Байланыстыра сөйлеу



Жоспар.

І Кіріспе:

      Байланыстыра сөйлеу туралы жалпы түсінік.......................................3-5

 

ІІ Негізгі бөлім:

1)     Байланыстыра сөйлеудің түрлері.........................................................6-9

2)     Әр жас топ балаларын байланыстыра сөйлеуге үйрету................9-11

3)     Әр жас топ балаларын монолог және

диологты сөйлеуге үйрету.......................................................................12-18

 

ІІІ Практикалық бөлім.................................................................................19-23

 

ІV Қорытынды.....................................................................................................24

 

V Қолданған әдебиеттер.....................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Кіріспе

 

Байланыстыра сөйлеу туралы жалпы түсінік

 

Кез келген адамзат баласынөзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп – оның компоненттерін – сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Әңгіме сөйлемдерден тұрады, ал сөйлем сөздерден құралады. Өзден әдемелеп шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол зат топырақ болса оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Ал, сөзден құрастырылып көркем әңгіме шығару үшін жұмасалатын зат – сөздер. Дыбыстан құралып сөз жасалған, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, өзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Дыбыс жаман болса, дыбыстың немесе сөздердің байланысуы жақсы боламаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайды. Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының сөздерді дұрыс қолданыла білуінде. Үй салушының қиялы бай болса, үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым сөйлеуші қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым айтылған ой пікірлі, әсерлі, әдемі болып шығады. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердіғ сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн. Содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Бірақ, Морфермаларды сөздер, сөздерден сөз тіркестерінен сөйлем жасаукезіндегі жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырауға байланысты кішкене балалар көп шатасады және сөйлем құрау кезінде қосымшаларды дұрыс жалғай алмайды немесе тіпті қосымша жалғамай-ақ құр морфемалардан сөйлем құрап шығарады. Ал осыны болдырмау үшін балаға тілдік белгілердің байланысуының нәтижесінде қолданылатын тілдік белгілердің әрқайсысы өзінің бастапқы мағынасынан  өзгеше жаңа мағынаға ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, балаға қой деген сөзді үйретсек, сол сөзден сөйлем құрастыруда бұл сөз басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін бұл түбір моафемаға қосымшалы, -ға, сияқты жұрнақтар жалғанатынын үйретеміз. Мысалы: Қогйға су бердім. Қой-ды қораға қамадым. Сонымен қатар, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер көп болғандықтан мектеп жасына дейінгі балалар сол сөздердің қайсысы қандай жағдайда айтылатынын білмейді, соның салдарынан сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстыра алмайды. Балаларда сөздің көп мағыналылығын түсіну тек байланысты текстермен жұмыс жүргізу кездерінде дамиды. Көп мағынаны түсіндіру үшін көпмағыналы сөздер кездесетін шағын мәтіндерді оқып сол мәтіндегі көпмағыналы сөздермен түсіндірме сөздігін өткізуге болады. Мысалы «ара» деген сөзді алсақ бұл сөздің кесуге арналған құралдың атауы екендігін, сонымен қатар жинайтын жәндіктің атын білдіретінін және тағы да екі заттың ортасындағы орынды ара деп айтатындығын жекелеп, мысалдар келтіре отырып, түсіндірген жөн. Сәбидің дұрыс сөйлеуін қалыптастыру үшін, ата-ана мен тәрбиеші оған үнемі жаттығулар беріп, онымен әңгіме немесе сұхбат жүргізіп және осы іс-әрекеттер кезінде оның сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалап, оған түзету, ескерту жасап отыруы керек. Егер әңгіме барысында ауыспалы мағыналы сөздер кездесетін болса ата-ана немесе тәрбиеші болсын ерінбей сол сөздің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын балаға түсіндіру керек. Ауыспалы мағыналы сөздер ұқсастыққа байланысты айтылатын болғандықтан сол ұқсастықтарды салыстыра отырып үйреткен жөн. Мысалы, құлақ алсақ, бұл сөз ыдыс-аяқтың ұстайтын жеріне байланысты айтылады, есіктің тұтқасын кей кездері құлақ дейді, сонымен қатар адамның да құлаығы болады, сол себепті осы сөз контексте қолданылуына байланысты, өзімен байланысқа түсіп тұрған сөздердің мағынасына қарай мағынада қолданылып тұрғаны акжыратылатындығы айтылуы керек. Міне, осындай морфема, сөз тіркестерінің жасалуы  мен қолданылуын дұрыс түсініп, еркін меңгерген бала сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге тез үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

1)     Байланыстыра сөйлеудің түрлері

Байланыстыра сөйлеудің екі типі, яғни екі түрі бар. Оладың бірі – диалог, ал екіншісі – монолог. Бұларды диалогтық сөйлеу және монологтық сөйлеу деп те атайды.

Диалог – екі не оданда көп адамның сөйлесу барысында туындайтын әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі әрекетке түрткі болуға шақыру. Міне, осы себепті де байланыстыра сөйлеуге үйретуде әңгімелесу әдісі көп қолданылады. Диалог сұрау мен баяндау, баяндау мен мәжбүрлеу барысында түзіледі.

Ал, монолог мүлде басқаша. Ол, әдетте, кітаби стилге жатады. Себебі, монолог қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірген жүйе.

Сонымен монолог – бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты – белгілі бір факт жөнінде баяндау.

Бір нәрсені суреттеу, баяндау кезінде бір нәрсе жөнінде пікір білдіруде тілдің монологтық формасы пайдаланады. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен әрқашан мезгілдік немесе себеп-салдарлық байланыста болады. Мезгілдік байланыс немесе кезектесіп келуі мүмкін.

Бір мезгілде болатын фактілер туралы айту суреттеу деп аталады. Ал, бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту баяндау деп аталады. Сонымен қатар себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту деп аталады.

Монологтық тілде сөзді байланыстырып әдеби тілге жай ғана және күрделі синтаксистік құрылымдардың балық түрлері пайдаланылады: біріңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше, оның тілі байланысты түрдегі тіл бола алмайды. Ендеше монологтық тілдің әртүрлі типін үйрету тәрбиеші үшін үлкен міндет.

Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің мақсаты мен міндеті оларды дұрыс быдыстауға, сөздерден сөйлем құрастыра білуге, сөз тіркестері мен сөйлемдерді мағынасына сай дұрыс байланыстырып әңгіме айта білуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі кішкене балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретуді ерте жастан бастап қолға алған жөн. «Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді» деп дана халқымыз айтқандай әлі мектеп жасына толмаған балаларды есі толық жетілмеген, толыспаған деп салғырт қарамай, сол кезден бастап дұрыс, мағыналы, ең бастысы жүйелі сөйлеудің қаруымен жарақтандырған жөн болады. Ал, олардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жітілдіру тікелей ата-ана мен балабақша тәрбиесінің қолында. Ата-ана баламен көбінесе диалог түрінде сөйлеседі. Осылайша олардың сұрақ пен жауап арасын байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру тәрбиешінің жемісі.

Монологты мектепте оқыта бастау кеш: монологтық тіл дағдыларын алдын ала мектепке дейін жетілдіру керек. Сонымен, балалр бақшасы тәрбиешісінің жауапты міндеті – балаларға монологты, сереттеуді, баяндауды, пікір айтуды үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салу, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Ал, әдіс-тәсілдері дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек.

Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы оқушы тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың да психологиясы әр түрлі болып келеді. Сәби өмірінің алғашқұы жылында тез ширайды. Оның организміндегі өзгерістерді тіпті апта сайын байқауға болады. Денесінің өсуімен бірге баланың миы да толыса түседі, яғни «өзін қоршаған ортаға бейімделу органы» туғаннан 2,5-3 айдан 1 жасқа дейін. Міне осы кездерде баланың тілі шыға бастайды.

Сәби 1 жасқа дейін осы кезеңдерде өзін қоршаған ересектерден сөйлеудің компоненттерін үйрене бастайды.

Сәби тілді игере отырып, тіл арқылы қоршаған ортаны танып біледі. Осы 1 жасқа дейінгі бала тілінің дамуына ерекше ықпал ететін ата-ана мен жанұя адамдары. Себебі, бұл кездері ана баланы тамақтандыру, шомылдыру, құндықтау, ұйықтауға жатқызу барысында бөбекпен үнемі сөйлесіп отыруы керек. Ата-ана күніне 1-2 минут баламен арнайы әңгімелесумен шұғылданғаны жөн, сонымен қатар, ойнату кезінде де баланың тілі даму үшін онымен үнемі шүйіркелесіп отыру керек. Бұл кездерде ата-ананың қолданылатын тиімді әдісі заттардың атын атап, көрсетіп, өздерінен сұрап түсіндіру және сұрақ қою арқылы баламен диалог түрінде сөйлесу. Бала сөздерді, олардың дыбысталуын, граматикалық формаларын ересектермен арадағы қарым-қатынастағы қолданылған тілден үйренеді. Бір жасқа дейінгі балалардыңтілі жетілу үшін оларға үнемі сұрақтар қойып отырамыз.

Ал, бала осы қойылған сұрақтарға жауап береді. Міне, осы екі жақты жүретін процесстің негізінде бала мен ересек адамның диалогы құралады.

Бұл балабақша жасына дейінгі кезеңде жүргізілетін жұмыс түрі. Ал балабақша жасына толған сәбилермен тірбиешілер арнайы жұмыс жүргізеді. Балабақша жасындағы балалар өздерінің жас мәнеріне сай топқа бөлінеді.

Олар:

1.      І Сәбилер тобы 1,5-3 жасқа дейінгілер,

2.      ІІ Сәбилер тобы 3-4 жасқа дейінгілер,

3.      Естияр топ 4-5 жас аралығындағылар,

4.      Ересек топ 5-6 жас аралығындағылар,

5.      Мектепке даярлық топ 6-7 жас аралығындағылар.

Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бұл топтағы балалармен жүргізілетін диалог ойын оынату кезінде, арнайы жаттығулар жүргізу барысында сұрақ қою арқылы, заттардың атауын айтқызу арқылы жүзеге асады. Мысалы, тәрбиеші қандай да бір ойыншықты балалрға көрсетіп оның атауын сұрайды:

-         Балалар мынау не?

Балалар жауап береді, егер ойыншық аң болса, онда тәрбиеші:

-         Ол қайда өмір сүреді? – деп жетекші сұрақ қояды.

Мұнан соң ол аңның немен қоректенетінін сұралады. Міне, осылайша сұрақтар қою арқылы тәрбиеші бала тілінің дамуына, оның байланыстыра сөйлесу дағдысының жетілуіне өз үлесін тигізеді. Сонымен қатар, қай топтың балалары болмасын өзара, яғни бір-бірімен тілдеседі.

Тәрбиеші балалардың тілдесуіне көп көңіл бөлуі керек. Себебі, балалардың өзара тілдесуі олардың байланыстыра сөйлеу дағдысының дамуында ерекше орын алады. Олардың ойын барысында, тамақтану кезінде тілдесуін тәрбиеші бақылап отырып, тілдесу барысындағы қателіктеріне түзету енгізіп отыруы керек.

 

2)     Әр жас топ балаларын байланыстыра сөйлеуге үйрету

Байланыстыра сөйлеу кезіндегі әр топқа байланысты өздерінің талаптары болады соған байланысты үйретеміз І-ші сәбилер тобында 2 жасқа келгенде балалар толығымен заттардың қасиеттерін және заттардың не үшін керек екенін біле бастайды. Осы кезеңде оларда қарым-қатынастың сөздер пайда бола бастайды. Біртіндеп 2-3 сөздерден айтады. 2 жастың соңында балардың сөздік қоры дамысада оларда грамматикалық қателіктер кездесіп тұрады. Және тағы бұл топта балалар тәрбиесінің қарапайым сұрақтарына жауап беру керек. Олардың тақырыбы картина жайлы және керуенде көргендері жайлы болады. Мысалы: картинада «Ана мен қызы» бар сурет. Балалар соған қарап әңгіме құрастырады. Серуен кезінде олар тоғай көрсе, онда олар ата-аналарына «мен бүгін торғай көрдім» деп әңгіме айтып береді. Балалар жылдық аяғына дейін мыналарды игеру қажет: 1.Асықпай және түсінікті сөйлеу білу керек. 2.Тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап қайтара білу керек. 3. 3-4 сөзден өзінің көргені жайлы әңгімелеп беру керек.

Бұл топта қиындықтар кездеседі, тәрбиеші сол қиындықтардан өтіп, өсіп келе жетқан сәбиге өз білімін беріп оны толығымен, мына айтылған әңгімелерді толығымен үйрету керек. Балаларға 2-3 сөздерден құралған әңгімесін мән мағынасы болу керек екенін және балалар соны түсініп айту керек екенін тәрбиеші өзі қадағалап отырады.

ІІ сәбилер тобына 3 жасқа толғанда балаларда сөзді түсіну активті сөйлеу тез дамиды. Ойлау жағы түсіну толық қалыптасады. Диалогты яғни бір бірімен сөздік қарым-қатынасты пайдалана бастайды. Сетуациялық әңгіселер айтып, мәтінге, мимика, қолдана бастады. Тәрбиені балаларға заттар картина көрсету арқылы оларға сұрақ қойып, жауабын талап етеді. Бала тәрбиешінің қойған сұрағын толық естіп,соған анығымен жауап беру керек. Тәрбиеші балаларға 3-4 сөйлемнен құралған тақырыбы өзінің соңынан қайталауға үйретеді және сол ойыншық жайлы болуы тиіс. Жылдың аяғына дейін балалар мыналарды игеруі, яғни білуі керек, ол тәрбиешіге байланысты болады: 1.Сұрақтарға жауап беру. 2.Тәрбиешінің соңынан белгілі бір тақырып жайлы қайталап отыру.

Тәрбиеші ертегі немесе әңгіме оқу барысында балалар оның айтқанын анық және толық қайталап отыру керек. Балалар сетуациялық тақырыпта әңгіме айту барысында байланыстыра мөйлеу мәнеріне үйренеді.

Естияр тобында балалардың 4-5 жастағы кезінде олар сетуациялық әңгімелерден, мәтіндік әңгіме көшеді. Бұл жастағы балаларға ертегі немесе әңгімені әңгімелеп айтуға үйрету керек. Айтылатын әңгіме балаларға таныс болуы керек. Балаларға заттық немесе сюжеттік картина жайлы өз ойларынан шағын әңгімелер ойластырып шығаруға үйретеміз. Ол тәрбиешінің көмегінсіз-ақ жұмысты атқаруы қажет. Тәрбиеші балаларға үнемі сұрақ қойып, оның жауабының дұрыс болуын қадағалау қажет. Сол үшін тәрбиеші әр балаға жеке сұрақ қойып жауап алу керек. Өйткені балалар ұжым болып отырғанда кейбіреулері жауап берсе, кей балалар үндемей отырады, жылдың аяғына дейін балалар мынаны білуі керек: 1.Балалар өз туған тілінің дыбысын дұрыс мағыналы етіп шығаруға дағдылану қажет. 2.Тақырыбы шағын әңгімені. 3.Сюжеттік картина бойынша ойыншық жайлы әңгімелеп және ертегі құра білу керек.

Бұл тапта балалар құрдастарымен ойын ойнау барысында өз тілін жетіп меңгереді және оны тәрбиеші бақылауға алады. Тәрбиеші оларға үлгі көрсете отырып тәрбиелейді.

Ересек тобында бұл балаларда сетуациялық әңгімелер мәтіндік әңгімелерді толық меңгеріп, оларда практтикалық тәрбиелер қалыптасады. Ойын барысында олар монологты сөйлеуге үйренеді, балалар өз істеріне жауап бере бастайды. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып, оған дұрыс жауап беруді қадағалап, егер бала жауап берген кезде қателесіп кетсе, тәрбиеші оған көмек береді. Тәрбиеші немесе отбасында ата-анасы балалармен үнемі байланыста болып отыруы керек. Балалар белгілі бір тақырыпта әңгіме құрастыру барысында түсінікті байланыстыра білу керек, және бұл жұмыс тәрбиешінің көмегінсіз жүргізіледі. Балалар өз беттерімен әңгімелер ертегілер құрастыра білу керек. Жылдың аяғында олар мынаны білу керек: 1.Барлық дыбыстарды дұрыс анық, асықпай, түсінікті етіп айта білу. 2.Балалар сөйлемдерінде күрделі және оңай сөздерді қолдана білу керек. 3.Тәрбиеші балалардың өзіндік әңгімелесулерін қадағалап отырулары керек. 4.Жоспар бойынша әр түрлі тақырыптардан ертегі, әңгімелер құрастыра білу керек.

