Бюджетпен есеп айырысу. 2

ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ 

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ   

1 Салық туралы түсінік

2 Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі

3 Бюджет жүйесін жетілдіру

4 Фискалдық саясаттын міндеттері мен мақсаттары

5 Кірістер саясаты

6 Шығындар саясаты

7 Астана қаласы  бюджетінің атқарылуы

8 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл

III ҚОРЫТЫНДЫ           

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I Кіріспе 

  Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл   мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.   

  Салықтардың  экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

     Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі.Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.   

      Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.   

      Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.    

      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік  бюджеттің табыс бөлігіне қосымша  келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:

     Корпоративтік табыс салығы;

     Жеке табыс салығы;

     Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын  салық;

     Әлеуметтік  салық;

     Жер салығы;

     Көлік құралдарына салынатын салық;

     Мүліктерге  салынатын салық;

     ҚҚС;

     Акциздер.  

      Алдыңғы  жылдардың  бюджеті келер  жылдардың  бюджетін қалыптастыруға және атқаруға  едәуір ықпал етеді.Ұзақ  мерзімді кезеңде оларды  атқару тиімділігін  барынша ұлғайту үшін  бірнеше  жылға  есептелген тиісті іс-қимыл  бағдарламасының  болуы қажет.Мұндай  бағдарламаның  негізгі көрсеткіштерін мемлекеттік билік органдарының  бюджет  саясаты  айқындайды.Экономикалық саясаттың бір бөлігі  болып  табылатын фискалдық саясат бюджет  қаражатын  қалыптастырумен  және  жұмсаумен  байланысты  құралдарды  пайдаланады.

     Астана қаласы әкімдігінің 2008-2010 жылдарға  арналған орта мерзімді  фискалдық  саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді  фискалдық саясаты) Мемлекет басшысының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті  халық үшін ( атты 2004 жылғы 19 наурыздағы, «Қазақстан  экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару  жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы және  «Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру  стратегиясы.Қазақстан өз  дамуындағы жаңа серпіліс  қарсаңында» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты 2007 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере  отырып, Астана  қаласының әлеуметтік-экономикалық  дамудың орта мерзімді жоспарының жобасы), Астана  қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының  аса  салалық (секторалдық) бағдарламалар  мен басқа да стратегиялық және  бағдарламалық  құжаттар негізінде  әзірленді.

      Орта  мерзімді фискалдық  саясат  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  негізгі  бағыттарын іске асырудың  негізгі  тетіктерін (тәсілдерін) – кірістерін мен шығындар  саясатын, бюджеттік кредит беруді, қаржы  активтерін басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.

       Орта мерзімді фискалдық  саясаттты  әзірлеу мынадай  мақсаттарға  қол жеткізуге:

  • алдағы үш жылдық  кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемін айқындауға;
  • Астана қаласы әкімдігінің фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол  жеткізу жөніндегі  жоспарларын белгілеуге;
  • стратегиялық  басымдықтарды  іске  асыруға арналған шектеулі  бюджет  ресурстарын бөлу  жөніндегі шешімдерді қабылдауға  ден қоюға;
  • келешекте бюджеттік шектеулер мен мүмкіндіктерді барынша жақсы түсінуді  қамтамасыз етуге;
  • бюджет процесінің тиімділігі мен ашықтығын  жоғарылатуға;
  • бюджет процесінің дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртіпті  жоғарылатуға бағытталған.

    Бұл құжатта  Астана қаласы  әкімдігінің 2008-2010 жылдарға арналған  фискалдық саясатының  негізгі   мақсаттары, міндеттері мен бағыттары  айқындалған.

    Астана  қаласы әкімдігінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді  фискалдық саясаты 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесінің негізі әрі бастауы және  мемлекеттік басқарудың барлық  деңгейлерінде  салық және  бюджет саясатын іске  асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып табылады. 
 
 
 
 

1. Салық туралы түсінік    

      Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары  мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.   

      Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына  қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.   

      Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 –  ші бабында: заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.

    Салықтарда ежелден салық жүктемесін  бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :пайда (алынған игіліктер) қағидаты″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты.Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан  салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.    

      Салық төлуеші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық  көлемінде және белгіленген мерзімдерде  орындауға міндетті.  

  Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.   

      Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.    

      Қазақстанның  салық жүйесі оның бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты  бірыңғай болып табылады. 

     Мемлекет  салық саясатын – салық саласындағы  шаралар жүйесін қоғамның  оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.          

 

2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі. 

     Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.    

      Қазақстан Республикасының салық кодексіне  сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

     Әлеуметтік салық   

      Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына  тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.   

      Әлеуметтік  салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі  сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.   

      Шаруашылық  жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу  қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен  кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;    

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар»  7210 деп аталатын шот.   

К-т: «Әлеуметтік  салық» 3150 деп аталатын шот.  

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:    

Д-т: «Әлеуметтік  салық» 3150 деп аталатын шоты;   

К-т: «Ақшалар»1000 деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. 

     Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы   

      Есепті  жылда салық салынатын табыстары  бар заңды тұлғалар табыс салығын  төлеушілер болып табылады. Табыс  салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді.   

      Әрбір салық төлеуші салық салынатын  табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс  табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.    

      Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.   

      Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін  шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ  салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.   

      Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық  органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.    

      Ұйым  өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша  табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:   

Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар»  шоты;   

К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» - шоты.    

Ал бұл  сома бюджетке аударылғанда:   

Д-т: « Төленетін корпоративтік табыс салығы » деп аталатын шот;   

К-т: «Ақщалар»  деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

     Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі   

      Бухгалтерлік есепте  табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады.Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады.Салық заңы талаптарынан  бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар.Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен  салық салынатын  табыстың арасында айырмашылық пайда болады.Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе уқытша болып бөлінеді.   

      Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында  есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды.Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:

- Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;

- Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)

- Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;

     Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген  шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.   

      Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.   

      Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде  пайда болады:

Бухгалтерлік  есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын  белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық  ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.   

      Бухгалтерлік  және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда  болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған  корпоративтік табыс салығы»  деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге  қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.   

      Қосылған құнға салынатын салық   

      Қосылған  құнға салынатын салық тауарлары өндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ  осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі.Бұл пассивтік шот болғандықтан  кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады.Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады.Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.    

      Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы   

      Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.   

      Жеке  тұлғалардың мүліктік табысына тек  қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға  байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және  басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан.Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.   

      Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір  қалыпты ұстау үшін салық  салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды.Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:   

Д-т: « Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;   

К-т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.   

      « Акциздік салықтар »   

      Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.    

      Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге  жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:   

Д-т: « Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;   

К-т: «Акциз салығы»деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.   

      Кәсіпорындар  мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне  заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс.Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:    

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;   

К-т: « Жер салығы »;   

      « Көлік құралына салық»;   

      «Мүлікке  салық» деп аталатын шоттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.   

Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар » шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі.Бұл айтылғандардың қатарына:Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.    

      Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады.

« Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады. 

Операция мазмұны Дт Кт Тип
1 Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс  салығы сомасына 7710 3110
  ІІІ
 
2 Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының  

- Ұлғаюына  

- Азаюына

5430    

3110

3110    

5430

ІІІ

ІІ

3  Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасы 6410 3110 ІІ
4 Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына 3110 6410
  ІІ
 
5 Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс салығы сомасы 3110 1030 IV
6 Ағымдағы кезеңде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (бухгалтерлік есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық 7710 4310 III
7 «Кейінге қалдырылған табыс салығы»деп аталатын шотқа түзетілер енгізуге байланысты:  
-салық мөлшерін ұлғайтуға;  

-салық  мөлшерін азайтуға.

7710

   4310

4310    

7710

III
8 Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:  

-бюджетке  төлеуге; 

-зиянды  жабу нәтижесінде есептелген

4310 3110    

7710

II 

III

9 Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме  өсімінен  жоғары болған кезде 5320     4310 II
10 Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде 4310 5320 II
11 Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс қызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына 1210 3130 III
12 Орын толтырылатын қосылған құн салығы сомасы мен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына 3130 1420 IV
13 Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына 3130 1030 III
14 Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасына 3430 3120 II
15 Серіктестіктерге  қатысушылардың девиденттері мен табыстарынан, олардың үлестеріне қарай, төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына 3031,3032,4170 3120 II
16 Жеке тұлғалардың  еңбекақысынан ұсталған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны 3120 1030 IV
17 Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы 1030 3110-3120 III
18 Есептелген  әлеуметтік салық сомасы 7210 3150 III
19 Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды 3150 1030 IV
20 Есептелген  акциз салық сомасы 2110 3140 III
21 Есептелген акциз салығының  сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды 3140 1030 III
22 Есептелген  жер салығы сомасы 7210 3160 IV
23 Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды 3160 1030 IV
24 Есептелген мүлік салығы сомасы 7210 3180 III
25 Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды 3180 1030 IV
26 Есептелген  көлік құралдарына салық сомасы 7210 3170 III
27 Есептелген көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды 3170 1030 IV
 

            3. Бюджет жүйесін жетілдіру 

     2005 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы  Бюджет кодексінің (бұдан әрі  – Бюджет кодексі) қолданысқа  енгізілуі байланысты бюджет  процесінің ұйымдастырылуы оның  нормаларының негізінде жүзеге  асырылады.

     Қазақстан Республикасы Президентінің жыл  сайынғы Жолдауларында айтылған тапсырмаларды және Қазақстан Республикасының  Үкіметінің 2005-2007 жылдардағы арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі  Іс-шаралар жоспарын орындау үшін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында экономика салаларын дамыту жөнінде міндеттер және оларды шешу жолдары қарастырады. Стратегиялық міндеттерді шешу Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жыдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалады.

     Қалалық дамудың басты стратегиялық мақсаты  – халық өмірі мен тұрмыс халінің  жоғары деңгейін қамтамасыз ететін үйлесімді  дамыған елордалық орта құру болып  табылады.

     2008-2010 жылдары қала дамуының негізгі  басымдықтары:

  • тұрғын үй құрылысын дамыту;
  • кедейлік және жұмыссыздықпен күресу;
  • қаланың әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілер жүйесін кеңейту жолымен адами ресурстарды дамыту;
  • индустриалдық-инновациялық даму;
  • денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасын әрі қарай дамыту;
  • білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
  • қаланы сумен және су қашыртқымен қамтамасыз ету;
  • көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • қаланы электрмен және энергиямен жабдықтау болып табылады.
 

   Негізгі міндеттер:

  • Инвестиция тарту және ғылымды қажетсінетін өнеркәсіп өндірісінің өсуі есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
  • Тұрғын үй проблемаларын шешу;
  • Қаланың әлеуметтік инфроқұрылымдық объектілер жүйесін шешу;
  • Қаланы сумен қамтамасыз ету және су қашыртқы;
  • Қаланы электрмен және энергиямен жабдықтау;
  • Қазіргі заманғы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету;
  • Шағын және орта бизнесті әрі қарай қолдау болып табылады.