Бизнес жол картасы 2020

 

АтМГИ  5В050600 – Экономика «ЭжМ» кафедрасы  Э-10АОБ қ/б


Күнбаева Асемгул  Маратқызы

Жоспар

Кіріспе

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау 
2. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері  
2.1.Бағдарламаның мақсаты  
2.2.Нысаналы индекаторлар  
2.3.Міндеттері  
3. Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі 
3.1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері  
3.2.Бағдарламаны іске асыру кезеңдері  
3.3. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

Қорытынды

Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің  Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері  атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық даму жоспарын іске асыру  үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.  
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі. 
             Бағдарламаны іске асыру шеңберінде: 
   -жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды; 
  -уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды; 
     Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде жалғыз терезе қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды. 
    Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды. 
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін. 
    Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды. 
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін. 
    Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады. 
    Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер: 
      Мемлекеттік комиссия – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия; 
өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ӨҮК) ; 
уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі; 
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші – іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде жалғыз терезе қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; 
қаржы агенті – ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды: 
пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге қаржы қаражатын аудару; 
     Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру; 
борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу; 
     Бағдарламаның іске асыруылуын мониторингілеу; 
кредиторлар комитеті – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия; 
өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер; 
қатысушы – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер; 
борышкер – кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер; 
экспорттаушы – өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер. 
    Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:  
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039; 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.«Бизнестің жол картасы  2020»  бағдарламасы 
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау

 

    Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.                   Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

    Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

    Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

   

    Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

  • қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
  • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:

  • темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);
  • кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);
  • алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);
  • үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс).

     Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр. 

2. Бағдарламаны  іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері  

2.1.Бағдарламаның мақсаты  

    Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

 

   Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.Президентіміздің басты мақсаттарының бірі  аса дамыған 50 елдердің қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды,осы жылдар ішінде 124 иннов инновациялық жоба жүзеге асырылып, 29 мыңдай жұмыс орындары ашылған. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз.

Өзінің жұмыс істей  бастаған уақытынан бері 2008 жылға  дейін «Даму» қоры жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгені құрайтын 2878 шағын  кәсіпкерлік жобасын қаржыландырды, мұнысы екінші деңгейлі банктердің шағын  бизнес субъектілеріне берген несиелерінің жалпы сомасының 2,2% пайызын құрайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің  жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен  қол жеткізуі үшін «Даму» қоры шағын  және орта бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық аспаптарын әзірлеген болатын:

  • 2009-2012 жж. арналған «Даму-қолдау» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
  • Франчайзингті дамыту. Бағдарламаның мақсаты – өзінің қызметін ұлттық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта кәсіпкерлікке инвестициялық қолдау жасау;
  • Орта және шағын кәсіпкерліктің несиелерін кепілдендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілеріні несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
  • Аймақтардағы нүктелік қаржыландыру бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтың бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;
  • Лизингілік компанияларда негізделген түрде жайғастыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – лизингілік мәмілелерді жеңілдік шартпен қаржыландыру арқылы экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту және негізгі құралдарын жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін олардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы қолдау;
  • Аймақтардағы пайыздық мөлшерлемені жергілікті атқару органдарының қатысуымен субсидиялау. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламарын жүзеге асырудың тиімділігін сол тұлғалардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы арттыру;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік қоржындарын Қордың кепілдік етуімен қамсыздандыру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін одан әрі арттыру мақсатында активтермен қамсыздандырылған құнды қағаздарды шығару арқылы қаржы тарту.

Қазақстан Республикасының  шағын несиелендіру секторын институттың дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында «Даму» қоры микроқаржылық секторды дамыту бойынша бірқатар шараларды әзірлеген болатын:

  • Шағын несиелік ұйымдарды негізделген түрде қаржыландыру (бұдан әрі - ШНҰ). Бағдарламаның мақсаты – екінші деңгейлі банктердің ұйымдастыру-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы ШНҰ-ларға арналған жеңілдік қаражаттарды жеткізудің тиімділігі мен жеделдігін арттыру;
  • ШНҰ-ларды несиелік қоржынын қамсыздандыру арқылы тікелей қаржыландыру. Бағдарлама кепілдік қамсыздандыруды ұсына алмайтын ШНҰ-ларға арналған;
  • Қаражаттарды оларды артынша ШНҰ-ларды қаржыландыруға арнап АПЕКС-тік қорда жайғастыру. АПЕКС-ті құрудағы мақсат – ШНҰ-ның несиелік ресурстар мен өзге де қызметтерге қатысты қажетсінулерін қатысушылардың меншікті қаражаттарын шоғырландырудың есебінен қанағаттандыру, мемлекеттің ШНҰ-ларға арнап бөліп отырған қаржылық құралдарын алу, шетелдік инвесторлардан артынша өзін ШНҰ-ларға үлестіріп беру үшін қаржы алу;
  • ШНҰ-ларды қаржылық емес қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: ШНҰ-лардың қызметі бойынша мәліметтерді жинақтау мен талдау ісін жетілдіру; ШНҰ-лардың қызметі көрсеткіштерінің әлемдік стандарттарын ендіру; ШНҰ-ларға арналған программалық қамтуды әзірлеу мен енгізу; шағын несиелендіру жүйесінің қатысушыларын оқыту мен біліктілігін арттыру және халықты шағын несиелендірудің мүмкіндіктері туралы көбірек хабардар ету; ШНҰ-ларға арнап ұлттық блог құру.

Сонымен қатар, «Даму» қоры кәсіпкерлерді консалтингілік, оқу-әдістемелік  және ақпараттық қолдау түріндегі шағын және орта бизнесті қаржылай емес түрде қолдау тәрізді бағытты белсенді түрде дамытуда. Осы бағытта төмендегідей бағдарламаларды атап кетуге болады:

  • Қызметтерді қашықтан ұсынып отыруға арналған бизнес-портал. Осы порталды құрудағы мақсат – бизнесті қалай бастап және дамыту керектігі туралы бүкіл қажетті және өзекті ақпаратты біріктіру арқылы қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу;
  • «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасы. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі механизміне қазақстанның барлық 209 ауданы мен халық көп мекендеген әкімшілік-аймақтық бірліктеріндегі кәсіпкерлік бастамасы бар халық пен қызмет етіп жатқан кәсіпкерлерге қысқа мерзімді тренинг-оқыту қызметтерін ұсыну шараларын ұйымдастыру жатады;
  • Аймақтарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру. Мұндай орталықтардың тиімділігі қаржылық емес қолдау көрсетуді қажет ететін субъектілердің күш-жігерін біріктірудің, сондай-ақ осы саладағы шетелдік тәжірибені алу мен қайталаудың арқасында қамтамасыз етілетін болады;
  • Қазақстанда ШОБ бойынша талдамалық кітап шығару. Бұл басылым жыл сайынғы негізде шығарылып және Қазақстанның ШОБ секторындағы өзіндік бір «Инвестициялық паспорты» болады деп көзделуде;
  • Қазақстанның жыл сайынғы шағын және орта бизнесінің форумдарын өткізу. Қазақстанның жыл сайынғы шағын және орта бизнес форумдарын «Даму» қорының қолдауымен өткізу бизнес пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ ШОБ субъектілерінің арасындағы коммуникативтілігін арттырудың тиімді аспабына айналуы мүмкін;
  • ШОБ-тың ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың сатып алуларындағы үлесінің артуына ықпал ету. ШОБ субъектілерінің ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың сатып алуларына жеткізуші ретінде қатысуға қатынауын кеңейту шараларын жүзеге асыру міндеті Қазақстанның ШОБ субъектілерінің бірыңғай тізілімі мен электрондық сауда алаңшасын құру арқылы шешіліп отыратын болады;
  • «Даму-Көмек» бағдарламасы. Бағдарлама мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға солардың проблемалары мен соларға қажет болып отырған ресурстар жайлы хабардар болу дәрежесін арттыру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған (қаржылай көмек, мүлік, кеңес берумен қолдау, өзге қызметтер).

Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шешімдердің біріне «Даму» қорының қатысуымен қаржылық институттарды құру болмақ:

  • Тікелей инвестициялар қорын құру. Бағдарламаның мақсаты – өздерінің бизнесі отандық жоғары технологиялар секторының әлеуетін арттыруға қабілетті жаңа технологияларға, ғылыми жетістіктерге, инновацияларға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға көбірек бағытталған ШОБ субъектілерін инвестициялық қолдау;
  • Мамандандырылған қаржылық институттарды құру. Маңызды міндет ШОБ-тың институттық бизнес-айналасын, яғни шағын кәсіпкерлікке тілектес қаржылық ұйымдардың желісін қалыптастыру, және солардың арасындағы шынайы нарықтық бәсекелестікті қолдау болып табылады. Мұндай қаржылық ұйымдардың біріне мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейлі банк айналуы мүмкін, оның қызметінің негізгі бағыты шағын бизнесті несиелендіру және операциялық қызмет көрсету болмақ. Жұмыстың тағы бір бағытына мамандандырылған шағын несиелік банкті құру болуы мүмкін, себебі дәл осы шағын несиелендіру шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасын көтермелеу үшін, жұмыссыздардық жұмыс бастылығына ықпал ету үшін қолайлы жағдайларды сақтаудың аса тиімді аспаптарының бірі болып табылады. Сондай-ақ мамандандырылған факторингілік компания мен лизинг қызметтерін ұсынатын компания құрылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2.  Нысаналы индекаторлар  

Нысаналы индекаторлар:

    • жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді  арзандату;
    • 2015 жылға:
    • ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
    • экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;
    • шикізат емес экспорт  көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;
    • өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

2020 жылға дейін индикаторлардың  сандық көрсеткіштері кейіннен  Бағдарламаға толықтырулар енгізіле  отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін  іске асыру нәтижелері бойынша  айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 2.3.Міндеттері

 

Бағдарламаны іске асыру  шеңберінде міндеттерді шешу мынадай  үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды  сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді  шешу мақсатында уәкілетті орган  нормативтік құқықтық базаны жетілдіру  жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру  Бағдарламаға қосымша болып табылатын  іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар  қала үшін халық санына барабар есептелетін  қаржыландырудың жалпы лимитін  айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша  қаржыландырудың жалпы лимитін  бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің  арасында мыналар:

өңірдің шикізат емес экспортының  көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс  орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат  емес секторында еңбек өнімділігінің  өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін  түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер  туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.  

 

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның  басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат  емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік  қолдау мыналарды қамтиды:

    • жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
    • банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
    • өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
    • бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
    • кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес).

Минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің  тізбесіне енгізілген металлургия  өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның  бірінші бағытына қатыса алмайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген  секторлары шеңберінде әрбір өңірдің  ерекшелігін ескере отырып, өздерінің  басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті  органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық  ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында  жарияланады. 

 

Банктердің кредиттері бойынша  пайыздық  ставканы субсидиялау.

Пайыздық ставканы субсидиялау  шарттары.

Банктің сыйақы ставкасын  субсидиялау жаңа инвестициялық  жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды  іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер  бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау  жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен  
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем  емес өз қаражатының жобаны іске асыруға  қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы  субсидиялау банктердің сыйақы  ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын  Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері  бойынша ғана жүзеге асырылады.  Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама  жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне  байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті  орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын  нарықтық шекті сыйақы ставкасынан  жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайды. 

 

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі.

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық  тиімділігіне бағалау жүргізеді  және оң шешім болған жағдайда  өтінім берушіге жобаға кредит  беруге  дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің  оң шешімімен осы жобаны ӨҮК  қарауына шығаратын жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге  жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама  өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды  және субсидиялау мүмкіндігі (немесе  мүмкін еместігі) жөнінде шешім  қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті  хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК  субсидиялауға мақұлдаған жобалар  тізбесін субсидиялау шарттарымен  бірге тиісті банктерге, сондай-ақ  қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық  жобаларды жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші олар  бойынша қабылданған шешімдермен  қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне  сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті  орган субсидиялау шарты жасалғанға  дейін ӨҮК шешімін тоқтата  тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің  және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің  оң шешімі бар жобалар бойынша  банк, қатысушы және қаржы агенті  субсидиялау шартын жасайды, оның  шеңберінде қаржы агенті мен  Бағдарламаға қатысушы банкке  сыйақы ставкасының тиісті бөлігін  төлейді. 

 

 

 

 

 

 

 

Банктердің кредиттері бойынша  кепілдіктер беру.

Банктердің кредиттері бойынша  кепілдіктер беру шарттары.        

 Жаңа жобаларды іске  асыру үшін берілетін кредиттер  бойынша, сондай-ақ өндірісті  жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған  іске асырылатын жобалар бойынша  ғана кепілдік беріледі.        

 Кепілдік беру жүзеге  асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден  аспауы тиіс.        

 Кепілдік мөлшері кредит  сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы  тиіс.

Кәсіпкерлерге кепілдік тегін  беріледі.             

 Кепілдік берілетін  кредиттің ең жоғары мерзімі  10 жылдан аспауы тиіс.        

 Айналым қаражатын  қаржыландыру негізгі құралдарды  сатып алуға және/немесе жаңғыртуға  арналған кредит шеңберінде жүзеге  асырылатын, бірақ кредит сомасының  20 %-ынан аспайтын жағдайларды  қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға  берілетін кредиттер бойынша  кепілдік беру жүзеге асырылмайды.         

 Өтінім беруші жобаны  іске асыруда қаражатының қатысуын  жобаны іске асырудың жалпы  құнының 15 %-ынан төмен емес  деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру  жүзеге асырылатын кредиттер  бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама  жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне  байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша  міндеттемелерді бұзуы себепті  алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір  комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша  банктің сыйақы ставкасы уәкілетті  орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын  нарықтық шекті сыйақы ставкасынан  жоғары болуы мүмкін емес.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды. 

 

Банктердің кредиттері бойынша  кепілдіктер беру тетігі.

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің  кепілдікті қамтамасыз етуіне  алдын ала дербес бағалауды  жүргізеді және оған өтініш  берілген қарыз сомасына негізделе  отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің  есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті  кепілдік мөлшерінің есебі бар  банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны  үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші жобаны  ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама  талаптарына сәйкестігін қарайды  және өңірдің басымдықтарына  сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы  шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі  тиісті хаттамамен ресімделеді.

6. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші қаржы  агентіне және тиісті банктерге  кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған  жобалардың тізбесін жібереді.

7. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші өтініш  берушіге жобаны ӨҮК-де қарау  нәтижелері туралы хабарлайды.

8. Банк жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестірушінің хатын  алғаннан және өтініш беруші  құжаттардың толық топтамасын  бергеннен кейін жобаға кешенді  сараптама жүргізеді және жобаны  қаржыландыру не қаржыландырудан  бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бизнес жол картасы 2020