Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

                                                     Мазмұны

     I.  Теориялық бөлім

  1. Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны         3
  2. Өндірістік жоспар                                                                       6
  3. Қазақстан Республикасының негізгі салық жүйесі                10

    II. Тәжірибелік бөлім                                                                       18

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                   21

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны.

     Кез келген бизнес-жоспардың мақсаты  уақыттың біраз интервал шегінде  осы берілген кеңістікте жеткен , яғни "осы жерде және қазір"  қызметтің қалаған нәтижесі болып  табылады.

     Бизнес-жоспардың міндеті бұл- мақсатпен анықталған нәтиженің параметрлерін немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің экономикалық орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік (коммерциялық) ұсыныстың концепциясын дәлелдеу.

     Сонымен бірге инвестициондық бағдарламаны дәлелдеу, жобалық ұсынысты іске асыру барысында қаржылық, ұйымдастырушылық саясатты қалыптастыру, маркетингтің стратегия жұмыстарын, нарық конъюнктураларын болжау негізінде ең үлкен экономикалық әсер алу шарттары ескеріледі.

     Бизнес-жоспарда келесі нақты міндеттер шешіледі:

  • муниципалдық органдардың талаптары, шектеулері, нормативтері, құықтық аспектілері анықталады;
  • алғашқы материалдың талдауы беріледі: ахуалдық жоспардың, бизнестің техникалық жағдайының көрсеткіштері (егер жүріп тұрған бизнес сатып алынса), әлеуметтік шарттар мен халықтың демографиялық құрамы және т.б.;
  • осы бизнестің дамуы мен ұйымдастыруына, компенсациялық төлемдерге, және айырылып қалу пайдасына байланысты мүмкін болатын шығындардың мөлшерлері қарастырылады;
  • мүмкін болатын нұсқалардың талдауымен бірге жаңа бизнестің жобалық ұсынысының инвестициондық бағдарламасы қалыптасады;
  • жобалық ұсынысты іске асыру формалары мен шарттары анықталады;
  • осы территорияда қалыптасқан кәсіпорындармен тауарды шығару шарттарын, олардың пайда алуын, және де бюджетке қаржылық түсімдер (салықтар, жиындар, төлемдер және басқалар) болжамдалынады;
  • жобалық ұсыныстың экономикалық, коммерциялық және бюджеттік әсердің көрсеткіштері, және де оның әлеуметтік және экологиялық нәтижелілігі анықталады;
  • маркетинг стратегиясы жасалады;
  • объектінің қызмет етуін ұйымдастыру мен қаржыландыру жоспары қалыптастырылады;
  • бизнестің даму шарттары, формалары, мерзімдері анықталады;
  • сақтандыру шарттары және коммерциялық тәуекелдердің типтері анықталады;
  • резюме, жобалық ұсыныстың параметрлері, көрсеткіштері, негізгі сипаттамалар жиналған түрде мазмұндаланады, оның артық жері, алынатын кірістер, инвестициондық және пайдаланымдық шығындар, олардың қаржыландыру көзі бойынша құрылымы, бюджеттік емес қорлар мен қалалық бюджетке қаржылық түсімдердің мөлшерлері мен мерзімдері дайындалады.

           Әр түрлі ағымдағы, тіпті дәл  мезгілімен қабылданатын шешімдер  жоспарлауды алмастырмайды, шешім  қабылдаумен салыстырғанда ол  өз алдында ең биік тәртіптегі  басқару қызметін көрсетеді, нарықтық экономиканың қарқынды өзеніне кәсіпорынның қозғалысын бағыттайтын компас ретінде қызмет етеді.

     Формалды жоспарлау, әрине белгілі  әрекеттерді талап етеді. Бірақ  ол аз емес пайда әкеледі:  біріншіден, ол бастықтарды оқиғадан  оқиғаға дейін, бір күнмен өмір сүруге емес, болашақты ойлауға мәжбүрлейді; екіншіден, әрекеттердің айқын үйлесімділігіне әкеледі; үшіншіден, бақылауға берілетін қызметтің негізгі көрсеткіштерін құрады; төртіншіден, кәсіпорынға өз міндеттерін айқын анықтауға мәжбүрлейді; бесіншіден, жағдайдың кенеттен өзгеруіне дайындалуға, болатын өзгерістерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді; алтыншыдан, барлық қызмет адамдарының міндеттемелерінің өзара байланысын көрнекі көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Өндірістік жоспар.

     Ағымдағы, ұзақ мерзімдегі болашақта  қызметтің негізін өндірісті  жоспарлау мен басқару құрайды.

     Жоспарлау барысында өндірілетін  және шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлемі жалпы, дайын  (тауарлық) және шығарылған өнімнің  көрсеткіштерін есептеу жолымен анықталады.

     Жалпы өнімді толық өңделген  өнім (дайын өнім) мен толық өңделмеген  өнім (аяқталмаған өндіріс) құрайды.

     Дайын өнімнің жалпы (суммарлық)  көлемі өнімнің әрбір түріне  қойылған баға мен өндірістік  бағдарламаға сәйкес оны шығару туралы деректер негізінде анықталады.

                       Пг=∑ NaЦа+ ∑ NbЦb +...+ ∑ NnЦn ,

мұнда:

Пг - дайын өнімнің құны;

a,b,...n - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) номенклатурасы, тенге;                                                                                                                           Nа,Nb,...Nn - өндіріске сәйкес өнім түрлерінің жылдық көлемі, бірлік;               Цаb,...Цn - өнім бірліктерінің сәйкес түрлерінің нарықтық бағалары                                                                                                            (тенге/бірлік) .

Аяқталмаған өндіріс көлемі келесі формула бойынша  есептеледі:

                      Пнез=Вс *Тц *Сп *Киз,

мұнда:

  Пнез - аяқталмаған өндірістің көлемі (тенге);                                                                       Вс - өнімнің ортатәулік шығарылымы (бірлік);                                                           Тц - өндірістік циклдің ұзақтылығы (күн);                                                            Сп - бұйымның жоспарлық өзіндік құны (тенге/бірлік);                                              Киз - бұйым бойынша шығын өсуінің орташа коэффициенті (0,5 - 0,75).

    Жалпы өнім тең болады:

                     Пв=Пг± ∆Пнез,

мұнда   ∆ Пнез - жылдың басы мен аяғындағы аяқталмаған өндірістің өзгеру қалдығы .

     Жиынтық материалдар қоры тауарлық  және өндірістік болып бөлінеді.

Сурет. 1. Материалдық қорлардың классификациясы.

Ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін құру келесі тәртіппен жасаған орынды:

1. Барлық ресурстарды  пайдалану көрсеткіштерін анықтау.                                             2. Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану көрсеткіштерін анықтау.                                  3. Айналымдағы өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштерін анықтау.                                           

     Ресурстарды пайдалану сипаттамасы  үшін негіз болып натуралдық  немесе құндық өлшемдегі ресурстың  ортажылдық шамасы және түсім  бойынша жоспары (факті) саналады.

     Түсім көлемінің ресурс шамасына  қатынасы осы ресурсты пайдаланғаннан  қайтарым мөлшерін сипаттайды.

     Жалпы айналым қаражаттары үндеу  қорлары мен айналым өндірістік  қорларына несиеленген ақшалай  қаражаттарды көрсетеді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет.2. Айналмалы қаражаттардың құрамы. 
 

Кадрлар сұранысына әсер ететін факторлар екі  топқа бөлінеді: сыртқы және ішкі.

     Сыртқы факторларға нарық конъюнктурасы,  нарық құрылымы, бәсеке күрес,  елдегі әлеуметтік- экономикалық  жағдай және т.б. жатады.

     Ішкі факторларға - технология  деңгейі, еңбек ұйымдастыру деңгейі,  бағдарламаның өзгеруі және т.б. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет.3. Кадрларға деген сұраныстың жоспарлау процессінің  

                              схемасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.Қазақстан  Республикасының  негізгі салық  жүйесі.

     Қазақстан Республикасы өз алдында егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толтврулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажзетті жақтарын алып отырды.

     Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатыныңнегізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

     Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

     Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

    • мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
    • салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
    • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
    • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

     Салық жүйесі де өз алдына  сала болып қалыптасуы үшін, біршама  қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар  жасалынып, қазіргі кезде тұрақты  жүйеге түсті.

     Қазақстан Республикасының салық  жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

     Бірінші кезең.

     1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР  Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемелекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

     1991 жылғы қабылданған Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі туралы» Заңына  сәйкес сол кездегі салық және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.

     I. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

  1. Қосылған құнға салынатын салық.
  2. Пайдаға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
  5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.
  6. Кеден тарифі және баж салығы.
  7. Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.
  8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.
  9. Транспорт құралдарына салынатын салық.
  10. Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
  11. Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.
  12. Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
  13. Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
  14. Мемлекеттік баж салығы.
  15. Табиғат ресурстарына салынатын салық.
  16. Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

    II. Жалпығы бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

    1. Жер салығы.
    2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
    3. Орман табысы.
    4. Су үшін төленетін ақы.
    5. Табысқа салынатын салық.
    6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
    7. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
    8. Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
    9. Елтаңбалық алым.
    10. Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.

    III. Жергілікті салықтар мен алымдар:

    1. Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық.
    2. Курорттық алым.
    3. Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
    4. Жарнамаға салынатын салық.
    5. Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
    6. Автотраспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
    7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
    8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
    9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
    10. Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.
    11. Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
    12. Аукциондық сатудан алынатын алым.
    13. Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
    14. Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.
    15. Ит иелерінен алынатын алым.
    16. Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
    17. Жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

     Екінші кезең.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі  1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда кліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

     Жергілікті мемлекеттік салықтар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
  2. Қосылған құнға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

    Жергілікті  салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы.
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
  3. Көлік құралдарына салынатын салық.
  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
  5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
  6. Аукциондардан алынатын алым.

     Қазақстан Республикасы Президентінің  бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңынв сәйкес мәртебесін алды.

     Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынандай түрлері қолданылды:

  1. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  2. қосылған құнға салық;
  3. акциздер;
  4. бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;
  5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
  6. әлеуметтік салық;
  7. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
  8. жер салығы;
  9. заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
  10. көлік құралдарына салынатын салық;

    10-1) бірыңғай жер салығы;

    11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;

    12) қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;

    13) аукциондық сатудан алынатын  алым;

    14) Қазақстан Республикасының базарларында  тауарларды сату құқығын бергені  үшін алынатын алым;

    15) Қазақстан Республикасының радиожиілік  ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

    16) заңды және жеке тұлғалардың  Алматы қаласының рәміздерін  өз фирмалық атауларында, қызмет  көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында  пайдаланғаны үшін алынатын алым;

    16-1) заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді (түбір сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;

    17) жеке тұлғалардың ставкасы есептеу  базасының 1 пайызынан жоғары  белгіленбейтін қолма-қол шетел  валютасын сатып алғаны үшін  алынатын алым.

         Үшінші кезең.

         2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының  жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

         Салық кодексі салықты және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу  және есептеу мен төлеу тәртібі  жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ  мемлекет пен салық төлеуші  арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

         Қазақстан Республикасының салық  заңдары Салық кодексінен,  сондай-ақ  қабылдануы Салық кодексінде  көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

         Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуі тиіс емес.

         Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  – Салық кодексінде белгіленген  тәртіпте және жағдайларда белгіленеді,  енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

         Салық кодексі мен Қазақстан  Республикасының басқа да заң  актілерінің арасында қайшылықтар  болған кезде, салық салу мақсатында  Салық кодексінің нормалары қолданылады.  Салық кодексінде көзделген жағдайларды  қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізу тыйым салынады.

         Салық заңдары Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар  және заңды тұлғалар мен олардың  құрылымдық бөлімшелері қолданады.

         Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар бойынша енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

         Қазақстан Республикасының Салық  кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде «экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы» қосылды.

         Салықтың түрлері:

    1.Корпорациялық табыс салығы.

    2.Жеке табыс салығы.

    3. Қосылған құн салығы.

    4. Акциздер.

    4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

    5. Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнайы төлемдері.

    6. Әлеуметтік салық.

    7. Жер салығы.

    8. Көлік салығы.

    9. Мүлік салығы.

         Алым- дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түрінде құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

         Сонымен қатар алым- анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.

         Төлемақы- белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

         Мемлекеттік баж  дегеніміз- уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

         Баж салығы- алып келінген, сыртқа шығарылған, сондай-ақ транзитті тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.

         Мемлекеттік баж  салығы- төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.

         Кеден төлемдері:

    • кеден бажы;
    • кеден алымдары;
    • алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
    • алымдар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тәжірибелік бөлім.

1. Тапсырма.

Бизнес-жобадың  қалыптасу кезеңдерін зерттеу барысында мынадай тәуекелдер анықталды:

  1. Сұраныстың айнымалылығы.
  2. Балама өнімнің пайда болуы.
  3. Бәсекелестермен бағаның төмендеуі.
  4. Бәсекелестер өндірңсінің ұлғаюы.
  5. Салықтардың өсуі.
  6. Айналым құралдарының жетіспеушілігі.

    Осы тәуекелдерге сәйкес пайдаға кері әсер ететін мына факторларды қойыңдар:

    А. Несиелердің өсуі.

    В. Сатылымның құлдырауы.

    С. Бағаның өсуімен сұраныстың төмендеуі.

    D. Сұраныстың төмендеуі.

    Е. Бағаның төмендеуі.

    F. Таза пайданың азаюы.

    Шешуі. 1-С.2-D. 3-E. 4-B. 5-F. 6-A.

2. Тапсырма.

Қаржы бөлудің тиімді түрін таңдау.Барлық нұсқалар бойынша өнім көлемі біркелкі. Бастапқы мәліметтер кестеде берілген. 

Көрсеткіштер Нұсқалар
1 2 3 4 5 6
Жылдық  жұмыс көлемінің өзіндік құны, С; тнг/жыл 1800 1600 1400 1000 600 400
Қаржы бөлу К; тнг - 400 1800 4000 6000 8200
Е=0,1