Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есеб

             Жоспар:

1. Кіріспе

2.1. Бухгалтерлік  есеп туралы түсінік және оның  атқаратын қызметі.

2.2. Бухгалтерлік  есеп пәні

2.3. Бухгалтерлік  есептің мәні

2.4. Бухгалтерлік  есеп тәсілдері

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

         Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың әрқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сорымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшыларын қандай да бір шешім қабылдау пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәрт ібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға  көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік  қызметтердің пайда бола бастауына  сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі ғалымдар Б. Де Солозано мен Р. А. Фаулкидің сөздерін ескерсек, бұл мәліметтер «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығынан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    2.1 Бугалтерлік есеп  туралы түсінік  және оның атқаратын  қызметі

         Бухгалтерлік  есеп ұйымның қаржылық ақпаратын  белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» - деген.

         Қазақстан Республикасының « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» уралы  заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

         Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын  жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі  болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экононмикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынандай қызмет атқарады:

      - болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

      - ұйымның  қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді,  сондай-ақ оны керек уақытына  дейін сақтайды;

      - қаржылық-ақпараттық  мәліметті пайдаланушыларға уақытылы  беріп отырады, ал бұл ақпаратты  пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

              Көп жағдайда бухгалтер мен  есепшінің арасындағы айырмашылықты  білмегеннің салдарынан бұл екеуін  шатастырып алатындар да жиі  кездеседі. Бұлар іс-тәжірбиеде  өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып отырғандығ, әрине, рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті. Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірбиеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:

    • әрбір жаңа келісімді жүргізу барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп ақпаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды. Ал кәсіпкер ешқашан капитал жинауда және бизнес жүргізуде шығармашылық ойдың жетіспеушілігін сезінбейді;
    • кәсіпорынның  бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр турлі тәсілдермен, әр түрлі мақсатқа пайдаланады. Олардың білім және тәжірбие деңгейі әр түрлі болып келеді;
    • бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес, ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесімі болуы мүмкін.

         Бухгалтерлік  есеп мамандығына қайшы келетін  екі түрлі пікір бар:

  1. Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру (жасау) керек. Осы аталған бухгалтерлік есеп принциптерін жеке тұлғалар ғана ұйымдастыра (құра) алады, сондықтан да оны ұйымдастыру (құру) барысында қайшылықтар мен әр түрлі көзқарастардың болуы сөзсіз.
  2. Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу, экономикалық теория, іс-тәжірбие, бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады.

          Кәсіпорындағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі кәсіби міндеті  бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға уақытылы және дұрыс есептелген мәлімет беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпараттық мәліметті бірдей дәрежеде пайдаланатын екі тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, ұсынылатын ақпарат көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

                      2.2. Бухгалтерлік  есеп пәні

          Кәсіпорындар  мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәләметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болвп табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық-шарушылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірбиелік (пратикалық) тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.

          Бухгалтерлік  есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау  – бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады. 
     
     
     

                    2.3. Бухгалтерлік есептің мәні

          Бухгалтерлік  есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің  мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процстер жатады:

      • қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат,

материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен  қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;

      • өндірістік, өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс

құралдары, оларға байланысты шығыындарбухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;

      • өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі

шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

         Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың  сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру  жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

         Кәсіпорынның  шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.

            Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу 

            
     
     

          Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар бойынша бөлінеді:

          Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстырудыталап етеді. Сондықтан негізгі  құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.

          Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыногтағы да сату-сатып алудың мәні болып табылады.

          Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты  алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер» (Салық кодексінің 105-бабы) белгіленген.

          Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.

          Айналымдық  қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.

          Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.

          Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің  кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әр түрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.

          Дебиторлық  борыш субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады,

          Пайда болу көздері мен мақсатты көздері  бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға  бекіту белгісі ретінде салынған.

          Кәсіпорын құралдарының пайда  болу көздерін жіктеу 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

          2-сызбаның мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың келесі көрсетілген бөліктерге бөлінетіні байқалады:

          Меншікті  капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (жарғы капиталы, резервтік капиталы, бөлінбеген табыс).

          Жарғылық  капитал – құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.

          Резервтік капитал – пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивидендтер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.

          Бөлінбеген  табыс (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.

          Қарыздық  қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қатарылуға тиісті.

          Мысалы, есепті мерзім барысында кәсіпорында мынандай қаражат болды:

            
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

           Қаражат түрлері мен пайда болу көздері бойынша қарастырайық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   2.4. Бухгалтерлік есеп тәсілдері

         Бухгалтерлік  есеп тәсілі деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.

         Бухгалтерлік есеп тәсілдерінің элементтері:

      1. Құжаттама – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу

әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есептің  басы) дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат – бғл белгілеген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қоылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.

      1. Түгендеу – мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің

мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқыдау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.

      1. Бағалау – белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай

өлшеммен  бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанда және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнелеуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақына және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.

         Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде  нақты өзіндік құны (объектіні жұмыс жағдайына дейін жеткізуге байланысты барлық шығыстармен бірге сатып алынатын құны) салынған.

         Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынандай бағалармен бейнеленеді:

    • негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен

бағаланады;

    • материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
    • дайын өнім – нақты өзіндік құны бойынша;
    • әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер

бухгалтерлік  есепте құжатта көрсетілген сомамен  бейнеленеді.

      1. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің

өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындарын, әлеуметтік салық аударудан құралады.

      1. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы

ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізіндежазылады – бұл операцияны екінші ретті тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.

      1. Қосарлы жазба – шаруашылық оперцияларын есеп

объектілерінің  өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркелу тәсілі.

      1. Баланс – белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі,

міндеттемелері  және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – субъектінің қаржылық жадайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдрын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

      1. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл)

ішіндегі  шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

         Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады. 
 
 

         3. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

         Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленеді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асыралды. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардығ орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

         Бухгалтерлік есептің  негізгі мақсаты – ұйымның  өз экономикалық жәек саяси жағдайына  тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен  басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есеб