Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке
тәрбиелеудің маңызы........................
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің
өзіндік ерекшеліктері.................
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық
білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.......................
II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру
2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек
әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы.....................
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар
еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және
басқару әдістемесі....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
«...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.
Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастырылады.
Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: «Мына топ құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Со-лай еткеніміз әділ болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де жүмыс істейді».
Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол_мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: «Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын .келісіп.алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер». Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін уйрету
Жұмыстың міндеттері: -балаларды еңбекке тәрбиелеу;
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.
І. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы.
Елімізде болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер
мектепке дейінгі ұйымнан
Өткен тарихымыздың терең
қойнауына ой сәулесін
Әр халықтың бала
тәрбиесі жөніндегі атам
Қайсы
бір ұлттық құндылықтар туралы
алсақ та салт-дәстүрлер
И. Г. Гердер, А. К. Конн, Ғ. Ақпанбет, А. Айталы, т.б ғалымдар философиялық еңбектерінде салт-дәстүрлердің сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте дамитынына баса назар аударады. Мысалы, И. Г. Гердер «салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы», деп халықтың тұрмыс тіршілігінен көрініс бере отырып, мәдени тұрмысы мен тілі салт-дәстүрін сипаттайтындығын түсіндіреді. Осы тұрғыда салт-дәстүрді халықтың мәдениетінен іздеген, ұрпақтан-қрпаққа жалғасып отырған және ұрпақ тәрбиелеудегі жинақталған тәжірибенің жиынтығы тұрғысынан қараған М. Қозыбаев, Н. С. Сәрсенбаев, М. Базарбаев, Ғ. Ақпанбет сияқты ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады.
Ғ. Ақпанбет «ұлттық салт-дәстүр
тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың
мұрагері және терең
Академик М. Қозыбаев
еңбегінде адам баласының шыр
етіп жерге түскеннен бастап,
қартайып дүниеден өткенге
Н. Сәрсенбаев, С. Қалиев, т.б ғалымдар өздерінің зерттеулерінде салт-дәстүрге талдау жасай келе, осы екі ұғымның қоғамдық өмірде алатын орнына, атқаратын қызметіне тоқталады: 1) дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер, т. б. кіреді; 2) салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, еңбек әрекетінде жиі қолданатын мінез-құлық қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, т.б. заңдылықтардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Соңғы жылдардағы зерттеулерді
ғалымдарымыз ұлттық салт-
- салт-дәстүр ұғымының
- ұлттық мәдениет пен тұрмыс
тіршілігіне байланысты салт-
- ұрпақ тәрбиесінен еңбек
Ұлттық тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген ғалымдардың бірі М. Арын «....дәстүр» арабтардың әдустурә деген сөзінен шыққан, парсылар арқылы бізге жеткен. Шын мағынасы «тұрақты, орныққан» деген ұғымдарды береді» деп түсініктеме бере келе, ғалым «дәстүр» деген ұғым – жалпы ұлттың рухының негізгі компонеттерінің бірі. Ұлттың рухынан азық алған, ұлттың психологиясына рухтанған, солар арқылы пайда болған дәстүрлер біртіндеп, сол ұлттың рухын байытып, нығайтушы үлкен факторға айналады» деген тұжырымына толықтай қосылуға болады.
А. К. Кон: «Дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әртүрлі формасы. Ол – адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының ұрпаұтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деп тұжырымдаса, белгілі француз социологы Э. Дюркгейм: «Дәстүр адамдардың қоғамнан даяр күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік болып саналады. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін құралы болып табылады» - дейді. Демек, дәстүр – кең мағынада қолданылып, қоғам талабына қарай өмір сүруді реттейтін қалыптасқан ереже, заң тәртібі, әрекеттері деп танылып, тәрбиелік мәні қай уақытта да жоғары бағаланған.
Қазақ ұлттық энциклопедиясында "дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған, әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр ұлттык мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге өте бай болып келеді. Жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше" деп көрсетілген. Сонымен дәстүр ұғымы барлық халықтарда болып тарихи негізде қалыптасқан, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп-инабат нормасы болып табылады. Дәстүр негізінде одан әрі калыптасуымен өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болмақ. Осылайша әрбір халықтың салт-санасы, озык дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениетіне өзіндік сипатымен үлес косуы да мүмкін.
Дәстүрлердің
жалпыға ортақ ең маңызды
Енді "салт"
ұғымына кішкене тоқтала
1) Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: салт ұрпақтан: - ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, салт- жеке, жалғыз, бір өзі деген мағына береді" делінген. Мысалы, салт атты, салт басты, т.б.
2) Салт белгілі бір уақытта арнайы себеппен жасалынады. Қоғамда жоғары статусы бар көпшілік алдында орындалатын қарапайым әдет-ғұрыпқа карағанда, адам салтты еркін таңдай алмайды. Салт ескі мен жананың сабақтастығын айғақтайды, оның қоғамда қолдану орнын бекітеді. Сонымен жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарга сүйенсек, дәстүр, салт дегеніміз - әр халықтың (этностың) материалдық және рухани мұраларының, оның ұлттық тарихи даму жолының; өмір сүру ерекшеліктерінің сол ұлттың жеке өкілдерінің санасында бейнеленіп салт-дәстүрлері арқылы қоғамдық-мәдени өмірде көрініс табуы.
Салт-дәстүрлер - ұлттық тұрмыстың, мәдениеттің адам еңбегімен жасалған аса мәнді құрамдас бөлігі, сол ұлтқа жататын адамдар мәдениетінің деңгейін, рухани байлығын көрсететін, басқа ұлттар мен халықтардан айырмашылықтарын білдіретін басты бағдары және мықты тәрбие құралы.
Р. Х. Дүйсенбинова тұрмыс-салт дәстүр, бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар, үйлену, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, халық мейрамдары, қазақтың қонақ күту дәстүрлері деп топтастырылады. Жалпы салт-дәстүрлерді, ұлттық идеяларды насихаттау барған сайын көкейтесті сипатқа ие болып отыр.
С. Қалиев, М. Оразев, М. Смайлованың
«Қазақ халқының салт-
а) бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
ә) әлеуметтік мәдени салт-
б) тұрмыс-салт дәстүрлер деп бөледі.
Сөйтіп, тұрмыс-салт дәстүрлерге киіз үй, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіпке үйретудің тәлімгерлік түрлері енетіндігін айтады. Бұл тұжырымның дұрыстығын қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде «Тұрмыс - әл-аухат, хал-жай, тіршілік» десе, «Тұрмыс-салт тұрмыста қалыптасқан әдет, дәстүр, жора жеке халықтардың шаруашылық кәсібі, тұрмыс-салты кіреді» деп берілген анықтама дәлелдей түседі.
Академик Ә. Қайдар тұрмыс салтында киіз үйдің сүйегін сайлап, киізін басуды, бау-шуын иіріп, шиін өруді, ер-тұрман әбзелдерін өз қолдарымен реттеп, киім-кешектерін өздері тігіп, қолөнердің өзіне қажетті салаларын өзінше дамытып туралы пікір айтады.
Белгілі этнограф, мәдениеттанушы
Н. Шаханова киіз үйді көшпелі
мәдениетімізбен байланыстыра
а) қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі үлкенді сыйлау, еңбекке қадірлеу сияқты қасиеттерге тәрбиелейді;
ә) тұрмыс-салт дәстүрі өз
халқының ақыл-ой, қол еңбектерінің
нәтижесінде жеткен
б) тұрмыс-салт дәстүрі еңбек адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін білдірудің психологиялық құралы;
в) тұрмыс-салт дәстүрі атадан балаға мұра болып берілген еңбек дәстүрінің, қоғамның сананың ең биік нормалары.
Қазақтың тұрмыстық салт-
Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт дәстүрінің аясын қамтитын кәсіпке, еңбекке үйретудің тәлімгерлік қағидаларын өз жұмысымыздың негізі етіп алдық. Тұрмыс салт-дәстүрдің мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда тәрбиелілік, білім беру, дамытушылық мүмкіндіктері жоғары деп санаймыз.
М. Жұмабаевтың әрбір
ұлттың баласы өз ұлттың
Мектеп жасына дейінгі
балаларды еңбекке баулуға
Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарында мектепке дейінгі
балаларды қоғамдық және
Р. И. Жуковская балалардың ойын арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек әрекетіне жұмылдыру, еңбек әрекеті ойынды байытуға бағытталуы тиіс деген. 1960 жылдары мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ұсынысы бойынша ең бастысы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру маңызды деп саналып, баланың өздігімен орындайтын еңбек әрекеттеріне мән берілмеді.
В. Г. Нечаева, Г. Н. Година, Д. В. Сергеева, Р. С. Буре, Л. И. Захаревич тағы да басқа ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың еңбектегі психологиялық ерекшелігіне, еңбек дағдылары мен біліктерін игеру деңгейлеріне, ұйымдастырылуы әдістемесіне қарай еңбек түрлерін өзін-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі және табиғаттағы еңбек деп бөлгендерін атап кетуге болады. Бірақ, сол кездегі теориялардың қай-қайсына да көз жүгіртсек, халық тәжірибесіне сүйенбегенін, тұрмыстық салт-дәстүрлерді ескеріп ұйымдастырылу қарастырылмағанын байқадық.
Бүгінгі таңға дейін
қоғамның дамуына байланысты
мектепке дейінгі балалардың
еңбегінің түрлері терең
Табиғаттағы еңбек арқылы
балаларды еңбекке баулу
Мектеп жасына дейінгі
балалардың қол және көркем
еңбегінде табиғи материалдар, қағаз,
қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар
жасайтындығы Я. И. Базик, Э. К. Гульян,
В. Ф. Ждан, Е. Я. Беляевның зерттеулерінде
теориялық негіздері мен
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер бар екені Т. А. Маркова, Л. В. Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.
В. С. Мухинаның еңбегінде
бала тәрбие үрдісінде
Психолог Я. Л. Коломинский,
Л. В. Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас
аралығында бала ойын мен
Бірте-бірте еңбек етуге
деген қажеттілікті ояту
Психологтардың пікірін
негізге ала отырып, біз қазақ
халқының бала тәрбиесінде
Қызығулар
балалардың кішкентай
- еңбекті жақсы көруін, ересек
еңбегіне құрметпен қарауға
- қарапайым еңбек білім, дағдалары мен біліктерін қалыптастыру;
- еңбек етуге қажеттілігін
- ұлттық тұрмыс салт-дәстүр
Соңғы міндетті шешу үшін,
оның мазмұнын жүзеге асыру
жолдарын анықтау қажет. Балаларды
қазақтың тұрмыс салт-дәстүрі
негізінде еңбекке баулуда пара

- Балабақшада мәдени бос уақытты ұйымдастыру
- Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
- Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
- Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
- Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
- Балада як жанр англійської поезії (на матеріалі творчості поетів "озерної школи")
- Бала қиялдарын дамыту жолдары
- Бақылаудың басшылыққа алатын принциптері туралы Лим декларациясы
- Бақылау менеджмент функциясы
- Бақылау менеджмент функциясы ретінде
- Бақылау мысалдарын баяндау
- Бақылау мысалының шешуі
- Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу
- Балабақшадағы ойынның маңызы