Бизнес-жоспар
Мазмұны
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында футбол клубын ашуды қарастырады. 14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.
Жоба
бойынша жалпы инвестициялық
шығындар мыналарды қамтиды:
| Шығыстар | 2 012ж.., мың тг |
| Негізгі капиталға инвестициялар | 4 795 |
| Негізгі капитал | 1 327 |
| Барлығы | 6 122 |
Жобаны
қаржыландыруды жоба бастамашысының өз
қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы
есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
| Қаржыландыру көзі, мың тг . | Сомасы | Кезеңі | Үлесі |
| Өз қаражаты | 1 327 | 06- 07.12 | 22% |
| Қарыз қаражаты | 4 795 | 03.12 | 78% |
| Барлығы | 6 122 | 100% |
Кредиттеудің
келесі шарттары қабылданды:
| Кредит валютасы | теңге |
| Пайыздық ставка, жылдық | 12% |
| Пайыздар мен негізгі борышты төлеу | ай сайын |
| Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай | 6 |
| Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай | 6 |
| Негізгі борышты өтеу түрі | тең үлестермен |
Жобаның
5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің
көрсеткіштері:
| Жылдық пайда (5 жыл), мың тг. | 5 233 | |
| Активтердің рентабельділігі | 30% | |
| Активтердің көлемі | 1569,9 |
Активтердің рентабельділігі = Кезеңдегі таза пайда / Кезеңдегі активтердің орташа көлемі [1]
немесе
Ra = P / A
Мұндағы, Ra — активтердің рентабельділігі,
P —кезеңдегі пайда ,
A
— кезеңдегі активтердің көлемі
Ra
= (5233 / 1569,9) *100% = 0,3 * 100% = 30%
13% дисконттау
ставкасы кезінде
| Ішкі кірістілік нормасы (IRR) | 77% | ||
| Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге | 12 915 | ||
| Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл | 2,2 | ||
| Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл | 2,5 |
мұндағы,
NPV – таза
ағымдық құн;
CFt – t кезеңдегі ақша қаражаттарының
ағыны ;
It - t кезеңіндегі инвестициялардың
соммасы ;
r – дисконтталған қойылым ;
n – инвестицияның қызмет ету уақыты
t = 1, 2, ..., n
NPV
= - 4 795 000 + 1327/ (1+0,12)1
+1327/ (1+0,12)2 + 1327/ (1+0,12)3
+ 1327/ (1+0,12)4 + 1327/ (1+0,12)5
= 12915
ra = NPV – дің оң мәніне сай келетін дисконтталған ставка
ra = NPV – дің теріс мәніне сай келетін дисконтталған ставка
NPVa = оң мәнді көрсеткіш
NPVb
= теріс мәнді көрсеткіш [1]
IRR
= 77%
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Шымкент қаласында 5 жаңа жұмыс орнын құру;
- Шымкент қаласының бюджетіне қосымша түсімдер.
Жобаның әлеуметтік әсерлері арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- халықтың, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- халықтың (балалар мен жасөспірімдердің) денсаулығын сақтау, нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- спорт ғимараттары мен басқа да сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалану;
Кіріспе
Шағын – футбол соңғы кезде Қазақстанда, қазақстандық бизнесте кеңінен тараған.
Шағын футбол спорттың қызықты түріне айналуының себептері мол. Біріншіден, футбол – бұл спорттың құмарлы түрі, ол бизнеспен айналысатын көптеген адамдар сияқты тұтастай алғанда ер-азаматтардың бәріне ұнайды. Екіншіден, спорттың басқа көптеген түрімен айналысуға қарағанда шағын футбол үшін жағдайлар көп. Негізінен онымен көптеген спорт залдарда айналысуға болады.
Жалпы, футболдың имиджі соңғы кезде қатты өзгерді, егер бұрын оған ұлттық спорт ретінде қараса, енді белгілі ойыншылардың нәтижесінде ол ерекше және беделді ойынға айналды.
- Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында
балалар спорт клубын ашуды қарастырады.
14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ
болып табылады. Клуб мектептің жалға
алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ,
мектеп жанындағы балалар футбол алаңын
жалдауға да болады. Осы бизнес-жоспарда
жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын
жеңілдетілген декларацияның негізінде
арнайы салық режимін қолдана
отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде
жүзеге асыру ұсынылады. Осы бизнес-
жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа
емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың
әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да
жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы
сияқты көрсетілетін қызметтердің де
өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің
бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып
алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша
ашып көрсету қажет болады.
- Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Дене шынықтыру - сауықтыру қызметтері бүгінде сервистік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Адамдарда әлеуметтік маңызды болып табылатын сауықтыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты спорттық қызметтерді ұйымдастыруда ақылы қызметтер маңызды рөл атқарады және сондықтан да ақылы қызметтер өндірісі дене тәрбиесі ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттыру болып танылады.
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтері кеңейту және коммерциялық дене шынықтыру және спорт қызметтерін ұйымдастыру халықтың дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, салауатты өмір салты мен бос уақытын қалыптастыруға, сондай-ақ спорт ғимараттары мен сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған.
Жаңа ақылы спорт қызметтерін құру процесін зерделеу сервистік қызметке перспективті бағыт ұстау болып табылады. Бүгінде ақылы қызмет түрлері өсуде, өйткені олар мынадай санаттар бойынша әр түрлі: қызметтерді ұсыну бағасы, түр-түрі, дене шынықтыру әсері, сондай-ақ ересектер санаттары бойынша.
Топ жастарына қарай бөлінеді:
1 - топ – 7 жасқа дейінгі балалар;
2 - топ – 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар;
3 - топ – 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар.
Әрбір жас топтарының саны – 2. Осылайша,
барлық топ саны – 6. Жарты топ дүйсенбі,
сәрсенбі және жұма күндері, екінші
жартысы - сейсенбі, бейсенбі және сенбі
күндері дайындалатын болады. Бір
сабақтың уақыты – 1 сағат. Сабақ уақыты
күндізгі және кешкі деп бөлінеді. Осылайша,
әрбір баланың бос уақыты
ескерілетін болады.
- Өндірістер бағдарламасы
1-кесте – Өндірістің
жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
| Көрсеткіш | 2 012 | 2 013 | 2 014 | 2 015 | 2 016 | 2 017 | 2 018 |
| Топтар саны, бірлік | 4 | 5 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 |
| Топтардың толықтырылуы | 67% | 84% | 90% | 90% | 95% | 95% | 100% |
| Балалар саны, адам | 15 | 15 | 15 | 15 | 15 | 15 | 15 |
| 1 айға сатылуы, мың теңге | 480 | 754 | 972 | 972 | 1 026 | 1 026 | 1 080 |
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қаланың әр түрлі аудандарында балалар футбол клубтарына деген қажеттілігін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға
және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.
2-кесте
– Өнімнің жоспарлы бағалары
| 1 балаға бір айға төленетін ақы | мың тг. | 12 |
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция
назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға
байланысты бағаның көтерілуі сонымен
қатарлас кәсіпорын қызметі бағасының
ұлғаюына әсер ететін болады.
- Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Жаңа
технологияларды игерудің дамып
отырған серпіні спорт
1-сурет
– Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс,
мәдени және спорттық іс-шараларды
ұйымдастыру қызметтері, мың теңге
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды
Суретте көрсетілгеніндей, ОҚО демалыс, мәдени және спорт іс-шараларын ұйымдастыру қызметі көлемінен түсетін түсімдер жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, егер 2005 жылы 3 042,6 млн. теңгенің спорт қызметтері көрсетілген болса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 166,5 млн. теңгеге (немесе 19,5%) ұлғайды және 5 209,1 млн. теңгені құрады.
Бұл жобаның пайдасына тағы бір
көрсеткіш – халық санының ұлғаюы.
2-сурет
– Оңтүстік Қазақстан облысы халқы
санының серпіні, адам
Ескерту: [3] әдебиет негізінде құрастырылды
2-сурет ОҚО халқы саны өсуінің оң серпінін көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы халықтың саны 2 567 707 адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 56 009 адамға көп.
3-кесте
– Оңтүстік Қазақстан облысында балалар
жасындағы халықты бөлу, адам
| Жасы | 2000 ж. | 2005 ж. | 2009 ж. | 2010 ж |
| 0 – 4 | 224 256 | 256 845 | 329 860 | 350 192 |
| 5 – 9 | 255 097 | 224 507 | 254 019 | 262 368 |
| 10 – 14 | 253 822 | 255 466 | 242 827 | 237 423 |
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды
3-суреттегі деректерді ескере
отырып, балалар футбол клубы
клиенттерінің үлесі (5-14 жастағы балалар)
2010 жылғы ОҚО жалпы халқы санының 19,5%
құрайды.
4-кесте – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт
жұмысының негізгі көрсеткіштері
| Дене шынықтыру ұжымдарының саны (бірлік) | |
| Барлығы, оның ішінде балалар: | 1 453 |
| Жалпы білім беретін мектептерде | 1 137 |
| Балалар жас өспірімдер клубтарында | 10 |
| БЖДДК-да (балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары) | 4 |
| Мүдделері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында | 15 |
| БЖСМ-де, сегізжылдық және т.б. | 56 |
| Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда | 1 |
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды
Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар және шынықтыру ұжымдарының саны 1 223 бірлікті құрайды, бұл жалпы санының 84,2%.
Осы уақытта Шымкент қаласында 9 спорт
алаңы бар. Қалада дарынды балалар көп,
бірақ алаңдар мен жаттықтырушылар жетіспейді.
- Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорының негізгі бәсекелесі Шымкент қаласындағы дене шынықтыру ұжымдары болып табылады. 3-кестеде көрсетілгеніндей Оңтүстік Қазақстан облысында олар онша көп емес. Шымкент қаласында сондай бір балалар футбол клубы жоқ, тек мектептерде дене шынықтыру ұжымдары мен спорт алаңдары бар, оларда спорттың әр түрімен айналысады.
Шымкент қаласында кәсіби футбол клубы
бар. Ол 2000 жылғы шілдеде «Томирис»
және «Жігер» командаларының 2003 –
«Ордабасы» командасымен бірігуі
нәтижесінде «Достық» деген атпен
құрылды.
- Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
«Қазмұнайгаз» компаниясы Қазақстанда
көп функционалды спорт алаңдарын салудың
екі жылдық бағдарламасын әзірледі және
бекітті. Ұлттық компания өзінің еншілес
компаниялары арқылы 60 спорт алаңын салуды
жоспарлап отыр. Олардың үшеуін «ҚазТрансГаз»
АҚ өткен жылы Шымкент қаласында салды,
сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде
тағы да 9 алаң салу жоспарлануда. Сондай-ақ
«ҚазТрансГаз» АҚ үстіміздегі жылғы
мамырда футбол турнирін өткізуді
ұйымдастырды, ол Шымкенттегі № 50 мектептің
футбол алаңында өтті. [4]
- Маркетинг стратегиясы
Қызмет беру саласында жұмыс істейтін заманауи компаниялар жетістіктері құрамдауыштарының бірі – оны ұсыну сапасы. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты басқа да тең жағдайларда клиент өз таңдауын сервис деңгейі барынша жоғары компанияның таңдауына береді.
Клубтағы сервистің сапасына басымдық беру болжануда. Ең алдымен, бұл әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, барлық шағымдар мен ұсыныстарды (жеке әңгіме, сауалнама) қарау, инабатты, ізетті қызмет көрсету.
Жоспарланған жарнама науқанының басталуы – клубтың ашылуына бір ай қалғанға дейін. Ең алдымен, Интернетте дербес web-ресурс ашу, БАҚ-та жарнамалар беру, жарнаманы объект орналасатын аудандардағы лайт-бокстарда орналастыру.
Сондай-ақ, спорт дүкендері желісін («Мегаспорт», «Adidas» және басқалары.) ынтымақтастыққа тартуға болады. Нұсқалардың бірі ретінде мынадай схеманы қолдану жоспарлануда: спорт құралын сатып алатын адамға пакетіне спорт клубының карточкасы салынады, оның қысқаша сипаттамасы мен деректемелері, сондай-ақ жасалатын жеңілдіктер көрсетіледі. Өз кезегінде, дүкен клубтың ғимаратында өз жарнамасын орналастыру мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір келушіге жеке қызмет көрсетілуіне
орай карточка жүйесін енгізу, жеңілдіктер
мен бонустар жүйесін әзірлеу.
5-кесте
- SWOT-талдау
| Сыртқы
Орта |
Мүмкіндіктер | Қала мектептері
арасында турнирлер өткізу мүмкіндігі
Көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту |
| Қатерлер | Шымкент қаласында
жаңа спорт клубтарын ашу.
Футболдың кеңінен танылуының азаюы. | |
| Ішкі
Орта |
Басымдықтар | Жоғары технологиялы
заманауи жабдықтарды пайдалану.
Көрсетілетін қызметтің жоғары сапасы. Жоғары білікті құрам. |
| Кемшіліктер | Қалыптасқан оң имидждің болмауы (танымал еместігі). |
Бәсекелестер алдындағы басымдық, ең алдымен, мыналардың есебінен алынуы мүмкін:
- кәсіпорынның оңтайлы (бағасы мен сапасының арақатынасы) жарнама науқанын әзірлеу;
- ата-аналармен жеке жұмыс;
- баға саясатын уақытылы түзету;
- ұжымдық іс-шаралар: жарыстарды, турнирлерді пайдалана отырып жарнама науқанын ұйымдастыру;
- ақы төлеуге «ата-ана және бала» тұрғысынан келу,бірлескен жаттығуларды көтермелеу, жеңілдіктер жасау;
-
тұрақты клиенттер үшін көтермелеу
жүйесін әзірлеу.
- Техникалық жоспарлау
5.1 Техникалық процесс
Футболда техника дегенді спортшының доппен жұмыс істеуін және дұрыс қимылдауы деп түсінеді. Доппен жұмыс істеу техникасы жас футболшыларды одан әрі оқыту тұғырнамасы болып табылады. Егер баланың мектептегі оқумен салыстырсақ доппен жұмыс істеу де қалыпты жазу және оқу үшін қажетті әліпбиді зерделеумен бірдей болады.
Футболшылар ең алдымен ойынды құрайтын жекелеген әдістер мен олардың үндестігін үйренулері қажет. Осы футбол «әліпбиін» игеру онымен айналысушының жеке ынтасында және өзін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Жаңа футбол клубында дайындалу схемасы мынадай. Жаттығуда (бастауыш топтар) топтың бір бөлігі алғашқы 30 минутта дене үйлесімін жаттықтырумен, қалған уақытта - техникалық әдістерді жетілдірумен айналысады. Жаттығудың екінші жартысында олар жаттығулардың орнын ауыстырады. Ересектер тобының да схемасы осындай. Олар 30 минут қақпаға доп салумен, басқалары - ойын жағдайларын қалыптастырумен айналысады. Екінші 30 минутта олар орын ауыстыруда. Әрбір жаттығу 1 сағатқа есептелген. Қатысушылардың бәрі жастары бойынша топқа бөленген – 7 жасқа дейін, 8-11 жастағылар, және 12-14 жастағылар . Әрбір жаттығу кезінде балалар төрт түрлі жаттығу топтарын жасайды:
1) қимылды дамыту;
2) техникалық әдістерді пысықтау;
3) қақпаға доп салу;
4) ойын жағдайларын қалыптастыру.
Барлық апталық циклда әрбір жас тобы
әр жаттығу түрлерін бірнеше рет жасайды.
Әрбір топпен бір жаттықтырушы және оның
көмекшісі жұмыс істейді. Негізінен бұлар
бұрынғы спортшылар. .
- . Ғимараттар мен құрылыстар
Клуб мектептің жалға алынған спорт залында
орналасады. Сондай-ақ балалар футбол
алаңдары да жалға алынады. Кәсіпорынның
жоспарында офис сатып алу қарастырылған.
- . Жабдық және инвентарь (техника)
Жобаны іске асыру нәтижесінде
жалпы құны 262 мың теңге тұратын спорт
құралын шығаратын әлемдік өндіруші
болып табылатын Nike компаниясының 30
жаттығу футбол добы сатып алынады. Бағасы
sport.wikimart.ru сайтының деректері негізінде
алынды.
5.4.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Жобада қажетті коммуникациялық, атап айтқанда электр-, жылу- және сумен жабдықтау инфрақұрылымдары бар орын- жайды жалдау қарастырылған.
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады.
3-сурет – Ұйымдастыру құрылымы
Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын
жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың
кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және
жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік
б ереді
- Жобаны іске асыру
6.1 Іске асыру жоспары
Осы жобаны іске асыру 2012 жылғы қаңтардан
2012 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді қамтиды
деп болжануда.
6-кесте – Жобаны іске
асырудың күнтізбелік жоспары
| І с-шаралар/ай | 2 012 | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу | + | |||
| Қаржыландыру мәселесін шешу | + | |||
| Кредит алу | + | |||
| Автоға алдын ала ақы төлеу | + | |||
| Автоны жеткізу | + | |||
| Құрамды іздестіру | + | |||
| Келісім шарттар жасасу | + | |||
| Жұмысты бастау | + | |||
- Пайдалану шығыстары
Кәсіпорын қызметтер көрсетумен айналысуды жоспарлауына байланысты пайдалану қызметтері туындамайды.
Кәсіпорынның барлық шығыстары жалпы және әкімшілік болып табылады
- Жалпы және әкімшілік шығыстар
Жобада мектептің спорт залын жалдау және
футбол алаңдарын жалдау көзделген. Жалдау
құны айына 40 мың теңгені құрайтын
болады.
7-кесте – Кәсіпорынның
бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары,
мың тг
| Шығындар | 2012 | 2013-2018 | |
| ЕТҚ | 380 | 380 | |
| Спорт залын жалдау | 20 | 20 | |
| Футбол алаңын жалдау | 20 | 20 | |
| Банк қызметтері | 5 | 5 | |
| Коммуналдық шығыстар | 12 | 12 | |
| Доптар | 3 дана/ай | 26 | 26 |
| Интернет | Мегалайн | 4,5 | 5 |
| Байланыс қызметтері | 10 | 10 | |
| Кеңсе тауарлары | 5 | 5 | |
| Жарнамаға арналған шығыстар | 15 | 15 | |
| Өзге де көлденең шығыстар | 15 | 15 | |
| Жиыны | 513 | 513 |

- Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау
- Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы
- Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы
- Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- Бизнес-жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі
- Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
- Бизнес жоспарлардың мақсаты міндеттері және мазмұны
- Бизнес –жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар
- Бизнес жоспар