Delphi ортасында мультемида құру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«Информатика және ЕТ»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Компьютер архитектурасы»

пәні бойынша зертханалық  жұмыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Дайындаған:                           Қалақбасова Н.Б.

                                                  Кафедра меңгерушісі:         Тәттібеков Қ.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз -2012


Зертханалық жұмыстардың  тақырыптары:

 

 

Зертханалық жұмыс  №1.

Тақырып:  ЕТ-ның даму тарихы, қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері.. ЭЕМ-дің буындары

Мақсаты:   ЕТ даму тарихын және ЭЕМ кезеңдерін білу, ЭЕМ кезеңдеріне

                     хронологиялық  кесте құру.

Қысқаша мәліметтер

ЕТ дамуының негізгі кезеңдері

    1. 1642-1645жж.  – Паскальдің бірінші есептеуіш машинасының пайда болуы.
    2. 1822-1850 жж. –Г.Бэббидждің автоматтық есептеуіш машиналарының, “Бэббидж принциптарының” пайда болуы.
    3. 1904-1906 жж. – лампалық диод және триодтың пайда болуы.  Дж. Флеминг.
    4. 1918-1922 жж. -  лампалық триггердің  пайда болуы.  
    5. 1936 ж. – А. Тюрингтің

 

    1. 1939 ж. - ЭЕМ-нің столдық модельдерінің  пайда болуы. (Дж. Атанасов США). 
    2. 1943-1944 жж. – “Колос” ЭЕМ-нің пайда болуы (Ұлыбритания).
    3. 1945-1946 жж. – ЭНИАК ЭЕМ-нің пайда болуы (Дж.Маучли және П.Эккерт).
    4. 1946 ж. – Дж. фон Нейманның, Г. Голстейгтің, А. Беристің “Предварительное босуждение” ЭЕМ-нің логикалық құрылысының теориялық жұмыстары; Мұнда ЭЕМ архитектурасына негізгі талаптар сипатталады.
    5. 1949 ж. – ЭДСАК сақтаулы программасы бар ең алғашқы ЭЕМ-нің пайда болуы. (Ұлыбритания  М.Уилкс жетекшілігімен).
    6. 1951-1953 жж. – лампалық  ЭЕМ-нің сақтаулы программасы бар сериялық шығарылымының басталуы.
    7. 1958-1960 жж. –
    8. 1965 ж. – Интегралдық схемада ЭЕМ-нің шығарыла басталуы.
  1. 60 ж. ортасы IBM 360 ЭЕМ-нің шығарыла басталуы. (IBM 340               нәтижесінде).
    1. 70 ж. ортасы – Үлкен ИС-да  ЭЕМ-нің шығарылуы.
    2. 70 ж. ортасы – Супер ЭЕМ-нің шығарылуы.
    3. 1971 ж. – Бірінші микропроцессордың пайда болуы. (INTEL фирмасы, США).
    4. 1976- 1977 жж. – “APPLE” персоналдық ЭЕМ-нің пайда болуы. (С.Вознят, С.Джобс, США).
  1. 80 ж. аяғы – V кезең “интеллектуалдық ЭЕМ-нің” пайда болуы. 

 

Отандық есептеуіш техникасының даму тарихы.

  1. 1950-1951 жж. – МЭСМ отандық ЭЕМ-нің пайда болуы. (С.А.Лебедев жетекшілігімен).
  2. 1952 ж. – БЭСМ машинасының пайда болуы, Еуропадағы тез жұмыс істейтін ЭЕМ.
  3. 1953-1955 жж. - ЭЕМ-нің сериялық шығарылымы. (                 ).
  4. 60 ж. ортасы – БЭСМ 6  ЭЕМ-нің пайда болуы, әлемдегі күшті ЭЕМ-нің бірі болды. (өз кезінде).
  5. 60 ж. ортасы – 3 поколениедегі ЭЕМ-нің сериялық шығарылымы. “Минск”, “Урал”, М-220 және басқалар.
  6. 70 ж. ортасы – ЕС ЭЕМ-нің шығарылуы, СМ  ЭЕМ, “электроника” шетел модельдері негізінде.

ЭЕМ- нің  даму тарихы.

 

Қысқаша мәліметтер

 

ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше  буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының ауысуымен байланысты.

Оларда электрондың  шамдар пайдаланылған ЭЕМ –нің алғашқы  түрі АҚШ – та шықты. ENIAC және барлық басқа ЭЕМ – дер  - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі  ЭЕМ – нің аталары деп атауға болады. Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.

Бірінші буындағы машиналар  бірнеше жүздеген шаршы метр алатын және мыңдаған электрондық шамдары  бар алып құрылғылар еді. Оларға бағдарламалар мен мәліметтерді енгізу үшін, перфоленталар мен перфокаталар пайдаланылды. Бұл машиналар үшін бағдарламалар машиналық командалар тілінде құрылды, сондықтан сол кездерде кез-келген адамдарға онда бағдарламалау мүмкін болмады. Ең жылдам машиналардың есептеу жылдамдығы секундына 20000 операция болды.

1955 жылдан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайдаланыла бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер –транзисторлар пайдаланылды.  

Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланылатын электр қуаты да азайды., сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына бірнеше он мыңдаған операцияларға жетті. Сол кездегі жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдері: Фортран, Алгон, Кобол қолданыла бастады. Бағдарламаларды құру машинаның моделінен тәуелсіз бола бастады.

Біраз уақыттан кейін  электрондық өндіріс орындары интегралды схемалар жасай бастады. Интегралды схема – бұл шағын жартылай өткізгіш кристалдар, оларды бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бар. Сонан кейін, бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылай өткізгіш кристалл – үлкен интегралдық схема пайда болды.

Интегралдық схема негізінде  құрастырылған ЭЕМ-дер – бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Бұл машиналардың жады үлкен, ал орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион операцияға жетті. Магниттік таспаларда жинақтаушыларға қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін және ақпараттың шексіз мөлшерін сақтауға қабілетті сыртқы есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі – магниттік дискілер пайда болды.

Үшінші буындағы ЭЕМ-дер бір машинадан бірнеше бағдарламаларды қатар орныдау мүмкіндігін берді. Мұндай режім мультибағдарламалық режім деп атады. Осы кездерде  деректер базасы, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жасалып, ЭЕМ-дер халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.

1971 жылы АҚШ-тың «Интел» фирмасы компьютердің негізгі блогы – процессордың жұмысын орнындауға қабілетті өте үлкен интергралдық схеманы- алғашқы микропроцессорды жасады. Микропроцессорлардың жасалуы – бұл информатикадағы революция болды. Осының нәтижесінде үстелдерніде кішкене ғана ЭЕМ тұр, ол дербес компьютер ДК – деп аталды.

Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер  – бұл төртінші буындағы ЭЕМ – дер. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ өзінің жадының көлемі мен есептеу жылдамдығы бойынша бірінші буындағы ондаған ENIAC типті ЭЕМ-дерге тең.

1980 жылдан бастап АҚШ-тың  ІВМ фирмасы дербес компьютерлер  шығару бойынша дүние жүзілік  нарықта жетекші фирма болып  саналды. Ал 90-шы жылдардың басынан  бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы  компьюреті көпшілікке таныла бастады. Қазастан Республикасының Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп, мектептерге арналған дербес компьютерлерді шығара бастады.

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтамыз, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені шешетін болады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

  1. Есептеуіш техникалардың компьютерге дейінгі негізгі даму кезеңдері қандай?
  2. Г.Бэббидждің негізгі ашылымдары неден тұрады?
  3. ЭЕМ архитектурасы фон Нейман принциптері бойынша қалай сипатталады?
  4. ЭЕМ классификациясы кезеңдер бойынша қалай сипатталады?
  5. ЭЕМ-нің функционалдық классификациясы қалай суреттеледі?
  6. ЭЕМ техникалық базасының  көркею перспективалары қандай?

 

 

Реферат тақырыптары:

 

  1. ЕТ-ң компьютерге  дейінгі  даму  тарихы.
  2. Г.Бэббидждің  автоматтық есептеуіш машиналардың функционалдық принциптерінің пайда болуына қосқан үлесі.
  3. Дж.фон Нейманның есептеуіш машина үшін теориялық жұмыстары.
  4. І- кезеңдегі ЭЕМ-нің пайда болу және даму тарихы.
  5. ІІ- кезеңдегі ЭЕМ-нің пайда болу және даму тарихы.
  6. ІІІ- кезеңдегі ЭЕМ-нің пайда болу және даму тарихы.
  7. ІV- кезеңдегі ЭЕМ-нің пайда болу және даму тарихы.
  8. Микропроцессорлар, пайда болуы, қазіргі кездегі техникада қолданылуы.
  9. Персоналдық ЭЕМ-дер, пайда болуы, қазіргі кездегі алатын орны.
  10. Супер ЭЕМ, мүмкіндіктері, құрылым принциптері.
  11. 5 кезеңдегі ЭЕМ проекті.
  12. Көппроцессорлы  ЭЕМ және программаларды параллельдеу.

 

Әдебиеттер:

 

1.Апокин И.А, Майстров  Л.Е-История вычислительной техники.-М.:Наука1980

2. Апокин И.А, Майстров  Л.Е,ЭдлинИ.С-«ЧарльзБэббидж»-М:Наука1981

3.Рутер Р:С Полунов  Ю.А- «От абака докомпьютера»-М:Знание,1975

4.Бордовский Г.А извозчиков  В.А -«Информатика в понятиях  и терминах»

М: Просвещение 1991

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс № 2.

Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне аудару тәсілдері.

 

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері.

Ондық санау жүйесінен басқа, негізі 2 санының бүтін дәрежесі

болатын төменгі кестедегі жүйелер  пайдаланылады:

 

q жүйе негізі      

Базистік цифрлар

2

0,1

8

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8

10

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

16

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F


 

Неге компьютерде  екілік санау жүйесі қолданылады?

Басқа жүйелерге қарағанда екілік санау жүйесі компьютерді техникалық игеруіге өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің құндылығына мыналар жатады: орындалатын операциялардың

қарапайымдылығы және компьютер элементтерінің екі жағдайын ғана қолдану арқылы ақпаратты автоматтандырып өңдеу мүмкіндігі.Компьютерде қолдануға екілік жүйенің басқа жүйелерден айқын басымдылығы мынадай:

-жүйені техникалық игеруіге екі тұрақты қалыпты ұстайтын техникалық құрылғыларды қолдану ыңғайлы (тоқ бар – тоқ жоқ,магниттелген – магниттелген жоқ т.б);

- ақпаратты тек қана екі тұрақты қалыпты құрылғылар арқылы көрсету сенімділігі және бөгетке тұрақтылығы (орысша помехоустойчиво);

- ақпараттың логикалық өңдеулерін орындауға бульдік алгебраның аппаратын қолдану мүмкіндігі;

- екілік арифметиканың жеңілдігі.

Кемшілігі – разрядтар санының тез өсуі, сондықтан адамға

тұрмыста қолдануға ыңғайсыздығы (0, 1, 10, 11, 100, 101, 110, 111,1000, 1001).

Сонымен қатар компьютерде неге сегіздік және оналтылық санау жүйелері қолданылады?

Екілік жүйе компьтерлер үшін ыңғайлы, бірақ адамдарға жазылуының қолайсыздығына байланысты, жайсыз. Санды ондық санау жүйесінен екілік жүйеге және керісінше аударуды машина атқарады. Бірақ компьютерді кәсіби пайдалану үшін, машиналық

сөзді түсіну қажеттілігі туындайды.Сол  үшін сегіздік және оналтылық жүйелері құрастырылған.Сегіздік және оналтылық жүйеде берілген сандарды екілік

жүйеде өрнектеп жазу оңай, себебі

 

    3

2    = 8,

    4

2= 16

Мысалы: Бұл үшін 8-дік санның әр цифрын үш екілік цифрларына –триадаларға, 16-лық санның әр цифрын төрт екілік цифрларына –тетрадаға алмастырса жеткілікті (триада-үштік, тетрада-төрттік).

Мысалы:

 

 

Керісінше, триадалар мен тетрадаларды пайдаланып екілік санды 8-дік, 16-лық жүйелерде өрнектеп жазу да қиын емес.Бұл үшін, алдымен екілік санның бүтін бөлігін оңнан солға

қарай, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай топтастырып алу керек.Егер соңғы топтар толық емес болса, онда оларды қосымша нөлдерді тіркеп жазу арқылы толықтыру қажет. Сонан соң әр топ жаңа жүйенің сәйкес цифрына ауыстырылады

 

Мысалы:

Екілік сандарды триада және тетрада арқылы жазу оларды екілік – сегіздік және екілік- оналтылық аралас жүйелерде жазу деп аталады.Сандарды екілік-ондық деп аталатын түрде де жазу мүмкін.Ондық санды екілік-ондық аралас жүйеде жазу екілік- оналтылық санды жазу сияқты тетрадалар арқылы орындалып, 2-10 индексімен жабдықталады.

Мысалы: 145,6 = 0001 0100 0101, 01102-10

Ескерту: Шын мәнінде теңдіктің  сол жағы оның оң жағына тең

емес. Компьютер үшін, екілік-ондық жүйе, оның ішкі ұсынымында

қолданылатын негізгі пішімі.

 

 

Екілік жүйеде қосу                                           

 

Сегіздік жүйеде қосу

 

 

Он алтылық жүйеде қосу

 

 

Тапсырмалар:

 

1. 2-лік, 8-дік, 16-лық санау жүйелеріне аударыңыздар:

87510; 24,1510; 409610; 0,13510; 12,45710; 227,9710;

2. Ондық жүйеге аударыңыздар:

а)1011110(2); б)1000101(2); в)1010101101,01011(2); г)

111011100,0001(2); д)775,11(8); е) 924,3(16); ж)1216,04 (8) з) 29А,5(16).

3. Мына теңдіктердің дұрыстығын тексеріңіздер:

 

336 = 2110      3710 = 2913         456=110102

123=1012        578=14210         13210=6611

 

4. Мына шарттар бойынша жүйе негізін табыңыздар:

 

4710 =142x        202x =13010         89710 = 3ЕСx

103х = 1910           197110= А0Вх       199010= ВА1х

 

5. Сегіздік жүйедегі сандарды екілік жүйеге аударыңыз:

324,2367, 53621;

6. Екілік жүйедегі сандарды он алтылық жүйеге аударыңыз:

11010011, 101101101011, 1001011100111101;

7.Он алтылық жүйедегі сандарды екілік жүйеге аударыңыз:

ЗА, D14, AF4C, F55DD.

 

 

Зертханалық жұмыс №  3.

Тақырыбы: Компьютердің  логикалық негіздері.Ақпаратты кодтау тәсілдері.

 

Логика – ақиқат және дұрыс ойлаудың формасы (қалыбы),заңдары мен ережелері туралы ілім.

Ойдың ақиқат әрі дұрыс болуын ұйымдастыратын және қадағалайтын біліми пән логика деп аталады.

Ойлаудың пішіні (қалыбы) деп шынайы өмірдегі нәрселердің қасиеттері мен қатынастарын бейнелеу әдістерін атайды.

Логика пәнінде, негізінен, ұш түрлі  ойлау қалыбы қарастырылады.

Олар: 1) «ұғым»; 2) «пайым» және 3) «ойқорыту» деп аталады.

Ойлау формаларының әрқайсысына белгілі  бір тұлғалық құрылым тән болып келеді. Бұл құрылымдарды өрнектеп көрсету үшін арнаулы белгілемелер (символикалар) жүйесі қолданылады. Осындай белгілемелер тілінде өрнектелген ойды формалданған (қалыптанған) ой деп атайды.

Ойқорытулар ережелерінің жиынына  байланысты, ғылыми пән ретінде, логика бірнеше түрлерге бөлінеді: формалданған логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т. б.

Математикалық логика, формалданған логиканың бір бөлігі болып табылады. Егер, формалданған логика біздің дағдыланған пайымдарымызды талдауға байланысты болса, математикалық логика, қатаң айқындалған, бірмәнді ақиқат немесе жалған екенін

шешетін, объектілерді және пікірлерді зерттейді.

Пікірлер. Пікір математикалық логиканың бастапқы ұғымы және зерттеу нәрселігі болып табылады. Пікір деп мазмұны туралы ақиқат я жалған деген екі тұжырымның біреуін ғана жасауға болатын хабарлы сөйлемді ұғады. Пікірдің анықтамасы бойынша пікір хабарлы сөйлем болуы және оның мазмұны туралы ақиқат немесе жалған деген екі тұжырымның біреуін және тек қана біреуін ғана айта алатындай болуы шарт.

Мысалы: берілген сөйлемнің қайсысы  пікір болатынын,

қайсысы пікір деп қарауға болмайтынын атап көрсетейік.

1) «Ассалаумағалейкум» Жауабы: леп сөйлем үлгісіндегі тілдік

қалыптама.

2) «Информатика пәнін ұнатасың ба?» Жауабы: сұраулы

сөйлем.

3) «х саны 3 еселік сан» Жауабы: пікір бола алмайды.

4) «Екі жарты – бір бүтін» Жауабы: ақиқат пікір.

5) «Адамнан басқа күлетін жан иесі жоқ» Жауабы: ақиқат

пікір.

6) «Париж —Қытайдың астанасы». Жауабы: жалған пікір.

Түсініктеме: 1-ші және 2-ші сөйлемдердің мазмұны туралы ақиқат немесе жалған деген тұжырым жасау мүмкін емес,сондықтан бұларды пікір деп анықтауға болмайды. 3-ші сөйлем пікір бола алмайды, себебі х ке нақтылы мән бермей тұрғанда бұл сөйлем туралы «ақиқат» не «жалған» деген тұжырым айтуға болмайды.

Жалпы, дербес немесе жекеленген пікірлер болуы мүмкін.Жалпы пікір сөйлемдері барлығы, әрбір, әрқайсысы, ешбір деген сөздерден басталады. Дербес пікір сөйлемдерін бірқатар,

кейбіреулері, көпшілігі деп бастауға болады. Басқа жағдайдың бәрінде пікірлер жекеленген болып келеді. Мысалы, мына пікірлердің типін (жалпы, дербес, жекеленген)

анықтайық: «Барлық балықтар жүзе алады». Жауабы: жалпы пікір.

«Кейбір аюлар – қоңыр түсті». Жауабы: дербес пікір.

«А – дауысты әріп». Жауабы: жекеленген пікір.

Ақиқат пікірдің ақиқаттық мәні 1-ге, жалған пікірдің ақиқаттық

мәні 0-ге тең деп есептеледі.

 

 Логикалық шама, айнымалы, өрнек

Логикалық шамалар: АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН (true, false) сөздерімен айтылатын ұғымдар. Демек, пікірлердің ақиқаттылығы логикалық шамалар арқылы айтылады.

Логикалық константа: АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН.

Логикалық айнымалы: символдармен белгіленген  логикалық шама. Демек, егер А, В, Х, Ү және басқа – айнымалы логикалық шамалар екені белгілі болса, онда олар тек қана АҚИҚАТ немесе

ЖАЛҒАН мәндерін қабылдай алады.

Логикалық өрнек — ол, жай немесе күрделі пікір. Күрделі пікір, логикалық амалдардың (байламдардың) көмегімен жай пікірлерден құрылады.

 Логикалық амалдар

Конъюнкция (логикалық көбейту) – ЖӘНЕ сөзімен айтылады.

Математикалық логикада &, ^ белгілері  қолданылады.

Конъюнкция – екі орынды амал, функциясының пішімі:

Егер операндалардың біреуінің ғана мәні жалған болса, онда өрнектің мәні ЖАЛҒАН болады. Бұл амалдың ақиқаттық кестесін, 1 және 0 сандарының көбейту кестесі деуге болады Сондықтан, конъюнкцияны көбінесе логикалық көбейтінді дейді.

1 мысал. Күрделі пікірді қарастырайық: «6 саны 2 бөлінеді және 6 саны 3 бөлінеді». Осы пікірді логикалық формула түрінде көрсетейік. «6 саны 2 бөлінеді» және «6 саны 3 бөлінеді» деген жай

пікірлерін А және В деп белгілесек. Онда, логикалық формула былайжазылады: F = A & В. Әлбетте, оның мәні – АҚИҚАТ.

Дизъюнкция (логикалық қосу) – НЕМЕСЕ сөзімен айтылады. Математикалық логикада белгісі қолданылады. Дизъюнкция екі орынды амал, функциясының пішімі: F = A U В. Егер операндалардың біреуінің ғана мәні ақиқат болса, онда өрнектің мәні АҚИҚАТ болады. Бұл амалдың ақиқаттық кестесі, 1 және 0 сандарының қосу кестесінің ерекшесі деуге болады.

Сондықтан, дезъюнкцияны кейде логикалық қосынды дейді.

2 мысал. Күрделі пікірді қарастырайық: «Мен жазда ауылға барамын немесе туристік жол жүремін ». «Мен жазда ауылға барамын» және «Мен жазда туристік жол жүремін» деген жай пікірлерін А және В деп белгілесек. Онда, логикалық формула былай

жазылады: F = A U В. .

Терістеу (инверсия)–ЕМЕС сөзімен  айтылады. Математикалық логикада белгісі қолданылады Терістеу бір орынды унарлық амал,функциясының пішімі: F = O X немесе F = X , егер X –ң мәні «жалған» болса, онда нәтиже керісінше ақиқат болады.

3 мысал. Пікірді қарастырайық: «4 саны 3 ке бөлінеді деген

дұрыс емес» Жай «4 саны 3 ке бөлінеді» деген пікірді А деп белгілесе,

онда осы пікірдің логикалық терістеу формасы А болады.

Ақиқаттық кесте. Қарастырылған логикалық амалдардың

ережелері ақиқаттық деп аталатын келесі кестеде көрсетілген.

Логикалық формула  немесе өрнек – тек қана логикалық

шамалармен және логикалық амалдардың бегілерінен тұратын өрнек.

Логикалық формуланың нәтижесі АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болады.

Логикалық формулаларда амалдардың орындалу тізбегі,

амалдардың үстемділігімен айқындалады.

Логикалық амалдардың орындалалу үстемділігі:

1) терістеу;

2) конъюнкция;

3) дизъюнкция.

Логикалық формулаларда амалдар солдан оңға қарай,

үстемділіктерімен және жақшаларға байланысты орындалады.

4 мысал. Мына логикалық өрнектің мәнін есептеу керек:

емес X және Y немесе X және Z, мұндағы  логикалық

айнымалылардың мәні: X = ЖАЛҒАН, Y= АҚИҚАТ, Z= АҚИҚАТ

болғанда.

Шешімі: өрнектің жоғарғы жағында операциялардың орындалу

ретін белгілеп, шындық кестесін пайдаланып әр амалды ретімен

орындайық:

1 2 4 3

емес X және Y немесе X және Z

1) емес ЖАЛҒАН = АҚИҚАТ;

2) АҚИҚАТ және АҚИҚАТ = АҚИҚАТ;

3) ЖАЛҒАН және АҚИҚАТ= ЖАЛҒАН;

4) АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН = АҚИҚАТ. Жауабы: АҚИҚАТ.

Тапсырма. Логикалық формуланың мәнін есептеу керек:

(А және В) немесе (емес А  және В) немесе (емес А және  емес

В), мұндағы логикалық айнымалылардың мәні: А = ЖАЛҒАН, В =

АҚИҚАТ болғанда.

 

Логикалық элементтер

Логикалық элемент – сол арқылы электр сигналы өткенде, 0

және 1 –ді бейнелейтін, бір немесе бірнеше кірісті және бір

шығысты электрондық  схема.

Логикалық элементтер – есептеуіш  техниканың көп

бөліктерінің функционалды негізі болып табылады. Ол элементтер

әртүрлі электр схемаларынан құрылады. Онда, схеманың кірісіне

келген сигналдар – аргумент болады ал, схеманың шығысында

өндіріліп шыққан сигналдар, осы аргументтің функциялары болады.

Егер, сигнал болса, онда оны бейнелейтін  аргумент бірге тең, сигнал

болмаса – нөлге. Екілік сигналдармен кез келген логикалық

амалдарды орындау үшін, логикалық  элементтердің негізгі үш типі:

және, немесе, емес жеткілікті.

Вентиль – деген компьютерде қолданылатын негізгі ЖӘНЕ,

НЕМЕСЕ, ЕМЕС, электронды схемалары.

ЖӘНЕ элемент схемасы. Бұл элементе екі кіріс бір шығыс

бар. Кірісте X және Y–те қатар –  сигналы пайда болғанда қана

шығысында 1-сигналы өндіріледі, басқа  жағдайда 0 болады. Яғни,

екі қосқыш бірдей қосылғанда шам  жанады.

1.5-сурет. ЖӘНЕ логикалық элемент схемасы

НЕМЕСЕ элемент схемасы. Бұл элементеде екі кіріс бір

шығыс бар. Шығысында 1 сигналы үш жағдайда өндіріледі: 1) егер 1

сигналы X - кірісінде пайда болса; 2) егер 1 сигналы Y - кірісінде

пайда болса; 3) егер 1 сигналы екі  кірісте де пайда болса. Тек қана екі

кірісте қатар 0 болғанда ғана шығысында 0 болады.

1.6-сурет. НЕМЕСЕ логикалық элемент схемасы

Яғни, қосқыштың X немесе Y бірі, немесе екуі де қосылса шам

жанады.

ЕМЕС элемент схемасы. Бұл элементте бір кіріс бір шығыс

бар, сондықтан инвертор деп аталады. Егер X – кірісінде 0 болса, Y

шығысында 1 сигналы, пайда болады, керісінше X – кірісінде 1 болса,

шығысында 0 пайда болады.

 

 

 

Тапсырмалар:

№ 1

Сөйлемдердің қайсысы пікір  болады? Олардың ақиқаттығын

анықтаңыздар.

1. 6 саны – жұп.

2. Барлық роботтар машина боп  табылады.

3. Әр аттың құйрығы бар.

4. Кім келмей қалды?

5. Абай – Құнанбайдың ұлы.

6. Жарқырағанның бәрі алтын емес.

7. 1 сағат 15 минутті – минутпен айтыңыз.

8. Әрбір моряк жүзе біледі.

№ 2

Келесі сөйлемдердің қайсысы пікір  болады? Олардың

ақиқаттығын анықтаңыздар.

1. Наполеон француз императоры  болған.

2. Жерден Марсқа дейін қашықтық  қаншаға тең?

3. Абайла! Оңға қараңыз.

 

№ 3

Келтірілген пікірлердің қайсысы  жалпы пікір болады?

1. Кітаптардың бәрінде пайдалы  ақпарат бола бермейді.

2. Мысық үй жануары боп табылады.

3. Барлық сарбаздар ер жүректі.

4. Ешбір зейінді адам қателік  жібермейді.

5. Кейбір студенттердің екіліктері  бар.

6. Барлық ананастардың дәмдері  жағымды.

7. Әрбір жетесіз адам қолымен  жүреді.

№ 4

Келтірілген пікірлердің қайсысы  дербес пікір болады?

1. Менің достарымның кейбіреуі марка жинайды.

2. Барлық дәрілердің дәмі жағымсыз.

3. Кейбір дәрілердің дәмі жығымды  болады.

4. A — әліпбидің бірінші әрпі.

5. Кейбір аюлар – қоңыр түсті

6. Жолбарс – жыртқыш жануар.

7. Кейбір жыландардың улы тістері  жоқ.

8. Көптеген өсімдіктер шипалы қасиеттерге ие.

9. Барлық металдар жылуды өткізеді.

№ 5

Пікірлердің ақиқаттығын анықтаңыздар.

1. Барлық балалар жүзе біледі.

2. Алматы – студенттер қаласы.

3. Кейбір мысықтар балық жемейді.

4. Адам бәрін жасай алады.

5. Мәңгі двигательді жасау мүмкін емес.

6. Әрбір адам - суретші.

7. Төртбұрыш ол геметриялық фигура.

8. Кейбір балықтар – жыртқыш.

Логикалық шамалар, амалдар, өрнектер

№ 6

«ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ» логикалық байламдарды  қолданып, екі

жай пікірден күрделі пікір құрыңыз. Мысалы: Екі пікір берілген:

Барлық оқушылар математика оқиды. Барлық оқушылар әдебиетті

оқиды.

Құрылды: Барлық оқушылар математика және әдебитті

оқиды.

1. Құралай Мадинадан үлкен. Дана  Мадинадан үлкен.

2. Сыныптың бір жартысы ағылшын  тілін оқиды. Сыныптың

екінші жартысы неміс тілін оқиды

3. Кабинетте оқулықтар бар. Кабинетте  анықтамалықтар бар

4. Осы сөйлемде сөздер Ч әрпімен  басталады. Осы сөйлемде

сөздер А әрпімен басталады

5. Туристтердің бір бөлігі шәйді  ұнатады. Қалған туристер

сүтті ұнатады.

6. Көк текше қызылдан кіші. Көк текше жасылдан кіші.

7. Х = 3, Х>2.

№ 7

Келесі пікірлердің ақиқаттық  мәндерін анықтаңыздар:

1. Тақама (приставка) сөздің бөлігі  және ол сөзден айырылып

жазылады.

2. Жұрнақ сөздің бөлігі және  ол түбір сөзден кейін тұрады.

3. Төркіндес сөздерде ортақ бөлік бар және олардың

мазмұндары ұқсас.

4. Балықты сачокпен немесе қармақпен  аулайды, немесе

шыбынмен, я құртпен алдап шақырады.

5. «а» әрпі - «аист» немесе «сова»  сөздерінде бірінші әріп.

6. Жазықтықтағы екі түзу параллель  немесе қиылысады.

7. Берілген сан жұп немесе, оған бір қосылған сан, жұп.

8. Ай - планета немесе 2 + 3 = 5.

№ 8

Логикалық амалдарды қолданып, келесі шарттар орындалған

кезде, ақиқат болатын, пікірлерді жазыңыздар:

1). 0 < X < 3 және Ү>5, болуы қате;

2). max(Х,Ү) X болады;

Delphi ортасында мультемида құру