Delphi интегралды ортысы

Мазмұны:

 

 Кiрiспе........................................................................................................4-5

I Негізгі бөлім:

1.       Delphi программалау ортасы................................................................6-8

    1. Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер...........6-8
    2. Оқиға. Код терезесi. Әдiс....................................................................9-12
    3. Компоненттер палитрасы....................................................................13-14
    4. Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру.........................15-17
    5. Проектiнi сақтау және ашу.......................................................................18
    6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл............................................19-20
    7. Delphi ортасында шартты оператормен танысу....................................21-22

Қорытынды...................................................................................................23

Қосымша...................................................................................................24-25

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады. 
            Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше. 
 Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзiрiн құру,анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi -  мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.

Delphi-дi Паскаль программалау  тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдалылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген программаларды iс жүзiнде орындап, оларға түрлi өзгерiстер енгiзiп, жаттығу да мүмкiн. Жетiстiк тек тәжiрибеге байланысты.

Delphi-дiң мүмкiндiктерiн бiр кiтапқа сыйғызу мүмкiн емес. Мұнда студенттер мен өз бетiнше оқып үйренушiлер үшiн қажеттi негiзгi материалдар қарастырылған, Delphi-дi терең оқып-үйренiп, күрделi қосымшаларды дайындауға машықтанушылар үшiн кiтап соңына әдебиеттер тiзiмi енгiзiлген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

 

1.1 . Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект.

Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесi

 

Delphi ортасымен танысу. 
          Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады. 
Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі: 
1. Негізгі терезе (Project 1) 
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) 
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)  
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).

Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске қосу командасы:

Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 ® Delphi 6


Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1-сурет. Delphi ортасы

 

1 - Delphi 5-тiң негiзгi терезесi;

2 - Форма (Form1);

3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).

 
           Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.  
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы. Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.  
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады. 
           Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасқандықтан, ол экранда көрiнбейдi.

Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және  компоненттер  палитрасы  (2-сурет)  енгiзiлген.   Негiзгi    мәзiр


 

 

 

 

2-сурет. Delphi-дiң негiзгi терезесi

 

пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.

Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер  орнатылады. Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында орналасқан.

Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде  форма  қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады. 

Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties – қасиеттері және Events – оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті    әртүрлі           оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 
               Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға Form1.Font.Size := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.

Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi басылған кезде де көрiнедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Оқиғалар. Программалық  код терезесi. әдiс

 

 

Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi  мүмкiн. Осы iс-әрекет (тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi шақырады.

 Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (3-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

 Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:

OnClick – тышқан түймесiн бiр рет басу;

OnDblClick – тышқан түймесiн  екi рет басу;

OnKeyDown – клавиштi басу;

OnKeyUp – басылған клавиштi босату;

OnMouseDown – тышқан түймесiн  басу;

OnMouseUp – тышқан түймесiн  босату;

OnMouseMove – тышқан көрсеткiшiн  жылжыту;

OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi (олар 1.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

  • форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
  • код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,

оны шерту. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады  (4-сурет), т.б.

Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту  үшiн  F12  клавишiн басу  жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура  оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура  дайындамасының жазылу түрi:

Procedure <атау> (Sender : TObject);

сипаттау бөлiмi

begin

процедура денесi

end;

мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.

Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.


 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Программалық код терезесi. Онда көрiнген процедура дайындамасы

Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады. Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект):

 

program Project1;

uses

  Forms,

  Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

 

{$R *.RES}

 

begin

  Application.Initialize;

  Application.CreateForm(TForm1, Form1);

  Application.Run;

end.

мұндағы,

Project1 – негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;

Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).

{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен дайындалған қолданбалы программаның)  қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi -  .res);

Begin - end  операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм - қосымшаның алғашқы жүктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-әрекеттi орындайтын процедура, функция және  командалар әдiстер делiнедi):

Application.Initialize – қосымша объектiсiн инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдiсi;

Application.CreateForm – проект құрамына енетiн форманы дайындап, экранда көрсету әдiсi (create - құру);

Application.Run – программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.

Delphi-де әдiстiң командалық түрде жазылуы:

 

<Объект>.<әдiс>

 

Мысалы, Application.Initialize – Application объектiсiнiң Initialize әдiсiн орындау.

Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу командасын қосып қою да мүмкiн, т.б.

Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негiзгi модульдi орындаудан басталады.

Модуль – түрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi. Модуль  тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына әдеттегiдей нүктелi үтiр (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде  модуль дайындамасы да  автоматты түрде қҮрылады:

 

unit Unit1;

interface

uses

  Windows, Messages, SysUtils, Classes,

  Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

type

  TForm1 = class(TForm)

  private

    { Private declarations }

  public

    { Public declarations }

  end;

var

  Form1: TForm1;

implementation

{$R *.DFM}

end.

Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мүмкiн. Одан әрi, Delphi дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтерi) жарияланады, т.б.).

Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мүмкiн (элемент – өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.

Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} – .dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесiнде көрiнедi). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты түрде жазылып қойылады.

Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны дайындау үшiн қажет. Егер ол толтырылса, бҮл бөлiм басқаруды программа денесiне  беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.

 

 

 

 

                                   1.3. Компоненттер палитрасы

 

Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті                                тез табуға арналған белгілерден тұрады: 
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа              бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз. 
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген. 
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек. 
           Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады. 
Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:

1-кесте

Standard

 

Additional

Win32

System

DataAccess

DataControls

InterBase

Midas

Internet

QReport

Dialogs

ҚҮрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.

Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.

Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер

Таймер, плеер т.с.с. жүйелiк компонеттер бетi

Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi

Берiлгендердi басқару бетi 

InterBase программасымен тiкелей байланыс

Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын қҰру

Инетрнет – Интернетпен жҰмыс iстейтiн қосымшалар қҮру

Есептер даярлау

“Open file”, т.с.с. сҰхбаттық терезелердi пайдалану

 

Standard бетiнiң кейбiр компоненттерi:

Label

Edit

Memo

Button

Panel

MainMenu

Мәтiндi шығару

Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау

Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау

Командалық тұйме қҰру

Компоненттердi топтастыру контейнерi

Мәзiр қҮру

 

Additional бетiнiң компоненттерi:

BitBtn

Image

Shape

Chart

Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық түйме

Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу)

Форма бетiне түрлi геометриялық фигураларды шығару

Диаграммалар мен графиктер тҮрғызу

 

Win32 бетiнiң компоненттерi:

Animate

ProresBar

Дыбыссыз клиптердi орындау

Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу

 

System бетiнiң компоненттерi:

Timer

PaintBox

Қосымшада уақыт интервалын беру

Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс қҮру

 

Dialogs бетiнiң компоненттерi:

OpenPictureDialog

 

SavePictureDialog

Графикалық файлдарды ашу сҮхбаттық терезесiн пайдалану

Графикалық файлдарды сақтау сҮхбаттық терезесiн пайдалану


Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 2-тарауда келтiрiлген. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект  құру

 

Формада орнатылған Label, Edit компоненттерiнiң Caption, Text қасиеттерiне программа арқылы қол жеткiзу – Паскальдағы жазу өрiсiне қол жеткiзу сияқты. Алдымен объект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi. Қасиетке мән меншiктеу тәсiлi әдеттегiдей. Мысалы:

 

Label1.Caption:=’Бiз студенттермiз’;

 

Edit1 өрiсiне енгiзiлген қарапайым мәтiндi (S) Label1 өрiсiне шығару да мүмкiн. Ол үшiн процедура денесiн мынадай етiп алу жеткiлiктi (Edit1.Text - Edit1 объектiсiнiң Text қасиетiн программа арқылы орнату әдiсi):

 

var  s : string;

begin  

s := Edit1.Text;

Label1.Caption := s;

end;

 

1-Мысал. Екi санның көбейтiндiсiн есептейтiн қосымша құру керек.

  1. Delphi-дi iске қосып, жаңа проект құру. Компоненттер палитрасынан Edit1, Edit2, Label1, Label2, Label3, Panel1, Button1 компоненттерiн форма бетiне 5-суреттегiдей етiп орнату;


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Компонеттер орнатылған форма

 

2- кесте. Форманың және оның компонеттерiнiң қасиеттерiн орнату:

Компонент

Қасиет

Меншiктелетiн мән

Form1

Font

Caption

Times Kaz, 10

Сандарды кобейту

Edit1

Text

- (бос ету)

Edit2

Text

- (бос ету)

Label1

Caption

1-сан

Label2

Caption

2-сан

Label3

Caption

Нәтиже

Panel1

Caption

- (бос ету)

Button1

Caption

Есептеу


 

  1. Формада Есептеу (Button1) түймесiн екi рет шерту. Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрiнедi. Оның тақырыбы:

 

Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject);

 

  1. Процедура денесiн енгiзу:

Рrocedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

Begin {негiзгi програма}

// Меншiктеу 

Panel1.Caption:=Edit1.Text+'*'+Edit2.Text+'='+

FloatToStr(StrToFloat(Edit1.Text)*StrToFloat(Edit2.Text));

end;

 

Фигуралық жақшалар iшiне ({ }) жазылған мәтiн – түсiнiктеме (Турбо Паскальдағы сияқты); Delphi-де бiр жолдық түсiнiктеменi қос көлбеу сызықтан ( // ) соң жазуға да болады (процедураны қараңыз).

  1. Iске қосу командасын беру (±9);

Программа компиляцияланып шыққан соң, жүйе “Сандарды көбейту” тақырыбы жазылған форманы экранға шығарады;

  1. 1-сан және 2-сан өрiстерiне мәндер енгiзу (-8 және 91);
  2. “Есептеу” түймесiн шерту. Panel1 өрiсiне нәтиже жазылып қойылады (6-сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Нәтиже шығарылған форма

 

Delphi-де визуальды программалау тәсiлi екi процестен тұрады: форма не онда орнатылған компоненттер арқылы программаның визуальды орындалуын құрастыру және оларды пайдаланып, программалық код жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.5. Проектiнi сақтау және ашу

 

Проектiнi дайындап болған соң оны сақтау үшiн File-Save Project As  не File-Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын Save Unit1 As терезесi көрiнедi.

Проект сақталу үшiн арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Projects) бумасында сақталады. Бiрақ пайдаланушы сақтау терезесiнде жаңа бума құрып, проектiнi сонда сақтағаны жөн. Ол оны iздеп табуды жеңiлдетедi. Жаңа бума құру тәсiлi:

  • сақтау сұралатын терезенiң Жаңа бума құру түймесiн шерту. Бума белгiшесi терезеде орналастырылып қойылады;
  • клавиатурадан бума атын енгiзу;
  • буманы екi рет шертiп, ашу;
  • терезенiң Файл аты өрiсiне модуль атауын енгiзiп, сақтау түймесiн шерту. Модуль .pas кеңейтiлуi бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрiнедi;
  • Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, сақтау түймесiн шерту. Проект файлы .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.

Мұндағы ескеретiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Calc1.pas, Calc1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мүмкiн. Сондықтан оларды түрлi атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектiнi ашу үшiн File-Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл

 

Жаңа құрылған программаны (проектiнi) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн берiлетiн команда: Project-Compile Project (Проект-Проектiнi компиляциялау). Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске қосу командасы берiлген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады (7-сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сурет. Компиляциялау барысын көрсету терезесi

 

 

 

Компиляциялау командасы берiлген кезде Compiling терезесi экранда көрiнбеуi ықтимал. Оны экранға шығару тәсiлi:

  • Tools-Environment Options  (Сервис-Күйге Келтiру) командасын беру. Environment Options терезесi ашылады;
  • терезенiң Preferences (Орнату)  қосымша бетiн  ашып, Compiling and running (Компиляциялау және орындау) блогында орналасқан Show Compiler progress (компиляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату.

Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистiк қате болмай, қате оның алдындағы жолда жiберiлуi де мүмкiн, мысалы, оған енгiзiлген команда соңына нүктелi үтiр (;) таңбасы қойылмаған, т.б.

Қате түзетiлiп болған соң Iске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over (Iске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады.

Егер программада синтаксистiк қате бар болса, компиляциялау кезiнде Delphi қате табылған жолды код терезесiнде ерекшелеп көрсетiп, қате жiберiлген орынға курсорды орналастырады және қате типiн терезенiң төменгi бөлiгiнде орналасқан терезеде көрсетiп, машина жұмысын тоқтатады.

Мұндағы ескеретiн жайт: компилятор бiр қатенi төменгi терезеде екеу етiп көрсетедi: бiрiншiсi - синтаксистiк қате жөнiнде мәлiмет, екiншiсi - файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау.

Проектiнi сақтау кезiнде Delhi PAS, DFM, DCU кеңейтулерi қосылатын үш файл дайындап шығады. PAS -  файлы – код терезесiндегi мәтiн көшiрмесi; DFM файлында форма терезесiнiң iшiндегiсi сипатталады; DCU - файлы – екi файлдың да машиналық нұсқауға түрлендiру нәтижесi. Егер программада синтаксистiк қате болмаса, компилятор оларды ехе файлға түрлендiрiп шығады (файлдың аты проект атауымен бiрдей етiп жазылады да, оған .ехе кеңейтiлуi қосылып қойылады). Ол Windows-қа кiрiстiрiлiп, проект файлы сақталған бумада орналастырылады. Оны Windows жетекшiсi (сiлтеушiсi) терезесiнен әдеттегiдей iске қоса беру мүмкiн.

Delphi интегралды ортысы