Бизнес жоспар. 6

Работа  содержит 1 файл

Скачать  Открыть  

Бизнес  жоспар.doc  

—  187.50 Кб



Мазмұны

Кiрiспе...........................................................................................................3

I Бизнес жоспар түсінігінің  әдiстемелiк негiздерi.......................................5

1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5

1.2.Бизнес жоспардың  негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы

1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12

ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа  әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17

2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17

2.2.Стратегиялық жоспарлаудың  ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20

2.3. Бизнес жоспар оны  әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23

Қорытынды.................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29

Қосымша.....................................................................................................30  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Кiрiспе             

 Кәсіпкерлік қызметті  ұйымдастыру мен жүзеге асыру  кезінде жоспарлау жетекші орынға  ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық  жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың  жаңа прогрессивтік тәсілдерін  қолдануды талап етеді. Ал бизнес  жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың  негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.             

 Бизнес жоспарлау экономикада  процестерді түбегейлі қалпына  келтіреді. Қаржылық жоспарлау  халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.             

 Жоспар жасау кездегі  шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.             

 Қаржылық жоспарлау  статьясы кәсіпорынның экономикалық  көрсеткіш жұмыстарымен байланысты: өнім өндіруге, қызмет көрсетуге,  ғылыми техникалық дамуға өндірісті жетілдіруге, өндірістің тиімділігін арттыру, күрделі құрылыс жүргізу.             

 Бизнес жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық саласына ықпал етеді.              

 Бизнес жоспарлау процессі бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең-бұрынғы қаржылық көрсеткіштер сұрыпталады. Бұл үшін кәсіпорынның негізгі қаржылық документтері пайдаланылады: есептік баланс, түсі мен шығын жөніндегі есеп, қаржы қорының қозғалысы туралы есеп. Бұл құжаттардың кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін талдауға және есептеуге керек нәтижелері бар, осы құжаттарды келесі жылға болжауға көмектеседі.

Екінші кезең-негізгі болжамдық құжаттарды жасау кезеңі: баланс болжамы, түсі мен шығын есебі, ақша қозғалысы туралы есеп.

Үшінші кезеңде қаржы  құжаттарының көрсеткіштері ағымдағы қаржы жоспарының көмегімен нақты белгіленеді.

Төртінші кезеңде қаржылық жоспарлау процесі іске асырылады.

Бизнес жоспарлауды бірнеше  түрде сұрыптауға болады: болашақтың қаржылау жоспары, жылдық жоспар, шұғыл  қаржылық жоспар.             

 Тақырыптың өзектілігі: Кәсіпорын дамудың негізгі қозғаушы күші мен оның негізгі локомотиві болып табылады. кәсіпорындағы бизнес жоспар міндетті түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорын шаруашылығы үшін бизнес жоспардың алатын орны ерекше.             

 Курстық жұмыстың мақсаты:  берілген тақырып бойынша бизнес  жоспардың мәні мен ерекшеліктерін  айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.             

 Курстық жұмыстың міндеттері:

-         берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

-         бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;

-         кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;

-         кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.             

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

I Бизнес жоспар түсінігінің  әдiстемелiк негiздерi

1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi             

 Бизнес жоспар бұл  жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін эконмоикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп те атауға болады. тәжірибеде бизнес жоспардың мынандай түрлері едәуір жиі қолданылады: ұйымның бизнес жоспары, несие алуға арналған бизнес жоспар, инвестициялық жобаның бизнес жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес жоспары, грантқа арналған бизнес жоспар, аймақты дамытудың бизнес жоспары, мекеменің бизнес жоспарлары тағы да басқалар.              

 Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік  тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде  бизнес жоспардың мазмұны мен  құрылымына қатысты ғылыми негізделген  нақты тәсіл жоқ. Бизнес жоспардың  құрамы, құрылымы мен көлемі, оның  мақсатына кәсіпорынның мөлшеріне,  қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Алайда бизнес жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі, кәсіпорын мен қажет болған жағдайда сала кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешеліктері, нарықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктері сипатталады, сондай-ақ кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.              

 Бизнес жоспардың құрылымы  шартты түрде келесі бөлімдерден тұрады:

1. Резюме.

2. Кәсіпорынынң сипаттамасы

3. Өнімнің сипаттамасы

4. Нарықты талдау

5. Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару

6. Өндірістік жоспар

7. Маркетинг жоспары

8. Тәуекелді бағалау

9. Қаржылық жоспар

10. Қосымшалар             

 Қаржылық жоспарлаудың  обьектісі шаруашылық жүргізуші  субьектілері мен мемлекеттің  қаржылық қызметі, ал қорытынды  нәтижесі сметаларынан бастап  мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына  дейінгі қаржы жоспарларын жасау  болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің  шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.             

 Жоспарлау:

1)     экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

2)     қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

3)     тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда  мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері)  келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың  шығыстарын қосып, өткен жылдардың  санына бөледі);

б) нольдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі  тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді  есепке алады және оларды мүмкіндіктермен  үйлестіріледі).

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы  ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға  бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны  жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада  тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың  үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен  ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны  ақшалай табыстар мен қорланымдарды  жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде  көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспар кәсіпорын қызметіне кешенді сипат беретін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Балансты талдау өтімділік, табыстылық жағдайын, сондай-ақ жекелеген кәсіпорын операцияларын жүргізу кезіндегі тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.             

 Кәсіпорындардың көпшілігі  реттеуші баптарды баса қолданады,  сөйтіп баланстың жалпы сомасы әлдеқайда артады, ал бұл кәсіпорындардың мүмкіндігін обьективті түрде бағалауға бөгет жасайды.              

 Кәсіпорын баланстары  тұтас алғанда, сондай-ақ жеке  бөліктерге бөлініп талданады. Бұл ретте тұтас талдау кәсіпорын қызметінің барлық қырларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын тиімділігін зерттеуде  жиі қолданылатын әдістің бірі

баланс құрылымын талдау әдісі, сондай-ақ банктің кіріс, шығыс және пайда құрылымын талдауда қолданылады.              

 Жаңа шаруашылық субьектідегі қаржылық жоспардың орнығуы ол кәсіпорынның барлық мүмкіндіктеріне негізделеді. Кәсіпорындағы қаржылық жоспар егер ұтымды да, соны құрылған болса, кәсіпорындардың түрлі мекемелермен жең ұшынан жалғасып жұмыс жасауға жағдайы жетеді.             

 Кәсіпорын өнімдерінің  өзіндік құны кәсіпорын қызметі өнімділігінің көрсеткіші болып табылады.              

 Кәсіпорын жұмысының  тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылатын оның ішкі мүмкіндіктерін талдау мен сараптаудан өткізуде сапалық өлшем болуына байланысты ынталандыру жүйесі болып табылады.             

 Кәсіпорындардағы қаржылық  жоспардың орнығуына қосымша ақпарат беру, кәсіпорынның немесе оның өнімінің имиджін қалпына келтіру қажет.             

 Кәсіпорынды және ол  ұсынып отырған өнімдерге деген  көзқарас қаржылық жоспардың  сатыларының көбеюіне әкеледі.  Қаржылық жоспар кәсіпорындағы  қаржылық бақылауды қамтамасыз  етеді. Сонымен қатар қаржылық  жоспар кәсіпорындағы артықшылықтарды  және оның өнімдерінің оқ бойы  озық тұрғанын тұтынушылардың сезінуін күшейтеді.             

 Кәсіпорындардағы қаржылық жоспар жақсы орныққан болса, кәсіпорындардың несие жүйесімен жүмыс жасауына үлкен септігін тигізеді.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспардың  орнығуы аудиторлық бақылауға да байланысты болады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

1.2.Бизнес жоспардың  негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы              

 Қаржылық жоспарлау  экономиканы және оның буындарын  басқарудың аса маңызды функциясы  болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында  қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау-мемлекеттің  мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын  ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімде (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты-болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

Корреляциялық-регрессиялық талдау;

Тікелей сараптамалық бағалау  әдісі. Қаржы жоспарлау- бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жоспарлау бақылаудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Работа  содержит 1 файл

Скачать  Открыть  

Бизнес  жоспар.doc  

—  187.50 Кб             

 Қаржылық жоспарлаудың  обьектісі болып шаруашылық жүргізуші  субьектілер мен мемлекеттің  қаржылық қызметі табылады, ал  қорытынды нәтижесі-жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен анықталады. Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады.               

 Жоспарлаудың үздіксіз  қағидаты перспетивалық және  жылдық ағымдағы қаржы жоспарларының  тығыз үйлесуін шамалайды, бұған  перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақытлаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспетивалық жоспарлаудың арасында үзілісті  болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субьектілерді, олардың нақтылы даму перспетиваларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі, жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:             

 Жоспарлау өзіне мақсаттар  мен міндеттерді қалыптастыруды  және баяндауды кіріктіреді.             

 Бағдарламалау деп  мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын  құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;             

 Бюджет жасау-жалпы  көпжылдық бағдарламаларды қаржы  жылдары бойынша жылдық бюджеттік  цифрлар тіліне аудару процесі.  Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.              

 Обьективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әртүрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының  негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.             

 Сонымен қатар қаржылық  жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатал әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.             

 Нарықтық қатынастар  жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты  қағидаттар кеңінен қолданылатын  болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшіл-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; обьективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.             

 Қаржылық жоспарлаудағы  предметтік-мақсатты қағидат белгілі  бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтаамсыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.             

 Бизнес жоспарлаудың  негізгі құжаты болып келетін  қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші  субьектілердің, салалардың аймақтардың  және жалпы мемлекеттің ақшалай  табыстары мен қорланымдарын  құрудың және пайдаланудың жоспары  болып табылады. Қаржы жоспары  ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен  қамтамасыз етілуін көрсетеді.             

 Басқарудың барлық  деңгейлерінде жасалынатын саны  көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.              

 Жиынтық қаржы жоспарлары  жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының  қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.             

 Нысаны бойынша  олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ ол бұның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысы тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.              

 Қазіргі кезде жиынтық  қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық аумақтық жоспарларды  кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекетің жиынтық қаржы балансы, мемлекетік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.             

 Жиынтық қаржы балансы  деп орта мерзімді кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы Министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы  балансында мемлекеттің меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.              

 Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар, амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.              

 Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға  жұмсалатын шығыстар, сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.             

 Жиынтық қаржы балансы  сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытуыдң ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министрліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың  сомасы субьектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да осындай. Бұл баланстың көмегімен мемлекетік бюджет және шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.     

 Қаржы менеджерлері  шетелдегі қаржылық жоспарды  жасау әдістеріне көптеп көңіл  бөледі. Мысалы, қаржылық жоспарды  жоқ негізден бастау әдісі.  Бұл әдісті ең алғаш рет қолданған «Тексас Инструментс» фирмасы болды.  Бұл әдіс бойынша белгілі бір қызмет атқаратын бөлім жылдың басында бөлінген ақшаны тиімді пайдаланып, ары қарай қызмет ете алатынын дәлелдеуге тиіс. Менеджер аз көлемде өндірісі бар кәсіпорынның қызметіне кететін шығынды жоспарлайды, сосын өндіріс қызметі өскен кездегі түсімді жоспарлап, сол үшін жауап береді. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

             

1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы             

 Реформалар жағдайында  кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия – бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі. Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. Бизнес жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақмерзімді келешекке аналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. 
Бұдан басқа, бизнес жоспар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштерінің бөлімінен; кәсіпорынның мақсаттары туралы ақпараттарды құратын бөлімнен тұруға тйіс, патенттік құқұқ, экспорт көрсеткіштері және оның мүмкіндіктері, кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтыну қасиеттерін жетілдіру негізгі бағыттары, өнімнің ассортиментік құрамы туралы берілгендер келтіріледі. 
Бизнес – жоспардың маңызды бөлімі кәсіпорын өнімнің өткізілім нарығын сипаттауы болып табылады, ол нарықтық зерттеуді, тұтынушыларды және олардың сурамыс деңгейін, тұтынушылар ынталануын, кәсіпорынның нарықтағы жағдаиын, негізгі көрсеткіштерін талдаудан тұруға тиіс. Будан басқа, кәсіпорынның талдау – бәсекелестер қызметін зерттеу, бәсекелестер өнімін бағалау, салыстырмалы бағалау қажет. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулерде қажет өған мыналар кірістіріледі: бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге маркетинг стратегиясын анықтау тауар саясаты, баға саясаты, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру. 
Кәсіпорынның өндірістік-технологиалық және инновациялық саясатын сипаттайтын және келесі ақпараттардан тұратын бөлім қажет: 
-кәсіпорынның орналасқан жері туралы; өндіріс қуаттылығы туралы; 
ұзақ мерзімді активтер туралы; өндірістің технологиялық денгейі, оның қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі; өндірістік процесті бақылау туралы, өнім сапасына кепілдік себептерді талдау; өндірістік кооперациялау және өндірісті материалдық қамтамасыз ету туралы; қоршаған ортаны қорғау туралы; өндіріс өрісінде мемлекеттік және құқұқтық реттеу туралы. 
Бизнес жоспардың құрамды бөлімі кадрлық саясатқа және қызметкерлерді басқаруға арналған, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы болып табылады. Ол кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен мақсаттарға сәйкес келуі керек. 
Кәсіпорын бизнес жоспарды жасақтауда тәуекелмен сақтандыру ескерілуі тиіс. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларында қызмет етуі кәсіпорын басшылығы қателесіпқабылдайтын шешімдермен байланысты. Себебі кәсіпорын қызметіндегі мәселелер кәсіпорынның барлық жұмысшыларын, акционерлерді, инвесторларды, тұтынушыларды қызықтыратын болғандықтан мүмкін болатын тәуекелдерді талдау керек. Бұл тәуекел мәні мәселелері, тәуекел себептері, тәуекел факторлары, өтеумен тәуекелді азайту әдістері болуы мүмкін. 
Тәукелдерді сақтандырудың қазіргі бар жұмысы сақтандыру, мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, несиелерді сақтандыру туралы келісім шарттарды қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды басқарушешімдер жасақталынады. 
Қаржылық жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша берілгендер болса, материалдық және еңбек ресурстарының қажетті мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.

Нарыққа өту кезінде кәсіпорын  қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты  ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының  да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпыдүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік  қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеумтеттік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды маркетинг стратегиясын, өндірістік ұйымдық және заңдық жоспарларды тәуекелділікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Қаржы бизнес жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.

Сөйтіп нарыққа ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көсреткіштер шаруашылық жүргізуші субьектілердің салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың  ақшалай табыстары мен қорланымдарын  жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын  жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады.

Шаруашылық жүргізуші  төменгі буындарында аса маңызды  абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

-         өнімді өткізуден түсетін табыс;

-         өткізілген өнімнің өзіндік құны;

-         жалпы табыс;

-         кезең шығысы;

-         негізгі қызметтен түскен табыс;

-         табыс салығының сомасы;

-         таза табыс.

Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің көлемдік көрсеткіштері мыналар болып табылады:

-         инвестициялар көлемі;

-         жарғылық капиталдың мөлшері;

-         төлеген дивиденттердің, үлестердің мөлшері;

-         айналым қаражаттары көздерінің көлемі;

Бизнес жоспар. 6