Батыс және Шығыстағы Ұлы географиялық ашылулар
КІРІСПЕ
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап, демалатын көрікті жерлер көп. Демалудың танымдылық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және рекреациялық қызметі де бар. Рекреациялық демалудың түрі жыл сайын көбие түсуде.
Реакция дегеніміз – физикалық және рухани күштерді қалпына келтіруді айтамыз. Рекреациялық географияның негізгі 3 бөлігі бар олар: бос уақыт, демалыс, туризм.
Демалыс дегеніміз – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті [1;46б.].
Бүгінгі таңда белсенді
тынығудың кең тараған
Қазақстанның ұшы қиырсыз кең даласында туристік – рекреациялық ресурстардың түрі сан алуан және оларды дамытуға мүмкіндік мол.
Қазақстан Республикасындағы емдік
туризмнің дамуының қажеттілігін тұтынушыларға
әлеуметтік тапсырыс көптеген бүтіндей
жүйесін жуықтап алғанда
Қазақстан Республикасының кең байтақ территориясында ерекше физико-географиялық және геологиялық жағдайлары емдік туризмдегі әр түрлі факторлар мен таралған. Емдік туризмді дамытуға Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Оның негізгі ғажайып табиғи жағдайларын көптеген емдік батпақтар мен минералды бұлақтар кұрайды.
Емдік туризмнің аймақтағы қарқынды дамуы халықаралық стандарттар деңгейінде Курстық жобаның тақырыбын таңдауға себепші болды. Қазақстан Республикасының аймақтарында санаторлы-курорттық шаруашылығын емдік туризмнің хал ахуалын зерттеу обьектілері ретінде талқыға салуға мұрша берді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: ТРЖ-нің потенциалдық сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшерін; ресурстардың таралу ауданы (су шектерінің көлемі, жағажайлар, территорияның суланғандығы, ормандар);пайдалануға болатын кезең (климаты жайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы) туристік мезгілді, туристік ағымды анықтау;
Курстық жұмыстың міндеттері: Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ландшафтты ортаның комфорттық дәрежесін табу; Психологиялық-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;
1 ТУРИЗМДЕГІ РЕКРЕАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
- Туристік – рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Туристік-рекреациялық ресурстар
дегеніміз туристік-
Л.Н.Багров, В.С.Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар – бұл рекреациялық іс әрекет үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатынын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, табиғи денелердің құбылыстары. Әлеуметтік – эканомикалық рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдениет объектілері (ескерткіш, атақты жерлер және мұражайлар т.б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік т.б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын және қозғалмайтын болып жіктеледі.
Материалдық жағы өндірістік әдістерді және басқа да қоғамның материалдық бағалы заттардың жинағын, оның тарихи даму сатысын қамтыса, рухани жағы – қоғамның жетістерін - білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан қамтиды.
Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар мыналар:
тарихи ескерткіштер, қалалар және сәулет өнерінің нышандары, археология және монументтік өнер.
Қозғалмайтын ресурстар тобына жататындар: өнер ескерткіштері, археологиялық ізденістен табылған заттар, минералогиялық, ботаникалық және басқа заттарды оңай қозғауға болатын қандай да бір объектілер.
Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты бес негізгі түрге жіктеледі: тарих, археология, сәулет өнері және қала құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.
Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.
Археология ескерткіштеріне жататындар:ескі қаланың орны, төбелер, ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс, су құбырлары, жол, ескі молалардың орны, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер.
Сәулет өнері және қала құрылыстары ескерткіштеріне жататындар: сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар.
Өнер ескерткіштеріне монументтерді бейнелеу, декаративті қолданбалы шығармалар және басқа да өнер түрлері жатады.
Деректі ескерткіштеріне – мемлекет биліктерінің актілері, бейне-, фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар жатады.
Әлеуметтік – экономикалық ресурстарға тарихпен, мәдениетпен және қазіргі адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар,ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халықтық әдет-ғұрып және т.б.
Есте сақтау керек: территория табиғи және әлеуметтік – экономикалық жағынан өзінен-өзі туризмге қолайлы туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс болса және оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса, онда олар туристік ресурстарға айналады.
