Батыс Түрік қағанаты
Жоспар
“Tүрік” сөзінің мағынасы……………………….......……...…
2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты ..............................
2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты ............ 11
2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы ............................ 13
Қорытынды ..............................
Қосымшалар ..............................
Кіріспе
Бұл рефератта VI ғасырдан бастап халықаралық аренаға шыға бастаған түріктердің шығу тарихы және олардың жеке империя болу үшін қаншама қиын жағдайларды басынан кешкендігі, Еуразия аймағында саяси беделінің қандай дәрежеде болғандығы және сол аумақтағы ірі мемлекеттермен қарым-қатынасы, ішкі және сыртқы саясаттарын қалай жүргізгендігі туралы, сонымен қатар, «түрік» сөзінің мағынасы қаншалықты тереңде жатқандығы баяндалады.
Сонымен қатар мұнда Түрік елінің қағандарының елді басқарудағы әдістері, соғыс тәсілдері туралы да мәліметтер ала аласыз және түрік билеушілерінің шежіресі берілген.
Түрік қағанаты батысында Византиямен, оңтүстік-батысында парсы елімен, оңтүстікте Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізген жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі болып табылады.
Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды.
Бұл рефератта көбінесе Л.Н.Гумилевтың «Көне түріктер» атты кітабынан алынған материалдар жазылған.
1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты
1.1. Түріктердің шығу тарихы және “Түрік” сөзінің мағынасы
Ата-тегін білу және оларды әдейі жаттап алу орта азиялық халықтардың өзгеше сипаты. Сондағы ең бір қызықты жері, олардың көпшілігі әуелгі тегін әр түрлі аңнан бастайды. Мысалы тибеттер өздерінің арғы тегін маймылдың еркегі мен раушастың ұрғашысынан шыққан, моңғолдар – көкбөрі мен ақмаралдан, телелер – бөрі мен хұн шаньюнің қызынан, түріктер – хұн ханзадасы мен қаншық қасқырдан тараған деп есептейді.
Л.Гумилев түріктерді Ашин руынан шыққан деп есептейді. Қытайлар Ашин ханның ұрпақтарын – Ту – кю деп атаған. Бұл сөзді П.Пелью «түрік ют», яғни түріктер деп аударған, бірақ ондағы көптік жалғауы түрікше емес, моңғолша. Көне түрік тілінде саяси терминдердің бәріне көптік жалғауының моңғолшасы қосылатын болған. Бұдан оның түрік тіліне шеттен қосылғанын білеміз.
«Түрік» сөзінің өзі «күшті», «мықты» дегенді білдіреді. А.Н.Кононовтың пікірінше, ол – жинақтаушы ат, кейін тайпалар бірлестігінің этникалық атына айналған. Бұл бірлестіктің әуелгі тілі қандай болса тарих сахнасына шыққан кезде, оның күллі өкілдерінің сол заманның тайпааралық ортақ тілі – сәнби, яғни көне моңғол тілі түсінікті болған. Бұл бұйрық–жарлықтың, базардың, елшіліктің тілі екен. Осы тілмен 439 ж. Ашин Гобидің солтүстік шет аймағына көшеді. «Ашин – қасқыр, бөрі» деген сөз. Ол моңғолша «шоночино». «А» – қытай тілінде құрметтеу сөзі. Демек, «Ашин» – «дегдар бөрі». Бұл есімнің қытайша мәнерленген түрі – «Шане» (араб жазбасында сақталған).
Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан бастап белгілі болған. Қытай жазба деректерінде Қытайдың солтүстік–батысында орналасқан Вэй князьдігіне туцзюе (түріктер) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну–ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.
VI ғасырда «түрік» атауы кең тарала бастады. Олар Алтай аймағында қалыптасқан тайпалар одағы болған еді. Қытайлықтар түріктерді «туцзюе» немесе «тукю», соғдылар – «түркі», «тркіт», ал византиялықтар, арабтар мен парсылар – «тюрк» деп атаған. Орыс деркетерінде түрік тайпалары «торки–тюрки» деп аталған. Шәкәрім Құдабердіұлы «Түрік, қырғыз–қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде түрік сөзі «дулыға» деген мағынаны білдіреді деп жазады.
1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы
Әрбір халықтың тарихы өзінің тамырларымен баяғы замандарға қарай тереңдеп кеткенмен, күллі дәуір тарихшыларының халықтың шыққанын анықтайтын күнді сипаттауға ұмтылады. Мысалы, римдіктер Римнің негізі салынған күнді шартты түрде ала салған, арабтардың күні нағыз шынайы – Мұхаметтің Меккеден Мединаға барған кезі, орыс шежірешілері 862 жылды таңдап алып, орыс тарихының басталуын соған бейімдеген, француз күннамашалары «бастауды» Хлодвиг Меровингтен алады, ал тарихшылар Огюстен Тьерридің үлгісімен, оны 843 ж. – Ұлы Карлдың империяны бөлген кезінен бастап есептейді. Академик Л.Н.Гумилев түріктер үшің мұндай күнді 545 жыл деп санайды. Белгілі түркітанушы, Санк– Петербург мемлекеттік университетінің профессоры С.Г. Кляшторный: «... егер Түрік мемлекетінің құрылу уақытын оның халықаралық аренада танылған уақытымен есептейтін болсақ, 548 жылды түркі мемлекеттілігінің басы деп айтуға болады» деген тұжырым жасайды.
Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао–Хуань жужан ханы Анахуанмен және тоғон ханы одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші-бақталасы Юйвынь Тайды қатты састырады; алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь- ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік сұлтаны Бумынға жібереді.
Түріктерге 545 ж. келген елшіні қуанышпен қарсы алады. «Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келеді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді – деп бірін-бірі құттықтай бастайды». Осынау елеусіз жағдайдың өзі жужандар өктемдігі түріктерге ауыр тигені, бостандық жолындағы қашса, құтылмайтын соғыстан олардың тайсалмайтыны айқын көрінеді.
Халқының көңіл-күйіне бейімделген Бумын өз алдияры Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп сыйлықтармен елшілер аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады. Алайда бұдан жужандармен ара қатынас үзілмейді, себебі келіссөз аса құпия жағдайда жүргізілген еді. Осынау елшілер түркі мемлекеттің Батыс Вэй және оның мұрагері Бэй-Чжоу империясын одақтасы ретінде 550 жылдан бастап Бэй-Ци әулеті бекіп алған Солтүстік–Шығыс Қытайға қарсы бағытталған шығыстың саясатын алдағы ширек ғасыр бойына белгілеп береді. Алайда әлемдік саясатқа араласқан Бумын, өзі кіріптар болып отырған жужандарға қарсы күресуге әлі де әлсіз екенін анық түсінген. Бумын сол себепті де әрі одақтас, әрі бағынышты рөлін адал орындауғы бел байлайды.
Батыс теле рулары жужан құлдығынан зар иледі. Ақырында олардың төзімі таусылады: олар көтеріліске шығып, Халхаға аттанады. Жорықтың өте нашар ұйымдастырылып, уақыт есебін нашар жүргізілгені сондай, оны жоспарлы ұйымдастырылған соғыстан гөрі, халықтың ашу–ызасының еркінен тыс бұрқ етіп көрінуі деп болжаған дұрыс тәрізді. Тарих тіпті көтеріліс көсемдерінің аттарын да сақтамаған. Телелер жарты жолға жеткен кезде, Гоби Алтайының шатқалдарынан үстеріне көк сауыт киіп, қарағай найзаларын ұстаған жарау атты түрік сарбаздары сап түзеп, қатар–қатарымен шыға береді. Телелер соққы бір бүйірден беріледі деп ойламағае және өздерінен өмірде жамандық көрмеген түріктермен емес, жужандармен соғысқысы келген. Сол себепті де олар дереу Бумынға мойынсұнатынын білдіреді, ал олар бұларды қабылдап, осы арқылы Жужанға екінші рет онша адал емес екенін көрсетеді.
Ұлан далада мойынсұну екі жаққа да міндет жүктейтін ұғым. Егер қарауында 50 мың киіз үй боданым болсын десең – онда олардың тұрғындарының тілегін орындауын керек; әйтпесе бодандарынан да, өз басынан да айырыласың. Телелер тек бір–ақ нәрсеге – жужандардың көзін құртуға ынтызар болатын, ал Бумын оларды ордасына қабылдаған кезде мұны жақсы білген. Мұндай іңкәр тілек өз руластарының көкейінде де бар, ендеше соғыс болмай қалмайды. Өз бодандарының есіл–дертін хан да қолдайды, сол себепті де оқиға да зулап ала жөнелді.
Жужандармен арада жанжал тудыру үшін және сонымен бірге бұл тартыстың айыпкері болып көрінбеу үшін, Бумын арандату әрекетін жасады. Ол жужан ханы Анахуанның қызына үйленбекші болып ханға сөз салды. Дала дәстүрі бойынша, бұл онда ханман иық теңестіріп шығы келер еді, ал хан абыройын төккісі келмесе, бұған келіспеуге тиіс. Қаһарына мінген хан оған дөрекі жауап қайтарады: «Әй, сен менің телмірген теміршімсің (түріктер жужандарға темір балқытып беретін), маған мұндай көргенсіздік жасауға дәтің қалай барады!». Хан бетін қайырғасын Бумын жәбірленуші болып шығы келеді, оған керегі де сол. Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін жужан елшісін жазалауға әмір етеді, енді осы арада Батыс Вэй империясымен жасаған одағы бірдей кәдеге асты. Ол дереу Вэнь–димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай ханның қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой–беделін бір жолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайдалануға тырысқан Бумын 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анахуан өзін–өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді.
Бумын Ильхан (Елхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың аяғында қайтыс болады. Таққа оның баласы Қара–Еске қаған деген лауазыммен отырады.
1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны
Түріктер оқыс күйреткен жужандар, қаза тапқан ханының ағасы Дыншузцды көсем етіп сайлап, күресті жалғастыра береді. Бірақ Лайшан тауы маңындағы соғыста олар тағы да талқандалады. Олардың аз күндік бағытына орай, Қара–Еске қаған жұмбақ жағдайда көз жұмады, оның баласы Шету биліктен шеттеледі де, Қара–Еске қағанның інісі Мұқан қаған деген лауазыммен таққа отырады.
Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады және соғыстан өзге ештеңемен де шұғылданбайы. 553 жылдың күзі бітер кезде ол жужандарды тағы да жеңеді. Ци императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жужандар қытайлармен сыйыспайды. Өздерінің малынан, дүние–мүлкінен айырылған, еңбек–бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы лажсыздан әскер жібереді. Жужандар тағы жеңіліп қалады. Бірақ олардың мінез–құлқы бұданда өзгермейді, сосын 555 жылдың жазында Ци императоры оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жужандарды сонда түріктер мен қидандар тас–талқан етеді.
Жужандарды жаншып тастағаннан кейін, түріктер өзздерінің көшпелі көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі. 554 ж. жеке бектерден империя құрылған жыл болды. Теріскейде Цигу мемлекетін жаулап алады. Осы уақытта бастап, түріктер Саяннан асып кете алмаса да Мұқанхан өзінің солтүстік шекарасын қауіпсыздандырады. 553 ж. Мұқан қаған Маньчжуриядағы қидандарды, Енисей бойындағы қырғыздарды жеңіп, Солтүстік Қытайды да бағындырады. Кейін түрік билеушілері Шығыс Түркістаннан Каспий теңізіне дейінгі эфталиттер иелігіндегі аймақты және Орта Азияны бағындыру саясатын жүргізді.
Бұл кезде екі бөлікке бөлініп отырған Қытай елінің Вэй–Ци және Вэй–Чжоу мемлекеттерінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый–сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды. 561 ж. екі император да Мұқан қағанға ханшаны айттыруға елшілер жібереді. Аса бай Вэй–Ци әкелген сыйлық істі солардың пайдасына шеше жаздайды, бірақ чжоулық елшілердің тәсілқой жылпостығы Мұқан қағанды одақтастық шартқа адал болып қалуға мәжбүр етеді. Ол айырылып қалған сыйлықтардың есесін соғыстағы олжамен қайтармақшы болады.
563 ж. одақтастар Цзиньян қаласын қоршап алады, бірақ жеңіске жете алмайды да, түріктер елді жағалай талап, туған даласына қайтып келеді. Келесі жылы жорық тағы қайталанады, бірақ циліктер Лоян түбінде чжоулық тұтас бір армияны толық жеңгеннен кейін, Мұқан қаған амалсыздан әскерін кейін қайтарады. Алайда, осынау сәтсіздікті көзге ілместен, хан Ци мен одақ құру жөніндегі ұсынысты тағы да қабылдамай тастайды. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге 100 мың тен жібек матасын беріп тұрған.
561-563 ж.ж. Мұқан қаған Иранмен эфталиттерге қарсы әскери–саяси одақ құрады. Бұл одақтың нәтижесінде эфталиттер талқандалып, Түрік қағанаты Орта Азияға үстемдік етуге қол жеткізді. Мұндай нәтижелі саяси қадамнан кейін Түрік қағанаты енді Византиямен Иранға қарсы одақ жасаған. Түрік қағанаты үшін бұл одақты табысты болып, оларға парсылар алым–салық төлеп тұруға міндетті болды. Сыртқы саясатты белсенді жүргізген түріктер Керчь бұғазына дейін жетіп, Қырым түбегін де басып алады.
572 ж. Мұқан қаған қайтыс болады. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясыиен бітімге келеді. Чжоу салық жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен күш көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортуылынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп күллі қазынасын жұмсады. Тобо қаған: «...тек оңтүстіктегі екі бала (Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз, – дейді екен».
576 ж. чжоулықтар цилерді қирата жеңіп, Цзиньян қаласын жаулап алады. Циліктер қаланы қайтарып алуға тырысады, бірақ табысқа жете алмайды.
577 ж. Ци императоры тұтқынға түсіп, біржолата жеңіліс табады.
Түрік ханы, өз көзқарасы тұрғысынан, Вэй–Чжоу тым күшейіп кетеме деп қауіптеніп, жеңілген әулет жағына шығады.
Вэй–Чжоу үшін бәрінен де қорқынышты жау түріктер боп шығады. 578 ж. Тобо қаған Қытайға баса көктеп кіріп, чжоу әскерінің күл–талқанын шығарады. 579 ж. басталған келіссөздер үзіліп қалады да, соғыс әрекеттері жалғаса береді, түріктер үшін ол толық жеңіс болып саналады. Алайда қытай елшісі көлгөсір сыйлық тартып, Тобо қағанның көңілін аулайды, сөйтіп, 580 жыл бітім шарты жасалады.
580 ж. түріктер құдіретінің шарықтау шегі болады. 581 ж. Тобо қаған дүние салады, ал Қытайда түріктердің қас жауы, Сүй әулетінің негізін салушы, жауынгер генерал Ян Цзян, Чжоу әулетін құлатады, бұл саяси ахуалды толығынан өзгертіп жібереді.
Шығыс шекарасында белсенді әрекет ете жүріп, түріктер тап сол мерзімде батысқа жорықтар жасайды. Бір өкінішті жері бастау–деректерге осынай аса маңызды оқиға егжей–тегжейлі жазылмаған, дегенменде оқиғаның жалпы жүрісін белгілеп шығуға болады.
Батыс жорығын Бумынның інісі Істеми қаған бастайды. Істеми қаған бұрын да Бумынмен талай рет бірге жүрген, он көсемге, – тегі, тайпа көсемдері болса керек – басшылық еткен, бәрінен бұрын олар Солтүстік Алтайдың угор тектес тайпаларының басшыларына ұқсайды. Олардың түріктеніп кеткен қазіргі ұрпақтары – шорлар, қумандықтар, қулар тағы басқалары болып табылды. Істеми хан атының түрікше емес, угорша – аруақ атаның аты болуы тегін емес тәрізді. Қытайлар оның әскерінің санын 100 мың адам деп шамалайды, бірақ бұл дерек наұты жауынгерлер санын көрсетпейді, қолбасшысының деңгей–дәрежесін, тап осы жерде ең жоғарғы дәрежені көрсетеді, бұл оның «баһадүр–жабғу» деген лауазымына сай келеді.
Істеми өз жорығын 552 ж. кейінірек бастғае, өйткені аврлар сол жылы өлі де болса Бумынды жерлеуге ақтық жіберген өзіндік дербес тайпа болатын, шамасы, ол 553 жылдың күзінде жужандарда біржолата ондырмай жеңгенннен кейін болған тәрізді. Жортуылдың бастаудың ықтимал уақыты жужандардың ісін бітіргесін, 554 жылдың көктемі, дала көкорай шалғынға оранған кезболуға тиіс, әрине атты әскерге шөптің қалың өсуінің шешуші маңызы бар.
Жеделдеткен түрлеріне қарағанда түріктер жолай қарсылыққа кездеспеген сияқты. 555 ж. олардың әскері «Батыс теңізіне» жетеді, бірақ оны Каспий теңізі емес, Арал теңізі деп түсіну керек, өйткені Фирдоуси Істеми билеген жердің мынадай шекарасын көрсетеді: «Шыннан (Қытай) Жойқынның (Амудария) жағасына дейін және Шаштың ар жағындағы ( Ташкент) Гүлзарунға (Сырдария) дейін».
Осынау үзінді негізінде біз 555 жылғы шекарасын белгілей аламыз: ол Ташкенттің теріскейімен жүріп, Сырдария солтүстікке қарай бұрылатын жерде оны кесіп өтіп, ендік бағытымен жылжып, Амударияныің төменгі жағымен Арал теңізінің оңтүстік жағасы арқылы өткен. Согдиана мен Бұқар ол кезде эфталиттерге қарайтын, жолаушылар солармен қақтығысып қалады. Сөйтіп түріктер бір жарым жылда бүкіл Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Хорезмді бағындырады.
Бірақ одан әрі іс қиындай береді. Арал теңізінің теріскей бетінде олар хуни (хионаттер), уар мен огорлар тайпаларының қарсылығына ұшырайды. Тек 558 ж. ғана бұл тайпалар талқандалады да, түріктер бағынғысы келмегендерді алдына салып айдап, Еділден барып шығады. Олар уар мен хун тайпалараның қалғандары – 20 мыңдай адам еді, кейін олар бір халық – авар болған.
Түріктер Еділді кесіп өтпеген, Жайық өңіріндегі даланы қаратумен шектеліп қалған . Осымен Істемидің батыс жоғары біткен. Төрт жылда қол жеткен жетістіктері қағанат алдына бір қатар жаңа саяси міндеттер қояды.
Бүкіл азиялық даланы қамтып жатқан бір мемлекеттің пайда болуы Қытай, Византия мен Иран елшіліктері қызметі үшін орасан зор маңызы бар факторға айналады.
563 ж. Түрік қағанаты Силзибул (Істеми) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан–ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағанаты Иран шахы Хұсрау Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағанымен жасаған келісім бойынша Хұсрай шах өзінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 ж. эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Істеми 563-567 ж.ж. Эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Ұлы Жібек жолына иелік етті. Бұл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түрңктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жібердіғ Сондықтан 568 жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізімен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопльде жүргізген келіссөздері Иран мен Византия қатынастарын шиееленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптаста. Мұны Түрік қағанаты өзінің жауап алу соғыстары үшін паайдаланды.
571 жылы Істеми Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алды, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Істеми өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшің қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 ж.ж.) шабуылы күшейді. Міне, бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.
2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты
2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты
Батыс қағандығы оңтүстік–шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік–батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік–шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік–батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында), ал қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақта (Түркістан қаласы жанында) орналасты.
Қағанаттың этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он–оқ бұдун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады.
Алғашқы кезде қағандықта Тардуш (Дато) қаған басқарған. Бұл Батыс Түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Ал Шығыс Түрік қағанаты керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырады. Шығыс Түрік қағанатының мұндай күйге түсіп отырғанын білген Тардуш қаған оларды басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды ойластырады. Ол өз ойын іске асыру үшін Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап, олардың жерін басып та алған. Сөйтіп, өзін Шығыс Түркістанның қағанатының да қағаны деп жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтріледі.
Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу қаған
(610-618 ж.ж.) мен Тон қағанның (618-630 ж.ж.) билік құрған мезгілі болды. Шегу қаған қағанаттың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.
Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, лоарға «селиф» деген атақ берді. Олардың үстінен жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырды. Тон қаған кейбір ірі қалаларды өз қолында тапжылтпай ұстап тұру үшін айла–шарғылар да қолданды. Мәселен, Самарқан қаласын бағынышты етіп, өзінің айтқанына көндіріп отыру үшін, оның билеушісіне қызын әйелдікке беріп, өзінің орынбасары деп жариялаған. Жалпы жергілікті билеушілерді орынбасарым деп тағайындап отырған. Тон қаған өзінің батыстағы ықпалын нығайтуда және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған. Әсіресе Иран мен Византия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасында қақтығыс туа қалса, одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған. Сондай бір соғыс жағдайы туғанда 627 жылы Византияға көмек беру үшін өзінің қалың қолын аттандырады. Бұл көмек Батыс Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін өсіре түседі.
Алайда кең–байтақ жерді алып жатқан қағандықтың сыртқы жағдайына қарамастан ішкі саясатын қалыптастыру қиынға соқты.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғасырдың 20-жылдары барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар: бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сондай бір таласта 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол елді басқаруды қайтақұрып, «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болады. «Он–оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісінше әлсірете бастайды. Билік үшін талас тайпалар арасында бұрынғыдан да күшейе түседі. Әсіресе дулулар мен нушибелер арасындағы 640-657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс қағандықты мүлде тұралатады. Мұны көріп,біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп, қаза болады. Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. Бұдан кейінде «он–оқ елінің» өз еріктермен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты. Бірақ нәтижелі жеңіске жете алмады. Тек VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында түргеш тайпасының қағаны Үшліктің Тан империясына жүргізген соғыстары нәтижелі болады. Ақыр аяғында 704 жылы Үшлік қытайлармен күреске жеңіске жетті. Бұл жеңіс түргеш тайпасының беделін көтеріп, енді Түргеш қағандығының құрылуына жолашылады.
Шығыс түріктер Қытаймен жүргізген қиян–кескі соғыстың нәтижесінде 682 жылы Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтіреді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналады. Шығыс Түрік қағандығы (682-744 ж.ж.) – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты.Білге қағаннан кейін 741 жылдан бастап қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.
2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы
Қағанаттың бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеуші және әскербасы саналады. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолында болған. Оларға жабғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріп отырған. Ал сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерді қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты «қара бұдундар» деп атаған. Бұл сөз қазақтың «қалың бұхара», «қара халық» деген сөздермен мағыналас. Алым-салық төлейтін ауыртпалықты көп көтеретін осы «қара бұдундар» еді. Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық-түлік салығын төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған. Түрік қоғамында «татсыз түрік» болмайды деген теңсіздікті білдіретін тіркес бар. Мұндағы «тат» сөзі құл деген мағынаны білдіреді. «Күлтегін» жазуындағы «Бек ұлдарын құл болды, Пәк қыздарың күң болды» деген жолдардан да түрік қоғамында құлдықтың болғандығы аңғарылады.
Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы-егіншілікпен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария сияқты ірі өзен бойларындағы тоғайлы жерлерде немесе тау бөктерлеріндегі күнгейлі шатқалдарда орналасты. Өйткені ондай жерлердің от-суы мол, қысы жайлы еді. Төрт түлік мал өсірген. Мал өнімдері (жүн, ет, тері, сүт) жесе азық, кисе киім болған.
«Күлтегін» жазба ескерткіштерінде қала туралы сөздер кездеседі. Бұл түріктердің Жетісу және Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік –саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Сонымен қатар, олар өзен бойларындағы қыстауларда жер өңдеу кәсібімен айналысқан. Оған басты дәлел – Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда табылған археологиялық зерттеу кезінде тұрақты үй-жайлардың, Тараз қаласының маңайында түріктердің қыстақ-кенттердің табылуы.
Кез келген халықтың мәдениеті олардың шаруашылық түріне байланысты. Сондықтан да түріктердің баспанасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. Өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жиюға қолайлы еді. Қыстауларда түріктер жерден қазылған жеркепелерде немесе тастан, ағаш, қамыстан жасалған тұрақ жайларда тұрған.

- Батьківсько-дитячі стосунки як чинник соціалізації особистості дитини
- Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары
- Бахрушины – профессиональные благотворители
- Бачатский угольный разрез
- Башенные краны
- Башенный кран
- Башенный кран
- Батик
- Батик как искусство художественной обработки ткани
- Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
- Батпақты жерде өсетін өсімідік
- Батыс Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары
- Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар
- Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы