Бизнес-жоспар Мотельдер ашу




Бизнес-жоспар

Мотельдер ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл   

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 17

4.4 Маркетинг стратегиясы 18

5. Техникалық жоспарлау 19

5.1 Техникалық процесс 19

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 19

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 20

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 21

7. Жобаны іске асыру 22

7.1 Іске асыру жоспары 22

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 22

8. Пайдалану шығыстары 23

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 24

10. Қаржыландыру қажеттілігі 25

11. Жобаның тиімділігі 26

11.1 Cash-flow проекциясы 26

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 26

11.3 Баланс проекциясы 26

11.4 Қаржы индикаторлары 27

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28

12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 28

12.2 Қоршаған ортаға  әсер 28

Қосымшалар 29

 

 

Кестелер тізімі

1-кесте – Жылдар бойынша жоспарланатын өндірістік бағдарлама

2-кесте – Қонақ үй қызметтерінің жоспарлы бағасы

3-кесте - Боровое кентіндегі отельдер мен демалыс үйлері

4-кесте – Қонақ үй кешені үшін қажетті жабдықтар кешені

5-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

6-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар, мың теңге

7-кесте – Айына ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

8-кесте – Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

9-кесте – Еңбекақы шығыстарының есебі, мың тг

10-кесте – Жобаның инвестициялары, мың теңге.

11-кесте –Қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

12-кесте - Кредиттеу шарттары

13-кесте – Кредит бойынша төлемдер, мың тг

14-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

15-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері

16-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

17-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау

18-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (6 жыл)

 

 

 

Суреттер тізімі

1-сурет – ҚР туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер сан, мың адам

2-сурет – ҚР орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілген келушілер саны,  мың адам

3-сурет – Ақмола облысында келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік

4-сурет - Ақмола облысында қонақ үйлепрдің толтырылуы, %

5-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі номерлер саны, бірлік

6-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі орналастыру орындарының саны, бірлік

7-сурет – Ақмола облысының қонақ үйлерінде келушілердің орналасу орындарымен қамтамасыз етілу санының өзгеру серпіні, адам,

8-сурет  - Ұйымдастыру құрылы

  

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының (бұдан әрі – Ақмола облысы) Щучье-Бурабай курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін  табыс табу  болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы  қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.

Қонақ үй ретінде  2-қабатты  ғимарат салу, сондай-ақ қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін  жабдықтар  сатфып алу жоспарлануда.

Жоба бойынша  жалпы инвестициялық шығындар мыналарды  қамтиды:

Шығысытар, мың  тг.

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

285 186

Негізгі капитал

11 667

Барлығы

296 853


 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты  қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг .

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

89 056

05.2012-01.2013

30%

Қарыз қаражаты

207 797

05-12.2012

70%

Барлығы

296 853

 

100%


 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты  төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестермен


 

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:

Жылдық пайда (5 жыл), мың тг.

10 061

Активтердің рентабельділігі

18%


 

14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 8 081  мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

14%

 

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

8 081

 

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

5,1

 

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

9,4

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан  мыналарға ықпал ететін болады:

- жаңа жұмыс орнын құру, бұл  тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;

- туристерді қоса алғанда қонақ үй  қызметтерін көрсету үшін  жаңа мотель құру Ақмола облысының бюджетіне  салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Әлеуметтік әсерлердің арасынан:

- халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;

- туристер мен саяхатшыларды  бір мекеннен екіншісіне қатынайтын алыс сапарларда талаптарын қанағаттандыру үшін  демалыс, тамақтану және басқа сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге болады.

 

Кіріспе

Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың  шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды бөлігі.

Қонақ үй бизнесі  туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын  ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қонақ үй кәсіпорнының  негізгі функциясы  тұрғындарға  уақытша тұратын үй  ұсыну болып  табылады.

Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол  қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде  сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.

Қонақ үй  қызметтері нарығы қонақ  үй кәсіпорындары мен  қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі  субъектілердің болуымен сипатталады.

Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін  барлық мүмкіндіктер бар.

Республиканың бай  тарихы,  сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық,  барынша ашықтық және оның  ынтымақтастыққа дайындығы – осының бәрі  туристік сияқты қонақ үй саласының да  жедел дамуына ықпал етеді.

 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы  Қазақстан Республикасы Ақмола облысының                      Щучье-Бурабай  курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты  оған қатысушының материалдық әл-ауқатын  жақсарту үшін  табыс табу  болып  табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы  қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін  туристер болып табылады.

Компанияның басымдықтары:

- қонақ үй бизнесі жұмысындағы тәжірибесі мол білікті құрам;

- қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;

- қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да бағдарланған.

Қонақ үй қызметімен қатар  тамақтану қызметтері де (кафе) көрсетіледі.

Қонақ үй орын-жайының жалпы  алаңы 657 шаршы метрді құрайды..

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай  бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да  жобаны іске асырған  кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың  ерекшелігін барынша ашып көрсету  қажет болады..

 

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі  функциясы клиенттерге уақытша  тұратын орын ұсыну болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі  белгілері мыналар::

- номерлік  қорлардың болуы;

- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде  қызмет көрсету);

- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде  төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

• орналастыру;

• тамақтану;

• бос уақыт;

• тұрмыстық  қызметтер көрсету.

Олар  негізгі, қосымша және ілеспе  қызметтерді  қамтиды.

Қандай қонақ үйдің болмасын  қажетті шарты екі негізгі  қызметінің болуы:  орналастыру және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау  біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден  қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін  қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т.б.

Қонақтарға қызметтер  көрсету  әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау),  сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату),  сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері).

Қосамша және басқа қызметтерге  бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті,  және басқалары кіреді.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.

Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара  қонақ үй корпорациясы болсын  барлық отельдердің негізгі міндеті  қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді,  сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.

Мотель – отельдің бір  түрі,  шағын қонақ үй. Мотель жол  бойы қонақ үйін білдіреді.

Әдетте мотельдер бір  немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы,  сондықтан тұру құны да  соған сәйкес болады.

Ғимарат тек номерлерден  ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы – номерлердің есіктері парковка жағына шығады. Номерлердің  жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.

Мотельде  ақы төлеу  жеке әкімшілік корпусында орналасатын  тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.

Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын,  мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де  мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің  кемшілігі  қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ  қызмет көрсету түрінің аздығы болып табылады.

 

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

 

1-кесте – Жылдар бойынша  жоспарланатын өндірістік бағдарлама 

Көрсеткіш

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Стандарт номерлерінің саны

15

Толтырылуы

70%

Люкс номерлерінің саны

5

Толтырылуы

57%

Кафеге келушілер саны

66

69

73

76

80

84

Сату, мың

105 204

105 204

105 976

106 787

107 638

108 532


 

Сату бағдарламасы жүргізілген  маркетингтік зерттеулер (ұсынылатын стоматологиялық қызметтер ретінде  тұтынушылардың басымдық берулерін  айқындау мақсатында) нәтижелерінің  негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары  арқылы айқындалатын  сатып алу  қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен  өнімнің өзіндік  құнына негізделген.

 

2-кесте – Қонақ үй қызметтерінің жоспарлы бағасы

Кірістер баптары

 

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Қонақ үй

мәні

6 679

6 679

6 679

6 679

6 679

6 679

1 номердің құны, теңге

15 179

15 179

15 179

15 179

15 179

15 179

15 179

               

Люкс

57%

57%

57%

57%

57%

57%

57%

1 номердің құны, теңге

22 321

22 321

22 321

22 321

22 321

22 321

22 321

               

Кафе

мәні

1 149

1 207

1 267

1 330

1 397

1 467

Орташа түбіртек, теңге

580

580

580

580

580

580

580


 

Бағаны қалыптастырған кезде инфляция  назарға алынған  жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі  кәсіпорынның сату бағасына  қатарлас әсер ететін  болады.