Мектепке даярлық тобында мектепке дейінгі жаста байланыстыра сөйлеу олардың тәжірибелеріне байланысты болады. Олар қысқа немесе сөйлемдерді пайдаланды. Сөз тіркестерінің толығымен игереді, бала өзінің дауыс апараттарын қалыпқа келтіріп, айналасындағы адамның сөздерін түсінуге қабілеті болады. Балалардың диалогты және монологты сөйлеулерін одан әрі қалыптастырамыз. Бұл топта балалар, қойған сұрақтарға әрқашанда қиналмай жауап бере білу керек. Өздерін айналадағылармен бірге мәдениетті түрде қарым-қатынаста ұстай білу керек. Жылдың соңына келгенде балалар барлық берілген білімджерді игеру керек: 1.Бұрынға алған білімдерін нақтылап бекіту. 2.Әр түрлі картиналар жайлы әңгімелер құрастыру. 3.Бұрынғадан қиынырақ тақырыптарға әңгіме, ертегілер құрастыру.

 

3) Әр жас топ балаларын монолог және диологты сөйлеуге үйрету

ІІ сәбилер тобында диалог біріншіге қарағанда күрделірек болып келеді. Және бұл топта жүргізілетін диалог түрі балалардың байланыстыра сөйлеумен қатар логикасының дамуына да негізделеді.

Бұл кездерде тәрбиеші затты көрсетіп қана емес сонымен қатар жасырып та сұрақтар қояды. Мысалы, тәрбиеші алма немесе басқа бір жеміс түрін жасырып балаларға сұрақтар қояды. Ол сұрақтар мынандай тұрғада қойылады:

-         Менің қолымда бір зат жасырулы, өзі домалдақ, сырты қызыл, өзі тәтті. Ол не?

-         Ол алма немесе анар

-         Алманың сырты қандай?

-         Сырты қатқыл, қызыл немесе сарғыш келеді.

-         Ал, оның іші қандай?

-         Іші жұмсақ, ақ, тәтті.

-         Оның ішінде тағы не бар?

-         Оның ішінде дәні бар

-         Дәні жеуге жарайма?

-         Жоқ

Міне, осындай тұрғыдан басқа да заттармен жұмыс жүргізуге болады. Бұл топтағы балалардың диалог жүргізу барысындағы әрбір женкелеген ойынның толық, жүйелі болғанын, яғни диалогтық бірлікте болғанын қадағалап отыру керек. Сонымен қатар тәрбиеші кез келген читуация кезінде диалог жұмысын жүргізуне болады. Мысалы, балалар бір нәрсені бүлдіріп қойса немесе бір істі дұрыс жасамаса – неге?не себепті?кім кінәлі?осы іс дұрыс па?деген сияқты сұрақтар қою арқылы баланың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіруге ықпал етуге әбден болады.

«Диалог стилі негізінен ауыз екі сөйлеу тіліне тән болғандықтан, ол белгілі бір адамдардың сұхбаты, яғни сұрау және сұраққа жауап беру болып табылатын әдеттегі себептермен пайда болған реакциядан тұрады. Диалог – бұл шын мәнінде жауап беру тізбегі деп жазады.» Яғни диалог белгілі бір дайындықты қажет етпейді, ол кез келген ситуация барысында пайда болады. Ендеше тәрбиеші диалог түрін өте жиі қолданыла алады. Ол оның шеберлігіне, тіл байлығының, сөздік қорының молдылығына байланысты болып келеді. Балабақшаның әр тобында да диалогтың еркін тақырыбы үнемі жүргізіліп отырылуы керек.

Ал, естияр топ көп нәрсені жақсы түсінетін, өзіндік ой-қиялы дамыған, жеке пікірі қалыптасқан балалар тобы. Олар берілген тапсырманы дұрыс орындай алады. Айтылған білімді есте сақтай алады. Сол себепті де олармен күрдері тапсырмалар көп жүргізіледі. Диалогтың бала тіліне байланыстыра сөйлеуге үйретуде тиімділігі бала диалог кезінде екінші адамның жетекші сұрағының көмегімен бірінші жауабы мен екінші жауабын бір бірімен мағыналас етіп жауап қайтарады, және бала қойылған сұраққа ауытқымай тіке жауап беруге мәжбүр болады. Осы сұрақ-жауап негізінде түзілген диалогтағы сұрақ пен жауап арасындағы заңды байланысқа үйрене отырып бала өз жауаптарынан бір әңгіме байланыстырып құрай алады. Ол үшін тәрбиеші балалар ауызша тапсырмалар жүргізіледі. Диалогтағы жауаптарды біріктіріп сол диалогта көтерілген мәселе жайлы шағын әңгіме құрастырып айтқызуға болады. Сонымен қатар балаларға шағын көрініс қойғызуға болады. Ол үшін ертегілердегі екі кейіпкерлердің диалог түрінде кездесетін сюжетін алып балаларға рөлдерді бөліп беріп, жаттатқызып, сол арқылы шағын көрініс қойғызуға болады. Ересек топтарда да осындай жұмыс түрлері арқылы диалогқа үйретеді. Бірақ, ересек топтарда диалог түрі естияр топқа қарағанда күрделірек болып келеді. Бұл топтағылар 5-6 жас аралығындағы балалар болғандықтан бұл кезде олар байланыстыра сөйлеуді біршама игерген болып келеді, олар еркін сөйлейді, олардың әңгімелеріндегі сөйлемдер жүйелі түрде құрылған болып келеді және диалогты да өз шығармашылықтарымен құра алады, бұл балалар диалогтың құрылу жолын түсінбейді. Ал, диалог екі тұрғыда қөұрылатыны белгілі. Ол сұрау мен баяндау арасындағы диалог, яғни сұрақ-жауап тәсілі арқылы.

Мысалы:

-         Сен үйіне бардың ба?

-         Иә, барып келдім.

-         Қашан бардың?

-         Кеше бардым.

Ал екінші түрі, баяндау мәжбүрлеуші сөздің арасындағы диалогтық тұтастық.

Мысалы:

Өздеріне қарсы жүргізіп келе жатқан итті көрген Айсұлу, Арманға:

-         Ит! – деп айғай салды.

-         Қаш! – деп айғайлайды Аман да.

Міне, осындай диалог түрлерін балаларға айырып түсіндіру керек. Баяндау мен мәжбүрлеуші сөздің арасындағы диалог түрі балалардың өзара қарыс-қатынасында жиі кездеседі, әсіресе, ойын барысында.

Ал, мектепке даярлық топтарда балалар қолдарына қалам ұстап жазуға үйренгендіктен диалогты жазба түрінде де өткізуге болады. Бұл кезеңде байланыстыра сөйлеудің қалыптасқан кезі көрініс береді. Бұл кезеңде дыбыс деген не, сөз, дыбысталу, дауысты және дауыссыз дыбытарды, сөз және сөйлем деген не осылардың барлығын түпкілікті үйренеді. Сонымен қатар бұл топтағы балалар кітаппен жұмыс істеуді бастайды, яғни кітаптардағы диалог түрінде кездесетін әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды оқып өздерінің байланыстыра оқу дағдыларын жетілдіреді. Бұл жұмыстардың жүйелі өтуіне тәрбиеші ықпал етеді. Кітаппен жұмыс барысында көркем туындыларды рөлдерге бөліп оқытқызады және балалардың өздеріне бірлесіпдиалог құрастыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады. Тәрбиеші нағыз маман, ізденгіш, шығармашылығы мол болса балалардың диалог құруды ұйымдастыруға болады. Осындай жұмыстарды жүргізуде тәрбиеші балаларға қосымша көмекші сұрақтар қойып отырғаны жөн. Ол сұрақтарды мынадай тұрғыда құрастыруға болады:

-         Сереттегі балаға ат қояйық.

-         Ол бірінші не істеді?

-         Жуыну барысында қандай іс-әрекеттері байқалады?

-         Содан соң не істеді?

-         Тамақтанған соң не істеді?

Осындай сұрақтарға тәрбиеші өзі бастап құрастырып содан соң балалардың өздеріне суретке қарап, сұрақтар құрастыруды үйретеді. Содан соң сол сұрақтарға жауаптар жазғызады. Міне, сонда диалог құралып шығады.

Диалог кез-келген уақиғаға байланысты пайда болса, монолог мүлде басқаша. Монолог кітап стилінің тілі. А.В.Щерба: «Әдеби тілдің негізінде, монолог, әңгіме, диалогқа қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу тілі жатады. Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету боллып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монологтың барлығы да көркем шығарманың нышаны...» - деп жазады, яғни монологқа қарағанда күрделі болып келеді деген сөз.

Диалогтық тілде балалар мейлінше оңай үйренеді, өйткені оны күнделікті тұрмыста және естіліп жүреді, ал монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы. Суреттеу монологы – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту, ал баяндау монологы бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. Ал пікір айту себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту болып табылады. Пікір айту монологының баяндау монологынан өзгешелігі бір құбылыстың себебін туғызу және оның негізінде белгілі бір қорытындыға келу.

Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілі күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді. Сондықтан тәрбиеші балабақша жасындағы балаларға монологты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет. Балалардың сөйлеген сөздерді байланысты түрде айтылуы үшін олар шылауларды меңгеріп алғаны жөн, өйткені шылаулар сөйлем мен сөйлемді бір-бірімен байланыстырып тұрады.

Монологты үйрету диалогты оқыту сияқты әр топ балаларында әр түрлі жүргізіледі. Монологты оқыту көбінесе арнайы сабақтарда іске асырылады. Монологты оқыту ересек топ пен мектепке даярлық топтарда қолға алынады. Ал бастапқы топтарда тәрбиеші балалардың білетін сөздерін жиі пайдалануға, өздерінің талаптарын, тілектерін білдіріп, бірнеше сөзбен көргендерін айта білуге үйретеді. Монолог сөзге балаларды жүйелі үйретуде шамамен 5 жаста бастайды яғни ересек топтарда бастап монолог сөзге үйрету өз күшіне енеді. Ал, ересек топқа дейінгі кезеңдерде бұған әзірлік жүргізеді.

Монолог сөзге балаларды үйретудің қиындығы – балалардың монологты түсініп тыңдай білуі, оны есте сақтай білуі мен қайталап әңгімелеп беруінде. Бұл қиындықтарды жеңу үшін кішкене балалар үлкендерден көмек күтеді. Үлкендер, яғни ата-аналар мен тәрбиешілер балаға өзінің табиғатына сай монологпен сөйлесуге тақырып беру керек және баланың айтқан сөзін, яғни монолог әңгімесін жалықпай аяғына дейін тыңдай білуі керек.  Монологпен сөйлеуге үйретудің ежелден келе жатқан екі үлгісі бар. Олар қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Қайталап айтуда балалар тәрбиеші айтып берген немесе оқып берген немесе оқып берген монолог түрін түсініп тыңдап, сол тыңдағанын, есте сақтағанын қайталап айтып беруі. Мононлогпен сөйлеуге үйретудің жеңіл әдісі осы қайталап айту. Ал, ойдан құрастырып айтып беру баланың логикалық ойлау қабілетіне тікелей қатысты. Балалардың байланыстыра сөйлеу қабілетін дамытуда ойдан құрастырып айтып беру үлкен рөл атқарады. Себебі, бала өзі ойластырып құраған әңгімені қалай байланыстырып айтуды үйренеді.

Ал, қайталап айтып беруде бала тәрбиешінің байланыстырып сөйлеуіне көңіл аударып, сол бойынша айтып береді. Өз ойымен, шығармашылығымен құралатын монологты баяндау үшін бала алдымен нені айтады, содан соң не айтады, осының бәрін іштей ойласрытып, бір сөйлеммен екінші бір сөйлемді бір бірімен қалай байланыстыратындығын жүйелеуге үйренеді.

Қай жастағы топтарда болсын монолог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі тәсілі ауызша айту болып табылады. Бұл тәсіл қайталап айтып беру де, ойдан шығарып айтуда қолданылады.

Сонымен қатар монолог түрде сөйлеуге үйретудің қосымша тәсілдері де бар. Олар нақтылы заттар мен сереттерге сүйену. Монолог түрінде сөйлеуге үйрету ойын ойнау барысында немесе басқа уақыттарда емес арнайы сабақтарда жүргізіледі. Монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тәрбиеші қосымша тәсілдерді қолданылған тиімдірек болып келеді.

Мысалы, тәрбиеші белгілі бір табиғат көрінісі бейнеленген суретті қолданылып, балаларға алдымен өзі сол суреттегі көріністі монолог түрінде баяндап беріп, содан соң балалардың өздеріне монолог, яғни суреттер монологын құратқызу болады. Бұл әдістің тиімділігі бала өз ойынан құрап айту барысында суреттегі көзге көрініп тұрған демал-дырға сүйенеді.

Сонымен қатар, тәрбиеші балаларды тыңдауға дағдыландыруды қолға алғаны жөн. Егер бала айтылып немесе оқылып жатқан монологты дұрыс тыңдай білмесе, онда оны қайталап айтып бере алмайтыны белгілі.

Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің барысында тәрбиеші балаларға ойдан шығаруға, қайталап айтуға, әңгімелесуге көмектесуге міндетті.

Әр топтағы монолог сөзге үйрету жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бәрі бір ғана жүйемен, бірдей тәсілдермен жүзеге асырылады.

Сонда да болса бір ерекшелік, яғни бір айырмашылық болады. Ол монолог сөзге үйрету жұмыстарында қолданылатын текстің көнелі мен мазмұнының күрделілігі.

Кішкене балаларды монолог сөзге үйретуде тәрбиеші монологтың қызықты оқиғаға толы, сюжеттісін таңдап алғаны жөн.

Монолог сөзді көркем әдебиеттен таңдап алу шарт емес.

Тәрбиеші өзінің күнделікті өмірінде, яғни, жолда екле жатқанда көрген, дүкен аралағанда көрген немесе өзі біреуден естіген оқиғаларды негізге ала отырып өзі құрастырып алуына да болады.

Бірақ тәрбиеші өз монологында балаларға таныс лексика мен грамматикалық формаларды ғана кіргізуі керек, яғни балаларға олардың өздеріне етене таныс нәрселер мен құбылыстар туралы сөйлеу керек. Балаларға монологтық сөйлеуге арналған текстерді оқып беруде тәрбиешіге мынадай талаптар қойылады:

-         Тексті мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу;

-         Дауысын шығарып, анық оқу;

-         Дауыс эмоциясы мен реңкін дұрыс қойып оқу;

-         Балалардың қызығушылығын оятуға көңіл бөлу;

-         Балалардың оқылып жатқан текст ұйып тыңдауын қадағалау, және тағы да басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Практикалық бөлім

Тақырыбы: «Күзгі ормандағы аюлар»

Мақсаты:

1. Жабайы жануарлар соның ішіндегі аю мен оның қонжықтары туралы білім беру.

2. Сөздік қорларын бойыта отырып, жаңа білімдермен толықтыру.

3. Аюға деген көзқарастарын қалыптастырып, қамқор болуға тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: Сурет үлгі.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сөйлеу, нұсқау, сұрақ-жауап.

Көркем сөз: Аю отыр партада.

                      Екі қолы қалтада.

                      А – дейді, Б – дейді,

                      Р-ға тілі келмейді.

Ұйымдастыру: Бөлме таза желдетілген болуы керек. Керекті құралдар дайын болуы керек.

Сабақтың барысы: Балалар мен сендерге қазір өлең оқып беремін, бірақ сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

                   Кезіп ішін орманның

                   Кетіп қалма, қорбаным

                   Қолың нудан бал таңдап

                   Қаңғи берме балтаңдап

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Күзгі ормандағы аюлар» деп аталады. Қане балалар мына суретке назар аударайықшы. Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Мұнда аю және оның қонжықтары бейнеленген. Балалар қонжықтары деген аюдың балалары. Аюдың балалары ойнап жүр, ал аю оларды бақылап, қарап отыр. Аюларда да басқа жануарлар сияқты денесі, аяқтары, көздері, құлақтары болады. Балалар аюдың екі қонжығы бар. Олардың түстері қоңыр. Олар күз мезгілінде орманда жүр.

Күз мезгілінде талдағы жапырақтар сарғайып, ауа райы салқындай бастайды, яғни балалар күз мезгілінің ерекшелігі жапырақтары жерге түсіп қурап қалады.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

                        Құлпынайы көп екен

                        Теріп, теріп аламыз

                        Қалтамызға саламыз

Байланыстыра сөйлеу