Бюджетпен есеп айырысу. 3
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ……………………………………………………………
I. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ.......................
1.1
Бюджет туралы түсінік.........
1.2
Салық туралы түсінік.......................
II. БЮДЖЕТПЕН
ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..............14
- Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының есебі.............14
- Алынған
аванстар бойынша есеп айырысу есебі.........................
..........16
2.3 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі....18
2.4 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі.........20
2.5 Салықтардың
ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл.................23
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
- Корпоративтік табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық;
- Мүліктерге салынатын салық;
- ҚҚС;
- Акциздер.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :
- пайда (алынған игіліктер) қағидаты
- қайыр көрсету(төлем қабілеттілігі) қағидаты
Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан
Республикасының салық
Мемлекет
салық саясатын – салық саласындағы
шаралар жүйесін қоғамның оның
нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік
– экономикалық мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық
саясатқа сәйкес жүргізеді
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
- Бюджет туралы түсінік
Мемлекеттің
бюджеттен тыс қорларының әлеуметтік-экономикалық
мәні, мағынасы: Бюджеттен тыс қорлар
дегеніміз мемлекеттік
Мемлекеттік несиенің мәні, мағынасы, нысаны және әдістері:
Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағында жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы-несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие нысандары: мемлекеттік займ шығару, тұрғындардың коммерциялық банктегі халық салымдарының бір бөлігін мемлекет займына айналдыру, қазыналық ссудалар.
Мемлекеттік қарыз түсінігі, түрлері, басқару: Мемлекеттік қарыз дегеніміз белгілі бір күнде немесе белгілі бір мерзімнен кеін пайыздарымен бірге өтелуі тиіс, бірақ өтелмеген, шығарылған мемлекеттік займдар сомасы. Мемлекеттік қарыз қаржы жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады ( Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қаржы министрлігінің құрамында мемлекеттік қарызды реттейтін органдар жұмыс жасайды). Мемлекеттік қарыздардың қызмет етуі жаңа займдар мен қарызды өтеуге байланысты қатынастар жиынтығымен сипатталады.
Мемлекеттік
және мемлекет кепіл берген займдар
мен қарыздарының алдағы 10 жылдағы
жағдайы мен болжамына жыл
сайын баға беріліп отырылады.
ҚР қаржы министрлігі ҚР үкіметінің
займ алу шарттары мен нысандарын,
көлемін, үкіметтік қарызды өтеудің
және қамтамасыз етудің көлемі мен шекетерін,
жергілікті атқарушы органдардың қарыздарының
шегін анықтайды. Түрлері: 1. Займ алушыға
қатысты: үкіметтің займы, ҰБ-ң займы, жергілікті
атқарушы органның займы.2. Ссудалық капитал
нарығы бойынша: ішкі мемлекеттік займдар,
сыртқы мемлекеттік займдар. 3. Займ алу
нысаны бойынша: мемлекеттік бағалы қағаздардың
эмиссиясы; займ туралы келісім шарт жасау
болып бөлінеді.
1.2 Салық туралы түсінік
Салық дегеніміз – бұл мемлекет бір асақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық-
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :
- пайда (алынған игіліктер) қағидаты
- қайыр көрсету(төлем қабілеттілігі) қағидаты
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.
К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:
Д-т: «Әлеуметтік салық деп аталатын шоты;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті
жылда салық салынатын
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберилген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс.
Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты;
К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» - шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот;
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кейінге
қалдырылған корпоративтік
Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.
Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:
- Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
- Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)
- Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:
- Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);
- Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
- Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.
Бухгалтерлік
және салық есептерінің
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған
құнға салынатын салық
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;
К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
«Акциздік салықтар»
Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:
Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;
К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: «Жер салығы»;
«Көлік құралына салық»;
«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.
Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
- Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.
Салықтардың,
алымдар мен міндетті төлемдердің
түрлері, мөлшері және олардың төлеу
тәртібі Қазақстан Республикасы
заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай
есеп айырысу» шотының кредитіне
тиісті шығындар есептелетін шоттардың
дебитінен еспетелген салық, алымдар мен
міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың
дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың
кредитінен төленген сомалар жазылады.
| № | Операциялар мазмұны | Д-т | К-т | Тип |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс салығы сомасына | 7710 | 3110 | ІІІ |
| 2 | Ұйымның есеп
саясатының өзгеруіне немесе кеткен
кемшіліктерді түзетуге байланысты,
бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын
реттеуге жататын салық сомасының
- Ұлғаюына - Азаюына |
5430
3110 |
3110
5430 |
ІІІ
ІІ |
| 3 | Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасы | 6410 | 3110 | ІІ |
| 4 | Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына | 3110 | 6410 | ІІ |
| 5 | Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс салығы сомасы | 3110 | 1030 | IV |
| 6 | Ағымдағы кезеңде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (бухгалтерлік есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық | 7710 | 4310 | III |
| 7 | 632 – «Кейінге
қалдырылған табыс салығы»деп
аталатын шотқа түзетілер -салық мөлшерін ұлғайтуға; -салық мөлшерін азайтуға. |
7710
4310 |
4310
7710 |
III |
| 8 | Пайда болған
немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен
уақытша айырма салық сомасына:
-бюджетке төлеуге; -зиянды жабу нәтижесінде есептелген |
4310
4310 |
3110
7710 |
II III |
| 9 | Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде | 5320 | 4310 | II |
| 10 | Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде | 4310 | 5320 | II |
| 11 | Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс қызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына | 1210 | 3130 | III |
| 12 | Орын толтырылатын қосылған құн салығы сомасы мен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына | 3130 | 1420 | IV |
| 13 | Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына | 3130 | 1030 | III |
| 14 | Жеке тұлғарарға есептелген табыс салық сомасына | 3430 | 3120 | II |
| 15 | Серіктестіктерге қатысушылардың девиденттері мен табыстарынан, олардың үлестеріне қарай, төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына | 3031,3032,4170 | 3120 | II |
| 16 | Жеке тұлғалардың еңбекақысынан ұсталған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны | 3120 | 1030 | IV |
| 17 | Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы | 1030 | 3110-3120 | III |
| 18 | Есептелген әлеуметтік салық сомасы | 7210 | 3150 | III |
| 19 | Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды | 3150 | 1030 | IV |
| 20 | Есептелген акциз салық сомасы | 2110 | 3140 | III |
| 21 | Есептелген
акциз салығының салығының |
3140 | 1030 | III |
| 22 | Есептелген жер салығы сомасы | 7210 | 3160 | IV |
| 23 | Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды | 3160 | 1030 | IV |
| 24 | Есептелген мүлік салығы сомасы | 7210 | 3180 | III |
| 25 | Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды | 3180 | 1030 | IV |
| 26 | Есептелген көлік құралдарына салық сомасы | 7210 | 3170 | III |
| 27 | Есептелген көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды | 3170 | 1030 | IV |
II. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Еншілес
серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының
есебі
Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан
Республикасының салық
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.
Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Материалдар» шоты;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.
Ал еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:
Д-т: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;
К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

- Бюджетпен есеп айырысу есебі
- Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
- Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары
- Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу
- Бюджет пенсионного фонда РФ
- Бюджет политических партий
- Бюджет: понятие, принципы, структура. Доходы и расходы. Государственный бюджет в Республике Беларусь
- Бюджетный федерализм: понятие, сущность, субъекты и формы выравнивания
- Бюджетный федерализм – принципы и основные направления развития
- Бюджетный федерализм: сущность, принципы и перспективы развития
- Бюджетня система и бюджетный процесс
- Бюджет. Основные черты бюджетной системы и бюджетного устройства РФ
- Бюджетпен есеп айырысу
- Бюджетпен есеп айырысу