 

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Қонақ үй нарығын олигополистикалық  бәсекелестіктің нақты белгіленген  белгілері бар  монополиялық  бәсекелестік нарығын ретінде  сипаттауға болады:

- Нарықта қонақ үй бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар көрсететін  қызметтер туралы  ақпараттары жеткіліксіз сатып алушылар саны барынша жеткілікті.

Әлеуетті сатып алушыларды қонақ үй және көрсетілетін қызметтер туралы  хабардар етуге бағытталған белсенді маркетингтік және жарнамалық саясатты міндетті түрде өткізу;

- Нарықта барынша көп сатушылар жұмыс істейді, олардың қызметтері сараланған;  сәл ғана айырмашылығы бар:  бірінде  ақылы автотұрағы бар; біреуінде жоқ және т.б. Фирмалардың бірде бірі  осындай қызметті көрсетпейтіндіктен  оның баға алдындағы  билігі басым.

Сонымен қатар нарықта  сипаты бойынша  ауыстыру-қызметтерінің  болуы фирманың бағаны  көтеруіне  шек қояды,  өйткені нарықта осындай қызметтердің болуы  олардың бағасына барынша әсер етеді. Сондықтан нарықта  бағалық бәсекелестік әдісі  жоқ;;

- Олигополия элементтері нарыққа барынша жоғары кедергілер келтіреді:салаға ену үшін м ол капитал болуы қажет,қонақ үй құрылысы мен қажетті жабдықтар  өте қымбат тұрады.

Сонымен қатар  саладан  шығу ешқандай  кедергімен шектелмеген: қонақ үй ғимаратын қайта жабдықтау  қиын емес, номерлерді  офис ретінде  жалға беруге болады және т.б. Осындай  кіріс және шығыс кедергілерінің арақатынасы  бизнесті бірқатар сақтандыра алады.

Қазақстандағы туристік фирмалар  қызмет көрсеткен келушілер санының  серпіні  ұлғаюда. Бұл серпін 1-суретте  берілген.

 

1-сурет – ҚР туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер сан, мың адам

                             Шығу туризм              Келу туризмі               Ішкі туризм

                                              Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Суретте көрсетілгеніндей, 2010 жылы түрі бойынша туристік фирмалардың  келушілер саны:  «Шығу туризмі» 262 мың адамды құрайды, ал 2009 жылы оның саны 184 мың адамды құраған,  бұл 78 мың адамға (немесе 42,4%) аз.  .

 

2-сурет – ҚР орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілген келушілер саны,  мың адам

                                      Орналастыру объектілерінің саны                          Қызмет көрсетілді, мың адам

                                            Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілгендер саны жыл сайын өсуде. Бұл туристер санының жыл сайын өсуіне негізделген,  қонақ үй бизнесі дамуда.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша Ақмола облысында келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны 2009 жылы 67 адамды, 2010 жылы – 144 адамды құрады.

 

3-сурет – Ақмола облысында келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік

 

                                       Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

 

Ақмола облысында қонақүйлердің  толықтырылуы 13,9 % құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 1,3 % көп.

 

4-сурет - Ақмола облысында қонақ үйлепрдің толтырылуы, %

                             Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Ақмола облысында  қонақ үйлер номерлерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы  233 бірлікке ұлғайды

 

5-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі номерлер саны, бірлік

                                      Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Қонақ үйлерде  орналастыру орындарының саны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 18 бірлікке ұлғайды, бұл ретте 71 бірлікті құрады.

 

6-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі орналастыру орындарының саны, бірлік

                                 Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Қонақ үйлерде  келушілердің орналастыру орындарымен  қамтам асыз етілі саны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 79 534 адам ға ұлғайды және 130 227 адамды құрады. Арту пайызы 157 % құрайды.

 

7-сурет – Ақмола облысының қонақ үйлерінде келушілердің орналасу орындарымен қамтамасыз етілу санының өзгеру серпіні, адам,

                                               Ақпарат көзі: ҚР Статистика  агенттігі

Бұл көрсеткіштер  оң серпінді көрсетеді. Бұл  кәсіпорын  қызметтері алдағы уақытта да сұранысқа  ие болатынына негіз болады. .

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның  негізгі  бәсекелестері жол бойы қонақ  үйлері болып табылады.

Кәсіпорынның жанама  бәсекелестері Шучье-Бурабай аймағындағы  отельдер мен демалыс үйлері болып  табылады..

 

3-кесте - Боровое кентіндегі отельдер мен демалыс үйлері

 

1-бәсекелес

2-бәсекелес

Бәсекелестің атауы

«Береке»

«Алем»

Сипаттама және қызметтер сапасы

Отельде люкс, жартылай люкс номерлеріне  тапсырыс беруге болады. Әрбір номер  – жиһазбен, теледидармен, телефонмен, душ кабинасымен жабдықталған. Қонақтарға көрсетілетін қызметтер -  бассейні бар сауна,  бильярд,  ыңғайлы мейрамхана, банкет залы,спорт алаңы, европа және шығыс тағамы ұсынылады.Номерлерде халаттар, теледидар, телефон, душ бар.

Отельде «люкс» класты  32 номер бар, , төрт бөлмелі VIP – апартаменттерімен, 2-қабатты есігі бөлек VIP – коттеджімен бірге. Барымен бірге мейрамхана бар. Отельдің 90-100 адамға арналған конференц-залы бар. Отельде бильярд, кір жуу,химиялық тазалау, шаштараз, автомобиль тұратын орын бар.

Бір номердің құны, теңгемен

1-бөлм. 2 орын (жақс.) – 14 000

1-бөлм.,2 орын. – 12 000

2-бөлм. – 16 000

3-бөлм. ,4 орын – 16 500

Люкс (1 бөлм 2орындық.) – 18 200

Люкс (1 бөлм.., 2 орындық – 20 200

Люкс (1 бөлм. 2 орындық кондиционер) – 23 200

VIP №311(4 жататын бөлме, кондиционерлер) – 65 200

 

3-бәсекелес

14бәсекелес

Бәсекелестің атауы

«Ак Булак»

«Айнаколь»

Сипаттама және қызметтер сапасы

Отель-коттедж Боровое кентінің орталығында орналасқан. Отельде емдеу рәсімдері,, массаж, ванныалар (хош иісті және тұзды), батпақ аппликациялары, электрофорез, квант терапиясы гидроколонотерапия. Отельде спорт залы, стол теннисі, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ бассейн бар.

«Айнакөл» отелі Боровое демалыс аймағында орналасқан,мұнда сервис ұсынылады,көптеген ойын-сауық орындары бар (мысалы, поездки на экскурсии на квадрациклдармен экскурсияға шығу), номер қоры жақсы

Сипаттама және қызметтер сапасы

Люкс (2 орынды. 2 бөлмелі– 20 200

п/люкс (2 орынды, 1 бөлмелі – 16 200

п/люкс (4 орынды,1 бөлмелі– 24 200

Люкс – 48 000

Жақсартылған стандарт – 36 000

Стандарт – 24 000

 

5-бәсекелес

6-бәсекелес

Бәсекелестің атауы

«Бай Бура»

«Алмаз»

Сипаттама және қызметтер сапасы

Отельде сауна, бильярд, мейрамхана,  теннис бар, экскурсияға шығарады. Оның құнына: тұру, 3 рет тамақтану кіреді. Төсек-орынды ауыстыру: қонақ үйде 7 сөткеден артық болған кезде  4 сөтке өткеннен кейін.. 2 жасқа дейінгі балалар орынсыз, тамақтандырусыз тегін тұрады. Боровое курорт аймағы бойынша таныстыру сапары, атпен серуендеу, табиғи және тарихи мұражайларда  болу, шаңғы, шана тебу.

В отеле «Алмаз» отелінде спорт залы, тренажер залы, сауна бар. Зимой можно покататься на Қыста снегоходпен, шаңғымен серуендеуге болады, отельге жақын орналасқан канатпен көтерілуге болады, Ойын-сауықтардан: теннис, бильярд, шахмат, дойбы, нарды бар.

Сипаттама және қызметтер сапасы

Люкс 2 орынды, 56 ш.м., 2 бөлмелі, джакузи, ТВ, жұмсақ жиһаз – 24 000

 Жартылай люкс 2 орынды, 32 ш.м., жұмсақ жиһаз, ТВ, душ-кабина – 17 000

2 орынды стандарт, душ-кабина, ТВ, жұмсақ жиһаз – 15 000

Стандартты, 5-қабат,жақсарт., 1 адамдық – 6 200

Жартылай люкс 2,3,4-қабаттар, 2 адамдық – 16 200

Люкс  2 адамдық – 21 200

1 адамдық, қарапайым – 4 700

 

7-бәсекелес

8-бәсекелес

Бәсекелестің атауы

«Лесная сказка»

«Ақ Жиек»

Сипаттама және қызметтер сапасы

"Лесная Сказка" демалыс үйі – бұл он екі ғимарат, қолайлы орындарымен бірге бес жататын бөлме бар: спутникті ТВ-сы бар теледидар, тоңазытқыш, санитарлық торап. Медициналық-сауықтыру корпусында қажет еткен барлық адамдар  білікті мамандардың кеңесін алады, массаж курсын өтеді, батпақты  аппликациялар алады. Демалушыларға  мейрамхана-бар,  үш сауна қызмет көрсетеді,  бильярд,спорт құралдарын жалға алуға болады, футбол алаңы, экскурсия, балық аулау, және басқалары бар.

Пансионат жан-жақты ыңғайлы номерлерде демалуды ұсынады, оларда  санитарлық тораптар мен душ кабиналары бар, заманауи жиһазбен теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған. Сондай-ақ «люкс» және  экон.класты  номерлер де бар. Демалушыларға:  банкет залы, сауна бар,  бильярд, спорт зал, күзетілетін тұрақ,  ғимарат ішіндегі және пансионат аумағындағы бассейндер қызмет көрсетеді. Қосымша қызметтер мен ойын-сауықтар ұсынылады:  экскурсиялар спорт құралдарын жалға алу (шаңғы, снегоходтар, шана, мопедтер, велосипедтер, стол теннисі) ұсынылады..

Сипаттама және қызметтер сапасы

6 орындық стандартты номер (2,3 корп) 1-бөлм. – 27 000 ж/люкс - 13 000

Люкс (1 бөлм..,35 ш м) – 16 000

2 орындық 2 бөлм. номер– 13 000

Люкс (2 орын..) кабельді ТВ - 32 000

Стандарт (2 орындық) – 26 000

Эконом 2-, 3-, 4 орындық – 11 000 – 16 500


 

Қонақ үйдің негізгі  басымдығы демократиялы бағасы, қолайлы  орналасқан жері болып табылады..

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Қазақстан өзінің қонақжайлылығымен  кеңінен танылған ел. Сонымен қатар  қонақ үй және туристік бизнес республикада  әлі жетілмеген. Туристер Қазақстанға  келуге асықпайды, демалыс базалары тұру қолайлылығы, аумақтарының тазалығы, номерлердің бағасы тым жоғары.

Қазақстанда қонақжайлылық  индустриясы кәсіпорындарын дамытудың  негізгі үрдістері:

- нарықта халықаралық қонақ үй желісінің пайда болуы;

- шағын кәсіпорындар мен баламалы қонақ үй нысандары желісін белсенді дамыту (сөткелік пәтерлер);

- алдағы 2-3 жылда туристер легін ұлғайту және қонақ үй жұмыстарының көрсеткіштерін жақсарту;

- 4* мен тәуліктік пәтерлер қызметтеріне белсенді сұраныс;

- қонақжайлылық индустриясына  жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Қонақ үй маркетингінің  ерекшелігі  қонақ үй өнімінің,  оның уақыт және кеңістік аралығында тұрақтау ерекшелігіне байланысты болады. Қысқа уақыт ішінде номерлер санын  барынша ауыстыру, оларды сату үшін сақтау және  оларды тұтынушыларға ұсыну мүмкін емес.

Қонақ үй қызметтеріне деген  сұраныс тұрақты емес,  ол уақыт  мерзіміне байланысты болады, маусымдық  ауытқулар болып тұрады. Қонақ  үй өндірісі өнімі  барынша аз ауыспалы шығындарға қарамастан жоғары материалдық  шығындарды талап етеді. Тұрақты  болып тұратын шығындар  қызмет көрсетілетін клиенттер (қонақтар)  санына тәуелсіз ал ауыспалы шығындар тәуелді болады.

Бұл бір маусымда қосымша  үлкен құрамды тартуды талап  етеді, бұл көпшілік жағдайда  қонақ  үй патриоты бола алмайды. Ол қалыпты  деңгейде уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге  мүдделі емес. Бұдан  басқа,  тұрақты шығындарға қаражаттың жетіспеу  қонақ үй өнімінің сапасын  төмендетеді.

Кәсіпорында өндірісті  ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді  мынадай принциптерді  ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

1. Қызметтер бәсекелестігінің тұрақты мониторингі және оларды жетілдіру жұмысы.

2. Сұранысты қалыптастыру,  имиджді қалыптастыру және  тұрақты клиенттерді бекіту  бойынша шаралар кешенін пайдалану.

Маркетингтік стратегия  қонақүй қызметтерін өткізуді ұйымдастыруды  білдіреді. Мақсаты – халықтың барлық тобының қол жетімдігі. Кәсіпорын  екі бағыт бойынша: қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу арқылы есеп айырысуды жоспарлауда.

Маркетинг сегментациясы  табыстары әр түрлі (орташа, жоғары) клиенттердің  сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған.

Жарнама науқаны әр түрлі  бағыттарда қалыптасады:

- интернетте сайт орналастыру; 

- қызметтер түрлерін, бағаларын көрсете отырып баспасөзге ақпарат беру;

- қалқандар, көрсеткіштер;

- желілік жарнама;

- кітапшалар, күнтізбелер, буклеттер және т.б..

Кәсіпорын бюджетіне  жарнамаға  арналған ай сайынғы шығыстар  енгізілген.  

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Техникалық процесс

Қонақ  үй қызметтерінің ерекшелігі  қонақтарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен және технологиясымен  айқындалады.

Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі мыналарды  қамтиды:

- қонақ үйге кіреберісте қарсы алу;

- қонақтың құжаттарын тіркеу, ресімдеу және орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтану кезінде қызмет көрсету;

- мәдени сұранымдарды қанағаттандыру, спорт, сауықтыру және фитнес қызметін көрсету;

- кетуін ресімдеу, шығарып салу.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Жалпы алаңы 657 шаршы метр  қонақ үйге арналған орын-жайды  салу.

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

Қонақ үйдің жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге  болады. .

 

4-кесте – Қонақ үй кешені үшін қажетті жабдықтар кешені

Атауы

саны

 

Кафе үшін

 

1

Пеш

1

2

Пісіру-нан пісіру шкафы

1

3

Тоңазытқыш

4

4

Столдар

12

5

Орындықтар

48

6

Кондиционерлер

4

7

Бар тұғыры

1

8

Техникалық заттар, ыдыс-аяқ

1

 

Қонақ үй номерлері, холл үшін

 

9

Кровать

24

10

Тумбочкалар

48

11

Жұмсақ жиһаз  (люкс номерлер үшін)

6

12

Диван

18

13

Кресло

24

14

Кондиционерлар

24

15

Орындықтар

48

16

Журнал столы

24

17

Тоңазытқыш

24

18

Шамдар, бра

144

19

Кіреберіс

24

20

Кір жуу машинасы

2

21

Өзгелері

24

Бизнес-жоспар Мотельдер ашу