Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

Аннотация  

      Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы». Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді  оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес деп ойлаймын. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде мен шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде фразеология ғылымы үшін маңызы зор деп ұқтым. Мен ізденісімде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді зерттеген ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен екі тілдегі фразеологиялық лексикография, лексикология материалдарын негізге ала отырып, «баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатын» ашуға тырыстым.

      Гипотеза  бойынша алып қарайтын болсақ фразеологизм тілдің айшықты да, бай саласының  бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Сол себепті бұл сала әлі талай  зерттеуді қажет етеді. 

     Ғылыми  жұмысым дәстүрлі үш бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

    І. Фразеологизмдер  туралы сипаттама

    ІІ. Бұқаралық-ақпарат  құралдарындағы фразеологизмдер

     3. Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------4 

Тарау І. Фразеологизмдер туралы сипаттама  

1.1.Фразеологизмдердің  зерттелуіне қысқаша шолу -------------------------- 6 

1.2.Фразеологизмдердің  түрлері --------------------------------------------------- 9 

Тарау ІІ. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

 

2.1. Баспасөз  беттеріндегі фразеологизмдердің  қолданылуы--------------------12 

2.2. Ағылшын  және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер-------------------------16 

2.3. Қазақ  тілі фразеологизмдерінің қолдану ерекшеліктері---------------------24 

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------27 

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе 

            Тіл –ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір  тіл – бір ұлт. Кез-келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн мәжесіндегі кодқа салынған әр түрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

            Әлемдегі тіршіліктің бар саласын  қамтитын әр ұлттың өзіне ғана  тән көркем сөз орамдары –  фразеологизмдерді молынан табуға  болады. Фразеологизм тілдің айшықты  да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік,  экспрессивті – эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі.

              Зерттеудің өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай  түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салғастыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы оның ішінде фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдары үшін маңызы зор.

            Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері: Баспасөз беттеріндегі ағылшын және қазақ тілдері фразеологизмдерінің құрылымдық-семантикалық сипатын анықтау үшін тіларалық фразеологизмдер және олардың зерттелуіне шолу жасап, екі тілдегі фразеологизмдердің қалыптасуы мен құрылымдық сипатын және лексика-семантикалық ерекшеліктерін айқындап, осы тілдердегі фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Сонымен қатар баспасөз беттеріндегі фразеологизмдерге талдау жасау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер туады.

  • Фразеология саласының тарихына, қалыптасу кезеңдерінің зерттеу нысанына тоқталу;
  • Фразеологизмдердің қос тілдегі ауқымын, құрамы мен құрылымын анықтау;
  • Фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру, әр топқа сипаттама беру;
  • Фразеологизмдер табиғаттағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
  • Баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатына сипаттама беру;

              Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалады. Жұмыс барысында туыс емес тілдердегі ортақ заңдылықтары мен құбылыстарды және айырым өзгешеліктерді айқындауда салғастырмалы әдіс, құрылымдық ерекшеліктерін анықтауда структуралық әдіс, фразеологизмдердің көлемін белгілеуде статистикалық әдіс және осы тілдік бірліктерді талдау барысында сипатталмалы әдіс қолданылды.

                          
 

І тарау Фразеологизмдер  туралы сипаттама

1.1.Фразеологизмдердің зерттелуіне қысқаша шолу

     Фразеология – phrasis  -«орам, сөйлемше»; logia – «ұғым, ілім» деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұмытымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет- ғұрпына, діни, нанын-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен астасып жатқан мызғымыс тұтастығымен, этнолингвистикалық, эксталингвистикалық факторлармен қызықтырады.

      Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық  қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салғастыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ тіл табиғатында осы уақытқа шейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айшықталуы да әбден мүмкін. Ал сайып келгенде, әртиптес тілдердегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.

      Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге  деген құлшыныс өзінің бастауын академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен  етек алады. Бұл құнды еңбек тек  қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан-жақты қарастырып,біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.

      Фразеология тану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:

    1. даяр қалпында жұмсалу белгісі;
    2. мағына тұтастығы;
    3. тіркес тиянақтылығы;

      Фразеологизмдердің  даяр қалпында жұмсалу  белгісі. ФЕ-лар қарым-қатынас процессінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) единица ретінде жұмсалады.  ФЕ-нің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса,  ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. тәріздес ФЕ-лар тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет ФЕ-ға ғана емес, сонымен бірге лексикалық единица сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, talk, laugh, smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, көзді ашып жұмғанша, жұмған аузын ашпау, get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile тәрізді ФЕ-лар даяр қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:

      Kill two birds with one stone- екі қоянды бір таяқпен өлтіру;

      Cat and dog life-  ит пен мысықтай өмір;

      To pick up one’s ear- құлақ тігу;

      Тіркес  тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді. (Ә.Болғанбайұлы және Г.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997.)

      Сондай-ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздердің  орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына radio,the ball деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады, немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады. Н.М.Шанский  сөздің морфемалық  құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан (компонентерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін.

      Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер  тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дабыстың бір  өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын  бүтіндей өзгертіп жібереді.

      Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен  бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылылық, тұтастық, тиянақтылық)арқылы фразеологизмдер  тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді.

 1.2. Фразеологизімдердің түрлері.

      Фразеологизмге  тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен  ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

      Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

      Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген І.Кеңсебаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бөледі:

      1. фразеологиялық тұтастық;

      2. фразеологиялық тіркес.

      Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізі белгілері анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.

      К.Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В.Виноградов классификациясына сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:

      1. фразеологиялық тұтастық;

      2. фразеологиялық бірлік;

      3. фразеологиялық тізбек;

      4. фразеологиялық сөйлемше деп  топтастырады.

      Орыс  тілі білімінде В.В.Виноградовтың  классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ және ағылшын тіл білімінде  де осы классификацияны бірден –бір етіп келе жатырмыз және олар: 

       1. фразеологиялық тұтастық (phraseological fusions);

      2. фразеологиялық бірлік (phraseological unities);

      3. фраеологиялық тізбек (phraseological collocations) болып, негізінен үш топқа бөлінеді. Үш топтың әрқайсысын жеке алып талдап көрейік: (В.В.Виноградов. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. М.,1972. )

      К.Аханов: Фразеологиялық тұтастық деп бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сынарладың мағынасымен мүлдем байланыспайтын, әбден бітісіп, тұтысып кеткен томаға тұйық тіркестерді айтамыз – дейді. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді немесе ағылшын тілінде: to let the cat out of the bag дегеннен сыр шашу, немесе аңдамай сөйлеу дегенді түсінеміз.

      Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан  келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген  талдау жасап, бірін екіншісінен  бөліп алуға көнбейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан  пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

      Фразеологиялық  бірлікке Л.Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы жағынан ажыратылмай, тұтасымен бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз тіркестерінің бір бүтін мағынасы лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері». Бұлардың лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің мағынасымен астарлас, образды, астарлы болады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Ал ағылшын тілінде: to give a person a blacklook – ашулы немесе ала көзбен қарау. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.

      Кейде фразеологиялық тұтастық пен арасында айырмашылық байқалмай тұратын  фразеологизмдер бар. Мұндағы ескертетін  нәрсе тұрақты тіркес мағынаның  тек көнелуіне байланысты түсіну керек. Мысалы: ит басына іркіт төгілу – «ағыл-тегіл, молшылық». Сырт тұлғасы жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсас, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа да ұқсас. Жалпы алғанда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Мәселен, орыс тіл білімінде мұндай құбылысты Н.Шанский идиомалар немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді.

      Фразеологиялық  тізбектер дегеніміз  не? «Мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркестері». Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тұрақты сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқ т.б. Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend т.б.

      Фразеологиялық  тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: көк бет, қысыр көз деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз сөз, бұрыс сөз, көп сөз) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімен ғана тіркеседі.

      Фразеологиялық  тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде т.б.

          ІІ тарау. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

2.1. Баспасөз беттерінде фразеологизмдердің қолданылуы

    Бұқаралық  газет стильінде фразеология ең маңызды компонент болып табылады. Бұқаралық газет тілінде екеу араның қарама-қарсы диалектикалық қарым қатынасы болып табылады. Баспасөз беттерінде фразеологизмдерді  қолдану ақиқаттық  көзқараста ерекше маңызы бар.   

      Журналистер фразеологизмді кіріспе сөзде тақырыпта творчестволық қолданады. Мәтінді жариялау кезінде газеттің тақырыбына назар аудару үшін қолданылады. Осындай тақырыпта жазатын эксперссия қоғамда атақты бола алады. Осыған мысал  жоқшылық, жоқшылыққа жолығу, еңсесі түсу. Семантикалық және құрылымдық-стилистикалық өзгеріс фразеологиялық тіркестерде фразеологизмнің тіркесіне бір бөтен сөз қосылған жағдайда мағынасы жойылып кетеді.

    Журналистер фразеологизмдерді стилистикалық бояуда творчествалық өңдеуде ішкі формасын құрастырып, сыртқы көріністе еркін қолдану үшін таңдайды. Трансформацияның негізгі саласы ретінде сол кезде атақты болған кітаптың, фильмдердің, өлең жолдарынан үзінді, атауын алады. Контекспен тақырыптық – фразеологизм саласына байланысты актуализациялық екі негізгі түрі туралы жақын шектегі актуализация фразеологиялық тіркесте өзгеріс жаңарады, тақырыптық құрылым шегінде жалпы қабылданған вариант түрінде болады және қашықтық шектегі актуализация фразеологиялық тіркес өзінің үйреншікті мәтіннің кез -келген жерінде  қарама-қайшылықта қойылады. Журналистер жақын шектегі актуализацияны қолдануды жөн көреді, яғни құрылымның түрлі түрде өзгеруі. Баспасөз тілінде тақырыптың – фразеологизмнің бір компоненті ауысып жаңа түрі кеңінен қолданылады.Мысалы: «Ассистентінің басы-алланың добы» яғни адамның басы-алланың добы, «Қазақтың сары баласы» яғни Қазақтың қара баласы. Актуализация негізінде фразеологиялық тіркесте жаңа бір ой, көркем сапалы фразеологизм сөз байлығы пайда болады. Жаңарған актуализацияның тақырыптағы айналымы фразеологиялық варианттан өзгешелігі лексикалық өзгерісі болып табылады. Варианттардың ауысуы негізгі ойға және фразеологиялық негізге әсер етпейді, осындай өзгерудің нәтижесінде қосымша стилистикалық бояуға ие болады. Газет тақырыптарында қатты әсер беретін фразеологиялық тіркес кеңінен қолданылады: Жол қадырын жүрген білер...

    Актуализацияның қолданылуы тақырыптағы сөз тіркесіне  қызықты үлгі, құрылымның, фразеологиялық тіркестің ритмикалық шығысы енгізіледі: сыйға - сый, сыраға –бал. (Солдат,  №5 қараша,2007)

    Бұндай  құрылымға тек фразеологиялық элементтер әсер етеді. Тақырыптық өзгерістің айналымы өзінің алғашқы мағынасынан семасиологиялық қолдау алады, бұндай қолдаусыз актуализациялық фразеологизм өзінің қызметін атқара алмас еді, яғни оқырмандарға ойды айқын, көркем жеткізе алмас еді. Қашықтық шектегі актуализация кезінде ішкі форма (лексика-грамматикалық тұтастық) фразеологиялық тіркесте  ешқандай өзгеріссіз тек мәтінде қайта ойлау болады. Материалдарды оқығанда  негізгі ой басқа рең береді. Бұнда көптеген ойнақы сөздердің тізбегі, жеке сөздердің тура және ауыспалы мағынасында фразеологиялық айналымның құрамына кіретін сөздер жатады.

    Фразеологиялық  тіркесте екі семантикалық жоспардың  контимациясы-анықталған стильдік әсерді айқын қабылдау- тура және ауыспалы яғни, бір уақытта фразеологизм ретінде және еркін сөз тіркесі ретінде қолдану.

    Қорыта  айтқанда, жаңа өз бетінше құрылған метафорлық құрылым, және фразеологизм жалпы тілдік метафора мен үйреншікті фразеологиялық тіркестің нормативтік  реңде қабылданады. Бұл екі жоспарлы ойды және көркемдік мүмкіндікті туғызады. Газет беттерінде фразеологизімдерді қолдану өз ойын, сезімін, сынын, көркемдігін, ана тіліміздің сөз байлығын, мәнерін жеткізе аламыз. Баспасөз беттерінде фразеологизімдерді жалпылай қолдынып келуде. «Костомаров В.Г. Русский язык на газетной полосе. М., 1971, 268-б.»

      Фразеологизмдердің  қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылу  деңгейі қай шамада, публицистикалық  жанрға тән ерекшелікке байланысты тұрақты тіркестердің өзіндік қандай лингвостилистикалық табиғаты бар деген мәселелерге тоқталудың, зерттеудің маңызы зор болса керек.

      Зерттеушілер  тілімізде фразеологизмдерді қолданудың екі тәсілі бар екенін айтады:

    1. Фразеологизмдердің жалпыхалықтық формада қолданылуы.
    2. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.

      Біз де зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып баспасөздегі фразеологизмдерді  екіге бөліп қарастырамыз: 1) Баспасөздегі дәстүрлі фразеологизмдер. 2) Баспасөздегі авторлық қолданыстағы фразеологизмдер. Қазіргі баспасөзде жалпыхалықтық  формадағы фразеологизмдер жиі қолданылады. Оған себеп халқымыздың қанына сіңген ерекше қасиеті, сөз шеберлігі мен шешендік өнеріне деген ықылас-ынтасы, сөз мағынасының тереңдігін көздеуі, «ақынжанды» болмысы, тағысын тағылар қаламгердің осы қазынадан керегінше алуына мүмкіндік туғызады.

      Фразеологизмдер ең алғаш ауызекі сөйлеу тілінде  немесе жазу тілінде қолданылып жалпыға  танылады. Көптеген ғалымдар фразеологизмдердің өзіне тән негізі мынандай болады дейді:

    1. дайын тілдік бірлік ретінде қолданылады;
    2. жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
    3. мағына жағынан бірлігі сақталады;
    4. екі сөзден кем болмайды.

      Фразеологизмдердің  қай-қайсысы болмасын (идиом, фраза, мақал-мәтелдер) бәрі де ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын  қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.

      Фразеологизмдер өздерінің бейнелік құрылысы жағынан  да әр алуан болады. Онда тұрақты  эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің  бәрі де бар:

      Тұрақты эпитет: қыпша бел, бұраң бел, ай қабақ, сүмбіл шаш,т.б.

      Тұрақты теңеу: атқан оқтай, иненің жасуындай, көздің қарашығындай,

      Тұрақты әсірелеу: көл-көсір, телегей теңіз, көп түкірсе көл болады, әлемде теңі жоқ, қыл өтпестей, ине шаншар жер жоқ, түймедейді түйедей етті т.б.

      Тұрақты литота: Әсірелеуде белгілі бір зат не құбылыс шамадан тыс үлкейіп айтылса,  литотада, керісінше,  өте кішірейтіліп айтылады. Мысалы, тізе бүкпеу, бел жазбау, кірпік қақпау т.б. Фразеологизмдерге образдылық мәндер беретін синтаксис, фонетика және ырғақ сияқты көптеген тәсілдер бар. Бұл тәсілдер тұрақты сөз тіркестерін поэтикаға жақындатады. Мәселен, фразеологизмдердің көпшілігі шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты поэтикалық синтаксиске құрылған.

      Шендестіру  (антитеза) жолымен құрылған тұрақты сөз тіркестері: мың асуға бір тосу, бірде бие, бірде түйе т.б.

      Антонимге құрылған мақал-мәтелдер: көп тыңда, аз сөйле, бетегеден биік, жусаннан аласа, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, не өліде, не тіріде жоқ .т.б.

      Фразеологизмдердің  ішінде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы құрылған антонимдік құбылыстарда фразеологиялық антонимдер байқалады: су жүрек, жүрек жұтқан, т.б.

      Оксиморон – мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер ара тіркесіп, бір ұғымды білдіреді: тірі өлік, (тірі аруақ), тірі жетім, жаман жақсы көру, ілгері басқан қадамы кері кетті, жіпсіз байланды т.б.

      Дамыту: оқу-білім бұлағы, білім өнер шырағы, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер т.б.

      Параллелизм: киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі, сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес т.б. бұл құбылыс мақал мен афоризмдерде жиі кездеседі.

      Анафора: Сөзді немесе сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды анафора деп атаймыз. Қол-қолды табады, көре-көре болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, ауыздан-ауызға таратады,   т.б.

Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер