Депозитті және қор жинау сертификаттары



МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

 

1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі

1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы

қарым-қатынас

1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты

 

2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

 

2.1.Қазақстанның банктік операциялары

2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу

көздері

 

3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1.Депозиттік операциялар басқармасы

3.2.Депозиттік операциялар есебі

3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

           Банктік   жүйенің   елдің    экономикасында  алатын   ролі мен  орны ауқымды. Сондықтан  несие  банктік  сфера   мемлекеттік   органдар   жағынан   мұқият   бақылау  мен талдаудың объектісі  болып   табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр  түрлі  аспектілерде   реттеп отыратын,  өзіндік  бақылау  мен құқықтық актілер  үшін  жұмыс істейді.  Республикамызда  банктерді  бақылау мен қадағалау  Қазақстан  Республикасының     Банктік   және  басқа  да заңдарының сақталуын   қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық   қызметті  және  банктегі   оның   мекемелерінде  жұмысты   ұйымдастыруды   кезеңдік   тексеруге бағытталған   кешенді   шаралар   жиынтығы  ұсынады.

             Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық   мемлекеттік,  аудиторлық   құрылтайшылық   деп бөлуге  болады.

              Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы,  жетекшілердің  құрамы, өкілеттердің   бөлінуі     тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық  біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы  бойынша  ірі   банктерден: мысалы,  ауыл  шаруашылық  ауданындағы   банк-өндіріс     ауданындағы  банкіден,       сол сияқты   бөлімшелері   бар банктер бөлімшелері жоқ     банктерден   ерекшеленеді.

              Банк    құрылымын    ұйымдастырудан   ұтымдылығын талдау  жалпы   банктегі     еңбекті    тиімді   ұйымдастырудың, оның   коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық     құрылымының    негізгі   белгілері  –  банктің    орындайтын  операцияларының  көлемі мен экономикалық    мазмұны  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

 

            1.1 Банктер қызметінің мәні және нарықтық экономикадағы ролі.

 

           Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін – банктің     клиент   мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді  орындаудан   сипаттауға   болады.     Кез – келген   банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру    қажеттілігі    жатады.

             Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының    көп бөлігін осы   операциялар    бойынша пайыздық   айырмадан   алады.

            Депозиттік – қарыздық  операцияларды жүзеге асыра отырып   банктер   қаржы    делдалы    рөлін     орындайды.    Банктің   бұл  қызметі   екі   жаққа    да   пайда   әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметімен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайларда   оның    үстіне   пайыз   әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде ұсақ қарапайым   клиенттердің    банкке   аз   ғана   соманы   қысқа мерзімге   салғанының    өзінде – ақ  мүмкін   болады.   Шынында банктер   мұндай   операциялардан    пайда көреді. Олар салымдарға     төлейтіндеріне қарағанда,   қарыздарға   біршама жоғары   пайыз   мөлшерлемесін    белгілеп    табыс   табады. Банктер   өз   клиенттерінің   ақшаларын   сақтауға  қолайлы   әт түрлі   депозиттерді    ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын  қамтамасыз   етсе,   екінші     жағынан  өтімділікке  деген  клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Үшіншіден, депозиттік   қарыздық   операциялардың    процесінде      депозиттік банктердің эмиссиясы іске  асады. Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер   тарту    үшін    көптеген     аумақты    жаулап   алуға және   осындай   факторлар    есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік    береді./15/

               Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық  қызметтеріне қызмет  көрсетумен байланысты несиелік   есеп   айырысу    және қаржылық операциялардың барлық   түрлерімен   айналысады.

             «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер    туралы»   заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды   орындай   алады:

                  ақылы негізгі депозиттерді тарту;

                  заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

                  клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

                  банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

                  лизингтік операцияларды жүзеге асыру т.б.

        Ұлттық Банктің арнайы лизензиялары бар болса, банктер басқа 

да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде  халықтың ақшалай салымдарын қарау. Операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құрауға болады:

                  уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

                  экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);

                  қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

                  инвестициялық қызметтер;

                  клиенттерге басқа да қаржылық қызметті көрсету;

              Банктер       қаржылық    нарықтарда    қаржы   делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша   бос  қаражаттар   сомасын   депозит   түрінде жинақтайды,  осы    жағдайда   оларды   тиімді    басқарады,   сондай – ақ    олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық   негізінде    қарызды  қарыз  алушыға   ұсынады.

           Екіншіден, депозиттерді  мемлекеттік   сақтандыру   жүйесі болады,    бұл    салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді.

              Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне    қарағанда    қондырғы     ғимараты    ыңғайлы,   өтімді  және  нарықта оңай   өткізіледі. Банк  өздерінің активтік акцияларын   жүзеге  асыру   үшін   тартылған    қаражаттардың    90 %- нан   жоғары   бөлігін пайдаланады,    сондай – ақ    банктер өз    клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі   түрде осы қаражаттардың негізгі  бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді салымдарының барлығы түсіндіріледі.  Банктердің   ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік  операциялар деп аталады. Бірақ, соңғы уақыттарға дейін   республикамызда   депозиттерді   басқару    мәселелеріне назар аударылмаған. Елде банктердіңң депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік   саясат теориясының жасалмағандығынан   біз   шетел   тәжірибесіне назар аудара аламыз.  Жеке   тұлғалар, фирмалар, акционерлік      компаниялар, жеке кәсіпорындар т.б. қаражаттарды банктерге ынтамен орналастырады,   салымдар   табыс   әкелетіндіктен.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

                     банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

                     депозиттік операциялар әрекет ету керек;

                     банк балансының  оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

                     банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демек отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет, депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет.

                     депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

              Талап  еткенге  дейінгі   депозиттер,   мерзімді    және жинақ     салымдары   деп   ажыратылады.

            Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың   ағымдағы,   есеп    айырысу   шоттарында болатын   ақшалай   қаражаттар, олар   банкті     алдын  ала ескертусіз   кез   келген    уақытта     салымшылармен   алынуы немесе   басқа     шотқа    аударылуы   мүмкін,   бұл     салымларға ең   төмен процент төлейді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші   кезекте   ағымдағы   есеп  айырысуларды   жүзеге  асыру үшін  арналған. Шот  иесі   оларды   әр   түрлі   формада   қолма – қол   ақшалармен,  чектермен,   аударымдармен   жүргізе   алады.

            Депозиттің   екінші   тобын  мерзімді   салымдар   құрайды. Яғни белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы   үшін   ақшаларды   ұзақ   мерзімге   салудың   мәні жоғары пайыздарды табу үшін бұл депозит тиімді мерзімді депозиттерде    салымшының     ақшаларды иесі алу туралы арнаулы   арызын   банкке    алдын  ала  түсіруі  талап етіледі. Ескерту   мерзімдері    бір   айдан   үш    айға,   үш    айдан алты айға,   алты   айдан   он   екі   айға   дейін   және   бір   жылдан жоғары.

             Депозиттердің   үшінші   түрі – жинақ    шоты   немесе жинақ    кітапшасы   бар шот деп аталатын жинақ салымы. Халықтық  салымдарын   тарту   мақсатында    жинақтардың     түрлі  формалары   қолданылады:  ұтысқа, сыйлыққа,  жастарға мақсатты   және   т.б.   әдетте   олар   халыққа  қосымша  қызметтерді (почталық, телеграфтық саудалық және                          т.б. )   ұсынулармен  бірге  жүреді.   Жинақ    шоттарының     тұрақты   мерзімі   болмайды   және   шот   иесінен   ақшаны   кері алу   туралы   алдын   ала   ескерту   талап   етілмейді, олар  бойынша   чектер   берілмейді.

             Мерзімдік    салымдардың   басқа  да  түрі  мерзімді депозиттік   сертификаттар   болып    табылады.  Ол   банкіге тұрақты   пайыздық    мөлшерлемемен    белгілі   бір   мерзімге банкіге    қаражаттарды   енгізгендігін    куәландыратын   ақшалай құжат,   олар   100 мың  доллардан   кем емес сомада   беріледі. Ақшаны   мерзімінің   аяқталуымен,  тең   сертификаттарды    ұсыну арқылы   банктен   алуға   болады,   ал   мерзімі    1     күннен 18 айға   дейін   болуы   мүмкін.

             Қарапайым    халыққа    500, 1000, 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары   шығарылуы   мүмкін.

          Осылайша    банктердің   дәстүрлі   базалық    қызметінің   бірі – жеке және де   депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік   және     депозиттік емес   поссивтер     салымшыларға пайыз төлеумен. Оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру    жолумен   жинақталады.

 

 

 

1.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым – қатынас

 

           Банктер   арасында   клиенттерді   тарту  жөнінде    бәсекенің күшеюі банктердің   клиеттермен өзара  қарым – қатынасын ұйымдастыру   сұрақтарына ерекше  көңіл  бөлуді  талап   етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы»   заңның 33 – бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде   шығын, бос  несие ресурстары    нарығында    өз   операцияларын   жүргізеді.

            Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие  алу үшін жақсы жағдайлар , банктік қызметтердің   әлдеқайда   кең спектрін   көрсете отырып, бір – бірімен   бәсекеге   түседі.   Банктер   өз  клиенттері   алдында жауапты.

           Банктің   клиентпен   экономикалық    жұмысы   банкке клиетті  тартудан бастап,  яғни   шоты бойынша   әр   түрлі    банктік   операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің  барлық   жақтарын   қамтиды.   Клиенттерді    тарту   банктен жарнама  жаңа  қызмет  түрлерін  ендіру  жетілдіру бойынша, келіссөздер  жүргізу,   қаржылық   жағдайды    алдын – ала    талдау әр   түрлі   келісім – шарттарды   дайындау    және т.б.    бойынша  белгілі  бір жұмыстарды  жүргізуді  талап   етеді. Осы  аталған жұмыстардың   барлығы   банктің активтері мен  пассивтерін басқару   қызметі   мен   тығыз   байланысты.

           Клиентпен   жұмыс:   есеп   айырысу,   кассалық және несиелік  қызмет   көрсету,   бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды   ашу   және жүргізу т.б. әр түрлі келісім – шарттар жасасу  негізінде  құрылады.

          Клиенттердің   ағымдағы   және   есеп  айырысу   шоттарын ашу,  олар   бойынша    операцияларды   жүргізу,  есеп   айырысу    және   есеп   айырысу – кассалық    қызмет    көрсету   туралы келісім – шарт    негізінде     жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық – несиелік  институттардың   қаржылық  

делдалдар   ретіндегі   ролі

 

 

 

 

 

 

 



Депозит түрінде                                            Зайымдар, жеке салымдар

және басқа жолмен                                        және келісім бойынша

берілетін ақша                                                   берілетін ақшалай

қаражаттары.                                                              қаражаттар.

 

             

 

 

 

 

 

Тікелей инвестициялар                                   Нарықта акциялар,

жолымен акциялар                                            облигациялар және

облигациялар және басқа                                 басқа да қаржы

да қаржы құралдарын                                       құралдарын  сату

сатып алу арқылы                                              арқылы алынған

ұсынатын ақша                                                  ақша қаражаттары.

қаражаттары.

 

 

 

 

 

             

 

         

 

2 – сызба

 

     Қаржылық    делдалдар   осылай    қоғамға  ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестірі механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды  халық шаруашылығы қызметін атқарады.

           Банктер  нарықтық  экономикада   басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында  тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады.   Клиенттердің   салымдарын   қабылдау    арқылы   банк депозит   деген   жаңа    міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы  қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін   құрайды.

             Әртүрлі   көздерден   ақша   капиталын жинау арқылы шағын   ақша  қаражаттарының    «тобын»  құрайды  және   де оларды   жұмыс   істеп  тұратын   капиталға     айналдырып,   әр түрлі  шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Экономиканы басқару процесінде  банктер негізінен басқарудың    экономикалық   қатынастары ең алдымен мүдде ретінде  көрініс алады, экономикалық   мүдде   өндірістің  мақсаты, яғни оны қорғаушы  фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.  Мүддені   осылай  деп  түсінуден   келесі  туындайды, яғни  оларға   қажеттіліктерді   қанағаттандыру  арқылы   әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық   әдістері   мәселен,  несиелеу арқылы, экономикалық  әр   түрлі  буындарының  қарыз    қаражаттарындағы   қажеттіліктерін    әр   түрлі   несиелермен немесе  қолма – қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз   қызмет   етуіндегі    қажеттілігін   қанағаттандырады, қоғамдық    өнімнің    тоқтаусыз    қозғалысын   қамтамасыз   етеді.

              Банктер  өз қызметтерін орындау кезегінде функционалдық, яғни экономикалық, салалық яғни министерстволар, компания, фирмалар және аумақтарды яғни жергілікті   орган, басқару    органдарымен   өзара тығыз байланыста   жұмыс    істейді.

               Банктер   экономикалық   басқару   органы    болғандықтан,  оның   өз   клиенттерінің   алдындағы жауапкершілігі   де   экономикалық   сипатта, ең   алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомоствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық өз органдарының, яғни өз акционерлерінің, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен   байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір   банкті   таңдайтын   формалармен    компаниялар   топталады.  Олар  басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі   және   клиенттер   үшін   операцияларды   неғұрлым тиімді   жүргізетін   несиелік   сипаты   жүргізіледі.

              Банктерде  басқарудың   басқа  органдарында  жоқ ағымдағы  ақпараттар   болады.  Ең   алдымен ол қызмет көрсетілетін    клиенттерінің   негізгі  қызметі   туралы    ақпарат болып   табылады.   Шотта  еңбекақы   беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың басталуы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының   нашар    екендігінің    күнделікті    оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі  жабдықтаушының  тиеген тауарларының  өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің    мәліметтері    бухгалтерлік   есепті    құруды күтпей – ақ  кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторлары    туралы, әрі   олардың  нәтижелерін алдын – ала көруге   мүмкіндік   береді.

                Бұл    банктерге    өз   клиенттерінің   жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға   мүмкіндік   береді.

             Ақша   айналымы   бірлікпен   сипатталады. Қолма – қол және   қолма – қолсыз   ақша қозғалысының   аясы бір ақша бірлігінде   қызмет   көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер   кәсіпорындардың,   мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтық шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

              Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың   жинақ    ақшалары   т.б. бар.   Банктер осы қорлардың  қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану     бойынша    бақылау    жүргізеді,     ақша      айналымын    реттейді    және   сол арқылы ұдайы өндірістік  үрдіске   әсер   етті.  Қазақстанның   нарықтық   экономикаға көшуімен банктердің алдында  жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті  жекешелендіру  мен  мемлекетсіздендіру  нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік   қозғалыс   кең   етек алуда, меншіктің аралас түрінің  негізінде  кәсіпорындар  құрылуда. Шаруа  қожалықтары санының   есебі, олардың   бірлесуі,   жолға   беруші (арендатор) және   жеке еңбек   қызметімен   айналысатын   тұлғалар  да осыған жатады.

             Қоғамда  белгілі бір   класқа   не коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша   экономикада,   қоғамда   банктердің    экономикалық ролі   күшеюде.   Олардың   жұмысында   бірінші орынға  әкімшілдік - әміршілік    әдістердің    орнын    экономикалық әдістер   алмастырады. Экономикада   инфляцияның     төмендеуіне және   олардың  нарықтық   жолға  көшуінде,  ең   алдымен меншікті   жекешелендіру   мен   мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің  негізгі мақсаты несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету  және төлем тәртібін сақтау болып    табылады.

             Қазақстан   Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап   өзіміздің   ұлттық    валютамыз – теңгемізді      енгізді. Бірақ    инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында    46 % жетті.

              Ұлттық       Банк    пен  үкіметтің   монетарлық     шараларды     қабылдауының    нәтижесінде    шілде     айында     инфляция       25 % - ға   төмендеді,     ал   1994   жылы   тамызда 13,5 % - ға,    қыркүйекте   10,9 % - ға   тең   болды.

              Инфляцияның    төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру    мөлшерлемесінің  300 – ден    250 % - ға дейін  төмендеуі  мен несиелік ресурстар аукциондағы  % - дық мөлшерлеменің   460 – тан    280 % - ға     төмендеуі,    яғни    несие үшін  төлем  сұраныс  пен   ұсыныс    негізінде    анықтаған, нарыққа   айналған.  Теңгенің   ресми   және   бейресми    валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда  қысқа мерзімді қазынаның вексельдердің сату көлемі   жоғарылауда. Инфляция   төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық Банктің директивті несиелерді беруден  бас тартуын   атауға   болады   және  олар    тек    агроөнеркәсіптік несие   үшін сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады. Банктердің активтері мен  пассивтерінің сапасы толығымен , олар  қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына    байланысты.   Банктік реформаның негізгі мақсатының бірі – экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Демек банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің   мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды   несиелерден   арыла   алмайды.

               Банктік    жүйенің   реформасы   инвестициялық қорлардың   рөлін   жоғарылату   және  сауықтыру   банктерін  құру жолымен жекешеленген кәсіпорындары қайта құруға қолғабыс етеді.  Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың  саудасына қатысып олардың  қарыздарын акционерлік    капиталға   алмастыруы   мүмкін, яғни   жеке   меншік   құқық   жеке   тұлғаларға   көшеді   деген   сөз.

             Банктік  жүйенің  реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие  алуларын   қамтамасыз етеді,  жеке сектордың дамуына  жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік    кәсіпорындарды   қайта   құруда    ынталандырады.

               Жекешелендіруші   кәсіпорынға    республикамызда банктік   реформаны   құруда   қажетті    ипотекалық    банктер көмек   көрсетеді,   яғни   мүлікті   кепілге    ала   отырып ипотекалық   банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі. Банктегі   депозиттер   сомасы   несие   ақшаны   құру   үшін   қажет потенциалын   жасайды.   Бөлек   салымдарын тек эмиссиясы немесе   қарыз  беру  арқылы  жұмылдырған  кезде  несие   ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасын келесідей: 100 ақша  бірлігіндегі  депозит үшін міндетті резерв  15  ақша  бірлігін құрайды. Қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.

                 Сонда   айналымдағы  ақша     массасы : 100+85=185  ақша   бірлігі   болады.   Бұл   сомасы   85 ақша   бірлігі   болатын жаңа   ақшаның  құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар  өз  кезегінде  өздері  ақша  эмиссиясының   себебі   бола алатын  басқа   депозиттердің   пайда   болуына    әкеледі.  Яғни ақша   мультипликативті   көбеюі   орын   алады.

                Депозиттік   банктердің   эмиссиясын  реттеу Ұлттық Банкісінің  ақша базасы  сияқты, ақша агрегатын  және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Ақша мультипликаттарының  мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының   көзі   болып   пайдаланбайды,  сонымен    қатар , айналымдағы    қолма – қол    ақшаның   үлес  салмағына байланысты     болады. Демек,   экономикадағы    ақшалардың айналыс    жылдамдығының   азаюы   ұзақ    мерзімді   депозиттердің   және ұзақ  мерзімді инвестициялық несие салымдарының   өсуін   көрсетеді бұл тек қана, жалпы экономикалық    тұрақтылығы   және    ұлттық   валютаға   деген сенім   болғанда   ғана   мүмкін.

                 Банктік    жүйе     нарықтық    экономиканың   ең маңызды   және   біртұтас   құрылымдарының   бірі.

               Банктер   және  тауарлы – ақшалай  қарым – қатынастардың   дамуы   тарихи   тұрғыдан   қатарлас    жүрді   және бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы   қызметінің  барлық   деңгейіндегі  басқарумен  тікелей  байланысты  болады.  Олар арқылы    ұдайы  өндіріс    үрдісіне  қалыптасушыларының  экономикалық  мүдделерін  қанағаттандыру    жүзеге   асырылады. Осы кезде банктер қаржылық  делдал   ретінде  шаруашылық органдардың  капиталдарын  босаған басқа  да  бос ақша  қаражаттарын тарта отырып, қарыз   алушылардың  уақытша    пайдалануына     береді, ақшалай   есеп   айырымсыз    жүргізеді   және    экономика     үшін  басқа да   көптеген   қызмет    көрсетеді. Соның арқасында өндірістің    тиімділігі  мен     қоғамдық  өнімнің     айналасына  тікелей   ықпал   етеді. (2- сызба).

                 Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында    есеп   айырысу   немесе    ағымдағы шотты ашу және   олар   бойынша   операция   жүргізу  шарттары көрсетіледі. Есеп    айырысу – кассалық   қызмет    көрсету    туралы    келісім – шартта бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі    реттеледі.

               Есеп   айырысу  тәртібі   құжаттардың белгіленген мерзімде өтуі кепілдемесін қамтамасыз ету керек. Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі  банктің нотариалдық   жауапкершілігі осы келісім – шартта қарастырылады.

             Банктік  операцияларға жатпайтындарды  орындаған жағдайында  банк пен клиенттер Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз  есеп  йырысуда жүргізу тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылды.

             Банк   пен   клиенттің бірлескен  қызметін жүжеге асырғанда екі жақтың  құқығымен міндеттемелері және қаржыландыру   тәртібі   мен  олардың   арасында  табысты үлестіруі   қарастырылған    бірлескен   қызмет   туралы   келісім – шарт   жасалады.

              Депозиттік    шарттарды   ашу   және   жүргізу  туралы келісім – шартта     депозиттің    ашылу    мерзімі, ол   бойынша пайыз   төлеу   тәртібі,   осы   депозиттік    шоттан   қаражаттарды алу   тәртібі    жайлы   мәліметтер   қарастырылады.

             Келісім – шарт   банктің   клиентпен     қарым – қатынасының   сипатын   анықтап, олардың арасындағы   келіссөз  бір – бірінің   қызметін  алдын – ала , жан – жақты  танып білудің нәтижесінде   жасалады.  Банк    әріптесінің    қаржылық    жағдайы мен   несиелік  қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы  талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына  негізделеді. өтімділік,   айналымдылық,   қаражаттарды   тарту және табыстылық .

              Жоғарыда   айтылған    келісім – шарт   банк шешімі сияқты, клиенттің   шешімі    негізінде   де  бұзылуы мүмкін. Келісім – шарттың  жүргізу тәртібі  мен шарттары алдын – ала қарастырылады. Келісі – шарттың  бұзылу  себебі мынада болуы мүмкін:   екі   жақтың   біреуінің  міндеттерін  орындау    кезінде  екі    жақтың  біреуінің   зиян   келтірілуі.

               Депозиттермен жүргізілетін  ағымды экономикалық жұмыс – бұл   пассивтерді   басқару   бойынша   банк   қызметінің  маңызды  бағыттарының   бірі. Ол  банк   клиенттерінің   шоттары бойынша   қаражаттар   қозғалысын   және    депозиттердің неғұрлым   өтімдірек   топтарымен  соғұрлым  азырақ   өтімді топтарына    қатысты   өткізгіштік   мүмкіндіктерін    талдайды. Мұндай  талдау  банкке  сенімсіз  клиенттер  мен   төлем    тәртібін бұзушыларды   анықтауға   көмектеседі. Ондай   мәліметтер   банкке  осындай   клиенттерге   несие   керек   болған    жағдайда оларға   несие    беру   туралы   шешім   қабылдауға  қажет   болады.

Депозитті және қор жинау сертификаттары