Corel Draw графиктік редакторы

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………............

3

І

Графиктік редакторлар

 

   1.1

Графиктік редакторлардың түрлері және олардың                 

сипаттамалары....................................................................

 

8

   1.2

Векторлық редакторлар.....................................................................

15

   1.3

Растрлық редакторлар........................................................................

19

II

Corel Draw графиктік  редакторын мектепте  оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету

 

   2.1

Corel Draw графикалық  редактордың негізгі   принциптері  мен ерекшеліктері..........................................

 

24

   2.2

Corel Draw графикалық редакторымен алғашқы  

жұмысты бастау..................................................................................

 

28

   2.3

Corel Draw программасының  құралдар тақтасы, қасиеттері, интерактивті  құралдармен бірлесе пайдалануы..............................

 

33

   2.4

Corel Draw графиктік редакторында график  және  

текстпен  жұмыс істеу.........................................................

 

45

Қорытынды………………………………………………………………...

58

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

61

Қосымшалар...................................................................................................

63


 

 

 

 

 

 

 

 

 

   КІРІСПЕ.

 

Мәліметтерді компьютер  мониторында графиктік түрде  беру алғаш рет өткен ғасырдың 50 жылдарында ғылыми және әскери зерттеулерде қолданылатын электронды есептеуіш  машиналарда жүзеге асты. Содан бері мәліметтерді графиктік түрде беру көптеген компьютерік жүйелердің  ажырамас бір бөлігі болып табылады. Программалық-аппараттық есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді жасау және өңдеудің әдістері мен жабдықтарын оқып-үйренетін информатиканың арнайы саласы бар – ол компьютерлік графика. Ол адам моитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыда (қағаз, кинопленка, мата т.с.с.)  қабылдай алатын бейнелерді берудің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Компьютерлік графикасыз компьютерлік ғана емес, кәдімгі жай материалды әлемді елестету мүмкін емес. Мәліметтерді визуальдау адам өмірінің алуан түрлі салаларында көрініс тапқан. Мысалы, медицинада – компьютерлік томография.

Графиктік ақпаратты  беру растрлық және векторлық принциптеріне байланысты графиктік редакторлар – растрлық және векторлық болып бөлінеді. Қарапайым растрлық графиктік редакторларға Paint жатады. Растрлық редактор Adobe PhotoShop - ты көбінесе кәсіби дизайнерлер пайдаланады.

1950 жылы компьютерлер  пайда бола бастады. Олар ғылыми және өндірістік есептерді шешуге қолданылды, нәтижелері сандық шамалар болады. 1960 жылдары неғұрлым күштірек компьютерлер шыға бастады. Оларда символдық басылымда графиктік мәліметтерді өңдеу мүмкіндігі болды. Одан кейін арнайы қағазға басып шығу құрылғылары басып шығарды. Олар графопостроитель немесе поттер деп аталады. Графопостроительдер жұмысы үшін арнайы программалық қамтамасыз етулер жасалды. Келесі маңызды қадам графиктік дисплейлердің шығуы болады. Графиктік дисплей суретті түзу қатарға орналастырылған нүктенің жиынына құрайтын болады. Осы түзу қатарды – жол деп те атайды. Осы принцип бойынша жол блойынша сканерлеу бойынша жұмыс жасайтын мониторларды растрлық мониторлар деп атайды. Компьютердің видеосигналды қалыптастыруға мүмкнідік беретін сол арқылы бейнені анықтайтын платасы немесе тақташа – видеоадаптер немесе видеоплата деп аталады.

Видеоадаптердің негізгі  бөліктері: видеожады мен дисплейлік процессор. Шығарылатын бейне видеожадыда  қалыптасады, ал дисплейлік процессор  жаңағы қалыптасқан бейнені оқиды да, монитолр жұмысын басқарады. Видеожадыға екі процессор кіре алады:

  • орталық процессор;
  • дисплейлік процессор;

Орталық процессор видеоақпаратты жазады, ал дисплейлік процессор оны  оқиды да мониторға береді. Видеожадыда  әрбір нүктенің түсін анықтайтын кодтардың тізбегі болады. Видеоадаптер екі түрлі режимде жұмыс істей алады:

  • текстік;
  • графиктік.

