Delphi ортасының графикалық мүмкіндігін көрсету

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК  БІЛІМ

ОРАЛ ГАЗ, МҰНАЙ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

«Математика және информатика»ПЦК-сы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

         Пән: Алгоритмдеу  және  бағдарламалау негіздері

       Тақырыбы: «Delphi ортасының графикалық мүмкіндігін көрсету»

 

 

 

 

                                          Орындаған:    СТ-231

            тобының оқушысы

                                                                     Джумасаев Е.Ж.

 

 

                                                                         Жетекші:Арнайы пәндер оқытушысы

    

                                                                                         Есенов Бейбіт Ихсанұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

                                              

                                            

 

 

                                                   Орал-2014

 

 

Жұмыстың мазмұны:

 

Кіріспе...................................................................................................................3

Жалпы бөлім

  1. Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік ................................................................................................................................4

1.1. Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері...............................................6

1.2.   Мәзір пукттеріне енгізілген  негізгі командаларды орындайтын түймелер. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы...................................................9

1.3. Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі..........10

1.4.  Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері. Сурет салу. Сурет салу аумағы..................................................................................................................13

1.5. Графикалық мәліметтерді баспаға шығару. (TPrint объектісі)...................15

Арнайы бөлім

2.Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа барысын құру......................................................................................................17

2.1 Есептің жалпы қойылуы................................................................................17

2.2 Шешімнің алгоритмі......................................................................................17

 Қорытынды.......................................................................................................20

 Әдебиеттер  тізімі...............................................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Бұл курстық жұмыста Delphi ортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың ерекшеліктері, Delphi жобаларының негізгі файлдары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi-ді өңдеудің интегралданған ортасымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамын. Delphi ортасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Delphi программасы туралы қысқаша мәлімет берейік.

     Жоғарғы  деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы   программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object  Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++  for Windows.    

    Солардың ішінде Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi  тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

    Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Delphi программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде.

    Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 – нұсқалары жарық көрді. 5, 6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.

    Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым – Delphi-дің негізгі интерфейстік құрылымы бойынша сипаттама жүргізу. Оның барысында сіз бұл күрделі жүйемен таныса аласыз.

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы бөлім

 1.1 Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік

       Жоғарғы  деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы   программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object  Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++  for Windows.    

ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi  тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

        Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары  әрі тиімді жұмысын қамтамасыз  ететін күрделі механизм. Ол визуалды  түрде бір уақытта бірнеше  ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе  бөлшектелген түрде бір- бірін  жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік  процессор ортасының «қатаңдығына»  үйренген қолданушының дисккомфорт  сезімін оятуы мүмкін.

        Delphi-дің  бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа  шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте  кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары  жарық көрді. 5,6 – нұсқаулардың  бір-бірінен айырмашылығы жоқ  деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық  жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды  дайындау мүмкіндігі кеңейтілген  және берілгендер қорымен жұмыс  істеуде өзгешеліктер енгізілген.

        Delphi-дің  негізгі ерекшелігі – онда  қосымша құруда компоненттік  және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі  жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді  орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні  өңдеуге арналған үстеме бағдарлама  құрылады. Компоненттер визуальды  компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер  панелінде түрлі кластарға тиісті  стандартты компоненттер өте  көп. Пайдаланушы жаңа компонент  дайындап, оны осы панельге қосуына  да болады.

        Delphi-де  программа дайындау, программа мәзірін  құру, анимация, мультимедиа үрдістерін  ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.  Delphi көптеген есептерді  шешуге  мүмкіндік береді, оның ішінде:

 

- Әртүрлі бағыттағы аяқталған  қосымшаларды Windows үшін құру;

- Кез келген тілде кез келген  қосымшалар үшін профессионалды  көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын  қанағаттандырады және қолданушы  компьютерінде орнатылған  жүйеге  автоматты түрде  ыңғайланады. Өйткені  Windows- тың  көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;

- Бағдарламалаудың басқа  түрлерінде қолдануға болатын  функция, форма, компоненттердің динамикалы  біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;

- Кез келген типтегі  жергілікті және жойылған  мәліметтер  базасымен  жұмыс                          істеудің қуатты жүйесін құру;

-  Кестелері, графиктері  бар күрделі есеп берулерді  құру және баспаға шығару;

- Қосымшалардан Windows арқылы  жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары  үшін  анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;

- Windows- тың  барлық талаптарын  және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың  профессионалды бағдарламаларын  құру.

       Көптеген  операторлардың жазылуы Турбо  Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда  прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен  еркін танысып, компоненттерді пайдалану  және түрлі командалардың жазылу  түрлерін білу қажет.



                                           

 

                                    

 

                                                                                                                                                   


 

 

                                   

                                     1-сурет. Delphi ортасы.

1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.

2. Форма (Form1).

3. Объект инспекторы терезесі (Object    Inspecteor).

4. Модуль терезесі (программалық  код терезесі).

5. Негізгі мәзір. 6. Аспаптар  панелі.

7. Компоненттер палитрасы.

 

 

 

 

 

1.2 Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері

 

Негізгі ұғымдар

Класстар – бұл күрделі прграммаларды жеңілдету және оның сапасын арттыру үшін ойластырылған программистердің ерекше өнер табысы. Кластардыңнегізінде үш іргелі принцип жатыр, олар инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.

Инкапсуляция

Класс – өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатынүш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру инкапсуляция деп аталады. Көпшілік жағдайда, инкапсуляция класты программаның қалған бөліктерінен оқшаулауға мүмкіндік береді, нақты бір есепті шешудің «өзіндік жеткіліктілігін» арттырады. Нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты арттырады. Мысалы, Tform класы  Windows – терезесін құруға қажеттілерден, Tmemo класы – толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын, Ttimer класы программа жұмысын таймермен қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды (немесе инкапсуляциялайды). Сонымен инкапсуляция дайын программалық жабдықтаумен жұмыс істеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Delphi жүйесінің кластар кітапханасы – бұл программа құруға арналған Borland фирмасының программистері құрған кірпіштер жиынтығы екен.

Мұрагерлік

Кез келген класс басқа кластан туындайды. Ол үшін оны хабарлағанда ата- ана кластың аты көрсетіледі:

TchildClass = class (TParentClass)

Туындаған кластан автоматты түрде өзінің ата- анасының өрісі, әдісі және қасиеті шығады және олардың жаңамен толықтырылуы мүмкін. Сөйтіп, мұрагерлік принципі күрделі кластарды кезеңмен құруды және өзінің жеке кластар кітапханасын жасауға мүмкіндік береді.

Object Pascal – дың барлық кластары жалғыз ата – ана ТObject  класынан туындаған. Бұл кластың өрісі және қасиеттері жоқ, бірақ өзіне кез – келген объектілердің барлық өмірлік қасиеттерін қамтитын жалпы тағайындалудың әдістерін қамтиды. Программист ТObject  класы ата – ана болмаитын класс құра алмайды. Оған төмендегідей бейнелеулер тән:

TaClass = Class  (ТObject )

TaClass = Class

Мұрагерлік принципі ТObject  класынан оның ұрпақтарына қарай дами отырып, біртіндеп кеңейетін тармақтар кластар құруға әкеледі. әрбір ұрпақ өзінің ата – анасының мүмкіндіктерін толықтырып, оны өзінің ұрпақтарына беріп отырады.2-суретте Delphi –дегі класстар тармағы келтірілген. TPersistent класы өзінің Тobject ата- анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап , оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады. TComponent класы өз кезегінде, класты құрушының ортасымен әрекеттесіп, оны өзінің ұрпақтарына бере алады. TControl класы файлдармен және класты құрушының ортасымен жұмыс істеп қоймай, сонамен бірге экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметі

Жобаның құрылымы

Жоба файлы Object Pascal тілінде жазылған, компилятормен өңдеуге арналған программа болып табылады. Бұл программа Delphi – де автоматты түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны көру үшін Delphi – ді шақырып, бас менюден Project/View Source опциясын таңдаңыз. Delphi Project1 мәтінінен тұратын код терезесін шығарады:

Program Project1;

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’ {fmExample};

{SR*. RES}

Begin

Application. Unitialize;

Application. Greate Form (TfmExample, fmExample );

Application. Run;

End.

Код терезесінде қарайтылған шрифтпен қызметші сөздер жазылған, ал курсивпен фигуралық жақша ({}) ішіне түсіндірме жазылған. Программа мәтіні Program сөзінен басталып, End сөзімен аяқталып тұр. End сөзінен кейінгі нүктеден соң жазылған жазуды программалық бірліктің терминаторы деп атайды. Егер программа мәтінінде осындай терминетор кездесетін болса, компилятор программаны жолдауды тоқтатып, мәтіннің қалған бөлігін ескермейді (жойы жібереді).

Object Pascal тілінде қызметші сөздер маңызды роль атқарады. Әрбір қызметші сөз компиляторға шартты нұсқау береді, тек ағылшын тілінде жазылады.Ал түсіндірменің компилятор үшін ешқандай мәні жоқ, түсіндірме кездессе, компилятор оны қалдырып кетеді. Программадағы түсіндірме программист үшін аса маңызды, ол программаны түсінуді жеңілдетеді.

Object Pascal тілінде фигуралық жақшаға ({}) алынған кез келегн символдар тізбегі түсіндірме болып есептеледі.Жоғарыдағы келтірілген мәтінде екі түсіндірме бар, бірақ {SR*. RES} жолы шын мәнінде түсіндірме емес. Бұл арнайы түрде жазылған фрагменті – компилятор директивасы деп аталады. Директивалар S символынан басталады. Түсіндірме үшін сондай – ақ, (*,*) және // белгілері де пайдаланылады. (*.*) – фигуралық жақша тәрізді, ал // символдары компиляторға түсіндірменің ағымдағы жолдың соңына дейін жазылатынын ескертеді.Program сөзінен кейінгі жазылған атау мен соңынан қойылған «;» программа тақырыбын құрайды. Тақырыптан кейін бейнелеу бөлімі жазылады, мұнда программист программада пайдаланылатын идентификаторларды сипаттайды. Идентификаторлар типер, айнымалылар, процедуралар, функциялар тәрізді программа элементтерін белгілейді. Uses қызметші сөзінен кейін басталатын сөйлемнің көмегімен программист программаның ажырамайтын құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын, басқа файлдарда орналасатын программа фрагменті (модульдер) туралы компиляторға хабарлайды,

Программадағы:

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’ {fmExample};

Жолдары программада файл жобамен қатар, Forms және Unit1 модульдері пайдаланатындығын көрсетеді. Forms модулі Delphi – де стандартты модуль, ал Unit1  - әлі белгісіз, жаңа модуль, Delphi мұндай жағдайда модульдің мәтіні бар файлдың атын да көрсетеді (in ‘Unit1.pas’) және файл модуліне байланысты форманың сипаттамасы {fmExample} – де.

Программа денесі Begin сөзінен басталып,  End. Терминеторымен шектеледі. Программа денесі Object Pascal – дың біренеше операторларынан тұрады. Әрбір операторда қандай да бір әрекет жүзеге асырылады – айнымалы мәнін өзгерту, есептеу нәтижесін талдау, қосалқы программаға оралу және т.б. Біздің мысалда программа денесінде үш орындалатын оператор бар:

Application. Unitialize;

Application. Greate Form (TfmExample, fmExample );

Application. Run

Бұлардың әрқайсысы Application объектілер әдісінің біріне оралады. Мұндағы Объект дегеніміз – өңдеуге арналған мәліметтер мен қосалқы программаны қамтитын, арнайы дайындалған программа фрагменті. Мәліметтер деп объектінің өрістерін, ал қосалқы программа деп оның әдістерін айтамыз.  Объект тұтасымен алғанда, қандай да бір нақты есепті шығаруға арналған, программада бөлінбейтін бүтін ретінде қарастырылады. Объект қазіргі программалау тілдерінде маңызды роль атқарады. Объектінің басты екі қасиеті бар: оның функционалдығы мен бөлінбейтіндігі.

Delphi – ді құрушылар  жүздеген объектіні қарастырған, ол көп қабатты программалар  үйін тұрғызатын кірпіштер тәрізді. Программаны құрудың мұндай принципі  объектілі бағдарланған программалау  деп аталады.Application объектісінде Windows программаны толығымен басқаруға  қажетті мілңметтер мен қосалқы  программалар жинақталған. Delphi автоматты  түрде әрбір жаңа проект үшін Application объект программасын құрады.

Application. Initialize

жолы Application объектісінің Initialize әдісіне оралатынын көрсетеді. Осы жолды оқығаннан кейін компилятор қандай да бір программа фрагментін орындауды талап ететін кодты құрады. Осы фрагментті орындағаннан кейін (яғни программистердің тілімен айтқанда, қосалқы программадан шыққаннан кейін) процессор басқарудыпрограмманың келесі жолына  береді, ол Greate Form әдісі арқылы шақрылады.

Application объектісінің Greate Form әдісі экранда бас форма терезесін құрып көрсетеді, ал Run – Windows – ден түскен пайдаланушының әрекеті жөніндегі хабарларды үздіксіз алып, оны өңдеуді жүзеге асырады. Пайдаланушы  Close батырмасын тышқанмен белгілегенде Windows программаға программа жұмысын тоқтатып, оған бөлінген жүйелік ресурстарды босату жөнінде арнайы хабарлама береді.

Сонымен қорыта келгенде, файл жобаны толығымен Delphi өзі құрады. Осы себепті файл – жобаның затының алатын орны ерекше, ол әдетте, кодтерезесінде көрінбейді. Күрделі жобаларды құрғанда бұл файлды оған кіретін басқа формалардың қызметін түсіндіру үшін, сондай – ақ, программа жұмысын бастар алдындағы кейбір арнайы әрекеттерді орындау үшін пайдалануға болады

 

1.3 Мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі

Бұл түймелер – пиктографикалық түймелер деп аталады. Пиктографикалық түймелер бас мәзірдің маңызды опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пиктографикалық түймелер келесі командаларды жүзеге асырады:

  • Бағдарламаның алдында жасалынған жобаны ашады (File/Open опциясы);
  • Файлды ашады (File/OpenFile);
  • Жобаны дискіде сақтайды (File/Save Project);
  • Жаңа файлды жобаға қосады (File/SaveFile);
  • Жобадан файлды алып тастайды (File/AddFile);
  • Ағымдағы жобаға байланысты модульдер тізімінен модуль таңдайды (View/Units);
  • Бағдарламаның код терезесі және форма терезесі арасындағы белсенділігін алмастырады (View/Toggle Form/Unit);
  • Ағымдағы жобоға байланысты формалар тізімінен форма таңдайды (View/Forms);
  • Жаңа бас форма құрады және оны жобаға қосады (File/New Form);
  • Бағдарламаны орындайды (Run/Run);
  • Шақырылатын бағдарламаша жұмысын қадағалауды және бағдарламаның қадамдық  із салуын жүзеге асырады (Run/Trace Into); және тағы басқалар.

        Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын  беру жеткіліті.

        Форманың  және формаға енгізілетін  компоненттердің  түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше  түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін  сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері  – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б.  Delphi іске қосылған кезде форма  қасиеттеріне алғашқы сәйкес  мәндер меншіктеліп қойылады.

        Программа  құру форманы не онда орнатылған  компоненттің кейбір қасиеттерінің  мәндерін  өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspecteor) терезесіне  енгізілген қасиеттер тізімін  шығару үшін объектіні таңдап  алу керек. Инспектор терезесінің  жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде  форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің  екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда  екі бағанаға енгізіген жазулардан  оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-суретті қара). Бірінші бағанда  көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар  – олардың мәндері.

 

Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі

 

  • Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі  қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі.
  • Font (Шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
  • Caption (Тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін    мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
  • Color(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
  • Width (Ен), Height (Биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

    Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.

       Delphi-де  программалар түрлі оқиғалар  арқылы басқарылады. Оқиға – программаның  жұмыс істеу барысында объект  жағдайының белгілі бір әрекетке  жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы  программа құру үшін алдымен  формаға компонент орнатуы, форманы  не формада орналастырылған компонентті  тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады.

       Delphi-де  оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының  Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын  шақырады.

       Әр объектіге  байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байлансты оқиғалар саны  – 35 (2-суретті қара).


 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

                  2-сурет. Форма оқиғалары

 

 

 

      Олар  қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың  оқиға екендігін білдіретін белгі.  Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

  • OnClick – тышқан  батырмасын бір рет басу;                                                                                                                                                                                       
  • OnDblClick – тышқан батырмасын екі рет басу;
  • OnKeyDown – пернені басу;
  • OnCreate – форманы екі рет шерту; т. б. 

        Проект  екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды.Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.

        3-суретте  форманы екі рет шерткен кезде  программмалық код терезесіне  енгізілген процедура дайындамасы  көрсетілген.

 

                       

                        3-сурет  Программмалық код терезесі

        Код терезесі программа мәтінін құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелермен құрастырылады және программа жұмысының алгоритімін сипаттайды. Мәтін жазу ережелерінің жиыны бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Borland корпорациясының Паскальдің кең тараған түрін құрайтын Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.

        Бастапқы  кезде код терезесі Windows терезесі  ретінде нормальды бос форманың  жұмысын қамтамасыз ететін минимальді  нәтижелік мәтіннен тұрады. Жобада  жұмыс жүргізу кезінде бағдарламалаушы  программаға қажетті функционалдықты  беру үшін  қажетті толықтырулар  енгізеді. Жай программа жасау  үшін де программалық кодты  жасау және өзгерту керек болады.

        Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш  не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

 

 

Delphi ортасының  графикалық мүмкіндіктері. Сурет салу. Сурет салу аумағы

        Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін пайдалану үшін Windows- тың графикалық құралдарымен жұмыс атқаруды айтарлықтай жеңілдететін келесі кластар қолданылады. TPaintBox – кез келген бейнені салуға лайықты және арқаумен қамтылған терезе, TCanvas – суретті салуға лайықты аумақ- арқау, TPen – қалам, TBrush – бояу жаққыш, TPicture – бейненің контейнері,  TGrafic – графикалық объектінің, бейненің негізі, TBitmap – растрлық бейне,  TIcon – пиктограмма, TMetafile – метафайл және т.с.с.

         Қарапайым геометриялық фигураларды сызу үшін Additional парағының Shape компоненті қолданылады. Осы компонент арқылы бейнелеу әрекеттерін орындау  - графикалық  редакторда жұмыс атқарумен бірдей болып келеді. Shape- пен анықталатын фигураның түрі компоненттің Shape қасиеті арқылы анықталады және оның қабылдайтын мәндері келесі:

  • StCircle – шеңбер;
  • StEllipse – эллипс;
  • StRectangle – төрт бұрыш;
  • StRoundRect – жұмырланған төрт бұрыш;
  • StRoundSquare – жұмырланған квадрат;
  • StSquare – квадрат;

                            

        Delphi ортасындағы Windows- тың TCanvas (арқау- сурет  салуға лайықты аумақ), TFont (қаріп), TPen (қалам), TBrush (бояу жаққыш) құралдары  арқылы программаларда графиканың  мүмкіндіктерін қолдануға, яғни  әртүрлі бейнелерді программаның  орындалу барысында форманың  бетіне орналастыруға, сызуға болады.

Delphi ортасының графикалық мүмкіндігін көрсету