа, органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиетіне, оның механикалық құрамына қолайлы әсер етеді. Органикалық тыңайтқышты негізгі тереңдете жыртудың алдында фосфор және калий тәрізді минералды тыңайтқыштармен араластыра енгізген дұрыс. 1 гектарға органикалық тыңайтқыштың өте көп мөлшерін, яғни 30 тоннадан 80тоннаға дейін, ал бұрын жыртылған және гумусқа кедей топырақтарға 10 тоннаға дейін енгізу ұсынылады. Минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері мынадай: суперфосфат – 6-7 ц/га, калий тұзы – 1,5-3,0 ц/га. Ленталы мәденилендіру кезінде бұл көрсетілген норманың екі есеге дейін азайтылуы мүмкін.
Жеміс көшеттері отырғызылатын жердің топырағын мәденилендірсе, яғни терең де кең шұңқыр қазылса, оған минералды және органикалық тыңайтқыш енгізілсе олар кейін тез тамыр алып, жақсы өседі. Мұндай мәденилендіру жалпы немесе ленталы типті болмаса өздігінен мәденилендіру үшін қолданылады. Соңғы жағдайларда ол бақты беткейлерде және шағын жерге отырғызғанда жиі жасалады. Ол үшін ағаш енгізілетін бір шұңқырға 20-30 кг органикалық тыңайтқыш (жақсы шіріген көң немесе қарашірік), 250 г.ә.з. фосфор және калий тыңайтқышы енгізіледі. Бірақ көшет тамыры минералды тыңайтқышқа тимеуге тиіс. Ол үшін олар шұңқырдың түбіне немесе органикалық тыңайтқышпен араластырылып төмендеу салынады.
Азотты тыңайтқыш өте
тез шайылады, сондықтан да бақ
отырғызғаннан кейін үстеп
Бақ отырғызу.
Бақ отырғызу міндеттері. Көшеттердің еккеннен кейінгі жандануы – бақ отырғызу жөніндегі табыстың маңызды көрсеткіші. Отырғызылған көшеттің біразы көктемей қалса, ол жерге қайта егу керек. Оған көп шығын шығады. Оның үстіне қайта егілген көшеттер бұрынғыдан гөрі өсуі жағынан қалып қояды, жемісті де кеш салады.
Бірақ бұл істегі табысты
жалғыз көшеттің жандануы ғана шешпейді,
әрине олардың жанданып көктеп кетуі
маңызды мәселе. Өйткені отырғызған
кездегі әлсіреген өсімдік
Өнеркәсіптік жеміс салу
мерзімі қысқартылатын
Отырғызу материалы. Отырғызуға арналған көшеттер стандартты, механикалық зақымдану белгілері жоқ, суыққа төзімді, зиянкестер мен аурулардан сау болуы керек. Бақ отырғызу үшін бір және екі жылдық көшеттер пайдаланылады. Бір жылдық көшеттер отырғызған соң жақсы жанданады, оларды тасымалдау да оңай, екі жылдықтардың крондары, питомникте-ақ қалыптасады, баққа отырғызған соң ерте жеміс сала бастайды. Көшеттердің отырғызуға арналған жасы бақ отырғызылатын аймаққа, көшеттің тұқымына және бақ типіне байланысты болады. Жеміс шаруашылығының солтүстік аймақтарында баққа отырғызу үшін шекілдеуікті және сүйекті тұқымдарда екі жылдық көшеттері, оңтүстік және оңтүстік шығыста шекілдеуіктілердің бір және екі жылдық, сүйектілердің бір жылдық көшеттері отырғызылады. Таудағы суармалы емес бақтарға бір жылдық көшеттердің нәтижесі жақсы. Интенсивті жиі және өте жиі отырғызылатын бақтардағы отырғызу материалдары аласа өсетін телісушілерге телімделген. Оларда да көбіне бір жылдық көшеттер пайдаланылады.
Отырғызу материалының сапасы бақ отырғызу процесінің өзінде күрт төмендеуі мүмкін. Бұл олардың тамыр жүйесінің өсуі немесе қурауы салдарынан болатын жағдай. Көшеттерді ауаның температурасы минус, яғни тасымалдауға немесе егуге, сондай-ақ оларды шамалы уақытқы болса да ашық аспан астында, әсіресе күн шақырайып тұрғанда немесе желді күндері қалдыруға болмайды.
Тасымалдаған кезде көшет тамырларын ылғал, жұмсақ сабанмен немесе кенеппен орау керек. Ал оларды егісте сақтау керек болса мерзіміне қарамастан көміп қойған жөн, егердің алдында тамырларын сазды қоспаға батырып алу қажет. Қоспа саз бен ірі қара көңінен су құйылып, қоймалжың болғанша араластырылып дайындалады.
Отырғызу мерзімі. Ағашта
қысқы тынығу кезінде көшіріп
отырғызған жөн. Климаттық жағдайға,
тұқымы мен ұйымдастыру-шаруашылық
мүмкіндіктеріне қарай бақ
Көктемгі отырғызу өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінің басына сай келеді. Жағдай қолайлы болса ағаш көктемде тез жанданып, жақсы өседі. Бірақ көктемгі егіс жұмысының басынан ағаштың өсіп-өнуі кезеңінің басына дейін уақыт тым тар, небары 10-12 күн. Күзде отырғызу мерзімі 20-30күнге дейін ұлғаяды. Бірақ кез-келген жағдайды отырғызу жұмысы тұрақты суықтың түсуіне 2-3 апта аяқталуға тиіс. Бұл уақыт отырғызылған көшеттердің тамыр жүйесінің топырақ тоңазығанша алғашқы жандану дәуірінің аяқталуына керек. Күзде отырғызылған көшеттердің үсу немесе қурау қаупі бар. Сондықтан да шекілдеуікті тұқымдардың анағұрлым төзімділерін ғана отырғызып, сүйектілерді көктемде отырғызған жөн.
Отырғызу әдістері. Ағаш қолмен де, машинамен де отырғызылады. Соңғы уақытта өнеркәсіптік бақ отырғызу ісінде машинамен отырғызу әдісі басымдық танытуда. Ол қолмен отырғызуға қарағанда еңбек шығынын 4-10 рет төмендетеді. Машинамен отырғызу әдісі әсіресе интенсивті жиі егілетін бақ отырғызу кезінде аса тиімді. Қазақстанның барлық жеміс шаруашылығы аймағында, егер топырақ қабаты жеткілікті түрде жыртылса және беткейлердің тіктігі 10 градустан аспаса, ағаштарды механизм күшімен отырғызуға бола береді. Оны баспалдақталған беткейлерде де табысты қолданады. Бұл жұмыстар үшін бақ отырғызатын машиналарды да, орман отырғызатын машиналарды да қолдана беруге болады. Олар жүру жылдамдығы азайтылған ДТ-75, ДТ-75М немесе 7-75 тракторларына агрегатталады. Қолмен отырғызу да кең қолдау тапқан. Көлемі аз бақтарда, баспалдақтанбаған беткейлерде, ағаш отырғызылатын орындарды мәденилендірмей болмайтын қуаты аз топырақты учаскелерде, сондай-ақ шықпай қалған ағаштар орнына көшет қолмен отырғызылады. Қолмен отырғызудың түрлі варианты бар. Олар: шұңқырға отырғызу, қарыққа отырғызу, гидрологиялық жолмен бұрғыланған орынға отырғызу т.б. солардың ішінде ең ескісі және кең тарағаны шұңқырға отырғызу. Бұл әдіс бойынша көшет алдын-ала қазылған шұңқырға егіледі.шұңқырлар қолмен немесе шұңқыр қазғышпен қазылады. Шұңқыр алдын-ала қазылса сол орынды әбден мәденилендіруге мүмкіндік туады. Әдеттегідей 30-35 см тереңдікте жыртылған жерлде тереңдігі 60см, ені 100 см дейін қазылып, одан әрі қазылып, одан әрі органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізілген шұңқырды сол жердің плантажы деп есептеуге болады. Шұңқырды қолмен қазғанда топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты бір жағына, астыңғы қабаты екінші жағына үйіледі.

- Бақылау- басқарудың функциясы ретінде («Лондон-Алматы» СК мысалында)
- Бақылаудың басшылыққа алатын принциптері туралы Лим декларациясы
- Бақылау менеджмент функциясы
- Бақылау менеджмент функциясы ретінде
- Бақылау мысалдарын баяндау
- Бақылау мысалының шешуі
- Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу
- Бактериальные и протозойные болезни рыб
- Бактериальные удобрения
- Бактерии и микроорганизмы
- Бактерии рода Salmonella как возбудители бактериальных болезней
- Бактериологическая диагностика мастита
- Бактериологическая лаборатория
- Бактериологическое исследование молока