Бірлескен кәсіпорын



 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде  еліміздің нарықтық экономикаға  көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік – әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау – әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық – құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан болуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпкерліктің түрлі нысанына байланысты, мемлекет бір фирманың екіншісіне қосылуын не толық енуін пайдаланады. Ал бірлескен кәсіпкерлік қызметтің субьектілері басқа қатынаста өздерінің әрекет бостандығын сақтайды.

Көптеген ірі шаруашылық субьектілерінің  қызметтерінің маңызды құрамдас бөлігі болып халықаралық инвестиция табылады.

Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың  негізгі тенденциясы есебімен сыртқы экономикалық айналымға қатысуда белсенділік  танытуда. Сондықтанда, шетел инвестициясын  тарту экономикалық саясатымыздың  басымды бағыттарының бірі болып  табылады. Бірақ, еліміздің экономикасы ұзақ уақыт әлемдік шаруашылықтан бөлініп қалуынан және осы аймақта жеткілікті тәжірибесінің болмауынан қызметтестіктің ерекше нысаны-шетел инвесторы қатысатын бірлескен кәсіпорын құруды қажет етті.

Мұндай қызметтестік нысаны болып бірлескен кәсіпорын табылды (БК). Айта кету керек, халықаралық тәжірибеде қабылданған “goіnt venture” түсінігі ТМД елдеріндегі “бірлескен кәсіпорын” түсінігінен ерекшеленеді. Егер “goіnt venture” деген ұғым қатысушылардың қандай да бір мемлекетке қатыстылығына тәуелсіз бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданса, ал “бірлескен кәсіпорын” ұғымы бұған қарағанда тар, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекеттен болатын бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданады. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы “бірлескен кәсіпорын” халықаралық тәжірибеде қабылданған шетел капиталы қатысатын кәсіпорын ұғымымен өте ұқсас.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  бірлескен кәсіпорынның қызметін құқықтық реттеу ұлттық және ұлтаралық деңгейде жүзеге асуда. Республикамыз көптеген халықаралық екі және көп  жақты шарттарға, келісімдерге, конвенцияларға қол қойып, бірнеше әмбебап конвенцияларға қосылды. Ал ұлттық деңгейде, экономикаға шетел инвестициясын тартуға бағытталған заңнама базасы жасалды.

Осы жұмыс Қазақстандағы бірлескен  кәсіпорынның дамуының, қызметін ұйымдастырудағы негізгі талаптарының ерекшеліктерін қарауға, сонымен қоса қызметтерін реттеу аймағындағы әрекет етуші құқықтық базасына анализ жасауға бағытталған.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Біріншісі, “бірлескен кәсіпорынның” ұғымына  жалпы сипаттама және оның еліміздегі және әлемдегі даму тарихы жөнінде айтылған.

Екінші тарау бірлескен кәсіпорынды  құруға, басқаруға және оның қызметіне  қажетті негізгі талаптарға арналған.

  Ал үшінші тарау бірлескен  кәсіпорынның Қазақстан Республикасының  аумағында, Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылуы мен оның қызметін құқықтық реттеу анализіне арналады.

Бұл жұмысымда М. Богуславскийдің, Л. Лунцтің, Н. Вознесенскаяның, Н. Шебанованың, С. Сағындықованың, Қ. Мауленовтың, М. Сарсенбаевтың  т.б. еңбектерін және көптеген заң актілерін пайдаландым.

 

Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы

    1. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру

 

Батыс әдебиетінде “бірлескен кәсіпорын” ұғымы – Ұлыбританияда XVІ – XVІІ ғасырларда теңіз саудасымен айналысқан Merchant Ventures немесе Gentlemen Adventures бірлестігін анықтау үшін пайда болған. Бірігіп тауар сатып алып, оларды тәуекел мен шығынды есептей отырып, қайта сату Adventures түріндегі бірлестікке әкелді. Осындай шарттасудың сәйкесті нысаны салдарынан “goіnt stock” туындай отырып, ол жауапкершілігі шектеулі заңды тұлғаның, яғни іncorpated goіnt stock companіes-тің туындауының алғы шарттарын ұсынды.

 Бірақ, “goіnt venture” ұғымы туралы  шетел мемлекетінің заңнамаларында  және сот тәжірибесінде, экономистер мен заңгерлердің еңбектерінде ешқандай ортақ түсінік берілмеді. Бұл ұғымды түсіндіргенде, үш сипаттамалық жағдайда қарастырамыз:

1) goіnt venture – кәсіпорындардың көп не аз тұрақты негіздегі өзара пайдалы қызыметтестігі.

2) жалпы үлестегі мұндай қызметтестікке қатысушылардың мүддесі шаруашылық байланысты сақтауға деген қарапайым ықыласына ұласады, яғни goіnt venture – бұл, тұрақты шаруашылық байланыстанда үлкен құбылыс.

3) goіnt venture – осындай қызметтестікті құқықтық рәсімдеу үшін белгілі бір заңи құралдарды пайдалануды болжайды.

Алғашқыда “goіnt venture” ұғымы әртүрлі  ұлттарға қатысты кәсіпорындардың  бірлескен іскерлік бастамасын белгілеу үшін пайдаланды, бірақ біртіндеп  бір ұлттың кәсіпорындарының бірлескен  қызметіне қолданды.

Қазіргі кезде дамыған елдердің сыртқы және ішкі бірлескен қызметінде бірдей құқықтық нысан пайдаланылады.

Ал “бірлескен кәсіпорынның” тар  мағынасына келсек, мұнда да тұтас  ұғым жоқ. Мысалы: “аралас қоғам”, “аралас  компания”, “аралас фирма”, “бірлескен кәсіпкерлік”, “бірлескен иеліктегі кәсіпорын” т.б.

Англо-американ құқық жүйесінде  “серіктестік“ (partnershіp) ұғымы қолданса, Германияда бірлескен кәсіпорынды  жиі “кәсіпкерлер одағы” немесе “ашық  сауда серіктестігі“ деп атайды. Ал Сауд Арабиясында және Кувейтте бірлескен кәсіпорынды “lіmіted partnershіp” – “шектелген серіктестік“ деп атайды.

Кеңес әдебиетінде және өзге де социалистік  елдерде “бірлескен“ не “аралас“ кәсіпорын түсінігі қолданды.

Шетел авторларының пікірлері бойынша  бірлескен кәсіпорын (әрі қарай  БК) қандай мақсатпен, кіммен, қайда және қанша үлеспен құрылуына тәуелді бір-бірінен өзгеше болады. Оларды сипаттамалық белгілері арқылы төмендегіше топтастыруға болады:

  1. БК-ның орналасу мекен-жайына байланысты, яғни қатысушылары

әртүрлі мемлекет өкілдерінен құралғандықтан, келесі негізде:

        - Өнеркәсібі дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер;

        - Өнеркәсібі дамыған елдер - дамушы елдер.

Ал Кеңес үкіметі кезінде  төмендегіше топтастырылды:

        -   Социалистік және өндірісі дамыған капиталистік елдер;

        -   Социалистік және дамушы елдер.

  1. Серіктестік құрылымына байланысты:

        -  Тек жеке капиталдың қатысумен (дамыған елдерге тән).

        - Жеке фирмалардың және мемлекеттік кәсіпорындардың не ұйымдардың қатысуымен (дамушы елдерге, кезінде социалистік елдерге тән болды).

        -  Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен (барлық елдерге тән).

  1. БК-ға қатысушы серіктестердің қосқан капитал үлесіне байланысты :

        - Енгізетін капитал үлесі бірдей серіктестердің тең қатысуымен;

        - Шетел капиталының көп үлеспен қатысуы. Бұл нысанда шетел серіктесі БК–ның қызметіне жоғары дәрежелі бақылауды қамтамасыз етуге ұмтылады, ал жергілікті серіктес кәсіпорында өз үлесін көбейту үшін қажетті қаржы құралдарын иеленбейді.

        - Шетел серіктесінің қатысу үлесі аз не төмен дәрежеде. Бұл нысанда БК ұлттық кәсіпорынға ұқсас, ереже бойынша мемлекет ұсынған әртүрлі жеңілдіктерді пайдаланады.

  1. Қызмет түріне, яғни серіктестердің алдына қойған мақсаттарына сайкес:

        - Ғылыми нәтижелер мен тәжірибе біріктіру, жаңа өнім, ноу- хау, құрал –жабдықтар дайындау үшін жобалар әзірлеу мақсатында құрылған ғылыми сипаттағы БК;

         - Өндіріс үрдісінде және өнімді өткізу кезіндегі шығынды төмендету мақсатында шетел инвесторы құрған өнеркәсіптік сипаттағы БК;

          - Шетел серіктесінің кәсіпорнына толықтай өнімді өндіру үшін қажетті арзан шикізатты және жартылай фабрикатты жергілікті нарықтан сатып алу мақсатында құрылған сатып алушы БК;

          - БК орналасқан елде және үшінші елде өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын, жаңа нарықты игеру мақсатында құрылған - өткізуші БК;

         - Әртүрлі қызмет түрлерін байланыстыратын кешенді БК;

БК құру ережеге сай мына мақсаттардан тұрады:

          - Әлемдік жүйеде капиталалмасуын және еңбек бөлінісін толық тарту есебінен экономиканың тиімділігін арттыру;

          - Озат ғылыми - техникалық жетістіктермен басқару тәжірибелерін жұмылдыру;

          - Ғылыми - техникалық жетістіктердің тәжірибелік игерілуін тездету;

          - Қосымша материалдық және қаржылық ресурстарды тарту;

          - Тиімсіз импортты қысқарту.

 

 

 

1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы

 

Қазақстан Республикасында Қазан төңкерісіне дейін шетел қатысатын кәсіпорындар  қызмет етті. Олар, әсіресе, қазба өнеркәсібінде болды. Мысалы: ағылшын-француз Спаск-Успен мыс рудасын өндіретін акционерлік қоғамы, Ембі мұнай кенімен айналысқан Батыс Орал мұнай қоғамы.

Осыдан кейін, БК Қазақстанда қайта  құру кезінде пайда болды. Бұл  кезеңде БК-ның құрылтайшылары кооперативтер бола отырып, оларды шетел инвестициясы қатысатын кәсіпорынға енгізу экстенсивті түрде өсті. 1989 жылы шетел қатысатын кәсіпорынның 8-і тіркелсе, 1990 жылы олардың саны 15-ке жетті.

БК-ды құруға арналған үшін нақты құқықтық баспа 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған “Шетел инвестициясы туралы” Қазақ КСРО-ның заңы болды. Осы заңға тіркелген қосымшада өндірістік өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі көрсетілді де, оларды жүзеге асырушы шетел инвестициясын пайдаланатын кәсіпорындар арнаулы жеңілдіктер алды.

БК құрлымын коммерциялық және делдалдық кәсіпорындар иеленгендіктен, олар төлем тапшылығының балансына мәнді салым енгізбеді және ішкі нарықты өндірістік тауарлармен толтыруға аса ықпал көрсетпеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  БК саны едәуір өсті.

1992 жылы шетел инвестициясы қатысатын БК-ның жарғылық қорының құны және жобалауда капиталды шоғырландыру бойынша бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы алды. Мұнда Жапон, Ақш, Австрия, Қытай және т. б. елдер өз капиталдарын енгізуге ұмтылды. Олардың қатысуымен он екі БК құрылып, БК-ды қызметке қосатын жарғылық қордың жалпы валюталық бөлігі 182,8 млн долларды құрады. Шетел инвесторы үшін, бұл облыс бай шикізат базасымен қызығушылық  тудырды.

Қалалар арасында тіркелген БК-дар саны бойынша бірінші орынды Алматы қаласы алды. Алматыдағы БК-ның қызметі халық тұтынатын тауарларды өндіру, азық-түлік өнімдерін өндіру, алдыңғы қатарлы технология енгізу, түсті металл және алтын кенін толықтыратын техниканы енгізу, құрылыс, телерадио аппараттарын өндіру, ауыз суды тазалау бағытында болды.

1993 жылдың басында БК-дардың арасында өнімді импорттайтын кәсіпорын көбейсе, экспорт операциясын жүзеге асыратын кәсіпорындар азайды. Біріншісі елу екіге дейін өссе, екіншісі он алтыға дейін кеміді.

1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда  2624 БК тіркеліп(1995 жылы 1 қаңтарда-2025 БК), оның 656 қызмет атқарды, тіркелгендердің 75% немесе 1968 БК ешбір өндіріске салымдарын салмады және ешқандай қызмет көрсетуді жүзеге асырмады.

Қазіргі кезде БК-дар Қазақстанның барлық облысында қызмет етуде. Оның ішінде 368-і(56%)- Алматы қаласында, 39-ы(6%)- Қарағанды облысында, 32-сі(4,8%) - Атырау облысында, 24-і(3,6%) - Алматы облысында, 26-сы(4%) - Оңтүстік Қазақстанда, 24-і(3,6%) -Павлодарда, 18-і(2,7%) - ШығысҚазақстанда, 17-сі (2,6%) - Ақмола облысында, 14-сі (2,1%) - Семей облысында, 11-і (1,7%) - Талдықорған облысында, 10-ы (1,5%) - Жамбыл облысында орналасқан.

Ал БК-ның аз шоғырланған жерлері - Қызылорда, Маңғыстау, Торғай, Жезқазған облыстары.        

Қазіргі кезде ҚР-да БК-ның қызметіне серіктес елдер ретінде әлемнің 90-ға жуық елдері қатысуда. Қызмет етуші БК-ның көпшілігі Еуропа және Азия мемлекеттерінің фирмаларымен құрылған. Сонымен қатар, 70-тей БК өз қызметін американдық фирмалармен жүзеге асыруда. Аса белсенді қызметтестікті БК бағытында Түркия, Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, Пакистан, АҚШ орнатуда. Бұл елдермен Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт жасап қана қоймай, капитал енгізуді өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімді бекітті. Сөз жоқ, тиісті халықаралық шарттар Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат тудыруға әсер етті.

АҚШ әлі де елімізге капиталдарын енгізуде белсенділік көрсетіп отыр. Бұл күнде 230-дан астам Қазақстан-Американ БК-дары тіркелген. ҚР-ның Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша елімізде Американдық инвестицияның көлемі 1,9 млрд доллардан тұрып, бұл шетел инвестициясының жалпы сомасының 28% құрайды.

Қазақстан экономикасындағы БК-дар болашақта дамудың жарқын көрнісі ретінде мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет етуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел инвестициясын тартудың келесі салалық құрылымы бақылануда.

Қазақстанда шетел инвестициясын  өндіруші салаға тарту тенденциясы  экономикадағы қызметтерінің тиімділігі шектелгенге дейін сақталуда. Бұл  жағдай көптеген шетел сарапшыларының пікірі бойынша “голландиялық аурудың” пайда болу қауіпі төніп тұр, яғни экономиканың белгілі бір жеке салалары инвестиция есебінен қанығу қауіпі.

Мұндай қатынастар маңызды инвестициялық  заңнаманың дамуын ұсына отырып, экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.

    1. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)

БК-ның есеп саясаты және оның принциптерінің ерекшелігі бірлескен кәсіпорын құрылған күннен бастап, яғни 1993 жылдан бері Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде есеп жүргізіп келеді. Сәйкесінше барлық қаржылық көрсеткіштер АҚШ долларында көрсетіледі.

БК бухгалтерлік процедураларының мақсаты бірлескен  кәсіпорынның нақты шығындары мен табыстарын айқын көрсететін бухгалтерлік есеп принциптерін бекіту болып табылады. БК ның бухгалтерлік процедуралары №1 Келісімге сәйкес Бірлескен шотты қолдануды және №2 Келісімге сәйкес Мұнай операцияларының шотын («Бірлескен шот») қарастырады.

Бірлескен шот деп БК-ның өз қызметіне қатысты барлық төлемдерді, шығындар мен түсімдерді, сонымен қатар БК Қатысушыларыан алынған аванстарды көрсететін шоттар тобын атайды. Мұндай шоттар үш субшоттан құралады: бірі – барлау, екіншісі  - әзірлеу және игеру, үшіншісі  - операциялық шығындар бойынша.

БК жалпы  мұнай саласының форматтары бойынша  арнайы қаржылық есеп дайындайды. Ол басқару  органдарына есеп берумен қатар, әр тоқсан сайын Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қаржылық есеп нәтижелерін ұсынады. Қаржылық есеп Бірлескен шот бойынша бірлескен кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есептен, Кірістер мен шығыстар есебінен, Ақша құралдарының қозғалысының есебінен, Құрылтайшылар капиталындағы өзгерістер есебінен құралады.

Қаржылық  есептегі ерекшелігі бар бірнеше  ұғымдарға тоқтала кетуге болады. Шығындарды қаржыландыру және жабу.

БК рұқсатты алаңның нақты блогында шығындаған лемі шығындарын тек осы блокта өндірілген лемі есебінен келесі түрде жаба алады:

1. БК лемі шығындары әр блок бойынша жеке есептелетін капиталды шығындардан және ағымдық шығындардан құралады.

2. Капиталды шығындар барлау және игеру шығындарынан құралады.

3. Капиталды шығындар рұқсатты алаңның нақты блогында Либор плюс 3%- тен артық емес лемі тік мөлшерлемесін есепке ала отырып, барлық осы блокта өндірілген және сақталған мұнайдың лемі есептелгеннен кейінгі құнының 60%- мен жабылады  (Капиталды шығындарды жабатын лемі).

4. Капиталды шығынар келесі кезекпен өтеледі:

 а) Барлау шығындары

 б) Игеру шығындары

5. Ағымдық шығындар  күнтізбелік жыл ағымында рұқсатты  алаңның нақты блогында өндірілген  және сақталған мұнайдың лемі және капиталды шығындарды жабатын лемі лемі есептелгеннен кейінгі құнынан алынады.

6.  Рұқсатты алаңның  нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың лемі, капиталды және ағымдық шығындар өтелгеннен кейінгі қалған бөлігі осы блоктан белгілі күнтізбелік жылы алынған Пайда мұнайы болып табылады. Пайда мұнайына табыс салығының 25%-і есептелгеннен кейінгі лемі, яғни таза пайда Қазақстан және Түркия жақтары арасында олардың үлестеріне қарай пропорционалды қатынаста бөлінеді.

Басқару гонорары:

Бірлескен кәсіпорын Түрік  жағының шығындаған техникалық көмегін  және әкімшілік шығындарын көрсету  мақсатында барлық капиталды, ағымдық және басқа да шығындарды 2% көлемінде Түрік жағына басқару гонорарын аударады. Басқару гонорары рұқсатты алаңдағы коммерциялыө анықталу болғанға дейінгі шығындарға жататындықтан, барлау шығындарының бөлігі ретінде қаржыландырылады.

Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер:

№2 Келісімге  сәйкес БК Қатысушылардың Жалпы Жиналысымен  және ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігімен бекітілген жалпы даму бағдарламасында  көрсетілген мерзімде және көлемде  жойылу қорына кезеңдік аударымдар (төлемдер) жасап отыруы міндетті.

Шартты және мүмкін болатын міндеттемелер

1. Операциялық ортаға байланысты

2. Үкіметтің әсер етуі, баға қалыптастыру және тасымалдау мәселелері

3. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

4. Салық жүйесі

5. Инвестиция бойынша міндеттемелер

6. Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер

7. Зейнетақы бойынша жұмыскерлерге міндеттемелер                                      Салық жүйесі БК және оның Қазақстандық, Түркиялық жақтары №1 Келісімге сәйкес қарастырылған салықтар мен төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл Келісім күшіне

енген күннен кейінгі жаңа салықтар түрі кірістірілмейді  деп көрсетілген.

БК мемлекетке мұнай өндіру көлеміне байланысты төмендегідей шарттармен бір реттік бонустар төлейді:

1. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна көлеміндегі мұнайдың куммулятивті көлемі өндірілетін болса, 1 500 000 АҚШ доллары төленеді;

2. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна жылдық мұнай көлемі өндірілетін болса, 10 000 000 млн. АҚШ доллары көлемінде төленеді;

3. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 10 млн. тонна куммулятивті мұнай көлемі өндірілетін болса, 20 000 000 АҚШ доллары көлемінде төленеді.

БК кез  келген күнтізбелік жылы мемлекетке кез келген рұқсатты алаң блогында өндірілген мұнай көлеміне байланысты төмендегі прогрессивті ауытқымалы шкала бойынша роялти төлейді (№1 Келісім бойынша):

Күнтізбелік жылы өндірілген мұнай көлемі:

0 - 1,0 тонна аралығында -3%

1,0 - 3,0 тонна  аралығында - 4,5%

3,0 - 5,0 тонна  аралығында - 5,5%

5,0 - 10,0  тонна  аралығында - 6%

10,0 - 20,0 тонна  аралығында - 8%

20,0 - 30,0  тонна  аралығында- 10%

30,0 - 50,0 тонна  аралығында - 11%

50,0 тоннадан  жоғары - 12,5%

№2 Келісімге  байланысты оның деңгейі мұнай өндіру көлемі бойынша 2%-4% аралығында ауытқиды.

Роялтиді  төлеу Үкіметтің қалауы бойынша ақша немесе табиғи формада жүзеге асады.

БК салықтық міндеттемелерді Келісімдерге сәйкес жүзеге асырады.

№1 Келісімге  сәйкес БК мұнай кірістеріне салынатын  табыс салығын 25%  мөлшерінде төлейді. Егер ішкі табыс нормасы (ІТН)  30%-тен  асатын болса, төмендегі шкала бойынша қосымша табыс салығы төленеді (ҚТС):

Ішкі табыстың қалыпты нормасы – 22%

• ІТН 30%-ке дейін болғанда, ҚТС алынбайды

• ІТН 30-32% көлемінде болғанда, ҚТС 30% құрайды

• ІТН 32-35% көлемінде болғанда ҚТС 34% құрайды

• ІТН максималды деңгейі 35%-тен асқанда, ҚТС 38% құрайды

№2 Келісімге  сәйкес БК осы келісім күшіне енген  уақытқа дейінгі салық заңнамасымен бекітілген табыс салығын төлеуге  міндетті болып саналады. Егер БК ішкі табыс нормасы 20%  асатын болса, қосымша  табыс салығын төлеуге тиіс болады. №2 Келісімге сәйкес ҚТС максималды ставкасы 30% құрайды, яғни ішкі табыс нормасы 30% және одан жоғары көлемді құрайтын болса.

БК жыл  сайын жерге, яғни территорияға жал (аренда) төлемін жасап отырады. Ол келесі ретпен рұқсатты алаңның әрбір  шаршы шақырымына төленеді:

Барлау кезеңі:

Бірінші фаза (4 жыл) – 20 АҚШ доллары

Екінші фаза (4 жыл) – 40 АҚШ доллары

Үшінші фаза (3 жыл) – 60 АҚШ доллары 

Игеру кезеңі – 60 АҚШ доллары

Баға қалыптастыру мәселелері

Бірлескен кәсіпорынның қызметі экономикалық, саяси, әлеуметтік, яғни Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән тәуекел түрлерімен тығыз байланысты. Бұл тәуекел түрлеріне үкімет саясатының, экономикалық жағдайдың, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістердің нәтижелері, валюта бағамының ауытқулары және келісімшарт құқықтарының жүзеге асу мүмкіндіктері әсер етеді.

Бірлескен кәсіпорын  экспорттық квотаға, яғни ҚР Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға белгілейтін  жыл сайынғы шетелге өткізілетін  мұнай көлемі шектеуіне тәуелді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай Үкіметтің ішкі мұнай өңдеуші зауыттарды экспорттық бағадан елеулі түрде төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы отандық мұнай өндірушілер қызметіне мейлінше әсер етуге бағытталуымен сипатталады.

Мұнай өндіруші саладағы кәсіпорындардың баға қалыптастыру мәселелері біршама ерекшеліктерге ие.

Мұнайдың  халықаралық нарықтық бағасы БК-ның  екі жақтық таңдауы бойынша өндірілетін  мұнайдың тығыздығы мен сапасына сәйкес келетін кем дегенде бір  мұнай эталонына өндіру операциясы басталғанға дейін, сапа айырмашылықтарын және транспорт шығындарын есепке ала отырып анықталуы тиіс.

БК мұнай  эталонының  бағасын Платтц басылымындағы  «Мұнай бағасының жаңалықтарының»  «Шикі мұнай» секциясындағы көрсеткіштер бойынша алады, яғни онда көрсетілген мұнай эталоны және БК өндірген мұнайдың сапа бойынша және жеткізу құны бойынша айырмашылықтары есепке алынады. Мұнай бағасы Платтцтың өткен аптадағы немесе сатылған мұнайдың транспорттық накладнаясы көрсетілген күннен кейінгі аптадағы көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Егер талап етілетін баға осы апталардың ешбірінде көрсетілмесе, онда осы аптадан кейінгі жақын арадағы апталардың біріндегі нарықтық баға алынады. Егер Платтцта «Мұнай бағасының жаңалықтары» басылмайтын жағдайда, екі жақтың келісімі бойынша мұнайдың нарықтық бағасы көрсетілетін балама басылымды қолдануы тиіс.

Отандық тұтынушыларға  мұнай бағасы Платтцта көрсетілген  әрбір мұнай эталонының орташа арифметикалық  көлемі ретінде алынып, сәйкесінше транспорт шығындары және сапасы бойынша айырмашылықтары есептелінген бағамен сатылуы тиіс.

 

 

 

2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары

2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы

 

БК көздейтін экономикалық жағдайдың  және мүдделердің жан-жақтылығы, олардың іске асыруға тиесілі заңды құрылымның әртүрлі болуына әкелді Жалпы, БК болып бірнеше серіктестердің өз мүдделерін заң тұрғысынан анық бейнеленген бірлестікті құру табылады. Мұндай бірлестіктегі серіктестер күшінің қатынасы мен қызметтестігі әрбір нақты жағдайларда әртүрлі болуы мүмкін.

Қатысушылардың мүдделерінің әртүрлілігіне  қарамастан, оларды тең дәрежедегі серіктестер болып, заңды талапқа  сайкес құрылымды таңдау қиынға түседі (мысалы: серіктестікке, компанияға не бірлестікке қатысты құқықтық нормалардың жергілікті жүйесі, инвестиция туралы жергілікті заңнама, жергілікті шаруашылық құқығы т. с. с).

БК құру туралы шарттардың мазмұнын және нысанын анықтау үшін тек  азаматтық құқықты пайдаланып қана қоймай, халықаралық құқықты, БК орналасқан елдің ерекшеліктерінде білуіміз қажет.

БК жоба дайындалған елде, әдетте, БК ұйымдастырылады. Кәсіпорын нысанын  реттейтін құқықтық нормаларда, БК мүшелеріне өз міндеттері бойынша толық  жауапкершілікті не шектелген жауапкершілікті  кепілдейтінін нақтылап алуымыз  қажет.

Жауапкершілікті шектеу туралы мәселені қарастырып қана қоймай, жүзеге асып жатқан құқық нормаларымен сауда серіктестігінің құқықтық нысанын таңдау туралы шартты рәсімдегенде икемділік кепілдемесін беретінін түсініп алу қажет. Бұл БК құрылымын өзгерту мүмкіндігіндегі жеке жағдайларда қажет.

Бас директор басшылық қылатын француз  құқық жүйесіндегі акционерлік  қоғамның құрылымы бас директор және директорлар кеңесі басқаратын ағылшын  құқық жүйесіндегі жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамнан және төраға мен бақылаушы кеңес басшылық ететін неміс құқық жүйесіндегі акционерлік қоғамнан ерекшеленеді. Мысалы: Англияда азаматтық құқықтың жеке субьектісі болып табылатын компанияның үш түрі қызмет жасауда:

  1. Қатысушылардың жауапкершілігі пайдаларының номиналдық сомасымен шектелген компания;
  2. Қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір кепілденген сома шегімен шектелген компания;
  3. Қатысушылары шектеусіз жауапкершілікте болатын компания.

Франция және ГФР-сы құқығындағы акционерлік  қоғам компанияның бірінші түріне сайкес келеді. Бірақ, Франциядағы әкімшілік кеңес пен неміс құқығындағы бақылаушы кеңес және ағылшын құқығындағы директорлар кеңесі тең емес. Құқықтық нысанды таңдау серіктестің ұжымдық органы келісімімен бірлескен кәсіпорынға қатысу құқығын беру және серіктестіктегі қатысушы акционерлердің кәсіпорын басшыларынан қажетті ақпаратты талап ету мүмкіндігіне т. б бірнеше басқа мәселелердің қатарына әсер етеді. Көптеген құқықтық жүйе мұндай мақсатқа арнайы ұйғарым шығарады.

      Құқықтық  нысанды таңдау үшін серіктестердің  жыл сайын ақпаратты таратуды жүзеге асыру міндетіне қатысты мәселелерде мәнді болуы мүмкін.

Нақты құқықтық нысанды таңдау кезінде  икемді не қолайлы шарт дайындау мақсатында, бас тартулар мен ауытқулар болуы  мүмкін.

Бірлескен кәсіпорынды құру құрылтайшыларымен негізгі шартын жасасқаннан басталып, оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап аяқталады.

Бірлескен кәсіпорынды құру туралы негізгі шарт бірлескен кәсіпорынның қызмет нысанын, міндетін, мақсатын және кәсіпорын капиталындағы серіктестер үлесінің қатынасын бекітетін міндетті бөлімдерден және жарғыдан тұрады.

Мақсатты нақты тұжырымдау сол  мақсатты қате интерпретациялау тәуекелін  азайтады.

Бірлескен кәсіпорынды құру туралы шарт бірлескен кәсіпорынның нысанын, түрін анықтайтын әртүрлі аспектілерді және бірлескен кәсіпорынның қызметін басқаруға, бақылауға, валюталық ассигнованияға қатысты мәселелерді қарастырады.

БК қандай да бір себеппен таратқан кезде серіктестер арасында технологияға құқықтық бөлу мәселесі жиі кездеседі. Бөлуге, сонымен қатар, кассадағы барлық жинақтар және аз көлемдегі басқа да активтер жатады. Басқа активтер қолма-қол сатылуы мүмкін. Мұндай сатып алу салық салуға жатқызылады.

Бірлескен кәсіпорын