Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны
Кіріспе
Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.
Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңызы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір шендігі, оның тауарлар нарығында және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Қазіргі заман талабы,
жоғары сапалы тауарды шығару
негізгі мәселесі болып
Қазіргі кезде Казақстан Республикасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасы да төмен болады. Казақстан Республикасы әлемдік сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсекеге түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімін сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.
«Тек бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің сапасының деңгейі көтеріледі, бұл экономикада өте маңызды» – деген гипотиза шығарып отырмын. Соны ашу үшін кітаптармен газеттерді оқып, талдап бұл жұмысты жаздым.
Бәсеке жағдайында кез – келген шаруашылық шаманың қызметі екі түрлі бақылауға ұшырайды. Бір жағынан ол фирманың шегіндегі ішкі тікелей бақылау болса, ал екінші жағынан нарықтығы бәсекелес фирмалар тарапынан болып, нарықтық қатынастардың түпкі нәтижелері негізінде айқындалатын жанама түрдегі сыртқы бақылау. Бақылаудың екінші формасы алдыңғысына қарағанда анағұрлым катаң, бірақ әділ болып келеді, яғни кез – келген шаруашылық шаманың қызметіне объективті түрдегі бағаны өзінің жеке мүдделеріне сай қандай да бір бәсекелес фирманың тауарына «ілтипат» қойған сатып алушының өзі береді.[1]
Нарықтық бәсеке – экономикалық
бақылаудың ең тиімді де арзан түрі,
өйткені ол қоғамнан ең төменгі деңгейіндегі
шығындарды талап етеді. Бақылаудың
осындай түрі ең маңызды да динамикалы
күш бола отырып, өндірушіні үнемі
шығындары мен бағаларды
Курстық жұмыстың мақсаты –Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін зерттей отырып, тақырыпқа сай ашу, нарықтық бәсеке және оның түрлерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті
- Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін анықтау;
- Нарықтық экономикадағы бәсекенің түрлерін, мәнін және қазақстандағы бәсекенің қалыптасу және даму жағдайларын қарастыру т.б.
Курстық жұмыстың жазылуы
барысында және тақырыптың мазмұнын
ашуда мақалалар, маңызды деректер,
статистикалықкөрсеткіштер жан-
Қазақстанда аталған мәселелер осы күнге дейін жеткіліксіз зерттелген. Экономикалык әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы нарықтық бәсеке аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде – бәсеке ұғымы және қызметі, мәні және қажеттілігі қарастырылды.
Екінші бөлімде – жетілген және монополиялық бәсеке нарығына сипаттама, оның құрылуы, жеткіліктілігі және динамикасы, нарықтық өзгерістері келтірілген.
Үшінші бөлімде – бәсекелестікті мемлекеттік қолдаудың жолдары келтірілген.
1 Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Бәсекенің ұғымы мен түсінігі
Бәсеке (состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін ұстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс
ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің
белгілі әрекеттерінің
-өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
-өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
-бәсекеге төзімді өнім өндіру;
-өнімді сату.
Бұл үшін оның саны
анықталады, өткізілетін орны мен
уақыты белгіленеді; пайда
Бәсекелік сайыста
шаруашылық жүргізуші
-бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
-тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
-бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
-тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
-бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
-келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу.
Аталған шартбұзушылықпен күресу
Қазақстанда мемлекеттік
Еркін бәсеке жеке меншікке
және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді.
Өндірушілер бір-бірімен тек
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
-жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма
-сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
-әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
-сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
-сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
-өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу
шарттарының орындалуы
Нарықтық бәсекенің
Артықшылықтары:
-қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
-тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
-тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
-өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
-ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
-қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
-ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
-фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
-еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
-әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.[3]
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады. Осыны 2-кесте және 1-сурет арқылы байқауға болады.
Баға өскенде сұраныс
төмендейді, ұсыныс өседі. DD-сұраныс
қисығы; SS-ұсыныс қисығы. Сұраныс
қисық сызығымен ұсыныс қисық
сызықтарын бетестіру арқылы нарықтық
тепе-теңдікті белгілеугe болады. Ол DD
мен SS қисық сызықтарының түйіскен
Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі
баға тепе-теңдік баға деп аталады.
Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс
арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды.
Баға 25 болғанда А1В1 көлемінде тапшылық
пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде
артықшылық туады. Осыдан қорытынды
еркін бәсекеде нарықтың механизм,
бағаның ауытқуы мен ұсынылған
тауарлардың көлемінің
Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.
Жалпы тепе-теңдік – бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс аралығындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен қызметтердің ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірілетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының өскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуының азаюын нанның сатылуының көбеюімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді:
-қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, т.б.);
-қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әртүрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, т.б. тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.
Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелдігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады.
1.2 Бәсекенің негізгі классификациясы
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі
бәсекелестік – бұл бір
2). Салааралық бәсекелестік
– бұл халық шаруашылығы
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар:
1) сатушы тек қана бір фирма;
2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ;
3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды;
4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады. [5]
Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда.
Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:
а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ – ХlХ ғасырлар арасы.
б) Монополистiк капитализмi, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.
Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.
Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХlХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi мәшинелер келедi.
Кәсiпорындарда ендi қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.
Мәшинелендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХlХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), м¸шине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнерк¸сiпте төңкерiс болды.
Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.
Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе бастады, дерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары өнiм ондiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны сататын тек бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәскелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi,мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.
Монополияның түрлерi. Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:
а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.
Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.
Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост- Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.
ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар,трестер, концерндер, конгломераттар.
Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы бiрнеше кәсiпорындарының одағы. Бұған қатысушылар құрал- жабдыққа және өнiмге өздерi ие, өздерiнiң меншiгiнде болады. Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.
Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорны ұйымдастырылып, тауарды сол сатады.
Трест – бұл монополияда құрал–жабдық. дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады
Концерн – бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда,көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.
Конгломерат – бiрнеше шағын және орташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.
Жалпыға бiрдей монополия формасы пайда болды осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады. (әскери -өнеркөсiп кешенi).
Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының нарқы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.
Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.
Капиталистiк экономиканы монополияндыру өндiрiстiк ғылыми – техникалық прогресстiң ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта ғылыми- тхникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) туындырды – ол шағын және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың ролiн жоғарлату. Дамыған елдерде шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама Штатында «Шағын бизнесті» ұлттық өнiмнiң жартысына жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi, қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.
Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi дифференциялау.

- Бәсекенің теориялық негіздері
- БД автопарка. Учет автомобилей: за кем закреплен, километраж, путевки
- БД "Аптека"
- БД «Кафедра информационно-компьютерных технологий»
- БД по Радиоэлементам
- БД по учету продаж продукции мясокомбината
- БД «Прокат автомобилей»
- «Баян Сұлу»АҚ-ның ұйымдық–экономикалық сипаттамасы
- Бәсеке
- Бәсекегеқабілеттілік
- Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні
- Бәсеке және оның турлері. Бәсеке және монополия
- Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары
- Бәсекелестік