Бірінші және екінші сигнал жүйелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
- Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі. 4
- Мидың рефлекторлық
қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер,
шартты рефлекстердің жасалу жолы.
8 - НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
- Негізгі
нерв процестері, тежелу және оның түрлері.
12 - Жоғары нерв
қызметінің заңдары.
15 - БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
- Бірінші
және екінші сигнал жүйелері.
17 - Динамикалық
стереотип.
17
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын
мен ми, ал перифериялық нерв
жүйесіне ми мен жұлын
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
- Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі.
Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
Жүйке жүйесі орталық және
перифериялық жүйке жүйесі
Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады.
Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен – бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады.
Мидың бірнеше бөліктері
Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400 – 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір ссүруіндегі ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта есеппен алғанда 14 – 15 миллиард нейроннан тұрады. Мы қыртысының маңдай жағы неғұрлым маңызды роль атқарады.
Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өң бойында орналасқан.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Ортарлық нерв жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішңі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.
Жұлыннан жан жаққа 31 жұп нерв
талшықтары тарайды, олардың
бәр тобы ортаға тебетін,
Жұлын біздің саналы
Орталық жүйке жүйесінің
Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұту сияқты реакцияларымыз – сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында,
формасы ағаштың жапырағына
Аралық ми көру
Мидағы осы орталық, оның
Миға сырттан келген әсерлерді
жеткізіп, сол әсерлерге мидың
реакциясын іске асыратын
Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын болса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсірете бастайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.
Егер осы айтылған ми
Адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады.
Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңары деп аталатын) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 миллиметрдей. Ми қабағында екі жүздей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан (8, 9 суреттерде мидың құрылымы, орталықтары, олардың орналасу жағдайы, эволюциялық дамуы, ерекшеліктері мен сипаттары көрсетілген). Ол қалыңдығы 3–4 миллиметрлік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір – бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын нерв талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемиен, сондағы барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай нерв клеткаларының саны 15 миллиардқа жуық деп есептелінеді.
Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін
сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын
жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының
рефлекторлық механизмдерінің әрекетін
іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы
бөлімдердің әрекетімен ұштастырады.
Сондай – ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм
қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни
мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті
болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді,
оларды жинақтап, реттеп отыратын мүше
ретінде танылады. Адам миының күрделілігі
оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын
көрінеді. Мәселен, ересек адам миының
қабағының сылып алып, тегістеп жайып
көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы
метрге (2 м²) тең болар еді. Адам миының
салмағы мен құрылысының аса күрделі және
кемелденіп жетілген материя екендігін
мынадай салыстырмалы 1 кестеден да айқын
аңғаруға болады:
Таблица 1.
| Кит | Піл | Жылқы | Ит | Маймыл | Адам |
| 1
20000 |
1
5000 |
1
400 |
1
250 |
1
100 |
1
46 |
Салыстырмалы түрдегі бұл
Ми қабығы төрт бөлімге
Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторларлың жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200 – ге жуық. Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, нерв клеткалары мидың басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек процесімен қатар жүріп отырған. Оның дамуы адамның сезім мүшелерінің, әсіресе, заттарды сипай сезу арқылы танытатын қолдың дамуына үлкен әсер еткен. Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшық еттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын клеткалар), есту мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі жоқ түрі. Оның әлде де ашылмаған көптеген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша пайда болатындығы, өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес. Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы миддың кез келген бөліктерімен байланыса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін “тірі” электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықарының жаны да “сіріден” берік. Өйткені, егер бір тіл сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан – жағындағы клеткалар жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір блімдері бұзылады да, кейін бұл нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.
Мида әлсіз электр токтары
(биотоктар) жұмыс істейтіндігі ғылымға
көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс
– тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап
арқылы зерттейді. Мәселен, оны электродпен
жалғастырып адамның басына кигізгенде,
битоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі.
Осындай жазылымды мидың электроэнцефаллограммасы
дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері
(толқындары) ажыратылады. Мәселен, мида
9 – 12 жиілік шамасында өрістейтін “альфа
- толқын” (мидың дем алыс, тыныш жағдайын
көрсететін ритм), секундына 3 – 5 жиілікпен
өтетін “дельта - толқын” (ұйқы кезіндегі
ми қызметінің ритмі), секундына 13 – 20
жиілікте болатын “бета - толқын” (күрделі
ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс
алып отыратындығы анықталған.
- Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы.
Сыртқы орта адамның миына,
жүйке жүйесіне сезім
Ал рефлекстің биологиялық сипатын ашып көрсеткен – чех ғалымы Иржи Прохаске (1749 - 1820). Ол ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндірді. “Рефлекс” – латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы – сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер - жануарлар мен адамдардың туысынан пайда болатын қасиеттері. Мысалы, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі – сан алуан рефлекс түрлері.
Шартсыз рефлекстердің нерв
Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде үш нейроннан (афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу – шартсыз рефлекстің физиологиялыұ негізі. Шартсыз рефлекс – тума құбылыс. Оның орталықтары жұлын мен ми бағанасында орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу - - шартты рефлекстердің (жүре пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстердің) физиологиялық негізі. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіргендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципіне шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, он сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын орыс физиологы П.К. Анохин (1898 - 1974) ұсынған осы теория (1935) рефлекс туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп физиолог Н.А. Бернштейн (1896 - 1966) айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын мойындау бірден – бір ғылыми түсінік болып отыр.
Шартсыз рефлекстер мен шартты
рефлекстердің мән – жайын
жалпы рефлекторлық теория
Рефлекс туралы теорияның
Организмнің рефлекторлық
И.М. Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде (бұл ілім жоғары нерв қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердің жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты, шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.
Шартты рефлекстер үнемі өзгеріп отырады, егер оларды туғызған жағдайлар қайталанбайтын болса, онда бұлар жойылып кетеді.
Рефлекстің осы екі түрінің арасында мүлде байланыс жоқ деуге болмайды. И.П. Павлов шартты рефлекстер сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделуіне қарай шартсыз рефлекстерге ауысып отыратындығын, сөйтіп бұл екеуінің арасындағы өзара байланыстың барлығын талай рет айтқан болатын. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратындығы нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекстердің жасалуы негізінен организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштің қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды.
Шартты рефлекс өмірде пайда болып қоймайды, сонымен қатар жоғалып та кетеді. Сондықтан И.П. Павлов оны ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атады.
Уақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек тітіркендіргіштің пайда болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар мақсатқа жеткізетін байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады. И.П. Павлов лабараториясында жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын – тамақ, екіншісі өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап тітіркендіргіш – жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – көру, екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталаған сайын нығайып отыратын нерв байланысы жасалады. Тамақ жарыққа қарағанда жануардың тәршілігі үшін аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидың тамақтану орталығы көру орталығына қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П. Павлов ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың
Осындай организмге қажетті
Шартты рефлекстер табиғи
Ағза үшін ми сыңарлары
Адам да жоғарыда айтылғандай,
жалпы мидың үлкен ми
- НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
- Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері.

- Бірінші сынып оқушыларының қарапайым түсініктерін қалыптастыру
- Бірінші сынып оқушыларының қарапайым түсініктерін қалыптастыру
- Біріңғай жер салығы және оны есептеу механизмі
- Бір қабатты өндірістік кәсіпорын
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есеб
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі
- Бірлескен кәсіпорын
- Біржақты өткізгіш
- Біржові індекси
- Біріккен кәсіпорын
- Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар
- Біріккен Ұлттар Ұйымының
- Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
- Бірінші дүние жүзілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты