Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні

                                                 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1.Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні................................................................................................................................5

2.Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы..................................................11

3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ................18

ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

                                           КІРІСПЕ

Бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика  бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде  қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып  әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.          Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне  сай иелігіміздегі құндылықтарды  барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік  нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын  халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін  қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің  беделін арттыру бүгінгі таңда  қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.    Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең  талаптар да отандық тауар өндірушілерге  шығаратын өнімдерінің бәсекелік  қабілетін арттыру мәселесін  алдыңғы қатарға койып отыр. Мұның  өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын  жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын  тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді  сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі  дәлелдеуде.Бәсекеге  қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын  қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану  жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты  экономикалық қызметтің практикалық  мәні.

Бұл курстық  жұмыс тақырыбының  өзектiлiгi Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында елiмiз үшiн маңызды мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.

Курстық жұмысты орындаудағы мақсат- қазіргі таңда Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттік жағдайын анықтау және оны арттырудың тиімді жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшiн курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей мiндеттердi  айқындалады. Олар:

  • Бәсекенiң мәнi мен түрлерi, оның экономикадағы орнын талдау;
  • Рынок құрылымына байланысты бәсекенiң ерекшелiктерiн айқындау;
  • Қазақстан Республикасындағы бәсекелiк ортаның қалыптасуы мен даму мәселелерiн және оны шешу жолдарын қарастыру.
  • Бәсеке қабiлеттілітк арттыру және индустриялы-инновациялы экономика жүйесiн құрудың негiзгi бағыттарын қарастыру.

  Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

       1.  Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні

Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы  жүйелердің немесе программалардың  өзара таласушылығы; қандай жұмыс  бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін  үстаным.Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы  жағдайына ие болу үшін, пайданы  мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды  қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік  және жеке құрылымдардың директивалары  мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі  әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер  экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:өндіріс және еңбек  ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің  бір-біріне әсер етуі; бәсекеге төзімді  өнім өндіру; өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік  күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі»  жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп  орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады; кемелдену. Өндіріс  көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс  толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны  бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды; ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің  басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

Нарықтық жүйе бәсекелестік сияқты қасиетімен сипатталады. Бәсекелестік латын тілінен аударғанда  «қарама - қарсы кездесу» деген мағынаны беріп, экономикалық агенттер арасындағы өнімді өндіру және өткізудің ең ұтымды жағдайлары үшін болатын күресті  білдіреді. Бәсекелестік өндірушіні ғылыми - техникалық жетістіктерді енгізуге, еңбек өнімділігін көтеруге, технология мен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіруге  және т.с.с. итермелей отырып, өндіріс  қарқыны мен көлемінің реттеушісі рөлін атқарады. Бәсекелестіктің  артықшылығы оның шектелген ресурстар  бөлінісін жарысушылардың экономикалық аргументтеріне тәуелді етіп қоятынында көрініс табады. Бесекелестік күресте  игіліктерді (экономикалық ресурстарды, өнімді) салыстырмалы жоғары сапада немесе салыстырмалы төмен бағамен ұсына  отырып қана жеңуге болады. Сондықтан  бәсекелестіктің рөлі оның сапалы және тепе-теңдік бағамен салыстыратын игіліктердің жеткілікті көлеміндегі өндірісіне кепілдік беретін нарықтағы белгілі бір тәртіптің белгіленуіне әрекеттесетіндігінде көрініс табады.

Нарықтық  экономиканың негізгі ерекшелігі болып  еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін  өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды  алуда, жұмысшыға жұмыс орнын  таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін  таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі  қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.Бәсеке - бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының  арасындағы тауарларды сатып алу  және сату барысында өндірістегі  ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға калай орнайтынын байқайық.Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер нарықтық жағдайды сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Басқаша айтқаңда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың  көлемі жоғары болады. Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі нарықта тепе-теңдік орнықтыруға  алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы нарықтағы жекелеген  тепе-теңдік. Нарықтағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың  өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл  өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар  бағасының әрбір өзгеруі басқа  тауарлардың бағаларының өзгеруіне  әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың  өзгеру және тепе-теңдік бағасының  құрылу механизмінің заңдылықтарын  талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса манызды шарт екенін сипаттайды. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден, ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік нарыққа өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-тендікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бәсекенің түрлері.[1]

Бәсеке - нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады. Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.

Нарықтық қатынастар қатысушыларының  өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.Жеке фирмалардың  өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, солғұрлым нарық  бәсекелік деп саналады.Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз  нарықта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері  мен құқықтары бар бәсекенің  идеалды бейнесін айтады.Жетілген бәсекенің  негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте  төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі  шекте теңеледі.Жетілген бәсеке толық  түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты түрде айтуға болады.

XIX ғасырдың  екінші жартысынан бастап ҒТП-ң  әсерінен өндірісті шоғырландыру  жүріп жатыр, ол ірі және  аса ірі кәсіпорындардың, яғни  монополияның құрылуына әкеп  соқты.Монополия жеке өндіруші  тауар рыногын бақылап және  сол нарықта үстем орын алған  кезде пайда болады.Монополияның  мақсаты - нарықта баға мен  өндіріс көлемін бақылау арқылы  мүмкін болатын жоғары табыс  алу. Мақсатқа жету құралы болып  орташадан жоғары пайданы қамтамасыз  ететін монополиялық баға құрылуын  ұсынады.Монополия бірнеше компаниялардың  қосылуы арқылы құрылады және  мынадай ұйымдық формалары бар: 

Картель - шығарылып  отырған өнім мен өткізу рыногын  бөлу туралы келісім квотасы (саны).

Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

Трест -  монополияға  енетін фирмалардың меншік өндіріс  және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық  формалары кіретін монополия.

Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ  ірі корпорациялардың салаға кіруіне  негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке рыногы) сипатта дамытады.

Жетілмеген  бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының  кем дегенде біреуі орындалмайтын  нарықты атайды.Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.

Монополиялық бәсеке кезінде нарықта  сатушылар мен сатып алушылардың  саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс  пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа  бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай  қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар. Дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып  табылады. Осындай артықшылықтарға  ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің  иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың  әрбіреуі нарықтық бағаны шектелген  түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше  фирма үстемдік ететін нарық (грек. оlіgоz -аздаған, роlіо - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама  тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл  принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын  білдіреді.

Олигополияға  қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония  табылады. Ол нарықта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін  қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.Таза монополия  нарықта ешқандайсыз бәсекелестерсіз  бір ғана сатушы болған кезде пайда  болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын).

Монополияның  ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасынен ерекшелінеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады.

Аймақтардағы кәсіпорындардың  бәсеке  қабілеттілігін бағалаудың  әдістемелік   негіздері.[2]

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің  бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру  базасының параметрлерімен салыстыру  арқылы бағаланады. Салыстыру базасының  орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар  немесе тұтынушының қажеттілігі  алынады. Ал ұқсас тауар ретінде  сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің  параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.

Бәсекеге  кабілеттілікті бағалаудың негізгі  критерийлері:

• өнімнің  жаңалық дәрежесі;

• өндірілу сапасы;

• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық  базасының болуы;

• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;

• өнімнің  нарықтық талаптарына ыңғайлану  мүмкіндігі;

• қаржылық жағдайы.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық  көрсеткіштері бойынша карастыруға  болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің  бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас  тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы қүн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші  өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша  бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы  жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.

Бәсекеге  қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру  базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.

а)  Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:      

Q1  = Рi/Ріо* 100% (і= 1,2,3. ..,n)                                                   (1)      

Мұндағы, Qі - і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік  көрсеткіші;     

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің  мөлшері;    

Ріо - қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің мөлшері;    

n - бағалау параметрлерінің саны,

Нормативті  параметрлер бойынша бағалау  кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін  қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.Техникалық  және экономикалық параметрлер бойынша  бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы  мүмкін.

б)   Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:      

QІ  = РІ/Ріо* 100% (і= 1,2,3,...,n)                                                (2)    

QІ  = Ріо/Ро* 100%                                                                      (3)  

Мұндағы, Qі - і-нші техникалық параметр бойынша  бәсекеге  қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;     

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің  мөлшері;    

Ріо - үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;     

n - бағалау параметрлердің саны.    

Бағалау нәтижелерін талдау:

Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне  бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау үшін — формула (1), ал отынның шекті  шығынын бағалау үшін — формула (2)

Егер  өнімнің техникалық параметрлерінің  физикалық өлшемі болмаса (мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т.б.), онда балмен бағалау экспертті әдістер  колданылады.Дифференциалдық әдіс талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе ұқсас өніммен салыстырғандағы  кемшіліктерді аныктауға мүмкіндік  береді. Ол өнімнің өмірлік циклдің  барлық этаптарында, әсіресе оны  болжамдық үлгімен салыстырғанда  қолданылады. Бірақ та ол тауардың әрбір  салмақтылық  параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне  әсерін ескермейді.

Бәсекеге  қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен  үлгінің шекті тиімді әсерлерді  салыстыруына негізделген.

Нормативті  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш  келесі формула арқылы есептелінеді:      

Інп = Qһіi=1                                                     (4)  

Мұндағы, Інп - нормативтік параметр бойынша  бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;    

Qһі - і-нші нормативтік параметр бойынша  бәсекеге қабілеттіліктің жеке  көрсеткіші;     

n - бағалауға қатысатын нормативті  параметрлердің саны.     

Нәтижелерді талдау:

Егер  де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең  болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер  бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар  қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.    

Техникалық  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш  мына формула арқылы есептелінеді:       

Ітп = Qi* Аіі=1,                                                   (5)      

Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;    

Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші параметрдің  салмағы;     

n - бағалауға қатысатын нормативті  параметрлердің саны.[3]       

 

 

 

 

 

                  2. Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы

Қазіргі Қазақстан-өзінің жан-жақты дамуына  қажетті көптеген мүмкіндіктері  бар, экономикалық тұрғыдан алғанда  болашағы  зор егеменді ел. Мұнда  қазіргі уақытта шаруашылық салаларының кез келген дамыған елге тән барлық үш тобы –мемлекетаралық маңызы бар маманданған салалар, сондай–ақ қосалқы және қызмет көрсететін салалар дамыған. Олардың шығарған өнімдері, негізінен, өз ауданының мұқтаждарын өтеуге және ең алдымен мамандандырылған салаларды жетілдіруге және одан әрі дамытуға бағытталған.

Экономиканың өсіп, көліктің осы заманғы түрлерінің пайда  болуына байланысты Қазақстанда  өзінің аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда  революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісін  күшейтіп, бірте-бірте республикаішілік бес- Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік  және Оңтүстік экономикалық ауданның қалыптасуына себепші болды. Бұл  аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы  жергілікті  ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық  және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан, олардың әрқайсысының республиканың  бүкіл халық шаруашылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық  экономикалық байланыстары қалыптасқан:

  1. Солтүстік экономикалық аймағына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді.
  2. Орталық Қазақстан экономикалық аймағына Қарағанды облысы кіреді.
  3. Батыс Қазақстан экономикалық аймағына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді.
  4. Шығыс Қазақстан экономикалық аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді.
  5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары кіреді.   

 

 

Экономикалық аудандар

 

Жер аумағы  (%)

 

Халқы   (%)

Халық тығыздығы

1 км 2

Шығыс Қазақстан

10,2

10,8

6,3

Оңтүстік Қазақстан

26,2

37,9

8,7

Орталық Қазақстан

15,9

11,4

4,3

Солтүстік Қазақстан

20,9

27,2

7,8

Батыс Қазақстан

26,8

12,7

2,8


Кесте 1. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының жер аумағы мен халқы  (% есебімен).*

*(автор құрастырған)

 

 

 

                              Аймақтарға қысқаша сипаттама

 

Облыс, облыс орталығы

Терсы, мың  км2

Халық саны  мың адам

Өндірістің негізгі салалры

1

Алматы қаласы

0,3

1131

Машина жасау, жеңіл, тамақ

Солтүстік Қазақстан

1

Қостанай обл.

Қостанай

196,0

1017,7

Темір рудасын өндіру, электромеханикалық, асбест, жеңіл, тамақ

2

С. Қазақстан обл

Петропавл

98,0

725,98

Машина жасау

4

Павлодар обл.

Павлодар

124,8

806,9

Көмір, энергетика, түсті металлургия, мұнай химия, машина жасау, жеңіл, тамақ.

5

Ақмола обл.

Көкшетау

146,1

836,27

Ауыл шаруашылық, машина жасау, химия өңдеу салалары

Батыс Қазақстан

6

Ақтөбе обл.

Ақтөбе

300,6

682,5

262,6

Қара металлургия, химия, жеңіл, тамақ

7

Атырау обл.

Атырау

118,6

440,28

Мұнай өңдеу, мұнай химия, машина жасау, тамақ.

8

Батыс Қазақстан

Орал

151,3

616,8

Машина жасау, жеңіл, тамақ.

9

Маңғыстау обл

Ақтау

165,5

314,6

Мұнай, химия

Орталық Қазақстан

10

Қарағанды обл

Қарағанды

428,0

1816,1

Көмір қара металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ

Шығыс Қазақстан

11

Ш. Қазақстан обл.

Өскемен

283,3

1531,0

Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ

Оңтүстік  Қазақстан

12

Алматы обл.

Талдықорған

224,0

1700,0

Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ.

13

Жамбыл обл.

Тараз

144,3

1056,9

Химия, жеңіл, тамақ

14

О. Қазақстан обл

Шымкент

117,3

1978,2

Түсті металлургия, мұнай химия, жеңіл

14

Қызылорда облысы

226.0

596.2

Жеңіл, тамақ


Кесте 2. Қазақстан аймақтарына сипаттама.*

*(автор құрастырған)

 

 

 

Батыс Қазақстанда  қырықтан астам қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер бар. Қалалық  елді мекендердің басым көпшілігі  кен байлықтарын, негізінен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай  мен газды игеруге байланысты пайда болған. Аудандағы төрт облыс  орталығының үшеуі өзен жағасында  және біреуі Каспий теңізінің жағасында  бой көтерген, бұл темір жол  болмаған кезде қалалардың пайда  болуы үшін маңызды географиялық фактор болып табылатын су жолдарының маңыздылығын дәлелдей түседі.

Солтүстік Қазақстан аумағында  5 өнеркәсіп торабы қалыптасты:

  1. Петропавл өнеркәсіп торабы негізінен тамақ және жеңіл өнеркәсіп бағытына маманданған. Тамақ өнеркәсібінің маңызды салалары – ет-консерві, ұн тарту, май шайқау, ликер-арақ өндіру. Жеңіл өнеркәсіптен балғыры жасау, киіз басу, тігін және аяқ киім салалары дамыған. Барлық ірі кәсіпорындар Петропавлда шоғырланған.
  2. Көкшетау және Астана өнеркәсіп тораптарында тамақ және және жеңіл өнеркәсіп дамыған. Сонымен қатар Көкшетау торабында оттегі-тыныс алу аппаратурасы, таразылар, сондай-ақ алтын (Стептяк қаласында) өндіріледі.
  3. Қостанай өнеркәсіп торабына Қостанай, Рудный, Жітіқара кіреді.  Темір кен орындарын пайдалану негізінде аса ірі Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты салынды. Жітіқарада асбест комбинаты бар. Қостанай торабында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу, кен жабдықтары, темір-бетон бұйымдарын жасайтын кәсіпорындары үшін жабдықтар өндіру дамып келеді.
  4. Торғай бокситтері базасында Арқалық өнеркәсіп торабы қалыптасты.
  5. Солтүстік Қазақстанның шығысында ірі Павлодар –Екібастұз өнеркәсіп торабы дамуда. Ол Павлодар, Ақсу, Қалқаман, Екібастұз қалалары мен бірнеше қала тектес елді мекендерді қамтиды. Тораптың даму базасы-екібастұз бен Майкүбінің аса мол тас көмір мен қоңыр қоры негізінде. Екібастұздың арзан көмірі негізінде Ақсу МАЭС-ін қоса қамтитын қуатты электр энергетикасы торабы пайда болды. Арзан электр энергиясын пайдалану арқылы ферроқорытпалар, саз балшық және аюминий өндірісі дамуда.

Қарағанды алабының негізгі міндеті – кокстелетін  көмір өндіру, энергетикалық көмір  қосалқы өнім ретінде шығарылады. Өнеркәсіп салаларының дамуына  байланысты электр энергиясына деген  қажеттілік өсті. Соған байланысты Екібастұз-Қарағанды электр жеткізу  желісі (ЭЖЖ) салынды.

Шығыс Қазақстан  – ірі полиметалл өнеркәсібі мен  су электр энергиясы өндірісінің  орталығы. Бұл ауданда Қазақстанда  шығарылатын мырыш, титан және магнийдің  негізгі бөлігі, қорғасын, мыс, асыл және сирек металдардың көбі өндіріледі. Өнеркәсіп орындары электр энергиясын Бұқтырма сияқты ірі электр станцияларынан алады.Жер  қойнауы байлығының молдығы  жағынан Кенді Алтайды Оралмен  салыстыруға болады. Жоғарыда аталған  қазба байлықтардан басқа Қалба  жотасы мен Оңтүстік Алтайдағы қалайы-вольфрам кен орындарының маңызы үлкен. Алтай  таулары орманға бай. Республикадағы орман алқабының 40%-дан астамы Шығыс  Қазақстанда.

Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні