Бәсеке
Мазмұны
Кіріспе
1 Бәсекелестіктің теориялық негіздері 5
1.1 Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы 5
1.2 Бәсекенің түрлері 6
1.3 Бәсекелестікке қабілеттілік 9
2 ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері 12
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі 12
2.2 Кәсіпорынның
бәсекелестердің қызметін талдау
3 Антимонополиялық саясат 21 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің
тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.
Қазіргі
уақытта Қазақстан
Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.
Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан тамақ өнеркәсібінің кондитерлік саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.
Экономиканың тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқару қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.
Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.
«...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...» деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.
Осыған
байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін
басқару мақсаттарының сол немесе басқа
әдісті қолдануға болатын экономикалық
принциптерді қарастырып талдау қажет.
Міне, осы жағдайлар зерттеу тақырыбын
таңдауға себеп болды.
1
Бәсекелестіктің теориялық
негіздері
- Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы
Бәсекелестік- бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестік- экономикалық күрес, оқшауланған өндірушіредің өнім, жұмыс, қызмет көрсеті үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыстадағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетуменбайланысты.
Бәсеке-тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат көздері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.
Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.
Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестін бағалық тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен нарықтық бағалар).
Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабьылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қоғауымен жүзеге асады.
Бәсекелестік күрестің баға еместік тәсілі де пайда болуда. Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне мыналар жатиады: тауар сапасының, жануаруын, дизайнын жақсартумен байланыстылығы, оның өте ұлкен асортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.
Өнім үшін бәсеклестік-бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылды және ол жаға ассортименттә әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бәр және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады. Мысалы, АҚШ-да бір мезгілде үнның 10 мың сорты, консервеленген жүгерінің 4- мыңнан астам түрі, ашылықтың 50 сорты сатылады.
Сату шарты бойынша бәсекелестік- сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс- әрекеттерді қолданалы. Бұл бісекелекке жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.
Бәсекелестің баға еместік ерекше тәсіліне тауарды ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз. Соңғысы өндіріс құралжабдығын пайдалануды көрсетеді және оларды (өндіріс құрал жабдығын) меншікке алудың орнына, яғни машина мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндіріске берілетін жабдықтарды ұзақ мерзімге жалгерлікке беру. Мұның классикалықжалгерліктен айырмашылы лизинг кезіндегі өзара қатынастар сатып алу- сату келісімі жағдайына қүрылады.
Нарықтық қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардын бірі-бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір- бірімен нарықтағы тауар ұсыныны мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені- нарықтағы бағаны, сқраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз.
Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі. Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау.
Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқытарын нарықта өктем жүргізеді.
Нарық
субъектілері көп болса, бәсеке тиімді
жүреді. Себебі бәсеке мен моноролия
бір біріне кері ұғымдар. батыс сарапшыларының
бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар
4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 көп болса
өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда- саттықты
бақыласа, онда нарық монополияландырылған
болып табылады.
1.2
Бәсекенің түрлері
Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.
Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады.
Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.
1990-шы
жылдары бәсекенің мүлдем
Бәсеке ұғымының дамуына ресейлік және қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған Қазақстанда шаруашылық жүргізу жағдайларының түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы дәлел болып отыр.
Бәсеке пайда болып дамитын жерде бәсекелестік артықшылықтар туындайды.
Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.
Бәсекеге
қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың
барын белгілейтін нәтиже болып
табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика
қолданылатын объектіге байланысты
оны әрқалай түсіндіруге
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.
Бәсекеге
қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық
мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге
қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы
жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын
көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге
қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.
1-кесте.
Ұйымның бәсекеге
| Тәсілдемелер, авторлар | Бәсекеге қабілеттілік өлшемі | Талдау нәтижесінде алынған ақпарат |
| Д. Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар теориясы | Барынша төмен салыстырмалы шығын | Бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі |
| А. Маршалдың Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы | Өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі | Өндіріс факторларының өнімділік деңгейі |
| Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының арақатынасының теориясы | Барынша төмен факторлық шығын | Өндіріс факторларының салыстырмалы құны |
| Тиімді бәсекелестік теориясы | Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары экономикалық қызмет көрсеткіштері | Саланың монополиялылығы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсекелестік ахуал |
| Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау («Бейіндер әдісі») | Өнімнің жоғары сапасы | Осы уақыт сәтінде өндірілетін өнімнің сапа деңгейі |
| Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті талдаудың матрицалық әдістері | Жақсы бәсекелік жайғасым | Ұйымның күшті және нашар жақтары, оны мүмкіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп |
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.
Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.
Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (1-кесте).
Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.
Кәсіби жасалған талдау іске асырылатын бәсекелестік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұйымның мүмкіндіктері мен нашар жақтарын анықтауға, сондай-ақ бәсекелестік жағдайында өзін қорғау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басшылық бизнестің өзгерген жағдайында ұйымның қажетіне жауап беретін стратегия әзірлеу үшін пайдалана алады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме тұрғысынан бағаланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке бағаланады.
Бәсекелестік
артықшылықтарды бағалау
Бағалауда
нормативтік тәсілдемені
1.3
Бәсекелестікке қабілеттілік
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1 Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.
2 Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.
3 Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.
4 Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.
Беделді тауарлар үшін сұранымның қисығы басқаша болады. Тұтынушылар тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, сапасы да соғұрлым жоғары болады деп есептейді. Бірақ бағаны шектен тыс жоғары бағаласа сұраным күрт төмендейді.
Сұраныс ұсыныстан артық. Мысалы, өндiрiстiк тауарлардың шетелдiк түрлерiне сұраныстың өсуi, оларға нарықтық бағаның күрт өсуiн тудырады.
Еңбек ақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiнен немесе тауар мен қызметтi өндiруден артық болса.
Сатушының талабы әсер еткен жоғары баға. Кейбiр өнiмдердi оның тұтыну сапасына сәйкес келмейтiн өте жоғары бағамен ұсынады, және бұл жағдай өте жиi кездеседi.
Баға жақын арады көтерiледi деген немесе осыған ұқсас ақпараттарды тарату әбігерлік сұранысқа әкеледi.
Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар:
ұсыныс сұраныстан артық.
Еңбек
өнiмдiлiгiнiң артуы мен
Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.
Коммерциялық көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Коммерциялық маркетинг саласында баға сұранымы икемді келеді. Өйткені, мұнда баға көбінесе сапа көрсеткіші ретінде алынады.
Коммерциялық маркетинг саласының бағасын реттеу үш факторға бөлінеді:
Мемлекет реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Таза
нарық механизмі
Бірінші топқа қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.
Екінші
топқа, қызмет көрсетудің баға тарифін
әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа
қатысушылар келісімімен
Ал, үшінші топқа баға тарифі толықтай нарық жағдайымен анықталатын қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.
Коммерциялық
маркетинг саласында бағаның
қалыптасу процесі, баға құрылуының
тәсілімен стратегиясына
Нарық
бәсекелесі жағдайында коммерциялық маркетинг
саласының, туристік агент, емханадағы
тіс дәрігерлері. Кәсіпорындардың
бұл тобындағы жұмыс
2
ҚР-да бәсекенің даму
ерекшеліктері
2.1
Кәсіпорынның қысқаша
экономикалық мінездемесі
«Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан
артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер
өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының
бірі.
Кондитер өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ
зауытының алаңдарында Мәскеу және Харьковтен
соғыс кезінде әкелінген жабдықтармен
өндірілді.
«Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс
жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы
және Шымкент қалаларында орналасқан.

- Бәсекегеқабілеттілік
- Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні
- Бәсеке және оның турлері. Бәсеке және монополия
- Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары
- Бәсекелестік
- Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны
- Бәсекенің теориялық негіздері
- Башкирская литература
- Башкирские семейно-бытовые обряды
- Башкирский народный костюм
- Башкирский орнамент
- Башкортостан в годы Великой Отечественной войны
- Баявыя дзеянні на тэрыторыі Беларусі ў час савецка-польскай вайны 1919-1920 гг
- «Баян Сұлу»АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы