Бұқвралық ақпарат құралдары

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
  2. Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
  3. Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
  4. Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
  5. Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
  6. Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді

Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары – төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Оның негізі жоқ емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы – қоғамдық пікір. Мемлекеттік деңгейден бастап жекебастық  мәселелер алдымен теледидар мен газетте жарияланып, кейіннен шешімін табатындығының күнделікті куәсі болып жүрміз. Бұқаралық ақпарат құралдары әділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Мұның сыры неде? Ең бастысы – журналистердің қоғамда қалыптасқан имиджінде, азаматтық ұстанымында. Әрине, БАҚ тарапынан қолдан жасалған шабуылдар мен «қара пиарлар» туралы әңгіме басқа. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын Ахмет Байтұрсыновтан асырып ешкім айтқан жоқ: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Көзсіз, құлақсыз, тілсіз адамның өмір сүруінде мән жоқ сияқты, қоғамның да онсыз тіршілігі қараң. Сондықтан БАҚ төртінші билік қана емес, басты қажеттілік!

 Кеңес  Одағы тұсында Лениннің: «Баспасөз  – үгітші, насихатшы, ұйымдастырушы»  деген қағидасы басшылыққа алынатын. Бірақ кімді, нені насихаттап, үгіттейтіні ашық айтылмаған. Біз оның жауабын «Партияны құру үшін жалпыорыстық «Искра» газетін ашу керек. Ол партияның үгітші, насхатшы, ұйымдастырушы қызметін атқарады» деген сөзінен таптық. Яғни ол партияның ғана құралы болған, функциясы сонымен шектелген. 

Бұқаралық ақпарат құралдары шын мәніндегі  демократиялық идея кезінде ғана төртінші билікке көтеріледі. Қазір Қазақстанда демократия салтанат құрған деп айту қиын. Сондықтан баспасөз кейде бірінші билікке де шығып кетеді, кейде билікке киліге алмай қалуы да мүмкін. Кейде төртінші билікке тұрақтайды. Оның негізгі заңдылығы былай ғой: заңды шығарушылар – бірінші, оны атқарушылар – екінші, сот – үшінші, қоғамдық пікірді бастаушы баспасөз – төртінші билік. Әлгінде айттым, шын мәніндегі демократиялық елдерде солай болуға тиіс. Ондай елдер тым аз. Ресейде 1991 жылғы, 1993 жылғы көтерілістер кезінде неге алдымен Останкиноны қоршап алды? Осы жай біздің журналистерді немесе басқаларды ойландырды ма? Өйткені ол ел шын мәніндегі демократиялық ел емес. Себебі қалың бұқарамен байланыс орталығы Останкино екенін анархиялық билікшілер біледі. Бұл жерде журналистика бірінші билікке шығып кетіп отыр. Міне, мына билік құлады деп ақпаратты тарата қоюға Останкино телеорталығы керек болды. Бұл жерде Парламент Үйі де, Министрлер Кабинеті де оның көлеңкесінде қалды. Шын демократиялық ел болса, билік иесі мынау деп заң шығару арқылы куәландырар еді. Әрі Заң Президентке де, халыққа да ортақ бірінші билік болар еді. Көтерілісшілер Останкиноны басып алып, міне, билік иесі бізбіз деген хабар тарату арқылы билік жүргізгілері келді. Әр елде билік әр түрлі. Бір елде әскер күші басым, бір елде Президенттік билік бар. Бір елде шындығында Парламент, заң шығарушы орган билікте. Болгарияда, Швецияда бөлек. Бізде Президенттің өзі айтқан: қазір даму жолына түсіп, әбден қалыптасып алғанша Президенттік билік керек, - деп. Ол, әрине, дәлелді.

Біз егеменді ел боламыз десек, ақпараттық кеңістігіміздің қауіпсіздігін қызғыштай қорып сақтауымыз керек. Онсыз тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болу қиын. Бұл – ақиқат. 

Қазір әлемдік ақпарат құралдарына қатысты "ақпараттың еркін ағымы ("свободный поток информации") деген теория дәуірлеп тұр. Ол қағиданың тоқ етері мынаған саяды: "Адам баласы – жарық дүниенің иесі. Сол себепті ол әлемдегі жаңалық атаулыдан хабардар болуы керек. Сондықтан ақпаратқа шекара қойылмауы тиіс". Бір қарағанда бұл теорияда мін жоқ секілді. Бірақ, сол ақпаратты таратуда жер шарындағы барлық елдің мүмкіндігі бірдей ме? Осы жағы бізді ойлантуы тиіс. Бұл тұжырым шындығында адамзатқа деген шынайы қамқорлықтан туған ба, әлде көкейінде өзге де пиғылы барлардың ойлап тапқаны ма? Мысалы, АҚШ пен Ауғанстанның, Ресей мен Чешенстанның ақпаратын өзге елге таратудағы мүмкіндігі бірдей емес қой. Тіпті салыстыруға келмейді. Гәп осында.

Осы жерде  дүние жүзіне белгілі қолбасшы Наполеон Бонопарттың: «Төрт жүз мылтықтан  төрт баспасөздің күші артық» деген  қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Яғни ол әскербасы бола тұра қару-жарақтың күшінен бұқаралаық ақпарат құралдарының күшін 100 есе артық деп бағалап отыр. Олай болса алпауыт елдердің әртүрлі пиғылдағы ақпарат құралдарының басқа елге баса-көктеп еніп, жүргізіп отырған жұмысын қалай бағалауға болады? Оның үстіне өзге елге тікелей соғыс ашып, материалдық үлкен шығынға ұшырап, жауынгерлерінен айырылып, халықаралық қауымдастықтардың наразылығына қалудан гөрі, аз шығын жұмсап, көзге анық көріне бермейтін идеологиялық соғыс арқылы басып алу әлдеқайда тиімді емес пе.

Сонау 1960-жылдардағы Чехословакия мемлекетінің іргесін шайқалтқан жағдайды, немесе 1970-жылдардағы Чилидегі төңкерісті, сол сияқты, 1980 жылдардағы Польшадағы қоғамдық өзгерістердің қай-қайсысы да мемлекеттің БАҚ құралдарынан ажырап қалуынан болған. Олар өзге елді былай қойғанда өз елдерінің ақпарат құралдары қарсылығына тап болған.  Сонда Чили президенті Сальвадор Альенде: "Мені тақтан тайдырған әскерилер емес. Менің қолымнан бұқаралық ақпарат құралдары кетіп қалды ғой. Түбіме жеткен солар", - деп еңірегенде етегі жасқа толған еді.

      Атышулы американдық идеолог Збигнев  Бзежинский жетпісінші жылдардың соңына қарай Польшаға жиі ұшып келіп, сол елдің бұқаралық ақпарат құралдарын өз мақсатына еркін пайдаланды. Ешқандай тосқауылсыз жүргізілген осындай БАҚ-тың қарсылығы әсерінен армияның күш-қуатына сенген социалистік Польшаның қалай құлағаны тарихтан белгілі.

      Бұдан шығар қорытынды – егер ақпарат  құралдарының алар орны мен арқарар  қызметінің мәнін толық бағаламайтын болсақ, оның аса нәзік тұстары мен әрі өте күрделі құрылымын жете игермесек, қиын тосқауылдарға кезігеріміз анық.

Демократияға берілген көптеген анықтамалар ішінде Англияның премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің мына сөзі айрықша орын алады: "Демократияның көптеген кемшіліктері бар екендігін мойындай отырып, бір ғана артықшылығын ескерте кеткенді жөн көремін. Ол артықшылық мынада: бүгінге дейін ешкім де демократиядан асып түсетін ештеңе ойлап тапқан жоқ". Не нәрсенің болсын шынайы келбетін айқындауда, әрбір оқиға-құбылыстың әлеуметтік тегін тануда сыни көзбен қараған дұрыс.

Сөз бостандығын  ұлтпен ойнауға пайдаланып, елдің  рухани-мәдени болмысына қайшы айқай-шуға тиісті тосқауылдың болмағы шарт. Сондай-ақ, бұл мылтықсыз майданда жауапкершілікті мемлекеттің мойнына алуы – жеңіске апарар жалқы жол.

      Демократия, жариялылық туралы сөз бола қалған кезде еркіндік туралы айтылмай қалмайды. Бірақ ең дамыған деген АҚШ, Еуропадан да шексіз еркіндікті көре алмайсың. Жанымыздағы Ресейді алып қарасақ та сондай. Сондықтан да, ақпарат еркіндігі жөнінде айтқанда, әңгіме сол еркіндіктің не үшін, қандай нәрсеге берілетіндігінде болса керек.

Мысалы: Американың мемлекеттік мүддесі мен жеке адамдардың мүддесінің ара жігін анық білуі.

Жасыратыны  жоқ, бізде сөз бостандығы, БАҚ  еркіндігі дегенді кейде әртүрлі  жолмен өз пиғылдарына пайдаланушылық кездеседі. Біреулер мемлекеттілігімізге  зияны тиіп, соған нұқсан келтіретіндей материалдар жариялап, хабарлар шығарып жатады. Көбіне ол білместіктен болуы мүмкін. Ал енді кейбіреулер әдейі қиямпұрыстықпен, біле тұрып, білмеген болып, көре тұрып, көрмеген болып, жаны ашымастың ісін істейді. Ұлттық мәселелерге келгенде бұра тартып, жарға итеріп жібергісі келіп тұратындар, өкінішке қарай кездеседі.

Қазақстан журналистикасының айналасында  кейінгі кездерде саяси капиталға  байланысты да көп мәселелер айтылып жүр. Сондай-ақ БАҚ магнаттары пайда болуының алғышарттары және мұндай алпауыттардың қоғамға тигізетін қандай әсері бар деген секілді тақырыптар күн тәртібіне қойылып келеді. Шындығында, біз мұны қалайық, қаламайық, оларды қоғамның өзі туғызды. Оның үстіне, Қазақстан – жариялылық құндылықтарын құптаған ел. Яғни, ақпаратқа қысымшылық жоқ. Бірақ БАҚ магнаттарын мемлекеттік мүддеге жұмыс істеуге шақыру әсте дұрыс. Өйткені, олардың қолында үлкен идеологиялық құрал бар екенін естен бір сәт те шығаруға болмайды. Қайта БАҚ иесінің қайдан шыққанын, оның тәуелсіз елімізге қаншалықты дәрежеде жаны ашитынын, "қаражатын өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсай ма, жоқ көкейінде жүрген бір дара пиғылына шашады ма?" деген мәселелерді зерттеудің ешқандай артықшылығы жоқ. Несін жасырамыз, бізде осы жағы жетіспейді. Мұндай игілікті іс-шаралар мемлекеттік тұрғыда жасалынуға тиісті. Әрі тәуелсіз елімізді мұратына жеткізетін асыл құндылықтарды айқындауымыз керек. Себебі,  тағы да айтам, дамыған елдердің тұрмыс-салтына көз жіберсек, олар әлдеқашан өздеріне лайықты идеологиялық негіз жасап алған. Мысалы, Оңтүстік Кореялықтар өздерін «Тау самалы елі» деп дәріптейді. Ал испандықтар ағылшын тілін білуге құштар емес. Испан тілінен сұлу тіл жоқ деп есептейді. Француздар өнер, білім, ғылымның ортасы екенін мақтаныш етеді.

1999 жылы  Канаданың Монреал қаласында  дүниежүзілік коммуникация мен  журналистика ұйымы – ОРБИКОМ-ның  үлкен конференциясы өтті. Әлемге  аты тараған, аузымен құс тістеген  небір жұлдыздар қатысты. Сол сыйлы қонақтарды қала мэрі бір ағаш үйде қабылдады. Сонда қонақасы берілді. Көкке бой тіреген небір зәулім ғимараттар тұрғанда бұнысы несі екен деп ойладық. Сөйтсек әлгі жайда кезінде үкімет үйі орналасқан екен. Міне сізге, елдің тарихын қастерлеудің үлгісі. Оның жанында біздің тарихымыз дария емес пе? Қазақ – тарихы терең, табиғаты таза халық. Ғасырларға кететін тарихында біреудің алажібін аттамаған, көршілеріне көз алартпаған. Өзгенің жерін жаулап, біреудің қанын жүктемеген. Ол ақкөңіл, кеңпейіл, аса қонақжай дара халық. Ауыз әдебиеті өте бай, сөз қадірін түсінген, тарихын тасқа қашаған дана халық. Әлем өркениеті алдында беті ашық, жүзі жарқын. Сондықтан мақтан етер, үлгі тұтар қасиеттері жетіп-артылады. Сондай брэндтерді айқындап аламыз десек, ешкім қолымыздан қақпайды.

Өткен ғасырдың басында ірі державалар қару-жарақ шығаратын зауыттарды көптеп салып, соғыс қамына мықтап кірісті. Осы мақсатқа ұлттық қордағы қаржының жартысынан астам бөлігін жұмсап, бұл әрекет сырттан төнер қауіптен қорғану үшін керек болды деп ақталып жатты. Әйтсе де, одан соғыс қаупі өрши түспесе, басылған жоқ. Одан кейін барлық қаржыны халықаралық саясатты дамытуға төкті. Түрлі ұйымдар құрылды. Бірақ, әр ел өзіне ылайықтап саясат жасап алды. Бір байламға келу күн өткен сайын қиындай берді. Сондықтан өткен ғасырдың соңында Парижде ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен білім берудің дүниежүзілік бірінші конференциясы өтті. Екі жүзге тарта елдің білім министрлері мен түрлі делегациялар қатысқан осы салиқалы жиында адамзатты жақындастыратын тек қана олардың білімі мен рухани қазынасының бірлігі деген тұжырымға тоқтады. Яғни, білім беру жоспарының тең жартысы әр елдің өзіндік ерекшелігіне: тарихына, тіліне, діліне, дініне т.б. толып жатқан өзгешеліктерін орайластыра жасалып, қалған бөлігі жалпы адамзат ақыл-ойының озық үлгілерімен толығуы қажет деген бір байламға келді. Сонда бір стандартпен білім алғандардың рухани жақындығы артып, бірін-бірі тез түсінеді. Оның үстіне әр ел ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қалады деп шешті. Бірақ, сонда да шортандардың майда шабақтарды жұтып қою қаупі әлі де күшті болып тұр.

1995-жылы  тәжірибе алмасу мақсатында Американың  Оклахома мемлекеттік университетінде болғаным бар. Сонда ғалым әріптестерімізбен пікір алмасу кезінде мынадай бір әңгіме болды. «Шындығын айтсақ, сіздердің Қытай, Ресей сияқты алпауыт елдермен шекаралас болуларыңыз – жұтылып кету қаупін жоққа шығармайды» деді. «Онда Қазақстанда орналасқан атом қаруларын құртқанша неге асықтыңыздар?» деген сұрағымызға былай деп жауап берді: «Сіздер атом қаруымен де ол елдерді қорқыта алмайсыздар. Атом сіздердің тәуелсіздіктеріңізді қорғап қала алмайды. Сіздерді дүниежүзілік қауымдастық қабылдайтын бір ғана жол бар. Ол – өшпейтін тарихы, өнегелі мәдениеті бар, өркениетті ел ретінде дүниежүзін мойындату» деп, мысалға Балтық жағалауындағы елдерді келтірді. Американдық әріптестерімнің айтқанын түгелдей қабылдамағаныммен, бір шындықтың бар екені ойға қалдырды.

ХХ-ғасырдың басында қазақ халқының қамы үшін талай құрбандықтарға барған арыстарымыз: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқайларды тоғыстырған – рух бірлігі, ел мүддесі болатын. Қазір қарап отырсақ, біздерге солардың парасаты мен патриоттығы жетіспейтіні күн өткен сайын анық көріне бастады. Білгір маман бола тұра бойында елжандылық жоқ, ұлтын сүйетін қасиет дарымаған, жеке басының қамын көбірек күйттеген адамдардың  қатары аз емес екендігі ойлантуы керек. Дәл бүгінгі күні елімізге іс тетігін білетін азамат қана емес, әр нәрсені елдік мүдде тұрғысынан ойлайтын, адамгершілігі мол, өткен тарихымызға құрметпен қарайтын ұлтжанды тұлғалар керек. 

«Қай  ұлттың баспасөзі мықты болса, сол  ұлттың өзі де мықты»-деп А.Байтұрсыновтың айтқаны бүгінгі күннің де ақиқаты. Қазақстанның мемлекеттігінің басты  тірегі «ұлт» болса, айқындайтын, бұқаралық  сананы жетілдіріп, қоғамдық пікір  қалыптастыратын құрал – бұқаралық  ақпарат және коммуникация жолдары  саналады. Шын мәнінде, ең алдымен,  ұлттық құндылықтар – мемлекет пен  ұлттың жолсерік жұлдызындай көпқырлы ұғым.  Келесіден, бұл бұқаралық  құбылыс әрі ол  дербестік ұғымына  қарағанда өзіндік қағидалары бар  көпшілік құбылыс саналады. Соңында, ұлттық идея – дискерттік ұғым, яғни ол көбінде уақытша сипаттамалармен  айқындалатын құбылыс. Сондықтан ұлт  мәселесі қашан да тарихи оқиғалармен  қатар өрбіп, өніп отыратын ұғым. 

Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстанның қоғамдық-саяси  және экономикалық-әлеуметтік өміріндегі реформалық ірі өзгерістермен  БАҚ  нарығында да айтарлықтай өзгерістер орын алғаны мәлім. БАҚ нарығында  мемлекеттік БАҚ-пен қатар жеке меншік саналатын ірі-ірі медиамагнаттар иелігіндегі масс-медиа дүниеге  келді. Бұл үдеріс, әрине БАҚ алаңындағы ақпараттардың берілу әдістерімен  қатар, олардың өңделуін, бұқараға жеткізу  және ұсына білу әдістерін де өзгертті. Нарық ойыншылары саналатын әрбір  БАҚ-тың өз аудиториясы мен қоғамдық сананы билеп-төстеуге ұмтылған саясаты  қашан да елдегі саяси оқиғалармен  қатар өрбіп отыр. Уақыт өте  жіктеліп, құрылтайшылары мен шығармашылық редакциялық топтың ұстанған позициясына қарай жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығы дүниеге келді. Бұл нарықта мемлекеттік сипаттағы БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тәуелсіз және салалық сипаттағы БАҚ өзара бәсекелістік алаңына шықты. 

Мониторингтің алғашқы  кезеңінде түрлі позициядағы  мерзімді басылымдардағы материалдарда  ұлт және ұлттық құндылықтарды айқындаушы көптеген мағыналық факторларға  талдау жасалды. Билік тарапындағы  «Егемен Қазақстан», ұлттық және тәуелсіз апталықтар «Ана тілі» және «Жас қазақ» және оппозициялық сипаттағы «Жас Алаш»  газеттеріндегі ұлттық мәселе тараптан жазылатыны осы басылымдардың ұстанған позиициясына қатысты болатыны заңды. 

Қазақ тілінің мәселесі – БАҚ-тағы ең көп  әрі жиі қозғалатын тақырып екендігі шындық. Ұлттық құндылықты айқындаушы фактор ретінде қазақ тілінің  түлесі, қазақ тілін қызғыштай  қору, қазақ тілін шет тілдерінің ықпалынан тазалау сияқты мәселелердің көбінде ұлттық апталық «Ана тілі», тәуелсіз басылым «Жас қазақ», мемлекеттік  басылым «Егемен Қазақстанда» да өткір жазылуы, өзектілігін таңбалап басып көрсетуі де қазақ ұлтынан  қазақ еліне бастайтын басты  факторлардың бірі екендігін әйгілей  түседі. 

Қазақстандықтарды біріктіретін және әрбір азаматты ойландыратын ортақ мәселе – ұлттар мен этностар арасындағы байланыс. Міне, осы мәселелердің өзі БАҚ бетіне еліміздің көпдінді зайырлы мемлекет,  барлық ұлттардың  тең құқықтығы, ұлтаралық бірлік сияқты тақырыптың жиі әрі орынды қозғалуы да еліміздегі «ұлттық мәселенің» бұқаралық құбылыс ретінде көпшілікке ортақтығын тағы бір дәлелдей түседі. 

Қазақстандық  бұқара үшін көпшілік құбылыс –  отансүйгіштік мәселесі болса керек. Бұл өте күрделі және көпкомпенетті  ұғымдар қатарында. Өйткені әрбір  индивид үшін де, қоғамдағы жалпы  бұқара үшін де отансүйгіштік категориясы  түрліше сипатта, түрліше оқиғаларда айқындалатыны бар. Бұл Қазақстан  жағдайында туған ел мен жерге  деген сүйіспіншілікпен қатар, еліміздің  жаңашыл мемлекет, үлкен мүмкіндіктер елі, экономикалық игілікті қалыптастыру әрі  сақтау жолында дамыған ел ретінде мақтаныш сезімі, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы жетістіктерге деген мақтаныш рухы, демократиялық үрдістерді қабылдау, құндылықтарды ұстану және оларды жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат сияқты  дискреттік ұғымдар қатар жүретін күрделі құбылыс саналады. 

Алдыңғы қатарлы елге ұмтылған қоғамда гендерлік  теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық мәселені» айқындаушы факторлар  қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар  пікірлердің алмағайып түсуіне  ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі тарихи жағынан  алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт  шеңберінен алғанда да бұқаралық  санаға әсер ететін, қоғам дамуына  да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. 

БАҚ ұлтаралық  мәселені қозғағанда қалай сақ болса, бұл мәселеге келгенде де солай сақ  болуы қажет. Өйткені қазақ қоғамындағы  ұлттар мен этностардың бұл мәселеге келгенде қалыптасқан заңдылықтары, салт-дәстүрлері бар. Батыстан келген гендерлік саясатты түрлі көзқарастар  мен алуан пікірлер алаңындағы Қазақстан  жағдайына теліп, теңеуде өзіндік  орта мен соны іліп алар қоғамдық сананы дайындау, дамыту  таяу болашақтың міндеті. 

Сонымен, қоғамдағы әрбір азамат пен әрбір  таптың көкейінен шығатын ортақ  «ұлттық мәселені» айқындау саяси-әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіретін күрделі міндеттер қатарында. Қазақстан  жағдайында қазақ елінен қазақ ұлтына концепциясын негіздеу әлі де алдағы зерттеулердің үлесінде. 

Қазақ ұлттынан қазақстандық елге дейінгі  күрделі де көпқырлы мәселені айқындаушы факторларға қойылар басты талап  оның өміршеңдігінде болып қалмақ. Қазақстандық қоғамда қоғамдық санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау, осы құндылықтардың бұқараны шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре  алатындай  күші мен әсер етуін  жүзеге асыратын билік пен бұқара арасындағы ықпалды белсенді аралық топтар мен азаматтық институт мекемелері жұмыс істеуі тиіс. Сол ықпалды  да пәрменді топтың қатарында тұратыны БАҚ болып қала бермек. 

Ее, ұлт, халық, этнос… Осылайша тізбектелетін  бір-біріне мағыналас, синонимдес  сөздердің  түп-төркінін қарастырсақ. 

Даль  сөздігінде: «Ел – жер өлкесі, аумағы, тұрғылықты мекен, аймақ, облыс, жер, мемлекет, әлемнің бөлігі деп  анықтама беріледі»,-деп анықтама беріледі [1]. 

Халық, этнос, ұлт –  бұл сөздер синонимдес келеді.  Көптеген геосаяси жағдайларда  ұзақ уақыт бойына адамдардың қауымдаса  әрекет ете тіршілік етуімен айқындалатын, туыстық рухани ерекшеліктері біріктірген  адамдардың қауымын білдіреді. 

«Халық» сөзінің мағынасы көптеген мәнге  ие. Мәселен, халық сөзінің рухани, экономикалық немесе саяси-құқықтық мағысымен  қатар ұлттық немесе этнос деген  мағынасы қатар аталып жүр. 

Дегенмен  адамдардың қоғамдық ортадағы материалдық  жағдайы не рухани танымына қарамастан олар белгілі бір ұлттық не  этникалық  топтарға тиесілі халық өкілі  болады. Яғни ұлттық, этникалық, халықтық тегісіз адам болмайтыны анық. Дегенмен ұлт не этнос сөзіне қарағанда  халық сөзінің мағынасы кең, ауқымды  екендігі даусыз.  Сондықтан халық  сөзі ұлттар мен этностарды рухани, саяси, экономикалық, географиялық т.б. жағынан біріктіретін қауымдастық  ретінде таныған жөн. Саяси терминологияда ұлт немесе бірнеше ұлт қауымдастығы халық  деп аталады. 

Қоғамдық  пікір – мемлекеттің, БАҚ-тың  және мақсатты топтар арасында саяси  қолдауын арттыруға мүдделі басқа  да саяси субъектілердің  маңызды  серіктесі саналады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қоғамдық пікір азаматтардың мүдделері туралы аса маңызды  ақпарат көздері болып саналады. Олардың билікке қарым-қатынасын  таныту мен нақты әрекеттерінің  механизмі ретінде танылады. 

Мәселен, қоғамдық пікірді зерттеу азаматтардың қоғамдағы ұстанымдарын, көзқарастарын  анықтауда маңызды құрал болып  келеді. Мақсатты топтардың үкіметтің  белгілі бір саяси реформалар кезіндегі, дағдарыс жағдайындағы қарым-қатынасын  білуде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. 

Қоғамдық  пікір биліктің маңызды контрагенті  ретіндегі мәні көне дәуірде белгілі  болды. Ежелгі грек  философы Пратогор бүкіл қоғамның  бұқаралық пікірі туралы айтады. Оның ойынша, жалғаннан  шындықты ажырату үшін бұқаралық  пікір қажет. Азаматтық қауымнан ол рухани-құқықты күштердің дереккөздерін  іздей  отырып, әлеметтік шаралардың мүмкіндігін атап өткен болатын  [2]. 

Сонымен бірге, ежелгі ойшылардың қатарында  Сократ та қоғамның пікіріне ерекше мән  береді, «көпшіліктің пікірінен» де маңызды  саналатын «ақылдылар пікіріне»  ден қояды.  Ойшылардың бірі Платон да қоғамдық ақсүйектер пікірін негізгі  субъект ретінде қарастырып, осындай  көзқараста болады. 

Ал ХІІ  ғ. ағылшын жазушысы әрі мемлекет қайраткері Д. Солсбери сайлау алдындағы  парламентті тұрғындардың моральдық  қолдауын «public opinion» деп атаған болатын [3]. 

Қоғамдық  пікір теориясының концептуалдық  негіздері саясаттану ғылымында  ХХ ғ. ортасында әзірленді. Қоғамдық пікірдің түрлі саяси институттармен қарым-қатынасын сипаттауда ғалымдар бір жақты пікірге тоқтала  қоймады. 

Қоғамдық  пікір қоғамның әлеуметтік-пихологиялық жай-күйі, не болмаса бұқараның рухани-этикалық нормаларының жиынтығы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ  қоғамдық пікірдің субъектілері туралы пікірлер де бір жақты  бола алмады. 

Мәселен, Ю. Хабермас білімі мен меншігіне  қатысты, топтық пікірі саяси ұстанымдарында  маңызды саналатын азамат ұстанымдарының жиынтығын  қоғамдық пікір деп  санайды [4]. 

Бұл бағытта  зерттеу жүргізген ғалымдардың  бірі Н. Луманның пікірінше, қоғамдық пікірде  ерекше субъектілер болмайды. Ал мақсатты топтардың пікірін білдіруі адамдар  назарын тарту үшін басымдықтағы тақырыптар бойынша анықтала береді. Дегенмен азаматтардің пікірі әр қалай  болуы да мүмкін [5]. 

Неміс зерттеушісі Э. Ноэльдің пайымдауынша, қоғамдық пікірді үкіметтік саясатты қолдайтын көзқарастардан басқа, азаматтардың енжарлығынан не болмаса оппозициялық ойларын айта бермейтін саяси  ұстанымдарын бағалаудың жиынтығы ретінде  қарастырады  [6].