Табиғи кешендер туристік – рекреациялық ресурстар класына мынандай үлгі бойынша өте алады. 1) табиғи кешендер жаратылыс бойынша өмір сүре береді, бірақ туристік сұраныс болмаса, ресурстық сипаттама ала алмайды. 2) туристік сұраныстың болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді; 3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында өте бағалы кешендер ресурстарға айналады; 4) туристік сұраныстардың көбеюінің арқасында нашар табиғи кешендер де өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле бастайды [4; 37б.].
Нақ осындай процесстердің
арқасында әлеуметтік-
Туристік – рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары төмендегідей:
1) ТРЖ-нің потенциалдық
сыйымдылығын анықтайтын
2) ресурстардың таралу ауданы (су шектерінің көлемі, жағажайлар, территорияның суланғандығы, ормандар);
3) пайдалануға болатын
кезең (климаты жайлы кезеңнің
ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты
қардың жатуы) туристік
4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;
5) ақша капиталының
аз жұмсалуы және пайдалануға
кететін шығындардың тым
6) табиғатты тиімді
пайдалану нормаларын сақтай
отырып, культивация және сапасы
жоғары жабдықтарды пайдалану
арқылы туристік-рекреацияық
Демалыс пен туризм ресурстарының
қазіргі уақытта мынадай
Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.
1.2 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі
Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих объектілерінің туристік –реакциялық ресурстардағы маңыздылығына қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация туризмнің дамуына негізгі алғы шарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерден туристік- рекреациялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.
Рекреациялық табиғи алғы шарттар деп ең алдымен табиғи-территориялық және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін , оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен ландшафт ырғағы, кедіргілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады.
Демалыс пен туризмге баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарынның баға берудегі айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады: табиғи ландшафттардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы, қайталанбайтындығы.
Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:
- объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;
- субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
- бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай – ақ субъект қасиеттерін анықтайды;
- градациялық баға беру шкалаларының параметрларін жасау. Бұл градация синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен субъектінің жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының көрсеткіші болып табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін өзгеруі мүмкін.
Бес сатылы баға шкаласы рекреацияүшін келесідей градацияны қосады: 1 – ең қолайлы; 2 – қолайлы; 3 – біршама қолайлы; 4 – аз қолайлы; 5 – қолайсыз.
Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар ;
- Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ландшафтты ортаның комфорттық дәрежесін табу;
- Психологиялық-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;
- Технологиялық – арнайы және кешенді ТРЖ құрудың мүмкіндіктерін, туризмнің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау үшін, олардың түрлерін тиімді пайдалану үшін рекреациялық ресурстардың кешендік түрі барлық үш түрлі бағаның үйлесімді болуын керек етеді.
Баға берудің медико-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.
Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмнің жағдайы болу керек.Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам организмнің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ.
Шартты температура ілімімен “комфорт зонасы” байланысты, көптеген адамдар үшін 17 пен 23 арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін “комфорт зонасы” 12 пен 16 арасындағы эквивалентті - әсерлі температурада болады.
Адам организмінің жақсы
күйде болуы келесідей
Температура С |
Шартты ылғалдылық % |
20 |
85 |
25 |
60 |
30 |
44 |
35 |
33 |
Комфорттық жағдай – денеге өте жағымды 31-33 температурадағы жылы сезім, бұл жағдайда адам ыстықты да, суықты да сезбейді. Оның белгілі бір мөлшерге салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу механизмі арқылы адам терлеп-тепшісе, суық ауада тері температурасының орта өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е. М. Ратнер ауа райы түрлерін бақылауда кездесетін кластарға бөлді [6;23б.].
Көрсетілген әдістемені қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: климат жағдайының қолайлығына байланысты демалу, туризм, емдеу үшін географиялық аудандар жасауға болады. Климатқа медико-биологиялық баға беру жұмысында ең негізгі көрсеткіш – адам организмі үшін климатқа медико-биологиялық баға берудің жұмыстары өте керек. Өйткені, ұзақ рекреация үшін орындар іздестіргенде ауа райының жиі өзгеру құбылыстарымен санасқан жөн.
Психологиялық – эстетикалық баға бергенде адамға табиғи ландшафт пен оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге эстетикалық реакциясын анықтап қана қояды.
Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафттың эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны – шектік зоналар мен фокустық пунктер. Шектік зоналар деп әр түрлі ортаның арсындағы шекаралық сызықты айтады: су – құрылық, орман – алаңқай (орташа әсер), төбешіктер – жазық (нашар әсер). Осындай бақылаулардың арқасында біршама сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндіктер туды, жеке алғанда “шектік” әсері деген территорияның қанықтық көрсеткіші: Нш.ө. = Lш \ S, мұнда Lш – шектік сызықтың ұзындығы, S – территорияның көлемі.
Территорияның фокустік пункттермен қанықтығы, көбінесе, бедерлік сипатқа байланысты.
Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық ландшафттың морфологиялық құрылымына, табиғат пейзаждарының элементтерінің әртүрлілігіне тәуелді. Міне, осылар “табиғат пейзаждарының әртүрлілігі “ деген түсінік енгізеді. Бұлар келесіден тұрады: 1 – табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2 – басқа да табиғи кешендермен сыртқы байланыстан.
Табиғат пейзаждарының ішкі әртүрлілігі – ландшафт морфологиясында ішкі құрылымы арқылы анықталады ( жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктер, әр түрлі компоненттердің өзара байланыстары арқылы және т.б )
Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін басым белгі – кеңістіктің қоныстану дәрежесі. Қоныстану пайызына байланысты кеңістік ашық жабық болып бөлінеді.
Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті өте төмендейді. Қалың орманмен рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ашық кеңістік әртүрлілік жағын қамтамасыз етпейді.
Табиғат пейзаждарының сыртқы әртүрлілігіне келесілер жатады: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғат пейзаждарын қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, тереңдік перспективасы, көкжиек сызықтарын кесіп өту, сондай-ақ көп орынның болуы арқылы сыртқы табиғат суреттерін жақсы көре алады. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғарғы бағаны тау шындары алуы керек, өйткені солар арқылы барлық табиғи кешендер қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алады.
Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның өзара әсерлері рекреациялық іс-әрекетте “технология” арқылы ерекшеленеді. Демек, бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан территорияны игерудегі инженерлік – құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды.
Көпшілік географтардың
пікірі бойынша, территорияның туристік-
Баға берудің жұмысының қорытынды кезеңі – бұл бағаның түрін табу. Қазіргі жағдайда баға берудің екі түрі бар: сапалық және баллдық.
Рекреациялық мақсат
үшін табиғат жағдайларына объективті
баға мөлшерін берумен әлемнің көптеген
елдерінің ғалымдары айналысуда
Е. В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаға келесілер кіруі керек /1/: 1 – табиғаттың мүмкіншіліктері ; 2 – территорияны мәдени игерудің дәрежесі; 3 – экзотикалылық; 4 – туристік мүмкіншіліктері әртүрліліктің дәрежесі; 5 – тарихи-мәдени объектілер; 6 – тұрмыстық қызметтер; 7 - әйгілілік дәрежесі мен дәстүр.
Осы факторлардың ішінен біреуінің басымдығына қарап, рекреациялық іс-әрекеттің функциялық түрін бөлуге болады.
Рекреация – бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады [3].
Адам өзіне бірнеше рекреациялық аспектілерді бірітіре алады Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық болып бөлінеді.
Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады:
- Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.
- Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады.
1.3 Демалыс пен туризм үшін территорияны аудандастыру
Аудандастыруға тікелей байланысты халық шаруашылық салаларын территориялық ұйымдастыру мен жоспарлы реттеудің жетістіктері ғылыми түрде дәлелденген.
Туризмнің дамуы, оның материалдық – техникалық базаларын салу мен ұлғайту, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени-тарихи элементтерді тығыз пайдалану, олардың аймақтағы әлеуметтік – экономикалық өміріне әсерінің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік мақсатпен аудандастыру үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Көптеген авторлар мен
ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат
үшін аудандастырудың әдістемесі мен
қағидаларын еліміздің
КСРО – да ең алғаш рекреациялық аудандастыру жөнінде ұсыныс жасағандар Б.Н.Лиханов пен В.С.Преобранженский болды. Аудандастырудың шешуші шарты – бұл рекреациялық кәсіпорындардың орналастыру тығыздығы мен елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды тағы да шағын рекреациялық аудандарға бөлді.
Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастыру шатастырады. Туризм – бұл таным процесімен байланысты әлеуметтік – эканомикалық құбылыс, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп ұлғаятын түрі бар. Туристік аудандардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасы болады.
Әкімшілік аудан дегеніміз не? Бұл төменгі әкімшіліктік шаруашылық аудан яғни бастаушы ұйым біздің елден територия экономикалық аудандастыру қабылданған.
Географиялық әдебиеттерінде «туристік аудан» мен «туризм ауданы»деген түсінікті жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территорияда жұмыс істеп тұрған бір туристік объект, ал туризм ауданы – туризмнің жайылу шеңберін көрсетеді. Туристік аудан экономикалық географтардың зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы – сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді.
Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басымды болып келеді. Сонымен, туристік аудан – бұл әлеуметтік-экономикалық категория.
Туристік аудандардың
бір қатар ерекшеліктері
- Туристік аудан – сипаты бойынша әлеуметтік болса, соңғы шектелу өнімі оқу ағарту. Оның өнімдері – халықтың физикалық және рухани күшін кең түрде қайта толықтыратын туристік қызметтер.
- Туристік аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда төрт түрлі қоғамдық қайта өндіріс қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату және тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі фазалар - өндіріс пен тұтыну арасында уақыттық үзіліс жоқ. Бұл басты өнім, яғни алдын-ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет.
- Тау-кен, балық, орман өндірістік салаларымен және ауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.
- Көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға сәйкес мезгілдік жұмыс істеу.
Туристік аудандардың құрылу механизімін былайша түсінуге болады. Жұмысшылардың жылдам туристік қызмет көрсетуді қажет етуінің арқасында демалыс пен туризм сферасында территориялық еңбектің бөлінуі өзіне өте қажетті жерді табады, ол жер табиғи және әлеуметтік - экономикалық жинағы жағынан белгілі бір туристік іс-әрекетпен айналысудың талабына және бұндай шаруашылық саласын ұйымдастырудың территориялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Демалыс пен туризм сферасының дамуының белгілі бір сатысында туристік іс-әрекет белгілі бір территорияға нақты орналасады, ішкі және сыртқы байланыстары сәйкестенеді, реттеуші орталықтардың иерархиясы жасалынады, территориялық жоспарлы ұйымдастыру басқармасы құрылады.
Рекреациялық мақсатпен территорияны аудандастыру және оған баға беру үшін көптеген факторлар есепке алынады: табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық – экологиялық, сәулетті көркемдік және тағы басқалар.
Өте дұрыс қорытынды алу үшін зерттеудің негізгі объектісі табиғи территориялық кешен болуы керек. Туризм үшін бағалысы – жер бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғат пен мәдениеттің көрнекті объектілері.
Қазірдің өзінде-ақ азды
– көпті тұрақталған
Туристік – рекреациялық аудандастыру туристік саланы жоспарлау мен басқарудың негізін құрайды. Туристік аудандастыру арқылы, оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының қоғамдық әсерден өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады.
2 ТУРИСТІК
ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТУРИСТЕРДІ
2.1Рекреациялық сыйымдылық туралы түсінік
Соңғы кезде территорияның
рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге
айналып барады. Бұл халықтың толық
демалуын қамтамасыз етуімен және рекреация
зоналарында табиғатты
Экономикалық аудан
және ел деңгейінде рекреациялық сыймдылық
деген түсінік оптимальды рекреациялық
ағымның экономикалық даму деңгейіне,
халықтың өмірінің деңгейіне, еңбек
ресурстарын демалыс пен туризм
сферасына тарту мүмкіндіктерін
Соңғы уақыттырда кешендерді деградациядан сақтау мақсатымен және рекреациялық іс-әрекеттің комфорттық жағдайын сақтау үшін табиғи кешендерге рекреациялық салмақты оңтайлау мәселесі туды. Бұндай мәселелердің мәні – табиғи кешендерге экологиялық салмақтарды дәлелдеу, нормативті рекреациялық әсерлерді белгілеу.
Дүниежүзілік тәжірибеде
туристік - рекреациялық кешендерді
пайдаланудағы нормативтерде
Табиғи кешендер және
оны құрайтын элементтерінің рекреациялық
салмаққа тұрақтылығы жағынан

- Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы
- Батыс Түрік қағанаты
- Батьківсько-дитячі стосунки як чинник соціалізації особистості дитини
- Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары
- Бахрушины – профессиональные благотворители
- Бачатский угольный разрез
- Башенные краны
- "Батик"
- Батик
- Батик
- Батик как искусство художественной обработки ткани
- Батпақты жерде өсетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
- Батпақты жерде өсетін өсімідік
- Батыс Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары