Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық теория пәні бойынша
тақырыбы: «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ»
Мукубаев Нұрлан
ТЕКСЕРГЕН:
Оқытушы
Темірбек Е.Б.
Алматы 2013
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ………………………………………........ .............…………….......…….3
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс түсінігі және оның
экономикалық мәні..........................
1.2. Дағдарыстың себептері.........
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері.
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен
заңы ………...........................
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі
ахуалы........................
2.3. Дағдарыстан шығу кілті.........................
2.4. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің
рөлі...............…………......
2.5. Әлемдік дағдарыс және оның зардаптары....................
ІІІ. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешім қабылдау жолдары.
3.1. Дағдарыс кезіндегі сыртқы
саясат және басқару тиімділігі....................
3.2. ҚР дағдарысқа қарсы
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалтты. Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi. Ел болып ол қиындықтарды да еңсерiп өттiк. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезектi дағдарыс тұсында тәуелсiздiгiмiз тағы бiр сынаққа түскен болатын.
Дер кезiнде қабылданған дұрыс шешiм, ұтымды iс-қимылдың арқасында бiз одан да аман-есен өте шықтық.
Бiз осылайша сындарлы жылдар мен күрделi кезеңдерде лайықты тәжiрибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстiк.Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазiргi әлемдiк дағдарыс та өткiншi құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелiстер кезiнде "көппен көрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бiрлiгiн бекiте түскен. Қиындықтарды бiрлесiп жеңiп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады.
Әлеуметтiк кепiлдiктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да бiздiң аман-есен өтетiнiмiз айдай анық.
Дағдарыстар өтедi, кетедi. Ал мемлекет тәуелсiздiгi, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгi қалады.
Дүние дамуымен есептегенде жиырма екі жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ бiз үшiн үлкен кезең тұтас бiр дәуiрмен барабар.Олай болатыны,
тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бiр сынаққа қарамастан бiз тәуелсiздiгiмiздi нығайту жолындағы жасампаз iстерiмiздi жалғастыра бермекпiз.
Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бiрлiгiнiң арқасында бiз алмайтын асу, бiз жеңбейтiн кедергi болмайды.
Iс жүзiнде жиырма екі жыл бойы күннен-күнге бiз сiздермен жаңа елдi құру үстiндемiз.Ашық та өркендi елдi. Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елдi.Саяси тұрақты және өз азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен елдi. Ешқашан және ешкiм үшiн сыртқы қатер көзi болмайтын елдi. Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны елдiң нақты табыстарына айналдыру тәжiрибесi бiзге өз күшiмiзге деген сенiмдiлiктi бердi, бiз таңдап алған жолымыздың дұрыстығына көз жеткiздiк. Нақ сондықтан да бұдан екi жылдан астам бұрын басталған әлемдiк қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында бiз дағдарысқа қарсы шаралардың кешендi жүйесiн әзiрлеп, дәйектiлiкпен iске асырып келемiз.
Ішкi және сыртқы конъюнктураны жiтi қадағалап, еш кiдiрiссiз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлiк дағдарысы бiз үшiн ұлттық апатқа айналған жоқ.Бiрақ бүгiнде бүкiл әлемдiк экономиканы дiңкелетiп үлгерген экономикалық дағдарыс бiздiң берiктiгiмiздi сынаққа салуда. [1]
І. Дағдарыстың пайда болуы.
1.1. Дағдарыс
түсінігі және оның
Әлем рыногінде алтынның,
мыстың бағасының өсуі – шикізат шығарумен
айналысатын біздің ел үшін табыс көзінің
өсуіне игі ықпал еткені рас. Алайда, онымен
шектеліп қалуға болмайтындығын өмірдің
өзі көрсетіп те берді. Кезінде әлем экономистері
оны — экономика «қызуының көтерілуі»,
«голландиялық ауру» деп атағаны кездейсоқтық
емес. Бағаның аяқ астынан өсуінің де кері
жақтары болады екен. Тек соның жағымсыз
жақтарымен есептесіп жұмыс істеген ел
ғана тұрақты дами алатындығын соңғы жылдардағы
қоғамдық процестер көзге шұқып тұрып
көрсеткендей болды. Енді содан сабақ
ала білсек, қанеки! Сонымен қатар, күтпеген
кері өзгерістер де кездеседі екен. Біздің
қазіргі жағдайымыз дәл осы тұсқа келіп
тіреліп тұрғандай көрінеді. Олай болса,
әлі де еліміздің дамуының қазіргі жағдайын,
экономикалық саясатты, жалпы дағдарыстан
шығудың кезеңдерін дәлме-дәл анықтаудың
маңыздылығы айтарлықтай болмақ. Қарқынды
даму болған жерде, оның баяулауының да
болатыны заңдылық. Оны айналып өту мүмкін
емес. Бұл тұрғыдан келгенде, Елбасы айтқандай,
дағдарысты құбыжық етіп көрсетудің еш
қажеті жоқ. Экономист мамандардың айтуларына
қарағанда, белгілі бір елдің жалпы ішкі
өнімінің өсімі екі тоқсан бойы қатарынан
төмендеп кетсе — экономикалық баяулауға
(recession) ұшырады деп есептеледі екен. Ал,
бұл жағдай ары қарай жалғаса беретін
болса, экономикалық құлдырауға (defreessiоn)
ұшырап, дағдарыс тереңдемек. Бірақ, бұл
– әдеттегі көрініс. Барлық елдердің даму
тарихында талай қайталанған, қайталана
беретін жайт көрінеді. Айталық, біз тамсанатын
АҚШ-тың өзінде соңғы 100 жылда экономикалық
құлдырау 32 мәрте қайталанған екен.
Біз бүгінде дағдарыс деген атауды жиі
қолданамыз және бәрін сонымен байланыстырғымыз
келеді де тұрады. Шын мәнінде біз ойлағандай
құлдырау расында болып жатыр ма, әлде
жоқ па? «Ипотека дағдарысы» деп аталғандықтан
да шығар, расында да, қарқынды жүріп келген
қ0ұрылыс тоқтады. Жұмыссыздық көрініс
берді. Бірақ, біз дәл өткен жылға дейін
оны қатты сезінген жоқпыз ғой. Ал, «Жол
картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
жүріліп жатқан жұмысқа бәріміз куәміз.
Жалпы ішкі өнім қанша пайызға өсті немесе
құлдырады? Оны ресми статистикадан қарай
салыңыз. Бүлініп кеткен орасан құбыжықты
көре қоймайсыз. «Дағдарыстың көкесі алда»
деп тағы да сәуегейлік жасауға келмейді.
Күрт құлдыраудың немесе қарқынды дамудың
игі бетбұрысының болуы да ғажап емес.
Мысалы, мыстың бағасы 2000 долларға құлдырап
бара жатып, кенет 10 000 долларға бір-ақ
секіріп, өсуі де мүмкін. Немесе құлдырап
келіп бір нүктеге тоқтап, тоқыраушылыққа
(stagnation) келіп тірелуі де ықтимал. Қалай
болғанда да, белгілі мерзімнен соң тоқыраудан
шығып, өсуге бет алатыны заңдылық.
Құлдырау өз шегіне жетіп
барып, өсуге қарай бағытталып алғашқы
көрсеткішке қайта оралуын
сартудың және саясатты тұрақтандырудың
мәні де елдегі тұрақтылықты қамтамасыз
ету арқылы баянды дамуды қалыптастыру
болмақ. Бұл орайда, әрине, еліміздегі
саясаттанушылар мен экономикалық сарапшы
мамандардың қазіргі экономикалық даму
көріністерін заңдылық негізінде түсіндіре
алмауы көзге ұрып тұрғанын атап айтқан
жөн.
1990-жылдары экономикалық
құлдыраудың көкесін бәріміз
де көзбен көрдік. Ақша құнсызданды,
мекемелер қызметкерлеріне жал-
ақы бере алмай қалды. Зейнеткерлер айлап,
жылдап зейнетақыларын ала алмай жүрді.
Қаланы жарық, су, жылу, газ тапшылығы меңдеді. Бір
қойды бір шиша арақ, екі сабынға айырбастаған
шопанды көрдік. Елді жаппай жоқшылық
пен кедейшілік жайлады. Дәл сондай дағдарыс
әлемде 1929-1933 жылдары болған екен. Осы
тұста әлем баға жетпес байлығынан айырылған
деседі. Бизнес өкілдері жасаған қыруар
тауарларын өз қолдарымен жоқ қылған.
Өйткені, тауарлары қаптап тұрғанымен,
алушы жоқ. Айналымда ақша жүрмеген соң
дефляцияға ұшыраған. Осы тұста фермерлер
өсірген шошқаларын қырып, өртеген. Қыруар
астық тонна-тоннасымен мұхитқа төгіліп
жатты.
Ал, осы тұста халықты
аштық жайлаған болатын. Соған қарамастан,
кәсіпкерлер тауарларын халыққа
тегін таратуды ойламады. Себебі, қаншама
еңбекпен жасалған байлығымызды өзгеге
тегін таратсақ, талас туады, кейін бағаны
түсіруді талап етеді, наразылық өршиді деп санады.
Бұл дағдарыстың соңы дүниежүзілік екінші
соғыспен аяқталғаны белгілі. Олай болса,
еліміздегі 1990-жылдардағы дағдарыстың
бейбіт аяқталғанына, тәуелсіздіктің
баянды болып сақталғанына шүкіршілік
еткен жөн болар. Әйтеуір, үлкен сынақтан
аман өткеніміз ақиқат.
Расында, дәл қазіргі кезде еліміз үшін
тұрғын үй бағасын арзандатуға бағыттаған
несиенің ерекше түрін банктердің жасап
қолданғаны әлдеқайда тиімді. Себебі,
құрылыс «сақалдыға» айналмайды, тез арада
пайдалануға беріледі. Адамдар сатып ала
бастайды. Бұл дегеніміз – ақшаның іркілісін
жойып, экономиканың тамырына қан жүгіртеді.
Біз, жалпы, «өнім өндіру арқылы ғана елді
дамытамыз» де-
генді жақсы білеміз және көп айтамыз.
Алайда, көзге көрінерліктей іс аз.
Дегенмен, жақсы жағымыз да бар. Ол – саясаттың экономиканы емес, керісінше, экономикамыздың өзінің саяси процесті белгілеуі. Мұны, әрине, Президент Н. Назарбаевтың қоғамды тұрақтандыру жолында төккен тер, еткен ерен еңбегінің жемісі деп танығанымыз дұрыс. [2]
1.2. Дағдарыстың себептері
Дағдарыс бiзге сырттан келдi. Оның көздерi елдiң iшiнде емес, әлемдiк экономиканың сәйкессiздiгiнде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрiн алдын ала көздеу мүмкiн емес едi.Оны еңсеруге әлемнiң жетекшi экономикалары қазiрдiң өзiнде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкiл әлемдiк IЖӨ-нiң iс жүзiнде 15 пайызын жұмсады. Бiрақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлi өзгеретiн емес.
Бiз әлемдiк қауымдастықтағы
өз ұстанымымызды сақтаймыз.Ұлттық
қорды құра отырып, бiз қорланудың мақсатты саясатын жүргiздiк.
Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны
баршаға аз-аздап үлестiремiз бе дегенге
орай қаншама талас жүргенiн сiздер жақсы
бiлесiздер. Қазiргiдей бюджетке алымдар
20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және
жалақы төлеумен не iстер едi?
Жақсы уақытта осы қорды құра отырып,
бiз дұрыс iстедiк. Өзiнiң ертеңгi күнi туралы
ойлайтын мемлекеттер осылай iстеуге тиiс.
Сол арқылы бiз осы тұрпатты сiлкiнiстер
мүмкiндiгiнiң алдындағы экономикамыздың
берiктiк қорын қамтамасыз еттiк. Өмiрге
қабiлеттi және икемдi экономика жасау
үшiн бiз дәйектiлiкпен күрделi құрылымдық
реформаларды жүргiзiп, экспорттық әлеуеттi
ұлғайттық және әртараптандыруды бастап
кеттiк. Нақ сондықтан да бүгiнде бiздiң
айтарлықтай мүмкiндiгiмiз бар және ойластырылған
әрi тиiмдi дағдарысқа қарсы саясат жүргiзуге
жағдайымыз жетедi.
Көптеген мемлекеттердiң пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетiн қабылдау болды. [3]
Қазiргi қиындықтар - бұл
бiздiң үлесiмiзге тиген алғашқы сынақ емес. Өтпелi кезеңнiң
аса ауыр дағдарысын бiз 90-шы жылдардың
басында еңсердiк.Ол кезде экономиканың
құлап түсуi 60 пайызға жетiп, инфляция жылына
мыңдаған пайыздармен есептелетiн. Азияның
қаржы рыноктары туындатқан екiншi әлемдiк
дағдарысты бiз 90-шы жылдардың аяғында
еңсердiк. Мұнай бағасы онда бiр баррель
үшiн 9 долларға дейiн төмендедi. Бiз зейнетақы
мен жалақыны төлей алмадық. Ол қиындықтарды
да бiз еңсердiк.
Уақыт өтедi, содан кейiн бiз осы дағдарысты
да еңсергенiмiз туралы айтатын боламыз.
Қалыптасқан жағдайдан объективтi шығындармен,
бiрақ та жаңа өсуге әзiр болып шығатын
барлық мүмкiндiктер бiздiң қолымызда.
Дағдарыстар қайталанатын болады, ал
бiздiң мақсат - оны басқаруды үйрену. Әзiрге
бiзде бұл орындалуда. Бүгiнде бiз өз күштерiмiз
бен ресурстарымызды қайта топтастыруға
мәжбүрмiз және бiз мұны сыртқы жағдайлардың
ықпалымен iстеудемiз. Алайда бұл бiз өз
бағытымызды өзгерттi дегендi тiптi де бiлдiрмейдi.
Ол бағыт 2050 жылға дейiнгi елдiң Даму стратегиясында
анықталған. Өмiр түзетулерiн енгiзуде.
Бiрақ та атап көрсеткiм келедi, ол бұрынғысынша
қалып отыр. Барша қазақстандықтардың
өркендеуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының
жақсаруы бiздiң мемлекетiмiз үшiн аса маңызды
үш тұғырлы мiндет болып қала бередi. Бiзде
дағдарысқа қарсы жоспар бар, мемлекеттiк
резервтен жеткiлiктi қаражат бөлiнген.
Тұтастай Үкiмет және Премьер-Министр,
мемлекеттiк органдардың басшылары, әкiмдер
дағдарыстан шығу жөнiндегi белгiленген
шаралардың орындалуына тiкелей жауапты
болады.
Бүгiнгi проблемалар және бiздiң оларды қалай шешiп жатқанымыз - кемелдiктiң және бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң тұрақтылығының сынағы. Бiз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бiзге өз дамуымыздың жаңа кезеңiне кiруге және бiздiң жетiстiктерiмiздi еселеуге тура келедi. Мұны да орындайтынымызға сенiмдi. Белгiлеген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн бiздiң халқымыздың топтасқандығы қажет. Сондықтан да барша қазақстандықтарға аталған шараларды жүзеге асыруға кiрiсуге, еңбекқорлық пен табандылық танытуға, ұсынақты болуға, жақындарына, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырылуда.
Үкiметпен және жергiлiктi
органдармен бiрлесiп
Қазiр халық туралы кiмнiң шын мәнiнде ойлайтыны, ал кiмнiң - ойламайтыны сөзбен емес, iсте тексерiледi.
Планета тарихындағы аса қатал дағдарысты еңсеру жолында бiрiгудеміз. Мемлекет қазiр нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келiсiмдi сақтау маңызды мiндет болып қалады.
Бүгiнде бүкiл дүние бiр-бiрiне қарап отыр. Дағдарыстың бетi қалай болар екен, одан қай мемлекет қалай шығар екен деп бақылауда. Сан түрлi саясаткерлер, сарапшылар Қазақстан қазiргiдей қиындықтан өтер ме екен, осы кезде ел бiрлiгiн сақтап қалар ма екен, бұл ел өзiнiң мемлекеттiлiгiн құрметтей бiлер ме екен деп тұрған сын сағаттар бар. Қазiр алып бара жатқан қиын ештеңе жоқ. Жерiмiз кең, елiмiз бай, iстеген адамға далада да, қалада да жұмыс жетiп жатыр. Бел шеше кiрiсiп, бiлек сыбанып жұмыс iстейтiн кез келдi. Бiр-бiрiмiзге қарайласатын, көмектесетiн, ағайыншылықты танытатын кез дәл осы кез.
Қиындық атаулыны жеңетiн
бiр-ақ күш бар, ол - бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты
кажет болса, тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi
қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу
үшiн де ол сондай қажет.
Ел басына күн туған нелер бiр қилы замандарда
да халқымызды ұлт ретiнде сақтап қалған
осы ынтымағы мен бiрлiгi емес пе едi?
"Мың өлiп, мың тiрiлген" қазақ халқы кеңес дәуiрiндегi басқа түскен үлкен нәубет жылдарында да өзiнiң елдiгiн ыңтымақ пен бiрлiктiң арқасында сақтай бiлдi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында өзге республикаларда қантөгiстер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бiрлiктiң арқасында жас мемлекетiмiздi жасақтап, өтпелi кезеңнен шығынсыз өттiк емес пе?! Бүгiнгiдей қиын-қыстау кезiнде мен туған халқымның ынтымақ пен ауызбiршiлiк таныттырды. [4]
ІІ. Дүниежүзілік дағдарыс және оның әсері
2.1. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты мен заңы
Дағдарысты еңсеру және ел экономикасын тұрақтандыру жөнінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың күштерін топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы наурыздың 10-ындағы № 275-ші Қаулысымен ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Дағдарысқа қарсы Кеңес құрылды.
Кеңестің басты міндеті:
- үкіметтік және үкіметтік
емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың
күштерін топтастыру, мемлекеттік-жеке
әріптестіктің тетіктерін
- олардың тиімділігінің
мониторинг негізінде
- дағдарыстан кейінгі дамудың келешегін есепке ала отырып, толыққанды бәсекелестік орта қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- кәсіпкерліктің дамуын
тежеп отырған әкімшілік
Премьер-Министрдің шешіміне сәйкес Кеңесте Үкіметтің шешімімен жекелеген, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша жобалар қаралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің мүшелері – оның жұмысына тартылған министрлер, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері. Кеңес қызметі басталғалы 5 отырыс өткізілді.
2011жыл наурыздың 13-і мен 17-сі аралығындағы Кеңес отырысында төмендегі мәселелер қаралды:
- отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған кешенді қорғау шаралары;
- Қазақстан Республикасындағы
рұқсат беру жүйесін жетілдіру
тұжырымдамасын жүзеге асыру
туралы;
- экономиканы тұрақтандыру
жөніндегі шараларды жүзеге
- мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру туралы;
- экономиканың шикізаттық
емес секторын дамытудың
2009 жылғы сәуірдің 10-ындағы және 2009 жылғы мамырдың 8-індегі кеңесте «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына түзетулер және жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту жөніндегі шаралар қаралды. [5]
2.2. Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі ахуалы
Дағдарыс өз ауқымына дәйектiлiкпен Америка континентiн, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкiл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдiк экономика өз құлдырауында әлi шыңырау түбiне жеткен жоқ.
Осынау жаһандық дағдарыстан кейiн әлемдiк
қаржы жүйесi, бәлкiм, мемлекеттердi саяси
басқаруда өзгеретiнiне сенiмдiмiн. Көпшiлiк
экономиканы "қолмен басқару" қажеттiгiне
келiп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан
шығудың аса маңызды iсiне айналуда.
Сондықтан да тереңде түбегейлi көзқарас
әлемдiк қоғамдастықта әлемдiк нарықтық
экономиканың келесi бұрылыстарында бiздi
қауiпсiздендiру жолын табуға көмектеседi.
Сондықтан ұсынылған түбегейлi шаралар
әлемдiк қоғамдастықта талқыланатын болады.
Жалпы ұсыныс - бұл жаһандық проблемаларды
шешу iзденiсiне қосқан үлесiміз. Бiрақ та
бүгiнгi нақтылық мынадай, әлемдегi iскерлiк
белсендiлiктiң қысылуы мұнай мен металға
деген сұраныстың төмендеуiне соқтырды.
Ал бұлар - Қазақстан экспортының негiзi.
Бiр жылда мұнай бағасы 4 есе дерлiк, металл
бағасы 2 есе дерлiк құлап түстi. Бiздiң негiзгi
сауда-саттық әрiптестерiмiз әрi жақын көршiлерiмiз
- Ресей мен Украина өздерiнiң ұлттық валюталарын
40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан
да бiз өзiмiздiң тауар өндiрушiлерiмiздiң
мүддесi тұрғысынан теңгенiң құнсыздануына
баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық
өнiм өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтар
едi. Бiз елдiң алтын-валюта резервiн жұмсауды
жалғастыра берер едiк.
Өкiнiшке орай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсiремей тұр. Бiрақ та мынаған сенiмдi болуға тиiссiздер, бiз бұл сынақтарға дайын ғана емеспiз. Бiз оларды өңсеремiз және осы дағдарыстан әлдеқайда күштi және өркендi мемлекет болып шығамыз.
Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжам айтқан Халықаралық
валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі экономика
болып есептелетін Қазақстанның болашағы
тартымды дегенді мәлімдеді. Олардың бағалауынша,
әлемдік қаржы рыноктарындағы жағдай
Қазақстан экономикасына да әсер етіп
отыр және мұнай мен шикізат бағасының
төмендеп кетуінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші
бәсеңдеуі мүмкіндігін атап көрсетеді.
Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары
банктердің капитал-дануын күшейтіп, оларға
қолдау көрсетеді. Тұтастай алғанда, біз
алдағы жыл Қазақстанға оңай соқпайтынын
түсініп отырмыз, бірақ орта мерзімдік
көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді.
Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен
шикізаттық компаниялардың акциялары
да құнсызданып жатыр. Bloomberg агенттігінің
хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы
дағдарыстың және экономикалық тоқыраудың
әсерінен еліміздегі қор индекстерінің
барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің
(22,4 пайызға), Центркредитбанктің (20,2 пайызға),
Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys
Pls (15 пайызға), “Қазмұнайгаз” өндіру барлау”
АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға),
Халық банкінің (4,6 пайызға), сондай-ақ
“Қазақтелеком” АҚ-тың жай акцияларының
бағасы төмендеді.
Президенттің биылғы Қазақстан халқына
Жолдауында әлемдік қаржы дағдарысы туралы
шындықты, “қазіргі қиындықтар – бұл
біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ”
деп барша қазақстандықтың алдына үлкен
міндет жүктеліп отырғандығын айтты. [6]
Қазақстан Республикасының
ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары
Ұлттық бюджетке
әсері:
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр.
Себебі, үстіміздегі жылы
әлемдік экономиканың өсуі баяулауы
және қазақстандық экспорт бойынша энерге-тикалық
және минералды ресурстарға сұраныстың
төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта
– теңгенің құнсыздануы.
Тұтастай республика бойынша үстіміздегі
жылға республикалық бюджеттің нақтыланған
болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге
болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке
қарағанда 371,1 миллиард теңгеге азайды.
Бұл мынадай факторлардың әсерінен туындап
отыр.
2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді
нақтылау есесінен кірістер 176,9 миллиард
теңгеге кеміту жағына қайта қаралды.
Сол сияқты, экономиканың өсу қарқынының
төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шерде
шығындарға әкеледі. Сыртқы сауда айналымы
көрсеткіштерінің және теңгенің АҚШ долларына
бағамының өзгеруі кіріс бөлігінде 22,8
миллиард теңге мөлшерінде шығынға әкелетін
болады. Сондай-ақ тау-кен секторы бойынша
пайдалы қазбаларды өндіруге салық көлемі
90 миллиард теңгеге төмендетілді. Бұл
минералды шикізатқа ағымдағы бағалар
бойынша есептелген салық ставкасын азайту
есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мырыш
және қорғасын сияқты қатты пайдалы қазбалар
сөз болып отыр.
2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы
бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы
Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында
жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297,4
миллиард теңгеге арттырылды.
Құнсыздануға байланысты инфляцияның
болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу
жағына түзетілді және қалыптасқан жағдайды
негізге ала отырып, республикалық бюджет
шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:
- өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын
іске асыру – 140,0 млрд теңге;
- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне
байланысты әлеуметтік төлем шығыстарын
индекстеу – 11,2 миллиард теңге;
- үздік студенттерді оқудың ақылы нысанынан
мемлекеттік білім грантына ауыстыруды
қамтамасыз ету – 3,2 миллиард теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық сектордағы проблемалық
мәселелерді және бас-қаларын шешу 79 миллиард
теңге болды.
Тұтастай, бюджеттің кіріс бөлігінде жоғарыда
аталған шығындарды және шығыс бөлігіндегі
қосымша қажеттерді ескере отырып, өтемақы
үшін жалпы қажетті сома 668,5 миллиард теңгені
құрады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған
тапсырмаға сәйкес, аталған қажеттерді
жабудың бірінші көзі 2009 жылға арналған
бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге
мөлшеріндегі кепілді трансфертке қосымша
үстіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер
есебінен құралған, Ұлттық қордан 347,9 миллиард
теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт
болып табылады.
Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт
Мемлекет басшысы жария еткен жұмыспен
қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі
төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан
кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау
стратегиясын іске асыру көзі болып табылады.
Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына
жинақталған және 3,3 триллион теңге құраған
Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады.
Мемлекет басшысының
Жолдауында Ұлттық қорға
Банк жүйесіне
әсері
Банк – бүгінгі
таңдағы қаржы ресурстарына кәсіби
негізде айналысатын институт. Сондықтан
олар өз тәуекелін жан-жақты
Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына
қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі
факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің
алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі
Ұлттық қордың активтерінің тиісінше
өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік
жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан
астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы).
Дағдарыс банк жүйесіне
әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы
2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен
салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының
қысқара түскеніне қарамастан, банктер
экономиканы кредиттеуді жалғастыруда.
Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі
анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие
жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің
42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер
басым қатарын құрылысшылар құрайды —
52,1 млрд. теңге (2008 жылы — 7,8 млрд.), тамақ
өнеркәсіптері — 6,2 млрд., металлургия
— 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы — төрт млрд.
теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп
отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше
назар аудара білді. Заем алушыларға талап
күшейтілді, несие портфелінің сапасын
жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды.
Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті
дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа
мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде
банктерге қайта қаржыландыру түрінде
төлем қабілетін ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық
даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет
бюджеттен қайтарым негізінде қаражат
бөледі. 2008 жылдың аяғына дейін 1 млрд.
АҚШ доллары, ал 2009 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан
кем емес қаржы бөлінген. Бұл қаражат мына
мақсаттарға бөлінеді:
- біріншіден, ипотекалық рыноктың тұрақтылығын
төмендетуге жол бермеу және құрылыста
үлестері бар азаматтар құқығын қорғауға;
- екіншіден, өздері үшін қолайлы жағдайды
қарастыра отырып, шағын және орта кәсіпорындардың
жобаларын қаржыландыруды жалғастыруға;
- үшіншіден, экономиканы әртараптандыру
үшін маңызды мәні бар перспективалы инвестициялық
жобаларды қаржыландыру.
Қаржылық көмектің банктерге берілуін,
кейбір сарапшылар бұл қаржы экономиканың
нақты салаларына жетпестен бұрын екінші
деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын
жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық
банктерге көмек көрсету үшін емес, ал
экономиканың нақты секторына бөлінетін
болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда
қаржылық делдал болады. Кейбір банктер
мемлекет меншігіне алынады дегенді де
естідік, дегенмен де қаржы саласына көрсетіліп
отырған көмектің механизмі мемлекеттің
банк капиталына толықтай ықпал жасауына
мүмкіндік бермейді. Бұл уақытша шара
болып табылады. Жағдай дұрысталғаннан
кейін мемлекет қолындағы акцияларды
банктер қайтадан сатып алады. Сонымен
қоса екінші деңгейдегі банктер мемлекет
тарапынан көрсетілетін қаржылық көмекті
алмауға да ерікті.
Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі
қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет
пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті
барабар бөлу және жауапкершілік болып
табылады.

- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
- Дүние жүзілік соғыстан кейінгі дамуы
- Дүниежүзілік шаруашылық
- Дүниежүзілік экономика
- Духовные потребности молодежи
- Духовные стихи, как синтез фольклора и религии
- Духовный строй старообрядческого предпринимательства: альтернативная модернизация на основе национальной традиции
- Духоўныя пошукі інтэлігента у творчасці Міхася Стральцова
- Душа и сознание как центральные категории философии и психологии
- Душевное здоровье. Религиозная и светская психотерапия
- Дүнежізілік Сауда Ұйымы