Текстік режимде монитор  экраны шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлінеді, оны знакоместо немесе белгілік орындары деп атайды. Әрбір белгілік орын кодтардың ASCII кестесі бойынша символдармен толуы мүмкін.

Ал графиктік режимде  ақпарат нүктенің тіктөртбұрышты торы ретінде бейнеленеді де олардың  әрқайсысының түсі программамен беріледі.

Текстік және графиктік  режимде видеожадыны толтыру  айырмашылқтары бар. Графиктік режимде видеожадының элементтерінің саны экрандағы нүктенің санына сәйкес келеді. Ал текстік режимде экрандағы символдар санына сәйкес келеді.

1981 жылы алғашқы IBMPC компьютерлері MDA видеоадаптерімен жабдықталған, видеожүйесі тек қана текстік режимде жұмыс істеуге арналған. 1982 жылы Hercules видеоадаптері шықты. Оның ақ-қара түсті графиктік видеорежимі бар. Оның өлшемі – 720-348 пиксел болады.

Келесі қадам видеоадаптерлер  СDA 1983 жылы шыққан. Ол IBMPC арналған алғашқы түрлі-түсті модем. Ол текстік және графиктік режимде жұмыс істейді. Өлшемі түрлі-түсті үшін - 320-200, ал ақ-қара үшін – 640-20 түрлі-түсті – төрт түспен жұмыс істейді.

1984 жылы EGA видеоадаптері шыққан. Оның режимі 16 түсті режим. Өлшемі – 640-350 пиксел.

1987 жылы VGA видеоадаптері шыққан. Оның режимі – 256 түсті видеорежим. Өлшемі – 800-600 және 640-480.

Осыдан кейін СуперVGA 1024*768 VGA-да ақ-қара түсті фотаны өңдеу мүмкіндігі болды.

1995 жылы Targa-24 видеоадаптері шыққан. Оның түсі – 16млн.

Қазіргі уақытта Pentium процессорлы IBMPC компьютерлері растр өлшемі – 1600*1200 болатын, түстің тереңдігі 32 бит/пиксел болатын видеокарталарды пайдаланады.

Бейнелеу параметрлары тек қана видеоадаптердің моделімен ғана емес видеожадылардың көлемімен  байланысты. Видеожады монитордың қазіргі жағдайларына сәйкес келетін растрлық бейнені сақтайды. Видеожадының керекті көлемі – экран растрының периметрінің пикселдегі биттер санының қатынасымен есептеледі. Видеожадыда бейненің бірнеше кадры сақталуы мүмкін. Ал бұл анимацияда қолданылады.

       Ғылыми  прогрестің алға жылжуы әлде  қайда алысқа бара жатыр. XX-сыншы  ғасырдың екінші жартысында, толық  кемеліне келген, адамның ойлап  тапқан алғашқы құралы “компьютер”.  Бұл құралмен кең көлемді, логикалық  операцияларды орындауға болады.компьютер жадында бірнеше мыңдаған операциялар орындалады. Соның ішінде болып жататын күрделі программалардың көмегімен күрделі (жеңіл) жұмыстар орындалуға (жасауға) болады. компьютерде көптеген программа болса, соның бірі графикалық редактормен танысуымыз қажет етеді.       

        Компьютер жүйесінде процесспен  жұмыс істегенде кестені салуға, иллюстрацияны немесе жарнамалық  хабарды орындауға қажетті керек  етеді. Көптеген графикалық редакторларда  жан жақты құралдармен жұмыс  істеп, сурет салуға болады.

         Corel Corporation Канадалық фирманың көмегімен аты әлемге мәлім болған программа, Corel Draw графикалық редактор компьютерде ірі қуатты жұмыстар атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәні жағынан объектіге қатысты жұмыстар атқаруға, оны өңдеуге, құруға және ең жеңіл арналған программаларда сурет салуға қолайлы жағдай туғызады. Corel Draw мақсаты, қолайлы интерфейсімен түсіндіріледі. өйткені, объектімен жұмыс істегенде, құрау және графикалық бейнелерді редактрлеу маңызды іс атқарады.

         Программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялар басқа графиктік редакторларымен салыстырғанда жоғары деңгейде жасалатын программалар. Сонымен бірге шығармашылық өнерді шынайы түрде құруға мүмкіндік жасайды. Бірақта, ондай жолдардың кері жағында көрсете алады. Кең өрістегі психиологиялық барьерді (программамен жұмыс істегенде кедергі жасау) құруға мүмкіншілігі мол. Мұндай жағдайға келіп тірелген адам, программаны қабылдай алмайды, одан жеңіл түрлеріне Adobe Illustrator немесе Macromedia Free Hand типіне программаларды қажет етеді.

         Сонымен графикалық редактор Corel Draw программасын өте күрделі деуге болмайды. Кез келген пайдаланушы графикалық редактормен жұмыс атқарғанда, оны одан әрі қажеттілікке тұтынады. Өйткені, берілген тапсырма бойынша немесе кез келген тапсырманы орындауға Corel Draw программасының арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құралдары дұрыс пайдаланып, пайдаланушы программаны жоғарғы дәрежелі қызметі бойынша іске асырады. Сол үшін бұл программаны құраушы адам, жеңіл версиялы программаны ұсынады.

Графикалық  ақпаратты өңдеу ғылыми зерттеулердің,  инженерлік  және  дизайнерлік  шешімдердің, ақпараттық және  бағдарламалық  және бағдарламалық құралдардың- бірі Corel Draw.

Corel Draw-қисық түзілімдер туралы және графикалық  файлдың   сыртқы  құрылғыда   бейнелеу   көрсетімі, яғни өлшемі,  шешімі,  сығымдау дәрежесі, әдісі. Көптеген  графикалық  объектілердің бірнеше негізгі түрін бөліп адып,  оларды  дайындаудың кең тараған және күрделі емес  құралы. 

  Векторлық  графиканың  қолдану  аясы өте кең:

  • біріншіден,  ол  компьютерлік  полиграфияда өте  үлкен роль атқарады. Жеңіл  масштабталатын  және  баспа  басылымдарында  және  бейне материалдарда  қолдануға болатын жүздеген  сан алуан  суреттер векторлық әдіспен  қалыптасады.
  • Екіншіден, конструкторлық және ғылыми  қызметте –компьютерлік сызу, жобалаудың  автоматтандырылған жүйелерінде, үш  өлшемді  графиктерде және т.б. векторлық әдіске  ештеңе жетпейді.

 

І – тарау ГРАФИКАЛЫҚ  БЕЙНЕЛЕРДІҢ  РЕДАКТОРЛАРЫ

 

    1. Графиктік редакторлардың түрлері және олардың сипаттамалары

 

Графикалық  ақпарат – ол схема, эксиз, бейне график, диограмма символ  түрінде ұсынылатын   мәлімет немесе  хабар “Үшбұрыш” немесе “тұмадағы кірпі” мәселесі болып табылады. Қазіргі кездегі компьютердің маниторы екі режимде жұмыс істей алады, текстілік және графикалық түрде болады.

Текстілік режимде. Текстілік режимде экран бір жолда сексен символдан тұратын, жиырма бес жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясында бір символ орналасуы мүмкін.Текстілік режим-    дегі монитор экранында псевдографики символынан  құралған қарапайым суреттер мен текст шығаруға болады.Экранда барлығы 25*80 = 2000 белгіленген орын бар. Әрбір белгіленген  орынға тең бір символ орналасқан (пробел – символы тең). Бұл символ он алты түстің біреуімен ғана болуы мүмкін. Сонымен символдық суретті салынатын бірге фон түсін (сегіз түс) өзгертуге болады және символ жыпылақтауы мүмкін. Символдың түсін көрсету үшін бізге төрт бит (24=16) қажет болады, фонның түсін көрсету үшін үш бит (23=8) керек, бір биит  жыпылықтауы жүзеге асыру үшін (0- жыпылықтамайды, 1- жыпылықтайды). Осыдан жағдайда кезкелген текст немесе сурет монитордың текстілік режимде компьютер жадынында (видео жады) 2000*2 байт = 4000 байт = 4 Кбайт орын алады.

Графикалық режимде. Графикалық режимде экран жарықтайтын нүктелерге (пиксельдер) бөлінеді. Монитордың шешуші қабілеттілігін анықтайтын сандар және оның типі мен режимге тәуелді және  графикалық бейне экранда әрбір пиксель ақпарат түрінде жадыда сақталады. Егер пиксель қатыспаса, онда ол жарқырамайды  және анықталған түсі болады. Сондықтан әрбір пиксельдің жағдайы  нольдердің және бір санының реттілігімен (түс жарқырайма,әлде жоқ па?) белгіленеді. Мұндай графикалық бейнелердің формасының түрін растрлық деп аталады. Соған тәуелді, біз қанша түспен әрбір пиксельді жарқырата аламыз, әрбір бұзылатын пиксельге ақпарат өлшемі есептеледі. Егер монитор он алты түспен жұмыс істей алса, онда пиксельдің әр түсі төрт биттен (24=16) бейнеленеді. 256 түспен жұмыс істеу үшін, әр пиксельге сегіз бит немесе бір байт (28= 256) керек болады. Жадыға суретті сақтағанда қанша байт керектігін  есептейік. Егер 640x480 пиксельді шығаруға болса және мониторда 256 түс болса: 640x480 1байт = 307200 байт =  300кбайт.

Текстер  мен  программалардан тұратын мәліметтер тұрақты күйде дискідегі файлдарда сақталады. Файл (file- бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.   Әртүрлі графиктік обьектілерді Word ортасындағы текстке енгізу оның құрамындағы сыртқы форматты түрлендіре алатын программалар арқылы немесе графиктік фильтрлер көмегімен орындалады.

Графикалық  түрде негізгі жұмыстың шыдау  моменті гафикалық акпараттан көлемі болып табылады, онда іске байланысты графикалар болады. Кез келген компьютерлік графиканың белгілі формат (РСХ, ВМР, РIF және тағы басқа).

Монитор экранының  өлшемінің стратегиялық бейнесін сақтау бірнеше оншақты дискілі жады килобайтты қажет етеді. Бұл сұраныстарға туындайтын компьютерлік ресурстерге  айтарлықтай графикалық мәліметтерді қолдайды, күрделенеді.

Графикалық  ақпараттарды сақтаудың көптеген әртүрлі форматтары бар. Шартты турде оны үш топқа бөлуге болады.

  • Графикалық метафайл.
  • Растрлық графикалық файл.
  • Векторық графикалық файл.

 

 

 

 

 

 

 

 

Графикалық  файлдардың кейбір форматы:

 

Тип

 

Формат өсімшесі

 

Толық аталуы.

Метафайл

GIF

Compuserve

Graphics

Interchange Format

 

 

Растрлық

TIFF/*. tif

Microsoft Tag Image

  File Format

PSX

Zsoft PC

Paintbrush format

BMP

Microsoft

Windows BitMaP

JPEG / * . jpg

Joint Photographic

Experts Group

 

Векторлық

*. CDR

Corel Draw Files

*. FH8

Free Hand File

Version 8


 

Кейбір растрлық  форматтарды  тек қана статикалық графикадан құрылуы  мүмкін емес, сонымен бірге динамикалық  мультимидиялық графикадан да құрылады. Бұл мысалға, GIF форматы интернетте кең түрде қолданылады. Әртүрлі файлдарды қарастыру үшін әдетте әмбебап программалар қолданылады, мысалы: ACDSee. Программа көптеген танымал форматтарды қолдайды және суреттердің каталогін көруге, бейнені масштабтау, файлды баспаға шығару, бейненің сипаттамасын көруді қолдайды. Жеке-жеке келетін болсақ:

  BMP өсімшесі бар файлдарда  (BitMapMassiv) растрлық графикалық  ақпаратта сақталады.(Бұл типтегі графикалық редактор жұмыс істейді).

JPG  және GIF  өсіимшесі бар файлдар  графикалық ақпаратты бар болады. Мұндай файлмен кәсіпқой  графикалық редакторлармен жұмыс істейді. Бұл файлдан ақпаратты  ACDSee 32, Photoshop арқылы қарауға болады. Дәстүрлі ашық кластарда компьютерде Internet Explorer арқылы көруге болады.Графикалық ақпаратты бар болатын tif өсімшесі файл сканерге сканерленеді.

PCX. PIG  өсімшелі файлды суреттер бар. Олар Paintbrush- та графикалық редакторлерында құрылған psd өсімшелі өзінің файлына графикалық редактор Photoshop- береді.

Windows Meta Format- тағы суреттер (Clip Art форматы  жиі кездеседі) wmf өсімшелі форматқа  жазылған. Cdr өсімшесі өзінің файлына Corel Draw графикалық редакторын береді. Егер дискіде WWW- дың беті сақталса, онда олардың өсімшелері ретінде болады.

Графикалық ақпаратты шығару кезінде экрандағы бейне нүктелерден құралған (синоним: пиксель (ағылшынша picture element)) нүктелер (растр) жоғарыдан төмен және  кестені солдан онға қарай номерленеді де, нольден (Кумир) немесе бірден (Паскаль, Бейсик) басталады да тікбұрышты құрайды. Әрбір нүктенің анықталған түсі болады. Ол түс алдын ала орнатылған түс көлемнен таңдалады. Сол бір компьютерде нүктелер саны мен түстер көлемінен жұмыс істеу процесінде өзгертуге болады да, ол компьютердің комбинациясымен қарастырған. Мұндай комбинация графикалық режим деп аталады.

Растр өлшемі 320х200 пиксельден 640х480 пиксельге дейін режимге тәуелді өзгереді. Ол түстердің саны 256- дан төртке дейін өзгереді. Сапалы режимі болатын компьютерлер бар мысалы, растр 1280х1024, түстер он алты миллионнан асады. Графикалық пакет немесе графикалық модуль деп аталатын көмекші алгоритм жиынының көмегімен графикалық шығару жүзеге асырылады. Мұндай пакеттер өзіне мұндай келесі командаларды инициализациясы (жұмыс басы).

Графикалық  файлдардың форматы графикалық ақпаратты  ерекшелендіреді. Графикалық ақпарат  векторлық сызықтар немесе пиксельдік (растрлық) матрица түрінде ұсынылуы мүмкін. Кейбір форматтар тек векторлық немесе тек растрлық  бейнелерді қолдайды.Сол уақытта көптеген форматтар бір файлда мәліметтердің екінші типін қолдануға болады.

Ақпараттық  үлкен   бөлігін  адамдар  көру  ағзасы арқылы  қабылдайды. Сондықтан  да  графикалық  ақпаратты өңдеу (синтез, талдау және бейнелерді  өңдеу) ғылыми  зерттеулердің, инженерлік  және  дизайнерлік  шешімдердің, ақпараттық және  бағдарламалық және бағдарламалық құралдардың - қарапайым редакторлардан күрделі бағдарламалық кешендерге  дейін (Corel Draw,Adobe Photoshop) – көлемді қатпарын  құрайды.

Графикалық  редактор-графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кездегі нүктелік ( немесе растралық ) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бояла алады.

Осы  орайда  мына   жайды  айтып  өту  керек,  қуатты  графикалық   өнімдердің   бай   функционалдық  мүмкіндіктерін  пайдалануға   ұмтылу осы  жүйеге  деген  оп-оңай   тәуелділікке  және   уақытты  тиімсіз   пайдалануағ   соқтыруы   мүмкін.  Графикалық   материалдарды   пайдалану   қажет   бола  қалса,   онда  оны   шешудің   белгілі және  қарапайым   жолдарын  табу  керек.  Бұл ерекше  маңызды,   өйткені   күнделікті  тәжірибе  көрсетіп  жүргендей,  бірегей   иллюстрацияны дайындау  процесі, айналып келгенде,  жалпы жұмыстың   көп бөлігін   алып  кетеді.

Компьютерлерде   пайдаланылатын   барлық   бейнелерді   үш  үлкен  топқа   бөлуге  болады: 2В –графикасы (мұнда  тегіс  бейнелер  жасалады), SD-графикасы (үш өлшемді бейне) және  анимациялық графика. Бейнелер  көбіне –көп  арнайы  құралдарда –графикалық   редакторларда жасалады да,  графикалық   пішімдердің файлдарында   сақталады.

Графикалық  файлдың   сыртқы   құрылғыда   бейнелеу   көрсетімі, яғни өлшемі, шешімі, сығымдау дәрежесі, әдісі  және т.б. болады,  сонымен   бірге  әр  графикалық   редакторға  арналған    арнайы  ақпаратты  сақталады. Мысалы: Corel Draw-қисық түзілімдер туралы, Adobe Photoshop – қатпалар, арналар және  т.б. туралы ақпараттар.  Әр графикалық  редактор    сақтаушыға   жазған  кезде   бұл ақпаратты белгілі түрде кодтайды.  Графикалық   файл  пішімі   дегенді   бейнелеу  және  оны  файлға   жазу  туралы  ақпараттың   жиынтығы   деп  түсіну  керек. Жалпы   алғанда,  барлық   графикалық   пішімдерді  екі топқа  бөлуге болады.   Оның  біріншісі - жалпы  белгіленген  пішімдер. Мұнда   бейненің  өзі,  сондай-ақ  сақтауға,  көшіруге   немесе   көруге арналған  бейнелер  (gif,tiff,jpeg және басқалар) болады. Екіншісі-бейнелерді  редакцииялаудың аралық   нәтижелерін сақтауға   арналған   ерекше  пішімдер.

Графикалық  файлдар   өлшемі  үлкен  болады,  сондықтан  оларды  әдетте  сығымдайды (буады). Қазіргі  уақытта  сығымдаудың екі  әдісі (сапалы және сапасыздау) бар.  Сапалы  сығымдау  алгоритмдерді   архиватор   алгоритмдеріне (arj, pkzip)  ұқсас және gif және tiff  пішімдерінде пайдаланылады. Сапасыздау  сығымдау  алгоритмдері  адам   қабылдай   алмайтын   ақпаратты  сырып  тастайды (jpeg) бірақ сығымдаудың едәуір  жоғары   дәрежесін қамтамасыз  етеді.

Іскерлік   саласында   графикаға  деген  қажеттілікті   негізгі  үш   бағытпен  шектеуге   болады. Олар: құжаттардағы    графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсыну көрсетудің   тиімді түрі), мультимедиа-презентация  графикасы (фон, заставка, динамикалық  графикалық объектілер) және  бағдарламадағы  графика (пиктограммалар, заставкалар және т.б.)

Көптеген   графикалық   объектілерден  бірнеше  негізгі  түрін  бөліп   алып,   оларды  дайындаудың  кең  тараған  және   күрделі  емес  құралдарын  қарастыралық.

Практикалық  тапсырмалардың  көпшілігі  үшін арнайы  бағдарламалар   кешенін  пайдалану тиімсіз, өйткені:

- күрделі   өнімдермен   жұмыс істеу   әдетте  оларды  игеру  үшін   едәуір  күш-жігер  жұмсауды   қажет  теді.  Бұл  өнімдердің  тез дамуы  және   өзгеруі   салдарынан  оны тиімді  пайдалану   тек тұрақты  жұмыс   істеуші   маманға   ғана  мүмкін  болады;

- қуатты  пакеттер (мысалы:  Corel Draw)  компьютер ресурстарының едәуір  бөлігін пайдаланады. Оларды  тек графикалық   жұмыс станцияларында  тиімді   пайдалануға   болады:

- әдетте  мұндай   пакеттер  көптеген  қосымша  бағдарламалармен қоршалған, олар “тұйықталған әлем” сияқты, кез келген  адам ене  алмайды;

- графикалық  объектінің  ерекше пішімін пайдалану   оны тиісті  бағдарламамен    қамтамасыз  етілмеген   басқа   компьютерлерге   өткізуге  мүмкіндік   бермейді. Сөйтіп,  бір иллюстрацияны   дайындау  кілтін  дұрыс таңдамау  салдарынан  негізгі құжатқа немесе  қосымшаға кететін реустан (уақыт, еңбек ЭЕМ жады, ақша) да  көп ресурс жұмсалады.  Сондықтан “өнімді”, яғни  құжатты графикалық мүмкіндіктермен шекртелген дұрыс.

Графикалық  элементтердің  құжат,  презентация  немесе бағдарламаның сапасын   жақсарту қабілеті “джентельмендік  жиынтығы”  көп емес. Олар мынандай:

- иллюстрациялар;

- графикалар  мен диаграммалар;

  • сәндік жазбалар;
  • безендіру  элементтері (түрлі  сызықтар, геометриялық  және  стилизацияланған мүсіндер т.б.)

Кескін  компютердің экранында графикалық программаның көмегімен құрылады.  Бұл программалар үш категорияға  бөлінеді:

  • Иллюстрациялар құруға арналған программа (векторлық)
  • Кескінді редактерлеу программасы (шашырама  немесе растрлық)
  • кескінді үшөлшемдіні құруға  арналған  программа.

Corel Draw -  векторлық     программасы. Бұл поограмма көмегімен кескінді  сақтау және  принциптерін терең меңгере алу. Corel Draw қазіргі кезде кең тараған векторлық графикалық программалар. Жаңа үйреніп  жүрген суретшілерге және кәсіби суретшілерге әртүрлі  илюстрацияларды құруға  көп септігін  тигізді.  Дербес компьютерлерде Corel Draw бейнелеу  программасының  “патшасы” деп айтуға  болады. Corel Draw-көлемді программалардың бірі. Растрлық кескіндер  мозайка тәріздес болады, олар  пиксельдерден  құралады. Растрлық  сурет  бетті  шақпақ қағазға  ұқсас. Онда әр  шақпақ  анықталған түспен  боялған және  нәтижесінде  нүктелердің жиынтығы  қандайда бір объектілерді береді . 

Иллюстрациялар  мен безендіру  элементтерінің  бір-бірінен  өлшемдері  ғана  басқаша. Оларды  жасау  әдісі  бойынша  растрлық және  векторлық  болып  екі  топқа  бөлуге  болады.

 

 

1.2 ВЕКТОРЛЫҚ  БЕЙНЕЛЕР

 

Векторлық кескін дегеніміз-сызықтар, доғалар,  шеңберлер және тіктөртбұрыштар  сияқты  геометриялық  объектілердің  жиынынан  тұратын  кескін.

Векторлық мәліметтер –  түзулерді, тік төртбұрыштарды, қисықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Олар кілттік  нүктелердің сандық түрін анықтау  арқылы жасалады. Программа сызықтарды кілттік нүктелерді қосу арқылы жасайды. Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады және нүктенің ақырлы санымен беріледі.

Векторлық мәліметтер –  түзулерді, тік төртбұрыштарды, қисықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Олар кілттік нүктелердің сандық түрін анықтау арқылы жасалады. Программа сызықтарды кілттік нүктелерді қосу арқылы жасайды. Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады және нүктенің ақырлы санымен беріледі.

Bitmap – термині пикселдер массивін белгілеу үшін қолданылады, ал биттік тереңдік (битовая глубина) – осы пикселдің битпен немесе байтпен берілген өлшемін көрсету үшін қолданылады.

Компьютерлік графикада  графиктік объектілердің орнын  көрсету үшін математикалық координаталар қолданылады. Бірақ бейнелеу құрылғысы физикалық объект болғандықтан физикалық және логикалық пикселдер арасында айырмашылық болады.

Физикалық пиксель дегеніміз  – бұл шығару құрылғыларында бейнеленетін шынай нүктелер. Яғни, бұл бейненің ең кішкентай элементі. Физикалық пиксельдер қандай да бір ауданды алып жататындықтан екі көршілес пиксельдердің арасына шектеу қойылады.

Логикалық пиксельдер дегеніміз  – бұл орыны болатын, бірақ  физикалық кеңістік алмайтын математикалық  координаталар. Сондықтан, логикалық пиксельдердің мәнінің физикалық пиксельдерге бейнеленуінде физикалық пиксельдердің шынайы орналасуы мен өлшемі есепке алынуы керек.

Бейнелерді   векторлық  әдіспен  құрағанда  графикалық  объектілер  қарапайым   элементтердің, яғни   үзік   сызықтардың,  доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың   жиынтығы  түрінде   көрінеді.  Векторлық   графикада   бейнені   құрайтын  қисық және түрлі түсті құймалардың   математикалық   жазбасы бар.  Оның   маңызды   бір артықшылығы-бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің   өлшемі  өзгертілгенде  примитивтер  теңгерулері   қайта  есептеліп,  сызықтарды құру   сол  теңдеулер  бойынша  жүргізіледі.  Нәтижесінде    растрлық   бейнелерге тән  объектінің   бұрмалауына  жол берілмейді.

Векторлық бейнелерді қарапайым  объектілер – түзу сызық, доға, дөңгелек, эллипс және т.б. Осы  векторлық  объектілерден  әртүрлі суреттер  құрастыруға  болады.

 


 

 


 

 

3- сурет. Векторлық бейнелердің  көмегімен дөңгелек, төртбұрыш, қисық  сызық арқылы құрастыру

 

Құжаттарды немесе презентацияларды  дайындау  процесі  кезінде  синтезделетін  иллюстрациялардың  көбісін   кең тараған   пакеттердің  аспаптарын   пайдаланып, векторлық  графиканың  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру мүмкін.

Бұл   орайда MS Word 2000-ға  кірістірілген  жаңа графикалық құралдар  тартымды.  Олар   бұрынғы   версияларға  қарағанда   едәуір  жақсартылған,  күрделі  иллюстрацияларды  тез жасауға   мүмкіндік   береді.  Мұнда  бейнелерді   қосымша  өңдеу (мысалы, бейнені  бұру)  қызметтері   жұмыс істейді.

Word 2000-ға  бейнелерді  бабына   келтіру аспаптар   панелі  және  рамкалар қосылған, графикалық  примитивтер жиыны   кеңейтілген (4-сурет),  бұрынғы   версияларда   оларды   сызықтар  мен доғалардан   жасау көп уақытты талап етті (немесе  мүлде  мүмкін  емес-ті).


 

 

 

 

 

4-сурет Word 2000-да  иллюстрацияларда  дайындау  үшін   пайдаланылатын кейбір  векторлық примитивтер

 

Word 2000-құралдармен көптеген  түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік  және  анимациялық әсерлі  сәндік  жазбалар  жасауға  болады.

Кескінді  берудің   векторлық  формасы  да  бар,  мұнда  кескіннің  элементттерін   нүкте  түрінде әріпті-цифрлық (математикалық  формулалар  жиыны  түрінде)  информация  түрінде   ұсынуға  болады,  сосын арнайы   программалармен  өңдеу  арқылы   бастапқы   кескінді  аламыз.

Мысалы,  сызба (чертеж). Оларды сипаттайтын  мәндердің  параметрлерін  компьютерге  енгізуге болады:

  • кесінді  үшін  оның  екі  нүктесінің  кооординаты.
  • Шеңбер  үшін –радиустың  ұзындығы  және  орталық  координаты;
  • Доға үшін-доға  басының  және  соңының, радиусының, ортасының  координаты әрбір  сызық   үшін  оның  типі  көрсетіледі-жіңішке, пунктер, штрих және т.с.с

Содан  кейін   бұл информация  арнайы   программамен  өңделеді (яғни суреттің  әрбір   нүктесінің  орналасқан жерін жай ғана  векторлы  графикалық  файлда жазылған  формула бойынша есептейді) және  экранда сызбаны   жаңартады. Бұл элементтер   дискретті болып табылады,  олар  өзара байланыспаған,  сондықтан, суреттің  сапасын жоғалтпай, олардың өлшемдерін  өзгерту  жеңіл.

Егер  сызбаны  компьютерге  растрлық түрде  енгізетін болсақ, онда бұл   жағдайда  бұл  сызбаның   әріпті-цифрлық  информациясының  берілген  параметрлерінің  информациялық  өлшемі  сызбаны  компьютерге  растрлық  түрмен  енгізгенге  қарағанда  жүз мың есе кіші  болады. Векторрлық әдістің  тағы  бір артықшылығы-оған  кескіннің сапасын жоғалтпай өзгерістер  енгізу  және үлкейту немесе   кішірейту жеңіл.

Corel Draw графиктік редакторы